Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M02301 Филология в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Қазақ филологиясы бойынша білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті, еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің талаптарына жауап беретін гуманитарлық ғылымдар магистрін даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M060 Филология
-
Білім беру саласы 7M02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M023 Тілдер және әдебиет
Пәндер
-
2023 Оқу жылы
Әдебиетті жоғары мектепте оқытудың жаңа технологиялары
Қазақ филологиясы және инновациялық технологиялар
Қазіргі әдебиеттегі көркемдік ізденістер
Латыннегізді қазақ жазуы және орфографиясы
Шет тілі (кәсіби)
Ғылым тарихы мен философиясы
Алаш әдебиетіндегі ұлттық идея
Медиалингвистика
Жоғары мектептің педагогикасы
Функционалды грамматика
Фольклордың прозалық жанрларының текстологиясы
Функционалды стилистиканың теориялық мәселелері
Басқару психологиясы
Мәтін талдаудың теориясы мен практикасы
Мәтін талдаудың лингвистикалық аспектілері
Оқыту нәтижелері
- Ғылыми және практикалық саладағы күрделі инновациялық идеяларды жүзеге асыруда көшбасшылық қасиеттерге ие болады.
- Қазақ тіл білімі мен әдебиеттануда қалыптасқан жаңа салалардың теориялық негіздерін саралайды, қазіргі білім беру парадигмасындағы жаңа бағыттарда алған білімін кәсіби деңгейде дискурстық зерттеулер жүргізу барысында қолданады.
- Педагогика және психология ғылымын дамытудың теориялық-әдіснамалық негіздерін, оқыту әдістерін басқару және меңгеру үрдістерін, психологиялық-педагогикалық зерттеулердің мәні мен мазмұнын біледі.
- Ғылыми нәтижелерді көпшілік алдында заманауи үлгіде таныстыру мақсатында академиялық мәтінді дайындаудың, жазудың, редакциялаудың негізгі ұстанымдарын, ережелерін меңгереді.
- Тіл ғылымындағы жаңа бағыттарға, ұлттық тілге қатысты ғылыми зерттеулерге сыни тұрғыдан талдау жасап, зерттеу жүргізу дағдылары жетіледі.
- Көптілді коммуникациялық ортада кәсіби және академиялық тақырыптарда дискурсқа қатысып, жүргізе білу дағдыларын дамытуға үйренеді.
- Қазіргі заманғы ғылым философиясының өзекті мәселелерінде бағдарлау және сөйлеу коммуникациясының кәсіби негіздерін іскерлік хат алмасумен жұмыс істеу дағдысын анықтайды.
- Филологиялық ғылымдардың әдіснамалық және философиялық өзекті проблемалары туралы қалыптасқан ғылыми көзқарастар негізінде Тіл – Адам – Мәдениет - Этнос төрттігінің тұтастығын, функционалдық грамматиканың коммуникативтік аспектісін анықтайды.
- Тіл заңдылықтары мен әдебиеттанудың өзекті мәселелерін интерпретациялайды, интербелсенді әдіс-тәсілдерді педагогикалық тәжірибеде пайдаланады.
- Ғылыми зерттеулер үдерісін ұйымдастыруға, жоспарлауға және жүзеге асыруға қабілетті, зерттеу саласындағы әртүрлі теориялық тұжырымдамаларды талдауға, бағалауға және салыстыруға және қорытынды жасауға қабілетті, жаңа ғылыми идеяларды алуға және тіл білімі мен әдебиеттанудың іргелі қағидаларын, ғылыми басымдықтарын біледі.
- Гуманитарлық ғылымдардың әдіснамалық және философиялық өзекті проблемалары туралы қалыптасқан ғылыми көзқарастар негізінде тіл-адам-мәдениет-этнос төрттігінің тұтастығын, функционалдық грамматиканың және коммуникативтік аспектісін анықтайды, тілдің коммуникативтік бірліктері ретінде дисскурс, тілдесім актісі, тілдесім жанры, тілдік жағдаятты саралайды, қазақ әдеби тілінің функционалды стильдерін теориялық және практикалық тұрғыдан игереді.
- Кәсіби коммуникацияның түрлі саласындағы тіл тазалығын сақтауға, тіл мәдениетін игеруге, іскери міндеттерді шешуде, ғылыми полемикада сандық технологияларды тиімді пайдаланады.
Ұқсас БББ
7M02301 Филология (1)
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
7M02301 Филология (1.5)
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
7M02301 Филология
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
7M02301 Филология
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
7M02301 Қазақ филологиясы
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
7M02301 Филология: қазақ филологиясы
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
7M02301 Филология
Инновациялық Еуразия университеті
7M02301 Қазақ филологиясы
Торайгыров университеті
7M02301 Филология
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
7M02301 Филология:қазақ
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi