Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B05202 Экология в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • кәсіби міндеттерді шешуде пәнаралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылға қатысуға қабілетті, өзгермелі еңбек нарығына бейімделу үшін қажетті құзыреттерді дамыту үшін оқытуға және ұтқырлыққа қабілетті, әрі қарай оқуды өз бетінше жалғастыру дағдыларын меңгерген.
  • әлеуметтік және табиғи-антропогендік міндеттерді шешуде гуманитарлық, әлеуметтік және экономикалық ғылымдардың жүйеленген теориялық және практикалық білімдерін қолданады, академиялық адалдық мәдениетін түсінеді және сақтайды;
  • заманауи ақпараттық қоғамның дамуындағы экологиялық ақпараттың мәні мен маңызын түсінеді, осы процесте туындайтын қауіп, қатерлерді алдын ала біледі, ақпараттық қауіпсіздіктің, оның ішінде мемлекеттік құпияны қорғаудың негізгі талаптарын сақтайды;
  • этномәдени және конфессиялық айырмашылықтарды және қоғамның әлеуметтік-мәдени құрылымының ерекшеліктерін ескере отырып, көпмәдениетті ортада кәсіби қызметті ұйымдастыру тәсілдерін меңгереді;
  • жаратылыстану институттары жұмысының теориялық және қолданбалы аспектілерін түсінеді және талдайды, сараптамалық-талдау және кәсіби қызметтің кешенді құралдарын меңгерген;
  • экологиялық процестің барлық субъектілерінің қызметін бағалайды, экологиялық процестерді болжауға және практикада іске асыруға, экологиялық процесті түпкі мақсатқа негіздеп модельдеуге қабілетті;
  • нормативтік құқықтық базаның, халықаралық тәжірибенің өзгерістерін, ішкі факторлардың әсерін ескере отырып, қоршаған ортаның даму үрдістеріне ғылыми-экологиялық интерпретация береді, ғылыми зерттеулер мен академиялық жазу әдістерін қолданады;
  • мамандықтың жоғары әлеуметтік маңыздылығын түсінеді, кәсіби этика қағидаттарын сақтайды, кәсіби қызметте экология, бақылау-өлшеу құралдары, қоршаған орта жүйесінің (экология) даму үрдістері мен нормативтік құқықтық актілер, экологиялық нормалар мен сараптама, МЕМСТ және ТШ білімін қолдана алады;
Top