Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01506 География в Yessenov University

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Жаһандық және ұлттық рухани-адамгершілік құндылықтарды меңгере отырып, өзінің азаматтық-адамгершілік ұстанымын білдіреді.
  • Физикалық, әлеуметтік және экономикалық география, экология, картография, өлкетану пәндерін оқытудың әдіс-тәсілдерін анықтай отырып, оқушылардың жас ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескереді, берілген сабақ мақсаттарына сәйкес пәндер бойынша оқу материалдарын әзірлейді.
  • Білім алушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, сабақ жоспарларын құра отырып, оқытудың тиісті әдістемелері мен бағалау құралдарын айқындай отырып, оқу сабақтарын жоспарлайды.
  • Оқушылардың эмоционалдық интеллект деңгейлерін ескере отырып, педагогика, даму психологиясы және оқушыларының даму физиологиясы бойынша білімдерін қолдана отырып, білім алушылардың жеке басына құрмет көрсете отырып, тәрбие процесін құрады.
  • Білім алушылардың тілдік құзыреттіліктерін дамыта отырып, сыныптағы жайлы, қолжетімді оқу ортасын және эмоционалды-психологиялық ахуалды қолдай отырып, білім алушылардың әлеуметтік және қауіпсіз өмір салты мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесе отырып, стандартты емес ойлауды дамыта отырып, инновациялық идеяларды бастай отырып, интернет-ресурстардан ақпаратты дұрыс таңдап пайдалана отырып, тиімді коммуникацияны жүзеге асырады.
  • Оқушылардың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму траекториясын жобалай отырып, оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологиясын қолдана отырып және білім беру ресурстарының кең спектрін қолдана отырып, картография, Географиядағы ГАЖ технологиялар бойынша оқыту бағдарламалары мен әдістемелерін әзірлейді.
  • Оқушылармен қарым-қатынаста демократиялық стильді ұстана отырып, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды ескере отырып, білім алушылардың мәдени және тілдік қажеттіліктерін іске асыру үшін қолайлы ортаның дамуына ықпал етеді.
  • Педагогикалық практика барысында географияның әдіснамалық негіздері мен теориялық мәселелерін зерттей отырып, ғылыми талдауды, болжауды, далалық зерттеулер жүргізуді, ғылыми зерттеулерді жоспарлау арқылы кәсіби қызметті жетілдірудегі өз қажеттіліктерін айқындай отырып, өз қызметінің рефлексиясын жүзеге асырады.
  • Білім беру процесін жетілдіру бойынша өзекті зерттеулердің нәтижелерін, оның ішінде биогеография, ландшафттану, жалпы жертану бойынша білімдерін пайдалана отырып, зерттеу нәтижелерін өлкетану жұмыстары мен аймақты кешенді географиялық сабақты зерттеуде (Лессон Стади) пайдаланады.
  • Сараланған және кіріктірілген оқытудың, дамыта оқытудың, оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологиясының педагогикалық технологияларын пайдалана отырып, географиялық пәндер бойынша оқу сабақтарын құрастырады және өткізеді.
  • Физикалық, саяси, әлеуметтік және экономикалық география, картография және ГАЖ-технология білімдерімен интеграцияда дидактикалық білімді пайдалана отырып, оқу сабақтарын өткізеді.
  • Оқушылардың жеке ерекшеліктерін диагностикалау нәтижелерін, зерттеу/жобалау жұмыстарындағы рефлексия және топтық жұмыс әдістерін қолдана отырып, мектеп географиясының жекелеген бөлімдері бойынша оқытудың қажеттіліктері мен қиындықтарын анықтайды.
Top