Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті в Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты «7М01701-Қазақ тілі мен әдебиеті» бойынша ББ саласындағы мақсаты - еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті педагогикалық кадрларды даярлау; инновациялық технологияларды қолдануды жүзеге асыру; ғылыми-гуманитарлық пәндер саласында жүйеленген білімдерді, кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті магистрлердің құзыреттіліктерін, дүниетаным, ғылыми ойлауы аясында жалпыадамзаттық, әлеуметтік-тұлғалық құндылықтарын қалыптастыру; магистранттарға қазіргі филологиялық үдерістерді, құбылыстарды талдаудың ғылыми-зерттеу, тәжірибелік әдістерін меңгерту.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
  • Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар

Пәндер

  • Басқару психологиясы

    Пәннің мақсаты - басқарушылық іс-әрекеттің заңдылықтарын, принциптерін, әдістерін зерттеу: басқарушылық іс-әрекеттің ерекшеліктері мен психологиялық жағдайларын талдау, осы процесте адамдар арасында пайда болатын басқару процесі мен қатынастарды ұйымдастырудың психологиялық заңдылықтарын зерттеу. Курс психологиялық білім мен теорияларға негізделген басқарушылық қызмет мәселелерін анықтау және шешу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау

    Пән зерттеу әдіснамасын, инновациялық экономиканы, ҒЗТКЖ-ны, зерттеу әдістемесін, ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі компоненттерін, авторлық құқықты, патент пен авторлық куәлікті, жобаның ҒЗЖ-дан айырмашылығын, жобаның өмірлік циклін, жоба құнын бағалауды, оңтайлы идеяларды іріктеу критерийлерін зерделейді. Зерттеу жоспарының инновациялылығы. Жасанды интеллектіні курс бағдарламасына енгізу білім алушылардың жасанды интеллектіні зерттеу барысында қосымша ресурс ретінде тиімді пайдалануларына қажетті дағдылар мен білім-біліктерді дамытуға мүмкіндік береді.Зерттеудің сапасы мен іске асырылуы ғылыми, ғылыми-техникалық, инновациялық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру нәтижелерінің салдарын болжау саласы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Тіл біліміндегі мәдени аспектілер

    Пәннің мақсаты: қазіргі тіл біліміндегі лингвомәдениеттану саласының пәндік критерийлері мен қағидаларын, тарихи даму үрдісін, зерттелу бағыттарын, теориялық және қолданбалы негіздемесін, ғылыми аппаратымен қоғамдық ғылымдар арасында ерекше орнын ажырату. Қарастыратын мәселелері: қазіргі тіл біліміндегі лингвомәдени аспектілерін айқындау; тілдің сөздік қоры, тілдік құбылыстары теориялық тұрғыдан саралау; қазіргі тіл біліміндегі лингвомәдениеттану ғылымының теориялық-әдістемелік базасына талдау жасау, зерттеу шеңберін кеңейту, дамыту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шетел тілі (кәсіби)

    Пәннің мақсаты: халықаралық деңгейде кәсіби салаға кірігу үшін шет тілін меңгеру дағдыларын қалыптастыру, ағылшын тілін мәдениетаралық және кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде пайдалану, сонымен қатар шетел ғалымдарының ғылыми еңбектерін аудару үшін, аударматану және мәдениетаралық коммуникация саласындағы шетелдік тәжірибені дамыту, кәсіби қызметте қолданылатын ақпаратты ауызша және жазбаша түрде аудару дағдыларын жетілдіру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Жоғары мектеп педагогикасы

    Бұл пәнді оқудың мақсаты жоғары кәсіби білім берудің теориялық және практикалық мәселелері болып табылады. Жоғары оқу орындарының педагогикасы білім беру заңдылықтары мен принциптері, жоғары кәсіби білім беру құралдары мен әдістері туралы білімнің дамуын зерттейді. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистранттар Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінің дамуын, оның негізгі міндеттерін біледі. Сонымен қатар педагогикалық процесті басқарудың ғылыми аспектілері және заманауи педагогикалық технологияларды қолдану туралы білімдері қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Пән ғылыми ойлаудың тарихы мен философиясы, ғылымның философиялық негіздері, эмпирикалық және ғылыми танымның генезисі, мәні, болашағы туралы білімді қалыптастырады, білімгерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне қажетті әдістемелік аппаратты дамытады. Проблемалық оқыту, тақырыптық талқылау, жоба әдісі сияқты оқытудың белсенді әдістері қазіргі заманғы ғылым жетістіктерін сыни тұрғыдан бағалау дағдыларын меңгеруге, өзіндік этикалық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Жоғары мектепте филологиялық пәндерді оқытудың әдіснамалық негіздері

    Магистранттарға әдебиетті, тілді оқыту процесінің ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан меңгерту. Кәсіби деңгейі жоғары, жан-жақты дамыған, білім нәрімен сусындаған, теориялық білімі терең, практикалық дағдысы қалыптасқан маман даярлау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Дәстүрлі және когнитивтік лингвистикадағы терминдер

    Пәннің мақсаты: қазақ терминтанымын тілдік тұрғыдан ғана емес, когнитивтік-коммуникативтік, прагматикалық, концептуалдық, ақпараттық қырынан қарастырудың негіздерін айқындау. Қарастыратын мәселелері: терминдерді саралау, олардың айырмашылықтарын айқындау; термин туралы, оған қойылатын талаптар, терминнің табиғаты, қолданбалы терминология заңдылықтары туралы ғылыми мәліметтерді саралау; қолданбалы терминтанымның пәні, зерттеу нысанын анықтау; қолданбалы терминологиялық әрекет бағыттарын ажырату.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мифопоэтика

    Пәннің мақсаты: әдебиеттегі мифопоэтикалық ойлау дәстүрінің генетикалық тұрғыдан сабақтастығын зерделеу. Қарастыратын мәселелері: Ғылымда жаңадан қалыптасқан әдіс-тәсілдер арқылы фольклордың жаңа саласы ретінде қалыптасып келе жатқан мифтік фольклор арқылы халықтық танымның, ұлттық болмыстың, қазақы дәстүрдің, дін, тіл аясындағы мифтік сананың қалыптасу, даму кезеңдері туралы фольклор мәтіндерінің эпикалық шығармаларда, әңгіме, повестерде, хикаяттарда аңыздың жаңаша қолданысын салыстырып, бағалау

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Кеңістік пен уақыт аралығындағы түркі лингвофилософиясы

    Пәннің мақсаты: тіл білімінің негізгі мәселелеріне философиялық тұрғыдан пайымдаулар жасап, негізгі тарихи сатыларын талдайды. Тіл білімі мен философияны байланыстырушы негізгі ерекшеліктерді сараптап, өзінің кәсіби қызметінде қолдана алады. Түркілік және әлемдік тілдерді философиялық тұрғыдан ұғынудың негізгі сатыларын игеріп, оқу материалдарының құрамдас бөліктерін жіктейді. Тіл философиясы мен онтологиясы арасындағы тарихи сабақтастыққа қатысты ақпараттарды жинақтап, оның маңызын, қорытындылар сәйкестігін бағалайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Лингвистикалық имиджеология

    Пәннің мақсаты қолданбалы тіл білімі мәселелерін шешу, сөйлеу имиджін ескере отырып, мәтін құру, түзету қабілетін қалыптастыру. Мазмұны келесідей тақырыптарды қамтиды: дауыстық портреттер құру, сөйлеу имиджін құру үшін технологиялық бағдарламаларды диагностикалауды жүзеге асыру. Пәнді меңгеру барысында тіл мен сөйлеу арқылы образ қалыптастыру процесінің теориялық және әдіснамалық, инструменталды негіздерін құрай алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тіл біліміндегі неологизация мәселесі

    Пәннің мақсаты: сөз мағынасына әсер ететін құбылыстарды қоғамдағы болып жатқан факторлармен, тілдің даму барысындағы жаңалықтармен байланыстыра отырып, саралап талдау. Қарастыратын мәселелері: тіл аспектісіндегі факторлар: эсктралингвистикалық, интралингвистикалық, сөз мағынасының ұсақ бөлшектері мен лексикалық мағынаның құрамдас бөліктері, лексика-сементикалық жүйе, аталған проблемалардың сөз мағынасының қайта жаңғыруына әсері, сөз мағыналарының жаңғыру жолдары, номиналдану жолдарын анықтау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі тіл біліміндегі жаңа бірліктерді зерттеудің аспектісі

    Пәннің мақсаты: тіл біліміндегі жаңа атауларды зерттейтін сала – неология туралы ғылыми теориялық-әдіснамалық және оның зерттеу аспектілері жөніндегі ілімді дамыту. Қарастыратын мәселелері: неология саласы бойынша материалдарды ақпараттық-технологиялық тұрғыда талдау, қазіргі тіл біліміндегі жаңа бірліктерді зерттеудің аспектісі пәнінен теориялық білімді саралау, практикалық тұрғыда лингвистикалық сараптау жасау, жаңа сөздерді зерттеудің негізгі бағыттарын анықтау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тілдің гендерлік жіктелімі

    «Тілдің гендерлік жіктелімі» пәні әйел тілі мен ер тілінің айырмашылығын белгілеп, олардың түрлі тілдік және әлеуметтік ортадағы сөз саптау ерекшелігін қарастырады, гендерлік лингвистиканың қалыптасуы мен дамуы, теориясы мен әдіснамасы түсіндіріледі. Магистранттарды гендерлік лингвистика ғылымының негізгі ұғымдарын жүйелеп, гендерлік қатынастарды салыстырмалы әлеуметтік-тарихи талдауға, тілдің гендерлік мәселелерін зерделеуге бағыттайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Дискурстың зерттеу технологиялары

    Пәннің мақсаты: дұрыс таңдалған және дұрыс қолданылған концептуалдық, әдіснамалық аппарат негізінде қоғамда қызмет атқарушы мәтіндерді талдау үшін лингвистикалық білімдерді синтездеу, трансформациялау қабілетін қалыптастыру. Лингвистиканың дискурсивтік бағытының қалыптасу кезеңдерін, дискурсия типологиясын зерттеудің түрлі себептерін зерттеуге бағыт алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ұлттық корпустар құрастыру әдістемесі мен тәжірибесі

    Пәннің мақсаты зерттелетін тілдік құбылыстарды талдауға ғылыми-бағдарлы көзқарасты қалыптастыру, корпус лингвистикасының келешегі зор ғылыми бағыттарымен таныстыру. Қазіргі корпустық лингвистиканың даму бағыттары, жасанды интеллект мәселелерін зерттейді. Қазіргі тілдік корпустардың типологиясын, замануи корпустық лингвистиканы оқыту үрдісіндегі перспективасын, мәтіндік корпустар мазмұндық құрылымына қойылатын талаптарды меңгереді. Қазақ тілінің ұлттық корпусы мазмұнынын қалыптастыру принциптерінің әдістемелік моделін жасауды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мәдениетаралық коммуникация контексіндегі қазақ әдебиеті

    Пәннің мақсаты мәдениетаралық коммуникация негіздерін, жаһандану мен интеграциялық үдерістердің қазақ әдебиетінің дамуына ықпалын түсіну қабілетін қалыптастырады. Мәдениетаралық және әдеби өзара іс-әрекет ерекшеліктерін түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін меңгертеді. Пән қазақ әдебиетінің ұлттық болмысын, оның қазіргі тарихи-мәдени үдерістегі орны мен рөлін зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі драматургияның поэтикасы

    Пәннің мақсаты: драмалық шығармалар поэтикасын театр теориясымен байланыстыра зерттеу қажеттігі; драмалық мәтіндердің энергиялылығы, ырғақтылығы, памфезділігін саралау; Негізгі тақырыптары: сахнадағы сөз өнері, сахна тілі образ тудырудың құралы, идея және көркем шындық, жанр формасы т.б.драмалық шығармалардағы кейіпкер бейнесінің жасалу ерекшелігін талдайды; сюжет қалыптастыру, сөйлем түзу, композициялық қағидалардың өзіндік ерекшеліктерін салыстырады; сахнадағы шығармашылық әдіс пен драматург стилін бағалау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Ғылымның тарихы мен философиясын, тіл қызметінің заңдарын біледі және шетел тілін кәсіби деңгейде меңгереді.
  • Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың заманауи әдістерін ұйымдастыруда, жоғары мектеп педагогикасын, басқару психологиясын тұжырымдауда кәсіби шеберлікті қолданады.
  • Өзіндік ғылыми талдаулар жасап және жоспарлай алады, сондай-ақ өзге зерттеушілердің жұмысына сыни талдау жасайды.
  • Кәсіби салада мәдениетаралық қарым-қатынас орнатып, мәселелерді шешеді және тіл мен сөйлеу арқылы образ қалыптастыру процесінің теориялық және әдіснамалық, инструменталды негіздерін құрай алады.
  • Филологиялық бағыттағы түрлі жаңа концепциялар мен теорияларды сыни бағалайды және ғылыми-зерттеу қызметінің рефлексиясын және өзін-өзі бағалауын жүзеге асырады, келешек кәсіби даму бағыттарын анықтайды.
  • Нақты теориялық және қолданбалы мәселелерді шешу үшін заманауи ақпараттық технологияларды, жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолданады.
  • Қазақ әдебиеті туындыларын жаңаша талдап түсінеді, драма жанрын негізгі сюжеттік желі бойынша ғана емес, негізгі идеясының астарлы мәнін көркемдегіш құралдар арқылы талдай біледі.

Ұқсас БББ

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (Бейінді)

«Bolashaq» академиясы (Болашақ)

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Торайгыров университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтерін даярлау

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті

Сулейман Демирель атындағы университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (н/п)

Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ)

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Шымкент университеті

7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті

Қызылорда "Болашақ" университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті педагогін даярлау

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)

Top