Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B01504 Физика-Информатика в ҚарУ Е.А.Бөкетов
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты ХХІ ғасырдың сын-тегеуріндері жағдайында өзінің кәсіби мүмкіндіктерін толық іске асыратын «Физика», «Информатика» екі сабақтас пәндер бойынша жоғары білікті педагогтарды даярлау
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 5 года
-
Кредиттер көлемі 300
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B010 Физика мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және Физика
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Механика
Аналитикалық геометрия және сызықтық алгебра
Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы
Математикалық талдау
Молекулалық физика
-
2 Оқу жылы
Электр және магнетизм
Педагогика
Қаржылық сауаттылық негіздері
Python тілінде программалау және алгоритмдеу
Экология және тіршілік қауіпсіздік негіздері
Құқық және кәсіпкерлік негіздері
Инклюзивті білім беру
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық негіздері
Физиканы оқыту процесіндегі цифрлық зертхана
Оптика
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Ғылыми зерттеу әдістері және академиялық хат
-
3 Оқу жылы
Астрономия
Білім берудегі көшбасшылық
Атом және атом ядросының физикасы
Физиканы оқыту әдістемесі
Объектілі-бағытталған программалау
С++ тілінде программалау
Деректер қорының теориясы
Білім беру жағдайындағы психологиялық қауіпсіздік
Компьютер архитектурасы және операциялық жүйелер
Web-технологиялар
Химия
Физика тарихы
-
4 Оқу жылы
Этнопедагогика
Информатика пәні бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы инновациялық технологиялар
Биология
Информатиканы оқыту әдістемесі
Білім беру робототехникасы
Компьютерлік графика және модельдеу
Заттар Интернеті (IoT) және Arduino негіздері
Физика саласында білім алушылардың кәсіби бағдар беруі және өзін-өзі анықтау
Физикалық есептерді шешу практикумы
Физикадан жобалық жұмысты ұйымдастыру
Білім беру қызметін құқықтық реттеу
Физика есептерін шығарудың әдістемелік негіздері
Компьютерлік желілер
Орта мектепте физикадан демонстрациялық экспериментті ұйымдастыру және өткізу әдістемесі
Білім беру мекемелерінде желілік технологиялар
-
5 Оқу жылы
Физика мұғалімінің жұмысындағы жасанды интеллект
Нанотехнология және наноматериалдар негіздері
Білім берудегі зерттеулер мен инновациялар
Ақпараттық қауіпсіздік
Мобильді қосымшаларды құру
Мектептегі STEM білім берудің физикалық негіздері
Кәсіби шетел терминологиясы (ағылшын тілінде)
Криптология негіздері
Тұрақты дамудың физикасы және білімі
Физика мұғалімінің жұмысындағы педагогикалық зерттеулер
Радиофизика және электроника негіздері
Big Data негіздері
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Қоғамның біртұтас жүйе және тұлға ретіндегі, қазақстандық құқықтың негізгі салалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, Қазақстандағы мемлекеттік органдар жүйесі, жобалар мен инновациялық өнімді әзірлеу кезінде экономикалық білім негіздерін, әртүрлі қаржы құралдарын пайдалану дағдылары туралы білімдерін қолданады. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру, зиянды және қауіпті факторлардың адамға және табиғи ортаға әсері туралы түсінігі бар.
- Оқушылардың физиологиялық, психологиялық, жас ерекшеліктерін, білім беру үдерісінің гигиеналық негіздерін, инклюзивті оқыту жағдайларын, инклюзивті білім берудің нормаларын, талаптарын және заңнамалық негіздерін түсінетіндігін көрсетеді.
- Әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, білімді қалыптастыру үшін ақпаратты жинап, түсіндіреді, өзінің құндылықтарын, көзқарастарын, этикалық принциптері мен оқыту әдістерін сыни тұрғыдан бағалайды және өзінің педагогикалық дамуының жаңа мақсаттарын қояды.
- Тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын, ұжымда жұмыс істеу дағдыларын, көшбасшылық қасиеттерді, ақпараттық мәдениетті, одан әрі білім алуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқу дағдыларын, педагогикалық және әлеуметтік қызметте кәсіби қарым-қатынасты құру, тұлғааралық, мәдениетаралық, кәсіби қарым-қатынасты қазақ, орыс және шет тілдерінде жүзеге асыруды көрсетеді.
- Ақпаратты іздеуге, сүзуге және сыни бағалауға негізделген ақпараттық технологияларды қолдануды қамтитын сабаққа арналған оқу-әдістемелік материалдарды құрастырады және әзірлейді, ғылыми зерттеу және академиялық хат әдістерін біледі, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңыздылығын түсінеді.
- Компьютерлік аппараттық және жүйелік бағдарламалық қамтамасыз ету, компьютердің архитектурасы туралы білімі мен түсінігін көрсетеді, алгоритмдер жасайды және қолданбалы есептерді шешу үшін,соның ішінде білім берудегі робототехниканы және микроконтроллерлердегі бағдарламалаумен байланысты компьютерлік бағдарламаларды, интерфейстік дизайнды және мобильді қосымшаларды әзірлейді.
- Физика және информатика бойынша әртүрлі білім беру ресурстарын, цифрлық құралдарды, қызметтерді, веб-технологияларды, қолданбалы компьютерлік бағдарламалар пакеттерін, ақпараттық-өлшеу жабдықтарын, виртуалды және цифрлық зертханаларды, физикалық симуляторлар мен модельдерді, компьютерлік желілерді біледі және қолданады, оқу үдерісі барысында, оның ішінде цифрлық ортада оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.
- Тәрбиенің қазіргі заманғы тұжырымдамаларын, тәрбие жұмысының әдістерін, қауіпсіз, қолжетімді, қолайлы білім беру ортасын құрудың теориялары мен тәжірибесін біледі және білім алушыларды құндылықтар жүйесімен және тұлғалық өсумен таныстыратын, жеке даму траекториясын құрайтын тәрбие жұмысының формалары мен әдістерін қолданады.
- Физика мен информатиканың озық тұжырымдамаларына негізделген білімі мен түсінігін көрсетеді, ғылыми танымның нысандары мен әдістерімен, қоршаған әлемді игерудің әртүрлі тәсілдерімен әрекет етеді, қоғам дамуындағы ғылымның рөлін түсінеді, физиканың ғаламдық және жергілікті мәселелерін шешу үшін ғылымның басқа салаларынан алынған білімдерді қолдану және біріктіру бойынша өз ұстанымын дәлелдейді.
- Оқу үдерісін, жобаны жоспарлау әдістерін зерттеу дағдыларын, зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдыларын және білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді.
- STEM білім беру элементтерімен, жаратылыстану пәндерін пәндік-тілді оқытуға арналған CLIL технологияларымен кіріктірілген сабақтарды өткізеді, қазіргі заманғы зертханалық, демонстрациялық және компьютерлік техниканы, физика, астрономия және информатиканы оқытудың әдістері мен құралдарын пайдаланады және білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып тәрбие береді.
- Тұтас педагогикалық процесті жоспарлайды және ұйымдастырады, оқу процесін басқару және мониторинг жүргізу қағидаттарын, білім алушылардың игеру қиындықтары мен жеке ерекшеліктерін ескере отырып бағалау құралдарын қолданады.