Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B05208 Экология және табиғатты пайдалану в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау.
  • Ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу.
  • Қол жеткен білімдерді кеңейту және жаңа білімдер алу, жобаларды ғылыми тұрғыда жинақтап қорытындылау, ғылымды негіздеу мақсатындағы зерттеулер, ғылыми ізденістермен байланысты ғылыми сипаттағы жұмыстар, талдамалар. Сонымен бірге әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана білу, азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдай білу мүмкіндігі.
  • Дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық қауіп көздерін талдау мен бағалау, тіршілік қауіпсіздігі жағдайларын ұйымдастыра білу, сондай-ақ орнықты даму стратегияларын әзірлеу және енгізу, экологиялық, әлеуметтік және экономикалық факторлардың әсерін бағалау, тәуекелдерді болжау және жаһандық экологиялық және әлеуметтік сын-қатерлер жағдайында оларды төмендету жөнінде шаралар әзірлеу.
  • Құқықтық сауаттылықты арттыру, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын, кәсіби міндеттерін орындау.
  • Инклюзивті мәдениеттің негізгі принциптері мен тәсілдерін меңгеру дағдыларын қолдану, әлеуметтік теңдік принциптеріне негізделген күнделікті және кәсіби қызметте коммуникация стратегиясын таңдау
  • Экологиялық пәндерді түсіну үшін негізгі білімге ие болу, экожүйелер мен жалпы биосфераның жұмыс істеуінің негізгі заңдылықтарын түсіну, атмосфералық ауа, жерүсті сулары, топырақ, жағдайы бойынша экологиялық мониторингті ұйымдастыру мен мәліметтерді талдау үшін жасанды интеллектіні қолдану, бақылауларды бағалау негізінде тиімді шешімдерді таңдау, заманауи техникалық бағдарламалық құралдарды қолдана отырып, тұрақты дамуға интеграцияланған тәсілдің маңыздылығын түсіну.
  • Аймақтық және жаһандық экологиялық мәселелер, қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық және республикалық заңнамалардың талаптары туралы білу; қазіргі заманғы бизнестің даму тенденцияларын, оның аймақтар үшін экологияның маңыздылығын түсіну; экономикалық басқару және өндіріс саласындағы экологиялық мәселелерді талдау және бағалау; далалық зерттеулер көмегімен қоршаған ортаға техногенді әсер туралы ақпаратты жинау, экологиялық тәуекелді бағалау әдістерін, экологияда сапалы далалық зерттеулер жүргізу үшін қажетті практикалық дағдылар мен білім қолдану.
  • Бұзылған аумақтарды қалпына келтірудің мүмкін жолдарын анықтау; табиғи жүйелердің экологиялық әлеуеті және олардың тұрақтылығы туралы білімдерін талдау; аумақтардың, өндірістік және технологиялық жобалардың экологиялық сараптамасын ұйымдастыру қағидаларын білу; әртүрлі дәрежедегі табиғи-антропогендік геожүйелердің динамикасын бағалау және қалыптасу қағидаларын білу.
  • Қоршаған ортаны қорғау саласындағы республикалық және халықаралық ұйымдардың қызметі туралы білу, халық санының динамикасы және оның жеке аймақтарда орналасуын талдау, жаһандық және аймақтық урбанизация процестерін бағалау, зерттеу нәтижелерінің объективтілігі мен дұрыстығын қамтамасыз ету, еңбек ресурстарын табысты қалыптастыру үшін білімдерді синтездеу.
  • Негізгі жергілікті, аймақтық, жаһандық экологиялық мәселелерді анықтау және сипаттау, экожүйелердің құрылымы мен функцияларының бұзылуын тиімді шешу жолдарын таңдау, қоршаған ортаға әсерді бағалаудың жеке әдістері мен бағалаудың экологиялық және экономикалық негіздерін таңдау; қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың негіздерін меңгеру; заңдар негізінде экологиялық статистикалық есептілікті құрастыру, экологиялық ақпаратты жинауды, сақтауды және өңдеуді қолдану;
Top