Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B04106 Маркетинг в Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Кәсіби қызметінде арнайы терминология мен лексиканы қолданады, қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша түрде байланысқа түседі; кәсіби терминдерді пайдаланады, ғылыми деректер базасында ақпарат іздеу дағдысы бар, академиялық түрлі жанрларымен жұмыс істеуге құзыретті;
  • Кәсіби қызметін құқықтық ойлау және құқықтық мәдениет негізінде жүзеге асырады, шығармашылық және келешекті ойлайды, кәсіби қызметімен байланысты құқықтық әдебиетпен жұмыс істей алады, экологиялық ойлау қабілеті бар, қауіпті және төтенше жағдайлардың алдын алуға қабілетті;
  • Күнделікті жағдайларда өндірістік есептерді шешу үшін математикалық ойлауды қолдануға, өзінің кәсіби қызметінде статистикалық және математикалық әдістерді қолдануға, сондай-ақ өзінің кәсіби қызметінің тиімділігі мен нәтижелерін жақсарту үшін бағдарламалық құралдар мен жасанды интеллект әдістерін қолдануға қабілетті
  • Экономикалық мәселелерді зерттеуге жүйелік тәсіл дағдыларын меңгеру, макроэкономикалық нарықтардағы негізгі макроэкономикалық субъектілердің жағдайы мен мінез-құлқын талдау бойынша ойлаудың экономикалық бейнесін қалыптастыру
  • Ұйымның қаржылық жағдайын бағалау және есепке алу үшін қаржы құралдарын пайдалануға, қаржылық деректердің дәлдігі мен тұтастығын және ұйым активтерінің сақталуын қамтамасыз ететін тұжырымдамаларды қолдануға қабілетті
  • Маркетингтік стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді компанияның жалпы мақсаттарымен байланыстыра отырып, менеджмент пен маркетинг құралдары негізінде негіздейді, маркетингтік сипаттағы коммуникациялық іс-шараларды өткізеді, нарықты зерттеу жүргізеді, әлеуетті клиенттерді іздейді, коммерциялық келіссөздер жүргізеді.
  • Әлеуметтік - экономикалық процестер мен құбылыстар туралы маркетингтік деректерді талдауды және түсіндіруді сауатты жүргізеді, тауарға баға белгілеуді және жылжытуды жүзеге асырады,тауар ассортиментін қалыптастырады және басқарады.
  • Сауда ұйымдары қызметінің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің өзгеру тенденцияларын анықтайды, жекелеген тауарларды және жалпы санаттарды сатудың экономикалық тиімділігіне талдау жасайды
  • Нарықты және нарықтық конъюнктураны талдау, тұтынушылардың мінез-құлқын зерттеу (себептер, артықшылық) және бәсекелестердің қызметіне талдау жүргізу, сұранысты, нарық сыйымдылығын, бәсекелестерге қатысты кәсіпорынның үлесін, бәсекелестік күрес тәуекелін бағалау және болжау
  • Көшбасшылық қасиеттері мен кәсіпкерлік қабілеттерін, персоналды басқару дағдыларын көрсетеді, тиімді қарым-қатынас пен қоғамға адамгершілік қатынасын көрсетеді, бәсекелестік ортада кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға құзыретті, инклюзивті білім беру және кәсіби ортада туындайтын тұлғааралық өзара іс-қимыл мәселелерін шеше алады
  • Алынған эксперименталды мәліметтерді жинақтау және талдау, оларды таныстыру, аудиторияларға хабарлау, корпоративтік мәдениетті және ұйым туралы оң қоғамдық пікірді (имиджді) қалыптастыру саласында құзыретті.
Top