Білім беру бағдарламасы өзекті емес

6B01401 Музыка в QYZPU

Пәндер

  • Абайтану

    Пән ұлы қазақ философы, ақын, ойшыл Абай Құнанбаевтың ұлттық шығармашылық мұрасын зерттей отырып, студенттерді мәдени-рухани тәрбиелеу арқылы қазақ әйелінің тұлғасын айқындауға бағытталған. Пән ұлы ақынның 175 мерей тойына қарсаңында ұйымдастырылған шараларды қолдау, ақынның шығармашылығын құрметтеу мақсатында 2020 жылы оқу жоспарына енгізілді

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері

    Пән студенттердің кәсіпкерлік дағдылары мен іскерлік ойлауын қалыптастыруға бағытталған. Студенттер экономиканың, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру шарттарын, оның ішкі және сыртқы ортасының заңдылықтарымен жан-жақты танысу арқылы бизнес-жоспар, жеке бизнесті құру және өз бизнесін сәтті жүргізу дағдыларына ие болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құқықтық сауаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Курс өзінің құқықтары мен міндеттерін білетін, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбейтін заңдық тұрғыдан сауатты, заң шеңберінде әрекет ететін тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет ҚР заңдарын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды зерделеуге және сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін құқықтық жауапкершілік мәселелеріне негізделеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Негізгі музыкалық аспап 1

    Пән аспапта ойнаудың техникалық дағдыларын, аспаптық орындаушылық мәдениетін қалыптастырады. Курсты оқу барысында студенттер әртүрлі жанрлардағы шығармаларды, формаларды, стильдерді және бағыттарды қамтитын көркем репертуарды, нота мәтінін бірден оқуды және күрделі емес пьесаларды транспазициялау дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Көшбасшылық негіздері және инновацияларға бейімделу

    Пәнді игеру арқылы әрбір студент жеке тұлға ретінде көшбасшылық қасиеттерін ашу және дамыту, инновациялық үдерістерден туындаған жаңалықтарға бейімделу дағдыларын дамыту, сонымен бірге ғылыми-техникалық үдерістер нәтижелерін кәсіби қызметінде қолдана алу мүмкіндіктеріне үйренеді. Басқарудағы көшбасшылық қасиеттер мен адами фактордың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын оқып біледі

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қоғамға қызмет көрсету

    Пән тұлғаның жеке әлеуметтік жауапкершілігін дамытуға және адамның жеке әлеуетін жандандыруға, ерікті және өтеусіз көмек көрсетуге және өзара көмек көрсетуге, азаматтық қоғамның игілігі үшін кең ауқымды қызмет көрсету, басқа да азаматтық шараларды орындауға үйретуге бағытталған. Пән еріктілер қызметінің маңыздылығын аша отырып, бұл қызметтің Қазақстандағы мәселелері мен даму перспективаларын айқындайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері

    Пән студенттердің заманауи экологиялық білімі мен мәдениетін қалыптастырады, өмір қауіпсіздігі үшін техникалық құралдар мен технологиялық процестердің қауіпсіздігін арттыру әдістерін қолдану дағдыларын дамытады Пән әртүрлі деңгейдегі ұйымның экожүйелері қызметінің, тұтастай биосфераның негізгі заңдылықтарын, адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасында туындайтын қайшылықтарды, сондай-ақ табиғат пен экологияға ұқыпты қарау қажеттігін айқындайды

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Музыка теориясы

    Курс білім алушылардың музыкалық-теориялық дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға бағытталған. Музыкалық дыбыстардың қасиеттерін, ноталық қысқару белгілерін, метроритмнің негізгі құбылыстарын, интервалдар, аккордтарды, олардың айналымдарын, ладтар мен тональдіктерді, ауытқулар мен модуляцияларды, секвенцияларды, транспозицияны, фактураның түрлерін, мелизмдерді сипаттайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ұлы дала тарихы

    Пән ұлттық рухты тәрбиелеуге, қазіргі қазақ әйелдерінің ұлттық дәстүрлері мен тарихын құрметтеуге бағытталған. Курс түркі халықтарының мәдени дүниетанымы мен бейбітшілікті қабылдауының ерекшеліктерін, қазақ халқының ұлттық нақышын, оның мәдениеті мен мәдени құндылықтарының тарихи және әлеуметтік негіздерін, сондай-ақ Ұлы даладағы адамгершілік ілімдері мен ұлттық идеяның әлеуметтік негіздерін баяндайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Қазақ аруы

    Пән университеттің символы болып табылады. Пән әрбір студентті тарихы бен ұлттық дәстүрлерін білуге, құрметтеуге тәрбиелей отырып, заманға сай іскерханымның бейнесін қалыптастыруға бағытталған. Пән әйел бейнесін қыз, әйел, ана, отбасын сақтаушы, көшбасшы-маман ретінде толық аша отырып, қыздарға моральдық-этикалық, эстетикалық тәрбие беру мәселелері мен әдеп мәселелерін оқытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Музыкалық репертуар 1

    Пәнді оқу барысында студент орындаудың түрлі тәсілдерін меңгереді. Музыкалық репертуарды меңгеру арқылы болашақ музыка мұғалімінің орындаушылық дағдылары қалыптастырады. Оқыту барысында студенттерде музыкалық-есту түсініктері мен моторлы-қозғалыс орындаушылық дағдыларын дамыту формалары мен әдістері қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Негізгі музыкалық аспап 2

    Пән аспапта ойнаудың техникалық дағдыларын, аспаптық орындаушылық мәдениетін қалыптастырады. Курсты оқу барысында студенттер әртүрлі жанрлардағы шығармаларды, формаларды, стильдерді және бағыттарды қамтитын көркем репертуарды, нота мәтінін бірден оқуды және күрделі емес пьесаларды транспазициялау дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Музыкалық репертуар 2

    Пәнді оқу барысында студент орындаудың түрлі тәсілдерін меңгереді. Музыкалық репертуарды меңгеру арқылы болашақ музыка мұғалімінің орындаушылық дағдылары қалыптастырады. Оқыту барысында студенттерде музыкалық-есту түсініктері мен моторлы-қозғалыс орындаушылық дағдыларын дамыту формалары мен әдістері қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Сольфеджио

    Курс әуенді және гармониялық естуді, функционалдық гармониялық байланыстарды, музыкалық ойлау мен музыкалық есте сақтауды қабылдау, әуенді тактілеу, дирижерлаумен орындау, ансамбльде ән айту, әуенді өз бетінше үйрену, ноталық мәтінді бірден оқуды дамытады. Естуі бойынша әуендерді шығару, жазу, ноталық мәтінді транспозициялау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 4
  • Хор класы 1

    Пән жалпы білім беретін мектепте хормен және вокалдық ансамбльмен жұмыс істеудің хормейстерлік және дирижерлік дағдыларын музыка сабағы мен сабақтан тыс уақытта қалыптастырады. Хор дыбысталуының негіздерін және хорды басқаруды, хор ұжымында вокалдық тәрбие әдістерін, хордың жекелеген қатысушыларымен, хор партияларымен, жалпы хормен айналысу дағдыларын үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 4
  • Жас ерекшеліктер физиологиясы

    Курс оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру және жүргізу кезінде балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының жас ерекшеліктерінің заңдылықтарын практикалық тұрғыда қолдануға бағытталған. Курста баланың сыртқы ортамен өзара әрекеттесуі; денсаулықты сақтау мен нығайтуға бағытталған гигиеналық нормативтер мен талаптар, балалар мен жасөспірімдер ағзасының функционалдық мүмкіндіктерін үйлесімді дамыту мен жетілдіру мәселелері айқындалады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Негізгі музыкалық аспап 3

    Пән аспапта ойнаудың техникалық дағдыларын, аспаптық орындаушылық мәдениетін қалыптастырады. Курсты оқу барысында студенттер әртүрлі жанрлардағы шығармаларды, формаларды, стильдерді және бағыттарды қамтитын көркем репертуарды, нота мәтінін бірден оқуды және күрделі емес пьесаларды транспазициялау дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 3
  • Қосымша музыкалық аспап (таңдау бойынша)

    Студенттерге қосымша музыкалық аспаптарды таңдау мүмкіндігі ұсынылады (фортепиано, домбыра, баян, қобыз). Пән музыкалық репертуарды меңгеру барысында қосымша музыкалық аспапта ойнаудың орындаушылық тәсілдерін меңгеруге бағытталған. Курс музыкалық шығармаларды практикалық үйрену арқылы ұлттық дәстүрлерге баулу барысында толеранттылықты қалыптастырады. Болашақ музыка мұғалімінің музыкалық ой-өрісі мен көркемдік-эстетикалық санасын кеңейтеді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 3
  • Хор дирижерлау 1

    Пән оқытылатын шығармалардың мазмұнын ашуға, сонымен қатар техникалық дирижерлік қимылдарды меңгеруге бағытталған. Эмоционалдық мәнерлілік, музыкалық бейнені үйлесімді жеткізу, хормен орындауды басқару мақсатында қолдың және барлық дирижерлік аппараттың икемділігін дамытады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 3
  • Музыкалық репертуар 3

    Пәнді оқу барысында студент орындаудың түрлі тәсілдерін меңгереді. Музыкалық репертуарды меңгеру арқылы болашақ музыка мұғалімінің орындаушылық дағдылары қалыптастырады. Оқыту барысында студенттерде музыкалық-есту түсініктері мен моторлы-қозғалыс орындаушылық дағдыларын дамыту формалары мен әдістері қалыптасады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 3
  • Мектеп әндерін дирижерлау 1

    Курс мектеп репертуарын өз сүйемелдеуімен мәнерлеп орындау, ән әуендерін транспозициялау, жұмыс қимылымен дирижерлау іскерлігін, дағдыларын қалыптастырады. Жалпы және арнайы ой-өрісін кеңейтеді, арнайы дирижерлік іскерліктер мен дағдыларды, мектеп репертуарынан сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз орындалатын әндерді дирижерлауды дамытады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 3
  • Жас ерекшеліктер психологиясы

    Курс студенттердің әр түрлі жастағы балалармен практикалық тапсырмаларды шешу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған Психикалық дамудың заңдылықтары мен динамикасын, адамның әртүрлі жас шағындағы (мектепке дейінгі, кіші мектеп, жасөспірім, бозбала, жігіт және ересек) тұлғалық қалыптасуын сипаттайды Педагогикалық процесс субъектілерінің психологиялық өзара әрекет дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 3
  • Гармония

    Курс студенттердің музыкалық шығарманың гармоникалық талдауын орындау, музыкалық шығарманың мазмұнының контекстінде гармониялық құралдарды сипаттауға бағытталған. Фортепианода үйренген тәсілдерін жаттығуларда қолдану, гармоникалық реттілікті ойнау, үйлесімділікке арналған жазбаша тапсырмаларда зерделенген білімді қолдану, үйлесімділіктің мәнерлі және формальды пайда болатын мүмкіндіктерін білу дағдыларын қалыптастыруды қамтиды

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 3
  • Заманауи гармония

    Курс студенттерде музыкалық өнердің табиғи тарихи эволюциясы туралы түсініктерді қалыптастыруға, жеке гармоникалық стильдер мен ХХ ғ. музыкасындағы композиторлық техниканың қызықты құбылыстары бағытындағы білімдерді, музыкалық шығарманы талдаудағы жаңа тәсілдерді меңгеруге бағытталған.Заманауи музыкадағы ладтық құрылымның қарқынды үдерісін меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 3
  • Инклюзивті білім беру

    Пән болашақ мамандардың инклюзивтік жағдайында жұмысқа дайындайды. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен білім беру-тәрбиелеу қызметін ұйымдастыру, жүргізу жұмысын зерделей келе, студенттер ЕББҚ балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу шарттарын құратын әртүрлі сала мамандарымен топта жұмыс істеу дағдыларына ие бола отырып, инклюзивтік оқыту жағдайында тьюторлық тәжірибені ұйымдастыру және оқы бағдарламаларын бейімдеу дағдыларын меңгереді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 5
  • Концертмейстерлік класс

    Пән студенттерде ән әуені мен оған аккомпанементті таңдау, әр түрлі тональдылықтарға транспозициялау, біртіндеп күрделі мақсат пен міндеттерді сүйемелдеу дағдыларын қалыптастырады. Оқу барысында студент балаларды, жеке орындаушыларды және хорды сүйемелдеу дағдыларын үйренеді, нотаны мәтіннен бірден оқу дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 3
  • Хор класы 2

    Пән жалпы білім беретін мектепте хормен және вокалдық ансамбльмен жұмыс істеудің хормейстерлік және дирижерлік дағдыларын музыка сабағы мен сабақтан тыс уақытта қалыптастырады. Хор дыбысталуының негіздерін және хорды басқаруды, хор ұжымында вокалдық тәрбие әдістерін, хордың жекелеген қатысушыларымен, хор партияларымен, жалпы хормен айналысу дағдыларын үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 2
  • Музыкалық репертуар 4

    Пәнді оқу барысында студент орындаудың түрлі тәсілдерін меңгереді. Музыкалық репертуарды меңгеру арқылы болашақ музыка мұғалімінің орындаушылық дағдылары қалыптастырады. Оқыту барысында студенттерде музыкалық-есту түсініктері мен моторлы-қозғалыс орындаушылық дағдыларын дамыту формалары мен әдістері қалыптасады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 2
  • Синтезаторда ойнау

    Курс синтезаторды басқару техникасын меңгеруге бағытталған. Клавиштық синтезатордың көркемдік мүмкіндіктерін меңгереді: оның дыбыстық материалымен және оған әртүрлі түзетулер енгізу құралдарымен, дыбыстық синтез әдістерімен танысады; музыкалық дыбыстау факторын басқару тәсілдерін меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 3
  • Негізгі музыкалық аспап 4

    Пән аспапта ойнаудың техникалық дағдыларын, аспаптық орындаушылық мәдениетін қалыптастырады. Курсты оқу барысында студенттер әртүрлі жанрлардағы шығармаларды, формаларды, стильдерді және бағыттарды қамтитын көркем репертуарды, нота мәтінін бірден оқуды және күрделі емес пьесаларды транспазициялау дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 2
  • Мектеп әндерін дирижерлау 2

    Курс мектеп репертуарын өз сүйемелдеуімен мәнерлеп орындау, ән әуендерін транспозициялау, жұмыс қимылымен дирижерлау іскерлігін, дағдыларын қалыптастырады. Жалпы және арнайы ой-өрісін кеңейтеді, арнайы дирижерлік іскерліктер мен дағдыларды, мектеп репертуарынан сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз орындалатын әндерді дирижерлауды дамытады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 3
  • Хор дирижерлау 2

    Пән оқытылатын шығармалардың мазмұнын ашуға, сонымен қатар техникалық дирижерлік қимылдарды меңгеруге бағытталған. Эмоционалдық мәнерлілік, музыкалық бейнені үйлесімді жеткізу, хормен орындауды басқару мақсатында қолдың және барлық дирижерлік аппараттың икемділігін дамытады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 3
  • Педагогика

    Пән студенттердің болашақ педагог мамандығына қызығушылықтарын дамытуға және кейін өзін-өзі жетілдіру мақсатында кәсіби өз бетінше білім алуға ынталандыруға бағытталған. Курс студенттердің педагогикалық үдерісті жоспарлау, болжау, ұйымдастыру, басқару және талдау дағдыларын дамытуға; орта білімнің жаңартылған мазмұны аясында тәрбиелеу мен оқытудың технологиялары мен әртүрлі әдістемелерін меңгеруге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 6
  • Мектеп әндерін дирижерлау 3

    Курс мектеп репертуарын өз сүйемелдеуімен мәнерлеп орындау, ән әуендерін транспозициялау, жұмыс қимылымен дирижерлау іскерлігін, дағдыларын қалыптастырады. Жалпы және арнайы ой-өрісін кеңейтеді, арнайы дирижерлік іскерліктер мен дағдыларды, мектеп репертуарынан сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз орындалатын әндерді дирижерлауды дамытады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 3
  • Негізгі музыкалық аспап 5

    Пән аспапта ойнаудың техникалық дағдыларын, аспаптық орындаушылық мәдениетін қалыптастырады. Курсты оқу барысында студенттер әртүрлі жанрлардағы шығармаларды, формаларды, стильдерді және бағыттарды қамтитын көркем репертуарды, нота мәтінін бірден оқуды және күрделі емес пьесаларды транспазициялау дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 3
  • Ғылыми зерттеулер негіздері

    Курс болашақ маманның кәсіби қызығушылықтары саласында ғылыми-зерттеу компоненттерін дамытуға бағытталған. Пән студенттердің ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу (таңдалған облысқа сәйкес), ғылыми эксперименттер жасау, зерттеу нәтижелерін академиялық сипатта сауатты рәсімдеу және оларды көпшілік алдында таныстыра білу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Музыка пәнін оқыту әдістемесі

    Пән студенттердің психологиялық-педагогикалық, тарихи-теориялық, музыкалық-орындаушылық пәндер циклінде алған білімдеріне, іскерлігі және дағдыларына негізделеді. Курс студенттердің педагогикалық үдерісті жоспарлау, болжау, ұйымдастыру, басқару және талдау дағдыларын дамытуға; орта білімнің жаңартылған мазмұны аясында музыкалық білім беру мен тәрбиелеудің технологиялары мен түрлі әдістемелерін меңгеруге бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Музыкалық білім берудегі сандық технологиялар

    Оқу үдерісін ұйымдастыру және әдістемелік материалдарды әзірлеуге арналған цифрлық технологияларды қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған практикалық курс. Курс білім беруді цифрландырудың барлық бағыттарында: білім беру басқармасы мен мекемелерінде компьютерлік музыкалық бағдарламалар, оқытудың цифрлық технологиясы; АКТ дидактикалық мүмкіндіктері; виртуальды орта және қашықтықтан оқыту технологияларында цифрлық бағдарламалар мен техникалық құралдарды меңгеру дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 3
  • Музыка тарихы

    Пән студенттердің музыка тарихы саласындағы білімдерін қалыптастыруға бағытталған. Пән барысында музыкалық өнердің заманауи мәселелеріне тарихи-мәдени көзқарасты меңгереді, музыкалық мәдениеттің тарихи эволюциясының кезеңдерін қарастырады, дәуірдің эстетикалық мазмұнын, белгілі шығармашылық мектептердің стилін, көрнекті тұлғалардың көркемдік-тарихи маңызын анықтайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Хор класы 3

    Пән жалпы білім беретін мектепте хормен және вокалдық ансамбльмен жұмыс істеудің хормейстерлік және дирижерлік дағдыларын музыка сабағы мен сабақтан тыс уақытта қалыптастырады. Хор дыбысталуының негіздерін және хорды басқаруды, хор ұжымында вокалдық тәрбие әдістерін, хордың жекелеген қатысушыларымен, хор партияларымен, жалпы хормен айналысу дағдыларын үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 3
  • Хор дирижерлау 3

    Пән оқытылатын шығармалардың мазмұнын ашуға, сонымен қатар техникалық дирижерлік қимылдарды меңгеруге бағытталған. Эмоционалдық мәнерлілік, музыкалық бейнені үйлесімді жеткізу, хормен орындауды басқару мақсатында қолдың және барлық дирижерлік аппараттың икемділігін дамытады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 3
  • Вокал 1

    Курс студенттердің музыкалық қабілеттерін, олардың әншілік дауысын, таза интонациясын дамытуға, дауыс диапазонын кеңейтуге, музыкалық репертуарды байытуға, шығармашылық қабілеттері мен әртістігін дамытуға бағытталған. Әртүрлі сипаттағы вокалдық шығармалар мен мектеп әндерінің көркемдік орындалуының негізгі заңдылықтарын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 3
  • Музыкалық репертуар 5

    Пәнді оқу барысында студент орындаудың түрлі тәсілдерін меңгереді. Музыкалық репертуарды меңгеру арқылы болашақ музыка мұғалімінің орындаушылық дағдылары қалыптастырады. Оқыту барысында студенттерде музыкалық-есту түсініктері мен моторлы-қозғалыс орындаушылық дағдыларын дамыту формалары мен әдістері қалыптасады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 3
  • Дауыс қою 1

    Пән дауыс аппаратының, дикция мен тыныс алудың, ән айту дауысының қалыптасу ерекшеліктерін меңгеруге бағытталған. Курс музыкалық репертуарды кеңейтеді, дауысты және диапазонды күшейтеді, вокалдық импровизация дағдыларын қалыптастырады, балалар мен жасөспірімдер дауысының даму ерекшеліктерін біледі, мектеп әндерінің, сондай-ақ вокалдық шығармалардың көркемдік орындалуын дамытады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 3
  • Музыкалық репертуар 6

    Пәнді оқу барысында студент орындаудың түрлі тәсілдерін меңгереді. Музыкалық репертуарды меңгеру арқылы болашақ музыка мұғалімінің орындаушылық дағдылары қалыптастырады. Оқыту барысында студенттерде музыкалық-есту түсініктері мен моторлы-қозғалыс орындаушылық дағдыларын дамыту формалары мен әдістері қалыптасады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 3
  • Мектеп әндерін дирижерлау 4

    Курс мектеп репертуарын өз сүйемелдеуімен мәнерлеп орындау, ән әуендерін транспозициялау, жұмыс қимылымен дирижерлау іскерлігін, дағдыларын қалыптастырады. Жалпы және арнайы ой-өрісін кеңейтеді, арнайы дирижерлік іскерліктер мен дағдыларды, мектеп репертуарынан сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз орындалатын әндерді дирижерлауды дамытады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 2
  • Хор класы 4

    Пән жалпы білім беретін мектепте хормен және вокалдық ансамбльмен жұмыс істеудің хормейстерлік және дирижерлік дағдыларын музыка сабағы мен сабақтан тыс уақытта қалыптастырады. Хор дыбысталуының негіздерін және хорды басқаруды, хор ұжымында вокалдық тәрбие әдістерін, хордың жекелеген қатысушыларымен, хор партияларымен, жалпы хормен айналысу дағдыларын үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 3
  • Өнердің синтетикалық жанрларындағы музыка

    Курс өнер түрлерінің тәрбиелік және оны түрлендіретін құрамдастарды ашуға, олардың білім алушылардың рухани әлемін дамытуға, адамгершілік бағдарлардың қалыптасуына ықпал етуге бағытталған. Музыканы басқа өнер жанрларымен (опера, оперетта, мюзикл, балет, драма, кинофильмдер) үйлестіре отырып, музыкалық тілдің элементтерін, формаларын, мазмұндау түрлерін, даму принциптерін және құрылымын ашады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 3
  • Қазіргі музыкалық эстрадалық өнер

    Курс студентің музыкалық талғамын, мінез-құлық эстетикасын, шығармашылығын қалыптастыруға бағытталған. Эстрадалық өнердің түрлі музыкалық бағыттары мен нысандарын қарастырады. Осыған байланысты келесі негізгі тақырыптарды зерттейді: қазіргі қазақстандық ән эстрадасы. Эстрадалық музыканың дамуы. Танымал әншілердің шығармашылығы. Қазіргі қазақ эстрадасының жетістіктері.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 3
  • Музыкалық форма

    Курс студенттерге музыкалық форма, музыкалық тілдің элементтері туралы қажетті ақпаратты ұсынады. Курс студенттердің музыкалық ой-өрісін, отандық музыка ғылымының дәстүрлерінің арнасында аналитикалық ойлау әдісін, музыкалық шығармаларды талдау барысында шығармашылық бастаманы дамытуға, болашақ педагогикалық іс-әрекет үшін өзіндік музыкалық ойлауды қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 3
  • Хор дирижерлау 4

    Пән оқытылатын шығармалардың мазмұнын ашуға, сонымен қатар техникалық дирижерлік қимылдарды меңгеруге бағытталған. Эмоционалдық мәнерлілік, музыкалық бейнені үйлесімді жеткізу, хормен орындауды басқару мақсатында қолдың және барлық дирижерлік аппараттың икемділігін дамытады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 2
  • Вокал 2

    Курс студенттердің музыкалық қабілеттерін, олардың әншілік дауысын, таза интонациясын дамытуға, дауыс диапазонын кеңейтуге, музыкалық репертуарды байытуға, шығармашылық қабілеттері мен әртістігін дамытуға бағытталған. Әртүрлі сипаттағы вокалдық шығармалар мен мектеп әндерінің көркемдік орындалуының негізгі заңдылықтарын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 2
  • Аспаптық ансамбль 1

    Курс студенттерде бірнеше кезеңнен тұратын ұжымдық музицация жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған: партияны жеке қатысушылардың үйренуі, барлық ансамбльдің қосылуымен. Ансамбльдің ұстанымына сәйкес келетін қызықты ноталық материалды таңдау оның табысты жұмысының маңызды факторларының бірі болып табылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Негізгі музыкалық аспап 6

    Пән аспапта ойнаудың техникалық дағдыларын, аспаптық орындаушылық мәдениетін қалыптастырады. Курсты оқу барысында студенттер әртүрлі жанрлардағы шығармаларды, формаларды, стильдерді және бағыттарды қамтитын көркем репертуарды, нота мәтінін бірден оқуды және күрделі емес пьесаларды транспазициялау дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 3
  • Дауыс қою 2

    Пән дауыс аппаратының, дикция мен тыныс алудың, ән айту дауысының қалыптасу ерекшеліктерін меңгеруге бағытталған. Курс музыкалық репертуарды кеңейтеді, дауысты және диапазонды күшейтеді, вокалдық импровизация дағдыларын қалыптастырады, балалар мен жасөспірімдер дауысының даму ерекшеліктерін біледі, мектеп әндерінің, сондай-ақ вокалдық шығармалардың көркемдік орындалуын дамытады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 2
  • Халық аспаптар оркестрі 1

    Практикалық курс студенттерде ұжымдық музицация жасау дағдыларын, ансамбльдік ойнау, музыкалық ішкі әуенді және гармоникалық есту, ішкі метро-ырғақтық пульсация, музыкалық ойлау, сахналық мінез-құлық мәдениетін дамытуға бағытталған. Курс халық аспаптар оркестрінде репертуарлық жұмыс жоспарын, түрлі жанрлар, стиль, педагогикалық бағыттағы шығармалармен танысуды қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Қашықтықтан оқытудың әдістемесі және технологиялары

    Пән қашықтықтан оқыту технологиясының артықшылықтары мен кемшіліктерін талдауға, оқу материалдарын әзірлеуде оқыту әдістерін жіктеуге және оларды білім алушылардың қабылдауын бағалауға бағытталған. Дағдылар қалыптасады: - пән бойынша off және on-line режиміне арналған оқу материалдарын әзірлеу; - жұмысты бағалаудың неғұрлым тиімді әдістерін табу; - ҚОТ платформасын және әртүрлі бағдарламаларды қолдана отырып вебинарлар мен on-line сабақтар ұйымдастыру

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Эстрадалық музыка және мамандықтың коммерцияландыру принциптері

    Пән студенттердің эстрадалық музыкаға жеке көзқарасын қалыптастыруға және мамандықты коммерциализациялауға бағытталған. Келесі тақырыптарды меңгереді: қазіргі кезеңде қазақстандық музыканың дамуы. Эстрадалық вокалдық музыканың көркемдік деңгейі: әндер мен шлягерлер. Қазіргі қазақ эстрадалық музыкасының жетістіктерін коммерциялық мақсатта пайдалану. Қазіргі қазақ эстрадасының шығармаларын коммерцияландыру принциптері.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 3
  • Мұғалімнің кәсіби бағдарлары

    Пән сабақтың 7 модульге сәйкестігін кешенді бағалауға бағытталған. Ол келесі дағдыларды қалыптастырады: - оқытудың жаңа тәсілдерін қолдану; - сыни ойлау; - оқытуды бағалау; - дарынды және талантты балаларды оқыту; - білім беру ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдану; - оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу қызметін модельдеу; - білім берудегі басқару және көшбасшылық.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Хор класы 5

    Пән жалпы білім беретін мектепте хормен және вокалдық ансамбльмен жұмыс істеудің хормейстерлік және дирижерлік дағдыларын музыка сабағы мен сабақтан тыс уақытта қалыптастырады. Хор дыбысталуының негіздерін және хорды басқаруды, хор ұжымында вокалдық тәрбие әдістерін, хордың жекелеген қатысушыларымен, хор партияларымен, жалпы хормен айналысу дағдыларын үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 2
  • Аспаптық ансамбль 2

    Курс студенттерде бірнеше кезеңнен тұратын ұжымдық музицация жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған: партияны жеке қатысушылардың үйренуі, барлық ансамбльдің қосылуымен.Ансамбльдің ұстанымына сәйкес келетін қызықты ноталық материалды таңдау оның табысты жұмысының маңызды факторларының бірі болып табылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 4
  • Халық аспаптар оркестрі 2

    Практикалық курс студенттерде ұжымдық музицация жасау дағдыларын, ансамбльдік ойнау, музыкалық ішкі әуенді және гармоникалық есту, ішкі метро-ырғақтық пульсация, музыкалық ойлау, сахналық мінез-құлық мәдениетін дамытуға бағытталған. Курс халық аспаптар оркестрінде репертуарлық жұмыс жоспарын, түрлі жанрлар, стиль, педагогикалық бағыттағы шығармалармен танысуды қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 4
  • Мектеп әндерін дирижерлау 5

    Курс мектеп репертуарын өз сүйемелдеуімен мәнерлеп орындау, ән әуендерін транспозициялау, жұмыс қимылымен дирижерлау іскерлігін, дағдыларын қалыптастырады. Жалпы және арнайы ой-өрісін кеңейтеді, арнайы дирижерлік іскерліктер мен дағдыларды, мектеп репертуарынан сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз орындалатын әндерді дирижерлауды дамытады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 2
  • Негізгі музыкалық аспап 7

    Пән аспапта ойнаудың техникалық дағдыларын, аспаптық орындаушылық мәдениетін қалыптастырады. Курсты оқу барысында студенттер әртүрлі жанрлардағы шығармаларды, формаларды, стильдерді және бағыттарды қамтитын көркем репертуарды, нота мәтінін бірден оқуды және күрделі емес пьесаларды транспазициялау дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 2
  • Музыкалық репертуар 7

    Пәнді оқу барысында студент орындаудың түрлі тәсілдерін меңгереді. Музыкалық репертуарды меңгеру арқылы болашақ музыка мұғалімінің орындаушылық дағдылары қалыптастырады. Оқыту барысында студенттерде музыкалық-есту түсініктері мен моторлы-қозғалыс орындаушылық дағдыларын дамыту формалары мен әдістері қалыптасады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 2
  • Хор дирижерлау 5

    Пән оқытылатын шығармалардың мазмұнын ашуға, сонымен қатар техникалық дирижерлік қимылдарды меңгеруге бағытталған. Эмоционалдық мәнерлілік, музыкалық бейнені үйлесімді жеткізу, хормен орындауды басқару мақсатында қолдың және барлық дирижерлік аппараттың икемділігін дамытады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 2

Оқыту нәтижелері

  • ЖаҺандық мәселелерге бей-жай қарай алмайтын, еріктілік және инновациялық қызметке дайын, құқықтық және іскерлік мәселер тұрғысынан білімді, ұлттық рухта тәрбиеленген көшбасшы-қыз
  • Инклюзивтік жағдайында білім алушылардың жас кезеңдері ерекшеліктерін ескере отырып, жаңартылған жүйедегі педагогикалық процессті жүзеге асыра алатын негізі білім мен дағдыларды меңгерген
  • Пәндік салада зерттеу нәтижелері мен академиялық жазбаны таныстыра алатын, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын дағдыларды меңгерген
  • Кәсіби қызметте сандық технологияларды пайдаланады
  • Күндізгі-топтық ортада және қашықтықтан оқыту жүйесі жағдайында музыканы оқыту әдістемесін меңгерген
  • Музыкалық-педагогикалық қызметте тарихи-теориялық, музыкалық-орындаушылық білім мен дағдыларды қолданады
  • Балалар музыкалық репертуарын ойнау, сүйемелдеу және транспозициялау дағдыларын меңгерген
  • Мектепте вокалдық-хорды оқыту әдістемесінің дағды мен біліктерін көрсете алады.
  • Музыканы оқытудың мазмұнды және әдістемелік аспектілерін сыни ойлау негізінде қолданады
  • Мектепте балалар музыкалық ұжымдарының жұмысын ұйымдастырады және басқарады
  • Кәсіби қызметте заманауи музыкалық өнердің жетістіктерін пайдаланады
  • Музыканы оқыту, өзін-өзі жетілдіру және кәсіби өсу перспективалары үшін шығармашылық орта құру әдістерін меңгерген
Top