Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Пәндер

  • Шетел тілі (кәсіби)

    Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Басқару психологиясы

    Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Қазақ сөзі уәжділігін оқытудың негізділігі

    Пәннің мақсаты Қазақ халқының төл дүниетанымында қалыптасқан туынды сөздер мен халықаралық ортақ ұғымдарды таңбалау – сөздің негізгі қызметінің бірі екенін тануға бағыттау. Оқу курсында туынды сөздің негіздемесін дұрыс айқындайтын, оның әдіснамалық сипатын меңгеру ұстанымын қалыптастыру. Пән сөзжасамның негізгі теориялық бағыттары, оны оқытудың әдіснамалық ерекшеліктерін қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)

    Мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауда практикалық дағдыларды қолдану, ғылыми зерттеу бағыттары туралы білімдерін жүйелеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән зерттейді: ғылыми мақалалар мен диссертацияларды жоспарлау, ұйымдастыру және ресімдеудің нысандары мен әдістері; презентацияларда, баяндамаларда, жобаларда, мақалаларда ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау түрлері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ фольклоры мен әдебиетінің педагогикалық дизайны

    Пәннің мақсаты: педагогикалық дизайнның міндеттері мен принциптерін сипаттау және оны фольклор мен әдебиетті оқыту үдерісінде қолдану қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы педагогикалық дизайн технологияларын және әдебиеттану пәндерін оқу кезінде оқу материалын әзірлеу кезеңдерін түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән педагогикалық дизайн дағдыларын игеруге және оны білім беру үдерісінде қолдануға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бұқаралық әдебиет

    Пәннің мақсаты Қазақстандағы қазіргі бұқаралық әдебиеттің бейнесі туралы түсінік беру. Оның эстетикалық, мәдениеттанушылық ерекшеліктері туралы дәйектеу. Оқу курсы қазақ әдебиетінде мәдени парадигмның өзгеруі туралы негіздеу, көркем әдебиетті әдебиеттанушылық және тарихи-мәдени аспектілерде талдау дағдыларын қалыптастырады. Пән қазіргі қазақ жазушыларының, бұқаралық әдебиет өкілдерінің өмірбаяндары мен шығармашылығын зерделеуге, сыни бағалауға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдеби сын мен брендингті оқыту әдістемесі

    Пәннің мақсаты: қазіргі әлемдегі әдеби сынның даму тенденцияларын, ұғымдық-категориялық аппараттын, брендингтің рөлі мен маңыздылығын түсіну және сипаттау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы әдебиет туындыларын жылжытуда брендинг технологияларын қолданудың теориялық және әдіснамалық негізін құрайды. Пән әдеби сынның әдеби брендингпен байланысын, көркем шығармашылықты бағалаудың принциптері мен әдістерін зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ әдебиеті тарихын оқытудың теориялық негіздері

    Пәннің мақсаты: әдебиеттің қалыптасу мен даму үдерісінің сипатына, қозғаушы күшіне, әдеби құбылыстардың пайда болу себептеріне, ұлттық тарихи-әдеби қозғалыстың өзге де елдердің тарихи-әдеби қозғалыстарымен байланысына байланысты жан-жақты білім беру. Сонымен бірге, оқу курсы әдебиеттегі көркемдік құбылыстар мәнін, әдеби шығармашылықты зерттеудің негізгі бағыттарын, жазушылар шығармашылығын зерттеудің, талдаудың теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілінің функционалды грамматикасын оқыту әдістемесі

    Пән мақсаты: функционалды грамматика теориясын және оның оқыту әдістемесін меңгерген маман қалыптасыру. Уақыт және кеңістік категориялары; ФГК, ФГС, ФГӨ базалық ұғымдары; категориялық жағдаят; тіл деңгейлерінің әрекеттесуі; ФГС, ФГК тоғысу ерекшеліктері және оны оқыту әдістемесі пән мазмұнынын қамтиды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Заманауи кітап нарығы және білім

    Пәннің мақсаты баспа ісінің негіздері, оның жүйесі, тұжырымдамалары, қағидаттары, бағыттары туралы түсінік қалыптастыру. Оқу курсы баспаның құрылымы мен баспа процесінің негізгі сатылары, кітаптарды дайындау мен шығару, кітап нарығының Қазақстанда және шетелде қызмет етуінің кезеңдері мен ерекшеліктері туралы білімді қалыптастырады. Пән авторлық құқық, баспа ісіндегі маркетинг және менеджмент, кітап басуға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Алаш әдебиетіндегі ағартушылық идеялар

    Пәннің мақсаты: Алаш әдебиетінің негізгі идеялары мен мәселелерін, филологтың кәсіби қызметіндегі рөлі мен маңызын түсіну және сипаттау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы жастарды рухани және адамгершілік тәрбиелеу үдерісінде Алаш әдебиеті идеяларын қолданудың теориялық-әдіснамалық негізін құрайды. Пән Алаш өкілдерінің еңбектерін, олардың дүниетанымы мен көзқарастарының ерекшеліктерін зерделеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектептің педагогикасы

    Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тіл тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері

    Пәннің мақсаты қазақ тілінің тарихын, даму, кемелдену, қалыптасу тарихын кешенді түрде меңгерту. Тіл тарихында ішкі, сыртқы факторлар негізінде пайда болған өзгерістер сырын тілдік заңдылықтар негізінде түсіндіре алу, өзгерістерге себеп болған тілдің даму кезеңдерін ажырата алу, тіл тарихындағы өзгерістер морфологиялық, фонетикалық, грамматикалық, семантикалық өзгерістерді саралау, көне тіл мен жаңа тіл арасындағы генетикалық байланысты ашып, айқындау дағдысын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері

    Пәннің мақсаты әдебиет тарихын дәуірлеудің қазіргі өзекті теориялық және профильді-практикалық аспектілерін, әдеби шығармашылықты талдаудың озық технологияларын сипаттау және бағалау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы әдебиет тарихын зерделеудегі инновациялық үрдістерді болашаққа көзқараспен бастамашылық зерттеулерде қолданудың теориялық-әдіснамалық түсінік негізін қалыптастырады. Пән әдебиет тарихын дәуірлеу, кезеңдермен оқыту мәселелерін зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Коммуникативті синтаксисті оқыту әдістемесі

    Мақсаты: синтаксисті коммуникативтік бағытта оқытудың әдіс-тәсілдерін меңгерген маман қалыптасыру. Синтаксистің статикалық және динамикалық ерекшеліктері; бірінші және екінші дәрежелі коммуникативтік талаптар: лебіздің актуалды мүшеленуі, үнемделуі, түрленуі; сөйлем модельдерінің құрылымының базистік болуы немесе транформациялануы; тема-ремалық қатынастар; категорияларды оқытудың жаңа ғылыми теориялары, қағидаттары, стратегиялары және олардың әдіснамалық негіздері пән мазмұнын қамтиды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Көркем әдебиетті оқытудағы медиатекстология

    Пәннің мақсаты: білім беру үдерісінде және әдебиетті зерттеуде қолданылатын медиатехнологиялардың негізгі ұғымдары мен категорияларын түсіну және сипаттау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы медиатехнология арқылы жазушылардың шығармашылығын зерттеу сабақтарын әзірлеу үшін теориялық және әдіснамалық негізін құрайды. Пән әдебиетті оқыту үдерісінде қолданылатын медиа технологиялардың негізгі түрлері мен принциптерін зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Дискурс лингвистикасы

    Пәннің мақсаты – қазіргі тіл мен дискурсты лингвистиканың жаңа зерттеу парадигмалары бойынша саралап, талдай білетін және оның оқыту әдістемесін меңгерген маман қалыптастыру. Тілдік қатынасты жүзеге асыру принциптері; тіл мен ойлау, тіл мен сөйлесім; тілдік қатынас және таным; мәтін мен дискурстың арақатынасы; дискурстың прагматикалық, когнитивтік, этнолинг-вистикалық, мәдениеттанымдық т.б. сипаттары; дискурсты оқыту әдістемесі пән мазмұнын қамтиды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Риторика және Speech Writing

    Пәннің мақсаты спичрайтинг аясында теориялық және тәжірибелік бірліктерді қалыптастыру, болашақ мамандарды спичрайтинг саласында тәжірибелік жұмысқа дайындау. Оқу курсы қазіргі қоғам алдында тұрған әлеуметтік міндеттерді шешуде спичрайтингтің теориялық-әдіснамалық мүмкіндіктерін қалыптастырады. Пән көпшілік алдында сөйлеу түрлерін және спичрайтинг жанрларын зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Әдебиет пәндерін оқытудың инновациялық және сандық технологиялары

    Пәннің мақсаты әдебиет пәндерін оқыту кезінде инновациялық және сандық технологияларды игеру, оқыту барысында қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән мазмұнында қазіргі ғылым жетістіктері мен қол жетімді құралдарды пән мазмұнына сай қолдану, әдеби тақырыптарды игеру барысында түсіну, талдау, бағалау қабілеттерін автоматтандыру, оқу бағдарламаларын жаңа сапаға көтеру мәселелері қамтылған. Пән жаңа технологияларды игеруге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Фольклор поэтикасы және мәтін талдау

    Пәннің мақсаты фольклорлық шығармалардың құрылысын, тілін және талдау ерекшеліктерін түсіну қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы фольклордың әртүрлі жанрындағы шығармалардың поэтикасын түсінудің теориялық және әдістемелік негізін құрайды. Пән халықтың ауызша шығармашылығы шығармаларын талдаудың негізгі әдістері мен тәсілдерін үйренуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Когнитивті әдебиеттану және білім беру

    Пәннің мақсаты әдебиетті оқытудың когнитивтік аспектілерін түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы когнитивтік әдебиеттанудың негізгі міндеттерін, оның білім беру жүйесімен байланысын түсінудің теориялық және әдістемелік негізін құрайды. Пән әдебиеттану, білім және психологияның байланысын анықтауға, көркем шығармашылықты зерттеуде когнитивтік әдістерді қолдануға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Әдебиеттану және психология

    Пәннің мақсаты: әдебиеттану мен психология ғылымдарының ортақ мәселелерін ғылыми негіздеу, жүйелеу. Оқу курсы пәнаралық зерттеулер нәтижелеріне сүйенеді, әдеби туындылардағы психологизм белгілеріне талдау жасайды, кейіпкер психологиясының табиғатын ашады. Пән пәнаралық зерттеу жұмыстарының нәтижелерін негіздеп, жүйелеп, дербес тұжырым жасауға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Мәдениетаралық коммуникация контекстіндегі қазақ әдебиеті

    Пәннің мақсаты мәдениетаралық коммуникация негіздерін, жаһандану мен интеграциялық үдерістердің қазақ әдебиетінің дамуына ықпалын түсіну қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы мәдениетаралық және әдеби өзара әс-әрекет ерекшеліктерін түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән қазақ әдебиетінің ұлттық болмысын, оның қазіргі тарихи-мәдени үдерістегі орны мен рөлін зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілін инновациялық технологиялармен оқытудың әдіснамалық негізі

    Пәннің мақсаты: қазақ тілі ғылымының бірыңғай мазмұны мен жүйесін, оның сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысын инновациялық технологиялар бойынша меңгерту дағдысына ие маман қалыптастыру. Жаңа бағдарламаны меңгертудің әдіс-тәсілдері; қазақ тілінің цифрлық технологиялары; білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану жолдары және білім берудің жаңа мазмұны пән мазмұнын қамтиды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Қазақ лексикографиясы мен терминографиясын оқыту әдістемесі

    Пәннің мақсаты қазақ лексикографиясы мен терминографиясын оқытудың теориялық және әдіснамалық негізін меңгерту. Оқу курсында лексикграфиялық, терминологиялық сөздіктер шығаруға қойылатын талаптар үйретіледі, терминологиялық сөздіктерге терминдерді сұрыптайды. Пән лексикографиялық, терминологиялық сөздіктер құрастыру дағдысын қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Көпшілік алдында сөз сөйлеу шеберлігі

    Пәннің мақсаты – көпшілік алдында сөйлеуге дайындықтың ерекшеліктері мен кезеңдерін, көпшілік алдында сөйлеуді құру принциптерін түсіну және сипаттау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы көпшілік алдында сөйлеуді дайындаудың негізгі әдістері мен тәсілдерін, әртүрлі аудиториямен жұмыс істеу принциптерін қолданудың теориялық және әдіснамалық негізін құрайды. Пән әр түрлі жанрдағы көпшілік алдында сөйлеу технологияларын зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Силлабологияның ғылыми негіздері

    Пәннің мақсаты: сөз құрамындағы тарихи-фонетикалық өзгерістерді, түбіртектерді табудың әдіс-тәсілдерін саралап, талдай алатын маман қалыртастыру. Сөз құрамындағы тарихи-фонетикалық өзгерістер, түбіртектерді табудың әдіс-тәсілдері; дауысты және дауыссыз дыбыстарды түркі тілдерімен салыстырып, олардың алғашқы формасын анықтау жолдары; дауысты және дауыссыз ыбыстардың түпкітектері; түркі тілдеріндегі дауыстылар мен дауыссыздардың даму кезеңдері; оларды оқыту әдістемесі пән мазмұнын құрайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Тіл мен әдебиет саласындағы заманауи білім беру теориялары мен тұжырымдамаларына, даму тенденциялары мен заңдылықтарына, педагогика ғылымдарының қазіргі жай-күйіне, қазақ тілі мен әдебиетін оқу мен оқытудағы пәнаралық көзқарастың ерекшеліктеріне байланысты терең білімін көрсету.
  • Қазіргі қазақ әдебиеті мен тілін, әдеби-тілдік мұраны қазіргі ғылым мен тарихи-мәдени процестің жетістіктері контекстінде зерделеудің түрлі бағыттары мен тәсілдерін қалыптастыратын педагогикалық ғылыми білім жүйесіндегі интеграциялық процестердің ерекшеліктерін айқындау.
  • Қазақ тіл білімі және әдебиеттану салаларында өз бетінше зерттеулер жүргізудің және алынған нәтижелерді түсіндірудің заманауи әдістері мен тәсілдерін қолдану.
  • Педагогика ғылымының жетістіктерін, қоғам мен ұлттық мәдениеттің даму үрдістерін ескере отырып, білім базасын, қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың әдіснамалық аппаратын талдау.
  • Жоғары оқу орындарында тіл және әдебиеттану пәндерін оқытудың инновациялық әдістерін, көркем шығармаларды сараптау кезінде цифрлық және компьютерлік технологияларды енгізу.
  • Әдебиеттану және тіл білімі саласындағы кәсіби қызметті жүзеге асыру кезінде теориялық және практикалық дайындықтың жоғары деңгейін көрсету.
  • Пәнаралық зерттеулер, әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының жетістіктері, өнер мен мәдениеттің даму тенденциялары аясында әдебиеттану мен тіл білімінің өзекті мәселелерін шешу.
  • Қазіргі заманғы отандық әдебиеттанушылар мен лингвистер тұжырымдамаларының теориялық білімдерін қазақ тілі мен әдебиетінің іргелі және қолданбалы аспектілерін зерттеу практикасына біріктіру.

Ұқсас БББ

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (Бейінді)

«Bolashaq» академиясы (Болашақ)

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Торайгыров университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтерін даярлау

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті

Сулейман Демирель атындағы университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (н/п)

Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ)

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Шымкент университеті

7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті

Қызылорда "Болашақ" университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті педагогін даярлау

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)

Top