Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтерін даярлау в Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

Пәндер

  • Ғылыми зерттеуді ұйымдастыру және жоспарлау

    Магистрантты өз бетімен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлауға, зерттеу кезеңдерін ұйымдастыруға, жалпы зерттеу үдерісін, магистрлік диссертациясы бойынша ғылыми ізденіс жүргізуге, зерттеу нәтижелерін тілдік және техникалық тұрғыдан рәсімдеуге қабілетті, білікті маман ретінде қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Жоғары мектеп педагогикасы

    Жоғары мектеп педагогикасының ғылыми-теориялық, әдіснамалық және әдістемелік негіздері жайлы білімін қалыптастырады. Педагогикалық үрдістің мәні мен құрылымын түсінеді. Жоғары мектепте оқытудың қазіргі инновациялық әдістерін тәжірибеде қолданады. Білім беруді ұйымдастырудың дәстүрлі және инновациялық әдістерді салыстыра талдайды. Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзыреттілігі жайлы ой тұжырымдайды. Қазіргі жоғары мектепте білім берудің парадигмаларын бағалайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қазақ фольклорының көркемдік ерекшеліктері

    Фольклор поэтикасы мен текстологиясына, жалпы типологиясынақатысты мағлұматтарды меңгереді.Қазақ фольклорының жанрлары мен түрлерін ажыратып, идеялық-көркемдік ерекшеліктерін қарастырады. Қазақ фольклорының көркемдік табиғатын қарастырады. Қазақ фольклорындағыдәстүр мен жаңашылдық мәселесін талдайды.Фольклорлық мұраның халық әдебиетіндегіорны жайлы тұжырымдайды.қазіргі ғылым парадигмасындағы фольклордың өзекті мәселелерін өзінің көзқарасымен дәлелдейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Басқару психологиясы

    Басқару психологиясының әлеуметтік-теориялық негіздерін және басқару функцияларын жүзеге асырудың психологиялық ерекшеліктері жайлы білімін қалыптастырады.Басқару психологиясының әдіснамалық негіздерін, басқару іс-әрекетінің мәні және маңызын түсінеді. Басқару іс-әрекетіндегі коммуникативтік процестерді тәжірибеде қолданады. Басқару іс-әрекетінің кейбір мәселелері мен оны шешу жолдарын талдайды. Басқару психологиясының менеджменті жайлы ойларын тұжырымдайды. Басқару іс-әрекетінің қолданбалы негіздерін бағалайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Шет тілі (кәсіби)

    Тілдік дағдыларды қалыптастырып, шет тілінің фонетикалық, лексикалық және грамматикалық ерекшеліктерін біледі. Кәсіби терминдер жүйесіншет тілінде түсінеді. Шет тілін кәсіби деңгейде практикалық тұрғыда қолданады. Өз ойын анық жеткіп, әртүрлі тақырыптарды талдайды. Берілген материалдарға ой тұжырымдайды. Шет тілінде өз көзқарасын білдіріп, деректер мен оқиғаларды бағалайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Ғылым тарихы мен философиясы пәнінен мағлұматтар жүйесін қалыптастырады. Ғылымның философиялық мәселелері жайлы түсінеді. Пән бойынша игерген материалды нақты жағдайларда қолданады. Ғылымды оқып-үйренудің негізгі аспектілерінің ерекшелігі мен өзара байланысын талдайды. Ғылым тарихының өзіндік орны мен проблемалары жайлы тұжырымдайды. Ғылымның философиялық жетістіктерін және философиялық концепциялардың ғылымның дамуына ықпалын бағалайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Кәсіптік пәндерді оқыту әдістемесі

    Кәсіптік пәндерді оқытудың теориялық-әдістемелік негізі туралы түсінік қалыптастырады. Қазіргі білім берудің педагогикалық тұжырымдамаларын түсінеді. Кәсіби пәндерді оқытудың инновациялық әдістерін қолданады. Кәсіби пәндерді оқытудың дәстүрлі және заманауи әдістерін салыстыра талдайды. Педагогикалық кадрларды даярлаудағы әлемдік тәжірибедегі тенденциялар туралы ой тұжырымдайды. Заманауи педагогикалық инновациялық үдерістерге баға береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көркем аударма мәселелері

    Көркем аударманың теориялық мәселелері, басты ерекшеліктері, көркем аударманың маңыздылығы жайлы біледі. Көркем мәтіндерді интерпретациялайды. Түпнұсқа мен аударма мәтінді салыстыра талдайды. Көркем аударма теориясының негізгі әдістерін қолдана отырып, мәтіндерді аударады. Көркем мәтіндегі реалиилерді жеткізу мәселесін шешудің өзіндік үлгісін ұсынады. Аударма саласындағы лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер бағаланады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Академиялық дискурс

    Академиялық дискурс және оның дискурс ғылымындағы орны қарастырылады. Академиялық дискурстың сөйлеу кезінде көрінетін жүйелі-құрылымдық ерекшеліктерін көрсетеді. Академиялық ортада коммуникативтік құзіреттілік қалыптастырады. Академиялық дискурс қалыптастырудың негізгі алгортмін талдайды. Академиялық дискурс мәселесін салыстырмалы-салыстырмалы зерттейді. Академиялық дискурстың лингвомәдени ерекшеліктері жайлы тұжырымдайды. Риторикалық стратегиялар, тактикалар, академиялық дискурстың тәсілдері жайлы пікір білдіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қазіргі әдебиеттану ғылымындағы жаңа бағыттар

    Көркем әдебиеттегі әдеби ағымдар мен әдеби бағыттар туралы түсінік алады. Қазіргі әдебиеттану ғылымының теориялық негіздерін түсінеді. Қазіргі ғылыми тұрғысынан проза, поэзия, драматургиялық шығармаларды қолданады. Теориялық әдебиеттанудың дәстүрлі және инновациялық парадигмаларын салыстыра талдайды. Қазақ әдебиеттану ғылымының жаңа бағыттарын саралайды. Әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық мәселесі жайлы өз пікірін айтады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиеті

    Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиетінің даму арналарын біледі. Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиетіндегі жанр, шығарманың идеялық-көркемдік ерекшелігі, әдеби бағыттар жайлы түсінеді. Тәуелсіздік жылдары пайда болған шығармаларды интарпретациялайды. Дәстүр мен жаңашылдық мәселесін шығармалармен байланыстыра отырып талдайды. Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиеті жайлы тұжырымдайды. Тәуелсіздік кезеңде пайда болған шығармаларға тілдік-стильдік талдау жасап, бағалайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қазіргі қазақ прозасының поэтикалық жүйесі

    Қазіргі қазақ прозасының поэтикалық жүйесін қарастырады. Әдеби шығарманың құрылымын, жазушы стилін, шеберлігін айқындаудағы ғылыми-практикалық мәнін меңгереді. Қазіргі қазақ прозасындағы дәстүр мен жаңашылдық мәселесін практикалық түрде талдайды. Қазіргі қазақ прозасының поэтикалық жүйесіне байланысты ой тұжырымдайды.Қазіргі қазақ әдебиетіндегі қаламгердің шығармашылық лабараториясы жаңа көзқараста бағаланады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Әдеби процесс

    Қоғамдағы өзгерістер және оған тән әдеби процестің проблемалары жайлы мағлұмат алады. Әдеби процестегі прозаның, поэзияның, драманың рөлін ашатын көркем құбылыстар туралы түсінік қалыпасады.Көркем мәтіндерде, поэтикалық өнерде қолданылатын бейнелеу-эстетикалық құралдарды ажыратады, талдап, қорытындылайды.Әдеби ағым-бағыттардың ерекшеліктері айқындалып, салыстырмалы талдау жасауға және қазіргі әдеби процесті бағалайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері

    Әдебиет тарихын дәуірлеудің өзекті мәселелері жайлы ақпараттарды біледі. Әртүрлі дәуірлердегі әдебиет тарихының рухани мұрасы, өткені мен бүгіні бағаланады. Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздеріне қатысты ғылыми әдебиеттерді пайдаланады. Әртүрлі кезеңдердегі әдебиеттің рухани мұрасын танудағы талдау арқылы ұлттық әдебиеттегі өзекті мәселелер зерделенеді. Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеу: тарихы мен тәжірибесі жаңа көзқараста бағаланады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Компьютерлік лингвистика

    Компьютерлік лингвистика және табиғи тілді өңдеу (NLP): бұл пән жасанды интеллект әдістерін қолдана отырып, табиғи тілді өңдеу (NLP), машиналық аударма, көңіл-күйді талдау және басқа да тілге қатысты тапсырмалар үшін алгоритмдер мен модельдерді әзірлеуге баса назар аудара отырып, лингвистика мен информатиканың қиылысын зерттейді, сонымен қатар NLP алгоритмдер мен модельдерді әзірлеуді қамтиды, бұл компьютерлерге адам тілін түсінуге, түсіндіруге және құруға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қазіргі қазақ лингвистикасының ғылыми парадигмалары

    Қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттарды біледі. Қазақ тіл біліміндегі қазіргі жаңа ғылыми парадигмаларға байланысты ұғымдарды түсінеді жаңа терминдерді қолданады. Қазақ лингвистикасындағы антропоөзектілік парадигма мәселелерін талдайды. Когнитивті лингвистиканың ғылыми парадигмасы жайлы ой түжырымдайды. Қазіргі тіл біліміндегі антропоөзектілік парадигма мәселесінің зерттелуін бағалайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қазіргі қазақ романдары

    Қазақ романдарының поэтикасы жайлы негізгі ұғымдар қалыптасады. Қазіргі қазақ романының көлем, тақырыбы мен идеясы, көркемдік ерекшелігін түсінеді. Роман жанрындағы жаңа бағыттарды ажырата алады. Қазіргі қазақ романдарындағы модернистік поэтика стилін, қазақ неоромандары проблемасын салыстармалы талдайды.Қазақ романдарының даму бағыты жайлы тұжырымдайды.Роман жанрындағы дәстүр және жаңашылдық мәселесін бағалайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Әлеуметтік лингвистиканың зерттеу теориясы мен әдістері

    Әлеуметтік лингвистика теориясы мен оның негізгі әдістерімен танысады. Тілді игерудің әлеуметтік аспектілері туралы білімді жетілдіреді. Әлеуметтік лингвистиканың әдістерін қолданады. Тілдің әлеуметтік дифференциациясы мәселесі талданады. Тіл және ұлт ұғымдарына өз ойын жинақтайды. Көптілділіктің әлеуметтік аспектілеріне, вербальды қарым-қатынас, тілдердің жойылуы, қоғамдағы тіл мәселесін бағалайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Әдебиеттанудың өзекті мәселелері

    Қазіргі әдебиеттанудың негізгі даму тенденциялары туралы біледі. Әдеби-көркем мәтінмен жұмыс жасауды, жанрларды жетілдіру нәтижесінде пайда болған жаңа жанрларды, көркем мәтіндерде, поэтикалық өнерде қолданылатын бейнелеу-эстетикалық құралдарды ажыратады. Әдебиеттанудың өзекті мәселелерін ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып талдайды. Қазіргі әдебиеттану ғылымы және оның даму бағыттары жайлы тұжырымдайды. Әдебиеттану ғылымының бүгінгі таңдағы жаңа проблемаларын бағалайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жалпы және компьютерлік лексикография

    Компьютерлік лексикография теориясы мен практикасын меңгереді. Лексикография саласын, оның ішінде компьютерлік лексикография бөлімін тереңдете оқыту және автоматты сөздік түзудің теориялық прициптерін түсінеді. Жалпы және компьютерлік лексикография мәселесінің тәжірибелік әдістерін меңгереді. Компьютерлік лексикографиясының теориялық ұғымдары, метатілі талданады. Компьютерлік лексикография теориясын, сөздік жасаудың әмбебап ұстанымдары, компьютерлік лексикографияның бүгінгі таңдағы жай күйі бағаланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілінің фразеологиялық семантикасы

    Қазақ фразеологиясының жеке лингвистикалық пəн ретінде қалыптасуын біледі. Қазақ тіліндегі тұрақты тіркестердің мағыналық-тақырыптық топтары мен грамматикалық, стильдік ерекшеліктерін қарастырады. Фразеологизмдерді лингвомəдени бірліктер ретінде талдайды. Фразеологиядағы əлем суретінің антропоцентрлік ерекшеліктері жайлы тұжырымдайды. Фразеологизмдердің концепт бөліктерін құрайтын мəртебесі бойынша, когнитивтік фразеологияның ғылыми аренаға шығуын бағалайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Әдебиетті жоғарғы мектепте оқыту әдістемесі

    Әдебиетті жоғары мектепте оқыту әдістемесінде ғылыми және әдіснамалық негіздері қарастырылады. Тарихи тәжірибені оқытудың осы заманғы жаңа технологиясы жайлы түсінеді. Озық әдістемелік тәсілдер мен инновациялық ізденістерді қолдану арқылы оқыту әдістемесін түсіндіреді. Жаңа педагогикалық технологияларды салыстырмалы талдайды. Әдебиетті оқыту барысындағы амал-тәсілдерді қолдануды жүйелейді. Бүгінгі таңдағы білім беру саласының трансформациясын бағалайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдебиетті оқытудың инновациялық технологиялары

    Жоғары оқу орындарында әдебиеттерді оқытудың заманауи технологиялары мен оқыту әдістерін меңгереді.Иновациялық білім беру технологиясына қатысты ұғымдарды түсінеді.Инновациялық білім беру технологиясы бойынша әдіс-тәсілдерді сабақ барысында қолданады. Әлемдік білім жүйесіндегі инновациялық технологияға байланысты ғалымдардың тұжырымдарын талдайды. Инновациялық технологиялармен оқу үдерісін ұйымдастыруды жоспарлайды. Кәсіби педагогикалық құзыреттіліктерді меңгереді, ғылыми шығармашылық белсенділікті дамытады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері

    Тіл тарихын дәуірінің теориялық негіздерінің өзекті мәселелері қарастырылады. Тіл тарихының өткені мен бүгіні туралы түсінік қалыптасады. Әр кезеңдегі тілдің даму заңдылықтары игеріледі. Қазіргі тілі білімінің мәселелері мен ежелгі түркі жазуының генезисін салыстырмалы талдайды. Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері жайлы ойын жинақтайды. Тіл дамуын тарихи дәуірлеуге байланысты тұжырымдарға өзіндік ойын білдіреді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Тіл және ойлауды когнитивті тұрғыдан зерттеу

    Тіл және ойлауды когнитивті тұрғыдан қарастырады. Әр дәуір кезеңіндегі отандық және шетелдік философ, лингвистердің осы мәселеге қатысты тұжырымдарын жүйелеуді игереді. Когнитивтік ғылымдар шеңберінде тіл мен ойлаудың байланысын талдайды. Когнитивтік лингвистика: калыптасуы мен дамуы, антропоөзектік парадигмадағы когнитивтік лингвистиканың орны мен қызметі жайлы тұжырымдайды. Тіл және ойлауды когнитивті тұрғыдан зерттеу мәселесін бағалайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тілді жоғары мектепте оқыту әдістемесі

    ЖОО-да қазақ тілін оқыту әдістемесі тиімді жолдарын біледі. Қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларының негізгі ерекшеліктерін түсінеді. Тілді жоғары мектепте оқытудың заманауи әдістерін қолданады. Дәстүрлі оқыту мен инновациялық оқытуды салыстары талдайды. Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, сабақ өтуді жоспарлайды. Білім беруде болып жатқан жаңа тенденцияларды бағалайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ономастикалық зерттеулердің теориясы мен әдістемесі

    Ономастикалықзерттеулердің теориясы мен әдістемесін меңгереді. Ономастика ғылымы туралы базалық теориялық, әдістемелік негіздері, құрылымдық ерекшелігі, қолданбалы және ортологиялық мәселелері, саяси-әлеуметтік, этномәдени аспектісі, антропоөзектік бағытта даму ерекшелігін түсінеді. Ономастикалықзерттеулердің теориясын практикамен ұштастырады. Қазақстан ономастикасының тарихи-әлеуметтік мәселелері, ономастиканың ұлттық-мәдени ерекшеліктері жайлы тұжырымдайды. Қазіргі ономастикалық зерттеулерді бағалайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қашықтықтан білім беру жағдайында кәсіби құзыреттілік негіздерін оқыту

    Қашықтықтан оқытудың теориясы мен әдістемесін біледі. Қазіргі білім беруде инновациялық әдістердің маңыздылығын түсінеді. Сабақтардың әр түрлі кезеңдерін ұйымдастыруда инновациялық әдістемелік тәсілдерді қолданады. Оқытудың практикалық тәжірибесін қашықтықтан оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдермен байланстыра отырып талдайды.Педагогикалық инновациялық әдістердің маңыздылығын саралайды. Қашықтықтан оқыту құралдарының сапасын, оларды филолог-мамандарды дайындауда пайдалану мүмкіндігіне бағалайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Ғылыми дүниетанымы туралы білім жүйесі меңгерілген, педагогикалық мәселелер мен процестерді, адамзаттың философиялық ойларының даму үдерісімен байланысты талдай білу қабілетін қолданады.
  • Ғылыми-педагогикалық, психологиялық зерттеулердің мәні, сипаттамасы, стратегиялары, оларды таңдау жолдары мен әдістері, сапалық және сандық зерттеулер мен статистикалық корреляция және әдебиеттік білім туралы жаңа ақпаратты терең түсіну
  • Шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынасты логикалық жүйелі түрде құра алады; филологиялық зерттеулер процесін жоспарлау және іске асыру әдіснамасын сыни тұрғыдан талдау
  • Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесін пәнаралық интеграциялау қабілетін қалыптастырады, қазақ тілі тарихының қалыптасуымен дамуына арналған отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерін терең талдайды.
  • Ғылыми-педагогикалық жүйелер саласында заманауи ақпараттық технологиялардың көмегімен жаңа білімдер, тәжірибелік дағдыларды өз бетінше игереді және практикалық қызметте пайдалана білуін көрсетеді.
  • Ғылыми ұжымда жұмыс істеу дағдыларына ие бола отырып, жаңа идеяларды қалыптастыру және ғылыми-педагогикалық, зерттеу жұмыстарын өз бетінше жүргізеді
  • Әдеби-көркем мәтінмен жұмыс жасай отырып, көркем мәтіндер мен поэтикалық өнерде қолданылатын жанрларды, бейнелеу және эстетикалық құралдарды жетілдіруді жүзеге асырады.
  • Классикалық әдеби мәтіндерді талдай отырып, қазіргі ұғымдарды түсіндіреді (ритм, ырғақ, поэтикалық өнер) және оның құрамдас бөліктеріне талдау жасайды, әдеби-ғылыми мектептерді, әдебиеттегі көркем шығармаларды теориялық талдау жасайды, әдеби үдерістегі туындыларды бағалайды.
  • Академиялық жазудың стилистикалық және әдіснамалық аспектілерін және зерттеудің ғылыми әдістерін ескере отырып, зерттеу жұмысын өз бетінше ұйымдастыру арқылы ғылыми мәтіндер мен диссертациялар құру үшін деректерді талдау және синтездеуді жүзеге асырады.
  • Жоғары педагогикалық, теориялық-әдістемелік қағидаттарға сүйене отырып, оқытуды ұйымдастырады, психология және менеджмент теориясында басқарудың педагогикалық жобалау әдістерін қолданып, әріптестерімен кәсіби және мәдени қарым-қатынас орнатады.

Ұқсас БББ

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (Бейінді)

«Bolashaq» академиясы (Болашақ)

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Торайгыров университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті

Сулейман Демирель атындағы университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (н/п)

Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ)

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Шымкент университеті

7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті

Қызылорда "Болашақ" университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті педагогін даярлау

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)

Top