Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01401 Музыка (1.5) в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Оқыту нәтижелері

  • Музыкалық білім беру жүйесінің маманын кәсіби тереңдетіп даярлауға бағытталған философиялық, тілдік, психологиялық-педагогикалық, тарихи-теориялық, орындаушылық пәндердің мазмұнынан білімдерін көрсетеді.
  • Осы білім беру бағдарламасының мақсаттары, міндеттері, бағыттары мен мазмұнын, оны жүзеге асыру перспективасын, музыкалық білім беру саласын, сондай-ақ қазіргі өзгермелі әлемде кәсіби құзыреттілікке және әлеуметтік ұтқырлыққа кепілдік беретін аралас ғылымдар саласын түйсінуді көрсетеді.
  • Мәдениетаралық және тілдік (қазақ, орыс,ағылшын) коммуникацияда мамандық бойынша білім беру бағдарламасының мазмұнын меңгеру процесінде алған білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын қолданады.
  • Ақпараттық-коммуникациялық, білім беру технологияларын, оқыту және тәрбиелеу әдістерін қолданады.
  • Кәсіби қызметте зияткерлік даму деңгейін, ойлау мәдениетін, қоғамдағы этикалық және құқықтық нормаларды меңгеруді жүзеге асырады.
  • Орындаушылық және музыкалық-педагогикалық қызметті жобалайды.
  • Алынған нәтижелерді тиісті басылымдарда мақалалар мен баяндамалар түрінде жариялай, ғылыми зерттеулер жүргізеді.
  • Өзінің зерттеу мәдениетін, орындаушылық және оқу-әдістемелік қызметін жетілдіреді.
  • Білім алушылардың музыкалық білімі мен іскерлігін жетілдіру мақсатында орындаушылық өнерге оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін, қажетті оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлейді.
  • Оқу процесіне еліміздің және шетелдердің танымал орындаушылық өнер шеберлері мен педагог-музыканттарының озық тәжірибесін енгізеді.
  • Отандық және халықаралық конкурстарға, концерттер мен форумдарға қатысу арқылы орындаушылық өнердегі кәсібилікті жетілдіру үшін жағдай жасайды.
  • Қазіргі еңбек нарығы жағдайында орындаушылық және музыкалық-педагогикалық қызмет саласындағы өзінің бәсекеге қабілеттілігін болжайды.
Top