6B06104 Информатика в ОАИУ
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты университеттің миссиясы мен академиялық саясатын және стратегиялық даму жоспарын негізге ала отырып, қазіргі қоғамның серпінді сұраныстарына сәйкес сыни тұрғыдан ойлайтын, шығармашыл және функционалды сауатты, кәсіби қызметі үшін қажетті құзіреттіліктерді игерген, өмір бойы білім алатын, еңбек нарығының жаңа талабына икемді маман дайындау ұстанымында анықталған. IT-технология саласында жоғары білімі бар мамандардың сапасына қойылатын заманауи талаптарға сай келетін, практикалық дағдылар мен көсбасшылық қасиеттері бар, экономика және басқару, техника, білім, ғылым тапсырмаларын шешетін қолданбалы информатика әдістерін, заманауи математикалық әдістердің негіздерін білетін біліктілігі жоғары маман дайындау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы Орталық Азия Инновациялық Университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B057 Ақпараттық технологиялар
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және Информатика
-
Білім беру саласы 6B06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
-
Дайындық бағыты 6B061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Пәндер
-
Компьютерлік және математикалық модельдеу
ЭЕМ- де әр түрлі есептердің модельдеу технологиясы мен әдістерін түсіндіреді. Компьютермен модельдеу технологиясы мен әдістерін, жабдықталған жүйелерді талдау, модельдеу туралы жалпы түсініктерді анықтайды. Модельді өңдеудің негізгі принциптерін, олардың классификацияларын, ұқсас модельдерді құру әдістерін талқылайды.
-
Оптимизациялық әдістер
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның кызметін экономика-математикалық әдістер негізінде басқару есебінің қойылу және талдау әдістерін, принциптерін, теориялық-әдістемелік мәселелелерін кешенді түрде меңгертеді. Ғылымда, техникада және экономикада қолданылатын модельдерді екі топқа, яғни физикалық және матемактикалық модельдер тобына сараптайды, бағалайды.
-
Компьютер жүйелерінің интерфейсі
Қолданушы интерфейс қазіргі компьютерлік жүйелердің аппараты программалық интерфейстерімен жұмыс жасау және ұйымдастыру үрдістерін анықтайды. Адам-машина жүйесінің инженерлік психологиялық және эргономикалық жобалау әдістерін талдайды. Адам-есептеу ортасындағы өзара байланыс интерфейстерінің жалпы жүйелік жобалау әдісін сипаттайды. Компьютерлік жүйелердің интерфейстерінің қазіргі кездегі даму тенденциялары мен перспективаларын бағалайды. Компьютерлік тораптардың аппараттық-программалық қамтамаларын құруға бағыттайды.
-
Мәліметтер қорын жобалау
Мәліметтер базасын жобалаудың теориялық негіздерін, мәліметтерге қолданатын негізгі операцияларды сиапаттайды. Мәліметтерді өңдеу және іздеу әдістерін ұйымдастыруды саралайды. Мәліметтерді суреттейтін және қимылға келтіретін құралдарға сыни талдау жасайды. Мәліметтердің негізгі модельдерінің принциптерін құруды және олардың қазіргі кездегі мәліметтер базасын басқару жүйесінде қолдануды жобалайды.
-
Сараптаушы жүйелер
Сараптаушы жүйелер жасанды интеллектің негізгі идеялары және әдістерімен танысуды сипаттайды. Жасанды интеллектің әдістерін есептерді шешу үшін қолдануды үйретеді. Білімді көрсету мен шығару ережелерінің логикалық моделдерін, Фреймдер жүйелерін кең көлемде практикалық сабақта саралайды.
-
Криптографиялық модельдер
Қорғаныстың криптографиялық әдістері және олардың жүзеге асуын сипаттайды. Криптографиялық әдістердің жүзеге асуын тәжірибеде тексереді. Симметриялық криптографиялық жүйесінің шифрлау тәсілдерін баяндайды. Криптографиялық протоколдар, симметриялық криптожүйелерге талдау жасайды. Ашық криптожүйеде кілт басқару тәсілін ұйымдастырады.
-
Программалау есептерін шығару практикумы
Бағдарламалау тілі мен технологиясы, Турбо Паскаль, С++ және Дельфи тілдерін талқылайды. Негізгі алгоритмдік құрылымдарды үйретеді. Мәліметтер түсінігін, мәліметтер құрылымын және есепті шешудің әртүрлі алгоритмдік технологиясын жасауды сипаттайды. Нақты және логикалық файлдар түсінігін саралайды.
-
Ақпараттар теориясы негіздері
Ақпараттану теориясының негізі бойынша білімді қалыптастыру мен оларды қазіргі компьютерлік жүйелерді оптимизациялауда қолдануды баяндайды. Ақпараттық процесс құрылымын, ақпараттық процестерді ұйымдастыру негіздерін, ақпараттық процестер мен объектерді формальді түрде сипаттау әдістерін саралайды. Ақпараттық үрдістедің математикалық модельдерін құру және сипаттау негізінде ақпаратты тасымалдау әдістерін жобалайды.
-
Визуалды программалау
Визуальды ортада программалау негізінің базалық түсініктерін анықтайды. Программалаудың автоматтық негіздерін, программалау тілінің классификациясын, мәліметтер типтерін түсіндіреді. Объектіге бағытталған ортада программалау негізін, Delphi ортасында программалаудың негізгі құрал-жабдықтарын сипаттайды. Объекттерді құру және жою, конструкторлар мен деконструкторлар, динамикалық объекттер қолдануға бағыттайды.
-
Delphi программалау тілі
ЭЕМ-де мәліметтерді өңдеудің тиімді құралы болып табылатын программалық жабдықтаудың теориялық негіздерін және практикалық пайдалануын сипаттайды. ЭЕМ-де есептеуіш жүйелерде және желілерде программалық жабдықтауды іске асырудың принциптерін, әдістерін және құралдарын талқылайды. Delphi программасының негізгі мүмкіндіктерін пайдаланып, ақпараттық жүйелерді программалық жабдықтауды іске асыруларын ұйымдастырады.
-
Интернет технологиясы
Web-объектілерді құру үшін негізгі бағдарламалық жабдықтарының қызметін үйретеді. Интернет - кеңестіктің бағдарламалық қамтамасыз етілуін ұсынады. HTML -де CSS қолдану технологиясы, Flash технологиясын сипаттайды. HTML тілінде алгоритмдерді жазу ережелерін түсіндіреді. Интернет желісінде сайтты орналастыру тәсілін тексереді.
-
Компьютер жүйелерінің сәулеті
Қазіргі ЭЕМ мен компьютерлік жүйелердің сәулеттік ерекшеліктерін анықтайды. ЭЕМ функционалды тораптары мен құрылғыларын жобалаудың негіздерін сипаттайды. Микропроцессор сәулеті, құрылымы мен міндетін саралайды. Қазіргі ЭЕМ жұмысының сәулетін, құрылымын және принциптерін қарастыруды сыни талдайды. Ақпаратты өңдеу мен тасымалдау принциптерін қолдануға бейімдейді.
-
ДК ішкі құрылысы және оның модернизциясы
Есептеуіш техниканың қазіргі заманға сәйкес ақпараттарымен жабдықтарын сипаттайды. Есептеуіш техника кұралдарыныц құрылу принциптерін және әртүрлі ЭЕМ кластарының негізгі ерекшеліктерін талдайды. Микропроцессорлық жүйе, архитектура және дербес компьютердің жұмыс істеу принциптерін тексереді. Дербес компьютердің дамуының бағыттарын тұжырымдайды.
-
Дифференциалдық теңдеулер
Математикалық анализ және дифференциалдық теңдеулердің заңдылықтарын түсіндіреді. Жоғары ретті дифференциалдық теңдеулерді сипаттайды. Математикалық анализ және дифференциалдық теңдеулердің әдістерін есеп шығару барысында қолдануға үйретеді. Математикалық анализ және дифференциалдық теңдеулердің маңыздылығын бағалайды.
-
Бағдарламалық жасақтаманың қазіргі заманғы жабдықтары
Программалаудың әдістерін және қолданбалы бағдарламалармен жұмыс жасауын машықтандыру жолдарын анықтайды. Программалаудың практикалық дағдысын сипаттайды. Алгоритмнің зерттелуі, программалаудың негізгі технологиялық ұстанымдарын, программалаудың құрылымды және модульдік бағдарламасын сыни талдайды. Зерттеу нәтижесінде бағдарламаның бастапқы технологиясын құруды жоспарлайды.
-
Қолданбалы бағдарламамен қамтамасыздандыру
Ақпараттық өнімдерді өндіру және таратуды түсіндіреді. Мәліметтер қорымен жұмыс жасау бағдарламаларын, анимациалық графика дестесін, коммуникациялық бағдарламаларды саралайды. Алмасу буфері басқа бағдарламаға көшіруге арналған ақпараттық құралдарды сипаттайды. Бағдарламалау жүйелерінің көмегінсіз, қолданушы өзінің ақпараттық тапсырмаларын шешеуге бағыттайды.
-
Математикалық талдау
Математикалық талдаудың негізгі түсініктерін қолдана отырып пәнді жан-жақты сыни талдау жасайды. Сандық жиынның дәл шекараларын табады, анықталған интегралдарды қолданады, меншіксіз интегралдарды зерттеуді қажет ететін тапсырмаларды орындайды және білім тәжірибесінде іске асырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Информатиканың теориялық негіздері
Теориялық информатиканың негізгі бағыттарын сипаттайды. Теориялық информатиканың жалпы проблемаларын, мəселелерін, ақпараттық процесстердің негізгі принциптері мен кезеңдерін баяндайды. Компьютердің қызмет жасауының ғылыми принциптері, алгоритм ұғымы жəне оны бағалау туралы білімдерді саралайды. Ақпарттық модельдер кластарын жəне ақпаратты өндеудің негізгі математикалық əдістерін ажыратады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Компьютер архитектурасы
Дербес компьютер және оның қосалқы құрылғыларының жұмыс істеу принциптерін есте сақтайды. Есептеу машиналарының, жүйелерінің және тораптарының құрылымдық және функционалдық қағидаларын түсіндіреді. Есептеу машиналарының арифметикалық, логикалық және сұлбатехникалық негіздерін, мәліметтерді енгізу және шығару құрылғыларын, олардың орталық құрылғылармен әрекеттесуін жүйелейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Алгоритмдер теориясы
Базалық жартылай өткізгіш аспаптар және логикалық элементтерді жартылай өткізгішті есте сақтайды. Функционалдық түйіндерді үйренудегі талаптары жүйелі түрде көрсетеді. Аналогтық электрондық құрылғылардың сұлбатехникасын жаңа талаптармен сипаттайды. Аналогтық-сандық және сандық-аналогтық түрлендіргіштерті жүйелейді. Қоректендіру блоктарының сұлбатехникасы және ЭЕМ құрылғыларын программалық басқару элементтерін практикада саралайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Сандық әдістер
Сандық әдістер, сандық сызықтық алгебра, сызықтық емес теңдеулерді түсіндіреді. Студентте қолданбалы есептерді шешудің сандық әдістері мен есептеу тәжірибесі мен математикалық модельдеу әдістері жөнінде түсініктер қалыптастырады. Әдістердің мүмкіндіктерін салыстырып, артықшылықтарын бағалай отырып компьютерде қолданбалы есептердің шешімін табуға сыни талдау жасайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Сұлбатехника
ЭВМ-нің сандық құрылғылары элементтерінің интегралды сұлбаларын жобалау, жасау әдістерімен, ЭВМ-нің жұмыс принципімен және әр түрлі сандық, аналогтық электронды құрылғылар құру тәсілдерін түсінеді. Пограммалаушы сипаттамалары бар логикалық құрылғыларды қолданады. Аналогтық-сандық және сандық-аналогтық түрлендіргіштердің сұлбатехникасын тұжырымдайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Академиялық хат
Ғылыми - зерттеу жұмыстарды, рефератты, дипломдық жұмыстарды еркін жазуға бейімдейді. Дипломдық жұмыстары қандайда бір проблемалық сұрақты шешуге бағыттайды, маман ретінде оны шешудің жолдарын үйренеді. Ойларын дәйекті түрде талдап, саралап, жүйелеуге машықтандырады. Зерттеу әдісі, зерттеу сұрағы, өзге авторлар пікірін қолдану, талдау жасау, сыни пікір білдіру, құрылымын сақтаудың күрделі мәселелерін шешуге бағыттайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Компьютерлік графика
Сызбаны құру және оқу ауданында инженерлік-графикалық жұмыстарды автоматтандыруды сипаттайды. 2D және 3D форматтарында векторлық және растрлық бейнелерді құру және өңдеудің программалық құралдарын, бейнелерді верстка жасау және интернет ресурстарын құрып, безендіру, макеттерді баспаға даярлауды баяндайды. Программалық аппараттық есептеу кешендерінің көмегімен бейнелерді құру және өңдеуді үйретеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Тілдер және бағдарламалау технологиялары
Берілген есепті шешетін барлық операциялардың жиынтығын реттеуді есте сақтайады. Бірнеше бағдарламаның бір мезетте орындалуын түсіндіреді. Бағдарламалау технологияның мүмкіндіктері шектеулі болғандықтан оларды тәжірибеде қолдануға бағыттайды. Тілдік программаларды жазғанда мәліметтерді бірнеше типтерге жіктейді. Қолданбалы технологиялар туралы нақты және тиянақты шешімдер қабылдауды үйретеді. Си- тілінде шартты операторды қолданып программалар құрастыруға бағыттайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
Табиғат пен қоғам арасындағы негізгі заңдылықтар жөнінде түсініктерді қалыптастырады. Экология бағытында алған білімдері мен түсініктерін кәсіби деңгейде қолдануға машықтандырады. Төтенше жағдайлар кезінде дұрыс іс-әрекет етуге, оларды алдын-алу іс-шараларын жасауға дайындайды. Жаңа техника мен технологиялық пОНцесстердің қауіпсіз жағдайларын анықтайды. Табиғи ортаның экологиялық жағдайы, қоршаған ортаға өндірістің техногенді әсерлерін бағалай білуге үйретеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Кәсіпкерлік, құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Экономикалық және құқықтық заңдарды, категорияларды және оның қызметтерін түсіндіреді. Құқықтың, кәсіпкерліктің негізін сипаттап, топтау арқылы айқындайды.Экономикалық-құқықтық актілерді тәжірибеде қолдануға машықтандырады. Қоғамдағы орын алатын қылмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттердің алдын алу сипатталады. Сыбайлас жемқорлықпен күресудің құқықтық және кәсіпкерлік тұжырымдамаларын жобалауды қарастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
ЭЕМ-де машықтану
Программалаудың әдістерін және қолданбалы бағдарламалармен жұмыс жасауын машықтандыру жолдарын анықтайды. Программалаудың практикалық дағдысын сипаттайды. Алгоритмнің зерттелуі, программалаудың негізгі технологиялық ұстанымдарын, программалаудың құрылымды және модульдік бағдарламасын сыни талдайды. Зерттеу нәтижесінде бағдарламаның бастапқы технологиясын құруды жоспарлайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Кәсіби қазақ (орыс) тілі
Кәсіби сөйлеу қызметін жүзеге асыру үшін студенттің коммуникативтік құзыреттілігін дамытуды сипаттайды. Оқу материалы когнитивті-тілдік (білім), операциялық-тілдік (практикалық дағдылар), болашақ дизайнердің кәсіби құзыреттілігі мен өзін-өзі дамыту құзыретін кешенді дамытуға мүмкіндік береді. Қарым-қатынастың ғылыми-кәсіби саласы тақырыптарының шеңберін қамтиды, студенттердің алдағы кәсіби қызметінің коммуникативтік-әрекеттік қажеттіліктеріне жауап береді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
"Мәңгілік Ел" құндылықтары және рухани жаңғыру
Қазақстанның рухани жаңғыруының негізгі бағыттарын анықтайды. Жастардың рухани мәдениетінің даму бағыттарын түсіндіреді. қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулықтарындағы жаңа гуманитарлық білімнің даму идеяларын қолданады. Қоғамдық сананың жаңғыруы мен заманауи мәдени құндылықтарды салыстырады. Өзін-өзі ұйымдастыру, бақылау дағдыларын қалыптастыруға үйретеді. Мемлекетіміздің тұрақтылығын сақтауда бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеуге бағыт-бағдар береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жастар саясаты
Мемлекеттiк жастар саясаты туралы жалпы түсінік қалыптастырады. Мемлекеттік жастар саясаты туралы заңнамаларын пайдалануды үйретеді. Мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуын талдатады. Мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдау мен дамытуды машықтандырады. Жастар саясатында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуді қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Алгоритмдер және деректер құрылымы
Алгоритм ұғымын, қасиеттерін, түрлері мен жазу әдістерін сипаттайды. Алгоритм модельдерін құру әдістерін саралайды. Алгоритмдік тілдер, оларға қойылатын талаптарды түсіндіреді. Программалаудың процедураларға және объекттерге бейімделген тілдерін тұжырымдайды. Дербес компьютердің программалық жабдығын және мәліметтердің типтерінің жіктелуін талдайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мәліметтер қорының негіздері
1. Ақпараттық қатынастар және мәліметтердің өзара байланыстарын таныстырады. Сегмент өрісі, жазбасын түсіндіріп сипаттайды. Иерархиялық моделдің артықшылықтары мен кемшіліктерін саралайды. Мәліметтер қорының инфологиялық жобалауы ЭЕМ жадындағы мәліметтер құрылымдарын ұсынады. Мәліметтер қорының орталықтандырылуын және таратылуын жасай. Электронды кітап макетін өндеу және мәліметтер қорының жіктелуін талдайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
ІТ-инфрақұрылымы
ІТ – инфрақұрылымы дамуы мен басқаруда теорияны, әдістерді, технологияларды анықтайды. ІТ – инфрақұрылымын басқаруды құрады, әдістемесін таңдауды үйретеді. Түрлі профильдегі және масштабтағы ІТ – инфрақұрылымды талқылайды. Ұйымның ІТ – инфрақұрылымын басқарудың құрал-жабдықтары мен жүйелерін бағалайды. ІТ – инфрақұрылымын сүйемелдеуді және тиімді жобалауға машықтандырады. ІТ – инфрақұрылымын тиімді құру мен модернизациялауды тәжірибеде қолдануды жобалайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Web-бағдарламалау негіздері
Web-бағдарламалау негіздері интернет ортасындағы қолдануға арналған қосымшаларды құрастыруды меңгереді. Интернет бетін құру іс-әрекетіне мақсат қоюды, оны іске асыруды, қажетті жағдайларды пайдалануды анықтайды. WEB бетті құруда түрлі жағдайлардағы проблемаларды саралап, шешім қабылдауға машықтандырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Дінтану
Әлемдік және дәстүрлі діндердің құрылымын, тәжірибесі мен ерекшеліктерін анықтайды; Экстремизм, терроризм және діни радикализм идеологияларын жіктейді. Дін философиясы мен теологиясының басты бағыттарын сипаттайды. Әлемдік діндердегі идеялардың мазмұнына, дәстүрлі емес діни ағымдардың жұмыстарына талдау жасайды. Діни толеранттылық қасиеттерін үйретеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Кәсіби бағытталған шетел тілі
Бағдарламада көзделген тақырып шегінде шет тілінде сөйлеуге үйретеді. Кәсіби қызметте қазіргі шет тілінің әртүрлі регистрлері мен функционалдық стилдерін көрсетеді; кәсіби қызмет үшін қажетті коммуникативтік құзыреттілікті (лингвистикалық, әлеуметтік-лингвистикалық, әлеуметтік-мәдени, стратегиялық, дискурсивтік және прагматикалық) қалыптастырады және дамытады
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
1C:Кәсіпорын (Minor)
Курстың мақсаты: негізгі механизмдердің, ақпараттық жүйелерді басқару әдістерін әзірлеу және студенттермен игеру, 1С:8кәсіпорын платформасының базасында меңгеру; есептік – аналитикалық тапсырмаларды объектігі бағытталған бағдарламалау дағдыларын үйрету. Пәннің міндеттері: − 1С кәсіпорын платформасында студенттер қажетті теориялық білімі мен практикалық дағдыларын конфигурациясы мен әкімшілік ету жүйелерінде қалыптастыру; − Алгоритмі теориялық, әдістемелік, ақпараттық жүйелерді әзірлеу саласындағы экономикалық және бағдарламалық құралдармен шешімдермен танысу; − талдамалық және практикалық дағдыларды эксперименталдық зерттеу саласында пайдаланылатын негізгі әдістер мен құралдарды зерттеу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Big Data (Minor)
"Big Data" курсының мақсаты: - студенттердің үлкен деректер массивтерін өңдеу және талдау жүйелерін әзірлеу және пайдалану саласындағы кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру. Бұл мақсат білім беру бағдарламасының мақсаты үлкен деректерді өңдеуге жауап беретін арнайы бағдарламалық жүйелерді әзірлеу технологиясына қатысты.Берілген пәнді оқу бітірушіні келесі кәсіби міндеттерді орындауға дайындайды: деректерді талдау есебін қою, деректерді алдын ала өңдеу, деректерді визуализациялау, деректерді үлкен деректер массивіне зияткерлік талдау әдістерін әзірлеу, іске асыру және қолдану, жұмыс нәтижелерін ұсыну.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
-
Компьютерлік желілер
Компьютерлік желілер мен желілердің классификациясын сипаттайды. Локальды және глобальды желілердің негіздерін меңгертеді. Компьютерлік желілердің аппараттық құралдарын саралайды. Локальды желілерді құру және қолдану технологияларын ұйымдастырады. Тораптық программалық қамтаманы ұйымдастырады, тораптарды басқару және талдау құралдарына тұжырымдайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Адамның компьютермен өзара байланысы
Адамның компьютермен сұхбатын ұйымдастыру үшін құрылған декларативті программалау тілдерін сипаттайды. Visual Prolog тілін оқып үйренуге бағыттайды. Логикалық программаның идеялық тамыры –математикалық логикада, формуланы және формалді анықтау әдісін қолдана отырып нәтиже алуды тексереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Деректер қорын құру және басқару
ЭЕМ-де ақпараттың автоматты түрде өңделуінің әдістері мен құралдарын сипаттайды. Деректор қорының негізгі түсініктерін баяндайды. Microsoft Access деректер қорын басқару жүйесімен жұмыс істеу принциптерін саралайды. Windows бумасындағы файлдар жүйесі мен жұмыс істеуді үйретеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Интернетте программалау
Интернет технологияларын, ұйымдастыру және қызмет ету принциптерін түсіндіреді. Интернет ортасындағы қосымшаларды жобалау,әдістерін иллюстрациялау. Ақпаратты жіберу және өнеудің интернет туралы түсінігін анықтайды. НТML тілінінде Web сайттар құрады. Ғылыми және техникалық сферада кеңінен енгізілетін, ақпараттық технологияның аспектілерін зерттейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Параллельді есептеу жүйесінің архитектурасы
Параллельді есептеу жүйелерінің классификациясын сипаттайды. Мультипроцессорлар үшін өзара байланыс желілерін ұйымдастыруға бағыттайды. Өзара байланыс желілерінің талдауы мен өнімділік метрикаларын, есептеу моделдерін анықтайды. Ортақ жадылы мультипроцессорлы жүйелердің классификациясын түсіндіреді. Кэш когеренттілігінің негізгі анықтамасын пайдалануды үйретеді. Параллельді бағдарламалауға жалпы шолуды машықтайды. Workload-Driven, Snoop архитектурасын бағалау негізін жүйелейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Обьектіге бағытталған программалау
Объектіге-бағытталған программалаудың негізгі ұғымдарын пәндік саладағы моделдерге сүйене отырып кәсіптік Delphi ортасын түсіндіреді. Қосымша құру, жоба компоненттеріне талаптар мен сипаттамалар жасап шығарады. Мәтінді енгізу және редактрлеу, батырмалармен жұмыс және құралдарын қолдануды саралайды. Басқару элементтерін біріктіреді, мәзірлермен жұмыс формаларын өзара әрекетін ұйымдастыруға бағыттайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Логикалық бағдарламалау
Есептеуіш жүйелердің көмегімен ақпаратт ұыну, беру, сақтау және өңдеуге байланысты теоретикалық мәселелерді сипаттайды. Prolog тілінде математикалық есептерді шешуді тәжірибеде қолданады. Абстракті интерпретатор негізінде Visual Prolog графикалық қолданбалы интерфейсті программалауға үйретеді. Берілгендер қорының информациялық элементтеріне сәйкес сипаттамалар құрады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
-
Жасанды интеллект
Білімді граф түрінде модельдеуді сипаттайды. Жасанды интеллект негіздерінің зерттеу бағыттарын және қолданылатын логикалық программалау тілдерін қолдануға бағыттайды. Білімді бейнелеу модельдерін және сарапшылық жүйе құру кезеңдерін анықтайды және саралайды. Қандай да бір программалау тілін қолданып сарапшылық жүйе құруды жоспарлайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Бағдарламаларды өңдеудің құрал-жабдықтары
Программалық жүйелерді жобалау технологиясын, программалық өнімдерді өңдеу мен олардың өміршеңдік циклын қамтамасыз ететін жабдықтық құралдар аумағындағы негізгі бағыттарды түсіндіреді. Бағдарламалық өнімдерді тарату және өңдеу кезінде практика жүзінде қолданылған өміршеңдік цикл этаптарымен қамтамасыздандыратын жабдықты құралдарды сипаттайды. Жабдықтарды қолдану тиімділігінің бағасы және сапа мінездемесін сыни талдайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау
Ақпараттық процестерде ақпаратты енгізу, шығару, беру, өңдеу және сақтауды жүзеге асыру кезінде ақпаратты қорғау негіздерін сипаттайды. Ақпараттық жүйелердегі ақпаратты қорғау жүйелерін қолданудың теориялық негіздерін ұйымдастырады. Компьютерлік және желілік ақпараттарды қорғауды ұйымдастыруды тұжырымдайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Жүйелік бағдарламалау
Ассемблер тілінің негізгі түсініктерін, Іntel процессорлар негізіндегі компьютер архитектурасын сипаттайды. Ассемблерде программалаудың заманға сай негізгі аспектілерін, соның ішінде Wіndows және DOS үшін арналған жүйелік және қолданбалы программалар негізін саралайды. Есептеу техникасы құралдарында программалық модулдерді құру кезінде базалық программалық техникалық шешімдерді тексереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
UNIX желілік бағдарламалау (Minor)
UNIX желілік бағдарламалаудың теориялық негіздерін сипаттайды. Кілт басқару, UDP, SCTP сокеттер туралы қысқаша мағұлматтар баяндайды және сигнал арқылы басқарылатын енгізу және шығару әдістерін қолдануға бағыттайды. Клиент/сервер дизайндық баламасымен жұмыс ұйымдастыруды түсіндіреді. Ағындармен жұмыс жасауды жобалайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
-
Компьютермен модельдеу негіздері
ЭЕМ- де әр түрлі есептердің модельдеу технологиясы мен әдістерін түсіндіреді. Компьютермен модельдеу технологиясы мен әдістерін, жабдықталған жүйелерді талдау, модельдеу туралы жалпы түсініктерді анықтайды. Модельді өңдеудің негізгі принциптерін, олардың классификацияларын, ұқсас модельдерді құру әдістерін талқылайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Операциялық жүйелер (Minor)
Операциялық жүйелердің даму тарихы, мақсаты мен міндеттерін анықтайды. Операциялық жүйелердің функциялары мен сипаттамалары, жіктелуін, құрылымы мен бағытын талқылайды. Процесстерде қарым-қатынас құру және синхронизациялау әдістерін тәжірибеде қолданады жоспарлайды. Процесстің виртуалды адресті кеңістігін сегментациялайды. UNIX, OS\\\\2, Windows NT операциялық жүйелерімен жұмыс жасауды тұжырымдайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
Оқыту нәтижелері
- Қоғамдық пікірге, салт-дәстүрге, қоғамдық нормаларға негізделген әлеуметтік-мәдени құндылықтарды біледі және өз қызметінде қолдана алады. «Мәңгілік ел» жалпы халықтық идеясын кәсіби қызметінде жас ұрпақты тәрбиелеуде іске асырады.
- Бейнені өңдеу және оларды ажыратудың теориялық негіздерін, интеллектуалды жүйелердің оқытылуы мен өзіндік оқытылу үрдісін, сонымен қатар бейнені өңдеу және оларды ажырату алгоритмдерін ұсынады.
- Windows, Android секілді заманауи операциялық жүйелердің функционалдық мүмкіндіктері мен жұмыс істеу негіздерін білу және осы операциялық жүйелерде 1С, Python, PHP бағдарламалау тілдерінде бағдарламалау негіздерін түсінеді. ЭЕМ және есептеуіш жүйелердің әртүрлі архитектураларын, сонымен қатар микропроцессорлық құрылғылар мен көп процессорлық жүйелердің архитектурасын, есептеуіш техника құрылғыларының заманауи аналогтық және сандық элементтік негіздерін, жобалау әдістерін және ақпаратты өңдеудің электронды құрылғыларының түйіндері мен элементтерін есептеуді меңгереді.
- Мультимедиялық желілік ақпараттық ресурстарды, клиент-серверлік архитектурасына тұжырымдама әзірлеп қарапайым желілік қосымшаларды жоспарлайды. Компьютерлік технологиялар мен адам қызметінің түрлі салаларындағы ойлап табу бағдарламаларын қолдану жолдарын дамытуға, өңдеуді бағыттайды.
- Параллельді компьютерлер көмегімен үлестірілген деректерді өңдеу, нақты уақыт жүйелерін жобалаудың тұрақтылық және сенімділік қағидаларын ескере отырып, заманауи операциялық жүйе құру үшін бағдарламалық және аппараттық қамтаманы пайдаланады. Ақпаратты басқару және өңдеудің компьютерлік жүйелерін жобалау мен зерттеу үшін моделдеу тілдерін жобалайды.
- Қазақстанның тарихи дамуының негізгі кезеңдерін, заңдылықтарын және өзіндік ерекшелігін терең түсінеді және ғылыми талдау негізінде азаматтық ұстанымын көрсете алады.
- Заманауи оптимизациялық алгоритмдерді, олардың компьютерде іске асу тәсілдері мен басқару жүйелерінің оптималды параметрлік синтезі мен сараптау әдістерінде практикалық қолданыста пайдаланады.
- Экономика және құқық, экология салаларындағы түсініктерді, заңдылықтарды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздерін түсінеді.
- Әртүрлі деңгейдегі семинарлар, пікір таластар, конференцияларда шетелдік әріптестермен қарым-қатынас жургізу үшін тілді тасымалдаушыларды еркін түрде пайдаланады.
- Денсаулықты нығайту жолында дене шынықтыру әдістері мен құралдарын қолдануға, әлеуметтік және кәсіби қызметін толық қамтамасыз ету үшін дене әзірлігінің қажетті деңгейін қолданады.
- Дін философиясының дамытудың әдістерін меңгеру мен құқықтық, жаңа жастар саясатының мәнін анықтау, оларды жоспарлау, экономикалық және психологиялық сауаттылықты, мінез-құлық және ойлау мәдениетін қалыптастырады. Тіл мен мәдениетті оқу негізінде шетел тілі білімін негіздерін меңгереді.
- Кәсіптік қызметтің объектілерінің жекелеген құрамдас бөліктері үшін пайдаланушы сұраныстарын талдау, домендік үлгілер мен техникалық құралдардың мүмкіндіктері, кәсіби қызметтің объектілерін аттестациялау негізінде талаптарды және спецификацияларды салыстырады. Білім алушылардың сыни ойлау қабілеті мен өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға арналған оқу-әдістемелік жұмыстарды саралай алуға дағдыланады.
Ұқсас БББ
6B06104 Бизнес-талдау
Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті
6B06104 Big data талдауы
Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық Бизнес Университеті
6B06104 Computer Science
Торайгыров университеті
6B06104 Data Science
Алматы менеджмент университеті (AlmaU)
6B06104 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
6B06104 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
6B06104 Бағдарламалық инженерия
«Тұран» университеті
6B06104 Ақпараттық технологияларды басқару
Қазақстан-Британ техникалық университеті
6B06104 SMART жүйелерді жобалау
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
6B06104 Цифрлық дизайн және мультмедиа
Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті
6B06104 Digital Management and Design
Нархоз Университеті
6B06104 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтасыз ету
Еуразия Технологиялық Университеті (ЕТУ)
6B06104 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті (ҚМТУ)
6B06104 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардағы бизнес-талдау
С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті
6B06104 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
6B06104 Математикалық және компьютерлік моделдеу
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
6B06104 Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)
6B06104 Жасанды интеллект технологиялары
Алматы технологиялық университеті (АТУ)
6B06104 Бизнес пен технологиядағы жасанды интеллект
Халықаралық білім беру корпорациясы
6B06104 Автоматтандыру және робототехника
Инновациялық Еуразия университеті
6B06104 Ақпараттық жүйелер
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi
6B06104 DevOps инжиниринг
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
6B06104 Computer science
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
6B06104 Мультимедиялық ғылымдар
Сулейман Демирель атындағы университеті
6B06104 ЖИ Архитекторы
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
6B06104 Компьютерлік ғылымдар
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
6B06104 Бизнес-аналитика және Digital-маркетинг
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
6B06104 Компьютерлік инженерия
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты
6B06104 Computer Science
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)
6B06104 Жасанды интеллект және деректерді талдау
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті (АЭжБУ)