Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M05101 Биология в Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

  • Шет тілі (кәсіби)
    Несиелер: 5

    Шетел тілі пәні курсы магистранттардың мәдениетаралық, коммуникативтік және функционалды құзыреттілігін қалыптастыру, ағылшын тілінде лексикалық және тілдік ерекшеліктерін дамыту, шетел тілін меңгеруін және ағылшын тілде сөйлейтін елдерінің мәдени ерекшеліктерін түсінуін қарастырады. Туындаған проблемаларды шешу үшін білімін, түсінігін, шығармашылық қабілетін пайдалану, пән аралық білімдерді интеграциялау көзделеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Эндокриндік физиология жүйесінің заманауи әдістері
    Несиелер: 6

    Адам ағзасының тіршілік әрекетін, сондай-ақ эндокриндік бездердің дамуын, эндокриндік бездердің функцияларын, оларды жүзеге асыру механизмдерін, өзара байланысын, реттеу және сыртқы ортаға бейімделуін, бейімделу процесінің ерекшеліктерін, көбею процесіне гормондардың әсерін зерттеу әдістерін қарастырады. Базалық білімі мен түсінігі нігізінде организмдегі функциялар мен процестердің рөлін бағалайды, зерттеу нәтижелерін өндіріске ендіруді көздейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Биологиядан ғылыми жобаларды ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Биология саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулердің жетістіктері мен даму перспективаларын түсінуін, өмірлік жағдайларда зерттеу есептерін шешуге дайындықтарымен байланысты жобалық іс-әрекет дағдыларын меңгеруін, оқу үрдісінде белсенді позиция, теориялық-қолданбалы ойлау типінің негіздерін қалыптастырады. Заманауи әдістер жүйесіне негізделген базалық білімі мен түсінігін кеңейту, алған білімдерін практикада қолдану және зерттеу нәтижелерін өндіріске ендіру сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Биологиялық эксперименті ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Курс бақыланатын және басқарылатын жағдайларда болмыс құбылыстарын зерттеуге мүмкіндік беретін тану әдісі ретінде биологиялық эксперимент туралы түсінік беруді қарастырады. Биологиялық үдерістерді зерттеу нәтижелерін өз бетінше түсіндіре алу, заманауи әдістер жүйесіне негізделген базалық білімі мен түсінігін кеңейту, сыни тұрғыдан қарау және жүйелі ойлау негізінде білімдерін практикада қолдану, өндіріске ендіру сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 4

    Пән ғылыми жетістіктердің қалыптасу үдерісін және адамзаттың түрлі дәуіріндегі философиялық ойлардың дамуын зерттейді. Ежелгі заманнан қазіргі заманға дейінгі кезеңдегі философиялық түсініктер мен теориялар, сондай-ақ олардың заманауи ғылымға әсері қарастырылады. Пәнді зерттеуде проблемаларды шешу үшін білімін, түсінігін пайдалану, пән аралық білімдерді интеграциялау, философия ғылымындағы онтологиялық және эпистемологиялық бағыттарды қамту көзделеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Педагогикалық-психологиялық білім (Жоғары мектептің педагогикасы, Басқару психологиясы)
    Несиелер: 6

    Зерттеу бағыттарын, құрылымын, жалпы гносеологиялық нұсқаулар жүйесін, педагогиканың ғылыми жүйе ретінде дамуының жаңа әдістерін және эмпирикалық жүйесін, онтогенездің кезеңдеріндегі тұлғаның қалыптасуын, психика дамуының заңдылықтарын, қазіргі психологиялық басқарудың бағыттары мен принциптерін, психологиялық білімдер мен іскерліктерді қарастырады. Туындаған проблемаларды шешу үшін білімін, түсінігін, шығармашылық қабілетін пайдалану, пән аралық білімдерді интеграциялау көзделеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Тамақтану физиологиясы мен гигиенасы
    Несиелер: 6

    Әртүрлі жасқа, еңбек түріне байланысты тамақтану физиологиясының ерекшелігін, ұтымды қоректенуді, денсаулықты сақтау, нығайту, аурулардың алдын алу мақсатымен, рационалды салауатты тамақтану және тағамның залалсыздығын қамтамасыз ету мәселелерін талқылайды. Базалық білімі мен түсінігі нігізінде организмдегі функциялар мен процестердің рөлін бағалайды, зерттеу нәтижелерін өндіріске ендіруді көздейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Өсімдіктер физиологиясының қазіргі кездегі мәселелері
    Несиелер: 5

    Өсімдіктердің тіршілік әрекетінің заңдылықтары, биохимиялық, молекулалық және генетикалық негіздегі функциялар мен олардың тұтас организм жүйесіндегі реттелу механизмдерінің өзара тәуелділігінің заңдылықтарын түсіндіреді. Өсімдік организмін зерттеуде зертханалық талдаудың және эксперимент қоюдың кәсіби дағдыларын қалыптастырады. Базалық білімі мен түсінігі нігізінде организмдегі функциялар мен процестердің рөлін бағалайды, жүйелі ойлау негізінде білімін практикада қолдануды көздейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Биологиялық статистика
    Несиелер: 5

    Курс түрленетін белгілерді зерттеу кезінде деректерді тіркеу және реттеу тәсілдерін, олардың графикалық интерпретациясын, биологиялық құбылыстарды статистикалық талдаудың негізгі әдістерін, биологиялық статистика саласындағы білімді, ғылыми-зерттеу әдістерін қарастырады. Заманауи әдістер жүйесіне негізделген базалық білімі мен түсінігін кеңейту, сыни тұрғыдан қарау және жүйелі ойлау негізінде білімдерін практикада қолдану, өндіріске ендіру сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Өсімдіктер биотехнологиясы
    Несиелер: 5

    Өсімдік органдарында жүретін биологиялық процестерді жаңа технологиялар құрып, адамға қажетті өнімдерді алуды меңгертеді. Өсімдіктер биотехнологиясының қазіргі даму деңгейін танытады. Биотехнологиялық әдістердің көмегімен селекция процесін жүргізуде қолданылып келе жатқан тәсілдерді жетілдіруді, өнім сапасын арттыруды, зерттеу жұмыстарының мәселелерін шешу, нәтижелерін өндіріске ендіруді және пәнаралық білімдерін интеграциялау, біліімі мен түсініктерін дамыту көзделеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Биологиялық ақпаратты құрастыру және іздеу әдістері
    Несиелер: 5

    Биологиялық ақпаратты іздеу және құрылымдау әдістерін қарастырады. Сақтау, өңдеу, тарату принциптерімен, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялармен, техникалық құралдармен және ақпараттық қоғамдағы өмір мен қызмет үшін қажетті бағдарламамен қамтамасыз етуді көздейді. Заманауи әдістер жүйесіне негізделген базалық білімі мен түсінігін кеңейту, алған білімдерін практикада қолдану және зерттеу нәтижелерін өндіріске ендіру сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Клеткалық биология
    Несиелер: 6

    Курстан жасушалар мен ұлпалардың әртүрлілігі және біртұтастығын, құрылыс ерекшелігін,микроскопиялық препаратты дайындау техникасын, көрген құбылыстарын теориялық негіздеуді меңгереді. Микроскоптық деңгейде ұлпалардың жасушалық және жасушалық емес құрылымдарын идентификациялауды, зерттеу әдістерін игерді қарастырады. Заманауи әдістер жүйесіне негізделген базалық білімі мен түсінігін кеңейту, алған білімдерін практикада қолдану және зерттеу нәтижелерін өндіріске ендіру сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Молекулярлық биотехнология жəне иммунология
    Несиелер: 5

    Пән жасушаішілік реттелудің молекулалық механизмдерін, оларды микроорганизмдер селекциясында қолдануды, ферменттер синтезінің индукциясын және репрессиясын, микроорганизмдер метаболизмін, өнеркәсіптің биомедициналық саласының биотехнологиялық мәселелерін, антибиотиктердің биосинтезін, заманауи иммунобиотехнологияның перспективалық бағыттары саласындағы зерттеу әдістерін қарастырады. Базалық білімі мен түсінігі нігізінде заманауи әдістер жүйесін қолдануды, зерттеу нәтижелерін өндіріске ендіруді және пәнаралық білімдерін интеграциялауды көздейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Адам мен жануарлар физиологиясының қазіргі кездегі проблемалары
    Несиелер: 5

    Адам денесінің және оның жеке бөліктерінің өмірлік процестерін: жасушалар, тіндер, органдар және функционалдық жүйелерін, тірі ағзаның функцияларын, оларды жүзеге асыру жолдарын, бір-бірімен қарым-қатынасын, сыртқы ортаға бейімделу, эволюциясын қарастырады. Базалық білімі мен түсінігі нігізінде организмдегі функциялар мен процестердің рөлін бағалайды, жүйелі ойлау негізінде білімін практикада қолдануды көздейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлері
    Несиелер: 5

    Курс сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлерінің табиғи экожүйелердегі маңыздылығын, оларды жан-жақты зерттеу және қорғау қажеттілігін түсінуге, сондай-ақ осы проблемамен байланысты жағдайларды шешуге бағыттайды. қарастырады. Жануарлардың түрлері, өзара бірлескен қауымдастықта тіршілік ету жағдайлары, қорғау жолдары туралы білімі мен түсінігін дамытып, кәсіби мәселелерді шешуде білімін практикада қолдануды қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Биогеоценология
    Несиелер: 5

    Тірі организмдердің жануарлардың, өсімдіктердің, саңырауқұлақтардың, микроорганизмдердің бір жерде бір-бірімен өзара байланыста тіршілік ету жағдайымен таныстырады. Қауымдастықтардың қосылу заңдылықтары мен олардың ортақ өмір сүруін зерттеуге, фенологиялық байқаулар жасауға дағдыландырады. Организмдердің бірлескен қауымдастықта тіршілік ету жағдайлары туралы білімі мен түсінігін дамытып, кәсіби мәселелерді шешуде білімін практикада қолдануды көздейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Ғылыми зерттеу әдістері және академиялық хат
    Несиелер: 5

    Ғылыми зерттеу әдістері және академиялық хат

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Молекулярлы генетиканың қазіргі аспектілері
    Несиелер: 5

    Курс молекулалық генетиканың жаңа әдістері мен технологияларын жетілдіру және құру, тұқым қуалаушылық заңдылықтары және генетикалық аппарат жұмысының механизмдері туралы мәліметтерді кеңейту үшін ерекше мүмкіндіктерді көздейді. Биологияның қарқынды дамып келе жатқан салаларын меңгеруде базалық идеялар мен заманауи әдістер жүйесін талдауды, алған білімдерін практикада қолдануды және зерттеу нәтижелерін өндіріске ендіруді қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Өндірістік микробиология
    Несиелер: 6

    Өндірістік микробиология тағамдық өнімдердің микроорганизмдермен байланысты (нан пісіруде-ашытқылар, ірімшік, сүтқышқылды өнімдер, сары май, шарап дайындауда - сүт қышқылды бактериялармен), витаминдер, антибиотиктер, ферменттер өндіруде, тері, жүн өндірісмен байланысты микробиологияның қағидаларын саралайды. Кәсіби білімдерін заманауи микробиология мен биотехнологияның салаларында пайдалануға, зерттеу мақсаты мен нәтижелеріне қол жеткізіп өндіріске ендіруге бағыттайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Гендік инженерия
    Несиелер: 5

    Генетикалық және биохимиялық әдістердің көмегімен түраралық кедергілері жоқ тұқым қуалайтын қасиеттері өзгеше, табиғатта кездеспейтін жаңа гендер алу жөнінде мағлұмат береді. Молекулалы-генетикалық талдау әдістерін қолданып, өсімдік түрлерін, сорттарын зерделейді. Гендік инженерияны меңгеруде базалық идеялар мен заманауи әдістер жүйесін талдауды, алған білімдерін практикада қолдануды және зерттеу нәтижелерін өндіріске ендіруді қарастырылады қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Микроорганизмдер систематикасы
    Несиелер: 6

    Заманауи микробиологиялық, молекулалық-биологиялық әдістерін қолдана отырып, биотехнологиялық үрдістерде өндіріс пен қоршаған ортаны сақтау жолдарын сипаттайды. Микроорганизмдерді экология, ауыл шаруашылығы, тамақтану және химиялық өндірістердеі қолдану жолдарын қарастырады. Микроорганизмдердің түрлері, құрылымы туралы кәсіби білімдерін заманауи микробиология салаларында пайдалануға, зерттеу мақсаты мен нәтижелеріне қол жеткізіп өндіріске ендіруге бағыттайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Код ON2

    барынша кең пәнаралық контексте стандартты емес жағдайларда кәсіби және басқарушылық проблемаларды шешу үшін өз білімін, түсінігі мен шығармашылық қабілетін пайдаланады;

  • Код ON3

    әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, өз пікірін қалыптастыру үшін ақпараттық мәдениетін, шеттілін меңгеруін көрсете біледі;

  • Код ON5

    биология саласында әрі қарай оқуды өз бетінше жалғастыру үшін пәнаралық білімді интеграциялайды;

  • Код ON4

    тірі организмдердің түрлері, құрылымы, өзара байланысқан қауымдастықта тіршілік ету жағдайлары туралы білімін дамытып, оларға тән тіршілік әрекетінің, функциялар мен процестердің рөлі мен мәнін бағалайды;

  • Код ON1

    биология ғылымының базалық идеялары мен заманауи әдістер жүйесіне негізделген білімі мен түсініктерін көрсете біледі;

  • Код ON6

    зерттеу мақсатын қоюды, оған қол жеткізу жолдарын таңдауды қабылдайды, ғылыми-зерттеу процесінде заманауи әдістерді қолданады және зерттеу нәтижелерін оқу өндірісіне ендіреді;

7M05101 Биология
Магистратура

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

БББТ: M080 Биология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский
7M05101 Биология
Магистратура

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

БББТ: M080 Биология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M05101 Биология
Магистратура

Инновациялық Еуразия университеті

БББТ: M080 Биология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M05101 Биология
Магистратура

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

БББТ: M080 Биология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
7M05101 Биология
Магистратура

Торайгыров университеті

БББТ: M080 Биология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M05101 Биология
Магистратура

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: M080 Биология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M05101 Биология
Магистратура

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: M080 Биология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M05101 Биология
Магистратура

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

БББТ: M080 Биология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M05101 Биология
Магистратура

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: M080 Биология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M05101 Биология
Магистратура

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: M080 Биология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M05101 Биология
Магистратура

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: M080 Биология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M05101 Биология
Магистратура

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: M080 Биология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M05101 Биология микробиология негіздерімен
Магистратура

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

БББТ: M080 Биология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
7M05101 Биология
Магистратура

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

БББТ: M080 Биология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M05101 Биология
Магистратура

Астана медицина университеті

БББТ: M080 Биология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M05101 Биология
Магистратура

Астана халықаралық университеті

БББТ: M080 Биология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
Top