Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B05101 Биология в "Сырдария" университеті

  • Биологияға кіріспе
    Несиелер: 4

    Пән тірі организмдердің өмірін, оның заңдылықтары мен көрініс беру формаларын, тіршілік етуі мен кеңістікте таралуын қарастырады. Биология - бұл тірі табиғат туралы ғылымдардың жиынтығы. Жер бетінде өмір сүрген және қазіргі кезде өмір сүріп жатқан организмдер, олардың құрылысы және функциялары, пайда болуы, бір – бірімен және өлі табиғатпен байланысын зерттейді. Курс студенттердің биологиялық білімдерін кеңейту мен тереңдетуге және жаратылыстану-ғылыми әлем тануына бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Цитология және гистология
    Несиелер: 4

    Цитология және гистология пәні – – тірі жүйелердің ең ұсақ бөлігі болып келетін жасушаның тіршілік етуі мен құрылысының негізгі ерекшеліктерін қарастырады. Негізгі мақсаты мен міндеті – ғылымның соңғы жаңалықтарына сүйене отырып, клеткалар мен ұлпалардың құрылысы мен функциясын, клетканың структуралық компоненттерін, клетка ядросының құрылысы мен қызметін, клетканың өсуі мен дамуын, көбеюі мен қартаю процестерін зерттеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ботаника
    Несиелер: 5

    Ботаника өсімдіктер туралы ғылым. Ботаника үлкен көп салалы ғылым болып өсімдіктердің сыртқы және ішкі құрылыстарының дамуын, олардың жер бетіне таралу заңдылықтары қарастырылған. Ботаника ғылымының білім алушыларға өсімдіктердің жеке және эволюциялық даму барысындағы заңдылықтары негізінде білім беріледі. Сонымен бірге білім алушыларға өсімдіктердің систематикалық топтар және токсономиялық категориясының мазмұнына, эволюциялық дамуы барысында қалаптасу үрдісіне негізделген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Гистология негіздері
    Несиелер: 4

    Гистология негіздері-тірі организмдердің ұлпаларының құрылымын, тіршілігін және дамуын зерттейтін биология саласы. Бұл әдетте тіндерді жұқа қабаттарға бөліп, микротоманың көмегімен жасалады. Сонымен бірге дамудың биохимиялық, цитологиялық, гистологиялық және генетикалық мәселелері, регенерация, эмбрионалды индукция, қартаю процестеріне аса мән береді. Анатомиядан айырмашылығы, гистология дененің құрылымын тіндік деңгейде зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Адам анатомиясы
    Несиелер: 4

    Адам анатомиясы-адам денесінің пішінін, құрылымы мен функцияларын, сондай-ақ оның қоршаған ортаға байланысты дамуын зерттеу. Сыртқы және ішкі жағдайлардың әсерінен белгілі бір заңдылықтарға негізделген эволюциялық интегралды тұлға ретінде адам денесін зерттеу үшін дененің және оның құраушы ағзаларының формасы, құрылымы және гендерлік айырмашылықтарын қарастырады. Сонымен қатар, эволюция үдерісінде адамның дамуының негізгі кезеңдерін, жеке органдардың құрылымдық ерекшеліктерін, адам ағзасының қалыптасуын зерттеуді қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы
    Несиелер: 4

    Пән – жануарлардың морфологиялық құрылысын, олардың сыртқы ортаға бейімделу және заңдылықтарын, соңғы ғылыми жетістіктерге сүйене отырып, олардың клеткалық, ұлпалық және мүшелік дейгейде зерттеу әдістерін оқытады. Ол бірқатар тәуелсіз биологиялық ғылымдарды біріктіреді – жануарлардың салыстырмалы анатомиясы мен морфологиясы, эмбриология, гистология, цитология және т.б. Сонымен қатар, бұл пән жануарлардың латын терминологиялық атауларын оқытуды қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Дәрілік өсімдіктер
    Несиелер: 4

    Дәрілік өсімдіктер пәнінің мақсаты өсімдіктердің дәрілік қасиетін зерттеп, талдап фармакогнозия ғылымымен салыстыра білу, олардың дәстүрлі медициналық немесе ветеринариялық практикада қолданылатын құралдар үшін шикізат болып табылатын органдарының бөліктерін кеңінен қолдану. Дәрілік өсімдіктер пәнінің міндеті емдік қасиеттері бар дәрілік өсімдіктердің құрамындағы белсенді әсер етуші заттардың құрамдық деңгейіне байланысты топтарға жіктеу болып саналады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Тәнтану
    Несиелер: 4

    Тәнтану - адам ағзасының, оның жүйелері мен мүшелерінің анатомиясын зерттейтін биология бөлімі. Биологиялық білім беру жүйесіндегі іргелі пәндердің бірі, ол антропология мен адам физиологиясы, салыстырмалы анатомия, эволюциялық ілім және генетика сияқты пәндермен тығыз байланысты. Адам анатомиясының тірі организмдердің анатомия саласынан бөлінуі адамға тән анатомиялық белгілердің болуымен ғана емес, сонымен бірге адамда ойлау, сана және артикуляциялық сөйлеудің қалыптасуымен де байланысты.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Өсімдікті биологиялық қорғау
    Несиелер: 4

    Бұл пән- агрономия,топырақтану жане агрохимия, өсімдікті биологиялық қорғау сонымен қатар жеміс-көкөніс шаруашылығы үшін өте маңызды. Ол өсімдіктерді биологиялық қорғаудың әдістері мен тәсілдерін, түрлердің тіршілік ететін табиғи орта жағдайларының мүлдем өзгеріске ұшырауын қарастырады. Өсімдіктер биосфераның метаболизмі мен энергиясында маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, зиянкестер мен аурулар мен өсімдік ауруларының түрлері, сондай-ақ өсімдіктерді биологиялық қорғаудың тиімділігі енгізіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Омыртқасыздар зоологиясы
    Несиелер: 4

    Омыртқасыздар зоологиясы қарапайымдылар буынаяқтылар, молюскалар, қармалауыштар, тікентерілер, қылтанжақтылар әлемітуралы,оның шығутегі, дамуы, казіргі жағдайы, биосфера мен адам өміріндегі маңызы туралы ілім. Сонымен қатар бунақденелердің ауыз аппараты, көбеюі және экологиясын қарастырады. Әрбір типтің систематикасы құрылым ерекшеліктері, көбеюі мен дамуы биологиясы, экологиясы, маңызы, палентологиясы мен филогенезі, оның шығу тег імен дамуы жүйелі түрде баяндалған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Өсімдіктер систематикасы
    Несиелер: 4

    Систематиканың негізгі мақсаты өсімдіктердің көптүрлілігін классификациялау және реттеу арқылы өсімдіктер әлемін танып білуге, зерттеуге және пайдалануға мүмкіндік беру. Пәнге тән термин сөздермен ұғымдарды білу қажет және зертханалық сабақтарды студенттер микроскоппен жұмыс жасауды әдістерін үйренеді, сонымен қатар өсімдіктердің дүниесі эволюциясының негізі туралы ұғым беру сондай – ақ өсімдіктер басқа да тірі организмдер және тіршілік ортасы арасындағы байланыстар көрсету білім қалыптасады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Өсімдік шаруашылығы
    Несиелер: 4

    Ауыл шаруашылығының ең басты және маңызды саласы. Өсімдік шаруашылығы мен негізгі міндеті – өсімдік шаруашылығындағы өнімді шығару үшін мәдени өсімдіктерді өңдеу. Өсімдік шаруашылығы егін шаруашылығы, жүзім шаруашылығы, орман шаруашылығы, шалғындық, гүл өсіру көкөніс және жеміс дақылдарын қарастыру сияқты кіші салаларды енгізеді. Мақсаты-мәдени және пайдалы өсімдіктерді пайдалану саласында биология бакалаврларының кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Рухани жаңғыру және мәңгілік ел құндылықтары
    Несиелер: 5

    Қазақстан Республикасы ұлттық идеясының және тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің мәртебесіне лайық рухани құндылықтар жүйесінің мәнін қолданады, рухани жаңғыру аясында білім алушылардың білімдік-танымдық деңгейін көтереді, қазақ халқының тарихын және оларға құрметпен қарау туралы танымдық деңгейін сипаттайды, бірлесіп өмір сүріп жатқан барша халықтар мен ұлыстардың тіліне, тарихына, дәстүріне, ұлттық мәдениетіне деген құрметті дамытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Омыртқалылар зооологиясы
    Несиелер: 5

    Бұл пән - жануарлар дүниесінің алуан түрлілігі, филогениясы, ұйымдасуы және даму мен морфологиясы және жануарлардың негізгі таксондарының пракикалық маңызы қарастырылатын базалық биологиялық білім беру пәндері циклінің буыны болып табылады. Курс студенттердің биологиялық білімін кеңейтуге және тереңдетуге, олардың материалистік жаратылыстану-ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға, жануарлар патшалығының мегасистемасының қазіргі жағдайы мен мәселелерін түсіну қарастырылып оқытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Физика
    Несиелер: 5

    Бұл пән - Кинематика, динамика, статика заңдарын, сақталу заңдары мен Ньютон заңдарын, зат құрылысы, МКТ негізгі теңдеуі, газдың кинетикалық теориясы заңдарымен, электрлік диполь, Био Савар Лаплас заңы, Джоуль Ленц заңының физикалық негізін, жарықтың табиғаты жайлы және оның затпен әсерлесуі мен таралуынан байқалатын негізгі заңдылықтарды, шағылу заңдарын, линзаның қасиеттерін, атом ядросының модельдері мен элементар бөлшектер жөніндегі теорияны түсінуге, нәтижесін талдауға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
    Несиелер: 5

    "Экология негіздері". Экожүйе тұжырымдамасы. Адам және биосфера. Ластанудың негізгі түрлері. Қорғау атмосфераның, гидросфераның және литосфераның. Әлеуметтік-табиғи экожүйе экологиялық бақылау объектісі ретінде. Экологиялық қауіпсіздік, тіршілік қауіпсіздігі, биосфераның ластану көздері мен деңгейлері, мониторинг негіздері, экологиядағы математикалық модельдер, экологиялық менеджмент және экологиялық құқық. Еңбек қауіпсіздігі. Төтенше жағдайлардың мониторингі мен болжау және жою шараларын әзірлеу ұғымдары қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Қазақстандық құқық негіздері, ҚР Білім беру саласындағы заңнамалық актілері. "Сыбайлас жемқорлық" ұғымының тарихи дамуы. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік идеясы. Нақты ұйымдағы, органдағы, құрылымдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұйымдастырушылық негіздерінің түрлері. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: түсінігі және құрылымы. Сыбайлас жемқорлықтың мәні, оның мазмұны, мақсаттары, субъектілері, нысандары мен түрлері, іске асыру салалары, қоғам өмірінің барлық саласында көріну ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Жоғары математика
    Несиелер: 5

    Бұл пән - Математика курсы төрт бөлімнен турады: жоғарғы алгебра, аналитикалық геометрия, математикалық талдау және қатарлар теориясы. Мұнда шешімдер жиынын табу түрлері, мазмұны, маңызы, ұйымдастырып өткізудің негізгі формалары мен әдістері кеңінен берілген. Әдістемелік құрал жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлері мен оқытушыларына, мұғалімдерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру институттарының мамандарына, орта мектептің оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары мен мұғалімдеріне арналады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Әл-Фараби мен Абайдың психологиялық көзқарастары
    Несиелер: 5

    Әл-Фараби мен Абайды танудың алғашқы кезеңінде Әл-Фараби мен Абай мұрасының Қазан төңкерісіне дейінгі жариялану, танылу, таралу жолдарын қамту, Әл-Фараби мен Абай мұрасының жаңа заманда зерттелуі, яғни 1918–1960 ж.ж. аралығында зерттеліп тану жолы негізінен таптық, партиялық принцип тұрғысынан қаралып, тұрпайы социолистік идеяның, дүниетанымның үстемдік етуі, Әл-Фараби мен Абайдың мұрасының 1960-2000 ж.ж. аралығында жазылған зерттеу еңбектері насихаттық тұрғыда қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Кәсіпкерлік: түсінігі, мәні, негізгі түрлері және ұйымдастырушылық формалары. Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі Бизнес-жоспарлау және кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру. Кәсіпкерлік қызметте кадрлық қамтамасыз ету. Кәсіпкерлік мәмілелерді ұйымдастыру. Коммерциялық құпия және оны қорғау тәсілдері. Кәсіпкерлік мәдениеті мен этикасы. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдау және бағалау. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және оның инфрақұрылымы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Адам және жануарлар физиологиясы
    Несиелер: 5

    «Адам және жануарлар физиология» пәні биология ғылымының бір бөлігі болып адамзат және жануарлар дүниесінің өмір тіршіліктерінің заңдылықтарын және оның физиологиялық процестердің өзара қоршаған ортамен тығыз байланыстылығын және өсімділігін зерттейтін жаңа теориялық негіздерін түсіндіреді. Тірі организмнің қызметтері, олардың өзара қарым қатынасы, реттелу және сыртқы ортаға бейімделу, жеке тұлғаның эволюциялық даму жағдайларын үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Адам экологиясы
    Несиелер: 5

    Адам экологиясы (антропоэкология) - әлеуметтік экологияның бөлігі бола отырып, адамдардың қоршаған ортамен өзара әрекеттесу заңдылықтарын, халықтың дамуы, адам денсаулығын сақтау және дамыту, адамның физикалық және психикалық мүмкіндіктерін жақсарту мәселелерін зерттеуге арналған кешенді ғылым пәнаралық және дәріс сабақтарының теориялық мазмұны және лабораториялық сабақтарында жүргізілуге арналған тәжірбиелік жұмыстар, білімді тексеруге арналған ғылым ретінде қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Өсімдіктер физиологиясы
    Несиелер: 5

    Бұл пән – өсімдіктердегі барлық физиологиялық үрдістерін, олардың өзара байланыстылығын және физиологиялық үрдістердің сыртқы ортаға тәуелділігін зерттейтін ғылым. Өсімдіктердің өсу үрдісінде сыртқы және ішкі факторларға тәуелділігін қарастырады. Негізінен өсімдік клеткасының құрылымдық және функционалдық ерекшеліктері мен су алмасу физиологиясын, тыныс алу физиологиясын, минералдық қоректену физиологиясы, фотосинтездің жарық және қараңғылық фазасы тарауларын қамтиды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Органикалық химия
    Несиелер: 6

    Органикалық заттардың әртүрлі кластарын синтездеу жолдары және олардың туындыларының құрылымын, химиялық процестердің механизмдері, сондай-ақ органикалық қосылыстарды халық шаруашылығының әртүрлі салаларында қолдану мүмкіндіктерін оқытады. Сонымен қатар көміртек және басқа элементтерден құралған химияның органикалық қосылыстарын, олардың өзара алмасу заңдылықтарын, органикалық заттардың синтезі мен құрылымын, ондағы электрон тығыздығының таралуын, атомдардың кеңістіктік орналасуын оқытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Химия
    Несиелер: 3

    Бұл пән жалпы химияны, элементтер мен олардың қосылыстарының химиясын, сондай-ақ органикалық қосылыстардың теориялық негіздерін сипаттайды. Химияның негізгі стехиометриялық заңдылықтары мен тұжырымдамаларын, периодтық заңдылықтарды, заттың құрылымын, химиялық реакциялар режимін, ерітінділерді, тотығу реакцияларын, электрохимиялық процестерді, металдар мен күрделі қосылыстарды, сондай-ақ органикалық қосылыстарды зерттейді. Химиялық реакциялардың классификациясы, химиялық реакциялардың химиялық кинетикасы және химиялық тепе-теңдікті қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақстанның жануарлар әлемі
    Несиелер: 6

    Қазақстан жануарлар әлемі– еліміздегі жануарлардың алуан түрлілігін, олардың өзіндік ерекшелігін, пайдалы жануарлардың жеке топтарын, түрлерін зерттеу тарихының кезеңдерін, сонымен қатар шикізат алу тәсілдерін оларды қолдану жолдарын қарастырады. дала белдемінің жер бедері, климаты, топырағына сипаттама бере отырып, белдемге тән өзендер мен көлдердің қалыптасуы мен тектоникалық заңдылықтарын, сонымен қатар орманды далада және далада да кездесетін жануарлар мен құстардың тіршілігі жайында мағлұмат беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Биофизика
    Несиелер: 5

    Бұл пән – биологиялық жүйелердің әртүрлі деңгейлері мен негізгі физиологиялық қатынастардан өтетін, физикалық және физика-химиялық үрдістерді қарастырады. Негізінен жүйелеу стратегиясы мен биофизика, термодинамика және биология, биологиялық үрдістердегі өзгерістер, биология және ақпарат, жарғақшалар биофизикасы, биоэлектрлік әлеует, радиациялық биофизика тақырыптарын қамтиды. Денедегі процестердің негізінде жатқан физикалық заңдылықтарды, биологиялық ұлпалардың физикалық қасиеттерін, денедегі физикалық факторлардың әсер ету механизмдерін зерттеу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Биохимия
    Несиелер: 6

    Пән биохимияның негізгі бөлімдерін қамтиды: ақуыздар, көмірсулар, ферменттер, нуклеин қышқылдары, дәрумендер мен гормондар, сонымен қатар олардың номенклатурасын, өндіріс әдістері мен ашылу тарихын, қасиеттерін, формулаларын, химиялық байланыстарын, реакция теңдеулерін зерттейді. Олардың ағзадағы химиялық айналуын, оның тіршілік әрекетінің физика-химиялық негіздерін түсіну үшін осы айналулардың мәнін түсіндіреді. Сонымен қатар, қазіргі кездегі биохимиядағы өзекті мәселелерді және жаңалықтарды оқытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Микробиология
    Несиелер: 6

    Бұл пән – студенттерді микроорганизмдер әлемімен және олардың негізгі қасиеттерімен таныстыру, микробиология саласындағы жетістіктердің жалпы биологиялық маңыздылығын анықтау, микробиологияның басқа биологиялық салаларымен байланысын айқындау болып табылады. студенттерге микробиология дегеніміз не, оның тарихи негіздері қандай, негізгі бағыттары және даму перспективалары жөнінде білім беру. Студенттерді микробиологиялық процесстің негізімен, өнеркәсіптік процуценттерді өсіру тәсілдерімен, микроб ақуызымен, аминқышқылдарын,антибиотиктерді, ферменттерді, ауылшаруашылық препараттарын, микроорганизмдерді зерттеп іс жүзіне асыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Биогеография
    Несиелер: 6

    Биогеография курсы биосфера және экожүйе құрылысы мен қызметтерінің негізгі ұстанымдары, аумақты биогеографиялық бөлу, биогеографиялық облыстарға сипаттама беру, табиғат ресурстарының көп түрлілігі мен түрлер бірлестігін қорғау мәселелерін қарастырады. Студенттер географиялық әдістермен, картографиялық туындылармен жұмыс жасауды және оларға талдау жасай білуды үйренеді. Биогеография - деректерді түсіндіруге және органикалық әлем туралы күрделі ақпарат алуға салыстырмалы географиялық көзқарасты қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Популяциялық генетика
    Несиелер: 6

    Бұл пән ықтималдықтар теориясының қарапайым бөлігін, сонымен қатар ковариациондық және регрессиондық сараптамалар тексерудің жеңілдетілген нұсқаларын, пәндік эксперименттерді жүргізудің әдістемелік курсын қарастырады. Сонымен қатар бұл пән биология және ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін жас ғалымдардың, жоғары оқу орындары студенттерінің, орта мектеп мұғалімдері мен оқушыларының ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін математикалық және статистикалық өңдеуге арналған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Генетика негіздері
    Несиелер: 6

    Генетика- тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік туралы ғылым. Бұл пәнде генетиканың, селекцияның барлық негізгі мәселелері толығымен қамтылған. Атап айтқанда, генетикалық, селекциялық заңдылықтарды эволюция теориясымен байланыстыру, адам генетикасы, дәрігерлік генетика, даму генетикасы, ген инженериясы және т.б. мәселелері жан – жақты терең жүйелі талданған, будандар белгілерінің тұқымға берілуін талдауға, будандардың сандық есебін жүргізуге негізделген.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Теориялық және эволоюциялық биология
    Несиелер: 4

    Теориялық және эволюциялық биология - студенттерде диалектикалық-материалистік көзқарастарды қалыптастырады, олардың биологиялық ойлауын дамытады, көкжиегін кеңейтеді және табиғи құбылыстарды зерттеу және осы құбылыстар арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды түсіндіру үшін статистикалық әдістерді қолдануға үйретеді. Пәннің мақсаты-студенттердің жер бетіндегі тіршіліктің дамуының себептері мен жолдары туралы ғылыми түсінігін қалыптастыру. Міндеті эволюция теориясын ұйымның барлық деңгейлерінде тірі табиғаттың дамуына көзқарастың біртұтас жүйесі ретінде зерттеу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Заманауи биологияның мәселелері
    Несиелер: 5

    Пән биологияның қазіргі мәселелерін ескере отырып, хронобиологияның, адамдардың пайда болуы мен нәсілдерінің мәселелерін, қазіргі генетика мен микробиологияның модельдік объектілері, адамдардың мінез-құлығының биоәлеуметтік негіздерін, ауралармен күресу жолдары мен өмірді ұзарту және тағы басқа мәліметтермен таныстырады. Қазіргі биология мәселелері туралы тереңдетілген кәсіби білімін қалыптастыру, эволюция теориясының, антропогенез, микробиология, ботаника, зоология,физиология, молекулалық биология, генетика, биотехнология және т.б. жаңалықтары, жетістіктері туралы түсінік қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Гендік инженерия
    Несиелер: 5

    Гендік инженерия пәнінен тұқым қуалаудың негізгі заңдылықтары ментұқым қуалаушылық, өзгергіштікті зерттеудің әдістерін оқытады. Сонымен қатар тұқым қуудың цитологиялық негізі, генетиканың заңдары мен заңдылықтары, ажырау кезінде әдеттегі сандық қатынастардың ауытқулары, гендерінің өзара әректтесуі, тұқым қуалаудың хромосомалық теориясын, адам қан топтарының тұқым қуалауы мен популяциялық генетика мәселелері сынды генетиканың классикалық тақырыптарын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Топырақ биологиясы
    Несиелер: 5

    Топырақ жамылғысындағы тірі ағзалардың әр түрлі көлемде және алуан түрлілікте кездесуі, олардың құрылысы мен ерекшелігі және тіршілігі, ортамен және өзара қарым-қатынасымен, топырақта таралуымен, сондай-ақ классификациясы туралы білімді қалыптастыру. Студенттерді топырақ биологиясы мен олардың мекен ететін ортасы аралығындағы негізгі қарым-қатынас заңдылықтарымен, сондай-ақ классификациясымен таныстырып, теориялық білімдерін практика жүзінде іске асырумен ұштастыру болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Адамның даму биологиясы
    Несиелер: 4

    Адамның даму биологиясы – жынысты жолмен көбейген жағдайда жыныс жасушаларының пайда болуынан бастап аталық және аналық жасушалардың қосылып, зигота түзгеннен тіршілік процесі тоқтағанға дейін дамуын, өзгерістерін, қайта кері кетуін, ақырында өшуіне дейінгі процестерді зерттейді. Сонымен қатар адамның эволюциялық дамуы барысында әртүрлі өзгерістерге ұшырау заңдылықтарын, физиологиялық процестердің жүру механизмін білуді де қарастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Жаңартылған мазмұндағы биологияны оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Бұл курсты оқу білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан педагогикалық шеберлікті игеруге мүмкіндік береді. Студент пәнді оқытуда қолданылатын құрылымды, мазмұнды, мақсаттар мен міндеттерді және сондай – ақ құндылықтар мен педагогикалық әдістер туралы түсінеді. Оқыту мақсаттарына қол жеткізу үшін АКТ,критериалды бағалау жүйесін қолдана алады, Блум таксономиясы бойынша иерархияны құра алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қолданбалы биология және топырақтану негіздері
    Несиелер: 5

    Қолданбалы биология және топырақтану курсының мақсаты-студенттерді биология және ауыл шаруашылығы саласындағы теориялық және практикалық біліммен қаруландыру, сондай-ақ басқа ғылыми пәндермен байланысын түсіндіру. Бұл пәннің міндеті-топырақтың қалыптасуы, құрамы мен қасиеттері, оларды қорғау және тиімді пайдалану, жерді кең талдау, агрохимия, өсімдік шаруашылығы, көкөніс және жеміс дақылдарын қарастыру болып табылады. Арнайы пәндермен тығыз байланысты: ботаника, өсімдіктер физиологиясы, биохимия, генетика, микробиология және т.б.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Жеке даму биологиясы
    Несиелер: 4

    Бұл пән өсімдіктер мен жануарлардың жеке даму заңдылықтары ғылымның соңғы жаңалықтарына сүйене отырып қарастырады. Соның ішінде жыныс клеткаларының пайда болуы, ұрықтану, спора түзу, бөлшектену, гаструляция, тұқымның ішкі өсімі, нейруляция, ішкі мүшелердің қалыптасуын, детерминация заңдылықтарын оқытады. Сонымен бірге дамудың биохимиялық, цитологиялық, гистологиялық және генетикалық мәселелері, регенерация, эмбрионалды индукция, қартаю процестеріне аса мән береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары
    Несиелер: 5

    Бұл пән 12 жылдық білім беруде бағалау жүйесінің сипаттамаларын қарастырады. Оның негізгі мақсаты - "бағалау", "бағалау жүйесі" және "бағалау критерийлері" ұғымдарымен танысу, модификацияланған білім беру платформасын құру және оқушылардың білім беру және танымдық қабілеттерін қалыптастыруға әсер ететін пәнаралық және жүйелі болып табылатын стандарттарға оқушылардың академиялық жетістіктерін бағалау жүйесіне негізделген жаңа білім беру стандарттарын қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Биологияны оқытудың инновациялық технологиялары
    Несиелер: 5

    Пәнінде биология сабақтарында қолдануға болатын инновациялық технологиялардың түрлері, оларға сипаттама, сонымен қатар дербес ізденіс нәтижесінде елеулі мәселелердің шешіміне қол жеткізу жолдары қарастырылған. Студенттердің білім деңгейін көтеріп, инновациялық технологиялардың жүйесін, ғылыми-әдістемелік, дайындық дәрежесін арттыруға, ұйымдастырушылық-педагогикалық қамтамасыз етудің ерекшеліктерін білуге және терең білім алуына білім беру жүйесін басқарудың жаңа парадигмаларын білуге көмек бермек.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Иммунология негіздері
    Несиелер: 5

    Бұл пән-организмнің бөгде субстанцияларға генетикалық молекулярлық, гендік жасушалық жауап беру мехнизмдерін, жоғары сатылы тіршілік иелерінің өте қуатты зиянды агенттерден қорғау және өздігінен емдеу механизмдерін зерттейтін ғылым. Қазіргі кезеңде иммундық жүйенің құрылысы, иммундық тану механизмдері, иммундық жауаптың молекулалық және жасушалық деңгейлердегі реттелуі, иммундық жүйенің гормондары мен медиаторларын иммунологиялық зерттеулердің нәтижелерін қамтиды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Өсімдік биотехнологиясы
    Несиелер: 5

    Өсімдіктер биотехнологиясы-бұл ғылым мен өндіріс саласы. Биотехнология-бұл биологиялық ағзаларды, олардың жүйелерін немесе маңызды тіршілік ету өнімдерін технологиялық мәселелерді шешу үшін пайдалану мүмкіндігін, сонымен қатар гендік инженерия арқылы қажетті сипаттамалары бар биологиялық ағзаларды құру мүмкіндігін зерттейтін пән. Сонымен қатар, биотехнологиялық әдістер көмегімен өсімдіктерді жасанды ортада көбейту, жаңа сорттарын алу мүмкіндіктерін береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • ҒЗЖ (НИР) ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Cтуденттердің ғылыми жұмыстарды жүргізу, ғылыми әдістерді меңгеруі болып табылады. Сонымен бірге ғалымдардың ғылыми жұмыстарымен танысып, ғылыми жұмыстың бағытын анықтау Ғылыми-зерттеу жұмысы-қолда бар білімді кеңейту, жаңа білім алу мақсатында ғылыми ізденіспен, зерт-теулер жүргізумен, эксперимент-термен, ғылыми гипотезаларды тек-серумен, табиғатта, қоғамда пайда болатын заңдылықтарды анықтау-мен, ғылыми қорытындылармен, жобаларды ғылыми негіздеумен байланыстыру арқылы студентке ғылыми-зерттеу еңбегінің дағдыларын қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Молекулалық биология негіздері
    Несиелер: 5

    Молекулалық биология - бұл ағзаның тіршілік етудің молекулалық негіздерін зерттейтін ғылым деп атайды. Зерттеулердің негізгі бағыттары генетикалық ақпараттарды сақтау механизмдері мен құрылымның қызметі мен іске асыру және таратумен байланысты. Молекулалық биологияның негізгі объектілері - дезоксирибонуклеин қышқылы, рибонуклеин қышқылы және ақуыздар болып табылады, сондай-ақ макромолекулалық жиынтықтар биосинтезін қамтамасыз ететін мультиферменттік жүйелер жатады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Клетканың молекулалық биологиясы
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты – клетканы құрайтын шексіз молекулалардың құрылымы мен функциясын, күрделі биохимиялық процестерді қарастыру. Олардың жүру механизмінің сан – сапалық қырларын зерттеу арқылы клетканың – тіршіліктің ең майда бөлшек екенін дәлелдеу арқылы қазіргі заманауи медицинада саласында кең қолдану. Сонымен қатар, геномдық тізбек, белок арақатынастары, молекулалық құрылымдар мен гендер экспрессиясының дерекқорларының сақталуы заңдылықтарын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Биотехнология
    Несиелер: 6

    Пән өсімдіктер биотехнология-сынан зертханалық жұмыстар, жануарлар биотехнологиясынан зертханалық жұмыстар, медициналық және ветеринарлық биотехнологиядан зертханалық жұмыстар, микробиологиялық биотехнологиядан зертханалық жұмыстар және тамақ биотехнологиясынан зертханалық жұмыстар атты бөлімдерден құралған. Практикумда аталған пәндер бойынша дайындалған зертханалық жұмыс тақырыптарының орындалуына қажетті құрал – жабдықтар, жұмыс істеу әдістері берілген. Оларды микроорганизмдер селекциясында пайдалануды, заманауи инженерлі энзимологияның, қоршаған ортаны қорғаудың перспективті бағытын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Өсімдіктердің молекулалық тіршілігі
    Несиелер: 5

    Бұл пән - өсімдіктердің тіршілігінің жалпы заңдылықтары туралы білімнің қазіргі заманғы жағдайын көрсету, негізгі биологических процесстердің өзара байланысын табу, сондай ақ бұл процесстердің сыртқы орта шарттарына тәуелділігін анықтау. Өсімдік – бұл бекіп өсетін фототрофты ағза. Мұнымен оның көміртегі ғана емес басқа минералды элементтер қатысындағы автотрофтылығы, өсу және даму сипаты сияқты тіршілік ерекшеліктері шартталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON3

    Ғылым мен техниканың дамуындағы, әлемнің заманауи ғылыми бейнесіндегі, ой-өрісті қалыптастырудағы және практикалық міндеттерді шешудегі математика, физика және химияның рөлін түсіндіре біледі.

  • Код ON9

    Заманауи техникалық құралдарды пайдаланып ғаламдық компьютерлік жүйеде ғылыми-биологиялық ақпараттар базасын жасай біледі және биология ғылымы бөлімдерінің негізгі ережелерін, заңдылықтарын, биологиялық құрылымын, базалық идеясы мен заманауи әдістер жүйесін берілген жағдаяттарды шешу жолында қолдана біледі.

  • Код ON11

    Тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілігін, команда да жұмыс істеу дағдыларын, ақпараттық мәдениетін көрсете біледі және білім алушының тұлғалық дамуын қалыптастыруда, өмір бойы білім алуда пәнаралық білімді интеграциялай алады.

  • Код ON4

    Биологиялық нысандардың әртүрлілігі және құрылымдық ерекшеліктері туралы теориялық және практикалық тұрғыдан біледі, жалпы кәсіби базалық ақпаратты меңгереді және талдай алады.

  • Код ON1

    Тұлғааралық, мәдениетаралық және кәсіби қарым-қатынастық мәселелерді шеше алады, ұлы тұлғалардың еңбектерін өмірде қолдана алады, кәсіби қызметіндегі іс-әрекеттерде ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдана біледі.

  • Код ON2

    Биологиялық білімдер салаларындағы кәсіби дағдылардың негізінде туындаған мәселелерді шеше алады және салауатты өмір салтын ұстану мақсатында арнайы әдістер мен құралдарды пайдалана біледі.

  • Код ON5

    Тірі ағзалардың түрлерін, құрылысы мен тіршілік белгілерін, негізгі қасиеттерін молекулалық, клеткалық және ұлпалық деңгейде зерделеп, ағзаға тән функциялар мен физиологиялық процестердің жүру механизмін түсіндіре біледі.

  • Код ON12

    Биотехнологияның сонгы үлгідегі әдістерін қолдана отырып ғылыми жобаларды жасай біледі және табиғи ресурстарды қорғау мен тиімді пайдалануға арналған іс-шараларда қолдана алады.

  • Код ON6

    Биологиялық жүйелердің ұйымдасу деңгейлерін, қызметін, өзара байланысын, биологияның негізгі концепциялары мен даму перспективаларын біледі және экологиялық топтардың, қауымдастықтағы заңдылықтарды, табиғи ресурстарды қорғау шараларын меңгереді.

  • Код ON8

    Биологиялық эксперименттерді ұйымдастыруды, зертханалық және далалық жұмыстарда қазіргі заманауи құрал-жабдықтарды қолдануды, ғылыми-зерттеу жұмыстарының материалдарын жинау мен өңдеуді, нәтижелерін дайындап пайдалануды меңгереді.

  • Код ON10

    Оқытудың инновациялық технологияларын сыни ойлау мен креативтілік таныта отырып, сабақтың мақсат-міндеті мен күтілетін нәтижелеріне сай қолдана алады.

  • Код ON7

    Биологияның қазіргі заманғы әдістерін және базалық жалпы кәсіби теориялық білімдерін өндірістік практикада қолдана алады.

6B05101 Өсімдіктер биотехнологиясы және микробиология
Бакалавриат

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B05101 Биология
Бакалавриат

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B05101 6B05101-Биология
Бакалавриат

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ Е.А.Бөкетов)

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B05101 Биология
Бакалавриат

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B05101 Биология
Бакалавриат

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский
6B05101 Биология
Бакалавриат

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B05101 Биология
Бакалавриат

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B05101 Биология
Бакалавриат

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B05101 Биология
Бакалавриат

Инновациялық Еуразия университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B05101 Биология
Бакалавриат

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B05101 Биологиялық инженерия
Бакалавриат

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Ағылшын тілі
6B05101 Биология
Бакалавриат

Торайгыров университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B05101 Биология
Бакалавриат

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B05101 Биология
Бакалавриат

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B05101 Биология
Бакалавриат

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B05101 Биология
Бакалавриат

"Сырдария" университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B05101 Биология
Бакалавриат

Шымкент университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B05101 Биология және ауылшаруашылығы
Бакалавриат

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B05101 Биология
Бакалавриат

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B05101 Биология
Бакалавриат

Астана халықаралық университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
Top