Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B05101 Биология в Шымкент университеті

Пәндер

  • Қолданбалы биология

    Қолданбалы биология – топырақтың белгілері,жалпы құрамы мен қасиеттеріне, педогогикалық профильдегі биологтар үшін мектеп жанындағы тәжірибе участоктарында жұмыстарды ұйымдастыруға қажетті білімдермен қаруландырады, тәрбиелік мәні бар ғылыми жмыстарды жүргізу әдістерін үйретеді.

    Несиелер - 5
  • Биотехнология негіздері

    Биотехнология негіздері пәні - клетка ішілік реттеудің молекулалық механизмдері және оларды микроорганизмдер селекциясында пайдалануды, заманауи иммунобиотехнологияның, инженерлі энзимологияның, қоршаған ортаны қорғаудың перспективті бағытын қарастырады. Пәннің мақсаты – білім алушылардың биотехнологияны дамытудың негізгі бағыттары мен перспективалары, оның көмегімен шешілетін міндеттер, ол үшін пайдаланылатын объектілердің сипаттамасы және оларды жасау әдістері туралы түсініктерін қалыптастыру.

    Несиелер - 5
  • Дәрілік өсімдіктер

    Дәрілік өсімдіктер пәні - Қазақстанда халық медицинасында қолданылатын көптеген дәрілік өсімдіктер мен дәрілік өсімдік шикізатын, халық медицинасында қолданылатын фолораның негізін қарастырады.

    Несиелер - 5
  • Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы

    Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы пәні –өсімдіктердің алуан түрлілігі мен ерекшеліктерін, систематикалық топтарымен, анатомиялық, морфологиялық ерекшеліктері мен, құрылысындағы және көбеюіндегі ерек шеліктерін, жүйеленуін қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Омыртқасыздар зоологиясы

    Омыртқасыздар зоологиясы пәні – омыртқасыздар жануарлардың негізгі типтерінің және кластарының өкілдерімен таныстыру, олардың морфологиясын, физиологиясын, экологиясын, этологиясын, көбеюін, дамуын, маңызын, филогениясын, Халықаралық ғылыми терминдерді оқып, білуге баулу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Өсімдіктер систематикасы

    Өсімдіктердің алуантүрлілігін және құрылыстық ерекшеліктерін зерттейді. Өсімдіктер клеткасы, ұлпалары, өркен морфологиясы және анатомиясы, тамыр және генеративтік жүйелері ерекшеліктерін, өсімдіктердің морфологиялық эволюциясының негізгі бағыттарын, ұрпақ шығарудың және көбеюдің биологиялық мәнін, өсімдіктердің жастық және маусымдқ өзгерістері туралы түсінік алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 7
  • Математика

    Матрицалар мен анықтауыштар. Сызықты алгебралық теңдеулер жүйесі. Векторлық кеңістік базисі. Векторлардың скалярлық, векторлық және аралас көбейтінділері. Арифметикалық n- өлшемді векторлық кеңістіктер. Жазықтықпен кеңістіктегі геометриялық сызықты бейнелер (түзулер, жазықтықтар). Екіншіретті қисықтар мен беттер. Квадраттық түрлер. Олардың қолданылуы. Жоғары алгебра элементтері: комплекс сандар; n –ші дәрежелі көпмүшеліктер (коэффициенттері – комплекс, нақты сандар). Алгебраның негізгі теоремасы және оның салдарларын оқытатын пән.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Омыртқалылар зоологиясы

    Омыртқалылар зоологиясы пәні – омыртқалы жануарлардың алуан түрлілігін, құрылыс ерекшеліктерін, тіршілік әрекеттерін, ортаға бейімделушіліктерін, таралу заңдылықтарын зерттеу, олардың өнімділігін арттыру, тиімді пайдалану және оның табиғаттағы қорын сақтауды, Халықаралық ғылыми терминдерді оқып, білуге баулу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Экономика және құқық

    • Қазақстанның құқықтық жүйесі мен заңнамасының негіздерін сақтау, қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму үрдістерін білу. Білім алушыларды құқық және экономика саласында алған білімін кәсіби қызметінде қолдануды, экономика және құқық саласындағы оқиғалар мен зерттеулер нәтижелерін талдауды меңгеру. Қоғамдағы экономикалық және заңдық тұрғыда байқалатын фактілерді дәлелдеуді және бағалауды үйрену. Экономика және құқық саласында басқарушылық және көшбасшылық қабілеттерін дамыту. Заманауи экономикалық-құқықтық қатынастар жағдайында стандартты емес және баламалы міндеттерді шешуде инновациялық идеяларды қалыптастыру. Өз көзқарасын дұрыс қорғау, жаңа шешімдер ұсыну; басқа адамдарға қатысты толеранттылықты көрсету.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Химия

    Химия Д.И.Менделеевтiң периодтық заңы мен қазіргі заманғы зат құрылысы туралы көзқарастар негізінде химиялық элементтер мен олардың қосылыстарының қасиеттерін зерттеу; химияның негізгі заңдары мен заңдылықтары туралы мағлұматтармен, сонымен қатар әртүрлі химиялық үдерістердің жүру заңдылықтарын зерттеу; қоршаған ортамен және тірі ағзамен әртүрлі заттардың әрекеттесуін зерттеу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Өсімдіктер экологиясы

    Білім алушылар өсімдіктердің қоршаған ортамен және басқа организмдермен байланысын, өсімдіктердің абиотикалық факторлармен (мысалы, жарық, су, температура, топырақ) және биотикалық факторлармен (басқа өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар, бактериялар) қалай әрекеттесетінін зерттейді және түсінеді. Құзыреттілікті меңгерген болашақ мамандар: қоршаған орта жағдайларына байланысты өсімдік жамылғысының түрлік құрамы мен құрылымын анықтай алады; ластану, ормандарды кесу, урбанизация және климаттың өзгеруін қоса алғанда, адам қызметінің өсімдіктер әлеміне әсерін бағалай алады; биоалуантүрлілікті сақтау және табиғи ресурстарды тұрақты басқару жөніндегі шараларды әзірлей алады; алынған нәтижелерге ғылыми эксперименттер мен статистикалық талдауды жүргізе алады; жиналған ақпарат негізінде қорытындылар мен ұсыныстарды тұжырымдай алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық

    Оқыту үдерісінде білім алушыларға бизнесті жүргізу идеялары және кәсіпкерлік қызмет негіздері бойынша құрылымдық білім беріледі. Білім алушыларға кәсіпкерлікті қаржылық қолдау шаралары туралы ақпарат беріледі. Білім алушыларды қаржылық сауаттылықтың заманауи теорияларымен таныстырады. Білім алушылар капиталды бюджеттеу, айналым капиталын басқару, біріктіру және корпоративтік қайта ұйымдастыру сияқты корпоративтік қаржылық шешімдерді бағалауды үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Өсімдіктер физиологиясы

    Пән өсімдіктің функционалдық белсенділігінің ерекшеліктерін, өсімдік ағзасының өмірлік белсенділігінің негізгі заңдылықтарын, су режимін, фотосинтезді, тыныс алуды, тамақтану тетіктерін, өсімдіктердің қозғалысын, өсу мен дамуды зерттеуді қарастырады. Өсімдіктердің тіршілік әрекеті туралы биологиялық теориялар мен базалық түсініктерді, оларда жүретін физиологиялық процестердің жүру механизмін білу, ғылыми –зерттеу жұмыстары мен далалық бақылаулар ұйымдастыру кқзделеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Өсімдіктер биотехнологиясы

    Биотехнологияның бағыттары. Жасанды қоректік ортада өсімдік клеткасы мен тканін өсірудің қағидалары мен тәсілдері. Өсімдік клеткасын өсіру биологиясы. Каллусогенез және дедифференция. Өсімдік клеткасының самоклональді өзгергіштігі және оның түрлері мен себептері. Биотехнология жоғары өсімдіктердің мүшелерін, ұлпаларын, клеткаларын іn vitro жағдайында өсіруге негізделген. Биотехнология ғылымының даму тарихы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • STEM зерттеулері

    Білім алушылар STEM (Science, Technology, Engineering, Mathematics) - жаратылыстану ғылымдары, технологиялар, инженерия және математика салаларындағы білім мен дағдыларды интеграциялауға бағытталған, кешенді жобалар мен міндеттерді ұсына отырып, білімнің әртүрлі салалары арасындағы байланысты көрсететін зерттеулерді оқиды. Құзыреттілігін көрсететін болашақ мамандар: ғылыми және жобалық зерттеулерді ұйымдастыруда мақсаттар қою және міндеттерді анықтау заманауи ақпараттық технологияларды тарта отырып, ақпараттық-талдамалық және ақпараттық-библиографиялық жұмыс жүргізе алады; шығармашылық ойлау және жаңа мәселелер мен жағдайларды шешуге шығармашылықпен қарайды; жобалық зерттеулер жүргізу бойынша білім алушылардың тәлімгерлігін жүзеге асыру және жұмыс істей алады; зерттеу және жобалау қызметінің нәтижелерін сауатты ұсынады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • STEAM-зерттеулері

    Білім алушылар ғылым, технология, инженерия, өнер және математиканы біріктіретін STEAM зерттеулерін меңгереді; әртүрлі пәндерді біріктіру арқылы сыни ойлауды, шығармашылықты және мәселелерді шешу қабілетін дамытуға мүмкіндік беретін әдістерді үйренеді; тірі организмдерді және олардың қоршаған ортамен өзара әрекеттесуін зерттеуге бағытталған жобаларды жасауға үйренеді. Құзыреттілігін көрсететін болашақ мамандар: ғылым мен STEM пәндерін нақты өмірлік мәселелермен немесе жағдайлармен байланыстыра алады; тәжірибеге бағытталған проблемалық жағдайларды анықтайды; математикалық және IT модельдеумен эксперименттік зерттеуді жүргізе аладыгенетикалық деректерді тезірек және дәлірек зерттеуге мүмкіндік беретін заманауи ДНҚ секвенирлеу технологияларын пайдалана алады; инженерлік тәсілдер арқылы синтетикалық гендер мен жасушалар сияқты жасанды биологиялық жүйелерді жасай алады; эпидемиологиямен, эволюциялық биологиямен байланысты статистикалық талдауды жүргізе алады; өсімдіктердің денсаулығын бақылауға арналған мобильді қосымшаларды әзірлей алады;

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жасанды интеллект

    Бұл пәннің мақсаты-студенттерге жасанды интеллект (AI) туралы негізгі білім мен түсінік беру. Пән студенттердің жасанды интеллекттің негізгі ұғымдарын түсінуін дамытуға бағытталған. Пәннің міндеті-студенттерге интеллектуалды жүйелерді таңдауға, конфигурациялауға және пайдалануға, оларды жобалауға және жүзеге асыруға мүмкіндік беретін білім, lағдылар мен қабілеттерді меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Клетка биологиясы

    Клетка биологиясы курсы – пәннің даму тарихын, жетістіктерін, жарық, электронды микроскоп, клетка мен ұлпалардың құрылысын, қызметін, клетка теориясының негізгі қағидаларын, клетка органеллаларының құрылысы мен қызметін, клетканың бөліну механизмін, клетка өлімі туралы қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Биологиялық зерттеулердің заманауи әдістері

    Білім алушылар биология саласындағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру әдістемесін, зерттеу кезеңдерін, биологиядағы зерттеу әдістерінің әртүрлілігін, зерттеу деректерін өңдеу әдістерін, зерттеу нәтижелерін ұсыну әдістерін зерттейді. Құзыреттілікті меңгерген болашақ мамандар: өзінің кәсіби және ғылыми-зерттеу қызметінде биологиялық зерттеулер жүргізу әдістерін қолдана алады; ғылыми және зертханалық жабдықтармен жұмыс істеу, оны зерттеу кезінде қолданады; зерттеу гипотезасын анықтау және тұжырымдау, эксперимент жоспарын құру, әдістерді таңдау және соның негізінде биология саласында теориялық және қолданбалы зерттеулер жүргізе алады; биологиялық объектілермен эксперименттік жұмысты ұйымдастыру және жүргізу, осы жұмыстың нәтижелерін өңдеу және ұсыну қабілеттерін көрсете алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Адам экологиясы

    Адам экологиясы - адамды биосоциальдық тiрi ағза ретiнде күрделi компоненттi қоршаған ортамен қатынасын, динамикалық дамуын, организмдегi ағзалар мен құрылымдардың байланыстарын зерттеп, биолог мамандарын дайындауда жалпы биология пәндердiң iшiндегi ең негiзгi болып саналады. Әр түрлi ауа райы мен географиялық жағдайда тiршiлiк әрекет кезiнде организмнiң әр түрлi әрекеттерiнiң, зат алмасудың, қан айналудың, тыныс алудың, ас қорытудың, бұлшықет жұмысының, жүйке жүйесiнiң және т.б. заңдылықтарын көрсету. Физиологиялық әрекеттерiнiң молекулярлық негiздерiнiң ашылуы, жалпы экологиялық физиологияда және оның тарауларында жинақталып, қорыту жасауға мүмкiндiк береді. Тұрғындардың десаулығы- олардың тіршілік ету ортасының сапасын білдіретін біртұтас көрсеткіш. Адамдардың өмір сүруіне жалпы сипаттама.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Ғылыми зерттеу жұмысты ұйымдастыру және жоспарлау

    Ғылыми зерттеу жұмысты ұйымдастыру және жоспарлау пәні – отандық және шетелдік ғалымдардың заманауи жетістіктері негізінде негізгі тарихи аспектілерді, теориялық ережелерді, технологияларды, ғылыми зерттеулер жұмыстарын жүргізудің практикалық әдістерін мен тәсілдерін және ғылыми зерттеу тақырыбын таңдау, ғылыми іздеу, талдау, эксперимент жүргізу, деректерді өңдеу, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып тиімді зерттеу әдістерін табу негіздерін қарастырады. Пәнінің мақсаты - білім алушылада өз бетінше ғылыми жұмыстарды жүргізу, зерттеу және тәжірбиелер жүргізу дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тұрақты даму мақсаттары: (инклюзивті білім беру, тұрақты даму, сыбайлас жемқорлық, ғылыми зерттеу, тіршілік қауіпсіздігі мен экология)

    Инклюзивті білім балаларға қатысты кез келген кемсітушілікті жоққа шығаратын, барлық адамдарға бірдей қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, бірақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға ерекше жағдай жасайтын идеологияға негізделген қағидаттарды меңгертеді. Студенттердің ғылыми-зерттеу қызметі дағдыларын және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге дайындығын дамыту мақсатында оқытылады. Курс шеңберінде қоғамдық қатынастар жүйесіндегі ғылымның орны, ғылыми танымның әдістері мен деңгейлері, ғылыми зерттеуді іске асырудың негізгі кезеңдері қарастырылады. Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, этикалық нормаларды дамыту. Қазақстандық құқық негіздерін, білім беру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ҚР заңнамалық актілерін, нормалардың негіздерін, нақты ұйымдағы, органдағы, құрылымдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұйымдық негіздерінің түрлерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет түсінігі мен құрылымын зерделейді. Пән тұрақты даму қағидаттары, тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) негіздері, ESG-принциптері, декарбонизация бойынша білім беру, сондай-ақ экологиялық, әлеуметтік және экономикалық факторлардың өзара байланысын талдауға, тәуекелдерді бағалауға және ғаламдық экологиялық және әлеуметтік сын-қатерлер мен олардың салдары, су ресурстарының экологиялық қауіпсіздігі, ауа бассейні, жер ресурстарының тозуы, азық-түлік қауіпсіздігі, сондай-ақ антропогендік қызметке байланысты табиғи және техногендік апаттар мен олардан қорғау тәсілдерінің тұрақты стратегияларын әзірлеуге үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Биохимия

    Пән биохимияның негізгі бөлімдерін қамтиды: ақуыздар, көмірсулар, ферменттер, нуклеин қышқылдары, дәрумендер мен гормондар, сонымен қатар олардың номенклатурасын, өндіріс әдістері мен ашылу тарихын, қасиеттерін, формулаларын, химиялық байланыстарын, реакция теңдеулерін зерттейді. Организмдегі зат алмасудың мәнін, тіршілік әрекетінің физика-химиялық негіздерін түсіндіреді. Қазіргі биохимиядағы өзекті мәселелер мен жаңалықтарды қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Адам анатомиясы

    Адам анатомиясы болашақ биолог мамандарды адам организмінің құрлысымен таныстырумен қатар олардың жалпы биологиялық заңдылықтар туралы да көз қарастырын қалыптастырады. Сонымен қатар бұл ғылым адамның дене құрылысына сыртқы ортаның, еңбектің, әлеуметтік жағдайларының тигізетін әсерлерін қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Генетика

    Тірі ағзаға тәнтұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің материалдық негіздерін, белгілердің тұқымқуалау заңдылықтарын сипаттайды. Генетика және селекция негіздерінің зандылықтарын, принциптерін қазіргі заманғы ақпараттық білім технологиясын пайдаланып, жаңа мағлұматтарды қалыптастыруға дағдылайды. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің молекулулалық механизмдерін, организмдердің тұқым қуалаушылық қасиеттерінің сыртқы орта факторларының әсерінен өзгеру заңдылықтарын тұжырымдайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Орталық жүйке жүйесі

    Aдам мен жануарлардың жүйке клеткалары (нейрондар) мен оның өсінділерінен тұратын жүйке жүйесінің ең негізгі бөлігі.. Тірі организмдіқұрайтын түрлі органдар жүйелерінің қызметтерін үйлестіріп, реттеп отырады. Орталық жүйке жүйесі жұлын жүйкелері (31 жұп) мен ми жүйкелері (12 жұп) 09ралады. Бұл жүйкелер омыртқааралық және вегетативтік жүйке түйіндерімен бірге шеткі жүйке жүйесін құрады. Әр түрлі рецепторлардан тітіркену процесінде пайда болатын жүйке импульстары орталыққа тепкіш (афферентік) жүйке талшықтары арқылы орталық жүйке жүйесіне келеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Қоршаған ортаны қорғауға арналған инновациялар

    Білім алушылар қоршаған ортаға теріс әсерді азайту үшін минновациялық технологияларды және өндірістін тұрақты әдістерін пайдалана отырып, экологиялық проблемаларды зерделелейді; қоршаған ортаның жай-күйін сақтауға және жақсартуға, адам қызметінің табиғатқа әсерін азайтуға және табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған принциптерді, шаралар мен әдістерді зерттейді және түсінеді. Құзыреттілігін көрсететін болашақ мамандар: неғұрлым таза технологияларды, ластаушы заттардың шығарындыларын шектеуді пайдалана алады; қалдықтарды жинау, қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді жүйелерін ұйымдастыра алады; ауа, су және топырақ сапасына, сондай-ақ экожүйелердің жай-күйіне мониторингті қоса алғанда, қоршаған ортаның жай-күйіне тұрақты бақылау жүргізе алады; азаматтар арасында табиғатты қорғаудың, қоршаған ортаны ұтымды пайдаланудың маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыра алады ресурстар мен экологиялық әсерді азайтады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Адам және жануарлар физиологиясы

    Тірі ағзалар мен оның жүйке жүйелері, ұлпалары және жасушалардың әрекеттерін, тірліктерін қарастырады. Адам және жануарлар физиологиясы-медико-бологиялық ғылым организмді және оның бөліктерін бүгін өмірлік іс-әркетін оқытады, ткань мен клеткалар, жүйе – қоршаған ортамен байланысты және механизімін ашады. Ағзаның жасушаларына, ұлпалары мен мүшелеріне тән негізгі тіршілік әрекетінің жалпы көрсеткіштерін зерттеу. Ағзаның сыртқы және ішкі ортаның әртүрлі әсерлеріне жауабын зерттеу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Биоорганикалық химия

    Білім алушылар белоктар, нуклеин қышқылдары, көмірсулар, липидтер және басқа биомолекулалар сияқты биологиялық маңызды молекулалардың химиялық қасиеттері мен реактивтілігін зерттейді; тірі жүйелердің молекулалық деңгейде жұмыс істеуінің химиялық механизмін түсінеді. Құзыреттілікті меңгерген болашақ мамандар: биологиялық белсенді заттардың атауларын құрастыру және формулаларын жазу кезінде органикалық қосылыстарды номенклатура бойынша жіктей алады; биологиялық маңызды заттардың химиялық құрылымы мен қасиеттерін зерттеу мақсатында эксперименттер жүргізе алады; химиялық, физикалық, физика-химиялық, математикалық және биологиялық әдістерді қолдана отырып, биологиялық эксперимент жүргізу дағдыларын көрсете алады; тірі организмдердің өміріндегі биополимерлердің, ферменттердің, гормондардың, витаминдердің, сигналдық заттардың, антибиотиктердің және басқалардың маңыздылығын бағалайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Стартаптар және технологиялық кәсіпкерлік

    Білім алушылар бизнес негіздерін - идеядан бастап оны іске асыруға және одан әрі дамытуға дейін зерделейді, өз бизнесін табысты іске қосу немесе бұрыннан бар жобаларды дамытуға қатысу үшін қажетті білім мен практикалық дағдылар кешенін менгереді. Құзыреттілігін көрсететін болашақ мамандар: стартап үшін инновациялық идеяларды табады; бизнес-жоспар құру алады, шығындарды, пайданы, өтелу мерзімдерін есептеуді жүргізе алады; мақсатты аудиторияға, бәсекелестерге, нарықтық трендтер мен болжамдарға талдау жүргізе алады, клиенттердің қажеттіліктерін түсінеді; маркетингтік стратегияларды әзірлейді, қаржыландыру көздерін табады; инвесторлар, серіктестер немесе клиенттер алдында презентациялар өткізу дағдыларына ие бола алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Гидробиология

    Әр түрге жататын гидробионт ағзалардың тіршілік ету жағдайын, олардың түрлік құрамын, қоршаған орта мен су қоймаларындағы биологиялық құбылыстарды, ағзалардың функционалдық мезанизмін зерттеу, осы комплексті ғылым ретінде қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Эмбриология негіздері

    Эмбриология — ұрықтың пайда болуы және дамуы туралы ілім. Эмбриология – жыныс жасушаларының қалыптасуын, дамуын, құрылысын және эмбриондық дамудың негізгі кезеңдерін, ұрықтан тыс мүшелердің дамуын қарастырады. Ол биология ғылымдарының жедел дамып келе жатқан саласы. Эмбриологияның соңғы қол жеткен ғылыми жетістіктері биологияда, медицина мен ветеринарияда кеңінен қолданылуда.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Альгология

    Альгология – ботаника ғылымының балдырларды зерттейтін саласы. Пән балдырлардың биоалуантүрлілігін және төменгі фототрофты организмдер жүйесін құру принциптерін оқытады. Организмдердің әр бөлімшесінің жүйелілігі курсында студенттер жүйелі топтың биохимиялық, анатомиялық, морфологиялық, экологиялық және басқа да ерекшеліктерін, балдырлардың әртүрлі топтарының дамуы мен таралуына әсер ететін қоршаған орта факторларын зерттейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Физколлоидты химия

    Физикалық химия - химия мен физиканың арасындағы аралық ғылым. Ол химиялық реакциялардың, онымен қоса жүретін физикалық құбылыстардың заңдылықтарын зерттейді. Физикалық химия процесстердің жүйедегі тепе-теңдік жағдайы мен оның бір күйден екінші күйге ауысу мүмкіндігін, химиялық реакция жылдамдығының уақытқа байланысты өзгеруін, электрлік және химиялық энергиялардың өзара ауысу заңдылықтары сияқты мәселелерді қарастырады. Коллоидтық химия – дисперстік жүйелер мен фазалардың бөліну беттерінде болатын беттік құбылыстарды зерттейтін ғылым саласы. коллоидты химия пәні - беттік құбылыстардың заңдылықтарыy, дисперсті жүйелерді алу және олардың тұрақтылық теориясыy, лиофобты және лиофильді коллоидты жүйелердің қасиеттерін, олардың қолдану саласын, алынған нәтижелерді есептеуді қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 7
  • Микробиология

    Өсімдіктер мен жануарлар әлемімен салыстырғанда микроорганизмдердің морфологиялық және функционалды әртүрлілігін, сондай-ақ осы организмдер арасындағы қатынастардың күрделілігін зерттейді, прокариоттардың филогениясы туралы түсінік береді: грам-оң және грам-теріс бактериялардың, архей мен вирустардың ерекшеліктері. Пәнді тану микроорганизмдерді өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында және медицинада қолданудың қолданбалы бағыттарын анықтайды. Зертханалық жағдайда микроорганизмдердің таза дақылдарымен жұмыс істеу дағдыларын игереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Термодинамика негіздері

    Термодинамика - физика ғылымындағы жылудың жұмыс және басқа энергия түрлерімен арадағы қарым-қатынасын зерттейтін тармағы. Термодинамика — тәжірибелерден жинақталған нәтижелерге сүйенетін феноменологиялық ғылым. Ол көптеген құрамдас бөліктерден тұратын макроскопиялық жүйелер - термодинамикалық жүйелерді зерттейді. Термодинамика ғылым мен техниканың энергетика, қозғалтқыштар, фазалық ауысу, химиялық реакциялар, секілді көптеген салаларында қолданылады. Термодинамиканың физика мен химияның бірқатар салаларында, химиялық технология, аэроғарыштық технология, машина жасау, жасушалық биология, биомедициналық инженерия секілді алуан түрлі салаларда алатын орны ерекше.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 7
  • Жеке даму биологиясы

    тірі организмдердің дамуы туралы, гаметогенездің ерекшеліктерін, гаметалардың морфологиясы мен физиологиясын, эмбриогенездің негізгі кезеңдерін, ұрықтанудың биологиялық маңызын, бөлшектенуді, гаструляцияны, органогенезді, эмбриологияның кейбір салыстырмалы мәселелерін, омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың соматикалық эмбриогенезін қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Микроорганизмдер биотехнологиясы

    Берілген пәнді оқытудың негізгі мақсаты Молекулалық-биологиялық негізгі әдістерді білу ауыл шаруашылығының, медицинаның, ның практикалық міндеттерін шешуге қажет болып табылады. Курстың міндеті молекулалық-генетикалық үрдістердің механизмдерінің, яғни ДНҚ-ның репликациясы, рестрикциясы мен модификациясы, ДНҚ-ның репарациясының жалпы заңдылықтарын ашу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Биогеография

    Биогеография - жер шарындағы тірі организмдер мен олардың топтарының таралуы мен орналасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы; өсімдіктер мен жануарлардың және олардың бірлестіктерінің жер шарында таралуы мен олардың бөлектеніп мекендеу сипатын зерттейтін ғылым.Биогеография ғаламдық экожүйе ретінде. Ареалдар жөніндегі түсінік. Жер шарындағы құрлықтың флоралық аймақтары. Жер шарындағы құрлықтың фауналық аймақтары Мұхитты биогеографиялық аудандастыру. Түрлердің жойылуы, адамның әрекетінен флора, фаунаның өзгеруі. Жалпы жертану, Топырақтану негіздерімен топырақ географиясы, Ландшафттану, Картография, Геология.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Табиғи ресуртарды тиімді және кешенді пайдалану

    Қазақстан өсімдіктері мен жануарлар ресурстарының алуан түрлілігімен, пайдалы өсімдіктер және жануарлардың жеке топтарын және түрлерінзерттеу тарихының кезеңдерімен, шикізат алу тәсілдерімен және оларды қолдану жолдарымен таныстыру. Тірі табиғат обьектілерінде қолданған адамдардың қажетіне керекті биологиялық ресурстар туралы түсінік. Биологиялық ресурстар түрлері өсімдіктер және жануарлар ресурстары.Табиғи және екінші реттік ресурстар туралы түсінік.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Молекулалық биология

    Молекулалық биология - тірі организмдердің жұмыс істеуін, олардың құрамына кіретін молекулалар және атомдардың химиялық құрылымы тұрғысынан зерттейтін ғылым саласы. Молекулалық биология нуклеин қышқылы мен белоктардың құрылыс және құрылым ерекшеліктерін, жасушаның гентикалық аппаратының құрылымдық - қызметтік ұйымдастырылуын, ақпараттардың тұқым қуалауының жүзеге асу механизмін, апоптоз, генетикалық код т.б. оқытады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Флора және фауна

    Флора және фауна ғылымының қазіргі кезеңдегі дамуы мен өсімдіктер мен жануарлардың жер бетіне таралу заңдылығын, орналасу тәртібі, букіл адамзат үшін маңызы туралы тycінік к;алыптастыру. Өсімдіктердің және жануарлардың жер бетіне таралуымен қатар олардың кунделікті тұрмыста, халық шаруашылығында пайдалану мумкіндіктерін түсіндіру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Фитопатология

    Фитопатология - өсімдік ауруларының себептері мен салдарын, оларды қоздыратын микроорганизмдердің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін анықтап, айықтыру, дамуын шектеу жолдары мен әдістерін зерттейтін ғылым саласы.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстан биоресурстары

    Қазақстан биоресурстары пәні - Қазақстан өсімдіктері және жануарлары ресурстарының алуан түрлілігімен, пайдалы өсімдіктер және жануарлардың жеке топтарын және түрлерін зерттеу тарихының кезеңдерімен, сонымен қатар шикізат алу тәсілдерімен және оларды қолдану жолдарын қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Биофизика

    Биофизика пәні биология, физика, химия және биохимия ғылымдарының қиылысында дамыған ғылым саласы. Салалық білімнің негізгілерінің бірі болып табылады. Ол кәзіргі заман талабына сай биологтарды, экологтарды дайындауда маңызды роль атқарады. Биофизика және оның әдістері жайында түснік беру, биологиялық құбылыстарға қолданылатын биофизикалық тәсілдердің ерекшеліктері, биофизиканың негізгі заңдарымен және әр түрлі деңгейде ұйымдасқан жүйелерге, яғни молекулалық деңгейден популяцияға дейінгі жүйелерге жүргізілетін биофизикалық зерттеулердің негізі болып табылатын әдістермен таныстыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Топырақтану

    Топырақтың түзілуі, құрамы мен қасиеттері, оларды қорғау және тиімді пайдалану туралы ғылым. Ландшафтың туындысы және элементі бола тұрып, топырақ жер бетінің табиғатының дамуына маңызды орта болады. Өзінің құнарлылығы арқылы топырақ өндірістің негізгі құралы болады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Декоративтік өсімдіктер

    Көгалдандыруда қолданылатын сәндік қылқан жапырақты және жапырақты ағаш түрлерінің,шөпті өсімдіктердің түрлері мен сорттарын, биологиясын және экологиялық ерекшеліктерін; шөпті және бұталы өсімдіктердің агроландшафттарының негізгі компоненттерін, биологиялық ерекшеліктерімен, сәндік қасиеттерімен және өндірістік міндеттерімен байланысты гүлді дақылдар биологиясының негіздерін; өсімдіктердің әртүрлі түрлерін өсіру технологиясын зерттейді

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Нейробионика

    Нейробионика-бионика бөлімі, ол техника қажеттіліктері үшін адам мен жануарлардың жүйке жүйесінің қызметін зерттеуді және модельдеуді мақсат етеді. Нейробионика мидың жұмысын, есте сақтау механизмдерін зерттейді. Жануарлардың сезім мүшелерін, жануарлардың да, өсімдіктердің да ішкі механизмдерінің қоршаған ортаға реакциясы қарқынды зерттелуде.Нейробиониканың негізгі бағыттары-адам мен жануарлардың жүйке жүйесінің физиологиясын зерттеу және жүйке жасушаларын модельдеу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Көгалдандыру негіздері

    Көгалдандыру негіздері - қала, ауыл, тағыбасқаелдімекендерағаш, бұта, гүл, көгалөсіру. Студенттерге жасыл құрылыс саласындағы ғылым мен практиканың заманауи жетістіктері негізінде өсімдіктерді өсіруге қажетті білім мен дағдыларды үйрету. Гүлді-сәндік өсімдіктердің алуан түрлерін зерттеу, гүлді және сәндік өсімдіктерді морфологиялық белгілері бойынша анықтауға үйрену, өсімдіктердің экологиялық сипаттамаларын және олардың ауыл шаруашылық технологиясының ерекшеліктерін зерттеу, жекелеген түрлерді пайдаланудың негізгі бағыттарын зерттеу және көгалдандыру әдістерін меңгерту .

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Биологиялық нысандардың əртүрлілігі және құрылымдық ерекшеліктері туралы теориялық негіздер мен базалық түсініктерді біледі, жалпы кəсіби базалық ақпаратты меңгереді жəне талдайды;
  • Оқылатын салада фактілерді, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы күрделі тәуелділікті біледі және түсінеді.
  • Тірі организмдердің түрлерін, құрылысын,тіршілік белгілері мен негізгі қасиеттерін молекулалық, клеткалық және ұлпалық деңгейде зерделеп, организмге тән функциялар мен физиологиялық процестердің жүру механизмін, экологиялық топтардын, қауымдастықтағы заңдылықтарды, экологиялық қауіпсіздік мəселелері мен табиғи ресурстарды қорғау шараларын айқындайды;
  • Әр түрлі ақпараттық ресурстарды, компьютерлік жəне мультимедиялық технологияларды, сандық білім беру ресурстарын кəсіби қызметте қолдана біледі;
  • Биологиялық жүйелердің ұйымдасу деңгейлерін, қызметін, өзара байланысын, биологияның негізгі концепциялары мен даму перспективаларын біледі;
  • Ғылыми зерттеулердің әдістерін және академиялық хатты біледі және оларды оқытылатын салада қолданады;
  • Академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңызын ұғынады;
  • Ағзалардың тұқым қуалаушылық пен өзгергіштігінің молекулулалық механизмдері мен заңдылықтарын, генетикалық және биохимиялық әдістерін, биотехнологияның қазіргі таңдағы даму деңгейін танып, биотехнологиялық әдістердің көмегімен селекция процесін жүргізеді;
  • Теориялық және эксперименттік зерттеу әдістерін қолдану іскерлігін қалыптастыру арқылы ізденушілік-зерттеушілік дағдыларын игереді;
  • Микробиология, молекулалық биология және генетика саласындағы сыни ойлау мен білімге ие, әртүрлі дерек көздерден алынған ақпараттар базасымен жұмыс істей алады; Жүйелік, молекулалық және статистикалық талдау жүргізе алады;
  • Табиғи материалдардан жасалған композициялар арқылы фитодизайн, сәндік өсімдік шаруашылығы және гүл өсіру, ландшафттық сәулет және әртүрлі интерьер түрлерінің фитодизайн принциптеріне негізделген қалалар мен қала сыртындағы демалыс аймағын жоспарлайды және түрлендіреді;
  • Ғылыми зерттеу жұмыстарының, ғылыми таным мен шығармашылықтың әдіснамалық негіздерін меңгеріп, олардың нәтижелерін оқытылатын салада қолданпды;
  • Арнайы математикалық әдістерді, жануарлар мен өсімдіктерден алынатын өнімдерді өндіру үшін далалық және зертханалық биологиялық зерттеулерді орындау нәтижесінде алынған ақпаратты статистикалық өңдеуді пайдалана отырып, биологиялық объектілердің сандық және сапалық белгілерінің зерттеу жұмысын ұйымдастырады;
  • Инклюзивті білім беру жағдайында мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды психологиялық-педагогикалық мәселелерін түсіну, ғылымның біртұтастығы идеясын түсіндіру үшін адам өмірінде болып жатқан құбылыстар мен процестер арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды жалпылау және талдау.Тұрақты даму мақсатындағы жаһандық әріптестік шеңберінде жүзеге асыру құралдарын нығайту және жұмысты жандандыру.

Ұқсас БББ

6B05101 Биология

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты

6B05101 Биология

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)

6B05101 Биология

Торайгыров университеті

6B05101 Биология

Астана халықаралық университеті

6B05101 Биология

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

6B05101 Биология

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

6B05101 Биология

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

6B05101 Биологиялық инженерия

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

6B05101 Биология

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)

6B05101 Биология

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

6B05101 Биология

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

6B05101 Өсімдіктер биотехнологиясы және микробиология

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

6B05101 Биология

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

6B05101 Биология

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

6B05101 Биология

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

6B05101 Биология

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

Top