Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті в Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

  • Жоғары мектептің педагогикасы
    Несиелер: 4

    Оқу үдерісін (өз бетімен білім алу), оқыту, тәрбие беру (өзін-өзі тәрбиелеу), дамуды (өз-өзін дамыту) іске асырудың және студенттерді қызмет бір түрі мен қоғамдық өмірге кәсіби тұрғыда дайындаудың заңдылықтар мен құралдарын зерттейді. Жоғары мектеп дидактикасы, жоғары оқу орнында тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі, жоғары мектеп менеджменті, жоғары мектеп технологиялары қарастыралады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Академиялық грамматика негіздері
    Несиелер: 6

    Академиялық грамматиканың жеке жүйесіне енетін фонетика, морфонология, лексикология, сөзжасам, морфология, синтаксис бөлімдерінің әрқайсысына тән обьектілерін тіл білімінің жаңа бағыттарымен байланыстыра қарастырады. Қазіргі қазақ тілі грамматикасына қатысты зерттеу еңбектеріне аналитикалық шолу, сараптау жұмыстарын жүргізу көзделеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ терминологиясының өзекті мәселелері
    Несиелер: 5

    Терминологияның тіл құрылымындағы орны, оның жасалу көздері мен жолдары, сондай-ақ жазу мен аударманың термин қалыптастырудағы, тіл байытудағы рөлі ғылыми тұрғыдан қарастырады. Қазақ терминографиясының зерттелуі, қазақ ғалымдарының терминжасамдағы тәжірибесі, қазақ тілінде термин қалыптастырудың негізгі кезеңдері, терминография және лексикография, терминологиялық сөздіктерде терминдерді беру тәсілдері, сөздіктердің микроқұрылымы мәселесі қамтылған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 4

    Философия және ғылым әдіснамасы, мәдениет, өркениеттегі ғылым, ғылымның пайда болуы, ғылымның тарихи динамикасының негізгі кезеңдері, орта ғасырдағы ғылым мен философияның дамуы, қайта өрлеу дәуірінің ғылыми жетістіктері, жаңа дәуір ғылымы және философиясы, ғылыми танымның құрылымы, деңгейлері, әдістері, ғылыми революциялар, ғылымның этикалық мәселелері, әлемнің ғылыми бейнесі қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Медиамәтін және саяси метафора
    Несиелер: 5

    ХХ ғасырда философия, әлеуметтану, психология, лингвистика, семиотика, лингводидактиканың зерттеу нысанына айналған метафора көріктеу құралы ғана емес, тұлғаның тілдік дамуын қарқындататын тіл мен ойлаудың универсалийі ретінде қарастырылады. Сондықтан медиамәтін және саяси метафораның негізгі теориялық мәселелері мен түр жағынан жіктелулері, түрлері, функционалдық қызметі, метафораның ғылыми теориялық парадигмалары, медиамәтінді бағалау әдістері, белгілері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері
    Несиелер: 5

    Зерттеу әдістері және олардың жіктелуі, теориялық және эмпирикалық зерттеу әдістері, эксперимент әдісі және оны жүргізу принциптері қарастырылады. Бақылау, педагогикалық байқау, әңгімелесу, фокус-топ жұмысы, интервью алу әдісі, құжаттарды зерттеу, кибернетикалық және математикалық әдіс, педагогикалық процестерді модельдеу әдістері, зерттеу нәтижесін тәжірибеге енгізу жолдары меңгертіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Магистрлік семинар
    Несиелер: 5

    Ғылым дамуының негізгі бағыттары, құрылымы, ғылым логикасы, ғылым философиясы, ғылыми таным, ғылыми таным динамикасының мазмұны мен әдістері қарастырылады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың жоспары, кезеңдері, әдістері, басқару мен бағалау меңгертіледі. Сонымен қатар, пән ғылыми-зерттеуде теориялық және қолданбалы міндеттерді қоя білуді, академиялық адалдық ұстанымдарын сақтауды игертуге бағытталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шет тілі (кәсіби)/
    Несиелер: 4

    Кәсіби, ғылыми, қоғамдық-саяси қатынас салаларындағы ауызша және жазбаша сөйлеу ерекшелігін; кәсіби-себептелген жағдайлар шеңберінде шетел тіліндегі мәтінді құру мен ұйымдастырудың ұлттық-мәдени ерекшеліктерін; кәсіби қатынас саласындағы шетел тілінің сөздік құрамының стилистикалық ерекшеліктерін; әлеуметтік факторларға, қатынас жағдайына, әңгімелесушінің мәртебесіне және оның коммуникативтік ниеттеріне сәйкес түрлі тілдік және сөйлесу құралдарын қолдануды меңгертеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Әдеби ағымдар мен әдістер теориясы
    Несиелер: 5

    Әдеби ағым мен әдіс мәселелерінің әдіснамалық негіздерін, стиль мәселесін байыптаудағы пайымдаулар мен көзқарастарды, стильді танытудың, зерттеудің, әлемдік әдебиеттегі ағымдардың қазіргі қазақ әдебиетіндегі көрінісі, бағыт, бағдар алуы, модернистік және постмодернистік ағымдардың қазақ әдебиетіне әсер-ықпалы қарастырылылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Адам интеллектісі дамуының лингвистикалық аспектілері
    Несиелер: 5

    Адам интелектісінің ғылыми аспектілері, интеллект және концепт, адам интеллектісінің лингвопсихологиялық сипаты, «Интеллект» макроконцептісінің педагогикалық негіздері, паремиялардағы көрінісі, интеллект мәнді фразеологизмдердің мағыналық өрісі, «интеллект» макроконцептісінің когнитивтік метафорадағы бейнесі, гендерлік ерекшеліктері, тәрбие берудегі тілдік қызметі, «Ақыл», «Шешендік» базалық концептісінің лингвистикалық аспектілері қарастырылылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
    Несиелер: 6

    Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі зерттелуінің өзектілігі, ғылыми бастаулары, әдебиеттанушылар еңбегіндегі әдебиет тарихын дәуірлеудің негізгі бағыттары, әдебиет тарихын дәуірлеу мәселелері, қазақ әдебиеттануындағы қазақ кеңес әдебиетінің жүйеленуі, тәуелсіздік алғаннан кейінгі ұлттық әдебиет тарихына деген жаңаша көзқарастың қалыптасуы, әдебиет тарихын дәуірлеудің өзекті мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
    Несиелер: 5

    Адамзат тілінің пайда болуы, алтай тілдер теориясы, түркі тілдерінің даму кезеңдері, ежелгі тілдермен байланысы, Шумер мәдениеті мен жазуы, әліпбиі мен көне түркі әліпбиінің байланысы, көне түркі тілдеріндегі тарихи атаулар, олардың семантикалық жақтан дамуы қарастырылады. Көне түркі тіліндегі сөзжасамдық тәсілдер, түркі тілдерінің тарихына қатысты мұралар, тарихи атаулардың танымдық мәні меңгертіледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 4

    Басқару психологиясының негізгі әдістері, менеджмент теориясы, тәжірибесі, басқару мектептері, басқару жүйесіндегі жеке тұлға түсінігі, өз-өзін бағалау еңбек әрекеттіндегі ниет, фрустрация деңгейі; басқару жүйесіндегі темперамент, тұлғаның эмоцияналды ерікті аумағы қарастырылады. Еңбек мотивациясы, психофизиологиялық басқару негіздері, шешім қабылдау психологиясы, көшбасшылық, «басшы-бағынушы» арасындағы қарым-қатынас; ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық жағдай; конфликтідегі мінез-құлық стратегиясы; тиімді тайм-менеджмент меңгертіледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақ лирикасындағы ұлттық идея
    Несиелер: 5

    Лириканың тақырыптық-мазмұндық, көркемдік-идеялық дамуы, ұлттық идея мәселесі, қазақ халқының философиялық ойының оның рухани мәдениетінің қалыптасуына әсері қазақ ойшылдарының философиялық идеяларындағы ұлттық сана-сезім, төңкерістік поэзияның символикасы, алашшыл жырлардағы алаш идеясы, кеңестік кезеңдегі қазақ ақындарының шығармаларындағы утопия түрлері, Тәуелсіздік кезеңдегі ұлттық идея мен идеологияның қазақ лирикасында жырлануы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қазақ тіліндегі грамматикалық сөз нұсқалары
    Несиелер: 5

    Грамматикалық сөз нұсқаларының туу себептері, даму бағыттары мен тілдің сөздік құрамына әсері, морфологиялық нұсқалар мен лексикалық синонимдердің арақатынасы, түбірге сіңіскен өлі және тірі жұрнақтардың есебінен пайда болған нұсқалар, есім және етістік, т.б сөз таптарынан пайда болған сөз нұсқалары, синтаксистік синонимдердің әдеби нормаға қатысы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Поэтика және өлеңтану
    Несиелер: 5

    Өлең сөздің сыры мен сипаты, мәні мен маңызы, көркемдік эстетикалық таным көркем өнердің күрделі болмысы мен көркемдік ерекшелігі, қоғамдық, танымдық, эстетикалық мән-маңызы, қазіргі қазақ өлеңіндегі көркемдік жаңарулар қарастырылады. Өлең өрімінің жүйесі: антикалық поэзиядағы мөлшерленім, тілдегі силлабикалық екпін түсірім орны, орыс поэзиясындағы силлабо-тоникалық еркін екпін түсірілімі меңгертіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Филологиялық пәндерді оқытудың мотивациялық негіздері
    Несиелер: 5

    Оқу мотивтерін қалыптастырудың маңызы, мотивтер жүйесі, мотив және ұстаным, мотив және мақсаттар, қажеттіліктер, оқу мотивтерін қалыптастыру арқылы қатысымдық құзыретті қалыптастырудың педагогикалық, психологиялық, лингводидактикалық негіздері, мотивация және белсенді оқыту әдістері, танымдық іс-әрекет қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Лингвомәдениеттану
    Несиелер: 5

    Тіл және мәдениет, тіл және өркениет, лингвомәдениеттанудың тарихы мен теориялық негіздері, әдістері мен әдіснамасы, мәдени коннотация, ғаламның тілдік бейнесі, тілдік болмыс, тілді лингвомәдени сипатта зерттеу, тілдік тұлға, тілдік бірліктердің гендерлік ерекшеліктері қарастырылады. Фразеологияның, метафораның, символдың, стереотиптің лингвомәдени аспектісі меңгертіледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қазақ лингвоэкологиясы
    Несиелер: 5

    Қазіргі лингвоэкологиялық зерттеулердің аспектілері, ұғымдары мен категориялары, әлемдік тілдік әралуандықты сақтау проблемасы, тілдік орта және тілдік тұлға, мемлекеттік тіл саясаты және тілдік импульс, тілдің өміршеңдігі, глоттофагия, тілдік жағдаят қарастырылады. Тілдік тұлғаның сөз мәдениеті, қатысымдық нормалар, эмотивті лингвоэкология меңгертіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Жоғары мектепте филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Филологиялық пәндерді оқытудың заңдылықтарын, әдіснамалық негіздерін, жоғары білім берудің дидактикалық, әдістемелік талаптарын қарастырады. Филологиялық пәндерді оқыту бағдарламаларын жасау, жетілдіру жолдары, оқыту әдістемесі, оқыту формалары, дәріс, практикалық сабақтар әдістемесі, оқытудың жаңа технологияларын, студенттердің білімін тексеру және бағалауды, қазақ тілі пәндерін оқытуда пайдаланылатын интербелсенді әдістерді таңдау, сұрыптау, бағалау критерийлерін құрастыруды қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Код ON7

    Қазақ әдебиеті тарихындағы ағымдар мен әдістердің концептуалдық негіздерін саралайды, әдебиет теориясының ғылым ретінде қалыптасу кезеңдерін, көркемдік-эстетикалық қасиеттерін зерделейді; өлең теориясы заңдылықтарын салалас ғылымдар жетістіктерімен бірлікте қарастырып, поэтика, стиль бағытында ғылыми тұрғыда бағалайды, тұжырымдайды

  • Код ON3

    Жоғары мектеп педагогикасының теориялық-әдістемелік негіздеріне сүйене отырып білім беруде ұйымдастырады, білім берудегі негізгі педагогикалық тұжырымдамаларды тиімді ұстану жолдарын анықтайды, басқару психологиясы мен менеджмент теориясының негізгі әдістерін меңгерген, әлеуметтік-педагогикалық жобалау және болжау мүмкіндіктерін қолданады; практикалық дағдыларды игереді, қызметке қатысты креативті шешімдер қабылдайды; әріптестерімен кәсіби, мәдени қарым-қатынас орнатады

  • Код ON1

    Ғылым тарихы мен жаңа концептуалдық идеялардың даму бағыттарын өзіндік көзқарас тұрғысынан дәлелдейді; ғылыми сананың заманауи даму үрдістерін, философиялық мәселелерін анықтайды, іс-тәжірибелік мәселелерді жедел шешуге ықпал ететін жүйелі ойлау дағдыларын меңгерген, қоғамның өзекті мәселелері бойынша өз ұстанымын білдіреді, теориялық білімдерін кәсіби қызметте қолданады

  • Код ON6

    Қазақ әдебиетін дәуірлеудің заңдылықтарын, көркемдік-идеялық жағынан дамуын ғылыми тұрғыда бағалайды, тұжырымдайды, филологияның теориялық мәселелері жайлы ғылыми ойлар мен теорияларды сыни тұрғыда талдайды, бағалайды, салыстырады

  • Код ON4

    Қазіргі қазақ тілінің салалары жүйесіне қатысты ғылымда зерттелген тұжырымдарды бағалайды және талдайды; тіл тарихын дәуірлеудің теориялық негіздерін, тілдік бірліктердің когнитивті, концептуалды, гендерлік талдауын, түркі тілдерімен байланысын дәлелдейді, тіл білімінің қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын зерттейді және латыннегізді жаңа емле ережелерін кәсіби қызметінде пайдаланады

  • Код ON2

    Шетел тілінде логикалық және жүйелі тұрғыда ауызша және жазбаша қарым-қатынас құрады; шетел тілін көпмәдениетті әлемдегі халықаралық өзара түсіністік пен келісім құралы ретінде пайдаланады, кәсіби деңгейде шет тілін жетік біледі, ғылыми зерттеулер жүргізеді, университетте арнайы пән жүргізеді

  • Код ON9

    Гуманитарлық ғылымдар саласы бойынша ғылыми-педагогикалық зерттеудің жаңа технологиялары мен әдістерін ғылыми-әдіснамалық тұрғыда талдайды, бағалайды және салыстырады, зерттеу еңбегін жоба ретінде ғылыми айналымға ұсынады

  • Код ON8

    Оқыту әдістемесінің теориялық негіздерін, заманауи технологияларды, әдіс- тәсілдерді педагогикалық қызметінде пайдалануды ұйымдастырады, заманауи білім беру парадигмасы контексіндегі педагогикалық, филологиялық ғылымдар дамуының бағыттары мен жаңа концептуалдық идеяларын салыстырады

  • Код ON5

    Тіл біліміндегі жаңа ғылым салаларының теориялық негіздерін талдайды, заманауи білім парадигмасындағы функционалды грамматика, когнитивтік лингвистика, медиамәтін, лингвоэкология, терминология бағытындағы жаңа тұжырымдамалық теорияларды іс-тәжірибеде қолданады, тіл біліміндегі және лингводидактика теориясындағы заманауи ғылыми-зерттеу трендтерін сыни тұрғыдан талдайды; лингвистикалық пәндер аясында алған білімдерін инкіріктіреді, оны зерттеу мәселелерін шешуде қолданады

  • Код ON10

    Филологиялық зерттеулер үдерісін жоспарлаудың, іске асырудың әдістемесін сын тұрғысынан талдайды, тұжырымдарды дәлелдейді

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (Бейінді)
Магистратура

«Bolashaq» академиясы (Болашақ)

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701701 7M01701701-Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ Е.А.Бөкетов)

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (н/п)
Магистратура

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Орталық- Қазақстан Академиясы

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті педагогін даярлау
Магистратура

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Торайгыров университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Қайнар академиясы

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (1 жыл)
Магистратура

«Тұран-Астана» университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Шымкент университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтерін даярлау
Магистратура

"Сырдария" университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Магистратура

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті бейіндік
Магистратура

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Магистратура

Сулейман Демирел атындағы университет

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Магистратура

Қызылорда "Болашақ" университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (Ғылыми-педагогикалық бағыт)
Магистратура

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
Top