Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B05102 Жануарлар биотехнологиясы және биоинформатика в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

  • Математика
    Несиелер: 5

    Берілген курс математикалық аппараттарды меңгеру үшін және қолданбалы есептерді шешу үшін керек. Курс келесі мамематикалық тараулардан тұрады: сызықтық алгебра, аналитикалық геометрия, функция, функцияның шегі, дифференциалдық және интегралдық есептеулер.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Химия
    Несиелер: 5

    Химияның негізгі ұғымдары мен заңдары. Атомның құрылымы және химиялық байланыс. Мерзімді заң және элементтердің мерзімді жүйесі. Кинетика және химиялық термодинамика және т.б.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жануарлар көбею биологиясының негіздері
    Несиелер: 8

    Курс студенттерді жануардың даму процесіндегі морфологиялық, функционалдық, биохимиялық өзгерістермен таныстырады, сыртқы ортаның осы үдеріске, сондай-ақ бөліктердің өзара ықпалымен байланысты ішкі ортаның әсерін зерттейді. Әртүрлі таксономиялық топтағы жануарларды дамыту жолдарының әртүрлілігіне ерекше назар аударылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жасушалық биология
    Несиелер: 8

    Берілген курстың мазмұны жасушаның құрылымдық-функционалдық ұйымдастырылуы және макромолекулалар мен олардың кешендерінің күрделі өзара байланыс желісімен байланысты сұрақтар шеңберін қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жануалар физиологиясы
    Несиелер: 6

    Жануалар физиологиясын оқу жануарлар физиологиясы бөлімдерін оқып үйренудегі оқушылардың кәсіби құзыреттілігін кеңейтеді, қазіргі физиологиялық зерттеу әдістері туралы кәсіби білімді қалыптастырады, сонымен қатар келесі сұрақтарды қарастырады: физиологиялық зерттеу әдістері; эксперименталды физиологиялық техниканың қазіргі даму деңгейі; тыныс алу, ас қорыту, бөліп алу физиологиясы; зат алмасу регуляциясы және т.б.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Жануарлар биохимиясы
    Несиелер: 6

    Курс барысында жануарлар ағзасының жасушалары мен ұлпалардың құрылысы мен қызмет ету заңдылықтарын, ағзадағы негізгі биомолекулалардың метаболизмін нормада және патологияда оқып зерттеу; негізгі биомолекулалардың метаболизмін реттеу механизмдерін зерттеу; негізгі биомолекулалардың алмасуының өзара байланысын, ағзадағы жалпы катаболизм жолдарын білу; жануарлар биохимиясы саласындағы жаңа теориялық жетістіктермен танысу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Физика
    Несиелер: 5

    Физика заманауи биологияның негізгі пәндерінің бірі болып табылатын жаратылыстану, техникалық және өндірістік мәселелердің кең ауқымын қамтиды. Биология әрдайым физикадан параллель дамып келеді, физика үшін сұрақтар қойған биологиялық эксперименттер, физика биологиялық және медициналық зерттеулерді дамыту үшін негіз құрды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Биотехнология нысандары және олардың өндірістегі қолданылымы
    Несиелер: 6

    Биотехнология нысандары және олардың өндірістегі қолданылымы: микроорганизмдер, өсімдік және жануарлар жасушалары туралы негізгі түсініктер қалыптастырады. Сонымен қатар жасушалық және генетикалық инженерияда, сондай-ақ биосинтетикалық өндірісте жасуша культураларын қолдану мен фундаменталды және қолданбалы ғылымдардың қазіргі жетістіктері көмегімен биотехнология нысандарын жетілдіру қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Іскери риторика
    Несиелер: 5

    Курс кәсіби-тәжірибелік бағытта құрастырылған. Оны оқу арқылы кәсіби маңызды жағдайларда риторикалық іс-әрекет технологиясын игеру көзделген. Білім алушылардың сөздік білімділігін арттыру, тиімді іскерлік қарым-қатынас қағидалары, жұрт алдында сөйлеудің ұтымды ықпал етуін қамтитын негізгі факторлар мен үдерістері, шешен мен аудитория ынтымақтасуының формалары мен құралдары туралы білім алу курстың міндеттеріне кіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Цифрлық технологияларды салалар бойынша қолдану
    Несиелер: 5

    Курс қолдану салалары бойынша ҚР «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын ендіру және жүзеге асырудың кезеңдерін, электрондық қызметтерді көрсетудің цифрлық платформаларын, әртүрлі кәсіби салалар бойынша цифрлық технологияларды ендіру, қолдану жолдарын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Курс адамның қоршаған ортамен қауіпсіз өзара әсер тәсілдерін, адамның қауіпсіз ортада тіршілік етуін, экологиялық факторларды, қоршаған орта сапасының ғаламдық өзгерістерін және олардың салдарын қарастырады. Сонымен қатар, су ресурстарының, әуе бассейнінің экологиялық қауіпсіздігін, жер ресурстарының деградациясы мен тозуын, экологиялық тәуекел, ҚР азық түлік қауіпсіздігі және ҚР территориясындағы антропогенді әс-әрекетпен байланысты табиғи, техногенді апаттарды және олардан қорғану тәсілдерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Рухани жаңғыру
    Несиелер: 5

    Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қоғамның рухани дамуының басымдықтары айқындалып, бағдар берілді. Рухани жаңғыруды жедел жүзеге асыру міндеті қойылды. Қазіргі заманның талабына сәйкес қоғам дамуының іргелі қағидасының бірі жастардың білімге, прагматизмге, бәсекеге қабілеттілікке деген ұмтылыс болуы қажет. Білім алушылардың зердесі мен санасының ашықтығы – рухани жаңғыруды тиімді жүзеге асырудың басты шарты болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Кәсіпкерлік және бизнес
    Несиелер: 5

    Теориялық, ғылыми және практикалық білім арқылы «Кәсіпкерлік және бизнес» курсы студенттерге бизнес жоспар жасауға, оны ұйымдастыруға және жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар кәсіпкерлік қызмет жүйесінде нақты және туындайтын мәселелерді шешу үшін құқықытық, экономикалық, басқару мен ұйымдастыру мәселелрін шешудің ғылыми – перактикалық ойлау жүйесін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ауыл шаруашылығы жануарларды өсіру және селекциялау
    Несиелер: 5

    Малдарды селекциялау және өсіру негіздері жануарлардың жеке дамуын зерделеуді; экстерьер және интерьерді; ауыл шаруашылығы малдарының өнімділігін және оны есепке алу әдістерін; асыл тұқымды малдың шығу тегі мен сапасы бойынша бағалауды және ұрпағын іріктеуді; тұқым және оның құрылымы туралы ұғымды; ауыл шаруашылығы малдарын өсіру әдістерін; ал жоғары сапалы тұқымдарды, ауыл шаруашылығы өндірісіндегі сорты мен маңызы туралы ұғымды қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Биотехнология негіздері
    Несиелер: 5

    Курсты оқу кезінде биотехнологияның басты даму сатылары, қазіргі кездегі биотехнологияның негізгі бағыттары, биотехнология өндірісінің негізгі сатылары, соған қоса: шикізат түрлері; субстраттар және орталар туралы ұғымдарды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Биофизика
    Несиелер: 5

    Берілген курста физиканың негізгі заңдарының тірі ағзаларға әсер етуі қарастырылады. Курс келесі бөлімдерден тұрады: термодинамика заңдары; мембраналар биофизикасы: биологиялық мембраналар; мембраналардың құрылысы және қасиеттері; заттардың биологиялық мембраналары арқылы тасымалдануы; биоэлектрикалық потенциалдар;жасуша биофизикасы; фотобиологиялық үдерістер; физикалық факторлардың тірі ағзаларға әсер етуі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Жалпы және молекулалық генетика
    Несиелер: 5

    Аталған курс генетиканың даму сатыларын, негізгі міндеттері мен келешектегі дамуын, сондай-ақ теориялық және тәжірибелік маңызын қарастырады. Тұқымқуалаушылықтың және өзгергіштіктің негізгі ұғымдарын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Жануарлар эмбриологиясы
    Несиелер: 5

    Жануарлар организмдерінің жеке дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейді, оның ішінде олардың ұрық алдындағы дамуы, органогенезі, эмбрионнан кеінгі дамуы, ұрықтың эмбрионалды бастамасының ағзалық, клеткалық және субклеталық деңгейлерде өзара әрекеттесуі, студенттерде жеке дамудың қазіргі биологиясының негізгі бағыттары мен оның басқа биологиялық пәндер арасындағы орны туралы түсініктерді қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Радиобиология
    Несиелер: 5

    Радиобиология – иондаушы сәулелердің биологиялық жүйелерге әсерін, клеткамен ұлпалардың радиосезимталдығын, иондаушы сәуленің әсер ету теориясы мен механизмдерін зерттейді. Биотехнологиялық зерттеулерде радиоактівті изотоптарды қолдану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
    Несиелер: 5

    «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» курсы «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бағыты бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды зерделеуге бағытталған. Биологиялық және сабақтас ғылымдар, қоршаған орта саласында және физика-химиялық ғылымдар саласында, сондай-ақ математика және статистика саласындағы барлық нормативтік актілер қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Мал шаруашылығындағы заманауи биотехнология
    Несиелер: 6

    Аталған курсты оқыту жануарлар биотехнологиясы саласында жүйелі білімді, икемділік пен дағдыларды және ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірісін көбейту және оның сапасын жақсартуға арналған жануарлар биотехнологиясының дамуының негізгі бағыттары туралы түсініктер қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ауылшаруашылық биотехнологиясы
    Несиелер: 6

    Экономикалық маңызды заттарды өндіру үшін биологиялық процестер мен объектілерді пайдалануды және өсімдіктердің жоғары өнімді сорттарын, жануарлар тұқымдарын және штаммдарды жасауды, агроөнеркәсіп өндірісінде заманауи биотехнологияның жетістіктерін қолдануды зерделейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Бейімделудің және резистенттіліктің физиологиялық механизмдері
    Несиелер: 6

    «Бейімделу және резистенттіліктің физиологиялық механизмдері» -жануардың және адамның әртүрлі физико-географиялық аймақтарда, жылдың, тәуліктің әртүргі мезгілінде және әртүрлі жағдайларда өмір сүру мен әрекет ету тәуелділіктерінің байланысын зерттейтін физиологияның саласы; Табиғи фактордарға бейімделудің физиологиялық негіздерін (физиологиялық бейімделу) және оның жануарлар ағзасына, экологиялық қауіпсіз мал шаруашылық өнімдер шығару үшін адам қолымен өзгертілген табиғи комплекстерге әсерін; ауруларды алдын алуды ашады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Молекулалық биология
    Несиелер: 6

    Берілген курсты оқу кезінде генетикалық ақпаратты сақтау, беру, тарату механизмдері, ақуыздар мен нуклеин қышқылдарының құрылымы және қасиеттері туралы ұғымдарды қалыптастырады

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Иммунология негіздері
    Несиелер: 6

    Иммундық жүйе туралы жалпы мәліметтер. Иммундық жүйенің құрылысы мен функционалдық ұйымдастырылуы. Сүтқоректілердің иммундық жүйесі. Иммунитеттің тиімді механизмдері. Жасушаға қарсы иммунитет. Ісіктердің иммунологиясы. Иммундық жүйенің құрылымдық ұйымы. Иммундық жүйенің орталық ағзалары. Гуморальды иммундық жауап. Жасушалық иммундық жауап.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Биоинформатика және биостатистика негіздері
    Несиелер: 6

    Бұл курс биологиялық деректерді жинау мен талдаудың және оларды статистикалық өңдеудің заманауи компьютерлік әдістерін оқытуды қарастырады. Биотатистика сандар немесе нұсқалар түрінде биологиялық фактілерді сандық және сапалық ұсыну (өлшеу) түрде негізгі ұғымдарды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жануарлардың биоалуантүрлілігі
    Несиелер: 6

    Жердің табиғи экожүйелерінің биоәртүрлілігі. Биосфераға антропогендік әсер ету. Қоршаған ортаны қорғау. Жануарлар дүниесінің биологиялық әртүрлілігі мониторингі; жануарлар дүниесінің әртүрлілігін сақтау жолдары мен әдістері; әлемдік тәжірибеде және Қазақстанда қолданылатын биоәртүрлілікті сақтау жөніндегі бағдарламалар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Өндірістік микробиотехнология
    Несиелер: 5

    Әртүрлі өндіріс салаларында қолданылатын негізгі микроағзалар. Тамақ, медицина, ветеринария өнеркәсібіндегі микробтық биотехнология. Ауыл шаруашылықта, металлургияда, мал шаруашылығында, өсімдік шаруашылығы мен гендік инженерияда микроағзаларды қолдану.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Санитарлық және ветеринарлық микробиология Санитарная и ветеринарная микробиология Sanitarian and veterinarian microbiology
    Несиелер: 5

    Берілген курсты оқу сыртқы орта объектілерінің, шикізаттар мен тамақ өнімдерінің санитарлық-бактериологиялық бақылау жүйесі туралы теориялық және практикалық білімді қалыптастырады, сонымен қатар келесі сұрақтарды қарастырады: зооантропонозды инфекциялар, тағамдық токсикоинфекциялар қоздырғыштары; морфологиялық, культуралдық, биохимиялық қасиеттері; диагностикасы, алдын алу және т.б.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Жануарлардың патофизиологиясы мен функционалды диагностикасы
    Несиелер: 5

    Курстың мазмұны аурулардың пайда болу механизміне, ағымына және нәтижесіне, этиологияға, жұқпалы емес, инвазиялық, онкологиялық аурулардың патогенезіне қатысты сұрақтар шеңберін, оның негізде диагностиканың принциптері мен әдістерін әзірлеуді қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қолданбалы энзимология
    Несиелер: 5

    Иммобилденген ферменттер мен клеткаларды пайдалана отырып жасалған өндірістік процесстер. Органикалық синтездегі биокатализ. Қанттардың ферментативті синтезі. Микроталдауда иммобилизацияланған ферменттерді пайдалану. Иммобилденген ферменттер мен белоктар дәрілік заттар ретінде.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Экологиялық биотехнологияның қолданбалы аспектілері
    Несиелер: 5

    Берілген курсты қоршаған ортаның экологиялық мәселелерін; ҚР территориясындағы топырақтың, сулардың және ауаның ауыр металдар мен радионуклидтермен ластануын; атом мен сутегі бомбаларының жарылуларының, уран, мұнай және әртүрлі металдар өндірудің салдарын, сонымен бірге қоршаған орта ластану мәселелерін шешу жолдарын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Иммунологиялық зерттеулердің әдістері
    Несиелер: 5

    Берілген курсты оқу зерттеудің негізгі иммунологиялық әдістері және иммунологиялық препараттарды алу мен жасаудың принциптері, сонымен қатар иммунопрепараттардың сапа мәселесі мен олардың талаптарға сәйкес өндірудің қауіпсіздігі туралы білімдерді қалыптастырады, сондай-ақ келесі сұрақтарды қарастырады: иммундық жүйе туралы жалпы мәліметтер; иммунологиялық зертханалар, жабдықтар, зерттеудің биотехнологиялық нысандары; жануарлардың иммундық жүйелері және тағы басқа.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Медициналық және ветеринарлық биотехнология
    Несиелер: 5

    Берілген курсты оқу тірі организмдер ретінде әртүрлі биологиялық жүйелерді қолдана отырып жүзеге асырылатын технологиялық үрдістер туралы білімді қалыптастырады, сонымен қатар келесі сұрақтарды қарастырады: медициналық және ветеринарлық биотехнологияның даму кезеңдері; медициналық және ветеринарлық биотехнология объектілері: микроорганизмдер, вирустар; антибиотиктерді алу технологиялары: микробиологиялық синтез, химиялық синтез, антибиотиктердің мутасинтезі және басқалар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ақуыз-дәрумендік кешенді және жемдерді өндіру биотехнологиясы
    Несиелер: 5

    Ақуыздар, дәрумендер және жемдерді өндірудегі микробиологиялық рөл. Ақуыздардың биотехнологиялық өндірісі. Құрғақ, құрама және шырынды жемдер өдірісі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Фармакологиялық генетика және молекулярлық диагностика негіздері
    Несиелер: 5

    Бұл курсты оқу фармакогенетика саласындағы ғылыми жетістіктердің деңгейі туралы білімді қалыптастырады және молекулалық диагностиканың өнеркәсіптік әдістерімен танысу, сонымен қатар келесі сұрақтарды қарастырады: фармакокинетиканың генетикалық негіздері; биотрансформацияның фармакогенетикалық заңдылықтары; генетикалық аурулардың молекулалық диагностикасы, зерттеу ерекшеліктері мен әдістері және т.б.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жануарлардың генбанктерін құрудағы криобиотехнологиялар әдістері
    Несиелер: 5

    Биологиялық объектілерді ұзақ мерзімді төмен температуралы сақтаудың әлемдік тәжірибесі. Әлемдік стандарттарға жауап беретін жануарлар жасушаларының, тіндерінің, ағзаларының өсінділерін криоконсервациялаудың және биологиялық объектілердің төмен температуралы Банкінде оларды ұзақ уақыт сақтаудың қазіргі заманғы теориялық негіздері мен принциптері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру
    Несиелер: 6

    Курсты оқу ғылыми-зерттеу жұмыс іс-әрекетін ұйымдастыру бойынша кәсіби компетенцияларды қалыптастырады және келесі сұрақтарды қарастырады: ғылыми зерттеу әдістемесі; ғылыми зерттеу негіздері; биотехнологиядағы зерттеу әдістері; ғылыми зерттеу нәтижелерін өңдеу және рәсімдеу және тағы басқа.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Генетикалық зерттеулер мен жануарлардың практикалық селекциясындағы молекулалық маркерлер
    Несиелер: 5

    Ауыл шаруашылығы жануарларының селекциясында қолданылатын фенотиптік, биохимиялық және молекулалық-генетикалық маркерлік талдаудың теориялық негіздері және негізгі заманауи әдістері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жануарлардың гендерін бағыттап тасымалдау әдістері
    Несиелер: 5

    Берілген курс трансгендік жануарлар туралы білімді қалыптастырады. Курстың басты міндеті-генді жануар ағзасына енгізу технологиясын, экзогенді ДНҚ микроинъекциясын, экзогенді ген экспрессиясының сипаты мен деңгейін меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ветеринариялық микробиология және вирусология
    Несиелер: 5

    Берілген курсты оқу ветеринариялық микробиология және вирусология саласында микроағзалар, эконысандардан саңырауқұлақтар вирустарын бөлу мәселесіне қазіргі көзқарас, оларды идентификациялау мәселесіне фенотиптік және генетикалық көзқарас туралы, микроағзалармен симбиотикалық және ассоциативті микроорганизмдердің өзара қарым-қатынас принциптері, микроағзалар-ассоцианттарды зерттеудің қазіргі заманғы тәсілдері, инфекциялық аурулар қоздырғыштарының пайда болу жолдары, табиғатта олардың айналуының негізгі заңдылықтары, сонымен қатар диагностика, алдын алу және олармен күресу әдістері туралы терең кәсіби білімді қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Бағаналы жасушалардың биологиясы
    Несиелер: 5

    Бұл курсты оқу бағаналы жасушалар және олардың негізгі қасиетттері туралы білімдерді қалыптастырады. Курстың маңызды міндеті бағаналы жасушалар аясында базалық ұғымдарды және онымен байланысты терминологияны меңгеру болып табылады, сонымен бірге келесі сұрақтар қарастырылады: бағаналы жасушалардың негізгі қасиетттері мен жіктелуі; бағаналы жасушалардың түрлері; бағаналы жасушалардың биологиясы; бағаналы жасушаларды алу, бөліп алу, транплантация кезіндегі мәселелер және тағы басқа.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мал шаруашылығына арналған ферменттер өндірісінің биотехнологиясы
    Несиелер: 5

    Бұл пән мал шаруашылығы үшін ферментті және көпфункционалды белокқұрамды препараттардың өнеркәсіптік өндірісінің биотехнологиялық аспектілерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Медицина және ветеринариядағы пробиотиктер
    Несиелер: 5

    Пробиотиктер (эубиотиктер) және пребиотиктер жайлы түсінік. Пробиотикалық препараттар және пробиотикалық қоспалардың адам мен жануарларға әсері. Пробиотикалық негізіндегі қоспалар мен препараттарды өндіру туралы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Инфекцияға қарсы препараттар биотехнологиясы
    Несиелер: 5

    Бұл курсты оқу инфекция және оның қоздырғыштары, инфекцияға қарсы препараттарды жіктеу және өндіру технологиясы, диагностикалық, емдік және инфекцияға қарсы алдын алу препараттарын құрудың негізгі стратегиялық тәсілдері туралы ғылыми көзқарастар туралы білімді қалыптастырады, сонымен қатар келесі сұрақтарды қарастырады: инфекция туралы заманауи түсініктер; инфекциялық процесті басқару құралдары; қазіргі инфекцияға қарсы препараттар биотехнологиясы және басқалар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тағам өндірісіндегі биотехнология
    Несиелер: 5

    Берілген курс өсімдік және жануар тектес шикізаттың, тағам қоспалары ретінде қолданылатын ферментті препараттардың биотехнологиялық потенциалдарын, микробиологиялық синтез өнімдерін, жаңа биологиялық белсенді заттар түрлерін және тағам өнеркәсібінде көпкомпонентті қоспалар туралы түсініктер қалыптастырады..

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON2

    ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімдіқолдана білу

  • Код ON4

    дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық жағдайдан хабардар болу.

  • Код ON11

    ғылыми әдебиеттермен және басқа да ақпарат көздерімен өзіндік жұмыстың базалық дағдыларын көрсету; ғылыми жарияланымдар мен есептерді дайындау дағдысын меңгеру, кәсіби қызметке барынша дайындығын көрсету.

  • Код ON1

    жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау.

  • Код ON6

    биологиялық объектілерді (прокариот, эукариот және жануарлар) бақылау, сипаттау, идентификациялау және ғылыми жіктеу, прокариотикалық және эукариотикалық жасушалардың дақылдарымен жұмыс істеу әдістерін, қалыпты жағдайда және патологиялық процестердің дамуы барысында жануарлардың жасушалары мен тіндерінің морфо-функционалдық жағдайын бағалауды меңгеру; жануарлар биотехнологиясы және биоинформатика саласындағы қолданбалы міндеттерді шешу мақсатында іргелі биологиялық ғылымдар саласындағы іргелі білімді қолдана білу. Молекулалық, жасушалық, организмдік және популяциялық деңгейлерде талдаудың қазіргі заманғы әдістерін пайдалана отырып, ғылыми зерттеулерді дербес ұйымдастыруға және жүргізуге қабілетті болу.

  • Код ON5

    құқықтық сауаттылықтыарттыру, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын, кәсіби міндеттерін орындау

  • Код ON7

    биотехнологиялық препараттар мен өнімдерді алудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану; қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін биотехнологиялық әдістерді нақты қолданудың оңтайлы парадигмасын таңдау; жоғары тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, қазіргі заманғы биотехнологиялық өндірістерді кәсіби пайдалану; шикізатты, дайын өнімді және технологиялық процестерді стандартты және сертификаттық сынақтан өткізу; биотехнологиялық өндірістегі өндірістік қуаттардың техникалық сипаттамаларын білу.

  • Код ON8

    жануарлардың өнімділігін және олардан алынатын өнімнің сапасын биотехнологиялық әдістермен арттыру мүмкіндігін талдау және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру саласында генетикалық детерминация бағдарламаларын басқару. Күйзеліске, ауруларға төзімді жануарларды жасау үшін түрлі in vitro технологияларының тиімділігін салыстыру, экономикалық құнды генотиптерді құру үшін оларды жетілдіру. Жануарлардың репродуктивті қызметін бақылау әдістерін тәжірибе жүзінде қолдану және генетикалық құндылығы жоғары жануарларды тездетіп көбейту үшін биотехнологиялық әдістерді қолдану.

  • Код ON3

    әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана білу, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдай білу мүмкіндігі.

  • Код ON10

    қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар мен арнайы бағдарламаларды деректердің биоақпараттық талдауын жүргізу үшін қолдану; табиғатты қорғау биотехнологияларының негіздерін білу; биотехнологиялық процесті моделдеу және оларды басқару, биотехнологиялық процесс пен жабдықтарды жүргізу, оңтайландыру және масштабтау теориясын білу; қазіргі заманғы аспаптар мен әдістерді пайдалана отырып, биотехнологиялық өндірістердің шикізаты мен дайын өнімдеріне талдау жүргізу, биомассаның және өнімнің барынша шығуын анықтау үшін ферментация процесінде қоректік орталарды оңтайландыру бойынша міндеттерді шешу

  • Код ON9

    математика, физика, химия, биологияның негізгі ұғымдары туралы негізгі білімді көрсетіп, іргелі және қолданбалы пәндерді біледі.

Top