Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті в Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

  • Өндірістік менеджмент
    Несиелер: 3

    Осы курсты зерделеу барысында магистральдар ұйымды басқару жүйесіндегі өндірістік менеджменттің рөлі туралы түсінік алады; бизнес-процестер мен кәсіпкерлік қызметтің даму негіздерін, инновациялық жобаларды басқару ерекшеліктерін; өндірістік процестердің түрлерін, кәсіпорынның өндірістік құрылымын құру принциптерін, өндірістік және бизнес-процестерді ұйымдастыру әдістерін, өндірістік қызметті болжау, жоспарлау әдістерін үйренеді. Курсты оқыту нәтижесінде магистранттар кәсіпорынның өндірістік қызметімен байланысты басқарушылық шешімдер қабылдау саласында практикалық дағдыларды меңгереді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әдебиеттанудың философиялық-әдіснамалық мәселелері
    Несиелер: 6

    «Әдебиеттанудың философиялық-әдістемелік мәселелері» пәні әдебиеттанудың философиялық-әдістемелік мәселелері бойынша магистранттардың арнайы дайындығының теориялық және тәжірибелік мәселелері, ғылымның философиялық мәселелері, әдебиеттанудың жаңа бағыттары, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымының философиялық мәселері, дүниетаным және шығармашылық, философияның дамуы мен әдебиеттің көркемдік ойлау дамуының байланысын оқытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
    Несиелер: 6

    Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері пәнінің мақсаты - қазіргі әдебиеттанудағы өзекті мәселелер, әдебиет тарихын дәуірлеу туралы әдебиеттану ғылымындағы ғылыми бағалаулардың жүйесін саралап таниды. Магистранттарға әлемдік және ұлттық әдеби үрдіс (процесс) туралы байыптаулардың тарихи-мәдени заңдылықтарына байланысты талдаулар ұсынылады. Әдебиет тарихын дәуірлеуге байланысты жазылған іргелі зерттеулердің теориялық-методологиялық ерекшеліктері, әдіс-тәсілдері, олардың әдебиеттану ғылымын дамытудағы ықпалы туралы кең көлемді мәліметтер беріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әдеби сынның әдіснамасы
    Несиелер: 6

    Пән соңғы жылдары жарық көрген сыни еңбектермен, зертеу мақалалармен таныстыруды, мәнді, маңызды еңбектерді бүгінгі әдебиеттанудың бағытын аңғартатын пікірлермен, негізгі идея, басты ағымдарды өзара салыстыра зерттеуді, алда тұрған өзекті мәселелерді айқындап, зерттеудің жаңа әдістемелері мен әдіс-тәсілдерін үйретуді мақсат етеді. Пән оқыту міндеттері: 1) отандық және шетел елдік сыни еңбектердің даму тендециялары мен заңдылықтарын зерттеу; 2) әдеби сын тұрғысынан көркем шығармаларды талдау және түсіндіру жолдары мен әдістерін меңгеру; 3) қазіргі әдебиеттанудың негізгі бағыттары мен мәселелерін анықтау; 4) Әдеби сыни, ғылыми сын зерттеудің әдістемесі аясындағы магистранттардың білімін тереңдету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 3

    Бұл курсты оқу барысында ғылыми танымның ерекшеліктері қарастырылады. Бұл ретте ғылыми білім жүйесінде ғылымның функциялары, философия және ғылым, ғылымның пайда болуындағы философияның рөлі, ғылыми білімнің құрылымы, эмпирикалық және теориялық білім, ғылыми дәстүрлер мен ғылыми революцияның динамикасы, ғылыми ұтымдылық, оның түрлері мен құндылықтары, ғылым әлеуметтік институт ретінде, техникалық ғылымдардың ерекшелігі және олардың орны сияқты мәселелерді қарауға ерекше назар аударылады

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау
    Несиелер: 3

    Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау бағдарламасының мақсаты болашақ педагог және филолог мамандардың ғылыми зерттеу жұмысын дұрыс ұйымдастыруға, жоспарлауға, рәсімдеуге қажетті әдісі мен тәсілдерімен таныстыру. Пәнді оқыту барысында тіл біліміндегі, әдебиеттану саласындағы шетелдік ғылыми басылымдар, тың зерттеу еңбектерді пайдалана отырып, ғылыми ортадағы өзекті мәселелерді талқылайды, ғылыми мақала, ғылыми баяндамалар жазу дағдысын қалытастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми жобаларда жоспарлау
    Несиелер: 3

    "Ғылыми жобаларда жоспарлау" пәні магистранттардың зерттеу барысында басқару жұмысының түсініге сипатама беру, міндеттері мен мақсатын анықтауға көмектеседі. Бүгінгі таңда жаңа заманға сай нәтижелі білім беруді жүйелі ұйымдастыруда магистарнттырдың ғылыми зерттеу жұмыстарының алғашқы қадамын, маңызды, өзекті қырларын анықтауға септігін тигізеді. Жас зерттеушілердің жұмыс жүйесін негізгі қалыпқа сай мақсатты түрде қою үшін негізгі міндеттерінің бірі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 3

    Магистранттар басқару психологиясы, оның мақсаттары мен міндеттері туралы ұғымдарды меңгереді. Практикалық тапсырмаларды орындай отырып, басқару барысындағы әртүрлі жағдаяттардың тиімді әдістері мен тәсілдерін зерттейді. Топтарда жұмыс жасай отырып, топпен және ұжымдармен тиімді өзара іс-қимыл жасау, даулы жағдайларды шешу әдістері мен тәсілдерін әзірлейді

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Кәсіби менеджмент
    Несиелер: 3

    Магистранттар басқарудың практикалық мазмұны мәселелерін зерттейді, басқару туралы білім кешені қалыптасады, басқарушылық қызметтің әртүрлі түрлерін жүзеге асырудың нақты дағдылары, басқару жүйелерін талдау және оларды жобалау. Магистранттар негізгі салаларда, негізгі процестерді ұйымдастыру, кәсіпорынды жоспарлау және басқару мәселелерінде басқарушылық шешімдер қабылдау дағдыларын меңгереді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шетел тілі (кәсіби)
    Несиелер: 5

    Кәсіби лексикаға бағытталған тілді қарқынды оқыту, кәсіби деңгейде диалог жүргізе білу. Курсты оқу кезінде магистранттар: шет тілінде жазбаша және ауызша сөйлеуді құру заңдылықтарын, құжаттама жүргізу және іскерлік хат алмасу негіздерін білуі; есту арқылы түсініп, мәтіндік материалды оқи білуі; монологиялық және диалогтік сөйлеу дағдыларын меңгеруі тиіс.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектеп педагогикасы
    Несиелер: 3

    Магистранттар жоғары мектеп оқытушысының кәсіби-педагогикалық мәдениетінің негіздерін, қазіргі педагогикалық ғылымның теориялық негіздерін меңгереді. Практикалық тапсырмаларды орындай отырып, ЖОО-да педагогикалық үдерістің дәстүрлі және инновациялық технологияларына, педагогикалық идеяларға талдау жүргізеді; жоғары білім беруді дамытуды болжайды, педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың әртүрлі формаларын қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеу жұмысының әдіснамасы
    Несиелер: 3

    Ғылыми зерттеу әдіснамасының негіздері зерттеу, ғылыми танымның әртүрлі деңгейлері қарастырылған. Пәнді өту кезінде зерттеу бағытын таңдауды, ғылыми-техникалық проблеманы қоюды, теориялық және эксперименттік зерттеулер жүргізуді, ресімдеу жөніндегі ұсынымдарды қоса алғанда, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу ғылыми жұмыс нәтижелерін қарастырады. Сондай-ақ, өнертапқыштық шығармашылықтың негіздері, патенттік іздеу және магистрлік диссертацияның болжамды жоспары қарастырылған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеу әдістері
    Несиелер: 3

    Мақсаты: магистранттарды ғылыми зерттеу әдістерімен таныстыру. Курсты оқу кезінде магистрант: - ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау әдістерін білуін көрсетеді. - қазіргі заманғы аппаратураны және қолданбалы компьютерлік-ақпараттық бағдарламаларды пайдалана отырып, табиғи және зертханалық жағдайларда ғылыми зерттеулер үшін қазіргі заманғы әдістерді қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақ лексикографиясының құрылысы
    Несиелер: 5

    "Қазақ лексикографиясының құрылысы" пәнінің мақсаты қазақ тілінің сөздіктерін құрастыру және сөздіктерді ұйымдастыру теориясы мен практикасы бойынша мәселелерді қарастыру болып табылады. Курс лексикографияның тіл ғылымымен тығыз қарым-қатынасына бағытталған. Пән магистранттардың қазіргі лексикографиядағы жаңа идеялармен, сөздіктердің жаңа түрлерімен және оларды құрастырумен таныстырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Әдеби процесс
    Несиелер: 5

    "Әдеби процесс" пәні магистранттарды әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық, әдеби шығармалардағы типтік образдар мен әлеуемттік, идеологиялық мәселелерді, сыншылардың еңбектеріне шолу жасай отырып оқытады. Пәннің негізгі мақсаты - әдеби шығармалар мен әдеби заңдылықтардағы тарихи өзгерістерді саралау, ағымдар мен бағыттар байланысын қарастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Компьютерлік лингвистика
    Несиелер: 5

    Курс мазмұны: Тілді пайдалану мен түсіндіру мақсатында тілдік нормаларды математикалық және компьютерлік тұрғыда модельдеу, жасанды интеллект құрастыру. Корпустық лингвистика, тілдің қолданылуын жеңілдететін көмекші құралдар, электронды сөздіктер, тезаурустар жасақтау

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ романдары
    Несиелер: 5

    Магистранттар әдебиеттің негізгі жанрлық түрлерінің бірі романның бүгінгі даму тенденициясын меңгереді. Пәнді оқу барысында, қазақ романын жаңаша ғылыми тұжырымдар мен бағыттар негізінде қарастырады, қазіргі романдардың даму тенденциясын тақырыптық, формалық түрлік ізденіс негізінде анықтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Этнолингвистика
    Несиелер: 5

    Пәнді оқу барысында болашақ магистрлер этнолингвистика ғылымының теориялық негіздерімен қаруландырады. Пәннің мазмұны магистранттарды келешекте тілді этнос болмысымен сабақтастыра зерттейтін ғылыми жұмыспен шұғылдануға, шығармашылық қабілеттерін ұштауға, біліктіліктерін шыңдауға бағыттайды, тіл білімінің жаңа саласымен, тың ғылыми дерек көздерімен таныстырады. Пән магистранттарды тілдің терең мазмұндық құрылымын тануға, тілдің ұлттық табиғатын, ұлт өміріндегі рөлі мен қызметін әр қырынан сараптауға үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Халық әдебиеті және әдеби шығарма
    Несиелер: 5

    Қазақ фольклорын жеке пән ретінде оқыту арқылы халқымыздың сан ғасыр бойына жасаған рухани мәдениеті – фольклорлық мұраларды терең, жан-жақты таныстыру мақсат етіледі. Мазмұн-мәні терең, әрі көркем халық әдебиетін аса бағалы байлық ретінде оқыта отырып, оның өзінше сыр-сипатын танытып, жастарға тағлым беру көзделеді. Курстың міндеті: - фольклордың пайда болуы туралы пікірлер жайлы, фольклордың жанрлары мен түрлері жайында мағлұмат беру; - ауыз әдебиеті мұраларының көп қырлы табиғаты мен туу, таралу, сақталу ерекшеліктері, жанрлардың классификациясы, жанрлық түрлердің бөліну жолдары жайлы ұғым қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Әдебиеттанудың өзекті мәселелері
    Несиелер: 5

    «Әдебиеттанудың өзекті мәселелері» пәні әдебиеттанудың өзекті мәселелерін әлемдік кеңістікте қарастыра отырып, ғылыми-теориялық тұжырымдарды саралай отырып, қорытынды жасауға бағытталады. Бұл пәнде әлемдік әдебиеттанудың тың зерттеу бағыттары, әдеби мәтіндерді қабылдау және шығармаларды теориялық тұрғыдан зерделеу, әдеби талғам, адамзат дамуындағы әдебиеттің алар орнын жан-жақты қарастыру көзделген.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Когнитивтік лингвистика әдіснамасы
    Несиелер: 3

    «Когнитивтік лингвистика әдіснамасы» пәні магистранттарға когнитивтік лингвистика пәнінің зерттеу нысандарынан, қалыптасуы мен негізгі бағытынан толық мәлімет беріп, адамның ойлау жүйесінің табиғатын, ішкі даму механизмдерін тіл арқылы тану мәселелерін оқытуға бағытталады. Пәнді оқыту барысында когнитивтік лингвистика пәнінің негізгі ұғымдары туралы түсінік қалыптастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Әлеуметтік лингвистика
    Несиелер: 5

    "Әлеуметтік лингвистика" пәні бойынша магистранттар этнос аралық, тіл аралық қатынастарының тең әрі тұрақты дамуына ықпал ететін демократиялық бағыттағы тіл саясатымен, этнолингвистикалық, тілдік жағдаяттарымен танысады. Әлеуметтік лингвистиканың пәндік және теориялық ұғымдарынан, қазіргі проблемаларынан, сондай-ақ оның өзіндік зерттеу әдістерінен хабардар болады. Оқу пәннің мақсаты - қазақ тіл біліміндегі әлеуметтік лингвистиканың лингвосаяси сипаты мен маңызы тіл білімінің ғана емес, мемлекеттің де өзекті мәселесіне айналып отырғандығы саралау, қазіргі зерттеу бағыттарына назар аудару. Сонымен қатар, пән мазмұны бойынша магистранттар қазақ тіл білімінде әлеуметтік лингвистиканың басты зерттеу бағыттары (мемлекеттік тілді ұлттық дамудың басты құралына айналдыруы, қостілділік, тіл саясаты, гендерлік лингвистика, тіл экологиясы, т.б.) мен қазіргі тіл білімінің антропоөзектік бағыттағы тың зерттеулермен танысады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
    Несиелер: 3

    Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері пәні магистранттарға тілді дәуірлерге бөлу теориясымен таныстырады. Курста қазақ тілі дәуірге бөлініп, шумер тілдерінің зерттелуінен бастап оқиды, шумер тілі мен түркі тілдерінің жақындығының дәлелденеді, тарихи өзгерістердің, фонетикалық өзгерістердің заңдылықтарымен таныстырылады. Бұл курсты тыңдаушылар қазақ тілініңқалыптасу тарихы, жазу түрлері, түркі тілдерімен тарихи байланысы туралы мағлұмат алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Инновациялық менеджмент
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты инновациялық үрдістерді зерттеу туралы білім мен оның әдіснамалық негіздерін игеру, зерттеудің жалпы ғылыми әдістері негізінде ғылыми көзқарастың мәнін ашу, сондай-ақ магистранттарда инновацияларды басқару саласында тиімді шешімдер қабылдау қабілетін қалыптастыру болып табылады. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар жобаларды басқаруды меңгереді, теориялық білім мен практикалық дағдыларды игереді, инновациялық ортаға бейімделеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Психолингвистика
    Несиелер: 5

    Пәнінің мақсаты – сөйлеу әрекетін, қарым-қатынас, танымдық үдерістерді психикалық үдерістермен ұштастыру, тіл жүйесімен байланыста сипаттау. Пәнді оқу негізінде магистрант арнаулы терминологияны /психолингвистиканың метатілін/ игеру және ғылыми әдебиетті ұға білу, психолингвистика саласындағы ағымдар мен мектептерді саралай білу; сөйлеу әрекетімен мәтінді талдауда қазіргі психолингвистиканың қол жеткізген жетістіктері мен дәстүрлі әдістерін дұрыс қолдана білу; психолингвистикалық зерттеу материалдарының шынайылығы мен өкілеттілігін (репрезентативность) анықтай білу

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Лингвистикалық зерттеу әдіснамасы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - тілді және тілдік бірліктерді зерттеу мен сипаттаудың негізгі философиялық, жалпығылыми және жеке лингвистикалық әдістері қарастырылады. Магистрант білуі керек: танымның жалпығылыми өлшемдері мен нормалары және олардың тіл білімінде қолданылу ерекшеліктері; тіл біліміне бағытталған философиялық және жалпығылыми әдіснаманың заманауи лингвистикалық ғылым дамуының негізгі үрдістері;теориялық негіздері; заманауи лингвистиканың қағидалары мен постулаттары; лингвистикалық зерттеудің әдіснамасы, әдістемесі, әдісі, нысаны және олардың дамуы; тілдік жүйенің әртүрлі деңгейлерінің бірліктерін зерттеу мен сипаттаудың заманауи жалпы және жеке лингвистикалық әдістерінің жүйесі; лингвистиканың нақты бағыты аясында қолданылатын тілдік бірліктерді талдаудың әдістері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақ әдебиетіндегі постмодернизм және әдеби таным мәселесі
    Несиелер: 5

    Пән магистранттарға әдебиеттегі постмодернистік бағыт өкілдерімен таныстыру, шығармаларын талдау, әдеби шығарманы ұлттық таным тұрғысынан,қазақ әдебиеттану ғылымының жеткізген бүгінгі табыстары негізінде барынша толық, тиянақты білім беру мақсатында оқытылады. Пәнді оқу барысында магистранттар модернистік әдебиеттің теориялық негізін меңгереді, модернизм, постмодернизм туралы теориялық ой-пікірлердің қалыптасу кезеңдерін ғылыми тұрғыда саралай алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Формальдық лингвистика
    Несиелер: 5

    "Формальды лингвистика" оқу пәнін оқытудың мақсаты: - магистранттарды тіл туралы ғылымның маңызды бөлімдерімен және проблемаларымен таныстыру; - тіл білімінің терминологиялық аппаратын дамудың қазіргі кезеңінде зерделеу; - заманауи лингвистикалық тұжырымдамалармен және тілмен жұмыс істеу әдістерімен танысу үшін жеткілікті құзыреттер алу болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақ әдебиеттануының жаңа бағыттары
    Несиелер: 5

    «Қазақ әдебиеттануының жаңа бағыттары» пәні – жоғары оқу орындарының магистранттарын даярлау ісінде қазақ әдебиеттану ғылымының қазіргі өзекті проблемаларын тереңдетіп меңгерту мақсатында оқытылып жүрген негізгі пәндердің бірі. Ұлттық әдебиеттану ғылымының жаңару, жаңғыру барысында өткенін сараптау, ұлттық мүддеге орайлас тың ізденістерге бет бұруы, қазіргі заманға сай соны ізденістер мен тың зерттеулер, ұлттық мүдде тұрғысында пайымдалған тұжырымдарды магистранттарға жеткізу пәннің ауқымында қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақ графикасын оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты магистранттарға қазақ мәдени өмірінде қолданылған әліпби түрлері, емле ерекшеліктері жазу теориясына қатысты білімдермен түсіндіріледі. Қазақ графикасының емле ережелері, латын әліпбиіне негізделген жаңа ұлттық жазуымызды меңгеруге арналған пәннің мақсат-міндеті және оқытудың ерекшелігімен түсіндіру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Салыстырмалы түркология
    Несиелер: 5

    Салыстырмалы түркология пәні - тіл білімінің түркітану саласындағы басты бағыттарының бірі. Мақсаты – туыстас түркі тілдерінің грамматикалық құрылысын салыстыра зерттеу. Курста түркі тілдерінң зерттелуі, дамуы мен қалыптасу кезеңдері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мәдениетаралық коммуникация мәселелері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты магистранттарға гуманитарлық, жаратылыстану ғылымының тоғысында адам әлемін, оның материалдық, рухани өмірін, қызметін және мәдениетін жан-жақты терең зерделей білу үйретіледі. Мәдениетаралық коммуникация - қарым-қатынас теориясы мен тәжірибесінің көкейкестілігін мәселелерін айқындау, күллі ғылымдар терминдерін пайдаланатын пәнаралық ғылым метатілді зерттеу. Салалық ғылым тілі, екінші қатарлы тіл, кәсіби тіл ұғымдарының мәнін айқындау; Пәннің мазмұында мәдениетаралық коммуникация туралы көзқарастар, тілдік қатынастардың әлеуметтік-мәдени шарттары, қостілділік, көптілділік, қостілділік-көптілділік жағдайындағы тілдердің өзара әсерлесуі, жақындасуы, тілдік байланыстар және мәдениетаралық қарым-қатынастар, олардың тиімді, тиімсіз жақтары қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Семантика және синтагма
    Несиелер: 5

    Пәннің мазмұнында қазақ тілі семантикасының шығу негіздері мен түрлері, тілдің лексикалық жүейесіндегі парадигматикалық, синтагматикалық, эпидигматикалық қатынастар, олардың зерттелуі, лексикалық синтагманың табиғаты, басты ерекшеліктері сөз болады. Лексикалық бірліктердің синтагматикасы, фразеологиялық синтагматика, сөз-синтагма, оған әсер етуші факторлар, синтагматикалық оппозициялар, омонимия мен полисемия синтгаматикасы, метафорадағы комбинаторлы-синтагмалық қатынас, теңеулердегі синтагматика кеңінен қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Әдебиетті жоғары мектепте оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мазмұнында магистранттар әдебиетті оқытудың құралдары мен ұстанымдары, оқу пәні мен объектері, ғылыми зерттеулердің әдістемелері, қазіргі кезеңде әдеби білім берудің мақсаттары экономика, саясат, мәдениет және т.б. өмірде болып жатқан түрлі өзгерістерге сәйкес бейімделіп, толықтырылып отырылуы т.б қарастырады. Кәсіби білікті, шығармашыл тұлға дайындау, қажетті кәсіптік теориялық білім мен тиісті практикалық машық-дағдыларды қалыптасқан маман даярлау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Тіл мәдениетін оқытудың негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты магистранттарға мектепте, ЖОО-да тіл мәдениеті мен академиялық шешендікке баулыудың ғылыми-әдістемелік жүйесін қазақ тілін оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері ұштастырып оқыту мақсатын көздейді. Тіл мәдениеті оқыту незідерін қазіргі білім беру жүйесіне қойылып отырған қоғамдық-әлеуметтік сұраным талаптарын ескере отырып интерактивтік оқыту жүйесін қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Тіл және мәдениет
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - тіл және мәдениет, тіл мен мәдениеттің байланысы мен ерекшеліктері, қазақ тіл біліміндегі лингвомәдени зерттеулер, тіл, мәдениет және мәдениет антропологиясы, қазіргі мәдениетаралық қарымқатынастардың өзектілігі қарастырылады. Шет тілдерін үйретудегі мәдениетаралық коммуникацияның маңызы, тіл мен мәдениет арқылы жасалған әлем бейнесі, сөйлеу мен коммуникацияның ішкі қиындықтары, сөздер, ұғымдар мен реалийлердің эквиваленттілігі, түр-түс атауларының әлеуметтік-мәдени аспектісі т.б. мәселелер қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Аударма практикумы
    Несиелер: 3

    Мақсаты: студенттердің ой-өрісін кеңейтіп, аудармашылық дағдыларды қалыптастырып, жалпы теориялық құрылым мен іс жүзіндегі аудармашылық тәжірибе арасындағы белгілі алшақтықты болдырмауға септігін тигізу, аударманың практикалық дағдыларын игеру және дамыту, аударма процесінің заңдылықтарымен таныстыру, аударма барысындағы тіл бірліктерінің қайта құрылу тәсілдері және құралдары жөнінде жүйелі ұғым қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Көркем мәтін теориясы
    Несиелер: 3

    Көркем мәтін теориясы пәнінің мақсаты – магистрантты көркем мәтінді оқып үйренудің негізгі бағыттары мен әдістерін анықтауға, көркем мәтіннің функционалды-прагматикалық теориясының негізгі аспектілерін ашуға, әдеби-сыншыл дискурсты жүйе түрінде пайымдап, оның әдеби үдерістегі орнын айқындауға үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тіліндегі белсенді үдерістер
    Несиелер: 3

    Пәнді оқу барысында магистранттар қазіргі қазақ тіліндегі белсенді үдерістерді, мәдени-тарихи жаңа тенденцияларды талдайды, оны өзінің ғылыми жұмыстарын жазу барысында жүзеге асыруға, талдауда қолданады. Қазіргі тіл біліміндегі теориялық және практикалық мәселелерді меңгереді, магистранттардың кәсіби тілдік теориялық құзыреттілігі қалыптасады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Әдебиеттану терминдерін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    «Әдебиеттану терминдерін оқыту әдістемесі» пәнін оқу барысында магистранттар сөз өнерінің қалыптасу тарихы, даму заңдылықтары, көркемдік және эстетикалық ерекшеліктерімен танысады. Пән тіл ғылымының көптеген салаларымен лексикология, стилистика, грамматика және аударма ғылымымен тығыз байланыста оқытылады. Курстың нәтижесінде магистранттар терминологиялық бірліктердің қызметін ғылыми негізде танып біледі, қазіргі ғылымдағы терминология мәселелерін зерделеп, білімдерін жинақтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Лингвистика ғылымындағы тілдік тұлға мәселесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - лингвистикадағы когнитивті процестерді зерттеу, тіл қолданысының (сөздің) прагматикалық, психологиялық, элеуметтік аспектілерін, олардың интегративті мәнінің табиғатын айқындау сияқты мәселелерді тілдік тұлға теориясымен байланыста зерттеудің мәнін түсіндіру. Пәннің мазмұнына тілдегі және мәтін шеңберіндегі тұлға мәселесін және тілдік тұлғаның тілді меңгеру заңдылығын айқындау, отандық және шетелдік ғалымдар зерттеуіндегі тілдік тұлға мәселесін анықтау міндеттері кіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Тілдегі типтік қатынастар (прагматикалық және синтагматикалық)
    Несиелер: 5

    Мақсаты: көппарадигмалы тіл білімінің өзекті мәселелері мен магистральды жаңа бағыттарды сипаттауға, тілдік жүйеге тән типтік парадигматикалық және синтагматикалық қатынастарды саралауға үйретеді. Курсты оқу барысында типтік қатынастардың тіл деңгейлері мен стратумдарына әсері талданып, осы қатынастарға байланысты жаңа көзқарастар туралы айтылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Тілді жоғары мектепте оқытудың әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәнді оқыту барысында тілді жоғары мектепте оқытудың әдістемесі туралы терең түсінік қалыптастырып, тілді оқыту әдістемесінің оқыту жолдары мен жағдайлары туралы ақпарат беріледі. Бұл заңдылықтар педагогика, психология және лингвистика ғылымдарының негізінде жинақталған практикалық тәжірибе мен бұрыннан қалыптасқан теориялық қағидалардан, тұжырымдардан шығарылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Жоғары мектепте білім берудің заманауи әдіснамасы
    Несиелер: 5

    Пәнді оқу барысында магистранттар ЖОО білім берудің инновациялық технологиялары бойынша тәжірибе алмасып, осыған дейін оқыған "Педагогика", "Қазақ тілін оқыту әдістемесі", "Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі" пәндері бойынша жинақтаған білімдерін жетілдіреді. "Жоғары мектепте білім берудің заманауи әдіснамасы" пәні нәтижесінде болашақ педагогтар өздерінің бойындағы шығармашылық, дидактикалық, кәсіби құзыреттіліктерін дамытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Код ON5

    Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ақпараттық-талдау және ақпараттық-библиографиялық жұмыстарды жүргізу

  • Код ON3

    Зерттеу саласында білімдер мен түсініктерді, оның ішінде лингвистика мен әдебиеттегі ең озық білім элементтерін, инновациялық сипатта жүйелік білімді көрсете білу

  • Код ON4

    Оқу және дамудың негізгі байланыс нүктелерін, оқу іс-әрекетінің құрылымы мен функцияларын, оқытуды ұйымдастыру принциптерін шеше білу, қазақ тілі мен әдебиетін жоғары оқу орындарындарында оқыту әдістемесін жетік меңгеру

  • Код ON7

    Жинақталған тәжірибені сыни тұрғыдан қайта қарау, қажет болған жағдайда оқыту саласындағы негізгі білімді пайдалану, ғылыми зерттеулер жүргізу дағдыларын пайдалану, кәсіби қызметке өзгерістер енгізу

  • Код ON8

    Ақпаратты іздеу, таңдау, жүйелеу, талдау, өңдеу, оның пайдалылығын бағалау және білім беру, ғылыми және өндірістік міндеттерді шешу үшін ақпаратты мақсатты түрде пайдалану

  • Код ON9

    Білім беру саласындағы қосымша оқытуды тәуелсіз жүргізуге және қашықтан білім беруге қажетті оқыту дағдыларын меңгеру

  • Код ON6

    Кәсіби қызметте педагогикалық және филология ғылымдарының әдістерін қолдану

  • Код ON1

    Оқылатын білім саласындағы ғылыми танымын дамытудағы қазіргі үрдістер туралы, ұйымды стратегиялық басқаруды ұйымдастыру, инновациялық менеджмент, көшбасшылық теориясы туралы түсініктерді көрсету

  • Код ON10

    Мамандарға және басқа маман иелеріне өз тұжырымдары мен білімін және олардың негіздемелерін нақты және айқын жеткізу, жоба, ғылыми мақала, есеп, талдау жұмыстары және т.б. түрінде ғылыми-зерттеу және талдау нәтижелерін жинақтау қабілеттерін көрсете білу

  • Код ON2

    Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кәсіби қызмет саласындағы ғылыми, техникалық және жалпы ғылыми ақпаратты табу, талдау және өңдеу

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (Бейінді)
Магистратура

«Bolashaq» академиясы (Болашақ)

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701701 7M01701701-Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ Е.А.Бөкетов)

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (н/п)
Магистратура

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Орталық- Қазақстан Академиясы

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті педагогін даярлау
Магистратура

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Торайгыров университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Қайнар академиясы

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (1 жыл)
Магистратура

«Тұран-Астана» университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Шымкент университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтерін даярлау
Магистратура

"Сырдария" университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Магистратура

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Магистратура

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті бейіндік
Магистратура

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Магистратура

Сулейман Демирел атындағы университет

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Магистратура

Қызылорда "Болашақ" университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (Ғылыми-педагогикалық бағыт)
Магистратура

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
Top