Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті педагогін даярлау в Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

  • Лингвистикалық терминология
    Несиелер: 5

    Лингвистикалық терминдердің жасалу тәсілдері, даму және қалыптасу ерекшеліктері, терминдердің зерттелу тарихы жайлы мағлұмат береді. А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбановтардың лингвистикалық терминдерді қалыптастыру жолындағы еңбектері, терминологияның ұлттық жəне интернационалдық қабаттары, терминдік жүйені біріздендіру, терминжасамның теориялық негіздері, қазақ ұлттық терминологиялық қорын қалыптастыру жайлы мәселелерді меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 3

    Пән менеджмент психологиясының негізгі ұғымдарын, басқаруды психологиялық қамтамасыз етуді әлеуметтік қызметтің ерекше түрі ретінде қарастырады; қазіргі заманғы психологиялық басқарудың, әлеуметтік әріптестермен ынтымақтастықтың тиімді стратегияларын таңдаудың бағыттары мен қағидаттары; педагогикалық-психологиялық білімнің ерекше заңдылықтары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Морфемалардың функционалды-семантикалық ерекшеліктері
    Несиелер: 5

    Морфеманың құрамы мен құрылым жүйесі, лексика-грамматикалық тұлғалардың функционалды-семантикалық ерекшелігі жайлы мәселелерді қарастырады. Морфемалардың семантикалық ерекшеліктерімен бірге, функционалдық қызметін де қоса зерделеу үшін морфемалық зерттеу әдістерін игертуді көздейді. Лексика-грамматикалық және функционалды-грамматикалық морфемалардың сөз жасаудағы қызметі мен семантикалық сипатына қазіргі ғылым тұрғысынан талдау жасауды меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шет тілі (кәсіби)
    Несиелер: 5

    Шетел тілінің практикалық курсы магистранттардың мәдениетаралық, коммуникативті және функционалдық құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған; шет тіліндегі лексикалық және тілдік ерекшеліктерді дамыту; шет тілінде дәлелдеу дағдыларын қалыптастыру және елдердің мәдени ерекшеліктерін түсіну; әлеуметтік-мәдени нормаларды ескере отырып, тиісті тілдік құралдарды дұрыс таңдау арқылы ойларды жеткізу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
    Несиелер: 6

    Шумер тілдерінің зерттелуі, шумер тілі мен түркі тілдерінің ерекшеліктері, тарихи фонетикалық өзгерістер, оларға тән заңдылықтар, тілдің қалыптасу және даму тарихы, мәдениеті мен жазу түрлері жайлы мәселелерді қарастырады. Ғылымның соңғы жаңалықтарына сүйене отырып, өз зерттеулерінің нәтижесіне түзету енгізу және идеясы мен ой қорытындысын көпшілік алдында нақты баяндау жолдарын меңгертіп, пәнаралық білімдерін интеграциялауды үйретеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектептің педагогикасы
    Несиелер: 3

    Пән жоғары мектеп педагогикасының бағыттарын, зерттеу құрылымын, жалпы гносеологиялық оқу-жаттығулар жүйесін қарайды; кәсіптік-педагогикалық диалог құралдарын пайдалану арқылы педагогиканы дамытудың жаңа әдістері мен эмпирикалық базасын; онтогенез кезеңдерінде жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелерін қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 4

    Пән ғылыми жетістіктердің қалыптасу үдерісін және адамзат ойының философиялық дамуын зерттейді. Ежелгі заманнан қазіргі заманға дейінгі кезеңдегі философиялық түсініктер мен теориялар, сондай-ақ олардың заманауи ғылымға әсері қарастырылады. "Ғылым тарихы мен философиясы" пәнін зерттеудің ғылыми негіздерін, зерттеу бағыттарын, сондай-ақ философия ғылымындағы онтологиялық және эпистемологиялық бағыттарды толық қамти отырып, зерттеу әдістерін игертеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Когнитивті лингвистика
    Несиелер: 5

    Бүгінгі күнгі тілдік зерттеулердің бағыт-бағдарын анықтау, тілдің қоршаған ортамен әрі адамдық факторлармен сабақтастығын зерделеу, когнитивтік парадигманың даму тарихын саралау, «тіл тану» ұғымының қалыптасу негіздерін зерттеу, қазақ тіл біліміндегі когнитивтік теорияның дамуы мен қалыптасуы, концептілік талдау, когнитология ғылымының басқа салалармен байланысы жайлы мағлұматтарды қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Мәтін лингвистикасы
    Несиелер: 5

    Мәтіннің негізгі категориялары, мәтіндегі әртүрлі тілдік бірліктердің практикалық сипаты мен қызметі, мәтін бөліктері жайлы мағлұмат береді. "Тіл мәдениеті", "Қазақ тілінің стилистикасы", "Когнитивтік лингвистика" секілді жаңа бағыттағы пәндерді интеграциялау, академиялық теорияны тіл заңдылығына сәйкес талдау, өз тұжырымын көпшілік алдында хабарлау дағдысын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақ тілінің фразеологиялық семантикасы
    Несиелер: 6

    Қазақ тіліндегі фразеологиялық семантика заңдылықтарын, фразеологиялық тіркестердің мағыналық топтарын қарастырады. Қазақ тіліндегі фразеологизм түрлерінің семантикалық жағынан топтастырылуы, мағыналық ерекшеліктері, фразеологиялық тіркестердің еркін сөз тіркестерімен ұқсастығы және айырмашылығы, тіркес құрамындағы ұйытқы сөздердің мағынасы,пәнаралық интеграция жайлы мәселелерді меңгертеді.Лингвистикалық зерттеу әдістерін игеруді, стандартты емес жағдайда білімдері мен қабілетін пайдалана білу жолдарын, ақпаратты дұрыс қолдану мәдениетін үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Әдебиеттегі тарихи ақтаңдақтар
    Несиелер: 5

    Алаш қозғалысының өкілдері: Ш.Құдайбердіұлы, Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы, М.Дулатұлы, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Қ.Кемеңгерұлы, С.Сәдуақасұлы, Ғ.Қараш және тағы басқа ақын-жазушылардың шығармашылық жолын, ағартушылық қызметі жайлы мәселелерді қарастырады. Пән білім алушыны түрлі жағдаятқа сәйкес өз пікірін айтуға, сөздік қорын дамытуға, қорытынды жасауға, көпшілік алдында баяндауға, білімдерін интеграциялауға баулиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Лингвомәдениеттану
    Несиелер: 6

    Лингвомәдениеттанымдық және концептілік талдау жасау арқылы ұлттық мәдениетті тіл арқылы танудың заңдылықтары, тіл мен мәдениет сабақтастығы, этнос пен тіл байланысы, тіл мен ойлаудың бірлігі жайлы мәселелерді меңгертеді.Сөздердің танымдық ерекшеліктерін айқындауға, лингвомәдениеттанудағы негізгі ұғымдар мен терминдерді ұғындырады, пәнаралық байланыста білімді бағалауға, шығармашылық қабілетін өз тәжірибесінде дұрыс қолдануға машықтандырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Уәждеме теориясы
    Несиелер: 5

    Уәждеме теориясын, морфемалардың туынды сөздерді жасаудағы мәнін, атаулардың уәждену жолдарын зерттеуге, уәжділіктің атау теориясын пәнаралық байланыста қарастырып, зерттеу әдістерін игеруге, стандартты емес жағдайда проблема шешімдерін нақты тұжырымдауға, жұмысының нәтижесін ғылыми түрде негіздеуге үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Лингвистикалық зерттеулер
    Несиелер: 5

    Тіл теориясының негізгі тұжырымдарымен, тіл білімінің даму тарихымен, дамудың маңызды бағыттарымен, қазіргі тіл білімі мәселелері және теориялық лингвистиканың өзекті мәселелерімен таныстырады. Тіл білімінің өткен тарихынан, қазіргі күйінен, негізгі бағыт-бағдарынан, ғылым алдында тұрған басты мәселелерінен жүйелі білім береді. Лингвистика тарихы, тіл теориясы, лингвистикалық зерттеу әдістері мен әдіснамалары жайлы түсінік қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақ әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері
    Несиелер: 5

    Қазіргі әдебиеттегі жанрлық өзгерістер, әдеби бағыттар мен ағымдар, әдеби сынның даму барысы,нақты деректерді көпшілік алдында хабарлау, шығарманың көркемдік маңызын қоғамдық жағдайлармен байланыстыра талдауға қатысты материалдарды қарастырады. Қазіргі көркем әдебиетті талдау, стандартты емес жағдайда білімдерін интеграциялауды, теориялық білімін тәжірибеде дұрыс қолдану дағдыларын дамытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақ әдебиетіндегі дәстүр мен жаңашылдық
    Несиелер: 6

    Көркем шығарманы тарихпен бірлікте талдаудың ғылыми принциптерін игеріп, әдебиеттің патриоттық мәнін, дәстүр мен жаңашылдық мәселесін көркем шығармадан тауып, әртүрлі жағдайда гуманистік тұрғыдан талдауға, пікір айтуға үйретеді. Тарихи прозаны талдап, салыстыра зерттеу әдістерін игеруге,пәнаралық байланыста алған білімдерін интеграциялай білуге дағдыландырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Лингводидактика негіздері
    Несиелер: 5

    Тілдік білім беру мәселелері және қазіргі тілдік білім берудегі негізгі бағыттар, оқытудағы субъекті мен ғылыми білім жүйесі, оқыту жүйесі, оқытудың мақсаттары, мазмұны, құралдары мен технологиялары, лингводидактиканың зерттеу нысаны мен пәні, қазіргі заман тұрғысынан талданады. Қазақ тілін оқытудың жаңа талаптары және оған әдістеменің сай болуының маңыздылығы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қазақ әдебиеті тарихын зерттеу мен оқытудың әдіснамасы
    Несиелер: 6

    Қазақ әдебиеті тарихын зерттеудің әдіснамасын пәнаралық байланыста интеграциялауды қарастырып, білім алушылардың шығарма-шылық қабілеттерін үздіксіз дамытуға, көркем шығармаларды салыстыра зерттеуге, жұртшылық алдында нақты шешімдерін айта алуға бағыттайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Ғылыми зерттеу әдістері және академиялық хат
    Несиелер: 5

    Пән магистрантардың жазу мәдениеті мен сыни ойлау дағдысын және лингвистикалық-прагматикалық құзыреттіліктерін қалыптастырады, өзі ұстанатын тіл арқылы жазба тіл мәдениетін жетілдіреді, академиялық адалдық мәдениеті мен принциптері жайлы мағлұмат береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Жоғары мектепте әдебиетті оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Жылдар бойғы жинақталған бай іс-тәжірибелік нәтижелер мен әдістемелік тұжырымдарды, ағартушылық-демократтық бағыттағы педагог-әдіскерлердің пікірлерін, оқытудың зерттеу әдістерін игеруді, көрнекті әдебиетшілердің еңбектерін пәнаралық байланыста интеграциялауды қарастырады. Стандартты емес жағдайда кәсіби және басқарушылық проблемаларды шешуді, көпшілік алдында тұжырымдарын нақты айта алуға дағдыландырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Мәтінді әдебиеттанымдық талдау
    Несиелер: 6

    Көркем мәтінді образдар жүйесі, мәтіннің идеялық-көркемдік, тілдік-танымдық ерекшелігі, тіл мен әдебиеттің байланысы, көркем мәтіндегі сөздердің мағынасы мен қолданылу ерекшеліктері, ұлттық кодтың берілу жолдарын талдау жүйесі, мәтінді зерттеу әдістері жайлы мәселелерді қарастырады. Әртүрлі жағдайда талдау нәтижесін негіздеп, одан әрі білімін жалғастыру үшін пәнаралық білімдерін интеграциялауды үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Жоғары мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    ЖОО-да қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларын меңгертіп, кәсіби, деңгейін көтеру мақсатында өз бетінше білім алу үшін ақпараттық мәдениетпен бірге пәнаралық интеграциялай білуге, шығармашылық қабілетін пайдалана білуге дағдыладындырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Код ON3

    әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, өз пікірін қалыптастыру үшін ақпараттық мәдениетін, шетел тілін меңгеруін көрсетеді;

  • Код ON1

    зерттеу контексінде идеяларды әзірлеу және қолдану кезінде қазақ тілі мен әдебиетті оқыту саласындағы дамытылатын білімдер мен түсініктерді, сондай-ақ зерттеу әдістерін игеруді көрсете біледі;

  • Код ON5

    қазақ тілі мен әдебиетін оқыту саласында өз бетімен білім алуды жалғастыру үшін пәнаралық білімдерін интеграциялай біледі.

  • Код ON4

    идеяны, қорытындылары мен проблема шешімдерін нақты және тиянақты көпшілік алдында хабарлауды ұйымдастырады;

  • Код ON2

    зерттейтін саласындағы пәнаралық байланыста немесе күтпеген кездейсоқ жағдаяттарда кездесетін проблемалардың мәнін түсіну және оны шешу барысында креативті ойлау нәтижесінен туындаған білімін шығармашылықпен қолдана алады;

Top