Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01502 Физика мұғалімін даярлау в Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

  • Механика
    Несиелер: 4

    Кинематика, динамика, статиканың негізгі заңдары, Галилейдің салыстырмалылық принципі, АСТ, қатты дене механикасы, бүкіләлемдік тартылыс заңы, гидродинамика, тербелмелі қозғалыс, толқындар, механикалық негізгі заңдарды қолдану арқылы есептерді шығарудың әдіс-тәсілдері, практикалық қолданылуы, лабораторялық зерттеулердің әдістері қарастырылады. Лабораториялық жұмыста жіберілген салыстырмалылық қателікті талдау, пәннің ғылымдағы рөлін дәйектеу, пәндік білімді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Молекулалық физика
    Несиелер: 6

    Агрегаттық күйдегі денелердің құрылысы, олардың сыртқы әсерлердің нәтижесінде өзгеруі, Максвелл, Больцман таралулары, газдардың молекулалық-кинетикалық теориясы, изопроцестер, термодинамика заңдары, фазалық тепе-теңдік, ауысу процестері, заттардың кризистік күйі, әр түрлі фазалардың бөліну шекараларындағы беттік құбылыстар қарастырылады. Есептерді шығарудың, лабораториялық жұмыс жасаудың әдістері, нәтижелерін жинақтау, практикалық қолданылуы, пәннің ғылымда алатын рөлін дәйектеу, пәндік білімді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Математика
    Несиелер: 6

    Пән жоғарғы алгебра, аналитикалық геометрия, математикалық талдау және қатарлар теориясын, шешімдер жиынын табу түрлері, маңызы, ұйымдастырып өткізудің негізгі формалары мен әдістері қарастырады. Математикалық тілдің әртүрлі берілуі, теорияның қайшылықсыздығын, тәуелсіздігі мен толықтығын дәлелдеу әдістері, мәселенің шешімін талдау, ақпараттық ресурстарды, жүйелі ойлау негізінде білімін практикада қолдану, пәнаралық білімдерді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Электр және магнетизм
    Несиелер: 6

    Электростатика заңдары, электрлік өріс, Кулон заңы, суперпозиция принципі, тұрақты, айнымалы ток заңдары, Ом заңы, Кирхгоф ережелері, Ампер, Джоуль, Ленц заңының физикалық негізін, газдағы, электролиттегі электр тогы, заттың магниттік қасиеттері, магнит өрісі қарастырылады, есептер шығарудың тәсілдері, лабораториялық жұмыстарда негізгі параметрлерді өлшеу әдістері, нақты өмірдегі орны, ғылыми дәлелдемелерді жинақтау, білімді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Математикалық физика әдістері
    Несиелер: 5

    Математикалық физиканың негізгі теңдеулері және оларды шешудің әдістері, механика, гидродинамика, электродинамика және кванттық механикадағы толқын, жылу алмасу теңдеуі, Пуассон, Лаплас, Шредингер теңдеуі бойынша модельдік физикалық жүйелері қарастырылады. Осы теңдеулерді тиісті шекара мен бастапқы шарттармен тікбұрышты, цилиндрлік, сфералық координаталарда шешудің әдістерін зерттейді, физикадағы пәннің рөлінің негіздемесі сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы
    Несиелер: 3

    Оқушылардың физиологиялық тұрғыдан даму заңдылықтарының негізінде балалар мен жасөспірімдердің анатомия-физиологиялық ерекшеліктеріне, жеке басының қалыптасуына, денсаулығын сақтауға, нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады. Оқушылардың қабілеттерін айқындау мен дамыту, оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты бекіту біліктілігін қалыптастырудың және балалардың денсаулығын қорғау, дене шынықтыру, еңбекке баулу жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі
    Несиелер: 5

    Педагогика ғылымының метапәндік идеяларына негізделген оқу-тәрбие процесінің білімі мен түсініктерін, оқу-тәрбие жұмыстарының формалары, әдістері, құралдарын практикада қолданылуы қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Жасерекшелік психологиясы
    Несиелер: 4

    Пәнді оқыту барысында әр түрлі мектеп жасындағы балалардың өз жас ерекшелігіне сай психикалық даму өзгешеліктері психологияның сан алуан әдістерін қолдану арқылы айқындалып қарастырылады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі жас бастауыш сынып оқушылары, жеткіншектік кезең мен жасөспірімдік шақтағы балалардың психикалық қасиеттерінің қалыптасу жолдары айқындалады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Мектептегі физикалық эксперимент техникасы
    Несиелер: 5

    Мектеп физика курсының басты мәселелерін эксперименттік негізде: физикалық құбылысты бақылау; өлшеуіш приборлармен физикалық шамаларды өлшеу, физикалық шамалардың арасындағы сандық тәуелділіктерді тағайындау, физикалық тұрақтыларды анықтау, техникалық құрылғылар, демонстрациялық тәжірибелерді әдістемелік, техникалық тұрғыдан өз бетінше қою қарастырылады. ЦБР-ды пайдалану, АКТ негізінде оқу үдерісін ұйымдастыру, жоба жұмыстарын орындауда коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету сипатталады

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    ҚР құқықтық жүйесі және заңнамасы, мемлекеттік-құқықтық және конституциялық дамуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, академиялық адалдық қағидаттарына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    Экономика мен бизнес салаларына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады. Кәсіпкерлік, көшбасшылық және инновациялық дағдыларды меңгеруде заңнамалық және тұжырымдамалық құжаттарды талдау мен қолданудың әдіс-тәсілдері сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Ғылыми зерттеулердің әдістері
    Несиелер: 5

    Пәнді меңгерудің мақсаты білім алушылардың өзіндік идеяларын құрылымдық түрде баяндау дағдыларын қалыптастыру, академиялық дискурстың ерекшелігін ескере отырып, әр түрлі ғылыми және ғылыми-ақпараттық дереккөздерімен жұмыс жасау жолдарын меңгерту. Пән студенттердің жазу мәдениеті мен сыни ойлау дағдысын және лингвистикалық - прагматикалық құзыреттіліктерін қалыптастырады, өзі ұстанатын тіл арқылы жазба тіл мәдениетін жетілдіреді, академиялық адалдық мәдениеті мен принциптері жайлы мағлұмат береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Оптика
    Несиелер: 5

    Жарықтың табиғаты жайлы, оның затпен әсерлесуі, таралуынан байқалатын негізгі құбылыстар, заңдылықтарды, жарықтың сынуы, шағылу заңдарын, линзаның қасиеттерін қарастырады, геометриялық, толқындық оптикадан алған білімдерін қоғамда, техникада, тұрмыста, медицинада қолдану, есептер шығарудың тәсілдері, лабораториялық жұмыстарда негізгі параметрлерді өлшеу әдістері, пәннің нақты өмірдегі орнын анықтап, пәндік білімді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пән қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау, бағалау және болжау туралы білім береді. Табиғи тұрақтылықтың өзгеру себептерін, табиғи жүйенің біртұтастығы мен құрылымын және қоршаған ортаны қорғау шараларын қарастырады. Азаматтық қорғаныс ұйымының атқаратын жұмыстарымен, зақымдану ошағы және улы заттардың ерекшеліктерімен танысады. Пәннің нақты өмірдегі орнын мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Теориялық физика 1
    Несиелер: 6

    Классикалық механика ғарыштағы ғаламшарлардың, жұлдыздар мен галактикалардың, т.б. астрономиялық нысандарының, сондай-ақ снарядтардың, машиналар бөлшектерінің қозғалысын сипаттайды. Электродинамика пәні электрлы және магниттік құбылыстардың, электромагнитті жарқыраудың, электр тогы мен оның электромагниттік өріспен әрекеттесуі арасындағы байланыстарды сипаттайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Phyton бағдарламалау
    Несиелер: 4

    Пән мәліметтердің базалық типтерімен, құрылымдық және объектілі – бағытталған программалау (ОБП), GUI бағдарламалау қағидалары мен ұғымдарымен таныстыратын сабақтар сериясын қамтиды. Tkinter пакетінің көмегімен пайдаланушының графикалық интерфейсін модельдеу жолдарын, ойындарды бағдарламалау негізінде мәселені шешуді талдап, модельдеуді қолданудың негізгі мүмкіндіктері, командада жұмыс жасау қабілетін дамытады, даулы жағдайдан креавтиті шешіммен шығуын бағалайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Бағалаудың заманауи технологиялары
    Несиелер: 5

    Пән бағалаудың заманауи технологиялары туралы мағлұмат беріп, оқу барысында оқушылардың оқу жетістігін бағалаудың заманауи үлгілерін қолдану, бағалау жүйесін ұйымдастыруды жүзеге асыру жолдарын, дифференциалды бағалаудың тәсілдерін, диагностикалаудың негіздерін, мектептегі оқыту мен басқару және өзін-өзі бағалаудың негіздерін қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Теориялық физика 2
    Несиелер: 5

    Кванттық механика – микробөлшектердің (элементар бөлшектердің, атомдардың, молекулалардың, атом ядроларының) және кванттық жүйелердің (мысалы, кристаллдардың) қозғалу заңдылықтарын анықтап, бөлшектер мен кванттық жүйелерді сипаттайтын физикалық шамалардың макроскопиялық тәжірибеде тікелей өлшенетін шамалармен байланысын сипаттайды. Статистикалық және термодинамикалық - макроскопиялық жүйелердегі өтетін физикалық процестерді бірін-бірі толықтыратын екі әдісті - статистикалық (молекулалық кинетикалық) және термодинамикалық әдістерді нақты есептерді шешуде қолдануды үйретеді, макроскопиялық жүйелердегі өтетін процестердің физикалық мағынасы сипатталады

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Атом және атом ядросы физикасы
    Несиелер: 4

    Атом құрылысы, оның планетарлық моделі, Бор теориясы және оның қиыншылықтары, атом ядросының модельдері, радиоактивтілік және оның қасиеттері, элементар бөлшектер физикасы, пән бойынша есептер шығарудың тәсілдері, лабораториялық жұмыстарда негізгі параметрлерді өлшеу әдістері қарастырылады. Атом ядросы мен элементар бөлшектер физикасы құбылыстарын талдау, пәннің ғылымдар жүйесіндегі орнын дәйектеу, пәндік білімді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Инклюзивті білім берудегі арнайы педагогикалық технологиялар
    Несиелер: 5

    Инклюзивті білім беру бағдарламаларын іске асыруда ЕБҚБ балаларды сүймелдеу қызметі, әдістері мен формалары, принциптері мен факторлары, оқыту-дамытудың психологиялық-педагогикалық мәселелері туралы білімдерін дамытуға бағытталған. Жеке кәсіби өсуі мен білім беру траекториясын жобалау; ББ әзірлеу технологиялары; инклюзивті білім беру кеңістігінде педагогтің практикалық қызметінің ерекшеліктерін зерделей алу дағдысын дамытуды көздейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Физиканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Физика пәнінің мұғалімін дайындау жүйесін, орта мектепте физиканы жоғары дәрежеде оқытуды қамтамасыз ету мәселелерін және минимакс, бірізділік, вариативтілік, шығармашылық принциптерінің негізінде әрбір сабақта оқушылардың дүниетану ынта-ықыласы мен қызығушылығын арттыру тәсілдерін қарастырады. Cабақ жоспарын жасау, пәндік білімді интеграциялау, инклюзивті білім берудегі креативтілікті бағалау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Физиканы оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану
    Несиелер: 5

    Компьютерді қолданып физикалық есептерді шығарудың әдістемелік негіздерін, физикалық құбылыстарды демонстрациялауға, физикалық эксперименттер мен лабораториялық жұмыстарды орындауға компьютерлік программалық құралдарды қолдануды, лабораториялық сабақтарда бақылануы қиын болған физикалық құбылыстарды модельдеуді қарастырады. АКТ негізінде оқу үдерісін ұйымдастыру, жоба жұмыстарын орындауда коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету және пәнаралық білімді интеграциялау жолдары сипатталады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Физиканы оқытудың инновациялық технологиялары
    Несиелер: 5

    Физика мұғалімін дайындау жүйесі, орта мектепте физика пәнін оқытуда жаңа технологияларды қолдану, физиканы мектепте оқыту мақсаты, міндеттері, ұстанымдары, әдістері, мазмұны, ұғымдарды қалыптастыру, бейіндік оқыту, білімін практикада қолдану мәселелері қарастырылады. Cабақ жоспарын жасау, пәнаралық білімді интеграциялау, инклюзивті білім берудегі креативтілікті бағалау жолдары, физикалық құбылыстар мен процестерді зерттеуге арналған математикалық модельдерді құру, қолдану және физиканы оқытуда цифрлық білім ресурстарын пайдаланып білім сапасын арттыру жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Физикалық есептер шығару практикумы 1
    Несиелер: 5

    Физикалық есептерді шығару әдістері, физика есептерінің әр түрлі типтерінің құрылымдық ерекшеліктері, бақылау жұмыстары, олимпиадалық есептер түрлері, есеп құрастыру жолдары мен бағалау критерийлері және оларды практикада дидактикалық материалдар ретінде қолдану жолдары қарастырылады. Есептерді шешуде ЦБР-ды пайдалану, жоба жұмыстарын орындауда коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету және пәнаралық білімді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Астрономия
    Несиелер: 4

    Аспан денелерінің құрылымы, қозғалысы, дамуы жөнінде жалпы ұғымдарды қарастырады. Ғаламның дамымалы моделінің ғылым дамуындағы орнын дәйектеп, аспан денелерінің, олардың жүйелерінің қозғалысын, құрылысын, пайда болуын, аспан моделін қарастырғанда, тәжірибе нәтижесін өңдеуде цифрлық білім ресурстарыны қолданады, топпен бірлікте жұмыс жасап, пәндік интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Физикалық есептер шығару практикумы 2
    Несиелер: 6

    Физикалық есептерді шығару әдістері, физика есептерінің әр түрлі типтерінің құрылымдық ерекшеліктері, бақылау жұмыстары, олимпиадалық есептер түрлері, есеп құрастыру жолдары мен бағалау критерийлері және оларды практикада дидактикалық материалдар ретінде қолдану жолдары қарастырылады. Есептерді шешуде ЦБР-ды пайдалану, жоба жұмыстарын орындауда коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету және пәнаралық білімді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Әлемнің физикалық ғылыми бейнесінің даму тарихы
    Несиелер: 5

    Физиканың ғылыми техникалық прогресін, өндіруші күштердің сапалы өзгеруін, жаңа технологияларды жетілдіруге бағытталған іргелі, қолданбалы зерттеулерді талдау, оның даму жолдары қарастырылған. Пәннің ғылымдағы орны мен рөлін дәйектеу, білім алушының тұлғалық дамуына ғылыми болжамдарды жинақтау, зерттеу жұмыстарын жүргізуде білімді функционалдықпен, шығармашылықпен пайдаланусипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Конденсирленген күй физикасы
    Несиелер: 6

    Кристалдар, аморф заттардың құрылысытарының жалпы сипаттамасы, кондесацияланған қатты денелердің құрылымы, физикалық қасиеттері, қатты денелердің атомдық құрылымы, тордың тербелістері, фонондар, электрондық аумақтық құрылым, фазалық ауысулар, асқынөткізгіштік қарастырылады, білім алушының техногенді өркениетін дамыта отырып, есептің шешімдерін табу, мәселенің шешімін талдау, пәннің нақты өмірдегі орны мен рөлін дәйектеу, пәндік интеграциялау жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Нанотехнология және наноматериалдар негіздері
    Несиелер: 6

    Наноматериалдың негізгі түрлері, қасиеттері, өлшемдік әсерлері, нанобөлшектерді физикалық-химиялық зерттеу әдістерінің теориялық негіздері, алу әдістері, функционалдық наноматериалдарды меңгеріп, техникада, тұрмыста, өндірісте, медицинада қолданылу аумағын анықтайды. Практикалық сабақтарда нанороботтор, нанокомаха, нано түтікшелер, наномолекула, микрочиптер туралы жобаларды орындауда коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету, мәселенің шешімін талдау, пәннің нақты өмірдегі орны мен рөлін дәйектеу сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Заманауи ғарыштық зерттеулер
    Несиелер: 6

    Заманауи ғарыш аппараттары мен заманауи технологиялардың көмегімен ғарышты зерттеу. Негізгі бағыт-ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талқылау, ғарышта болып жатқан процестерді зерттеу, ғарыштық денелердің эволюциясы және Ғаламның физикалық бейнесінің құрылысы қарастырылып, бүкіл Әлемнің физикалық құрылысын зерттеу әдістері, заманауи ғарыштық физика, ғарыштық жүйелер мен макродүниенің санқырлы құбылыстары, теориялық негіздері мен ғарыштық зерттеулердің физикалық негіздері сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Радиоэлектроника
    Несиелер: 6

    Радиоэлектрондық құралдардың элементтік базасы және микроэлектрониканың бүгінгі жетістігі, радиотехникалық тізбектер мен сигналдар, шала өткізгіш приборлардың физикалық негіздері, аналогты, цифрлы микроэлектроника, импульстық құрылымдар қарастырылады. Есептің шешімдерін табу жолдары мен электроника негіздерін практикада қолдану, танымдық-ғылыми зерттеулерде модельдеу, мәселенің шешімін талдау, пәннің нақты өмірдегі орны мен рөлін дәйектеу сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Космология
    Несиелер: 6

    Заманауи космологияның негізгі жетістіктері, шешілмеген мәселелері, теориялық үлестердің көрсетілуі, қазіргі замандағы астрофизикада қолданылатын эксперименталды әдістері, жалпы салыстырмалы теорияны, жұлдыздарды, олардың эволюциясы, галактикаларды, қалдықты сәулеленуді, Әлемнің кеңеюінің инфляциялық кезеңін сынауға арналған эксперименттерді қарастырады. Жоба жұмыстарын орындауда коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету, мәселенің шешімін талдау, пәннің нақты өмірдегі орны мен рөлін дәйектеу сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Астрофизика негіздері
    Несиелер: 6

    Астрофизикадағы физикалық заңдар, жұлдызаралық орта, жұлдыздардың ішкі құрылымы, жұлдыздардағы заттар жағдайы, жұлдыз энергиясы көздері, жұлдыздардың эволюциясы, галактика, космология элементтері, екі дененің, үш дененің шектеулі тапсырмасы, шектелген тапсырманы өзгерту, аспан механикасының теңдеулерін интегралдау мәселесі, аспан механикасының аналитикалық әдістері, релятивистік аспан механикасын қарастырылады. АКТ қолданып, пәннің нақты өмірдегі орнын, рөлін дәйектеу сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON1

    Физика саласындағы білімдерін, түсініктерін табиғат пен техникадағы құбылыстарды, процестерді түсіндіруде, есептер шығаруда, эксперимент жүргізуде көрсетеді

  • Код ON4

    Нақты өмірдегі болжамдар, айғақтар және түсiндiрмелер ұсыну үшiн ғылыми жаңалықтарды ескере отырып, ғылыми модельдер мен дәлелдемелерді, эксперимент пен зерттеу нәтижелерін жинақтайды

  • Код ON3

    Физикалық процестерді модельдеуде, эксперимент нәтижелерін өңдеуде, талдауда, пәнді оқытуда АКТ-ны, цифрлық білім ресурстарын қолдана алады

  • Код ON10

    Технологияларды қолдану мен инклюзивті білім беру тәжірибесінде, даулы жағдайларда туындаған проблемалар шешімдерінің креативтілігін бағалай алады, оқу практикалық және кәсіби міндеттерді шешуде білімін қолданады

  • Код ON6

    Инновациялық технологияларды оқытудың мақсат-міндеттеріне және оқушылардың дара ерекшеліктеріне сәйкес қолданады

  • Код ON9

    Академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңызын ұғына отырып, тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілігін, командада жұмыс істеу дағдыларын және ақпараттық мәдениетін көрсетеді

  • Код ON8

    Педагогикалық, психологиялық, физиологиялық және гуманитарлық, экономикалық, экологиялық білімі негізінде түрлі тұлғааралық, әлеуметтік, кәсіби қарым-қатынас салаларында туындаған проблемаларды шешеді

  • Код ON7

    Пән бойынша жоспарланған оқу нәтижесіне қол жеткізу үшін әлемнің бір тұтас бейнесін сипаттауда пәнаралық интеграцияны қолданады және ғылыми зерттеу әдістері мен академиялық хатты меңгереді

  • Код ON2

    Физиканың, астрономияның әлеуметтік және экономикалық қоғамның дамуындағы, ғылымдағы рөлін дәйектей алады; физикалық құбылыстар мен олардың арасындағы тәуелділікті түсінеді

  • Код ON11

    Физикалық білімін өз бетінше жалғастыратын оқыту дағдыларын игере отырып, критериалды бағалаудың, диагностикалаудың, қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасаудың технологияларын пайдаланады

  • Код ON5

    Математикалық тұжырымдарды дәлелдеуде, негізгі математикалық құрылым мен аксиоматикалық әдістер жүйесін берілген жағдаяттарды шешу үшін таңдай біледі

Top