Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01505 Биология в Yessenov University

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Білім алушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеріп, сабақ жоспарларын құрады, оқытудың тиісті әдістемелері мен бағалау құралдарын айқындай отырып, оқу сабақтарын жоспарлайды.
  • Ғылымның әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық салаларындағы іргелі білім мен дағдылар негізінде қазақстандық қоғамды жаңғырту мен цифрландырудағы өз рөлі шеңберіндегі өзінің азаматтық және адамгершілік ұстанымын білдіреді
  • Ботаника, цитология және гистология, жеке даму биологиясы, биологияны оқыту әдістемесі мен технологиясы білімдермен интеграциялауда дидактикалық білімді пайдалана отырып, биологияны оқыту әдістемесі бойынша оқу сабақтарын өткізеді.
  • Жас ерекшеліктерін және білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, сараланған және интеграцияланған оқытудың педагогикалық технологияларын пайдалана отырып, биологиялық пәндер бойынша оқу сабақтарын өткізеді.
  • Білім алушылардың эмоционалдық интеллект деңгейлерін ескере отырып, педагогика, даму психологиясы және оқушыларының даму физиологиясы бойынша білімдерін қолдана отырып, білім алушылардың жеке басына құрмет көрсете отырып, тәрбие процесін қалыптастырады.
  • Білім алушылардың ата-аналарымен, педагогтарымен және қоғамымен ынтымақтастықта салауатты және қауіпсіз өмір салты мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесе отырып, білім алушылардың тәрбие жұмысын ұйымдастыруда теориялық білім мен практикалық дағдыларды қолданады.
  • Биология бойынша оқыту бағдарламалары мен әдістемелерін әзірлейді, оқушылардың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологиясын пайдалана отырып және білім беру ресурстарының кең спектрін қолдана отырып, олардың жеке даму траекториясын жобалайды.
  • Ботаниканы, зоологияны, жалпы биологияны, биохимияны, генетиканы, эволюцияны оқытудың әдістерін анықтай отырып, оқушылардың жас ерекшеліктеріне, қажеттіліктеріне сәйкес пәндер бойынша оқу материалдарын әзірлейді.
  • Зерттеу нәтижелерін жазбаша түрде ұсына отырып, биология теориясы мен әдістемесін, оқушылардың даму физиологиясын, адам анатомиясы мен физиологиясын талдау әдістерін қолдана отырып, білім беру процесіне зерттеулер жүргізеді.
  • Биология теориясы мен әдістемесін, STEM-оқытуды, биологиядағы инновациялық әдістерді, эволюция теориясын, жеке даму биологиясын оқытуда сабақты зерттеуді (Lesson study) қоса алғанда, білім беру процесін жетілдіру бойынша өзекті зерттеулердің нәтижелерін пайдаланады.
  • Оқушылардың тілдік құзыреттіліктерін дамыта отырып, сыныптағы жайлы, қолжетімді оқу ортасын және эмоционалды-психологиялық ахуалды қолдай отырып, тиімді коммуникацияны жүзеге асырады.
  • Экономикалық теорияның, кәсіпкерліктің, ойлау дизайнының, шет тілінің, практикаға бағдарланған арнайы курстардың негіздерін біле отырып, өз ісін одан әрі ұйымдастыру мүмкіндігімен өз біліктілігін арттыруды жоспарлау арқылы кәсіби қызметті жетілдірудегі өз қажеттіліктерін айқындай отырып, педагогикалық практиканы жақсырақ зерделей отырып, өз қызметінің рефлексиясын жүзеге асырады

Ұқсас БББ

6B01505 Биология мұғалімін даярлау

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)

6B01505 Биология

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

6B01505 Биология

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

6B01505 Биология

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

6B01505 Биология пәні мұғалімі

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

6B01505 Биология (IP)

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты

6B01505 Биология мұғалімдерін даярлау

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

6B01505 Биология

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

6B01505 Биология мұғалімдерін даярлау

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

6B01505 Биология (IP)

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

6B01505 Биология

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (Ы.Алтынсарин атындағы АПИ)

Top