Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01504 Инженерлік профиль бойынша химия пәні мұғалімі в Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • философия, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология, экологиялық ойлау, құқық және кәсіпкерлік негіздері, ғылыми зерттеу әдістері туралы негізгі білімді ескере отырып, тұлғааралық, әлеуметтік және кәсіби коммуникацияның әртүрлі салаларындағы жағдайларға баға беру
  • заттардың көптүрлілігі мен бірлігі және химиялық құбылыстар мәселелеріндегі проблемаларды, олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын дәлелді түрде шеше білу; ақпаратты жинау, түсіндіру және ғылыми материалдарды дайындау, әлеуметтік, этикалық және ғылыми пайымдауларды ескере отырып, пікірлерді қалыптастыру үшін ғылыми және эксперименталды зерттеулердің нәтижелерін өңдеу
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әртүрлі түрлерін қолдана алады; онлайн-оқытудың, электрондық оқытудың, желілік коммуникацияның сандық құралдарымен жұмыс істеу; желілік бірлескен қызмет үшін оқу-танымдық тапсырмаларды әзірлеу; сандық сабақтар сценарийін, қашықтықтан білім беру оқиғаларын жасау; сандық із негізінде оқу қызметі туралы деректерді талдау дағдылары бар.
  • тұлғааралық, мәдениетаралық және өндірістік (кәсіби) қарым-қатынас міндеттерін шешу үшін қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша түрде коммуникацияға түсу
  • сабақ өткізу, оқушылардың физиологиялық дамуын ескере отырып, оқу және педагогтік қызмет жағдайын моделдеу, педагогикалық қызмет жоспарын әзірлеу, жинақталған тәжірибені бағалау және қайта ойлау, кәсіби және әлеуметтік қызметті рефлексия жасау
  • математика және химия сияқты фундаменталдық ғылымдар дамуының негізгі кезеңдері мен заңдылықтарын білу. Жаңа бағыттардың пайда болу қажеттілігін түсіну, химияның іргелі химиялық түсініктері мен методологиялық аспектілерінің жүйесініңкәсіби дайындықтағы рөлі туралы түсінікке ие бола отырып химия пәні мұғалімінің кәсіби қызметінің нәтижелері үшін жауапты болу
  • ғылыми зерттеу және академиялық жазу әдістерін білу және оларды оқу саласында қолдану
  • Қазақстанның тарихи дамуының негізгі кезеңдерін, заңдылықтары мен өзіндік ерекшелігін терең түсіну және ғылыми талдау негізінде азаматтық ұстанымды көрсету
  • бейорганикалық, аналитикалық, органикалық, физикалық, коллоидтық, экологиялық химия, химиялық технология пәндері бойыншаалған білімдерінкәсіби деңгейде: ғылыми-зерттеу қызметінде, орта жалпы білім беру және кәсіптік оқу орындарында қолдану білу және сабақ беру- оқушылармен сыныптан тыс жұмыс түрлерін ұйымдастыру және жүзеге асыру дағдыларын меңгерген; жоғары әлеуметтік құндылықтарға, білім берудің гуманитарлық идеяларына ие химик педагогының ағартушылық қызметін жүзеге асыру
  • өзін-өзі дамыту және мансаптық өсу үшін өмір бойы жеке білім беру траекториясын құру, дене шынықтыру әдістері мен құралдары арқылы толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету үшін салауатты өмір салтын қалыптастыру
  • ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі талаптарын ескере отырып, қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, кәсіби қызметтің стандартты міндеттерін шешу
Top