Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01504 Химия в Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты «6В01504 Химия» бакалаврларды дайындауға арналған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты: жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі бар жоғары білікті биология мұғалімін даярлау, келесі бағыттар бойынша кәсіби қызметті жүзеге асыра алады:әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі жоғары оқушы бойында жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыратын және тәрбиелейтін, химия саласында жүйелі білім қалыптастыратын; оқу үрдісін заманауи талаптарға сәйкес деңгейде ұйымдастыру қабілетіне ие, ғылыми зерттеулер, жобалар, соның ішінде online түріндегі жұмыстарды жүзеге асыратын жоғары білікті мұғалім дайындау
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B012 Химия мұғалімдерін даярлау
  • ҰБТ-дағы пәндер Химия және Биология
  • Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Дене тәрбиесі мен денсаулықты нығайтудың құралдары мен әдістерін пайдалана алады, білім алушыларда толыққанды әлеуметтік және оқу қызметін қамтамасыз ету үшін дененің дұрыс қалыптасуына ұмтылу дағдыларын тәрбиелейді; гигиена мен еңбек қорғау талаптарына сәйкес салауатты өмір салтын қалыптастыруға қабілетті;
  • Химиялық экспериментті (зертханалық, демонстрациялық, компьютерлік) ұйымдастыру және жүргізу дағдыларын меңгерген; ақпаратты алу, сақтау, өңдеу және тасымалдаудың практикалық міндеттерін шешу үшін математикалық аппаратты, бағдарламалауды және заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға қабілетті; мектептің химия кабинетінде бар оқу құрал-жабдықтарымен және мультимедиялық жүйелерді техникасымен, сонымен қатар заманауи бағдарламалық өнімдердің көмегімен компьютерде жұмыс істеу дағдылары бар;
  • Фундаментальді химиялық заңдар мен теориялар, табиғаттағы және техникадағы құбылыстар мен процестердің химиялық мәні туралы білім жүйесін меңгерген; химияның теориялық және эксперименттік негіздері және химияны оқыту технологиялары жөніндегі білімін практикада қолдана білуге қабілетті, оқушылардың пәндік білімі мен дағдыларын қалыптастыру әдістерін меңгерген; химияға қызығушылықты қалыптастыру және химия облысындағы білімді күнделікті өмірде қолдана білу тәсілдерін меңгерген;
  • Білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере алады; инклюзивті білім беруді ұйымдастыру дағдылары бар; оқыту процесін мәдени және моральдік құндылықтарды ескере отырып, трансформациялайды және модельдейді; әлеуметтік қарым-қатынастарды құруда білім беру процесінің барлық қатысушыларының этномәдени және конфессиялық айырмашылықтарын ескеруге қабілетті;
  • . Ана тілінде өз ойын жүйелі түрде және сауатты жеткізеді, қазақ (орыс) тілінде көпшілік алдында сөйлеуде және ғылыми мәтінмен жұмыс істеуде қажетті ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын игерген; шет тілінен білімін қарым-қатынас жасау және арнайы мәтінді түсіну үшін қолданады; өз ойлары мен қажеттіліктерін (тұрмыстық, оқу, әлеуметтік, мәдени) жүзеге асыру мақсатымен коммуникация жүргізеді;
  • Әлеуметтік, гуманитарлық және экономикалық ғылымдардың негізгі әдістері мен ережелерін әлеуметтік және кәсіби міндеттерді шешуде қолдана алады; психологиялық және педагогикалық зерттеулердің сапалық және сандық әдістерін меңгерген; адамгершілік нормасы мен өнегелі мінез-құлық негіздерін меңгерген;
  • Оқу-тәрбиелік процесті модельдеуге және ҚБТ, оқыту практикасында жүзеге асыруға қабілетті; химия бойынша орта (Толық) жалпы білім мазмұнының міндетті минимум талаптарын біледі; мектепте химиялық білім берудің құрылымы (химиядан міндетті және профильдік дайындау) мен мазмұнын біледі; заманауи педагогикалық стратегияларды қолдану негізінде, атап айтқанда, сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы негізінде жаңартылған мазмұнды білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға қабілетті;
  • Химиялық заттар және процестер туралы жаңа ғылыми ақпаратты өз бетінше іздеп тауып, оны оқу және ғылыми жұмыс жүргізуде мақсатында пайдалана біледі; өз қызметінің нәтижелерін болжауға және оны жетілдіруге қабілетті, академиялық адалдық принциптерін ұстанады; сын және шығармашылық тұрғысынан ойлайды, рефлексияны жүзеге асырады, өзін білімді, мәдениетті тұлға ретінде қалыптастыра біледі.

Ұқсас БББ

Top