Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01504 Физика в Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Қоғам дамуының заманауи тенденцияларын ескере отырып, әлеуметтік-мәдени, экономикалық, құқықтық, экологиялық білімді, коммуникативті дағдыларды көрсету, ақпараттық технологияларды қолдану.
  • Педагогикалық, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарын жүргізу.
  • Физиканың классикалық бөлімдері саласында тәжірибелер жасау, физикадағы зерттеу әдістерін сипаттау.
  • Орта білім берудің барлық деңгейлерінде білім берудің интеграциясы мен сабақтастығы қағидаттарын ескере отырып, білім беру жүйесін дамытудың өзекті міндеттерін, оқу сабақтарын жоспарлау.
  • Физиканың таңдалған саласында теориялық және эксперименттік зерттеулер жүргізу қабілетін дамыту, өзінің кәсіби қызметінде физика дамуының заманауи үрдістерін ескеру.
  • Оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану және физикадан дидактикалық материалдарды, виртуалды эксперименттер мен демонстрацияларды әзірлеу.
  • Физиканың классикалық бөлімдері бойынша эксперименттер жүргізу, типтік есептерді жан-жақты шеше отырып, физикалық териминдерді қолдану. Физикалық есептерді шығару құрылымының алгоритімін құру, дәлелдеулерді сауатты тұжырымдау.
  • Физиканы оқытудың теориясы мен технологиясы, инновациялық педагогикалық технологиялар бойынша терең арнайы эмпирикалық және теориялық білімді, практикалық және теориялық әрекеттерді орындау біліктері мен дағдыларын қамтамасыз ететін жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру.
  • Оқушылардың жеке, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, заманауи оқыту технологиялары мен критериалды бағалауды қолдану.
  • Физиканың іргелі білімін физиканың негізгі есептерін, физикалық құбылыстарды шешуде, негізгі физикалық терминдерді, шамаларды, олардың математикалық өрнектерін және өлшем бірліктерін түсіндіруде пайдалану.
Top