Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M04102 Менеджмент в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Оқыту нәтижелері

  • экономикалық, экологиялық салдарлар мен этикалық нормаларды ескере отырып, тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің және басқа да объектілердің бәсекеге қабілеттілігін қолдау үшін компанияның корпоративтік стратегиясы мен әлеуметтік саясатын әзірлеу кезінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің қазіргі заманғы тұжырымдамаларын қолдана алады;
  • еліміздің, өңірлердің, кәсіпорындардың әлеуметтік, экономикалық дамуының қазіргі заманғы көрсеткіштерін талдау мен бағалау және кәсіби салада қабылданатын және іске асырылатын шешімдерді негіздеу әдістерін меңгерген;
  • ғылыми зерттеулер жүргізуге және арнайы пәндерді оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кәсіби деңгейде шет тілін біледі, мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде кәсіби және күнделікті тақырыптарда сөйлесе алады, этномәдени және конфессиялық айырмашылықтар мен қоғамның әлеуметтік-мәдени құрылымының ерекшеліктерін ескере отырып, көпмәдениетті ортада кәсіби қызметті ұйымдастыру тәсілдерін біледі;
  • корпоративтік стратегияны, бизнес стратегиясын және компанияның функционалдық стратегиясын әзірлеу және іске асыру үшін заманауи әдістер мен құралдарды қолданады;
  • ғылыми-зерттеу қызметін тиімді жүзеге асыруды дамытуда, стандартты ғылыми міндеттерді шешуде және олардың нәтижелерін дұрыс ұсынуда педагогика және басқару психологиясы туралы білімді қолданады;
  • ғылым мен білімнің рөлін түсінеді, ғылыми танымның дамуындағы қазіргі тенденциялар туралы, басқару қызметінде ғылым, техника мен технологияның жетістіктерін қолданудың өзекті мәселелері туралы түсінікке ие;
  • экономикалық объектілердің қызметін талдайды, басқару стратегиясының ғылыми негізделген таңдауын жасайды, ұйымдарды басқарудың іргелі мәселелерін шешу үшін басқарудың қолданыстағы теориялары мен тәжірибелерін сыни бағалай алады;
  • кәсіби қарым-қатынас, мәдениетаралық қарым-қатынас, көшбасшылық, қақтығыстарды басқару және этикалық қағидаларды сақтау негізінде жоғары өнімді командаларды қалыптастыру үшін тиімді ауызша және жазбаша коммуникация дағдыларына ие;
  • персоналды басқарудың тиімді стратегияларын іске асыру, білікті қызметкерлерді тарту, ынталандыру және ұстап қалу үшін кәсіби салаларда ақпараттық (цифрлық) технологияларды пайдаланады;
  • жаңа нарықтық мүмкіндіктерді табу мен бағалауға, бизнес-идеяларды қалыптастыруға және бағалауға, жаңа бизнес құрудың бизнес-жоспарларын әзірлеуге қабілетті; инновациялық жобалардың бизнес-жоспарларын жасайды, инновациялық жобалардың, инвестициялық жобалардың іске асырылуы мен табыстылығын негіздейді; инновациялық ақпарат ағынының толықтығын, объективтілігін, шынайылығын, жеделдігін, үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін жағдайды түсіну және бағалау үшін ұйым ішіндегі және одан тыс инновациялық қызмет туралы ақпаратты өңдеуді және талдауды жүзеге асырады; тиімді шешімдерді әзірлеу үшін кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға және талдауға қабілетті.

Ұқсас БББ

7M04102 Менеджмент HN

«Тұран-Астана» университеті

7M04102 Менеджмент

Сулейман Демирель атындағы университеті

7M04102 Менеджмент

Сулейман Демирель атындағы университеті

7M04102 Менеджмент

Инновациялық Еуразия университеті

7M04102 Менеджмент

Торайгыров университеті

7M04102 Менеджмент

Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

7M04102 Менеджмент

«Тұран» университеті

7M04102 Менеджмент

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

7M04102 Салалар бойынша менеджмент

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

7M04102 Менеджмент

Алматы технологиялық университеті (АТУ)

7M04102 Менеджмент

Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық Бизнес Университеті

7M04102 Менеджмент

Қазақ-орыс халықаралық университеті

7M04102 Менеджмент

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

7M04102 Менеджмент

Қазақстан-Американдық еркін университеті

Top