Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02302 Аударма ісі в Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Аударма саласында білім элементтерін қоса, білімі мен түсінігін көрсетеді; ұлттық дәстүрлер мен жалпыадамзаттық, тарихи құндылықтар негізінде рухани-адамгершілік дағдыларды дамытады; әлеуметтік-саяси тұжырымдамаларды біледі, философиялық көзқарастарды дамытады; салауатты өмір салтын ұстанады; әлеуметтік, этикалық және ғылыми тұжырымдамаларды ескере отырып, кәсіпкерлік идеяларды іске асырады; пікір қалыптастыру үшін компьютер арқылы ақпаратты жинайды және түрлендіреді; ғылыми зерттеулер мен академиялық жазу әдістерін меңгереді және оларды оқытылатын салада қолданады.
  • Оқып жатқан тілді тұлғааралық және мәдениетаралық өзара іс-қимыл міндеттерін шешу үшін пайдаланады; пікірге, дәстүрге, әдет-ғұрыпқа, қоғамдық нормаларға негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтарды меңгерген және өзінің кәсіби қызметінде оларға сүйенеді. Тілдің дыбыстық құрылысын зерттеу әдістері туралы; артикуляциялық база туралы, сөйлеу интонациясы, оның компоненттері мен функциялары туралы түсінігі бар және алынған теориялық білімдерді іс жүзінде қолдана біледі.
  • Қазіргі Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрін біледі; ойлау мәдениетін меңгерген; Аударма ісі саласында одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдыларын меңгерген; туған, шет және орыс тілдерінде оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді (ауызша және жазбаша) қолданады; ғылыми, ресми-іскерлік, публицистикалық және көркемдік стиль мәтіндерін жасай және өңдей алады.
  • Түрлі әлеуметтік топтардың адамдарымен қазақ, орыс, шет тілдерінде тыңдап түсінеді, сөздердің дыбысталуына мән бере отырып еркін сөйлеседі; зерттеу және кәсіби қызметте аударма ісі саласындағы базалық білімді қолданады. Кәсіпкерлік қызмет туралы білімін кеңейтеді, коммерциялық қызметті құру дағдыларын қалыптастырады, қаржылық сауаттылығын арттырады, қаржыны үнемдеу дағдыларын қалыптастырады. Мұнай және газ өнеркәсібіне қатысты терминдер туралы түсінігі мен білімі бар, аударманың қатаң ережелерін сақтайды.
  • Ауызша және жазбаша аударма негізінде халықаралық, қоғамдық-саяси, экономикалық, мәдени өмірдің түрлі салаларында әртүрлі мәдениеттер мен тілдер өкілдерінің арасындағы өзара түсіністікті қамтамасыз етеді. Тілі оқытылатын елдер әдебиетінің даму кезеңдерін; әдебиет дамуының әртүрлі кезеңдеріндегі жазылған шығармаларды біледі. Өз қызметі мен өмірінде академиялық адалдықты сақтаудың, академиялық адалдықтың ұғымдары мен қағидаттарын, оларды қолданудың мақсаттары мен міндеттерін айқындаудың маңыздылығын түсінеді. Аударма қызметінің тиімділігін арттыру үшін жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдаланады.
  • Түрлі мекемелерде, ұйымдарда халықаралық конференциялар, көрмелер өткізу кезінде халықаралық туризм саласында кәсіби қызметті жүзеге асырады; аударманың дәстүрлі және инновациялық әдістерін қолданады; кәсіби деңгейде білім мен түсінушілікті қолданады, аргументтер қалыптастырады және аударма ісі саласындағы проблемаларды шешеді; күрделі мәтіндер мен аудиоматериалдарды (дауыстап және парақтан) дұрыс аударады.
  • Зерттелетін тіл елдерінің дамуының негізгі тарихи кезеңдерін, физикалық және экономикалық географиясын, әкімшілік-саяси және аумақтық бөлінуін, оқытылатын тіл елдеріндегі қазіргі саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени процестерді біледі; зерттелетін саладағы фактілердің, құбылыстардың, теориялардың және олардың арасындағы күрделі тәуелділіктердің білімі мен түсінігін қолданады; өз қызметінде оқытылатын шет тілінің грамматикалық құбылыстары мен қызмет ету заңдылықтары туралы алған білімдерін қолдана алады.
  • Аударма ісі саласындағы оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолданады; зерделенетін тақырып шеңберінде диалогтік және монологтық сөйлеуді, шет тілінде сөйлеуді, хабарландыруды, сұхбатты, аннотацияны, теле-және радиобағдарламаны, жарнаманы түсінеді; сөз сөйлеу, тұсаукесер және шығарма жоспарларын жасайды; негізгі ақпарат алу және мәтіннің бөліктерін зерделеу, оқытылатын тақырып бойынша эссе, шығарма жазу, оқу бағдарламасы бойынша қысқаша әңгімелесу мақсатында мәтіндерді оқу дағдыларын меңгереді.
  • Аударма туралы ғылымның қазіргі жай-күйін, аударма іс-әрекетінің негізгі тұжырымдамаларын, аударманың әртүрлі типтері мен нысандарының ерекшеліктерін, аударманың негізгі лексикалық-фразеологиялық, грамматикалық және стилистикалық проблемаларын біледі және түсінеді; ғылыми зерттеулер мен академиялық жазудың негізгі әдістерін талдайды; ғылыми мәтіндер жазу, олардың жазу тілі мен стилін таңдап, қолданады, сондай – ақ аударма барысында жасанды интеллект платформаларын қолданады.
  • Монологтық және диалогтік сипаттағы түпнұсқалық аудио және бейне мәтіндер мен дыбыс жазбаларын түсінеді; Іскерлік хаттар жаза алады; диалогтар құрастырады; телефон арқылы іскерлік сұхбатты шет тілінде жүргізеді; екіжақты әңгімелердің, сұхбаттардың, іскерлік келіссөздердің, баяндамалардың, сөйлеген сөздердің едәуір ақпараттық ауқымда шет тілінен ана тіліне, сондай-ақ аударма жылдамдығы қағидаттары мен аударма теориясы ережелерінің негізінде шет тіліне дәлме-дәл аудармасын жүзеге асырады.
  • Туризм теориясы мен әдіснамасының негіздерін біледі; әлемдегі және елдегі негізгі оқиғаларды тарихи және географиялық талдау арқылы туризмнің мүмкіндіктерін түсінеді; туризм түрлерін (халықаралық және ішкі туризм, әлеуметтік, экологиялық, оқиғалық, спорттық, іскерлік, сауықтыру және фитнес, мәдени және білім беру, діни) түсінеді және оны клиенттердің талаптарына сәйкес туристік маршрутты дайындау кезінде пайдаланады.
  • Нарықтық және жоспарлы экономиканы дамытудың негізгі заңдарын , қабылдау және шығу ережелерін, шетелден туристерді қабылдау және олардың қауіпсіздігін, туризм саласындағы құқықтық құжаттарды біледі және қолданады; туристерге қызмет көрсету бағдарламаларын жасау және туристік бизнес бойынша серіктестермен шарттар жасауда ақпараттық әңгімелесуді ұйымдастыру.
Top