8D01701 Қазақ тілі мен әдебиеті в QYZPU
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Инновациялық идеяларды жүзеге асырушы интеллектуалды көшбасшыларды даярлау
-
Академиялық дәреже Докторантура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 3 года
-
Кредиттер көлемі 180
-
Білім беру бағдарламаларының тобы D017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
-
Білім беру саласы 8D01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 8D017 Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
Статистикалық талдау әдістерін терең зерттеу
Бұл пәннің мақсаты – статистиканың ғылыми зерттеулердегі рөлін түсіндіре отырып, деректерді талдаудың заманауи статистикалық әдістерін меңгерту. Статистикалық талдау түрлі саладағы күрделі міндеттерді шешуге арналған тиімді құрал, сондықтан пән іріктеме негізінде объектілер жиынтығы туралы қорытынды жасау, олардың сипаттамаларын анықтау, айнымалылар арасындағы байланыстарды талдау, болжам жасау және шешім қабылдау үдерістеріне қажетті әдістемелік негіздерді үйретуге бағытталған. Пән аясында докторанттар статистикалық тәсілдерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына тиімді қолдануды үйренеді.
Несиелер - 5
-
Академиялық хат
Пән ғылыми бағыттағы әртүрлі мәтіндерді (ғылыми мақала, баяндама, пікір, әдеби шолу, эмпирикалық зерттеу және т.б.) жазу дағдыларын қалыптастыруға және олардың құрылымы мен ерекшеліктерін терең меңгертуге бағытталған. Пән мазмұнына ғылыми жазылым үдерісінің барлық кезеңдері – тақырып таңдаудан бастап, мақаланы халықаралық басылымда жариялауға дейінгі кезеңдердегі өзекті мәселелер кіреді. Докторанттар сыни ойлау, жүйелі және дәлелді жазу, ғылыми дискурсты қалыптастыру, мәтінді талдау, бағалау және ғылыми стильде оқи білу дағдыларын дамытады. Халықаралық деңгейдегі рейтінгісі жоғары журналдардағы ғылыми мақалалардың құрылымымен, стильдерімен танысады.
Несиелер - 4
-
Ғылыми зерттеу әдістері
Пән докторантты зерттеу үдерісін түсіндіруге және ғылыми мәтіндерге талдау жасау, әдіснама жазу, зерттеу жоспарын құру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пән зерттеу дизайны, дерек жинау, сапалық және сандық әдістер, зерттеу этикасы мен деректерді талдау бойынша кешенді білім береді, нәтижесінде докторанттың ғылыми жұмысын жүйелі жазуына негіз қалайды.
Несиелер - 5
-
Тіл ғылымындағы антропоөзектік парадигма
Докторанттардың тіл жүйесі мен тілдің антропоөзектік идеясы аясында дербес ізденуі мен зерттеу жүргізуін қамтамасыз ететін құзіреттіліктерін қалыптастырады. Ғылыми парадигмалар теориясы тұрғысынан қазіргі тіл білімін, антропоөзектік парадигманың мәнін, осы ғылыми пәннің категориялық аппаратының негізін құрайтын ұғымдарды, антропоөзектік парадигманың төрт бағытын меңгереді.
Несиелер - 5
-
ХХ-ХХІ ғғ. әдебиеттегі ғылыми басымдықтар
XX-ХХІ ғ.ғ. қазақ әдебиеттану ғылымының өркендеп, өсу кезеңіндегі даму ерекшеліктері, ұлттық әдебиеттанудың қалыптасу тарихы мен әдеби-терминдік құндылықтары, көркемдік үдерістері әлемдік әдебиеттану контекстінде қарастырылады. Докроранттар ұлт зиялыларының қазақ сөз өнері, оның ішінде әдебиеттану ғылымы саласындағы ғылыми-теориялық ой-пікірлері мен кәсіби көркем сынды дамытудағы сыншылдық-эстетикалық көзқарастарын жүйелі түрде меңгереді.
Несиелер - 6
-
Әдебиеттанудың жаңа бағыттары
Әлемдік әдебиеттанудың жетістіктері, уақыттың дамуы барысында туған жаңа пікірлер, тың теориялық бағыттар аясында докторанттың дербес ізденуі мен зерттеу жүргізе білу қабілетін дамыту нысанаға алынады. Әдебиет теориясының ғылыми парадигмаларымен, бағыттарымен, көркем мәтін поэтикасымен, семиотикалық, герменевтикалық, структуралистік тәсілдермен таныстыру көзделеді. Формализмнің теориялық ұстанымын, тұрпайы социологизм ағымын, структурализм эстетикасын, рецептивті эстетикасын меңгереді.
Несиелер - 5
-
Түркі тілдерінің даму үдерісі
Түркі тілдерін топтастыруда негізге алынатын тарихи, географиялық, фонетикалық, фономорфологиялық тағы басқа принциптер туралы ұғым қалыптастырылып, түркі жазуының даму кезеңдері, графика түрлері, руникалық ескерткіштер, олардың таралу шегі мен зерттелу тарихы, руникалық алфавиттің шығуы мен генезисі, қазіргі ұлттық түркі тілдерінің графикасы мен орфографиясы туралы мәселелер қамтылады.
Несиелер - 6
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Халықаралық академиялық стандарттарға сай ғылыми мәтіндер құрастырады.
- Академиялық жазылым талаптары мен өзінің ғылыми саласының ерекшеліктеріне сәйкес жеке зерттеу жоспарын жобалайды.
- Ғылыми қорытындылар жасау үшін статистикалық әдістерді қолданып, зерттеу нәтижелерін ұсынады.
- Тіл заңдылықтары мен әдеби туындылардың көркемдік әлемін, өнер туындыларын зерделеудің тәсілдерін сыни талдап, қазіргі тарихи-мәдени және әдеби үдерістердің даму заңдылықтарын айқындайды.
- Кәсіби қызметте ғылыми зерттеу технологияларын қолданады.
- Әдебиеттану мен лингвистиканың әдіснамалық мәселелерін, қазіргі заманғы теорияларын, концепцияларын түсініп, әдеби туындыларды әдеби-лингвистикалық талдау мен сараптауды меңгереді.
- Әлемдік әдебиет теориясының жетістіктері, тың теориялық заманауи бағыттары мен ғылыми парадигмалары аясында зерттеу жүргізеді.
- Қазіргі ұлттық тіл мен әдеби үдерістерді саралап, ғылыми-педагогикалық зерттеулер нәтижелерін тиімді пайдаланады.
Ұқсас БББ
8D01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Сулейман Демирель атындағы университеті
8D01701 Қазақ тілі мен әдебиеті педагогін даярлау
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)
8D01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
8D01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
8D01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
8D01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
8D01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)