8D01701 Қазақ тілі мен әдебиеті в Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Қазақ тілі мен әдебиеті саласында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті, қазіргі қоғамның мәселелері мен міндеттерін шешуге қабілетті, қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздерін меңгерген, филология саласында ғылыми-зерттеу жұмысын жүзеге асыратын педагог-маманды даярлау.
-
Академиялық дәреже Докторантура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 3 года
-
Кредиттер көлемі 180
-
Білім беру бағдарламаларының тобы D017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
-
Білім беру саласы 8D01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 8D017 Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
Қазақ әдебиеттану ғылымының философиялық - әдістемелік негіздері
Меңгерген әдеби эстетикалық білімін әдебиеттанулық ізденістері кезінде және ұлттық әдебиеттің құрылысын зерттеу тұсында қолдануды үйретеді. Қазақ әдебиеті теориясына қатысты әдебиеттанулық және ғылыми ой философиялық пайымдаулармен таныстырады. Шығармашылық процесті философиялық тұрғыдан саралаудың жолдары мен қаламгерлердің жеке әдеби дарынын анықтаудың әрі әдеби туындыларды талдаудың негізгі әдістерін жалпы ғылыми зерттеу әдістерімен ұштастыра меңгертеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Академиялық хат
Тезис және аргументке, рәсімделуіне қойылатын талаптар, параграфтардың түрлері мен құрылымы, бөлім мен тараушаларды біріктіретін логикалық байланыстар, аннотация, резюме, ғылыми мақаланың стильдік ерекшеліктері, халықаралық ғылыми басылымдарға жарияланымдар дайындау, сарапшылар пікірі, бағалау критерийлері, плагиат түсінігі, редакциялау, ғылыми жұмыс нәтижесін таныстыру, презентация құрылымы, аудиториямен байланыс, риторикалық әдістер меңгертіледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының даму үрдісі мен жаңа бағыттары
Әлемдік әдебиеттануда туындаған жаңа бағыттар, тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеттануының даму бағыты, қазақ әдебиеттануындағы жаңаша бастамалар, алаш әдебиеттануы, әдебиеттегі дістүр мен жаңашылдық, қазіргі қазақ романдарының поэтикасы, текстология, герменевтика, мифопоэтика, ғылым және әдебиет мәселесі қарастырылады. Тіл біліміндегі антропоөзекті зерттеулер, тіл және адам, сана қатынасы, тіл философиясы, әлемнің тілдік бейнесі, концепт ұғымы мен жүйесі қарастырылады. Когнитивті, әлеуметтік лингвистика, лингвомәдениеттану, лингвоаксиология, этнолингвистика, психолингвистика, нейролингвистика т.б. жаңа бағыттарды меңгертуге бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеу әдістері
Филологиялық зерттеулердің философиялық, психологиялық, педагогикалық, этика-эстетикалық негіздері, ғылыми қызметтің ерекшеліктері, зерттеу ұстанымдары, деңгейлері әдіснамалық мектептер (филологиялық, эстетикалық догматизм, биграфизм, мәдени-тарихи, компаративистика, психологиялық, әлеуметтік мектептер) қамтылады. Ғылыми таным әдістерін, жалпығылыми әдістерді, эмпирикалық және теориялық таным әдістерін, ғылыми бақылау тәсілдерін, зерттеуді ұйымдастыру кезеңдерін меңгертуге бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары мектеп әдістемесінің теориясы мен практикасы
Қазіргі кезеңдегі білім беруді дамыту тенденцияларын, білім беруді ізгілендіру және демократияландыру, ақпараттандыру және жаһандандыру мәселелерін, жоғары білімнің қалыптасуы мен дамуындағы тарихи тұлғалардың мұраларын, жоғары мектеп педагогикасының дамуына қазақстандық ғалым – педагогтардың үлесін, жоғары мектептің қалыптасуының қазіргі мәселелері және оларды шешу жолдарын қарастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Филологиялық зерттеулерде AI қолданудың ғылыми-әдістемелік негіздері
Курс жасанды интеллект саласындағы зерттеулердің негіздерін ұсынады. Докторанттар мәтіндік құжаттарды, аудио және бейне контентті және филологиялық зерттеулерде қолданылатын басқа ресурстарды жасау үшін жасанды интеллект негізіндегі құралдар мен платформаларды қолданудың практикалық дағдыларын меңгереді. Курс кәсіби салада мәтінді талдау, деректерді интерактивті визуализация, деректерді талдау, болжау және тәуекелді бағалау үшін AI құралдарын қолдануды қарастырады. AI пайдаланудың этикалық аспектілерін меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- зерттеу саласы бойынша ғылыми критерийлерге сәйкес келетін ақпаратты саралайды, филологиядағы жаңа және күрделі идеяларды бағалайды, синтездейді, сараптайды.
- педагогикалық эксперимент жүргізеді, оқытудағы заманауи әдістер мен технологиялардың тиімділігін салыстырады, ғылыми зерттеу жүргізудің, текстологиялық талдаудың алгоритмін жасайды.
- педагогикалық, филологиялық ғылымдар дамуының бағыттары мен жаңа концептуалдық идеяларын сын тұрғысынан талдайды, тілдік және әдеби құбылыстар мен үдерістерді академиялық сауаттылық және ғылыми этика қағидаларын пайдалана отырып ғылыми тұрғыда талдайды;
- лингвистика және әдебиеттанудағы әртүрлі мектептер мен жаңа бағыттардың ғылыми идеяларын салыстырады, көркем шығарма мәтініне кешенді талдау жасайды; филологиялық білім берудің философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін құрылымдайды.
- ғылыми стильде ауызша және жазбаша коммуникацияны іске асырады, ғылыми-педагогикалық зерттеу, эксперименттік-зерттеу және аналитикалық жұмыс нәтижелерін диссертация, мақала түрінде жалпылайды, академиялық мәтінді редакциялайды.
- ғылыми зерттеулердің кешенді үдерісін жоспарлайды, іске асырады, ғылыми болжам жасайды, өз зерттеулерінің нәтижесін бағалайды.
- зерттеу жұмысына таңдаған ғылыми әдіснамасының сапасы мен нәтижелілігін бағалайды, лингвистика және әдебиеттану саласындағы ғылыми зерттеулердегі теориялық және қолданбалы міндеттерді шешеді.
- лингвистика және әдебиеттану саласында өз бетімен зерттеу жүргізу дағдысын көрсетеді, дәйекті тұжырымдар жасайды, ғылыми мәтінді интерпретациялайды, ғылыми қауымдастықта филологиялық зерттеулерді талқылайды, академиялық этика кодексін басшылыққа алады.
- білім беру саласындағы ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдістері мен құралдарын пайдаланады, алынған нәтиженің шынайылығын талқылайды, филологияның қазіргі үрдістері бойынша өз көзқарасын, пікірін түсіндіреді.
- қазақ тілі мен әдебиетін оқыту бойынша жаңа әдістер, технологиялар, тапсырмалар ұсынады, құрастырады, білім беру мазмұнын қайта құрылымдайды, филологияда жаңа ғылыми идеялар ұсынады.
Ұқсас БББ
8D01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Сулейман Демирель атындағы университеті
8D01701 Қазақ тілі мен әдебиеті педагогін даярлау
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)
8D01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
8D01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
8D01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
8D01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
8D01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)