6B04201 Қолданбалы құқық в Сулейман Демирель атындағы университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Негізгі мақсаты-табысты практикалық іс-әрекет дағдыларын дамытудың қажетті кезеңі ретінде құқық туралы жүйелі білімді, теориялық базаны қалыптастыру болып табылады.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы Сулейман Демирель атындағы университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B049 Құқық
-
ҰБТ-дағы пәндер Дүниежүзілік тарих және Құқық негіздері
-
Білім беру саласы 6B04 Бизнес, басқару және құқық
-
Дайындық бағыты 6B042 Құқық
Пәндер
-
Рим құқығы
«Рим құқығы» оқу пәнінің мақсаты – студенттердің азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу құқығы, халықаралық жеке құқық сияқты пәндерді оқу кезінде қажетті болатын білімдерін қалыптастыру. Курстың соңында студенттер Рим құқығының дамуының негізгі кезеңдері туралы біледі, Рим құқығының қазіргі құқық жүйесіне әсерін түсіндіре алатын болады. Студенттер Рим құқығын оқу арқылы құқықтық ойлау дағдыларын дамытады, талдау және дәлелдеу дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Түрік тілі 1 (A1 деңгейі)
Пәннің мақсаты тілдің грамматикалық білім жүйесін, тілдік коммуникацияның прагматикалық құралдарын меңгертуді, сөйлеу этикасы мен сөйлеу нормасын қалыптастыруды, түрік тілінде еркін сөйлесуді, пікірталасқа, көпшілік алдында сөйлеуге баулу
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Азаматтық құқық негіздері
Пәнді оқу барысында студенттер жеке құқықтың негізгі институттары ұғымдарын, оларды пайдалану ерекшеліктерін және азаматтық құқықтың басқа құқық салаларымен арақатынасын қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер: жеке құқық ұғымы мен мазмұнын меңгереді; азаматтық құқықтық қатынастар ұғымы және оның құрамын айқынтай алады; азаматтық құқық қағидаттарын меңгереді және нақты мәселелерді шешу кезінде олардың мазмұнын пайдаланалады; жеке құқық көздері және олардың арақатынасын түсінеді; азаматтық құқықтардың пайда болу негіздерін және оларды жүзеге асыру тәсілдерін біледі; азаматтық құқықтарды қорғаудың нысандары мен тәсілдерін қарастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құқықтың жалпы теориясы
Пәнді оқу барысында құқықтың түсінігі, мәні және әлеуметтік маңызы, құқықтың басқа әлеуметтік нормалармен өзара байланысы талданады. Оның ішінде құқық нормасының құрылымын талдауға; құқық түсінігі бойынша түсініктемелер, талдау және логикалық қорытындылар беруге; осы мәселелер бойынша ғылыми ізденіс жүргізуге және ғылыми қорытындылар шығаруға; нақты істер бойынша нормативтік құқықтық актілердің нормаларын қолдана отырып шешімдер шығаруға назар аударылады
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құқықтық ойлау және методология негіздері
Заңгер-мамандарды дайындау кезінде "құқықтық ойлау негіздері және методология" курсы аясында, маман ретінде ойлауға, құқықтық мәселелерді шешу үшін талдау және заңның неғұрлым тиімді нормаларын анықтауға үйретеді. Осылайша, болашақ заңгерлер құқықтық талдаумен және оны шешумен байланысты әдістерді жүйелі түрде қолдануды үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ғылыми зерттеу әдістері
Пәнді оқу барысында, қазіргі іргелі және қолданбалы юриспруденцияның соңғы жетістіктерін ескере отырып, қазіргі заманғы зерттеу әдістері пайдалана отырып, заң ғылымдары саласында (бағдарламаның бағытына сәйкес) ғылыми зерттеулерді дербес жүргізуді үйренеді. Курсты аяқтау нәтижесінде студенттер алынған нәтижелерді ғылыми конференцияларда ұсыну және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін отандық және шетелдік жетекші профильді журналдарда жариялау қабілетін қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Міндеттемелік құқық II
«Міндеттемелер құқығы II» (Келісімшарттардың кейбір түрлері) пәнді игеру барысында, студенттердің шарттық және шарттан тыс қатынастардың жекелеген түрлері туралы негізгі ережелерді біледі, азаматтық құқықтың ерекше бөлімінің институттарын талдап, салыстыра алады, алған теориялық білімдерін практикада қолданады, кәсіби қызметте пайдалану үшін азаматтық заңнаманы іздеу және талдау дағдыларын меңгереді, азаматтық құқық нормаларын қолдану арқылы құқықтық жағдайларға шешім қабылдай алады; әртүрлі азаматтық-құқықтық шарттарды жасау дағдыларын меңгереді
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Заттық құқығы
«Заттық құқығы» пәнін оқу мақсаты студенттердің заттық құқығының түсінігі, белгілері және жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру. Оқыту барысында студенттер мүліктің құқықтық табиғатын, мүліктік құқықтарды алу және тоқтату негіздерімен танысады, шектелген заттық құқығының түрлерін ажыратады және оларды қорғау жолдарын біледі. Оқыту нәтижелері бойынша студенттер заттық құқығының туындау, жүзеге асыру және тоқтату тәртібін реттейтін құқықтық актілерді қолдану дағдыларына ие болады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Түрік тілі 2 (A2 деңгейі)
Курстың соңында студенттер тілдің грамматикасын, сөздерін қалыптастыру жолдарын үйренеді, фразеологиялық және терминологиялық сөздерді және фразаларды теориялық және практикалық көмекпен меңгереді, тілдік лексиканы дамытады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
ҚР Отбасы құқығы
Отбасы құқығы оқу пәні ретінде неке ұғымын, оның құрылымы мен мөлшерін, отбасы ішінде қалыптасқан қарым-қатынастардың сипаттамасын (мүліктік, сондай-ақ жеке мүліктік емес), ерлі-зайыптылардың, ата-аналардың, балалардың, қорғаншылардың және қамқоршылардың негізгі құқықтары мен міндеттерін, неке қию мен бұзудың, оны жарамсыз деп танудың, ата-ана құқықтарын асырап алудың және айырудың құқықтық салдарларын зерттеуге мүмкіндік береді
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
ҚР Конституциялық құқығы
«ҚР Конституциялық құқығы» пәнін оқыту барысында – студенттер конституциялық құқықтың маңызды ғылыми – теориялық ережелері, Қазақстан Республикасының конституциялық даму кезеңдері, демократиялық, құқықтық, әлеуметтік және зайырлы мемлекеттілікті құру процесінде мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретіндегі Конституцияның рөлі мен функциялары, Адам мен азаматтың конституциялық – құқықтық мәртебесі, сондай-ақ мемлекет пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының конституциялық жүйесі туралы іргелі түсініктерді игереді
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мұрагерлік құқық
Пәнді оқудың мақсаты студенттердің мұрагерлік құқығының мәселелерін зерттеу: мұраны құқықтық реттеу, мұрагерлік қатынастар субъектілерінің мұрагерлік негіздері, мұрагерліктің жекелеген әдістері, меншіктің жекелеген түрлерін мұра ету, сондай-ақ мұраны қабылдау, бас тарту, мұраны қорғау және басқару, мұрагерлік қатынастардан туындайтын істерді сот арқылы қарау тәртібін игереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Халықаралық жария құқық
“Халықаралық жария құқық” пәнін меңгеру аясында, студенттерді Халықаралық, мемлекеттер ынтымақтастығының құқықтық мәселелер кешенімен таныстырады; студенттердің адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау, қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастықты регламенттеу сияқты мемлекетаралық қарым-қатынастар салаларында олардың нормаларын бірлесіп қолдануға бағдарланумен халықаралық және мемлекетішілік құқық арақатынасының, өзара әрекеттесуінің арнайы мәселелерін зерттеу; құқықтық мәселелерді дербес шешу дағдыларын әзірлеуге көмектеседі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Міндеттемелік құқық I
"ҚР Міндеттемелік құқығы 1" курсын оқыту барысында, студенттердің негізгі білімдерін және міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету, міндеттемелерді тоқтату, азаматтық-құқықтық жауапкершілік ұғымдарын, түрлерін, негіздерін меңгеру және міндеттеменің бұзылуын қарастырады. Бұл курсты оқытудың негізі ретінде студенттердің міндеттемелер туралы жалпы ережелерін (азаматтық құқықтың жалпы бөлігі) меңгеруі болып табылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Құқықтану саласындағы ағылшын тілі
"Құқықтану саласындағы ағылшын тілі" пәнін оқытудың мақсаты кәсіби қарым-қатынас; көпшілік алдында сөйлеу; кәсіби ақпарат алу мақсатында заң әдебиеттерін оқу арқылы кәсіби заң қызметі процесінде шет тілді мәтіндермен жұмыс істеу үшін қажетті көлемде құқықтану бойынша лексика-грамматикалық минимумды; негізгі лексикасын (бейтарап, ғылыми стиль), сондай-ақ ағылшын тіліндегі заң терминологиясын; шет елдердегі құқықтарын; құқықтың негізгі бағыттарын көрсететін ағылшын тілінің лексикасы мен фразеологиясын; ағылшын тілінде хат алмасуды; ағылшын тіліндегі арнайы әдебиеттерді рефераттау, аннотациялау және аудару негіздерін меңгеру болып табылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 6
-
Халықаралық коммерциялық құқық
'Халықаралық коммерциялық құқық' курсын оқып үйренудің мақсаты қазіргі заманғы халықаралық коммерциялық айналымға қатысушы коммерциялық ұйымдардың экспорттық-импорттық,сауда-саттық және басқа да коммерциялық транзакцияларды жүзеге асыру, оларды құқықтық реттеудің механизмдерін түсінуге бағытталады. Студенттердің халықаралық бизнесте жеке құқықтық қатынастардың реттелуі және де халықаралық құжаттар мен шетелдік құқықтық жүйелердің құқықтық нормаларын қолданылуын және соған сәйкес құқықтық дағдыларды қалыптастыру болып табылады
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
ҚР Қылмыстық құқығы (Жалпы бөлім)
ҚР Қылмыстық құқығы (жалпы бөлім) пәнін игеру аясында студенттер қылмыстық құқық саласындағы білімді меңгереді. Пәнді игеру кезінде студент қылмыстық заң, қылмыстық құқық бұзушылықтар түсінігі, қылмыс категориялары, жаза тағайындау тәртібі және басқа қылмыстық құқықтың негізгі категориялары мен институттарын зерттейді. Студент қылмыстық-құқықтық нормаларды қолдану дағдыларын дамытады, құқықтық мәдениет пен құқықтық сананың, қылмыстарға төзбеушіліктің жоғары деңгейін қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Бизнесті ұйымдастырудың құқықтық нысандары
Курс ұйымда заң қызметі қалай құрылды, ол басқа бөлімшелермен қалай өзара іс-қимыл жасайды, ұйымның өзі немен бизнес жасайды, басшы ретінде шешім қабылдайды, заң фирмаларының бизнесі қалай құрылады, ол қалай басқарылады, жаңа клиенттерді қалай табуға болады, серіктестермен қарым-қатынас жасай білу, заң бизнесінің қалай құрылғанын, кәсіби заң қызметінің қандай тәуекелдерін сүйемелдейді, заң индустриясы қандай бағытта дамиды, құқықтық қызметтер нарығында қандай жаңа мүмкіндіктер ашылатынын және тағы басқалар
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 5
-
ҚР Қылмыстық құқығы (Ерекше бөлім)
ҚР Қылмыстық құқығы (Ерекше бөлімі) пәнін игеру нәтижесінде жазалану шектерін көрсете отырып, қылмыстың нақты түрлерінің құрамын анықтауға, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті баптары бойынша қылмыстарды дұрыс саралау қабілетін игереді
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 6
-
Жер құқығы
Жер құқық оқу пәні ретінде жерді пайдалану мен қорғауға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастардың құқықтық негіздерін, оларды тәртіпке келтіруге байланысты құқықтық реттеу мүмкіндіктерін, меншік және жер пайдалану құқығы субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін, жер қатынастары саласындағы мемлекет қызметінің рөлі мен бағыттарын айқындау үшін қажет. Жер құқығы пәні жер құқығы қатынастары ұғымын, жерге меншік құқығы мен пайдалану құқығының пайда болу негіздерін зерделейді, жер санаттарының құқықтық режимін айқындайды. Сонымен қатар студенттерде жер қатынастарын құқықтық реттеу туралы жүйелі түсінік қалыптастырады
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 5
-
Экономика
Пән студенттердің нарықтық экономикадағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің мінез-құлқын анықтайтын заңдар мен принциптер негізінде, тиімді экономикалық ойлауын қалыптастыруға, әртүрлі экономикалық теориялар мен модельдерді талдауға, зерттеудің жалпы теориялық әдістерін меңгеруге бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Құқыққорғау органдары және прокурорлық қадағалау
Пән студенттерге заңгердің кәсіби қызметінің әртүрлі аспектілері, оның ішінде судья, прокурор, тергеуші, адвокат, нотариус ретінде, сонымен қатар құқық қолданудың негізгі түрлері мен инфрақұрылымымен оның ішінде сот төрелігі, құқық қорғау және адам құқықтары саласындағы қызметімен таныстыруға арналған
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
ҚР Экологиялық құқығы
Пәнді оқу барысында студенттер экологиялық құқықтың негізгі ұғымдарын, институттары мен принциптерін қарастырады. Олар қоршаған ортаны ұтымды пайдалану мен қорғауды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз етудің құқықтық шараларын анықтайды. Студенттердер нақты практикалық мәселелерді шешуде экологиялық құқықтың жалпы жүйесін бағдарлай біледі
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Бұл курс негізгі құқық нормаларын, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін, конституциялық құқықтар мен бостандықтардың негіздерін зерттеу болып табылады. Студенттер сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қағидаттарымен, педагогтің этикасымен және кәсіби мінез-құлқымен танысады. Курс білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін зерделеуді, этикалық мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруды және сыбайлас жемқорлық көріністерімен байланысты жағдайларда негізделген шешімдер қабылдауды қамтиды. Оқыту барысында болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерінде құқық пен қоғамға жауапты және заңға бағынатын көзқарасты қалыптастыруға ықпал етеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Еңбек қатынастары және еңбек даулары
"Еңбек қатынастары және еңбек даулары" пәнін оқытудың мақсаты студенттердің ҚР Еңбек құқығы саласында тұрақты білім алуы және ҚР қолданыстағы еңбек заңнамаларында сауатты бағдарлану қабілеті болып табылады. Пәнді оқу барысында келесі міндеттер шешіледі: еңбек қатынастарын реттейтін заңдар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілердің, - ең алдымен ҚР Еңбек Кодексі мен басқа да заңдардың мазмұнын түсіндіру; Еңбек құқығы бойынша әдебиеттерді талдау және қорыту дағдыларын үйрету; еңбек құқығы саласындағы құқық қолдану қызметінің дағдыларын тәрбиелеу; еңбек дауларын шешу, еңбек қатынастарына қатысушылардың – қызметкерлердің, қызметкерлердің (кәсіподақтардың), жұмыс берушілер мен олардың өкілдерінің, еңбек инспекциясының заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау дағдыларын қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Тіршілік қауіпсіздік негіздері
Курс бастауыш, жалпы, орта кәсіптік және жоғары білім беру мекемелерінде оқытылатын оқу пәні болып табылады. Бұл курс студенттерге қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын және жеке қауіпсіздік мәселелеріне көзқарасты саналы түрде дамытуға көмектеседі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Банк құқығы
Пәнді игерген студент, ҚР банк жүйесінің құрылымын білуі керек; негізгі банктік операцияларды құқықтық реттеу; соттардың, төрелік соттардың және банктердің қызметін реттейтін заңнаманы қолдану тәжірибесін, құқықтық қатынастарды заңнамаға дәл сәйкестікте дұрыс саралау; банк қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізе алу қабілеттіліктері болады
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Қаржылық сауаттылық
"Қаржылық сауаттылық" оқу курсы тыңдаушылардың қаржылық өнімдер мен қызметтер туралы білімдерін, жеке тұлғаларға салық салуды, зейнетақымен қамсыздандыруды, сондай-ақ жеке қаржыны басқару, инвестициялық шешімдер қабылдау және жеке қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету дағдыларын қалыптастыруға арналған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
ҚР Азаматтық процестік құқығы I
"Азаматтық процесстік құқығы 1" пәнін игерудің мақсаты студенттердің жалпы юрисдикциялық соттарында азаматтық істерді қарау және шешу бойынша соттың және процеске өзге де қатысушылардың іс жүргізу қызметі туралы тұтас түсінігін қалыптастыру, құқықтық дерек көздермен, соның ішінде нормативтік құқықтық актілермен, құқық қолдану практикасы материалдарымен, арнайы әдебиеттермен дербес білікті жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру; соттарда дауларды шешу практикасын талдау, жалпы юрисдикциядағы соттар қабылдаған шешімдердің құқықтық салдарларын бағалау және іс жүргізу құжаттарын құрастыру болып табылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Адам құқықтарының халықаралық құқығы
Пәннің мақсаты студенттерде адам құқықтарының әлеуметтік және заңды табиғаты туралы, заңнама, халықаралық актілер және қазақстандық және шетелдік азаматтардың құқықтарын қорғау механизмдері туралы жүйелі түсінік қалыптастыру болып табылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Муткорт
Студенттерді мут кортты өткізудің негіздері мен әдіснамасымен таныстыру. Құқықтық құжаттарды талдау және құқықтық дәлелдер дайындау дағдыларын дамыту. Студенттерге өз ұстанымдарын ауызша және жазбаша түрде тиімді көрсетуге үйрету. Сот процесінде топтық жұмыс және өзара әрекеттесу дағдыларын қалыптастыру. Сот процестерінің принциптері мен рәсімдерін түсінуді тереңдету. Ауызекі және жазбаша ағылшын тілінің сапасын арттыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Экология
Cабақ организмдер мен олардың қоршаған орта арасындағы өзара байланысын түсінуге, қоршаған ортаны қорғауға және қамқорлыққа тәрбиелеуге арналған. Қатысушылар экожүйелер, биоәртүрлілік, табиғатты қорғау, ластану және тұрақты өмір сүру тәжірибесі сияқты тақырыптарды зерттейді. Курс адамдарға планетаның денсаулығын қалыптастырудағы өз рөлін тануға мүмкіндік беру және оларды болашақ ұрпақ үшін табиғи әлемді қорғау және сақтау бойынша белсенді шаралар қабылдауға шабыттандыруға бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік
Кәсіпкерлік – студенттердің табысты бизнесті бастау және басқаруға байланысты білімдері мен дағдыларын дамытуға бағытталған курс. Курс бизнес мүмкіндіктерін анықтау, бизнес-жоспар әзірлеу, қаржыландыруды қамтамасыз ету, маркетинг және сату стратегиялары, команданы басқару сияқты әртүрлі тақырыптарды қамтиды. Курс студенттерге білімдерін нақты әлемдегі жағдайларға енгізу туралы сыни және шығармашылық ойлауға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік және корпоративтік құқық
Пәнді оқыту барысында шаруашылық-құқықтық қатынастардың барлық кешенінің құқықтық режимі, корпоративтік құқықтың негізгі ережелері, корпоративтік дауларды шешу тәртібінің құқықтық негіздері, заңды тұлғалар қызметінің тәртібі, коммерциялық заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау тәсілдері ашылады. Курс аясында кәсіпкерлік және корпоративтік қатынастар субъектілері, шаруашылық жүргізуші субъектілердің заттық құқықтары, кәсіпкерлік саладағы шарттық қатынастарды, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу және бәсекелестік құқықты құқықтық реттеу ерекшеліктерімен танысу мәселелерін зерделеуді көздейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Құқық
Бұл курс мемлекет пен құқық теориясын, сондай-ақ заңмен және оны жүзеге асырумен байланысты құбылыстар мен процестерді зерттеуге арналған. Студенттер мемлекет, құқықтың әрекет ету механизмі, заң шығару және құқыққа қатысты басқа да мәселелер туралы түсінік алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
ҚР Қылмыстық процестік құқығы
«ҚР Қылмыстық процестік құқығы» пәнін оқу барысында, алдын ала тергеу органдарының, прокуратураның және соттың қылмыстық процедуралары туралы студенттерінің білімін қалыптастыру, қылмыстық процестің барлық мәселелері бойынша ғылымның қылмыстық процестік заңнамасының теориялық қағидаларын меңгеру, Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің нормаларын практикалық қолдану үшін практикалық дағдыларды меңгеру және студенттердің тергеу амалдарын және жағдайларын оңтайлы шешуге қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту болып табылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Қаржы құқығы
"Қаржы құқығы" пәнін меңгеру кезінде қол жеткізетін негізгі мақсаттар студенттердің қазіргі заманғы қаржылық құқықтың негіздері, мазмұны және ерекшеліктері туралы теориялық білім алуы және қаржы құқығының дерек көздерін талдау және заңгерлердің практикалық қызметінде қаржы құқығының нормаларын қолдану дағдыларын игеру болып табылады. Курста студенттер қаржы құқық қатынастары саласындағы негізгі құқықтық санаттармен танысады; мемлекеттік шығыстар мен кірістер туралы, сондай-ақ жария кредит, бюджеттік және салық құқығының негіздері, эмиссиялық құқық, ақша айналымы құқығы және валюталық құқық туралы білім алады. Курсты игергеннен кейін білім алушы міндетті төлемдердің түрлері мен нысандарында, қаржылық, салықтық және валюталық бақылау мәселелерінде, көрсетілген салалардағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік, мемлекеттік сатып алу туралы түсініктері болады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Халықаралық жеке құқық
'Халықаралық жеке құқық' пәнін игеру барысында студенттер,- қолданбалы аспектіде халықаралық жеке құқық доктринасын зерттеу; - заңнаманы реформалау және құқық қолдану практикасын қалыптастыру жағдайында халықаралық жеке құқық институттары мен принциптерін тереңдетіп талдау;- коллизиялық мәселелерді қазіргі заманғы реттеудің тиімділігін бағалау;- халықаралық жеке құқық нормаларын қолданудың заманауи мәселелерін зерттей алады
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Әкімшілік құқық бұзушылық және жауапкершілік
Осы пәнді игеру барысында әкімшілік жауапкершілікті құқықтық реттеу, оның негіздері мен мазмұны; субъектілер туралы, әкімшілік жауапкершілік шаралары және оларды қолдану тәртібі қарастырылады. Сонымен қатар, студенттердің әкімшілік жауапкершілік туралы заңнамалық нормалармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту: оларды түсіндіру және қолдану дағдылары; әкімшілік құқық бұзушылықтардың құрамын саралау дағдылары; дәлелдеу дағдылары қалыптастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
IT құқығы
Курс цифрлық технологиялар элементтерін қамтитын құқық бағыттарын оқыту арқылы ақпараттық технологиялар құқығы саласын қамтиды. Оқу барысында студенттер ақпараттық технологияларды қолдану, киберқауіпсіздік, ақпараттық құқық және электрондық коммерция саласындағы құқықтық реттеудің проблемалық мәселелері бойынша пәнаралық сипаттағы арнайы білім алуға бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
ҚР Азаматтық процестік құқығы II
Пәнді оқытудың мақсаты – - азаматтық процестік құқық саласы бойынша кәсіби қызметке дайындау; - студенттерде азаматтық сот ісін жүргізудің түрлері мен сатылары туралы жүйелі, кешенді білімдер мен дағдыларды қалыптастыру. Пәннің міндеттері: - студенттерді азаматтық процестің жекелеген сатыларын, оның ішінде, атқарушылық іс жүргізуді, сондай-ақ шетелдік тұлғалардың қатысуымен іс жүргізуді реттейтін азаматтық-процестік нормалармен таныстыру; - азаматтық процестік құқықтың арнайы нормаларымен жұмыс істеуге дағдыландыру және оларды нақты өмірлік жағдайға қолдануға үйрету; - студенттерді азаматтық сот ісін жүргізу барысында туындайтын құқықтық жағдайларды талдауға және кәсіби міндеттерді дербес шешуге үйрету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Қылмыстық процестік құжаттарды құрастыру
Пән іс жүргізу құжаттарын құрастыру сапасына қойылатын жалпы талаптарды меңгеру, іс жүргізуге қатысушылардың құқықтарын қамтамасыз ету процедурасын сақтаудың маңыздылығы және құқық қорғау органдарында жұмыс істеу үшін жоғары білікті маман даярлығының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын қылмыстық сот ісін жүргізу саласында іс жүргізу құжаттарын құрастыру бойынша практикалық дағдыларды меңгеруге көмектеседі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Халықаралық шарттар құқығы
Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студент, халықаралық сипаттағы мәмілелер және халықаралық коммерциялық келісім-шарттар ұғымы, халықаралық келісімшарттық құқықтың коллизиялық мәселелері; халықаралық коммерциялық келісімшарттарды құқықтық реттеуді біріздендіру; тауарларды халықаралық сатып алу-сату шартының ерекшелігі; интернет-коммерцияны құқықтық реттеу тәртібін меңгереді
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Криминалистика
Пәннің мақсаты студенттерді қылмыстық, азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша іс жүргізу барысында криминалистикалық маңызы бар объектілерді жинаудың техникалық-криминалистикалық әдістері мен құралдарын қолдануға үйрету; бағдарлы және дәлелді ақпарат алу мақсатында осы объектілерді алдын ала зерттеу әдістерін меңгеру; криминалистикалық тіркеудің ақпараттық-іздеу жүйелерін пайдалану
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Салық құқығы және салық даулары
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер салық және төлемдер туралы заңнамаларда қолданылатын терминологияны және негізгі ұғымдарды; Қазақстанның қазіргі салық саясатын қалыптастырудың негізгі нормативтік көздері мен тарихын; салық құқығының дамуының негізгі кезеңдерін; салық құқығының принциптерін, категорияларын, ұғымдарын, институттарын білуі тиіс. Салық және алымдар туралы заңнаманы қолдану мәселелері бойынша сот органдарының қолданыстағы құқықтық ұстанымдарын түсіндіре білу; салық құқығының негізгі мәселелерін талқылау, сот дауларын шешу тәжірибесін талдау, нақты даулар бойынша Соттар қабылдаған шешімдердің құқықтық салдарларын бағалау. Салық құқығы саласындағы нормативтік актілермен, сот-төрелік практикамен жұмыс істеу дағдысы болуы; нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау, олардың техникалық-экономикалық негіздемесі; нақты міндеттер мысалында салықтар мен алымдар сомасын есептей алады
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Интеллектуалдық меншік құқығы
Осы пәннің нәтижесінде студенттер әр түрлі елдердің Интеллектуалды меншік құқығына салыстырмалы талдау жүргізеді, интеллектуалды және инновациялық қызмет туралы түсінік, Интеллектуалды меншік құқығы туралы түсінік қалыптастырады, «Интеллектуалды меншік құқығы» жүйесінің, оның институттарының, тұжырымдамаларының, субьектілерінің жұмысын зерттейді, тақырып, әдіс және дереккөздер, авторлық құқық негіздері, оның принциптері, объектілері, субъектілері, шығармалар авторларының жеке мүліктік және мүліктік емес, сабақтас құқықтары туралы түсініктерді анықтайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Деректерді қорғау
Курс заңнама талаптарына сәйкес әр түрлі қызмет саласындағы ұйымдарда дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғауды ұйымдастыру үшін қажетті білім мен дағдыларды қалыптастырады. Дербес деректерді қорғау жүйесін құру кезеңдері, деректері өңделетін субъектілердің санына байланысты дербес деректердің ақпараттық жүйелерін жіктеу тәртібі және дербес деректердің санаттары келтірілген және дербес деректерді қорғау жүйесін құру кезеңдері және оларға сәйкес ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар қарастырылған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Халықаралық заң фирмаларының практикасынан таңдамалы кейстер
Бұл пән аясында, халықаралық құқық фирмаларының тәжірибесінен кейстерді зерттеуді және оларды талдауды меңгереді. Нəтижесінде студенттерге теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде пайдалануға мүмкіндік беріледі. Процедуралық құжаттарды (талап арыздар, тапсырмалар, анықтамалар, шешімдер мен шағымдар) жасау дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасындағы әкімшілік рәсімдер және әкімшілік сот ісін жүргізу
Пәннің мақсаты әкімшілік рәсімдер саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге, оның ішінде мемлекеттік органдардың ведомствоаралық қызметін ұйымдастыруға және жария құқық саласындағы даулар саласындағы әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібі туралы түсінігін қалыптастыру. Мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттеуге байланысты құқықтық қатынастар оқытылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Электрондық коммерцияның құқықтық аспектілері
Курстың мақсаты-білім алушыларға электрондық коммерция, АТ келісім-шарттары және тұтынушылардың құқықтары саласында АКТ-мен байланысты құқықтық мәселелерді нақты түсінуді ұсыну. Білім алушылар электрондық коммерция мақсатында жасалатын құқықтық стратегияларды сыни талдау мен жоспарлауға, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғауға, ақпараттық қоғам қызметтері мен онлайн-сатылымдарға байланысты талаптарды, халықаралық және ұлттық құқықтық құралдарға және жергілікті реттеуге сәйкес қолданылатын құқықтық режимдермен онлайн-транзакциялардың негізгі түрлерін салыстыра отырып (осы саладағы ішкі және халықаралық құқық арасындағы өзара іс-қимылды ескере отырып) қарауға үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Сандық дәуірдегі авторлық құқық
Курсты оқу барысында білім алушылар ғылым, әдебиет, өнер туындыларын және ЭЕМ, фонограммалар, орындаулар, қойылымдар, эфирлік және кабельдік хабар тарату бағдарламаларын жасау мен пайдалануға байланысты туындайтын құқықтық қатынастарды зерттейді. Курстың мақсаты: студентке сандық экономиканың даму жағдайында авторлық қатынастардың ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру; ақпараттық қоғамда авторлық құқықтың концепциясын оқып үйрету
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Мамандықаралық құқықтық дағдылар
Бұл пән студенттерге замануи жұмсак дағдыларды үйретуге арналады. Олардың ішінде жұмысқа қабілеттілікті арттыру және кәсіби дамуға қатысы бар қоғам алдында сөйлеу, сыни ойлау секілді дағдыларды қамтиды. Пән ерекшелігі ол заңгер, судья және адвокат т.б сынды маман иелерінң жұмысында қолданатын тәжірбилер мен дағдыларды үйрену арқылы жұмысты жеңілдету және сапаны арттыру үшін студеннтерге түсінік қалыптастырады. Курсты аяқтау нәтижесінде студенттердің жағдайға және оның өзгерістеріне тез жауап беру қабілетті, көшбасшылық қабілеттерін дамытады, коммуникативті дағдыларын жетілдіріп, өз ойын көпшілікке сенімді және анық жеткізе алатын болады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 4
-
Құқықтық жазба
Бұл пән сауатты құқықтық жазбалар, жақсы ойластырылған идеяларды анық, қысқа және дәл жеткізу дағдысын қалыптастырады. Сондықтан студенттер осы пән арқылы заң саласына тән - түсінікті және тиімді жазудың принциптері мен әдістерін үйренеді. Теория мен әдістеме негізінде практикалық жаттығуларды және нақты мысалдарды үйлестіру арқылы студенттер жақсы құрылымдалған, түсінікті құқықтық мәтіндер жазу қабілетін жетілдіреді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 4
-
Патенттік құқық және дараландыру құралдары
Бұл курстың мақсаты магистранттарды даралау құралдарын (тауар таңбаларын, фирмалық атауларды, тауар шығарылған жерлердің атауларын, коммерциялық белгілерді), өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғау және зияткерлік құқықтарды сот арқылы қорғау мәселелері болып табылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Заңгердің кәсіби этикасы
Пәннің мақсаты - студенттердің заңгер этикасының жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен ережелеріне сәйкес кәсіби іс-әрекеттерді жүргізу үшін қажетті білімі мен дағдыларын дамыту. Студент заңгердің кәсіби этикасының негізгі қағидаларының мазмұнын, негізгі құқықтық қызметінде осы принциптерді іске асырудың ерекшеліктерін біледі;
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Криминология
Бұл пәнде оқыту нәтижесінде қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тексеруге қабілетті болады. Пәнді оқыту мақсаты: студенттерді қылмыстылықты талдауға, оның себептерін, қылмыскердің жеке басын, жәбірленушілердің жеке басын және мінез-құлқын, яғни Виктимологиялық аспектілерді, қылмыстың динамикасы мен құрылымын және қылмыстың алдын алу бойынша шараларды әзірлеуге үйрету.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
АПК нормаларын тәжірибеде қолдану
Бұл пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер іс жүргізу құқығының нормаларын қолдану бойынша білім мен дағдыларды меңгереді, іс жүргізу нормаларын қолдануға тән белгілерді, іс жүргізу қатынастарындағы құқық қолдану қызметінің ерекшеліктерін анықтай алады, азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларын дұрыс түсіндіріп, іс жүргізу құқығының нормаларын іс жүзінде қолдану.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Халықаралық арбитраж
«Халықаралық арбитраж» курсын игеру нәтижесінде студент: - Халықаралық арбитражда экономикалық сипаттағы дауларды қарау тәртібін реттейтін заңнаманы білуге тиісті; іс жүргізу құжаттарын (іс жүргізу сенімхаттарын, талап арыздарын, талап арыздарға жауаптарын, анықтамаларын, шешімдерін және т.б.) құрастыруды білуге тиісті.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Атқарушылық іс жүргізу
Студент атқарушылық іс жүргізу заңдарының нормаларына талдау жүргізуді, атқарушылық іс жүргізу тәжірибесінде өз бетінше қолдануды, процестік құжаттарды құрастыруды, азаматтық істер бойынша шығарылатын сот актілерінің орындалуы тәртібін, мүліктен өндіріп алу бөлігінде қылмыстық істер бойынша шығарылатын үкімдердің орындалу ерекшеліктерін, аралық сот және халықаралық коммерциялық төреліктердің шешімдерінің орындалу дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Практикалық және теориялық проблемаларды шешу үшін бастапқы және қайталама құқықтық ресурстарды пайдалана отырып, құқықтық зерттеулер жүргізуге қабілетті болады.
- Күрделі құқықтық мəселелерге заңнамалық сараптама жасап, кешенді шешу жолдарын ұсына алады
- Халықаралық және ұлттық заңнаманы дамытудың ықтимал перспективалары мен қазіргі заманғы құқықтық ғылымды дамытудың негізгі теориялары мен тұжырымдамаларын талдай алады
- Құқықтық мəселелерді шешуде қолданылатын құқық нормаларын дедуктивті құқық логикасы мен таргетті құқық қолдану метологиясына сəйкес қолдана алады
- Құқыққолдану актілерін талдау арқылы білікті құқықтық қорытындылар (баға) мен құқықтық сипаттағы құжаттарды жасауға қабілетті болады.
- Ғылыми баяндамаларды, мақалаларды қорғауға қабілетті болады, ғылыми талқылауларға, халықаралық конференцияларға белсенді қатысады, құқықтық мәселелерді талқылайды. Ғылыми жұмыстарды зерттеу, жариялау және әлеуметтік өзара әрекеттесу арқылы қоғамның ғылыми және мәдени дамуына ықпал етеді.
- Азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және іске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегін көрсетуге, сот процестеріне қатысуға және оларды талдауға, ұлттық деңгейде заң бизнесін жүргізуге қабілетті болады.
- Құқықтық ұғымдар мен санаттарды, құқық саласындағы нақты зерттеу әдістері мен техникасын, оның ішінде салыстырмалы әдістерді еркін қолдана алады
- Коммуникативтік байланыстарды құруға және қолдауға, келіссөздер жүргізуге қабілетті болады.
- Құқықтық қызметті этика мен жалпы және кәсіби мәдениет талаптарына сәйкес жүргізеді, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік танытады.
- Мемлекеттік органдардың құрылымы және қызметіне талдау жасай алады
- Тұрақты даму, өмір қауіпсіздігі, қаржылық сауаттылық және кәсіпкерлік қағидаттарын қажетті білім мен дағдыларға ие бола отырып, қазіргі заманғы мәселелерді талдау және шешу үшін қолдану.
Ұқсас БББ
6B04201 Халықаралық құқық
КИМЭП университеті
6B04201 Құқық
Шымкент университеті
6B04201 ҚҰҚЫҚ
Астана халықаралық университеті
6B04201 Құқықтану
M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti
6B04201 Құқықтану
Торайгыров университеті
6B04201 Құқықтану
Халықаралық білім беру корпорациясы
6B04201 Азаматтық, еңбек және кәсіпкерлік құқық
А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты
6B04201 Құқықтану
Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті (АГЭУ)
6B04201 Кеден ісі
Esil University
6B04201 Құқықтану
«Тұран-Астана» университеті
6B04201 Құқықтану
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
6B04201 Құқықтану
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
6B04201 Құқықтану
«Bolashaq» академиясы (Болашақ)
6B04201 Құқықтану
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
6B04201 Құқықтану
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
6B04201 Халықаралық құқық
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
6B04201 Құқықтану: құқық қорғау қызметі
Q UNIVERSITY
6B04201 Құқықтану
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
6B04201 Құқықтану: сот- прокурорлық қызмет
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
6B04201 Құқықтану
Қонаев университетi
6B04201 Құқықтану
Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті
6B04201 Құқықтану
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)
6B04201 Құқықтану
«Тұран» университеті
6B04201 Құқықтану
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты
6B04201 Құқықтану
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
6B04201 Құқықтану
Еуразия Технологиялық Университеті (ЕТУ)
6B04201 Құқықтану
Қызылорда "Болашақ" университеті
6B04201 Құқықтану
Инновациялық Еуразия университеті
6B04201 Құқықтану
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
6B04201 Құқықтану
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi
6B04201 Құқықтану
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
6B04201 Құқық
Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ)
6B04201 Құқықтану
Қазақстан-Американдық еркін университеті
6B04201 Құқықтану
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
6B04201 Құқықтану
Алматы менеджмент университеті (AlmaU)
6B04201 Құқықтану
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті