6B04201 Құқық в Шымкент университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Тәжірибелік міндеттемелерді шешу үшін мамандық бойынша дағды мен ептілік көлемін кеңейту. Құқық саласы бойынша жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілікке ие, кәсіби біліктілігі мен бәсекелестігі жоғары және тиімді құқықтық қызмет атқаратын мамандарды дайындау Нормативтік құқықтық актілердің қолдануы мен талқылауын құқықтың қайнар көздерінің мазмұнын шығармашылықты игеру қабілеттілігімен ептілігін қамтамасыздандыру
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы Шымкент университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B049 Құқық
-
ҰБТ-дағы пәндер Дүниежүзілік тарих және Құқық негіздері
-
Білім беру саласы 6B04 Бизнес, басқару және құқық
-
Дайындық бағыты 6B042 Құқық
Пәндер
-
Жеке жетістіктер негіздері
Оқу және жеке жетістіктер деңгейінің салыстырмалы сипаттамаларын алу, білім беру мазмұнының сәйкестігін бағалауға үйрету. Адамға өзінің өмірлік мәселелерін шешу үшін білімдерін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін жобалық-бағытталған ойлауды қалыптастыру; тұлғааралық, мәдениаралық, мемлекетаралық деңгейде жағымды қарым-қатынасқа қабілеттілік пен дайындықты, сондай-ақ өзіне, жақын қоршаған ортаға, қоғамға, мемлекетке, адамзатқа, табиғатқа деген әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастырады.
Несиелер - 5
-
Өндірістік (үзіліссіз)практика
Өндірістік практика – студенттер үшін маңызды оқу үрдісінің бөлімі болып саналады. Өндірістік практика кезінде студенттер оқу орнында алған теориялық білімдерін мекемелерде іс жүзінде қолдану арқылы машықтанады. Студенттер құқық қорғау органдарында, әділет органдары, адвокатура, нотариус т.б заңгерлер қызметі бар басқа да мекемелерде мекеменің жұмысымен танысып, олардың іс-әрекеттерінің құқықтық негіздерін (заңдарды, бұйрықтарды, нұсқауларды т.б) үйренеді.
Несиелер - 8
-
Шетелдерінің мемлекет және құқық тарихы
Шет мемлекеттердің конституциялық құқығы ғылымының негізгі түсініктері мен ұғымдарын анықтайды. Шет мемлекеттердің конституциясының негізгі құрылымының қағидаларын, элементтерін, басқару нысандарын, саяси партияларын, адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздерін, мемлекет басшысының құқықтық мәртебесін сипаттайды. АҚШ-тың, Ұлыбританияның конституциялық құқығының негіздерін түсіндіреді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мемлекет және құқық теориясы
Қазіргі кездегі мемлекеттік құқықтық құбылыстар, оның типтері, нысандары, қызметтері, мемлекеттің механизмі, құқықтық реттеудің сатылары туралы қорытынды шығарады. Мемлекет пен құқықтың байланыстылығын сипаттап, талқылатады. Құқық қағидаларына сипаттама жүргізуге дағдыландырады. Құқық нормаларын және қатынастарын саралау арқылы өз көзқарасын дәлелдетеді. Құқықтық мемлекетті құрудың обьективтік қажеттілігін түсіндіреді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Адам құқығы
Адам құқықтарының қорғау механизмін анықтап, заңды мүдделерін қарастырады. Құқықтық реттеу механизмін, заңдық жүйе мен қоғамдық қатынастарын сипаттап жіктейді және құқықтық субъектілерінің мүдделерін топтау арқылы түсіндіреді. Қазақстан Республикасы Конституциясының азамат туралы негізгі ережелерін тәжірибеде қолдануға машықтандырады. Адам мен мемлекет арасындағы қарым-қатынастарды қарастырады. Конституциялық құқықтың субъектiлерін талдауға дағдыландырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Саяси құқықтық ілімдер тарихы
Саяси құқықтық ілімдер тарихындағы құқықтық мемлекеттік идеяларды түсіндіреді. Ежелгі замандағы, орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуіріндегі, буржуазиялық революциялар кезеңіндегі, қазіргі уақыттағы саяси және құқықтық ілімдер тарихын сипаттайды. Саяси жəне құқықтық теориялар мен институттардың даму тенденцияларын оқытады. Тәжірибелі ғалымдардың пікірлерін тұжырымдап, қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
ҚР мемлекет және құқық тарихы
Мемлекет және құқық тарихының дереккөздерін қолданады. Тарихи жаңа ақпараттарды талдай біледі. ХҮ ғасырдың ортасында Қазақ хандығының құрылуын түсіндіріп береді. Тәуелсіз еліміздің болашақтағы мемлекеттік құқықтық дамуының бағыттарын айқындауға машықтандырады. Қоғамдағы тарихи талдауларға салыстыру жүргізуге дағдыландырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Рим құқығы
Ежелгі Рим құқығының түсінігі, рим азаматтық құқығының маңызы және Рим жеке құқығының жүйелерін үйретеді. Ежелгі Рим құқығының шығу тарихы мен оның мәнін, рим құқығының ерекшеліктерін оқытады. Грек заңнамаларындағы сақталған үзінділер мен қолданыстағы ережелердің толық және дәйекті жүйесін түсіндіреді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
ҚР Конституциялық құқығы
Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ғылымының негізгі түсініктері мен ұғымдарын, анықтамаларын есте сақтатады. Конституцияның негізгі құрылымының қағидаларын, элементтерін сипаттайды. Қоғамдағы қатынастарды Конституциялық қатынастарындағы құқықтық реттеуді сыни талдауға дағдыландырады. Қоғам субъектілерінің арасындағы құқықтық қатынастарды зерттей отырып өз ойын дәлелдейді. Конституциялық құқығы пәнін меңгеру нәтижесінде өз тұжырымдарын ұсынады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Шетелдерінің конституциялық құқығы
Шет мемлекеттердің конституциялық құқығы ғылымының негізгі түсініктері мен ұғымдарын анықтайды. Шет мемлекеттердің конституциясының негізгі құрылымының қағидаларын, элементтерін, басқару нысандарын, саяси партияларын, адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздерін, мемлекет басшысының құқықтық мәртебесін сипаттайды. АҚШ-тың, Ұлыбританияның конституциялық құқығының негіздерін түсіндіреді
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті мәселелері.
Тұлғаның әдет-ғұрыптары мен мінез-құлықтарын, қалыптасқан дәстүрлерін, ұлттар мен халықтардың психикалық кейіп ерекшеліктерін сипаттайды. Тұлғаның жаңа болмысын қалыптастыруды ұғындырады, тұтас ұлт сапасын арттыруды ұйымдастырады. Білім мен ғылымды тереңдетуді, танытуды, зерттеу бағыттары аясында ұлттық сананың түрлі полюстеріне жан-жақты зерделеуді түсіндіріп береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Оқу практикасы
Оқу практикасының мақсаты - алынған теориялық білімді кеңейту, тереңдету және бекіту, қаржы, несие ұйымдарының тәжірибесін зерделеу негізінде қаржы, ақша айналымы, ақша-несие саясаты, банктік қызмет, инвестиция және сақтандыру, қаржылық-экономикалық талдау саласында қажетті практикалық дағдыларды игеру, меншіктің әр түрлі формасындағы кәсіпорындар мен ұйымдар, сонымен қатар өндірістік дағдылар мен еңбекті ғылыми ұйымдастыру негіздерін игеруге үйретеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 2
-
Шетелдердің азаматтық құқығы
Шет елдердің азаматтық құқығында азаматтардың кәсіпкерлікпен, өзге де шаруашылықпен еркін айналысуына жол берілгендігіне мысалдар келтіреді. Шет елдердегі жүзеге асырылатын заңдар, нормативтік сипаттағы азаматтық актілер, сот практикасы мен әдет-ғұрыптарға талдаулар жүргізеді. Заңды тұлғаларға кәсіпкерлік істі жүргізуге оңтайлы жолдар ұсынады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Сыбайлас жемқорлыққа қасы мәдениет негіздері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім жүйесін қалыптастыру және осы құбылысқа қатысты азаматтық ұстаным негізінде дамытуға үйретеді. Күнделікті тәжірибеде адамгершілік сана құндылықтарын сезіну және адамгершілік нормаларын сақтау; сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін рухани-адамгершілік механизмдерді қолдану; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу мәселелерін талқылауға үйретеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
ҚР қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)
Қылмыстық құқықты әрекеттің қылмыстылығы мен жазаланушылығын белгілейтін заң нормаларының жүйесі ретінде түсіндіреді. Қылмыстық құқықтың негізгі мазмұнын, оның мақсатын, оның заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер алдындағы басымдықтарын ашады. Қылмыстың жіктелуін, құрамын, дәлелдеуге жататын мән-жайларды сипаттайды. Объектіні, объективтілікті, субъектіні, қылмыстың субъективтілігін зерттеу рәсімін баяндайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қазақстан Республикасының орман құқығы
Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік басқару, бақылау тәртіптерін қамтиды. Орман қорының жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсіруге мемлекеттік бақылауды жүргізетін уәкілетті орган мен аумақтық органдарының құзыретін тұжырымдайды
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Имиджелогия
Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қоршаған ортаны қорғаудың заманауи әдістері туралы теориялық және практикалық білімдерді қалыптастыра отырып, экономиканы, кәсіпкерлік іс-әрекеттерді, кәсіпкерлік қызметтің түрлерін, экологиялық білім, білік пен дағдыларды қоршаған ортамен қалыптастырудың теориялық негіздерін үйретеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтығын жүйелі түрде білу арқылы сыбайлас жемқорлық саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным мен құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағыт береді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
ҚР азаматтық құқығы (жалпы бөлім)
Азаматтық құқықтың жалпы бөлімі мүліктік және мүліктік емес қатынастарды ұғындыра отырып, азаматтық қатынастарға түсу, оны реттеу, қорғау мәселелерін қамтиды. Азаматтық – құқықтық қатынастардың негізгі мазмұнымен таныстырып, олардың басқа салалардан айырмашылығын түсіндіреді. Азаматтық құқық нормаларының мазмұнын талдайды және оларды тәжірибеде дұрыс қолдануға синтез жасайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Кәсіпкерлік дағдылар негіздері
Кәсіпкерлік - өндірістің ерекше факторы болғандықтан арнаулы білімді, шеберліктер мен дағдыларды талап етеді. Еңбек нарығында өз мақсаттарына қол жеткізу мүмкіндіктерін ойлауға үйретеді. Мемлекеттегі кәсіпкерліктің заманауи үрдістерін танып біледі. Ұдайы өзгеріп отыратын еңбек нарығында талапқа сай тұлға болуына, кәсіпкерліктегі бәсекелестікті дамытып бизнес-жоспар құруды үйретеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
ҚР қылмыстық құқығы (ерекше бөлім)
Қылмыстық істі тез арада және жан-жақты, объективті қарау үшін құқықтық білімді тұжырымдайды. Қылмыстық кодекстің ерекше бөлімін қамтиды, оны іс-тәжірибеде дұрыс қолдануға дайындай біледі. Ақпаратты талдау дағдысын иеленеді, статистикалық материалдарды ұсынады. Заңнамалардағы жаңалықтарды синтез жасайды, ағымдағы жағдайларға қорытынды жасайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жер құқығы
Жерді пайдалану мен қорғауға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастардың құқықтық негіздерін, оларды ретке келтіруге байланысты құқықтық реттеушілік мүмкіндіктерін, меншік құқығы мен жерді пайдалану субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін, жер қатынастарының аясындағы мемлекеттің рөлі мен қызметінің бағыттарын талдауға бағыттайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
ҚР азаматтық құқығы (ерекше бөлім)
Азаматтық құқықтың ерекше бөлімі шарттарды салыстырады. Шарттарды талқылап бір-бірінен ажыратады. Шарттың түрлерін жекелеп талдайды. Шарттан, шарттан тыс туындайтын міндеттемелердің жекелеген түрлерін құқықтық реттеуге арналған. Қолданыстағы азаматтық заңнаманың нормаларын қолданады, түсіндіре алады, ерекше бөлім мен жалпы бөлімнің нормаларымен, азаматтық айналымда туындайтын қатынастарды реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілердің нормаларымен тұжырымдайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Отбасы құқығығының негіздері
Отбасы құқығы ұғымын, қағидаларын, некеге тұрудың тәртібі мен шарттарын, некенің жарамсыздығын, ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін, некені тоқтату, бала асырап алудан немесе ата-анасыз қалған балалардың басқа да нысандарынан туындайтын қоғамдық қатынастарын зерттейді. Отбасылық қатынастардың мазмұнын, міндеттемелерін салыстырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Қазақстан Республикасының салық құқығы
Заңды және жеке тұлғалардан заң жүзінде белгіленген салықтар және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдерді алу кезінде туындайтын қатынастарды реттейді. Салық құқығы нормалары мемлекеттің салық жүйесін белгілейді, мемлекеттік салық қызметі органдарының құрылымын айқындап, олардың салық салу аясындағы құзы реттерін белгілейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Алименттік міндеттемелер
Алименттерді есептеу тәртібі, ата-аналарға қамқорлық, ата-аналар мен балалардың алименттiк мiндеттемелерi,ерлi-зайыптылардың алименттiк мiндеттемелерi, алимент төлеу туралы келiсiм жасау, алименттi сот тәртiбiмен төлеттiру және өндiрiп алу тәртiбi, ата- аналық құқықты қалпына келтіру, алимент алушының мұқтаждығы, еңбекке жарамсыздығы мәселелерін үйретеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Қазақстан Республикасының тұрғын үй құқығы
ҚР тұрғын үй заңындағы тұрғын үйді пайдалану мен қоғамдық қатынастардың кең көлемін қамтуды үйретеді. Құқық қағидаттары ретінде негіз салушы бастама, қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің маңызды ережелерін түсіндіреді. Тұрғын үйлерді иелену, пайдалану және иелік ету, қажет етуші мұқтаж жандарға тұрғын үйлерді беру мәселелерін талдайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Мемлекеттік қызмет және басқару негіздері
Мемлекеттік қызметтің қағидаларын, мемлекеттік қызметшілердің мәртебесі, құқықтық кепілдіктерін, мiндеттерi мен құқықтарын, мемлекеттік қызметке кіру шарттарын, сынақ мерзімін, ерекшеліктерін түсіндіреді. Азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппараттарындағы кәсіптік қызметтерін, мемлекеттік қызметке кіруге қойылатын талаптарын, мемлекеттік органдардағы лауазымдық өкілеттіктерін атқару жөніндегі қызметін қарастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
ҚР қылмыстық іс-жүргізу құқығы
Қылмыстық-процестік заңнамасын сипаттайды. Қылмыстық процестегі барлық нормативтік актілерді талқылатады. Қылмыстық-процестік заңнаманы тәжірибеде қолдануға мысалдар келтіреді. Қылмыстық процестік заңнамаларын өзге заңнамалармен салыстырады. Қылмыстық іс жүргізу өз көзқарастарын дәлелдеп, проблемаларды шешуге ынталандырады. Қылмыстық процестік заңнамаларына ұсыныс жасауды жоспарлауға үйретеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының негіздері
Қоршаған ортаны қорғау, экологиялық зияндардың зардаптарын алдын ала ескерту, адамды қоршаған табиғи ортаны сауықтыру жолында адам мен табиғаттың өзара қоғамдық (экологиялық) қатынасын реттейді. Қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттері аясындағы, адамдардың қазіргі және келешек ұрпақтарының мүдделері үшін күресуге машықтандырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қазақстан Республикасының кепіл құқығы
Кепіл және оның түрлерін, кепілдік және кепіл болушылықты, кепілді қабылдау, сақтау, кепілді қайтару тәртіптерін оқытады. Кепілдік және кепіл болушылық шарттарындағы ережелерді түсіндіріп, заңды талаптарын орындауды, міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету ұғымын үйретеді. Кепіл болудағы атқарылатын міндеттеменің түрлерін толық немесе ішінара айқындап көрсетеді
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік құқықтың негіздері
Болашақ мамандарды нарықтық экономика жағдайында ұйымдастырушы басты кейіпкер кәсіпкердің іс-әрекеттері, кәсіпкерлік істің түрлері, ұйымдастыру әдістері, тактикасы, стратегиясы, кәсіпкерлік бәсекелестік, бизнесті ашу мен жүргізу, бизнес ашудағы тәуекелділігін сипаттайды. Мемлекет пен қоғамның мүддесін қамтамасыз ету мақсатында экономиканы мемлекеттік реттеу қатынастарын қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Еңбек құқығы
Еңбек қатынастарының принциптері мен субъектілерін, жұмысшылардың құқықтары мен міндеттерін, еңбек келісім-шартын, еңбек дауларын, әлеуметтік әріптестікті, халықаралық еңбек құқығын анықтайды. Еңбекті қорғау туралы заңдарды тәжірибеде пайдалануға ұғындырады. Еңбек қатынастарында құқықтың мазмұны мен еңбекті қорғау тәсілдерін үйретеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Меншік құқығы
Меншік құқығының мазмұны мен түрлерін, меншіктің обьектілерін, меншік болып танылатын объектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану, қорғау, тоқтату және билік етуді түсіндіреді. Мүлікті меншіктенуге қатысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларды үйретеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
ҚР азаматтық іс-жүргізу құқығы
Азаматтық процестік заңнамасын анықтап, өзге заңдармен салыстырады. Азаматтық процестік заңнамасының сатыларын талқылау және бір-бірінен ажыратуды үйретеді. Азаматтық іс жүргізудегі сот актілерін тәжірибеде қолдануды машықтандырады. Азаматтық процестік заңнамасын ведомстволығы және соттылығы мәселелері бойынша сипаттама жасау және салыстыруға дағдыландырады. Азаматтық істер бойынша сот шешімдерінің заңдылығына өз көзқарастарын дәлелдеуге ынталандырады .
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығындағы реттеу ерекшеліктерін салыстырады. Зейнетақы есептеу мен төлеу шарттарын талдатады. Зейнетақы мен жәрдемақы төлеу қатынастарын бағалап түсіндіреді. Шет елдердің әлеуметтік қамсыздандыру тәжірибесін саралауға машықтандырады. Әлеуметтік қорғауына ғылыми көзқарастарды саралатады. Әлеуметтік қамсыздандырудың жаңа жобаларын ұсынады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаны қорғау құқығы
Қоршаған ортаның табиғи жағдайын жақсарту, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, табиғи байлықтарды сақтау, көркейту негізінде табиғат пен қоғамның өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік, қоғамдық іс-шаралар жүйесін тұжырымдайды. Жерді сақтау, пайдалы қазбаларын, су ресурстарын, өсімдіктерді, ауа мен судың тазалығын қамтамасыз ету, қоғам мен табиғаттың қатынасын зерттейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Әкімшілік құқығы
Әкімшілік құқық мемлекеттік басқару заңнамаларын түсіндіреді. Әкімшілік лауазымды адамдардың қызметтеріне эксперимент жүргіздіруді үйретеді. Тәжірибелі құқықтанушы мен ғалымдардың көзқарастарын бағалауға машықтандырады. Атқарушы билік органдарының мемлекеттік қызметшілердің, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесін түсіндіріп беру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Нотариатты ұйымдастыру және басқару
Нотариаттық iс-әрекеттер жасау арқылы жеке, заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерiн анықтап, білікті заң көмегін көрсетуді түсіндіреді. Мемлекеттiк және жеке нотариустардың қызметтер ерекшеліктерін, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын нотариаттық рәсімдеуді сыни сипаттауға баулиды. Нотариаттық қызмет мәселелерін шешуге машықтандырады. Нотариаттық қызмет заңнамаларына жаңа жобаларды әзірлеуге баулиды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасының кеден құқығы
Қазақстан Республикасындағы кеден органдарының құрылымын, жүйесін, кедендік ресімдеуді, кедендік режимді таңдау және өзгерту тәртібін, Кеден Одағының тарихын оқытады. Қазақстан Республикасының заңнамасын, халықаралық шарттарын, тауарларды, көлік құралдарын, валютаны және валюталық құндылықтарды әкелу, әкету және транзит тәртібін реттейтін ережелерді, заңды іс-әрекеттерді үйретеді
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Адвокатура
Адвокаттың мәртебесiн, адвокаттарды аттестаттауды өткізу тәртібі мен шарттарын, адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензия беру тәртібін, адвокат өкiлеттiктерiн куәландыру, адвокаттың құқықтары мен мiндеттерiн оқытады. Қазақстан Республикасы адвокатурасының ұйымдастырылу қағидалары мен қызметін, заң көмегінің түрлерін, адвокаттық қызметтің жеке және заңды тұлғаларға заңдық көмек көрсету қызметін қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мұсылман құқығы
Мұсылман рухының шығу мазмұнын, мұсылман идеологтарының ең түсінікті бағытын, мұсылман құқығының нормалары мен қағидаларын түсіндіріп береді. Исламдағы алғашқы құқықтық мәселелер мен әділдікті қамтамасыз етуге, жеке басты, мүлікті, ар-намысты, ақылды және дінді қорғауға бағытталған арақатынасты белгілейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Заң психологиясы
Заң психологиясының мақсаты мен міндеттерін, даму тарихын, жүйесін, қолданылатын әдістері мен салаларын, тармақтарын, ерекшеліктерін, теориялық және практикалық негіздерінің қалыптасуын, қылмыстық тәртіп психологиясын, қылмыскерлердің психологиялық типтерін, қылмыскерлердің жеке басының психологиялық ерекшеліктерін, қылмыскердің психикалық қасиеттерін түсіндіреді. Құқыққа қатысты мәселелерді реттеу, тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Заңды тұлғалардың құқықтық мәртебесі
Кәсіпорын‚ мекеме‚ ұйым және фирмаларға өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттемелерді түсіндіреді. Заңды тұлғалардың құрылуы, бір-бірінен ерекшелігі, олардың заң арқылы қорғалуы, ел экономикасының жоғары деңгейде дамуына әсер ететінін көрсету және түрлеріне жеке-жеке тоқталу, олардың жарғылық капиталының құқықтық реттелуін, қаржыландырылуы, құрылтай құжаттарына түсінік береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кеден ісінің экономикасы
Қазақстан Республикасының кеден органдарының экономикалық қызметтерін, сыртқы экономикалық қызметті, мемлекеттік кедендік тарифтік реттеуді, оның негізгі элементтерін, сыртқы экономикалық қызметті бейтарифтік реттеу шараларын, тауарлардың кедендік құны және оларды анықтау әдістерін, кеден төлемдері мен баждарды, салықтар, қосылған құн салығы және акциздерді, оларды есептеу әдістерін оқытады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Халықаралық кеден құқығы
Халықаралық кеден ісін ұйымдастыруды, кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын алып өтуді, кедендік бақылау мен кеден тәртібін реттеуді, кедендік төлемдерді өндіріп алуды қарастырады. Тауарларды халықаралық почта жөнелтілімдерімен өткізу жолдарын, өткізудің ерекшеліктерін, жөнелтімдерін кедендік ресімдеуді, декларациялауды, жөнелтімдерін кедендік бақылауды түсіндіреді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Девианттық іс-қимыл қылмыстарының мәселелері
Девиантты мінез-құлықтың шығу себептерін, мінез-құлықтың типтерін, көріністерін, жасөспірімдердің психикалық дамуындағы ауытқулардың сипатын, аутодеструктивті мінез-құлықтарды, жаман қылықтарға бейімділікті, агрессия, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық әрекеттерін оқытады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Қылмысты саралаудың ғылыми негіздері
Қылмысты саралауда қылмыстық кодекстің жалпы және ерекше бөліміндегі баптары мен қылмыс құрамдары элементтерінің сәйкестігін, түрлерін қамтиды. Қылмысты дұрыс саралаудың маңызын, қылмыстық құрамдардың белгілерін, қылмыстың объектісі, объективтік жағы, субъектісі, субъективтік жағы бойынша саралауды, сатыларын, құқықтық негіздерін, қылмысқа қатысушылықты қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы
Кәмелетке толмағандар қылмыстарының алдын алу шараларын қарастырады, олардың тиімділігін арттыруға дағдыландырады. Қылмыскер тұлғасының жас және психологиялық ерекшеліктерін, жаза тағайындаудағы орнын түсіндіреді. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза және жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату түрлерін оқытады. Тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шараларының қолданылу ерекшеліктерін үйретеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Дипломалды практика
Жалпыландыру, жүйелендіру, нақтыландыру және белгілі бір кәсіпорынның тәжірибесінде теориялық білім негізінде қорытындылау, экономика, қаржы саласындағы ұйымдастырушылық және құқықтық жұмыстардың тәжірибелік қызметіне үйрену, болашақ мамандырылған қызметтің дұрыс шешімін ұйымдастыру.
Оқу жылы - 4
Несиелер - 8
-
Құқықтық статистика
Статистиканың мақсатын, міндеттерін, ерекшеліктері мен бақылауды ұйымдастыруын, құқық қорғау огандарының есеп беруін, мәліметтерді талдаудың негізгі объектілерін түсіндіреді. Қоғамның сандық өзгерістеріне байланысты қызметті іске асыру, статистикалық мәліметтерді тиімді пайдалана білуге бағыт береді. Электронды құрғыларды пайдалану арқылы қоғамды әр алуан сандық мәліметтермен қамтамасыз етуді іске асыруға талдаулар жасауды үйретеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қылмыстық іс жүргізу практикумы
Қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдануды үйретеді. Қылмыстық іс жүргізу нормаларын, процестік әрекеттерді, іздестіру шараларын дәйекті түрде түсіндіреді. Қылмыстық іс жүргізу саласының ішкі логикасын айқындайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қылмыстық атқару құқығы
ҚР қылмыстық атқару саясатының негізгі ережелерін, сотталғандардың құқықтық жағдайын, жазаны орындайтын атқару жүйесі мен органдары туралы ілімді игертеді. Қылмыстық атқару қатынастарының мазмұнын, жазасын өтеп жатқан тұлғалардың құқықтық жағдайын, сотталғандармен жүргізілетін еңбек және тәрбие жұмыстарын, режимнің құқықтық механизмін, жазаны өтеу саласындағы мемлекет саясатының жүзеге асу мазмұны мен механизмдерін талдайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Криминалистика бойынша практикумы
Зертханалық жұмыстарды жүргізуге арналған қажетті мәліметтерді, қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттарды, жарылғыш құрылғыларды криминалистикалық зерттеу және айғақ заттар мен іздерді оқиға болған жерлерден анықтау, бекіту, алу, процестерін жүргізуді түсіндіреді. Практикумда берілген жаттығулар мен мәліметтерді шеше отырып, құқық қорғау органдарының кәсіби шеберліктерін теориялық негізде үйретеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жеке адамға қарсы қылмыстар
Жеке адамның игіліктерін, өмірін, денсаулығын, жеке адамның ар-намысын, еркіндігін қорғауды сипаттайды. Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алудың құқықтық күресу шараларын және түрлерін үйретеді. Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың ерекшеліктерін игеру барысында базалық және маңызды қылмыстық құқықтық ұғымдарды игертеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Криминалистика
Заттай дәлелдемелерді табу, бекіту, алу мен зерттеу әдістерінің және қажетті техникалық құралдардың қолдану тәсілдерін үйретеді. Криминалистикалық чемодандағы заттарды, құрылғыларды іс-тәжірибеде пайдалануға үйретеді. Сараптама қорытындыларын қарама-қарсы қою арқылы дәлелдемелерді талдайды. Оқиға болған жерде жүргізілетін криминалистикалық іс-әрекеттерін, тергеудің жаңа тәсілдерін жоспарлауды қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Атқару өндіріс негіздері
Атқару өндірісінің қатысушыларына, атқарудың негіздеріне, атқарушылық әрекеттер жүргізудің тәртібіне түсінік береді. Қылмыстық істер бойынша үкімдер мен қаулылардың негізінде берілетін атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шараларды зерттейді. Қоғамдық өндірістің негізгі санаттары мен факторларына талдаулар жүргізуге бағыт береді. Ұдайы өндіріс және оның фазаларын ашуды үйретеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар
Материалдық және басқа да құндылықтарды, халыққа көрсетілген қызметті бөлуге, айырбастауға, тұтынуға байланысты туындайтын қоғамдық қатынасқа зардабын тигізетін қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді ажыратуды, экономикалық қылмыстардың алдын алу жолдарын айқындайды. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралаудың жолдарын, қылмыстардың себептері мен жағдайларын зерттейді
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Заңгердің кәсіптік этикасы
Кәсіби этиканың шығуы мен кезеңдерін, қайнар көздерін, әдістерін, міндетін, басқа пәндермен байланысын, этиканы реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді, құқық қорғау органдары қызметкерінің кәсіптік қызметінің категорияларын, қарым-қатынас жасау мәдениетін түсіндіреді. Адвокат, заңгер, прокуратура, сот қызметкерінің этикасын, функцияларын, құрылымы мен элементтерін зерттейді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасының шаруашылық құқығы
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мүліктің меншік иесінің заңға сәйкес кәсіпорын құруын, қызметінің мәні мен мақсаттарының белгіленуін, қайта құру мен тарату мәселелерін оқытады. Мүлікті мемлекеттен меншік иесі ретінде алған, мүлікті иелену, пайдалану және билік ету құқықтарын заң актілерімен белгіленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын туралы түсіндіреді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сот дәлелдемелерінің теориясы
Істің ақиқатына жету мақсатында тараптар мен іске қатысушы тұлғалардың түсініктемелерін, куәлардың айғақтарын, сарапшылардың қорытындыларын, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларын зерттейді. Заңды түрде алынған нақты деректерді, іске қатысушы тұлғаның құқықтары мен міндеттерін бағалауды, Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің нормаларын практикада қолдану дағдыларын үйретеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құқықтық талдау методологиясы
Мемлекет пен құқық теориясының пәнін, оқып үйрену әдістерін, қызметін және мемлекет және құқық теориясының қоғамдық және заң ғылымдарымен байланысын түсінуге үйретеді. Жалпы теория мемлекет және құқықтың өмірге келу, даму заңдылықтарын, мақсатын, мазмұнын, құрылысын, нысанын, қағидаларын, белгілерін, функцияларын зерттейді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ұйымдасқан қылмыстылық және оның өзекті мәселелері
Республика аумағында ұйымдасқан қылмыстылықтың құрылымын, деңгейін, динамикасын, ұйымдасқан қылмыстылықтың пайда болатын себептері мен жағдайларын, ұйымдасқан қылмыстылықтың алдын алу шараларын, қылмыс құрамдарының сипаттамасын, қылмыс құрамы ретіндегі объективті және субъективті белгілерін түсіндіреді. Қылмысты ұйымдастырушының, атқарушының, айдап салушының, көмектесушінің анықтамасын сипаттайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сот медицина негіздері
Сот медицинасының міндеттерін, әдістерін, объектілерін, даму тарихын, Қазақстан Республикасында сот медицина сараптамасының құрылуын, сараптаманың процессуалдық негіздерін, зақымданудың адамның тірі кезінде немесе өлгеннен кейін болғанын анықтау, ату аралығын анықтау, тірі адамдарға сараптама жасау, еңбек қабілетін жоғалтуға сараптама жасау, жыныстық қылмыстар жағдайындағы медицина сараптамасын тағайындауды түсіндіреді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қылмыстық құқықтық қызмет
Сот, прокуратура, Ішкі Істер Басқармасы, Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті, адвокатура, әділет министрлігі және өзге де құқық қорғау органдарына жүктелген міндеттерді тиімді орындау үшін қажетті терең теориялық білімді түсіндіріп береді. Құқық қорғау органдарының, сот органдарының қызметін реттейтін заңнаманы әрі қарай жетілдіруге байланысты мәселелерді ұғындырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Криминология
Қылмыстылықтың динамикасы мен жүйесі туралы, оның әлеуметтік себептері, қылмыскердің жеке тұлғасы туралы және қылмыстың пайда болуын сонымен қатар оның алдын-алу шараларын қарастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ұйымдасқан қылмыстылықпен күрес
Ұйымдасқан қылмыстың басты міндеті-ұйымдастырушының, атқарушының, айдап салушының, көмектесушінің түсінігін беруде бағыт береді. Нормативтік құқықттық актінің зерттеу әдетін, және салыстыру талдауын өткізуді, жедел-іздестіру шараларының ұйымдасқан қылмыс топтарына қарсы істерінің тәсілдерін үйретеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қылмыстылықтың себептерінің криминологиялық теориялары
Қылмыстылықтың алдын алу шараларын реттейтін заңнамаларды айқындап, дәйектілігін сипаттайды. Сот және құқық қорғау органдарының қылмыстың алдын алудағы құзыреттіліктерінің ерекшеліктерін ажырату және тәжірибеде қолдануды үйретеді. Қылмыснамалық мәселелерді шешуде көзқарасын қорғауға және отандық, шетелдік ғалымдардың қылмыснамалық еңбектерін қолдануға дағдыландырады. Қылмыстылықтың алдын алу заңнамаларының жобасын ұсынуға қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сот риторикасы
Сот шешендігінің түсінігін, заңгердің сөйлеу мәдениетін, сот шешендігінің тарихын, сот жарыссөзінің айрықша белгілерін, сот жарыссөзінің сенімділігін, логикалық құрылымын, сөз сөйлеудегі логикалық қателіктерді, сөйлеудің жүйелігін қалыптастыратын тілдік құралдарды, сот жарыссөзіндегі сөйлеу құрылымдарын, соттың сөйлеу әдебін түсіндіреді. Қызметтік жағдайларда пайда болатын мәдениет, тәрбие, қарым-қатынас, мінез-құлық мәселелері туралы ұғындырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сот сараптамасы
ҚР сот сараптамаларын тағайындау мен жүргізудің құқықтық жəне ұйымдастырушылық негіздері пəніне кіріспе. Арнаулы білімдерді пайдаланудьщ негізгі нысаны ретіндегі сот сараптамасы. Қазақстан Республикасының қылмыстық сот ісін жүргізудегі арнаулы білімді пайдаланудың нысандары. Сот сарапшылық зерттеу өдістері. Қазақстан Республикасыньң азаматтық жөне əкімшілік ісіндегі арнаулы білім институты
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Фамилология
Фамилиологиялық құқық-осы аяда қызмет көрсететін заңи кеңесшілер жағынан, неке-отбасылық қарым-қатынастарына байланысты кез-келген сұррақтарын шешу негізінде аса жауапкершілікті және әдептілікті талап ететін азаматтық құқықтың институты ретінде зерттеу жүргізеді. Фамилиялогиялық қылмыстардың алдын алудағы мәселелерді толық ашып айқындауды үйретеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Прокурорлық қадағалау
Білім алушыларға прокуратура органдарының жұмысының ерекшелігін, прокурордың құзыреті мен өкілеттілігін айқындау, прокурорлық қадағалау салаларының түрлерін жіктеу, прокуратураның даму тарихының зерттеу кезеңдерін түсіндіреді. Прокуратура органдарының ұйымдастырылуы мен қызметі, олардың мемлекеттік органдар жүйесінде алатын орны мен прокурорлардың өкілеттіктерін қарастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жедел іздестіру құқығы
Жедел-іздестіру қызметі заңының қолданылуын, жедел-іздестіру қызметі шараларының ұғымы мен түрлерін, қылмыстың алдын алудағы жедел іздестіру қызметінің негізгі күштерін, жедел- іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардардың өзара іс-қимылын қарастырады. Жедел-iздестiру қызметiнiң мiндеттерiн, қағидаттарын, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру кезiнде жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау мәселелерін түсіндіреді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сот және сот төрелігі
Сот жүйесiнiң бiрлiгiн, соттың өкiлеттiгiн, судья мәртебесiн, тәуелсiздiгiн, судьяға қойылатын талаптарын, кәсіби қызметін бағалауды, судьялардың тәртiптiк жауапкершiлiгiнiң негiздерiн, соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді түсіндіреді. Сот жүйесінің қазіргі даму кезеңіндегі басым міндеттерін, биліктерді бөлудің конституциялық принциптерін үйретеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
Оқыту нәтижелері
- Нормативтік-құқықтық актілермен жұмыс істеу кезінде құқықтық нормаларды талдау және түсіндіру, зерделенген тақырып шеңберінде түрлі міндеттер мен жаттығуларды құру және шешу. Мемлекеттік құқық қорғау органдарының құзыреттілігінен, жүйесінен, құрылымынан хабардар болу.
- Әлеуметтік, этикалық және ғылыми жинақтарды ескере отырып, пайымдаулар қалыптастыру үшін ақпаратты жинауды және түсіндіруді жүзеге асыру. Қоғамның мәдени элементі және маңызды әлеуметтік реттеушісі ретінде құқықтың мәні мен рөлін, құрылымын, құқықтық қатынастарын, заңдық жауаптылығын, әлеуметтік-экономикалық саланы құқықтық реттеуін түсіну.
- Әр түрлі құбылыстар мен процестерді ғылыми талдау және болжау, олардың сапалық және сандық анализін пайдалану, әлеуметтік зерттеулердің мақсаттарын анықтау, пәнаралық жобалар бойынша қорытынды шығара білу. Қазақстанның қазіргі заманғы оқиғаларының себептері мен салдарын талдау үшін тарихи сипаттау әдістері мен тәсілдерін қолдана білу. Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психологияның базалық білімі негізінде түрлі тұлғааралық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас салаларындағы жағдайларға баға беру.
- Академиялық адалдық принціптері мен мәдениетінің маңызын ұғыну. Тұтынушы теориялық білімін жетілдіру үшін қажетті тәжірибелік дағдыларын кеңейту. Білім алушының моральдық және азаматтық ұстанымын дамыту заңнамаларындағы жаңалықтарды қамту, ағымдағы жағдайларды талдай білу.
- Нақты ғылымды, сондай-ақ бүкіл әлеуметтік-саяси кластерді зерттеуге арналған ғылыми әдістер мен тәсілдерді қолдана білу. Нақты қызмет саласын анықтайтын нормативтік құқықтық актілердің және теориялық көзқарастардың мазмұнын талдай білу
- Білім алушы түрлі ақпараттық және коммуникациялық технологиялармен: интернет-ресурстары, ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу арқылы мобильді қызметтерімен қарым-қатынаста болу. Ақпараттық технологиялар саласында заманауи телекоммуникация құрылымдарды меңгеру арқылы нарықтық бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау
- Грамматикалық білімдер жүйесін мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде тұлғааралық әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас жасау қабілеттерін дамыту, сөйлеу ресурстарын дұрыс пайдалану. Кәсіби қызметінде нормативтік–құқықтық актілерді қолдану барысында салыстыру.
- Өзін-өзі дамыту және мансаптық өсу үшін өмір бойына жеке білім беру траекториясын құру, дене шынықтыру құралдары арқылы толыққанды салауатты өмір салтын ұстану.
- Құқық саладағы озық білімге негізделген, зерттелетін саладағы білімі мен түсініктерін көрсету. Қазақстанның тарихи дамуының негізгі кезеңдерін, заңдылықтарын және өзіндік ерекшелігін терең түсіну және ғылыми талдау негізінде азаматтық ұстанымын көрсете білу. Құқықтық және демократиялық мемлекеттің құндылығы жалпы адамгершілік құндылықтары туралы біліп алу
- Азаматтық – құқықтық, еңбек, әкімшілік - құқықтық, қылмыстық құқықтық және басқада қатынастар саласындағы проблемаларды шешу, талдау, ақпараттар жинау және талдай білу
- Ғылыми зерттеулердің әдістерін және академиялық хатты білу және оларды оқытылатын салада қолдану. Заң ғылымындағы білімді интеграциялық процестердің қазіргі заманғы өнімі ретінде синтездеу. Жаңа білімді синтездеу және оны гуманитарлық әлеуметтік маңызды өнімдер түрінде ұсыну. ҚР-ның мемлекеттік механизімі мен құқықтық жүйе қызметінің ерекшіліктерін сипаттау, кәсіби қызметте құқықты жүзеге асырудағы оның маңызын тұжырымдау
- Кәсіби деңгейде білім мен түсінуді қолдану, дәлелдерді қалыптастыру және оқытылатын саладағы мәселелерді шешу. Құжаттаманы сауатты жүргізу өзінің ұстанымын логикалық жүйеде сауатты негіздеу және түсіндіріп беру
- Құқық саласында оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолдану. Құқық саласында фактілерді, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы күрделі тәуелділікті білу және түсіну. Әлемде танылған әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы пәнді практикада қолдана білу. Талдаудың әдіснамасын таңдау. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік механизімі мен құқықтық жүйе қызметінің ерекшіліктерін, құқықтық түсініктің негізгілерін игеру, қолдану
- Зерттеудің нәтижелерін жинақтай білу. Заң түсініктері мен категорияларын еркін қолдану, жалпы білім жүйесіндегі заң пәндерімен қатынастары туралы біліп алу
- Қазақстандық қоғамның іскерлік, мәдени, құқықтық және этикалық нормаларын пайдалану. Кәсіби қызметінің міндеттерін жүзеге асыруға қатысты проблемаларын шешу мен шешім қабылдаудың оңтайлы жолдарын табу, құқық саласының нормаларын ажырата білу
Ұқсас БББ
6B04201 Халықаралық құқық
КИМЭП университеті
6B04201 ҚҰҚЫҚ
Астана халықаралық университеті
6B04201 Құқықтану
M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti
6B04201 Құқықтану
Торайгыров университеті
6B04201 Құқықтану
Халықаралық білім беру корпорациясы
6B04201 Азаматтық, еңбек және кәсіпкерлік құқық
А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты
6B04201 Құқықтану
Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті (АГЭУ)
6B04201 Құқықтану
«Тұран-Астана» университеті
6B04201 Құқықтану
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
6B04201 Құқықтану
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
6B04201 Құқықтану
«Bolashaq» академиясы (Болашақ)
6B04201 Құқықтану
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
6B04201 Құқықтану
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
6B04201 Халықаралық құқық
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
6B04201 Қолданбалы құқық
Сулейман Демирель атындағы университеті
6B04201 Құқықтану: құқық қорғау қызметі
Q UNIVERSITY
6B04201 Құқықтану
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
6B04201 Құқықтану: сот- прокурорлық қызмет
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
6B04201 Құқықтану
Қонаев университетi
6B04201 Құқықтану
Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті
6B04201 Құқықтану
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)
6B04201 Құқықтану
«Тұран» университеті
6B04201 Құқықтану
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты
6B04201 Құқықтану
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
6B04201 Құқықтану
Еуразия Технологиялық Университеті (ЕТУ)
6B04201 Құқықтану
Қызылорда "Болашақ" университеті
6B04201 Құқықтану
Инновациялық Еуразия университеті
6B04201 Құқықтану
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
6B04201 Құқықтану
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi
6B04201 Құқықтану
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
6B04201 Құқық
Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ)
6B04201 Құқықтану
Қазақстан-Американдық еркін университеті
6B04201 Құқықтану
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
6B04201 Құқықтану
Алматы менеджмент университеті (AlmaU)
6B04201 Құқықтану
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті