Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B05101 Биомедицина в ҚМУ
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Биология, микробиология және биомедицина саласында іргелі білімі мен практикалық дағдылары бар мамандарды дайындау
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы Қарағанды медицина университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және Химия
-
Білім беру саласы 6B05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
-
Дайындық бағыты 6B051 Биологиялық және сабақтас ғылымдар
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Модуль Морфология 1 (Анатомия 1, Физиология)
Эксперименталды химия
Жасушалық биология
Ғылыми зерттеулердің биоэтикалық негіздері
Модуль Морфология 2 (Анатомия 2, Гистология)
Молекулярлық биология және генетика
-
2 Оқу жылы
Молекулалық биофизика және биоинформатика негіздері модулі (Жасуша процестерінің молекулалық биофизикасы, Биоинформатика негіздері)
Биологиялық химия
Микробиология
Іргелі биология модулі (ботаника, зоология)
Иммунология негіздері
Геоботаника
Биологиядағы иммунологиялық зерттеу әдістері
Биотехнология негіздері
Фитопатология
Фитопатогенді микроағзалар
Кәсіпкерлік негіздері
-
3 Оқу жылы
Қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық-гигиеналық және құқықтық аспектілері
Токсикология
Геномика және протеомика модулі (геном мен протеомның құрылымдық-функционалдық ұйымы, қолданбалы биоинформатика )
Биологиялық статистика
Жалпы патологиялық анатомия
Өнеркәсіптік экология
Медицина және биологияда зертханалық диагностиканың әдістері
Тамақтану жағдайын бағалау әдістері
Нутрициология негіздері
Патоморфологиялық диагностика
Қоршаған ортаны зерттеу әдістері
Зертханалық диагностиканың негіздері
Иммунопрофилактика және иммунобиологиялық препараттар
Қазақстанның өсімдік ресурстары
Модуль Зерттеудің биологиялық әдістері ( Биологиядағы зертханалық зерттеулер, Бактериологиядағы зертханалық зерттеулер)
Табиғатты ұтымды пайдалану негіздері
Иммуногенетика
Біртектес дерттік үрдістердің негіздері
Мүшелер мен жүйелердің патологиялық физиологиясы
Зерттеудің биомедициналық әдістері модулі (Молекулалық – жасушалық биологияның заманауи әдістері, Микробиологиядағы заманауи әдістер)
Эпигенетика
-
4 Оқу жылы
Паразитология негіздері
Зертханалық диагностиканың биохимиялық аспектлері
Клиникалық және зертханалық диагностика
Биоинженерия негіздері
Қазақстандағы биоәртүрлілікті сақтау мәселелері
Аса қауіпті инфекциялар
Қоршаған ортаны инженерлік қорғау
Эмбриология және пренатальды диагностика
Табиғи ошақты аурулар
Экогенетика және фармакогенетика
Қоршаған орта объектілері мен тамақ өнімдерін санитарлық-бактериологиялық бақылау
Молекулярлық генетика
Генетиканың заманауи әдістері
Санитарлық микробиология негіздері
Бактериялық инфекциялардың микробиологиясы
Клиникалық микробиология
Оқыту нәтижелері
- Әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық салалардың біртұтас жүйелі бірлігі ретіндегі қазақстандық қоғам туралы, оның тарихы, әлемдік ғылыми философия туралы, адам және оның топтық мінез-құлқы туралы, азаматтық ұстанымды қалыптастыруға және кәсіби қызметте тұлғалық және қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттарын жүзеге асыруға ықпал ететін білімдерін талдау және қолдану
- Экономикалық дамудың заманауи қазақстандық моделін қалыптастыруға қатыса отырып, кәсіпкерлік сауаттылық, нормативтік-құқықтық құжаттар, өз бизнесін құру, өзін-өзі дамыту және мансаптық өсу үшін бизнес-жоспар құра білу дағдыларын тәжірибеде қолдану
- Жеке және зияткерлік дамуын қалыптастыру, белгілі өмірлік және тәжірибелік жағдайларда кәсіби мәселелерді шешу үшін коммуникативті дағдыларды, дене дамуын, мемлекеттік, орыс және шет тілдерін білуді қолдану
- Қазіргі заманғы ақпараттық және компьютерлік технологияларды кәсіптік қызметтің әртүрлі салаларында, ғылыми және практикалық жұмыста, өзін-өзі тәрбиелеуде және басқа мақсаттарда пайдалану
- Биомедициналық деректерді өңдеу мен талдаудың негізгі заманауи статистикалық және биоинформатикалық әдістерін тәжірибеде қолдану
- Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі дамуының негізгі биологиялық заңдылықтарын және олардың морфологиясы элементтерін білу және түсіну, зертханалық әдістер мен микроскопия әдістерін, жаратылыстану саласындағы заманауи жетістіктер туралы ақпаратты және адам ағзасының жасушаларының, ұлпаларының, мүшелерінің және жүйелерінің химиялық құрамы мен тіршілік әрекетін талдауға ғылыми құрылымдық-функционалдық көзқарасты қалыпты және патологиялық жағдайларда, сондай-ақ тірі табиғат құбылыстарын түсіндіру
- Тәжірибелік және ғылыми-зерттеу қызметінде химиялық, физикалық, молекулалық-генетикалық, иммунологиялық, цитологиялық және микробиологиялық әдістерді, жасушалық, гендік және тіндік инженерия технологияларын қолдану
- Геномның құрылымы мен қызметі, оның әртүрлі экзогендік және эндогендік факторлардың әсерінен өзгерістері туралы ақпаратты талдау, биомедицина саласындағы проблемалық міндеттерді шешу үшін жаңа идеяларды әзірлеу
- Биологиялық материалды зерттеудің жалпы клиникалық әдістерінің, патогенді ағзаларды анықтаудың және қазіргі заманғы пренатальды диагностиканың әдістерінің негізгі көрсеткіштерін анықтау және нәтижелерін интерпретациялау, үлгілерді жинау және дайындау үшін алынған білім мен тәжірибелік әдістерді тәжірибеде қолдану
- Қоршаған орта объектілерінің, азық-түлік өнімдерінің жағдайын бақылау және қорғау, табиғи ресурстарды сақтау және пайдалану, адам ағзасындағы токсикологиялық өзгерістерді анықтау, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға қатысты мәселелерді шешу үшін білім мен практикалық дағдыларды қолдану