Жаңа білім беру бағдарламасы

6B05102 Агроэкология және қолданбалы биология в Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

Пәндер

  • Өсімдік ағзаларының құрылысы мен қызметі

    Бұл пән өсімдіктердің негізгі мүшелерін (тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс және тұқым) анатомиялық, морфологиялық және физиологиялық тұрғыдан зерттеуге бағытталған. Курста өсімдіктің вегетативтік және генеративтік мүшелерінің құрылысы, олардың қоршаған ортамен өзара байланысы, өсуі мен дамуына әсер ететін факторлар, сондай-ақ экологиялық бейімделу ерекшеліктері қарастырылады. Пән өсімдік биологиясының іргетасын құрай отырып, ботаника, өсімдіктер физиологиясы, морфологиясы, экологиясы және агрономия салаларымен тығыз байланысты қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Элементтер химиясы

    Бұл пән Менделеевтің периодтық жүйесіне сәйкес химиялық элементтер мен олардың бейорганикалық қосылыстарының қасиеттерін, құрылымын, алыну тәсілдерін, реакцияға түсу қабілетін және қолданылу аясын зерттейтін ғылым саласы болып табылады. Ол бейорганикалық химияның негізгі бөлімін құрайды және әрбір элемент топтарының (s-, p-, d-, f-элементтер) жалпы әрі ерекше қасиеттерін талдауға бағытталған. Курс барысында элементтердің атом құрылысы мен периодтық заңға негізделген қасиеттері, химиялық байланыс түзу ерекшеліктері, қосылыстарының құрылымы мен реакциялары жан-жақты қарастырылады. Теориялық білімдер практикалық тәжірибелермен ұштасып, бейорганикалық химиялық үдерістерді кәсіби қызметте қолдану дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Жалпы химия

    Бұл пән заттардың құрылысы мен қасиеттерін, олардың арасындағы химиялық өзгерістерді және осы өзгерістердің заңдылықтарын зерттейтін іргелі ғылым болып табылады. Курс студенттерге химияның негізгі ұғымдары мен заңдарын, атом-молекулалық теорияны, химиялық реакциялардың механизмдерін, термодинамика мен кинетика негіздерін, бейорганикалық қосылыстардың жіктелуі мен қасиеттерін меңгеруге мүмкіндік береді. Пән жаратылыстану, биология, агрономия, экология, медицина, инженерия сияқты әртүрлі салаларда қолданылатын химиялық білімнің іргетасы болып саналады. Теориялық біліммен қатар зертханалық тәжірибелер барысында практикалық дағдылар да қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ғылыми жобалау негіздері

    Бұл пән ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық негіздері мен практикалық әдістерін үйрететін, ғылыми жобаны жоспарлау, ұйымдастыру, жүргізу және нәтижелерін рәсімдеу дағдыларын қалыптастыратын қолданбалы курс болып табылады. Білім алушылар ғылыми идеяны қалыптастырудан бастап, зерттеу әдістемесін таңдауға, мәліметтерді жинау мен өңдеуге, нәтижелерді талдау және оларды ғылыми баяндама немесе мақала түрінде ұсынуға дейінгі барлық кезеңдерді меңгереді. Сонымен қатар, курс жобалық және академиялық адалдық қағидаттарын сақтау, цифрлық құралдарды тиімді қолдану және ғылыми коммуникация дағдыларын меңгеру мүмкіндігін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Өсімдіктер систематикасы

    Бұл пән өсімдіктердің ерекшеліктерін, өсу және даму заңдылықтарын, олардың систематикасын меңгертеді. Пән аясында өсімдіктердің анатомиялық құрылысы зерттеліп, систематикасы қарастырылады, негізгі тұқымдастарының өнімділігі болжанады және өсімдіктер туыстық қатынастарына қарай жүйелі топтарға бөлінеді. Сонымен қатар, өсімдіктердің эволюциялық дамуының тарихи реттілігі анықталады. Нәтижесінде білім алушыларда өсімдік әлемін жан-жақты ғылыми тұрғыда түсіну дағдылары қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Жалпы жертану

    Бұл пән Жер планетасы туралы кешенді ғылыми білімді қамтиды. Курс барысында Жердің құрылысы, геологиялық даму тарихы, табиғи сфералары мен олардың өзара байланыстары қарастырылады. Студенттер Жердің негізгі географиялық қабаттарын (жер бедері, климат, су ресурстары, топырақ, биосфера) зерттеп, жаратылыстану ғылымдарының (геология, геоморфология, климатология, гидрология, топырақтану, биогеография) негіздерін меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Жер ресурстары және қоршаған орта

    Бұл пән жер ресурстарының түрлерін, олардың қоршаған ортамен өзара байланысын, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қорғаудың ғылыми негіздерін түсіндіреді. Курс мазмұнында жер ресурстарының (топырақ, жайылым, егістік, орман, суармалы жерлер және т.б.) қазіргі жағдайы, оларды пайдаланудағы негізгі мәселелер, антропогендік әсерлер мен деградация процестері қарастырылады. Сонымен қатар, жер ресурстарын қорғау мен тиімді басқару жолдары қамтылады. Пән аясында қоршаған ортаның ластану түрлері, жер ресурстарына әсер ететін факторлар, сондай-ақ халықаралық және ұлттық деңгейдегі ресурстарды басқару мен табиғатты қорғау саясаты да қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • STEM-жобалау және тәжірибелік зерттеу негіздері

    Бұл пән жаратылыстану ғылымдары (Science), технология (Technology), инженерия (Engineering) және математика (Mathematics) бағыттарын интеграциялай отырып, өмірлік маңызды мәселелерді шешуге арналған жобалық және зерттеу жұмыстарының теориялық және практикалық негіздерін меңгертеді. Курстың мазмұны STEM әдістемесіне негізделген жобалау мен тәжірибелік зерттеу кезеңдерін қамтиды, ал білім алушыларға ғылыми-инженерлік есептерді шешуде креативті, функционалды және инновациялық тәсілдерді қолдану дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Жасуша биологиясы

    Бұл курс жасушаның құрылысы мен қызметін, оның биохимиялық, молекулалық және физиологиялық ерекшеліктерін зерттейді. Жасуша мембраналары, ядро, органеллалар, цитоскелет, сондай-ақ бөліну, сигнал беру және метаболизм процестері қарастырылады. Сонымен қатар молекулалық-генетикалық механизмдер, жасуша циклі, апоптоз және қатерлі ісік жасушаларының қалыптасуы түсіндіріледі. Курста микроскопия, культуралық әдістер, протеомика және заманауи зерттеу тәсілдері қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Абайтану

    Қазақ әдебиетану ғылымының саласы. Абайтану Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық өнері, философиясы, қоғамдық, эстетекалық көзқарастары, қазақ поэзиясындағы өлең жүйесін,ақындық тілді дамытудағы үлесі, музыкалық мұрасы жайлы сан-салалы зерттеу еңбектері қамтиды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Мамандыққа кіріспе

    Бұл курс ғылыми-теориялық негіздерімен, даму бағыттарымен және кәсіби мүмкіндіктерімен таныстыратын кіріспе пән болып табылады. Оның мазмұны агроэкология мен биология ғылымдарының өзара байланысын, олардың ауыл шаруашылығындағы, экожүйелік тұрақтылықты сақтаудағы және биотехнология саласындағы маңызын ашып көрсетеді. Оқыту барысында агроэкологиялық жүйелерді басқару, биологиялық қауіпсіздік, биотүрлілікті сақтау, ресурсты үнемдеуші технологиялар және инновациялық биологияның (молекулалық биология, гендік инженерия, синтетикалық биология) қазіргі жетістіктері жөнінде кешенді түсінік қалыптасады. Сондай-ақ кәсіби қызмет салалары, еңбек нарығының сұраныстары, ғылыми-зерттеу және жобалық қызметтің мүмкіндіктері қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Тәшеневтану

    Пән қоғамның даму жүйесінде студенттерге көшбасшылық идеяларын қалыптастыруға, жеке тұлғаның қалыптасуындағы рухани құндылықтарды дамытуда ұлттық мәдениет, тіл мен діл мәселелерін құрметтеуге, олардың келешек кәсіби қызметтері аясында қолдана алуын қамтитын тұтас білім беруді мақсат етеді. Негізгі дүниетанымдық ұғымдардың мағынасы мен рөлін адамның қазіргі әлемдегі жеке және әлеуметтік болмысының құндылықтары ретінде негіздейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері

    Курс қоғам мен табиғатты дамыту негіздері, табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудың заманауи тәсілдері, тіршілік қауіпсіздігін құқықтық реттеу, жағымсыз әсерлердің дамуын болжау және төтенше жағдайлардың салдарын бағалау, тірі организмдер популяцияларының жай-күйі, экожүйелердің бұзылу дәрежесі, популяциялардың құрылымы мен динамикасы туралы білімді қалыптастыру мақсатында зерттеледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Агроэкожүйелердегі биологиялық әртүрлілік

    Бұл курс агроэкожүйелердегі тірі организмдердің алуан түрлілігін, олардың өзара байланысы мен агроценоздағы рөлін қарастырады. Сондай-ақ биологиялық әртүрлілікті сақтау және тұрақты агроөндірісті дамыту жолдарын үйретеді. Студенттер ауыл шаруашылығындағы экологиялық тепе-теңдікті сақтау мен биологиялық ресурстарды тиімді пайдалану дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Өсімдіктер биологиясы

    Бұл курс өсімдіктердің құрылымы, тіршілік әрекеттері, көбеюі, дамуы және қоршаған ортаға бейімделуі сияқты биологиялық ерекшеліктерін зерттейтін кешенді ғылым саласын қамтиды. Пән мазмұнында өсімдік жасушасының құрылысы мен қызметі, ұлпа типтері, негізгі мүшелердің морфологиясы мен анатомиясы, физиологиялық процестері (фотосинтез, тыныс алу, су алмасу, қоректену), сондай-ақ өсімдіктердің өсуі мен дамуы қарастырылады. Сонымен қатар, курс аясында өсімдіктердің сыртқы орта факторларына бейімделуі, олардың экожүйелердегі маңызы, биосферадағы рөлі және адам өміріндегі қолданылу аспектілері қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Ғылыми-зерттеудің әдістемесі, ерекшеліктері; ғылыми зерттеудің процедурасы; ғылыми зерттеу бағдарламасы, ғылыми зерттеу мақсаты; ғылыми-зерттеудегі әдіс; бастапқы ақпаратты жинақтау әдістері (сауал әдістері: анкеталау, интервью, эксперттік сауал, эксперимент, контент-талдау, социометриялық сауал), қазіргі ғылым саласындағы проблемалық жағдайларды талдауда қоғамдық концепцияны білу, қоғамдық қызметтерге талдау, қазіргі қоғамдық ғылымдар саласындағы тұжырымдамаларды түсіну және кәсіби қызметте қолдану, қоғамдық білімдер циклі бойынша білім беруде өз ұстанымын қорғау, туралы мәліметтер қамтылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Оқушылардың физиологиялық және психологиялық дамуы

    Бұл курс педагогика және дидактика саласында құзыреттерді қалыптастырады. Болашақ мұғалімдер психиканың қалыптасуы, қызметі мен даму заңдылықтарын меңгеріп, білім алушылардың дамуын бақылау, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу үдерісін жоспарлау және жүзеге асыру дағдыларын қалыптастырады. Курс мұғалімдердің әртүрлі жағдайларда шығармашылықпен әрекет етуіне, білім беру сапасын арттыруға және білім алушылардың қажеттіліктерін ескеруге бағытталған. Қалыптасқан құзыреттер болашақ мұғалімдерге білім алушылардың бастапқы деңгейін, оқу әлеуеті мен қолдау қажеттіліктерін анықтауға, оқыту мен бағалауда жеке ерекшеліктерін ескеруге, сондай-ақ инклюзивті білім беру үшін түрлі әдістемелік шешімдерді қолдануға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ботаника

    Бұл пән өсімдіктердің құрылысы, тіршілік процестері, көбеюі, жіктелуі, экологиясы мен географиялық таралуын зерттейтін негізгі биологиялық ғылымдардың бірі болып табылады. Ол өсімдіктер дүниесін молекулалық, жасушалық, ағзалық және популяциялық деңгейде қарастырып, олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын түсіндіреді. Пән мазмұнында төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктердің морфологиясы мен анатомиясы, физиологиясы, систематикасы (таксономиясы), экологиясы мен эволюциялық дамуы қамтылады. Сонымен қатар, өсімдіктерді зерттеудің заманауи әдістері мен биотехнологиялық аспектілерін меңгерту арқылы білім алушылардың ғылыми көзқарасы мен кәсіби дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Геоботаника

    Бұл пән жер бетіндегі өсімдіктер жамылғысының таралу заңдылықтарын, құрамын, құрылымын, экологиялық және географиялық ерекшеліктерін зерттейді. Өсімдіктер қауымдастықтарын (фитоценоздарды) сипаттау, жіктеу және картаға түсіру арқылы олардың табиғи аймақтардағы, ландшафтар мен экожүйелердегі орны анықталады. Сонымен бірге өсімдіктер әлемінің биологиялық алуан түрлілігі, тіршілік ортасымен өзара байланысы және адам әрекетінің ықпалы қарастырылады. Бұл білімдер экологиялық ойлау мен ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениет негіздері

    Пәнде Қазақстандық құқық негіздері, ҚР Білім беру саласындағы заңнамалық актілері, "Сыбайлас жемқорлық" ұғымының тарихи дамуы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік идеясы, нақты ұйымдағы, органдағы, құрылымдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұйымдастырушылық негіздерінің түрлері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат саласындағы нормативтік құқықтық актілер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: түсінігі және құрылымы қарастырылады..

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қаржылық сауаттылық негіздері және кәсіпкерлік

    Мақсаты: экономикалық ойлау негіздерін дамыту; жауапты және қаржылық сауатты мінез-құлыққа тәрбиелеу жеке кәсіпкерлік саласында қаржыны басқару саласында арнайы құзыреттерді қалыптастыру. Мазмұны: жеке қаржыны басқару өзінің және отбасының әл-ауқатын қамтамасыз ету, қаржы нарығының негізгі құралдары туралы білім жүйесі, тұтынушының, салымшының, қарыз алушының, акционердің, салық төлеушінің, сақтанушының, инвестордың әлеуметтік-экономикалық рөлін тиімді орындау және кәсіпкерлік қызметті, кадрлық қамтамасыз етуді, кәсіпкерлік қызметті және дамуды қаржыландыруды қалыптастыру, әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерді қолдау

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экономика негіздері және тұрақты даму

    Бұл пән студенттерге экономикалық жүйелердің жұмыс істеу принциптері мен тұрақты дамудың тұжырымдамаларын үйлесімді түрде меңгертуді мақсат етеді. Пән шеңберінде нарықтық қатынастар, өндіріс факторлары, сұраныс пен ұсыныс заңдылықтары, ресурстарды тиімді пайдалану, экологиялық тұрақтылық, жасыл экономика, әлеуметтік әділеттілік және Қазақстандағы тұрақты даму саясаты қарастырылады. Пән нәтижесінде білім алушылар тұрақты дамудың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық құрамдастарын түсініп, оларды заманауи экономикалық шешімдер қабылдауда қолдануға дағдыланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Адам және жануарлар физиологиясы

    Бұл курс болашақ мұғалімдердің жаратылыстану ғылымдары саласында негізгі білім алуына, адам мен жануарлар организмдеріндегі өмірлік маңызды физиологиялық процестердің жалпы заңдылықтарын, жүйелер қызметінің реттелу механизмдерін, бейімделу және гомеостаз үдерістерін зерттеуге бағытталған. Білім алушылар тірі ағзалардағы жүйке, эндокриндік, бұлшықет, ас қорыту, тыныс алу, қанайналым және бөліну жүйелерінің жұмыс істеу принциптерін меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі

    Осы курстың мақсаты педагогика және тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінің негізгі категорияларын, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі әдіснамалық тәсілдерін, педагогикалық үдеріс туралы түсініктермен педагогика ғылымының негізінде анықталған тәрбие жұмысының формаларын, әдістерін, құралдарын қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Өсімдіктер физиологиясы

    Бұл курс өсімдік жасушасының құрылысы мен қызметін, физиологиялық және биохимиялық процестерін (фотосинтез, тыныс алу, су алмасу, минералды қоректену, зат алмасу және тасымалдану), сондай-ақ өсімдіктердің өсуі мен дамуын реттейтін механизмдерді түсіндіреді. Сонымен бірге абиотикалық, биотикалық және антропогендік факторлардың әсерінен туындайтын физиологиялық өзгерістердің ғылыми негіздерін меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қолданбалы биология және топырақтану негіздері

    Бұл пән тірі организмдердің (өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер) биологиялық ерекшеліктерін, олардың тіршілік ету ортасымен, әсіресе топырақпен өзара байланысын зерттейтін, сондай-ақ топырақтың құрылымы, қасиеттері мен құнарлылығы туралы базалық білім беретін интеграциялық ғылым саласы болып табылады. Пән биология мен топырақтану ғылымдарының қолданбалы қырларын қамти отырып, ауыл шаруашылығы, экология, агроөнеркәсіп, табиғи ресурстарды басқару және биотехнология сияқты салаларда қолдануға бағытталады. Студенттер тірі ағзалардың өнімділігі мен қоршаған ортаның жай-күйіне әсер ететін негізгі биологиялық және топырақтық факторларды меңгеріп, ғылыми көзқарасы мен кәсіби құзыреттілігін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Жасанды интеллект негіздері

    «Жасанды интеллект негіздері» пәні негізгі ұғымдармен, әдістермен, технологиялармен және олардың әртүрлі салалардағы практикалық қолданылуымен таныстыруды көздейді. Пән мазмұнында болашақ кәсіби қызметке сәйкес машиналық оқыту, нейрондық желілер және жасанды интеллектті қолдану салалары сияқты негізгі технологиялар меңгеріледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Топырақ биологиясы

    Бұл пән топырақтағы тірі организмдердің алуан түрлілігін, олардың тіршілік әрекетінің топырақ құнарлылығына, құрылымына және экологиялық қызметтеріне әсерін зерттейтін ғылым саласы болып табылады. Пән студенттерге топырақта жүретін биохимиялық және биологиялық процестерді, олардың ауыл шаруашылығы мен табиғи экожүйелердегі маңызын, сондай-ақ экологиялық тепе-теңдікті сақтаудың ғылыми негіздерін түсіндіреді. Курстың мазмұнында топырақ микроорганизмдері, қарапайымдар, саңырауқұлақтар, омыртқасыздар, өсімдік тамыры мен жануарлар арасындағы биологиялық өзара байланыстар қамтылып, болашақ мамандардың кәсіби дүниетанымын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Академиялық хат

    «Академиялық хат» курсы ғылыми мәтіндерді оқу, түсіну және жазу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пән аясында академиялық жанрлардың бастапқы және қайталама түрлері, олардың құрылымдық ерекшеліктері қарастырылады. Курстың мазмұнына академиялық жазудың негізгі қағидаттары кіреді: мәтін құрылымын сақтау (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды), басқа авторлардың еңбектеріне дұрыс сілтеме жасау, аудиторияны ескеру, тілдік нақтылық пен дәлдікке ұмтылу, сондай-ақ грамматикалық, орфографиялық және пунктуациялық нормаларды сақтау. Курс білім алушыларды зияткерлік адалдыққа, ғылыми білімді жетілдіруге және зерттеу әдіснамаларын жүйелі қолдануға үйретеді. Нәтижесінде білім алушылар академиялық ортада сауатты жазу дағдыларын меңгеріп, ғылыми-педагогикалық қызметке қажетті кәсіби құзыреттерді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Инклюзивті білім беру

    Бұл курс білім алушыларға инклюзивті білім берудің теориялық негіздері мен практикалық аспектілерін меңгертуді көздейді. Пән аясында білім беру үдерісінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау стратегиялары, олардың әлеуетін дамытуға жағдай жасау жолдары қарастырылады. Курстың мазмұнына инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдары мен қағидаттары, құқықтық-нормативтік негіздері, психологиялық-педагогикалық қолдау тәсілдері, саралап және бейімдеп оқыту әдістері кіреді. Сонымен қатар, мұғалімнің кәсіби құзыреттерін дамытуға, білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескеруге, ынтымақтастық пен толерантты орта қалыптастыруға баса назар аударылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы

    Бұл пән жануарлар ағзасының құрылымы мен қызметін морфологиялық (анатомиялық және гистологиялық) тұрғыда зерттеуге, сондай-ақ биологиялық терминологияның негізін құрайтын латын тіліндегі ғылыми атауларды меңгеруге бағытталған кешенді курс болып табылады. Пән зоология, ветеринария, биология, медицина және аграрлық сала мамандары үшін кәсіби терминологиялық негіз қалыптастырып, халықаралық ғылыми қатынаста қолданылатын латын тілін игеруге мүмкіндік береді. Курс жануарлар денесінің сыртқы және ішкі құрылымын, ағза жүйелерінің орналасуы мен морфологиялық ерекшеліктерін сипаттаумен қатар, латын тіліндегі ғылыми атауларды (органдар, жүйелер, құрылымдар) дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Топырақтану

    Бұл курс топырақтың пайда болуы, дамуы, құрамы, қасиеттері, типтері және олардың географиялық таралу заңдылықтарын зерттейді. Пән студенттерге топырақты табиғи дене және биосфераның маңызды компоненті ретінде таныстырып, оның ауыл шаруашылығындағы, экологиядағы және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудағы рөлін түсіндіреді. Курс мазмұнына топырақ түзілу факторлары мен процестері, құрылымы, механикалық, химиялық және физикалық қасиеттері, құнарлылығы, органикалық заттар мен микроорганизмдердің рөлі, сондай-ақ топырақты жіктеу және картаға түсіру негіздері кіреді. Студенттер Қазақстанның негізгі топырақ типтері, олардың ерекшеліктері мен ауыл шаруашылығындағы маңызын, сондай-ақ оларды ұтымды пайдалану және қорғау жолдарын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Өсімдіктер және жануарлар биохимиясы

    Бұл пән тірі организмдердегі молекулалық деңгейде жүретін химиялық процестерді зерттейтін ғылым саласы болып табылады, атап айтқанда өсімдіктер мен жануарлар ағзасындағы негізгі метаболизм жолдары, биомолекулалардың құрылысы мен қызметі, сондай-ақ олардың өзара әрекеттесу механизмдері. Білім алушылар өсімдіктер мен жануарлар ағзасындағы көмірсулар, липидтер, ақуыздар, нуклеин қышқылдары, ферменттер, витаминдер және екінші реттік метаболиттердің құрылымы мен метаболизмін салыстыра отырып, олардың физиологиялық қызметтерін және энергия алмасудағы рөлін меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Генетика және молекулалық биология

    Бұл курс биологиялық жүйелердің тұқымқуалау заңдылықтарын, генетикалық ақпараттың берілуі мен жүзеге асу механизмдерін, сондай-ақ молекулалық деңгейде тірі ағзалардың құрылымы мен қызметін түсіндіруге бағытталған. Генетика және молекулалық биология саласындағы заманауи ұғымдар мен әдістерді меңгеру арқылы студенттерде теориялық білім мен практикалық дағдылар қалыптасады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Биохимия негіздері

    «Биохимия негіздері» пәні тірі организмдердің химиялық құрамын, молекулалық деңгейдегі биологиялық процестерді және олардың реттелу механизмдерін қарастырады. Курста биомолекулалардың құрылысы мен қызметі, ферменттер әрекеті, зат және энергия алмасу жолдары, метаболизм сатылары (катаболизм және анаболизм), биоэнергетика және гомеостаздың биохимиялық негіздері түсіндіріледі. Сондай-ақ заманауи биохимиялық зерттеу әдістерін қолдану дағдылары қалыптастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Агроэкология

    Бұл курс ауыл шаруашылығы өндірісін экожүйелік тұрғыдан зерделеуге және экологиялық тұрақты агрошаруашылық жүйелерін қалыптастырудың ғылыми негіздерін айқындауға бағытталған. Курста агроэкожүйелердің құрылымы мен қызмет ету қағидалары, биотикалық және абиотикалық компоненттердің өзара әрекеттестігі, сондай-ақ ауыл шаруашылығындағы адам әрекетінің қоршаған ортаға ықпалы қарастырылады. Студенттер топырақ, өсімдік, климат, су және биологиялық әртүрлілік арасындағы өзара байланыстарды зерттеп, тұрақты ауыл шаруашылығы жүйелерін жобалау әдістерін, ресурсты үнемдеуші және экологиялық тұрғыдан қауіпсіз агротехнологияларды меңгереді. Сонымен қатар, курс барысында геоақпараттық жүйелер (ГАЖ), қашықтан зондтау және биоиндикация сияқты заманауи мониторинг әдістерін қолдану бойынша білім мен дағдылар қалыптастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Агрохимия

    Бұл курс – ауыл шаруашылығы өндірісінде қолданылатын химиялық элементтер мен тыңайтқыштарды, олардың өсімдік өсуіне, топырақ құрамына және өнім сапасына әсерін зерттеуге арналған ғылыми-практикалық пән. Курстың мазмұны өсімдіктердің қоректік заттарды сіңіру механизмдерін, тыңайтқыштардың қасиеттерін, олардың тиімділігін арттыру жолдарын, сондай-ақ топырақ құнарлылығын басқару мен экологиялық қауіпсіз тыңайтқыш қолдану әдістерін қамтиды. Агрохимия пәні агрономия, топырақтану, өсімдік шаруашылығы, экология және биотехнология ғылымдарымен тығыз байланысты. Білім алушылар тыңайтқыштарды ғылыми негізде қолдану, өсімдіктерді қажетті қоректік элементтермен қамтамасыз ету, топырақ құнарлылығын арттыру және ауыл шаруашылығында экологиялық тұрғыдан тиімді агрохимиялық шешімдер қабылдау дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ауыл шаруашылығындағы экологиялық мониторинг, GIS технологиялар

    Бұл пән ауыл шаруашылығы саласындағы экожүйелердің жай-күйін бақылау, бағалау және болжау мақсатында экологиялық мониторинг жүйесін ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздерін, сондай-ақ геоақпараттық жүйелерді (GIS) қолдану тәсілдерін қарастырады. GIS технологиялары арқылы топырақ, өсімдік жамылғысы, су ресурстары, агроклиматтық көрсеткіштер мен антропогендік факторлар туралы кеңістіктік деректерді жинау, талдау, визуализациялау және карта жасау үйретіледі. Пән экология, агрономия, геоинформатика, қашықтан зондтау, экожүйелік менеджмент бағыттарын біріктіре отырып, студенттерге заманауи құралдармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Ресурстарды тиімді пайдалану және қалдықсыз технологиялар

    Бұл пән табиғи ресурстарды (су, ауа, топырақ, биологиялық және энергетикалық ресурстар) тиімді пайдалану принциптері мен әдістерін, сондай-ақ өндірісте қалдықтарды азайту және қайта өңдеуге арналған заманауи технологияларды зерттейді. Курс экологиялық қауіпсіздік, тұрақты даму, энергия тиімділігі, «жасыл» технологиялар, циркулярлы экономика және қалдықтарды басқару сияқты өзекті ұғымдарды қамтиды. Білім алушылар ресурстарды тиімді пайдаланудың ғылыми негіздерін меңгеріп, экологиялық қауіпсіз өндіріс пен инновациялық тәсілдерді қолдануды үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қорғалған топырақ негіздері

    Бұл пән білім алушыларға қорғалған топырақ жағдайында (жылыжай, теплица, агробокстар және т.б.) өсімдіктер өсірудің агротехникалық, биологиялық және экологиялық негіздерін, сондай-ақ жабық топырақ жүйесінде өнім сапасы мен өсімдік физиологиясын оңтайландыру жолдарын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Топырақ экологиясы

    Бұл пән білім алушыларға топырақтың экологиялық рөлін, биосферадағы маңызын, антропогендік факторлардың әсерін және топырақ ресурстарын сақтау мен қалпына келтіру жолдарын меңгертуге бағытталған. Курс экожүйелердің тұрақтылығында топырақтың орнын түсіндіру және топырақ деградациясының алдын алуға арналған әдістерді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Технопарк және биожобаларды коммерцияландыру

    Бұл курс биология, биотехнология және ауыл шаруашылығы салаларындағы ғылыми-зерттеу нәтижелерін инновациялық өнімге айналдыру, оны нарыққа шығару, сондай-ақ технопарктер мен бизнес-инкубаторлардағы стартап жобаларды дамыту механизмдерін қарастырады. Курс барысында студенттер биожобалар негізінде стартап құру, оны қаржыландыру көздерін анықтау, инновацияларды патенттеу, нарықтық сараптама жүргізу, бизнес-жоспар әзірлеу және технопарктік қолдау алу дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Инновациалық экосистема

    Бұл пән білім, ғылым, технология және кәсіпкерлікті біріктіретін, жаңа идеялардың дамуы мен коммерциялануына қолайлы әлеуметтік-экономикалық жүйені зерттейді. Экожүйедегі университеттер, зерттеу орталықтары, стартаптар, компаниялар, мемлекеттік құрылымдар, қаржыландыру институттары мен технопарктер инновацияның өмірлік цикліне қатысып, экономикалық өсудің, ұлттық бәсекеге қабілеттіліктің және технологиялық дамудың маңызды факторы болып табылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экологиялық картография

    Бұл пән қоршаған ортаның жай-күйін, экологиялық жағдайлар мен табиғи және антропогендік факторлардың таралуын графикалық әдістермен (карталар арқылы) бейнелеу тәсілдерін зерттейтін ғылыми-тәжірибелік курс болып табылады. Курс экологиялық ақпараттарды жинау, талдау және визуализациялау арқылы экологиялық мониторинг жүргізу, қоршаған ортаны басқару және табиғатты тиімді пайдалану үшін қолданылады. Пән ауаның, судың, топырақтың ластануы, биоалуантүрліліктің өзгеруі, радиациялық, шу және жылу ластанулары, экожүйелердің трансформациясы сияқты экологиялық процестер мен құбылыстарды кеңістікте бағалау және бейнелеудің заманауи әдістерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экологиялық бақылау түрлері

    Бұл пән қоршаған ортаның сапасын бағалау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, экологиялық заңнамаларды сақтау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін бақылау жүйелерін теориялық және практикалық тұрғыда қарастырады. Курс экологиялық бақылаудың мақсаттары, түрлері, құқықтық негіздері мен жүргізу әдістерін, сондай-ақ өндірістік, мемлекеттік және қоғамдық деңгейде іске асыру жолдарын үйретеді. Сонымен қатар, пән экологиялық мониторинг, аудит және сараптамамен өзара байланысын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Экологиялық сараптама

    Бұл пән жоспарланған қызметтердің қоршаған ортаға ықтимал әсерін бағалауға, салдарын болжауға және теріс әсерлерді азайту жолдарын анықтауға бағытталған. Курс Қазақстанның экологиялық заңнамаларына, халықаралық стандарттарға (UNECE, EIA) және тұрақты даму қағидаттарына сүйене отырып, экологиялық сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізудің теориялық және практикалық негіздерін үйретеді. Білім алушылар сараптамалық құжаттармен жұмыс істеу және жобалардың экологиялық қауіпсіздігін бағалау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Биотехнология

    Бұл пән тірі организмдерді (микроорганизмдер, өсімдіктер, жануарлар жасушалары) және олардың жүйелерін (ферменттер, гендер, жасушалық құрылымдар) пайдаланып технологиялық процестерді зерттейтін және әзірлейтін ғылым болып табылады. Пән молекулалық биология, генетика, микробиология, биохимия, химиялық инженерия және экология салаларымен тығыз байланысты. Биотехнология курсын оқи отырып, білім алушылар оның азық-түлік өндірісінде, ауыл шаруашылығында, экологияда, фармацевтикада, медицинада, өнеркәсіптік өндірістерде және қоршаған ортаны қорғауда қолдану әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Өсімдіктер биотехнологиясы

    Бұл пән өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерін, жасушалық және молекулалық деңгейдегі процестерді пайдалана отырып, олардың тиімді көбеюі, жақсартылуы, ауруларға төзімді сорттар шығарылуы, пайдалы өнімдер өндірілуі және генетикалық түрлендіру әдістерін зерттейтін қолданбалы ғылым саласы болып табылады. Білім алушылар өсімдік жасушалары мен ұлпаларын жасанды ортада өсіру (in vitro), клональды көбею, соматикалық гибридизация, трансгендік өсімдіктер алу, өсімдіктердің стресс факторларына төзімділігін арттыру және биотехнологиялық өнімдер алу технологияларын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жасанды интелект арқылы өсімдіктердің электрондық картасын құрастыру

    Бұл пән жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолдана отырып, өсімдіктердің түрлік құрамын, таралу аумағын және экологиялық жағдайын карта түрінде визуализациялауға бағытталған. Курс ботаника, геоақпараттық жүйелер (GIS), компьютерлік көру және деректер ғылымын біріктіре отырып, өсімдіктер туралы кең ауқымды ақпаратты сандық форматта жинау, өңдеу және интерактивті электрондық карта жасау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ауылшаруашылық экологиясы

    Бұл курс – ауыл шаруашылығы мен қоршаған орта арасындағы өзара байланысты, ауыл шаруашылығы қызметінің табиғи экожүйелерге әсерін және агроэкожүйелердің тұрақтылығын қамтамасыз ету жолдарын зерттейтін ғылыми пән. Курс барысында агроэкожүйелердің құрылымы, олардың жұмыс істеу принциптері, ауыл шаруашылығы өндірісінің экологиялық салдарлары және экологиялық тұрғыдан қауіпсіз ауыл шаруашылығын жүргізу тәсілдері қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жобаларды басқару және агротехникалық жоспарлау

    Бұл курс – ауыл шаруашылығы саласында жобаларды тиімді жоспарлау, ұйымдастыру, жүзеге асыру және бақылау бойынша теориялық әрі практикалық білім беретін қолданбалы пән.Пәнде агротехникалық жобаларды әзірлеу, агроөнеркәсіптік өндірістің құрылымын, технологиясын, ресурстарын тиімді пайдалану, тәуекелдерді басқару және аграрлық-инновациялық шешімдерді енгізу мәселелері қарастырылады.Агроөнеркәсіптік кешенде жобаларды басқару мен агротехникалық жоспарлаудың әдістерін меңгерту, студенттерге өндірістік процестердің тиімділігін арттыруға арналған жобаларды әзірлеу, жүзеге асыру және бағалау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Топырақ өнімділігінің мониторингі

    Бұл пән білім алушыларға топырақ өнімділігін бағалау, бақылау және басқару әдістерін меңгеруге бағытталған. Курс қазіргі заманғы мониторинг құралдары – жергілікті өлшеу әдістері, қашықтықтан зондтау (ҚЗ), геоақпараттық жүйелер (ГАЖ), сенсорлық жүйелер және жасанды интеллект арқылы топырақтың жай-күйін үздіксіз бақылау үшін қажетті білім мен дағдыларды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Биологиялық зерттеулердің деректер базасын құрастыру

    Бұл пән биологиялық зерттеулер барысында өсімдіктер мен топыраққа қатысты мәліметтерді жинау, жүйелеу, өңдеу, сақтау, талдау және визуализациялау үшін тиімді деректер базасын (БД) құрудың теориялық және практикалық негіздерін меңгертеді. Курс заманауи цифрлық құралдар (MS Excel, Access, QGIS, MySQL, Python/R), кеңістіктік деректермен жұмыс, автоматтандырылған бақылау жүйелерінен деректер жинау және деректер сапасын басқару (data quality management) дағдыларын қалыптастырады. Студенттер биологиялық деректер құрылымын түсініп, оларды ғылыми жобаларда, экологиялық мониторингте, ауыл шаруашылығында және табиғатты қорғауда қолдану дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Стартап және агробизнес (таңдау)

    Бұл пән аграрлық салада кәсіпкерлік пен инновациялық идеяларды іске асыруға бағытталған. «Стартап және агробизнес» курсы студенттерге аграрлық сектордағы бизнес-модельдер, инновациялық жобалар, қаржыландыру көздері, бизнес-жоспар құру, маркетингтік стратегиялар, сондай-ақ ақылды ауыл шаруашылығы (smart farming), агротехнологиялық стартаптар және цифрлық шешімдер туралы білім береді. Болашақ агробизнесмендер мен агроинноваторлар өз идеяларын нарыққа енгізу және табысты коммерциялау жолдарын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Жасанды интелект арқылы топырақтың электрондық карталарын құрастыру

    Бұл пән ауыл шаруашылығы, экология және геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) салаларында кеңінен қолданылатын заманауи технология – жасанды интеллект (AI) пен машиналық оқыту (machine learning) негізінде топырақтың электрондық карталарын құрастыруға бағытталған. Студенттер нақты деректерді өңдеу, топырақтың морфологиялық, химиялық және физикалық сипаттамаларын талдау, сондай-ақ кеңістіктік модельдеу әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Өсімдік шаруашылығы

    Бұл курс – ауыл шаруашылығы өндірісінің маңызды саласы ретінде өсімдік өнімдерін өндірудің ғылыми негіздерін, технологияларын, агротехникалық әдістерін, әртүрлі дақылдардың биологиялық ерекшеліктерін және олардың өнімділігін арттыру жолдарын қарастырады. Курс барысында өсімдік шаруашылығы саласының құрылымы, ауыл шаруашылығы дақылдарының жіктелуі, өсіру технологиялары, аймақтық ерекшеліктері, сондай-ақ өнім сапасын арттыру мен сақтау тәсілдері қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Агроэко бизнес жоспар құрастыру

    Бұл пән студенттерге ауыл шаруашылығы саласындағы экологиялық тұрақты және экономикалық тиімді кәсіпорындарды ұйымдастыру бойынша теориялық және практикалық білім береді. Курс агроэкологиялық принциптерге негізделген бизнес идеяларды әзірлеу, нарықты зерттеу, қаржылық есептеулер жасау, ресурстарды тиімді пайдалану және экологиялық қауіпсіздік шараларын ескере отырып кәсіпкерлік қызметті жоспарлау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Жасанды интеллект және ғылыми зерттеулер әдістемесі

    Бұл пән білім алушыларға ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесі мен әдіснамасының заманауи тәсілдерін, соның ішінде жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолдану арқылы ғылыми деректерді жинау, өңдеу, талдау және интерпретациялау жолдарын меңгертеді. Курс жасанды интеллект көмегімен ғылыми гипотезаларды құру, модельдеу, нәтижелерді визуалдау және болжау жасау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Өсімдіктерді қашықтықтан зондтау

    Бұл пән білім алушыларға қашықтықтан зондтау (ҚЗ) технологияларын пайдалана отырып өсімдіктердің таралуы, экологиялық аймақтарға бейімділігі және географиялық аудандастырылуы туралы кешенді білім береді. Студенттер жер ресурстарын бағалау және экожүйелерді мониторингтеу үшін ғарыштық және әуе суреттерін талдауды меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Қоғамдық , әлеуметтік, экономикалық ғылымдар саласындағы іргелі ұғымдар мен заңдылықтар туралы жүйелік идеяларды кәсіби қызметте тиімді қолдану дағдыларын меңгереді. Экожүйелердің тұрақтылығын сақтау мақсатында ғылыми негізделген кешенді шешімдерді әзірлеу және оларды практикалық енгізу құзыретін қалыптастырады.
  • Пәндік және пәнаралық салалар бойынша теориялық білімді терең меңгеріп, оны интеграциялау арқылы кәсіби контексте қолданып, берілген ақпаратты сыни тұрғыдан талдай отырып, тәжірибелік міндеттерді шешуде ғылыми негізделген тәсілдерді ұсыну дағдыларын қалыптастырады.
  • Академиялық адалдық және әдептілік принциптерін басшылыққа ала отырып, кәсіби контексте және көпмәдениетті ортада қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін, сауатты әрі нәтижелі коммуникация орнату құзыреттілігін қалыптастырады.
  • STEM пәндерінің интеграциясы негізінде пәнаралық зерттеу жобаларын ғылыми тұрғыда жоспарлап, құрылымдап және жүзеге асыру, зерттеу үдерісінде заманауи сандық технологиялар мен деректерді өңдеу құралдарын, сондай-ақ жасанды интеллект әдістерін тиімді пайдалану, зерттеу нәтижелерін талдау, интерпретациялау және негізделген қорытындылар шығару құзыреттілігін қалыптастырады.
  • Оқыту мен тәрбиелеудің мақсатына, міндеттеріне және күтілетін нәтижелеріне, оқушылардың жас және физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық инновациялық технологияларды тиімді таңдау және қолдану, сондай-ақ ұжымда жұмыс істеу кезінде тұлғааралық және кәсіби қарым-қатынас дағдыларын көрсету құзыреттілігін қалыптастырады.
  • Биотүрлілікті сақтау, биоқауіпсіздікті және агробиоалуантүрлілікті басқару қағидаттарына негізделген агроэкожүйелердің экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған ғылыми негізделген және тиімді шешімдерді тәжірибеде қолдану құзыреттілігін қалыптастырады.
  • Агроэкожүйелердің жай-күйіне ғылыми негізделген мониторинг жүргізу әдістерін (биоиндикация, геоақпараттық жүйелер, қашықтықтан зондтау және т.б.) тиімді игереді, алынған мәліметтерді жан-жақты талдау және экологиялық-агрономиялық тұрғыдан ғылыми негізделген қорытындылар жасау дағдыларын қалыптастырады.
  • Агроэкология және биология саласындағы заманауи ғылыми жетістіктер мен инновациялық тәсілдерді пайдалана отырып, ғылыми жоспарлау, жобалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру және тиімді жүзеге асыру құзыреттерін қалыптастырады.
  • Агроэкожүйелердің нақты жағдайын талдай отырып, инновациялық шешімдерді әзірлеу және оларды кәсіби тәжірибеде тиімді қолдану құзыреттілігін дамытады.
  • Агроэкология және биология саласындағы инновациялық технологиялардың мазмұнына, ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігіне әсер ететін ғылыми-техникалық факторларға талдау жасайды, қолданылатын технологиялардың тиімділігі мен экологиялық тиімділігін бағалайды

Ұқсас БББ

6B05102 Биотехнология

Торайгыров университеті

6B05102 Биотехнология

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті (Қозыбаев ат. СҚУ)

6B05102 Жануарлар биотехнологиясы және биоинформатика

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

6B05102 Биотехнология

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

6B05102 Биоинженерия және биоинформатика

Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті (ХИТУ)

6B05102 Биотехнология

Шәкәрім университеті

6B05102 Биотехнология

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті (Бөкетов ат. Қарұзу)

6B05102 Биотехнология

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

6B05102 Биотехнология

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

6B05102 Биотехнология сала бойынша

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

6B05102 Биотехнология

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

6B05102 Биология

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

6B05102 Биоинформатика

Астана халықаралық университеті

6B05102 Биология - санитарлық эпидемиология

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті (Мұртаза ат. ХТУ)

Top