Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B01902 Арнайы педагогика в ҚарУ Е.А.Бөкетов
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Арнайы және инклюзивті білім беру жүйесінде түзету педагогикалық қызметті жүзеге асыру үшін білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіру мен әлеуметтік бейімдеуге ықпал ететін және іргелі білімі мен зерттеу дағдылары бар арнайы педагогтар мен педагог-ассистентті кәсіби даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B020 Арнайы педагогика
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және География
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B019 Арнайы педагогика
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Экология және тіршілік қауіпсіздік негіздері
Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы
Құқық және кәсіпкерлік негіздері
Арнайы педагог мамандығына кіріспе
Қаржылық сауаттылық негіздері
Балалық жастағы невропатология
Педагогика
-
2 Оқу жылы
Білім берудегі көшбасшылық
Балалардың дамуындағы клиникалық ерекшеліктер және тұқым қуалаушы науқастар
Есту, көру, сөйлеу мүшелерінің патологиясы
Арнайы педагогика: арнайы және инклюзивті білім беру
Баланың дамуына ерте араласу
Денсаулықтың медициналық-әлеуметтік негіздері
Тәрбие жұмысының теориясы мен арнайы әдістемесі
Логотехнология
Дамуында ауытқулары бар балаларды психологиялық-педагогикалық тексеру әдістері
Қарым-қатынас және әлеуметтік өзара әрекеттесу қиындықтары бар балаларды оқыту және тәрбиелеу
Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың сөйлеу тілін дамыту әдістемесі
Сенсорлық жүйесі бұзылған балаларды оқыту және тәрбиелеу
Ғылыми зерттеу әдістері
-
3 Оқу жылы
Білім беру ұйымдарындағы түзету-педагогикалық процесті басқару
Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды жеке сүйемелдеу әдістемесі
Педагог-ассистент жұмысының мазмұны мен ұйымдастырылуы
Қолданбалы талдау негіздерімен логопедия
Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдердің құқықтарын қорғау
Логопедия
Бейімделген дене шынықтыру
Арнайы психология
Инклюзивті білім беру жағдайында білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіру
Балаларға өнер және технология пәндерін оқытудың арнайы әдістемесі
Балаларға математиканы оқытудың арнайы әдістемесі
Арнайы педагогикадағы арттерапия
Балаларға тіл пәндерін оқытудың арнайы әдістемесі
-
4 Оқу жылы
Логопедиялық массаж
Балаларға жаратылыстану пәндерін оқытудың арнайы әдістемесі
Кәсіби қазақ тілі
Балаларды физикалық дамытудың арнайы әдістемесі
Балаларды әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауға және заттық-тәжірибелік әрекетке үйретудің арнайы әдістемесі
Түзету ритмикасы
Этнопедагогика
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік бейімдеу әдістері
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Мемлекет және құқық, Қазақстан құқығының негізгі салалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, Қазақстандағы мемлекеттік органдар жүйесі туралы білімді қалыптастырады. Оңтайлы инвестициялық стратегияны таңдау үшін қаржылық ақпаратты және қаржы өнімдерін бағалауды талдай алады,экономика ғылымының әдістерін, нарықтық қатынастардың заңдылықтардын біледі. Этнопедагогикалық білім берудің теориялық негіздерін, қазіргі мектептегі білім беруді ұйымдастыру мен мазмұнын түсінеді. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, тұрақты даму негіздері, тіршілік қауіпсіздігін құқықтық реттеу туралы білімді көрсетеді. Цифрлық білім беру кеңістігінде ЖИ технологияларын жобалау, бағалау және этикалық қолдану үшін қажетті дағдыларды дамытады.
- Жас дамуының негізгі заңдылықтарын біледі, мектеп жасындағы балалардың физикалық дамуын бағалайды және олардың дамуы мен есту, көру, сөйлеу мүшелерінің жұмысының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері туралы білімдерді меңгерген; сенсорлық жүйелер патологиясының этиологиясын, патогенезін, жіктелуін ажыратады; оларды түзетудің және ақаулықтың орнын толтырудың техникалық құралдарын меңгерген; ақаулықтың алдын алу тәсілдеріне басым көңіл бөледі.
- Кәсіби деңгейде жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін оқыту әдістері мен тәсілдерін қолданады; арнайы және инклюзивті оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен практикасын, түзету жұмысының принциптерін, мазмұны мен әдістерін біледі; педагогикалық ұжымды басқаруда іскерлік коммуникациялардың түрлері мен нысандарын пайдаланады; арнайы мекемелердің білім беру процесінде жасанды интеллектті қолдану бойынша білімді қолданады.
- Тұқым қуалайтын ауруларды анықтайды; тұқым қуалаушылықтың цитологиялық және молекулалық негіздерін сипаттайды; генетикалық мәселелерді шешеді, тек тармағын құрайды, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардағы клиникалық ерекшеліктерді анықтайды; хромосомалық аберрациялардың этиологиясын, патогенезін түсіндіреді.
- Орталық жүйке жүйесінің құрылымдық ерекшеліктері туралы білімін көрсетеді; жүйке жүйесі ауруларының этиологиясын, патогенезін және клиникалық көріністерін ажыратады; неврологиялық өзгерістерді диагностикалау және түзету әдістерін қолдана алады. Жеке денсаулық мәселелерін бағдарлай алады.
- Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардағы ақаулық түрлерін анықтайды; оларды жіктейді, анықталған ерекшеліктерін жоюға бағытталған диагностикалық және кешенді логопедиялық жұмыс жасайды; сенсорлық бұзылулардың негізгі сипаттамалары мен психикалық ерекшеліктерін біледі; денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, білім беру мекемелерімен ерте көмек беру қызметінің өзара іс-қимылын ұйымдастыруды біледі.
- Кәсіби деңгейде психологиялық-педагогикалық диагностика және түзету бойынша білімін қолданады, сонымен қатар даму дәрежелерін анықтайды; даму стратегиялары мен болжамын құрады; осы негізде түзету-дамыту жұмысын жоспарлайды.Психологиялық-педагогикалық технологиялар бойынша заманауи ғылым мен практиканың жетістіктерін пайдаланады.
- Конституциялық заңнаманы, халықаралық құқықты ғылыми талдаумен және оны қолдану практикасымен ұштастыра отырып, бала құқықтары туралы негізгі ережелерді айқындайды. Құқықтар мен міндеттерге қатысты қолданыстағы білім беру және тәрбие процестерін басқарудың қолданыстағы нормативтік-құқықтық мәселелерді, қорғау тетіктерін қарастырады.
- Негізгі мектеп пәндері бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту процессін жоспарлайды, әзірлейді және ұйымдастырады; сондай-ақ оқыту және тәрбиелеу мақсаттарына сәйкес технологияларды, оқыту/тәрбиелеу бағдарламаларын, бағалау стратегияларын таңдайды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жеке даму бағдарламаларын әзірлейді.
- Ерекше білім беру және әлеуметтік-коммуникативтік қажеттіліктері мен сөйлеу қабілеті бұзылған адамдардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, толыққанды сөйлеу қызметін қалыптастыру мақсатында сөйлеу бұзылыстарын түзету технологияларын таңдайды және қолданады.
- Педагог-ассистенттің кәсіби қызметі мен функционалдық міндеттерін түсінетінін көрсетеді. ЕББҚ бар балалардың отбасыларымен сындарлы өзара іс-қимыл жасайды; бейімделген жеке бағдарламаларды, оқыту маршруттарын, оның ішінде мектептегі білім беру жүйесінде түзету және инновациялық әдістерді (қашықтықтан оқыту, платформаларды әзірлеу, Google нысандары) және IT-технологияларды пайдалана отырып әзірлейді.Ақпараттық, желілік ресурс, ақпараттық жүйелер және бағдарламалармен жұмыс істеудің заманауи технологияларын меңгерген.
Ұқсас БББ
6B01902 Арнайы педагогика
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
6B01902 Арнайы педагогика (IP)
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
6B01902 Арнайы педагогика
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
6B01902 Арнайы педагогика: Логопедия
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
6B01902 Арнайы педагогика (IP)
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
6B01902 Арнайы педагогика
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
6B01902 Арнайы педагогика(IP)
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)
6B01902 Арнайы педагогика
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
6B01902 Арнайы педагогика (IP)
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
6B01902 Арнайы педагогика
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
6B01902 Арнайы педагогика(IP)
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)