Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B07201 Тамақ өнімдерінің технологиясы в С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Шикізат пен дайын өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын, технологиялық процестердің параметрлерін және өңдеу әдістерін ұйымдастыру және жүзеге асыру. Өнімді техникалық бақылау және сынау әдістерін әзірлеу.
  • Өнімді өндірудің технологиялық процестерін жетілдіру жөніндегі іс шараларды әзірлей алу қабілетін көрсету және зерттеуді жобалау мен жүргізу кезінде процестерді математикалық модельдеу заңдылықтарын пайдалана білу.
  • Қауіпсіздік техникасының талаптарына сәйкес кәсіби қызметте технологиялық жабдықтардың әртүрлі түрлерін қолдана білу. Прогрессивті технологиялық процестер мен технологиялық жабдықтардың түрлерін әзірлеу және енгізу. Тамақ өнімдерін өндіруде технологиялық процестерін ұйымдастыру, енгізу және басқару.
  • Жеке қаржы және инвестицияларды басқарудың негізгі білімі мен дағдыларын дамыту. Білім беру бағдарламасы бойынша кәсіби деңгейде тілді меңгеру, сала бойынша терминдерді еркін аудару, еркін коммуникативтік дағдыларға ие болу.
  • Кәсіби қызмет саласында заманауи техникамен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру, техникалық сызбаларды орындау және оқу.
  • Тамақ және қайта өңдеу саласының кәсіпорындарында технологиялық процесті ұйымдастыру, ұйымдық-басқару шешімдерін қабылдау, кәсіби қызмет саласындағы сәйкестікті растау рәсімін жүргізуге өнімді стандарттау және дайындау бойынша жұмыстарды орындау.
  • Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарын жобалау және қайта жабдықтау саласындағы қызметтердің сапасын бағалау. Кәсіпорында технологиялық тәртіптің сақталуын және технологиялық жабдықтың дұрыс пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру.
  • Қайта өңдеу саласы мен тамақ өнімдерін өндірудің тиімділігін арттыру үшін өнімді өңдеу, сақтау және қайта өңдеу технологиясының негіздерін пайдалану.
  • Кәсіби, экономикалық және экологиялық салалардағы іргелі, қолданбалы және жаратылыстану-ғылыми білім негізінде, сондай-ақ тұрақты даму мақсаттары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері шеңберінде дағдыларды, қабілеттерді және міндеттерді шешуге дайындықты игеру.
  • Шикізат ресурстарын ұтымды пайдалануды, жаңа тамақ өнімдерінің кең ассортиментін алуды қамтамасыз ететін жаңа технологияларды іске асыру. Технологиялық процесті және өндірістегі дайын өнімнің шығуын бақылау.
Top