Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B05201 Экология в Торайгыров университеті

  • Жаратылыстанудың экологиялық аспектілері
    Несиелер: 4

    Пән мақсаты – табиғи әлемнің тұтастығы мен алуантүрлілігін көрсететін табиғаттың ғаламдық моделі ретінде әлемнің жаратылыстану-ғылыми бейнесі (ӘЖҒБ) жайлы түсінікті қалыптастыру. Табиғаттың объективті заңдарын білуге және оларды адам мүдделері үшін практикада қолдануға көмектесуге, ғылыми принциптер мен ғылыми әдіснамамен танысуға, негізгі түсініктер, теориялар, заңдар, моделдер, гипотезалар, эмпирикалық қорытындыларды меңгеруге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экологияға кіріспе және экологиялық зерттеулер негіздері
    Несиелер: 4

    Курс студенттерді экологияда қолданылатын негізгі түсініктермен, әдістермен таныстыру үшін арналған және табиғи үрдістер мен құбылыстардан әлеуметтік ара-қатынасқа дейінгі мәселелерді қарастыратын ғылымның кешендігі жайлы көрініс береді. Ғылыми танымның фундаментализациялау мен универсализациялаудағы проблемаларын, эколог-маманды қалыптастыруда ғылымның рөлін, ғылыми-зерттеу жұмысының ұйымдастыру жүйесін қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экологиялық химия
    Несиелер: 4

    Пән экология және табиғатты қорғауға арналған, химиялық білімді аралас жаратылыстану білімімен кіріктіруге бағытталған. Химиялық экология, қоршаған орта химиясы мен өнеркәсіптік токсикология мәселелері қарастырылады. Табиғи ортаны мониторингілеу және сапасын басқыру мәселелеріне, табиғатты қорғаудың негізгі бағыттарына назар аударылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Математика
    Несиелер: 4

    Пән мақсаты – студенттерде теориялық және практикалық тапсырмаларды шешу үшін қажет математикалық аппараттың негіздерін қалыптастыру, логикалық ойлауды дамыту, қолданбалы сұрақтарды зерттеудегі математикалық дағдылармен машықтану. Пән сызықтық алгебра мен аналитикалық геометрияны, анықталған және анықталмаған интегралдарды, қарапайым дифференциалдық теңдеулерді, бірнеше айнымалылардың функциясын; ықтималдық теориясы мен математикалық статистика элементтерін қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Шетел терминологиясымен экология негіздері
    Несиелер: 5

    Пән мазмұны мектептегі толық биология курсында берілген биология-экологиялық білімдерге негізделген және өмір жайлы ғылымдарда фундаментальды түсініктері неғұрлым терең жаратылыстану-ғылыми деңгейінде ашылады, өспелі қиындықтар жүйесінде қолданылатын экологияның негізгі түсініктері мен заңдарын қарастыруға мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Жануарлардың және өсімдік экологиясы
    Несиелер: 4

    Пән мақсаты – орта факторлардың әртүрлі тірі ағза топтарына әсерін және биосфера өміріндегі тірі ағзалардың қызметтік рөлін зерттеу сұрақтарында еркін талдауға мүмкіндік беретін кәсіптік құзыреттерді қалыптастыру. Өсімдіктер мен жануарлардың экологиялық-физиологиялық ерекшеліктері, олардың зат алмасу типтері; тірі ағзалардың өзара әрекеттестігінің өзгешеліктері, ағзалар экологиясындағы зерттеу әдістері қарастырылады

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Зоология зоогеография негіздерімен
    Несиелер: 5

    Пән жануарлар әлемінің жүйесі, негізгі жануарлар тобының тіршілік әрекеті, олардың экологиясы, жануарлардың табиғи қауымдастықтары, табиғатта және адам өміріндегі жануарлар әлемінің маңызы жайлы жүйеленген білімдердің қалыптасуына бағытталған. Пәнді игеру белгілі бір түрлердің ареалдарын зерттеуді, табиғи және антропогендік факторлар әсерінен фауналардың қалыптасуының заңдылықтарын зерттеуді; экологиялық ойлау қалпын қалыптастыруды болжайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Экологиялық биогеографиясы
    Несиелер: 4

    Курсты меңгеру студенттерді ғаламшардағы тірі ағзалардың алуантүрлілігімен және экожүйелердің қызмет заңдарымен танысуды, түрлі экологиялық моделдермен, биогеографиялық карталармен, аудан-ауданға бөлу сызбанұсқасымен жұмыс жасауды және т.б. болжайды. Курс мақсаты – экологиялық биогеографияның негізгі заңдары мен принциптері жайлы, тірі ағзалардың және олардың қауымдастықтарының географиялық таралу заңдылықтары жайлы тұрақты білімді қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Ботаника фитогеография негіздерімен
    Несиелер: 5

    Пәнді меңгеру студенттерге өсімдік ағзаларының морфологиясы, анатомиясы, физиологиясы, эволюциясы мен жіктелуі және олардың Жер шарының бетінде орналасу ерекшеліктері бойынша теориялық білім береді. Ботаника мен фитогеографияның теориялық негіздерін зерделеуді; өсімдіктер мен қоршаған орта арасындағы арақатынстары мен оларды басқару әдістерін зерттеуді; өсімдік маңызын және оларды қорғау жолдарын анықтауды қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Микроорганизмдер экологиясы
    Несиелер: 5

    Пәнді меңгеру микроағзалардың маңызды қасиеттері мен олардың табиғи процестерде маңызы жайлы, «микроағза мен орта» жүйесіндегі негізгі процестері, арақатынас механизмдері мен функциональды байланысы жайлы, бұл ғылымның өзекті мәселелері жайлы білімдердің негізін меңгеруге және микробиологиялық зерттеулер әдістерін үйренуге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Топырақтану
    Несиелер: 4

    Пәнді меңгеру топырақ, топырақ қасиеттері мен оларды бағалау әдістері жайлы түсініктерді қалыптастыруды қамтамасыздандырады. Курс студенттердің территориядағы топырақ қабатын өздігінше талдау арқылы біліктер мен қабілеттерін дамытуға, олардың топырақ қасиеттері жайлы деректер арқылы топырақтың экологиялық жағдайы мен топырақты қорғау іс-шараларының құрылымын түсінуге және алған білімді өзіндік кәсіби қызметінде қолдануға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Адам экологиясы
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты адамдар қауымдастығында өтетін процестер мен адамның өмір сүретін ортасын оңтайландыруға көмектесетін экологиялық білімінің жүйелік тұтастығын қалыптастыру болып табылады. Орта сапасы мен жеке және популяциялық денсаулық жағдайы арасындағы себеп-салдарлық байланысын көрсетуге, тұрғындардың аймақтық және этникалық ерекшеліктерін есепке алумен, адам денсаулығын қалыптастыру мен сақтауда дара тәсіл қажеттігін ашуға бағытталған

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Тіршілік қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Курс қауіпсіз ой-пікір мен мінез-құлықты, қауіпсіздік идеологиясын құрастыруға негізделген. Тіршілік әрекетінің қауіпсіз және зиянсыз жағдайларын құру, төтенше жағдай шарттарында сауатты шешімді болжау мен қабылдау мәселелерін қарастырады. Зілзала, дүлей апат және заманауи қырып-жою құралдарын қолдану салдарынан мүмкін қауіптерден тұрғындар мен өндірістік қызметкерлерді, иелік заттарды қорғауды меңгеруді қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Жоба 1
    Несиелер: 3

    Білім беру бағдарламасының бағыты бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы. Әдеби шолу және алдындағы жүмыстарға талдау. Зерттеулер методологиясы. Зерттеу бөлімі. Зерттеу нәтижелерін талқылау. Зерттеу нәтижелері бойынша ұсыныстарды әзірлеу және қорытынды. Зерттеу нәтижелері бойынша есепті дайындау және қорғау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Биология
    Несиелер: 5

    Пән қоршаған орта факторларының әрекетіне байланысты тірі ағзаларындағы физиологиялық процестер жайлы фундаменталды білім қалыптастырады. Негізгі бөлімдер белгілердің тұқым қуалаушылық заңдылықтары, тұқым қуалаушылық принциптері, генетикалық материалдың құрылымдық-функционалдық ұйымдасуы мен оның өзгергіштігі, гендер әрекетін реттеу, қоршаған ортаның ластануынан болған генетикалық салдарлармен байланысты сұрақтарды қарастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Экологиялық менеджмент
    Несиелер: 3

    Экологиялық менеджмент корпоративтік басқару жүйесінің бір бөлігі ретінде. Экология және қазіргі өркениеттің мәселелері. Тұрақты даму тұжырымдамасы. Экологиялық менеджменттің даму кезеңдері. Экологиялық менеджменттің функциялары, инфрақұрылымы және принциптері. Экология және табиғатты пайдаланудағы менеджмент. Табиғи ресурстарды, экологиялық зияндарды, шығындарды экономикалық бағалау және қаржыландыру мен есептілік мәселелері. Экологиялық аудит және менеджменттегі табиғатты пайдалану аудиті.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Биоиндикация және биомониторинг
    Несиелер: 5

    Пәннің негізгі мақсаты – биоиндикация мен биомониторинг құрылымы жайлы, заманауи экологиялық білімнің құрылымындағы орны жайлы түсінік қалыптастыру. Кеңістік пен уақыт, табиғат және адам өзгерткен шарттарда табиғат орталарының объектісінің жағдайын бағалауда биоиндикацияның мүмкіндіктері жайлы білім береді, биомониторингтік зерттеулерді жоспарлау мен өткізудің методологиялық негіздерін қалайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Геоэкология
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – студенттердің дағдарыстық сипаттағы (геоэкологиялық, демографиялық, су, энергетикалық, азық-түліктік, минеральды-ресурсты) жаһандық өзара байланысты мәселелердің стратегиялық шешімін табуға мүмкіндік беретін, экосфераның қоғаммен интеграциялану үрдісінде геосфералармен өзара байланыстағы жүйе ретіндегі қызметі туралы білім алу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Биогеохимия
    Несиелер: 5

    Пән ағзалардың тіршілік әрекетін миграцияның жетекші факторы ретінде зерттеуге және Жерде химиялық элементтер массасының таралуын зерттеуге мүмкіндік береді, миграция және тірі ағзалар мен қоршаған орта арасындағы химиялық элементтердің массаларының алмасу процестерін қарастырады. Пән ерекшелігі биосфераның даму, құрылу және қызметінің ұйымдастырушылық жүйесі ретінде өмір мен геохимиялық ортаның бірлігін зерттеу болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Биосфераның пайда болуы және эволюциясы
    Несиелер: 5

    Пән мақсаты – студенттерді барлық тірі ағзалардың мекен ету ортасы ретіндегі биосфераның ұйымдасуы мен қызмет жасауының негізгі заңдылықтарымен, антропогендік пресс шарттарында олардың эволюцияларымен жан-жақты таныстыру. Геосфера жайлы жалпы түсініктер, биосфера эволюциясының негізгі бағыттары мен оның негізгі құрам бөліктері, антропогенді факторлардың биосферасының қызметіне әсері, адамзаттың биосфералық қызметтері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Кәсіпкерлік іс-әрекетінің негіздері
    Несиелер: 4

    Кәсіпкерлік іс- әрекет негіздері" пәнінің негізі мақсаты: - студенттерге бизнес ортада жұмыс істеу формалары мен әдістерін, - мемлекет пен кәсіпкерліктің байланысы туралы кешенді түсінік беру; - тиімді шаруашылық жүргізудің принциптері мен әдістерін анықтау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Кәсіпкерлік құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 3

    Кәсіпкерлік құқық ұғымы. Кәсіпкерлік құқық субъектілерінің түрлері. Коммерциялық заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру және тарату. Кәсіпкерлік қызметтегі мүліктің құқықтық режимі. Кәсіпкерлік шарттар: түрлері, мазмұны және жасасу тәртібі. Кәсіпкерлік қызмет саласындағы жауапкершілік. Мемлекеттің шаруашылық айналымына қатысуының құқықтық формалары. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудің құралы ретінде: түсінігі мен мазмұны.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Start up жобаларының экономикалық негіздемелері
    Несиелер: 5

    Пәнді оқытудың мақсаты инвестициялық-инновациялық Startup жобаларды әзірлеу бойынша тәжірибелік дағдыларды меңгеру болып табылады. Пәнді меңгеру нәтижесінде студент білуі керек: - макро -, мезо - және микро деңгейде экономика үшін бизнес-кәсіпкерлікті дамытудың рөлі мен маңызы; - Startup жобаларды іске асырудың модельдері, түрлері және нысандары; - Startup жобаларды әзірлеу әдістемесі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Жоба 2
    Несиелер: 2

    Серіктес кәсіпорындар (ЖОО ғылыми мектептері) қызметінің бағыты бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы). Кәсіпорын қызметін талдау (мектептің ғылыми жетістіктері) және зерттеу міндетін қою. Әдеби шолу және алдындағы жүмыстарға талдау. Зерттеулер методологиясы. Зерттеу бөлімі. Зерттеу нәтижелерін талқылау. Зерттеу нәтижелері бойынша ұсыныстарды әзірлеу және қорытынды. Зерттеу нәтижелері бойынша есепті дайындау және қорғау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Биологиялық экология
    Несиелер: 5

    Пәнді меңгеру тіршілік мәнін, биологиялық ұйымдасудың деңгейі мен принциптерін, тірі ағзалардың алуантүрлілігін, қайта қалпына келу шарттарын, тірілердің эволюциясы, Жер эволюциясындағы тірі ағзалардың рөлін білуін қамтамасыз етеді. Барлық тірінің бірлігі мен өздік құндылығын түсіну арқылы, қоғамның өнегелік мәдениетін арттыру үшін, білім алушыларда биологиялық ой-пікір мен біртұтас жаратылыстану-ғылымдық көзқарасын қалыптастыруға септігін тигізеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Әлемдік экологиясы
    Несиелер: 4

    Пән мақсаты – ғаламдық экологиялық мәселелерді шешу себептері мен жолдарын анықтау үшін, әлемдік экологиялық ой-пікірді қалыптастыру үшін Жердің ғаламдық экожүйелерінің дамуының туындауы, құрылуы мен жалпы заңдылықтарымен танысу. Биосфераның құрылымы, қызметі және тұрақтылығы жайлы, қиын гетерогенді табиғат жүйесі ретіндегі Жер шарының қызметі жайлы экологиялық білім жүйесін қалыптастыруды жүзеге асады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Қоршаған орта туралы ілім
    Несиелер: 5

    Пән қоршаған орта, оның өзгерісінің динамикасы мен биосфераға әсері жайлы заманауи көріністерін қарастырады, фундаменталды білімдерді барлық курс бөлімдері бойынша: атмосфера, гидросфера, литосфера және биосфераның тұрақты жағдайын сақтауға жүйелендіреді, биосфераның қазіргі және болашақтағы жағдайында қоршаған ортаның басты рөлін сипаттайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Экологиялық мониторинг
    Несиелер: 5

    Пәнді меңгерудің мақсаты – студенттерге экологиялық мониторингтің мақсаты, әдістері, ұйымдастырылуы бойынша жүйелі білім беру және мониторингтік зерттеулерді ұйымдастыру мен өткізу жайлы дағдылар үйрету. Курс логикалық-математикалық тәсіл негізінде жаңа экологиялық ой-пікірді дамыту тұжырымдамасын неғұрлым толығырақ жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Қоршаған ортаға әсерді бағалау
    Несиелер: 5

    Пән мақсаты – кешенді ҚОӘБ ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ете алатын, кең бейінді эколог-эксперттер мен эколог-зерттеушілер мамандықтарын даярлау. Пән экологиялық заңнама негіздерін, мемлекеттік және өңірлік қоршаған табиғи ортаны сақтау органдарының қаулылары, бұйрықтары мен жарлықтарын, атқарылатын жұмысқа қатысты методикалық, нормативті және басқарушы материалдарын; ҚОӘБ жүргізудің мақсаттары, міндеттері мен теориялық негіздерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Радиациялық экология
    Несиелер: 5

    Пәнді меңгеру мақсаты биосфераның барлық иерархиялық деңгейлерінде радиация әрекетін экологиялық фактор ретінде зерттеу болып табылады. Тірі ағзаларға радиациялық сәулеленудің әрекеті, радиацияның табиғи және жасанды көзі мен сәулеленудің құрамы; радиациялық қауіпсіздік нормалары; радиациялық қорғаныс және бақылау саласындағы негізгі мемлекеттік және халықаралық заңдары; радиоактивті қалдықтар мәселелерін шешу жолдары қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Өнеркәсіптік экология
    Несиелер: 5

    Пәнді меңгерудің мақсаты болашақ мамандардың кәсіби мәдениетін қоршаған табиғи ортаға өнеркәсіп орындарының әсер ету жолдарының талдауы бойынша сұрақтармен, техногендік ластанудан негізгі табиғат құраушы орталарды (атмосфера, гидросфера, литосфера, биосфера) сақтау техникаларының негіздері мен, өнеркәсіп орындары әсер ететін аймақтардағы экожүелерге түсетін техногендік қысымдарды экологиялық реттеу негіздерімен танысуы арқылы жетілдіру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Экологиялық нормалау негіздері және сараптама
    Несиелер: 5

    Пәнді меңгеру экологиялық қызмет түрлерімен, жобалау, қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, экологиялық қауіпсіздік бойынша норма және құқық жүйелері және нормативті құжаттамалармен, онымен қоса экологиялық экпертизаны өткізу принциптерімен, экологиялық экспертиза және қоршаған ортаны қорғау саласында ҚР заңдарымен танысуға мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Экологиядағы математикалық модельдер
    Несиелер: 5

    Пәнді меңгеру мақсаты шынай химиялық, биологиялық және экологиялық жүйелердің математикалық моделі болып табылатын, динамикалық жүйелерді сапалы зерттеу әдістерін қолдану біліктерін қалыптастыру болып табылады. Математикалық моделдеу саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау үшін қажет сызықтық алгебра, математикалық талдау, дифференциалды және айырымды теңдеулер, математикалық физика теңдеулерінің бөлімдері оқылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезіндегі экологиялық талаптар
    Несиелер: 5

    Пән шаруашылық әрекетін жүзеге асыру барысында табиғат ресурстарын пайдалану және қоршаған ортаны қорғау бойынша құқықтық экологиялық талаптардың процедулары мен қатынастарды зерттеуді қарастырады. Курс қазіргі және болашақ ұрпақтардың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттерді теңдестіре шешуді түсінуге, жағымды қоршаған ортаны, биологиялық әлтүрлілік пен табиғат ресурстарын сақтауға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Медициналық экология
    Несиелер: 5

    Пән мақсаты – адам денсаулығын нығайту мен қоршаған және өндірістік ортаны қалпына келтіруге бағытталған қоршаған ортаның биотикалық және абиотикалық факторларының арақатынасын білікті және әржақты бағалау бойынша, экологиялық білім мен дағдыларды меңгеру негізінде студенттердегі ой-пікірді экологиялық бағытта қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 8
  • Экологиялық жобалау
    Несиелер: 4

    Пән техникалық-экономикалық негіздеу, құрылыс және объектерді пайдалану, жоспарлау деңгейіндегі шаруашылық және өзге қызметтерінің экологиялық негіздемелерінің теорияларымен, әдістемелерімен және практикалық тәсілдерімен; геоэкологиялық негіздеменің нормативті-құқықтық базасымен танысуға; геоэкология саласында эксперттік жұмыстың негізгі біліктерін дағдыландыруға мүмкіндік береді. Табиғат ресурстарын пайдаланудың құқықтық формаларын, қоршаған ортаны қорғаудың ұйымдастырушылық-құқықтық формаларын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 8
  • Табиғатты пайдаланудағы экологиялық негіздер
    Несиелер: 5

    Пәнді игерудің мақсаты – табиғатпен үйлесімді әрекет ету қажеттілігін, оған саналы ғылыми негізделген және жауапкершгілікпен әсер етуді түсіну; адамның тіршілік ортасымен әсерлесуінің негізгі теоретикалық аспектілерін жүйелеу; табиғи ресурстарды пайдаланудың экологиялық қауіпсіздігі мен рационалдылығы талаптарымен нәтижелі кәсіби әрекеттің үздіксіз бірлігі туралы танымды қалыптастыру; жалпы ғылыми, кәсіби және әлеуметтік-мәдени құзыреттіліктерді қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 8
  • Код ON1

    Теориялық және эмпирикалық зерттеу әдістерімен ақпаратты жинауды, талдауды және түсіндіруді жүзеге асырады, шығармашылық ойлау, жоғары креативтілік, күтпеген жағдайларды еркін шешу қабілеттерін көрсетеді.

  • Код ON2

    Командада жұмыс істейді, жаңа шешімдер ұсынады, ымыраға келеді, өз көзқарасын ұсынады және қорғайды, адамның табиғат пен техника өзара әрекеттесу процесінде өмірі үшін қауіпсіз жағдай жасайды

  • Код ON3

    Биологиялық ғылымның адам өміріндегі, әлеуметтік мәселелерді шешудегі рөлі; тірі және жансыз табиғаттағы процестер мен құбылыстар, олардың байланысы мен өзара тәуелділігі туралы түсініктерге ие

  • Код ON4

    Мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде (А2, B1, B2 деңгейі), оның ішінде кәсіби салада коммуникацияның негізгі дағдыларын меңгергенін көрсетеді

  • Код ON5

    Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық, оның ішінде экология және табиғатты пайдалану саласындағы актілерді ескере отырып, стартап-жобаларды әзірлейді

  • Код ON6

    Кәсіби қызметтің әртүрлі салаларында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады

  • Код ON7

    Математикалық талдау және модельдеу, теориялық және эксперименттік зерттеу әдістерін қолданады

  • Код ON8

    Жаратылыстану пәндердің іргелес және қолданбалы мәселелерін зерттеуде биологиялық ғылымдар саласындағы негізгі білімдерді қолданады

  • Код ON9

    Қоршаған ортаға түскен зиянды шығарындылардың сынамаларын алу және химиялық-аналитикалық талдау, геохимиялық зерттеулер, өнеркәсіптік, далалық және зертханалық экологиялық ақпаратты талдау, синтездеу және өндеу әдістерін меңгерген

  • Код ON10

    Қоршаған ортаның әртүрлі орталарында және құрамдас бөліктерінде ластағыш заттардың құрамына аспаптық талдау жасайды

  • Код ON11

    Ғылыми зерттеулердің сапалық, сандық және озық әдістерін қолданады

  • Код ON12

    Табиғи ортаны сақтау, қалпына келтіру, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау бойынша тәжірибелік ұсыныстарды әзірлейді

6B05201 Экология
Бакалавриат

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

БББТ: B051 Қоршаған орта

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B05201 Экология
Бакалавриат

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті

БББТ: B051 Қоршаған орта

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B05201 Экология
Бакалавриат

Қазақ ұлттық аграрлық университеті

БББТ: B051 Қоршаған орта

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B05201 6B05201-Экология
Бакалавриат

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ Е.А.Бөкетов)

БББТ: B051 Қоршаған орта

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B05201 Экология
Бакалавриат

Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті

БББТ: B051 Қоршаған орта

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B05201 Экология
Бакалавриат

Еуразия Технологиялық Университеті

БББТ: B051 Қоршаған орта

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B05201 Қолданбалы экология
Бакалавриат

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

БББТ: B051 Қоршаған орта

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B05201 Экология
Бакалавриат

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

БББТ: B051 Қоршаған орта

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B05201 Экология
Бакалавриат

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: B051 Қоршаған орта

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B05201 Экология
Бакалавриат

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

БББТ: B051 Қоршаған орта

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B05201 Экология
Бакалавриат

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

БББТ: B051 Қоршаған орта

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B05201 Экология
Бакалавриат

Алматы технологиялық университеті (АТУ)

БББТ: B051 Қоршаған орта

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B05201 Экология
Бакалавриат

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті

БББТ: B051 Қоршаған орта

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B05201 Экология
Бакалавриат

Нархоз Университеті

БББТ: B051 Қоршаған орта

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B05201 Экология
Бакалавриат

Инновациялық Еуразия университеті

БББТ: B051 Қоршаған орта

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B05201 Экология және табиғатты пайдалану
Бакалавриат

Астана халықаралық университеті

БББТ: B051 Қоршаған орта

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B05201 Геоэкология
Бакалавриат

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

БББТ: B051 Қоршаған орта

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B05201 Экология-химия
Бакалавриат

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: B051 Қоршаған орта

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B05201 Экология
Бакалавриат

Қызылорда "Болашақ" университеті

БББТ: B051 Қоршаған орта

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B05201 Экология
Бакалавриат

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

БББТ: B051 Қоршаған орта

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B05201 Экология
Бакалавриат

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

БББТ: B051 Қоршаған орта

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B05201 Экология
Бакалавриат

Орталық-Азия Университеті

БББТ: B051 Қоршаған орта

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
Top