Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B03101 Психология в M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Подготовка высококвалифицированных и конкурентоспособных специалистов в области психологии, соответствующих международным требованиям рынка.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B041 Психология
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және География
-
Білім беру саласы 6B03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат
-
Дайындық бағыты 6B031 Әлеуметтік ғылымдар
Пәндер
-
Research Methods 1
Курс сапалы, сандық немесе аралас зерттеу әдісін таңдауға қатысты негізгі түсініктерді түсінуге бағытталған. Бұған философиялық дүниетанымдарды қарастыру, әдебиеттерді шолу, теорияны пайдалануды түсіну, этикалық мәселелерді болжау және жазбаша стратегияларды әзірлеу сияқты түрлі тәсілдердің анықтамасын білу жатады. Бұл курс сандық, сапалық және аралас зерттеу әдістері бойынша әдістер мен рәсімдерді талқылайды.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Ұйымдастырушылық мінез-құлық
Ұйымдастырушылық мінез-құлық адамдардың ұйымдағы жүріс-тұрысын зерттейді және оның өнімділікке ықпалын бағалайды. «Ұйымдастырушылық мінез-құлық» пәні адам ресурстарын басқаруды объект ретінде қарастырылады. Осы пәнді зерделеудің қортындысы бойынша студенттердің негізгі құзыретiне мыналар жатады: жеке тұлғалардың ұйымдағы жүріс-тұрысы бойынша теориялық сұрақтарды білу, топтарды құру және олардың жүріс-тұрысын дамыту; компанияның ұйымдық мәдениетінің мәнін түсіну қабілеттілігі, «басшылық» және «билік» арасындағы баланс, ұйымдағы жанжалдарға ықпал ету; тұлға арасындағы және топ арасындағы қатынастарды басқар�� дағдысы, ұйымдағы өзгерістер.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Психологияға кіріспе -1
Бұл курстың мақсаты психологияны қоғамдық өмірдің әртүрлі саласында психолог біліктілігін қолдану мүмкіндігін анықтау және кәсіби қызмет сферасы ретінде таныстыру болып табылады.Курс студентерді ғылыми психологияның құзіреттілік саласына қатысты теориялық және тәжірибелік білімдермен таныстыру; мамандық таңдауда жеке тұлғалық себептер мен ересек адам өмірінде кәсіби қызметтің рөлін сезіну деңгейін жоғарылату
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Менеджмент
Пән басқарудың фундаменталды тақырыптарымен таныстырады. Бұл курс студентердің ұйымдағы менеджердің рөлін түсінуге, басқару пәнін кең тұрғыда қарастыруға және негізгі теориялық ұғымдарды қамтуға мүмкіндік береді Курс мазмұны: менеджментті ғылым ретіндегі сипаты мен эволюциясын; басқарудың негізгі теориялық ұғымдарын; ұйымдар мен олардың стратегияларын; ұйымның ішкі және сыртқы ортасын; ұйымдық құрылымы мен мәдениетін; ақпарат пен байланысты; шешімдерді қабылдауды; функциялары және басқару әдістерін; мотивацияны; командалық жұмысты; көшбасшылықты; бақылауды, т.б. қамтиды
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сыни ойлау
Бұл курс сұрақтар мен мәселелерді талдай отырып, нақты дәйектер мен дәлелдемелер негізінде дұрысшешімдер құруға, сондай-ақ алынған нәтижелерді өмірлік және кәсіби жағдаяттарда пайдалануға үйретеді. Сыни ойлау кез келген пікірге салмақты, байыпты қарауға, ешнәрсені дәлелсіз, құр сеніммен қабылдамауға, жаңа идеялар мен әдістерге ашық болуға баулиды. Сыни ойлау – неге сену және нені ойлау керектігі туралы пайымдау. Сыни ойлау студенттерде өзін-өзі басқару (Self-management), сонымен қатар өмір бойы үздіксіз оқу (lifelong learning) үшін және белсенді еңбек қызметі (dynamic workforce) мен мансабына қажетті дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бизнес-коммуникациялар
Адамдармен қарым-қатынас жасау коммуникацияларды құрудан жасалған.Бұл курстың мақсаты студенттерде тиімді коммуникацияларды дамыту, әдістерімен таныстыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Психологияға кіріспе - 2
Бұл курс психология саласының кіріспесі болып табылады. Ол психология ғылымының базалық теориясын, қолданбалы ғылымдары мен зерттеулерін қамтуға арналған. Ол студенттердің психология курсы бойынша алдыңғы қатарлы білімдер базасын меңгеруге арналған. Курс бойынша қамтылатын тақырыптар: зерттеу әдістері, мінез құлықтың биологиялық негіздері, адам дамуы, түйсік, қабылдау, ептілік, интеллект, мотивация, эмоциялар, тұлға, психикалық күйзелістер және оларды емдеу, әлеуметтік психология.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кәсіби қазақ (орыс) тілі
Бұл курс студенттерінің кәсіби ой-өрісін, олардың болашақ мамандығының ерекшеліктерін терең кеңейтуге және оларды мамандандыру үшін арналған. Зерттеу материалы орыс және қазақ тілдерінде беріледі, мысалы: Қазақстанның тіл саясатының құзыреттілігіне қатысты «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы Заңы».
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тұлға психологиясына кіріспе
Бағдарламада тұлға психологиясының өзекті мәселелері және негізгі әдіснамалық принциптері көрсетілген, тұлға теориясы және психологиялық теорияларлды түсіну көзқарасы қамтылған, бір ғылыми парадигма шеңберіндегі теориялардың өзара тарихи байланысы және логикалық бірізділігі қамтылған, бүгінгі психоаналитикалық және әлеуметтік когнитивті теориялар қарастырылады, сондай ақ өмірлік әрекет және әрекет субьектісі ретіндегі тұлға теориялары, гуманистік концепциялар, теориялық оқулар қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Дифференциалды психология
Курс студенттерді жеке тұлғалық айырмашылықтарды зерттеу барысындағы концепциялармен таныстырады. Дифференциалды психологияның негізгі мақсаты жекелік қабілеттер мен топтық айырмашылықтар жайындағы негізгі тақырыптармен таныстыру. Студенттер психологиядағы «мен» концепциясы және тұлға, интрапсихикалық аспектілер , реттеу, мотвациялар және түсіну сияқты жекелік айырмашылықтарды зерттеумен және мінез бітістері тақырыбындағы зерттеулер мен концепцияларды қамтиды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Шығармашылық ойлау
Ой жасампаздығы бүгінгі уақытта әлеуметтік, экономикалық және тұрмыстық өмірдің маңызды бөлігі болып келеді. Соңғы зерттеулер көрсеткендей, жақын арада шығармашылық ойлау мекеме жетекшісінің икемділігін көрсете алатын, ой ұшқырлығының ерекшелігі мен шешімі жоқ жағдайларда тиімді шешім қабылдай алудағы ең маңызды құзіреттілігі болып табылады. Курс студенттерді шығармашылық ойлаудың алгортимімен, әдістері және негізгі түсініктерімен таныстырады. Пәннің міндеті- студенттердің тұлғалық және сонымен біріге шығармашылық дағдыларын да дамытады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Стресс менеджмент
Бұл курс эмоцияларды реттеудің ғылыми әдістеріне бағдарлы шолу жасауды қамтамасыз етеді. Бұл курс стресс , оның себептері мен салдарлары жайында түсініктер қалыптастырады. Студенттер стрессті азайтудың когнитивтік техникалары мен эмоцияны реттеу және релаксация әдістерін меңгереді
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік психологияға кіріспе
Бұл курс әлеуметтік ықпалдардың ғылымизерттеулерін және адамдардың өзара әрекеттестігіндегі әлеуметтк психологияның кіріспесін ұсынады. Бұл курста адамдар басқалар туралы не ойлайды, бір- біріне қалай ықпал етеді және бір- біріне қалай қарайды деген мәселелер қамтылады. Курс әлеуметтік «мен» концепциясын, әлеуметтік пікірлер, қатынас, конформдылық, пайымдау, агрессия, альтруизм, наным және тұлғааралық қатынастар сияқты тақырыптарды қамтиды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кәсіби бағытталған шет тілі
Кәсіби бағытталған ағылшын тілі коммуникативті бағыталған кәсіби курс. Осы курстың мақсаты туризм, менеджмент, экономика, қаржы және бухгалтерлік есеп перспективалы қызметкерлердің саласындағы түрлі қабілеттарді меңгеру. Бұл курс халықаралық жұмыс ортада кәсіби мамандармен қарым-қатынас жасауға, студенттерді маңызды отырыстарға/жағдайға дайындау және болашақ мамандықты таңдауда үлкен үлесін қосады. Сонымен қатар, студенттер түрлі саланың жалпы бизнес жағдайларында негізгі тілдік дағдыларды меңгеруге мүмкіндік алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Даму психологиясы
Курс онтогенездегі психика дамуының түрлі жас кезеңдеріндегі заңдылықтарын және топтық үрдістер барысындағы тұлғаның әлеуметтік-психологиялық мінездемесін меңгертеді. Студенттерде түрлі жас кезеңдеріндегі адам психологиясының даму ерекшелігі, қарым- қатынас үрдісі, әлеуметтік орта мәнділігіндегі тұлғаның қалыптасуы жайындағы түсініктер қалыптасады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік
Бұл курстың мақсаты студенттерді кәсіпкерлік қызметке дайындау, әдістермен және тәсілдермен таныстыру. Курста бизнесті бастаудың барлық аспектілерін қамтуда: бизнес идеяны табу, дамыту, тұтынушыны тарту, қаржылық мәселелер.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Іскерлік этика
Курс бизнес этиканың болашак мамандық аясында қарастырылуына бағытталған. Курста қарастырылатын тақырырыптар этиканың негізгі қағидалары, бизнес құндылықтар, этикалық мінез-құлық секілді бағыттарды қамтиды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Позитивті психология
Психология - адамдардың кемшілігі мен психикалық жарақаттарын ғана оқытпайды. Сонымен бірге, бақытты болу табиғатына қатынас және психологиялық жетілуде мәселесін қамтитын психология саласындағы тақырыптар бойынша зерттеулермен теорияларға кіріспе болып табылады.Бұл курста сіз кәсіби және тұлғалық өмірде психологиялық төзімділікті жоғарлатудың түрлі амалдарын меңгересіз. Қарастырылатын тақырыптарға өз бойыңда бақыт сезімін ендіру, өмірге деген ризашылық, шығармашылық, өркендеушілік, махаббат, өзін-өзі жетілдіру, кемеңгерлік сияқты басқа да тақырыптар қамтылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Медициналық психология
Курс олардың дифференциясы мақсатында барлық психикалық үрдістердің нормасы мен патологиясы туралы түсініктерді қалыптастыруға және ары қарай кәсіби психологиялық жұмыстың тактикасына мүмкіндік береді. Бұл студенттерге психикалық өзгерістердің қалыптасу себептерін түсінуге, олардың тұлғаның әлеуметтік құрылымдануына ықпалының пайда болуы мен болжануын байқауға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Персоналды басқару
Персоналды басқару, кадрлық саясатты жасау және жүзеге асыру негіздерін; лауазымға, персоналды сұрыптау және орналастыруға қойылатын талаптарды жасау және ендіру негіздерін; персоналды іскерлік бағалау әдістерін; персоналды мотивациялау және ынталандыру қағидалары мен негіздерін; еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау нормативті- құқық базасын түсінуге бағытталған. Пәнді оқыту мақсаты: персоналды басқару үрдісін жүйе ретінде тану, персонал қызметінің талаптарын білу, персоналды ынталанандыру механизмі дағдыларын білу, болашақ мамандарды персоналды жоспралау үрдісімен таныстыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Психологиядағы зерттеу әдістері-2
Бұл курс психологиядағы зерттеу әдістерін қолдану мен алынған ақпараттарға статистикалық анализ жасау барысына кіріспе болып табылады. Психологтар зерттеу жүргізу барысында ақпараттардың мәнін түсіну үшін статистикалық әдісті қолданады. Курстың мақсаты- статистиканың негізгі түсініктерін меңгерту, сонымен бірге базалық математикалық дағдыларды талап ететін есептеулерді орындау. Формулаларды есте сақтау немесе ментальды арифметикаларды жетілдірудің қажеттілігі жоқ. Курс жалпы принциптер мен сандарды айла- амалдар арқылы қолдану барысында статистикалық логикаға сүйенеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Маркетинг
"Маркетинг принциптері" курсы компанияның деңгейінде маркетинг принциптерін қолдана білу тәжірибелік дағдыларды алуға, сонымен қатар, түсініктер, категориялар, теориялық негіздерді оқуға бағытталған. Курсты аяқтаған соң студенттер келесі негізгі түсініктерді түсіне алады: бәсеке, өнім, баға, сұраныс, ұсыныс, жабдықтаушылар, делдалдар, нарықты зерттеу, базалық негізде маркетингтік зерттеу құралдарын және әдістерін қолдану, нақты компания немесе өнім үшін маркетингтік жоспарды жасау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қоғаммен байланыс
Берілген курс студенттерді байланыс, бұқаралық ақпарат, бедел менеджменті, media relations, government relations қағидалары, ішкі және сыртқы корпоративтік байланыстеориясының негіздерімен таныстырады. Сонымен қатар, студенттер ұйымның коммуникативтік құрылымын өңдеуге, қоғаммен байланыс қызметін жедел жоспарлай отырып басқаруға, ұйымның беделін көтеруге арналған шараларды өткізуге, өнеркәсіп орнының тауар мен қызметтерін нарыққа жылжытуға, тиімді ішкі коммуникацияларды қалыптастыру –ұжымдағы қолайлы психологиялық климаттың қалыптасуына жағдай жасауға, қызметкерлердің белсенді жұмыс жасауын ынталандыруға, ұйымның ��амуын жоспарлауға қажетті негізгі біліктіліктерді игереді.Пререквизиттер: жоқ
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Когнитивті психология
Курс когнитивті әрекеттегі психологиялық және психофизиологиялық механизмдер жайлы жалпы түсініктері қалыптасады. Жүйелік коммуникациядағы және тұлғааралық, топтық қарым қатынас пен байланысты сұрақтарды, адамның ақпаратты есте сақтауы және сұрыптау принциптерінің бүгінгі түсініктерін қарасатырады. Қабылданған ақпараттарды талдауда интуитвті кәсіби шешімдер мен қабылдау аспектілеріне назар аударылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Спорттық психология
Спорт психологиясы курсында спортшылардың эффектілігіне ықпал ететін психологиялық өзгерістер қарастырылады. Студенттер спортшының эффектілігін жетілдіру жолдарымен танысады. Бұл курста қамытылатын нақты дағдылар: өлшемге келетін мақсатты қалай қою және оған жетуге арналған жолдары, визуализация және визуализация әдістері, көшбасшылық, команда құру және психикалық жараққаттан қалай нәтижелі қалпына келу жолдары.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Компенсациялық менеджмент
Компанияның қызметінде ең маңызды салымдарының бірі ретінде компенсация жүйесі кең таралған. Ұсынылған курс болашақ менеджерлерді ұйымдастырушылық тиімділікке жету үшін құзыретті жұмыс күшімен жұмыс істеу үшін жүйенің жұмысы жайлы білімдерімен қамтамасыз етеді. Бұл курс сйыақы жүйесін бағалауды, компенсацияларды басқару мәселелерін диагностикалауды және сәйкес келетін шешімдерді өңдеуді қамтиды. Нақты тақырыптар өз құрамына келесіні еңгізеді: жұмысты бағалау, еңбек ақыға шолу жасау, ынталандыру, жалақы, жәрдем ақы, компенсациялар мен өтеу стратегиясын.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Психологиялық кеңес беру негіздері
Курс мақсаты – кәсіби психологиялық көмек көрсетудің формаларын қарастыру. Практикалық әрекетін жетілдіруде кеңес беру дағдыларын меңгеру базалық шарт болып табылады. Оқу барысында кеңес берудің қазіргі бағыттары, принциптері, формалары және психолоьгиялық кеңестің мазмұнымен танысады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тұтынушының мінез-құлқы
Осы курс шеңберінде студенттер тұтынушылардың әр түрлі мінез-құлық моделдері және олардың бизнес басшыларының шешімдеріне әссері туралы біледі. Студенттер тұтынушылардың іс-әрекетін, мотивациясын, қарым- қатынастарын қарастырады және тұтынушылардың мінез-құлықындағы өзгерістер қалайша маркетингтік қызметке әсер ете алатындығын болжау үшін терориялық білімдерді қолдануды үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Еңбек құқығы
«Еңбек құқығы» пәні еңбек заңнамасы ғылымының негізгі ережелерімен студентті таныстыруға бағытталған. Онда қоғамдық өмірдің экономикалық аспектілерін құқықтық реттеудің бір бөлігі табуға болады. Бұл курс терең теориялық білім мен практикалық дағдыларды талап ететін заңды мамандарды дайындау үшін арналған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Өнімділікті басқару
Бұл курс студенттерге жеке, командалық және ұйымдастырушылық деңгейлерінде өнімділікті басқару жүйелерін бағалауға көмектеседі. Компанияның стратегиясын жүзеге асыру үшін өнімділікті басқарудың басты рөлін студенттер түсіне алады. Курстың сәтті аяқталуы студенттерге өнімділіктің критерийлерін қалыптастыруға және орнатуға, оның қызметіне жолу және талдау жасауға, өнімділікті арттыру үшін ұсыныстарды өңдеуге көмектеседі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Девиантты мінез-құлық психологиясы
Пән студенттерді ауытқымалы мінез-құлық себептерінің теориясы мен девиантты тұлғаның дамуы және девиация сипаты, осы санаттағы адамдарға психологиялық қолдау бағдарламаларын меңгереді. Курс барысында студент девиацияның профилактикалық бағдарламасын құру дағдыларын дамытады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Персоналды дамыту және оқыту психологиясы
Курс мақсаты қызметкер потенциалын толық ашуға мүмкіндік беретін персоналды басқару барысындағы бейімделу, оқыту, мансапты жоспарлау және басқа да іс шаралар мәнділігін ашып көрсету. Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер өз беттерімен мансапты дамыту жоспарын және бос орындар лауазымы схемасын құрастыра алу керек, персоналдарды оқыту және бос орындарға үміткерлердің қабілеттерін бағалау, даму барысында қызмет көрсете алу.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жанұялық қарым-қатынастар психологиясы
Курс заманауи отбасының рөлі, құрылымы мен динамикасы және ерлі-зайыптық, бала мен ата-аналардың қарым-қатынастар механизмдері жөнінде жүйеленген елестердін қалыптасуына бағытталған. Отбасының даму зандылықтары мен тұлға қалыптасуындағы отбасының рөлі туралы білімдер береді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Коучинг
Бұл курстың мақсаты қысқа уақыт аралығында бизнесте және өмірде тұлғалық және кәсіби эффектілігін максимальды көрсетуде мүмкіндік беретін Коучинг- бизнес технологияларын меңгерту және көптеген сұрақтарға жауап алу, сондай- ақ тұлғааралық және кәсіби өмірдегі дисбалансты шешу дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ұйымдардағы кеңес беру бойынша практикум
Курс ұйымдардағы құрылымдық міндеттерді немесе процестер мазмұнына қарай көмек беруді мақсат етеді, сондай ақ қйымдағы кеіес берудің түрлі бағытында қолданылатын құралдар мен маңызды сәттерді қамтиды. Студенттер туындаған өзекті мәселелерге байланысты оны шешу жолдары мен амалдарын ұсына отырып, ұйым басшысына, персоналдарға кәсіби көмек бере алу қажет.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ұйымдардағы психологиялық тренинг
Бұл курс студенттерге тұлға дамуы, тренингтің барысын, сергіту сәттілік және рольдік ойындар арқылы тұлға дамуын коррекциялаудағы белсенді әдістерін меңгертеді. Курсты меңгеру арқылы студент тренингті жоспарлау, тренингтік топтардағы жүргізуші, машықтанушы тренер дағдыларын дұрыс қалыптастырушы сияқты дағдыларды меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жобаларды басқару
Бұл курс жобаларды басқару облысында негізгі тақырыптарға шолу жасауға негізделген. Мұнда жобаларды басқарудың негізгі сатылары, оларды жоспарлау және дәйекті түрде орындау, қажетті ресурстарды бағалау, жобаларды ұйымдастыру және мониторинг жасау, өзгерістерді еңгізу, жобаны іске асыру қарастырылған. Курсты аяқтаған соң студенттер жобаларды басқару мен бизнес – үдерістерді басқарудың айырмашылығын анық түсіне алады; жобаларды басқарудың мазмұны мен құралдарын игеріп, әртүрлі қатысушы тараптардың мүдделерін және олардың жобаның тиімділігіне әсерін түсініп, жобадағы лимиттерді (шектеулерді) анықтай алады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Өзгерістерді басқару
Бұл курс ұйымдарда өзгерістерді басқаруға кіріспе ретінде өңделінген. Бұл курс студенттерде ұйымда өзгерістердің қажеттілігін түсіну қабілеттерін дамытуға негізделген. Курстың аяғында студенттер ұйымдық деңгейде өзгерістердің теориялық және концептуалдық негіздерін игеріп алады; өзгерістерді басқарудың тиімділігі қаншалыққа ұйымға бәсекелестік артықшылықты алуға көмектесетідігін анықтауға үйренеді; өзгерістерді тиімді басқару үшін менеджерлерге қажетті құзыреттілікті, дағдыларды бағалауға үйрене алады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мамандарға психологиялық диагностика және бағалау
HR-дағы психологиялық бағалау курсы үш модульден тұрады – HR, рекрутинг және психологиялық бағалау. Курсты тыңдаушылар біріншіден, HRM дегеніміз не, ол қандай процедуралардан тұрады, қандай іс- әрекет түрлері орындалады деген сияқты сұрақтарға жауап алады. Екінші модульде рекрутинг бойынша практикалар, ал үшінішіде- HR және психодиагностика байланысы қарастырылады. Бұл курстың негізгі мақсаты- психология саласындағы болашақ маманның іскерлік әлемінде алған дағдыларын эффектілі қолдана білуге бағыттау. Психологиялық бағалау саласы түрлі тұлғалық және кадр мәселесіне байланысты шешім қабылдау ��әне шешім қабылдау процесінде обьективтілікпен түсінікітілікке негізделген шешімдерге бағыттау. Бұл курс түрлі мәселелер мен жағдайларда және міндеттерде соған сай келетін бағалау әдістерін тиімді таңдауға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ұйымдардағы конфликтерді басқару
Бұл курстың мақсаты жанжал теориясы мен тұжырымдарына шолу жасау, сонымен бірге жанжалды болдырмау,алдын- алу және жанжалды шешу үшін практикалық дағдыларын меңгертеді. Студенттер тұлғаарлық, топаралық концептуалды түсініктегі психологиялық және мінез құлықтық динамиканың ұйымдастырушылық контекстегі көріністерін ажырата алады. Курс жанжалға тікелей қатысушылар мен үшінші тараптың қатысуымен (делдал-жанжалға) болатын жанжалды басқарудың жолдарын қарастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Дағдарыс кезіндегі коммуникациялар
Берілген курс студенттерді дағдарыс ахуалы кездеріндегі қоғаммен байланыс негіздерімен таныстырады. Курс студенттердің сараптама барысында қоғаммен байланыстың рөлі жөніндегі жүйелі түсінігін қалыптастыра отырып ұйымдардағы дағдарыстардың алдын алу, оны жеңіп шығу мен жоспарлауға дағдыландыруға бағытталған. Студенттер сараптау кезіндегі PR-технологиялар аясындағы дағдарыс зардаптарын жоспарлау, оның алдын алу мен зардаптарын барынша азайту, дағдарыс кезіндегі коммуникативтік ықпал жасау механизмдерін талдау, ұйымдардағы дағдарыс кезіндегі коммуникациялардың қағидалары мен технологияларын іс жүзінде қолдану сияқты басты біліктіліктерге дағдыланады. Білім алушылар дағдарыс кезеңін PR (сәтті және сәтсіз) құралдар көмегімен дағдарыс кезінде және одан кейінгі өнеркәсіп беделін қалыптастырудағы оң және теріс нәтиже берген жағдайларды талдау арқылы шешуді қарастырады.Пререквизиттер:Қоғаммен байланыс.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Когнитивті-мінез құлықтық психотерапия
Когнитивті - бихевиоральды бағыт адам болған жағдайды қалай қабылдайды және ойлайды, болып жатқан жағдайға шынайы көзқарас тудыруға және адекваттілі мінез құлықта болуды қалыптастырады. Курс мақсаты когнитвиті- бихевиоральды тұрғыдағы теорияға негізделген базалық білімдер мен осы бағыт шеңберіндегі психологтың практикалық жұмысындағы әдістерді қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
Оқыту нәтижелері
- психологиялық зерттеулерді жоспарлау және жүргізу, интерпретация жасау
- адам қорларын тиімді басқаруға арналған қажетті білім және дағдыларын көрсете алу
- кәсіби практиканы бағалау үшін этикалық стандарттарды қолдану
- мәселелені шешуде және шешім қабылдау барысында креативті және сыни тұрғыдан ойлай білу
- эффектілі коммуникация дағдыларының болуы
- психологияның зерттеу нәтижелерін және теориялары мен негізгі түсініктерін сипаттау
- ұйымдастырущылық, әлеуметтік және тұлғалық мәселелерді шешу үшін психологиялық әдістерді түсіну және қолдану
- жұмыс барысындағы еңбек өнімділігі мен қанағаттанушылықты жоғарлату үшін психологиялық теориялар мен әдістерді қолдану
Ұқсас БББ
6B03101 Психология
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
6B03101 Психология
«Тұран-Астана» университеті
6B03101 Психология
Q UNIVERSITY
6B03101 Психология
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
6B03101 Психология
Инновациялық Еуразия университеті
6B03101 Психология
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
6B03101 Психология
Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті (АГЭУ)
6B03101 Психология
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)
6B03101 Психология
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi
6B03101 Психология
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті