Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D01101 Педагогика және психология в Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Мақсаты - психологиялық- педагогикалық ғылымдар әдіснамасының негіздерін, сол сияқты сабақтас ғылымдар саласының әдіснамасын, жүйелі білімдер мен құзыреттіліктерді және цифрлық технологияларды меңгерген, ғылымды дамытуға қажетті тұжырымдамалық білімдерді жасауға қабілетті, халықаралық деңгейдегі ғылыми пікрталастарда жұмыс тілін қолдана отырып оларды презентациялай алатын және зерттеушілік пен инновациялық психологиялық-педагогикалық қызметке қабілетті жоғары кәсіби ғылыми-педагогикалық мамандарды дайындау. Бағдарлама маманның төмендегідей кәсіби тұлғалық қабілеттіліктерін дамытуға бағытталады: - аталған ғылыми білімдер саласындағы сараптамалық бағалау талаптарына сәйкес келетін жоғары деңгейдегі ғылыми зерттеулер жүргізу арқылы салыстырмалы білім берудің өзекті мәселелерін тауып құрастыру және талдау; - педагогика және психологияның өзекті бағыттары бойынша жаңа ғылыми жобалардың құрылымы мен мазмұнын жасай алу, тұжырымдамалық түрде ойлау; -өзінің кәсіби қызметін бағдарламалау және жоспарлау; жоспар құрастыру және оның нәтижесін болжай алу; орындалатын кәсіби- педагогикалық әрекеттерді түсініп негіздей алу, ғылыми педагогикалық білімдерді жаңа жағдаяттармен байланыстыра алу. Осы білім беру бағдарламасы жетекші әлемдік университеттердің оқу жоспарларын талдау негізінде құрастырылды. Докторлық білім беру бағдарламасының құрылымы тең маңызды екі компоненентті құрайды: ғылымилық және білім берушілік. Бағдарламаларды жүзеге асыруға шетелдердің құзыретті мамандары шақырылып, жұмылдырылады. Білім беру бағдарламасы құзыреттілік тұғыр негізіндегі модульдік ұстанымға құрылды.
  • Академиялық дәреже Докторантура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 3 года
  • Кредиттер көлемі 180
  • Білім беру бағдарламаларының тобы D001 Педагогика және психология
  • Білім беру саласы 8D01 Педагогикалық ғылымдар
  • Педагогиканың философиясы мен әдіснамасы
    Несиелер: 5

    Ғылым философиясы және әдіснамасы, педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесін жүйелі білімін қалыптастыру; әдіснамалық мәдениетін, бағалау дағдыларын қалыптастыру. Пәнді игеру нәтижесінде докторант қабілетті: -педагогиканың ғылыми жүйе ретіндегі құрылымын, әдіснаманың тарихын, даму кезеңдерін; -әдіснаманың ұғымдық аппаратын және тұғырларды, ұстанымдарды қолдану; -өзектілігін негіздеу, пікірталасқа қатысу; -зерттеу және сараптамалық бағалауға.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақстандағы білімдендіру саясатының және білім беру тарихының өзекті мәселелері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - Қазақстандағы және әлемдегі білім беру саясатын дамыту туралы докторанттардың теориялық білімдер кешенін қалыптастыру, шетелдердің білім беру жүйелерін реформалау мен модернизациялаудың дұрыс тәжірибелерін енгізу. Пәндерді игеру нәтижесінде докторант: - Тәуелсіздік жағдайындағы Қазақстан Республикасында білімдендіру мен білім беру саясатының дамуы мен қалыптасуының өзіндік ерекшеліктерін түсіндіру; шетелдердің білім беру жүйелерін реформалау мен модернизациялаудың дұрыс тәжірибелері; - - Қазақстандағы педагогикалық білім беру жүйесін дамытудың ерекшеліктерін талдау және бағалау; - Қазақстандық білім беру жүйесінің және білім беру саясатының ағымдағы жағдайына талдау жасау және баға беру; - еліміздің білім беру жүйесінің және білім беру саясатының дамуын бағалау үшін критерийлер мен индикаторлар (көрсеткіштер) ұсыну; - білім беру саясатын жүзеге асыруда және оның негізгі деңгейлеріне талдау жасауда көрініс табатын маңызды және күрделі мәселелерді анықтау; - посткеңестік кезеңдегі Қазақстандық орта және жоғары мектепті модернизациялаудың мәселелеін бағалау; тарихи-педагогикалық құзыреттілікті дамуы; - халықаралық және шетелдік зерттеулерді есепке ала отырып, білім беру үдерісінің сапасын диагностикалау мен бағалаудың қазіргі технологияларын пайдалану; - отандық дәстүрлерді және инновациялық үдерістерді есепке ала отырып, білім беруді реформалаудың стратегиялық жоспарының және индикативтік кезеңдерінің жобасын дайындау. Пәнді оқытуда келесі аспектілер қарастырылады: - посткеңестік кезеңдегі қазақстандық орта және жоғары мектепті модернизациялау сұрақтары; -Қазақстан Республикасындағы қазіргі білім беру саясатының өзекті мәселелері ; - мектепке дейінгі, орта, орта кәсіби жоғары білім берудің тәуелсіздік алғаннан кейінгі дамуының негізгі бағыттары; - қазақстандық әлеуметтік-саяси үрдістегі және білім берудегі демократиялық және авторитарлық үдерістер; - қазақстанда орта және жоғары білім берудің ХХ ғасырдың 50- 60жж дамуы; - орта және жоғары білім берудің ХХ ғасырдың 70-90 жж дамуы; - білім беруді реформалаудың үкіметтік стратегиялары; ; -ғасырлар тоғысындағы білім беру реформаларының, заңнамалық құжаттар жобаларының, тұжырымдамалардың, бағдарламалардың және т.б. жаңа үкіметтік жобалары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мектеп пен жоғары оқу орындары білім беру бағдарламаларын жобалау
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты –жоғары оқу орындары және мектепке арналған білім беру бағдарламаларын дайындауға қабілеттіліктерін қалыптастыру; жоғары оқу орындары және мектепке арналған білім беру бағдарламаларының мазмұнын және оларды тарату жағдайларын бағалау мен талдау өлшемдерінің сабақтастығын анықтау; жобалау құзыреттілігінің дамуы. Пәндерді игеру нәтижесінде докторант: - мектептің және жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын жобалау спецификасын түсіндіру; - мектептің және жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын жобалау; - білім беру бағдарламаларын, критериалды бағалауды жобалауда кері дизайн ұстанымын қолдану; - білім беру үдерісіне қатысушылардың жобалау әрекетінің педагогикалық шарттарын анықтау; - Блумм, Андерсон таксономиясы бойынша күтілетін нәтижелерді, білім беру бағдарламаларын жобалауды диагностикалаудың өлшемдерін анықтау; - білім беру бағдарламаларын дайындауда қазіргі ақпараттық және коммуникативтік технологияларды қолдану; - бағдарламаларға стратегиялық талдау жасау әдіснамасын меңгеру; мектеп пен жоғары оқу орындарының сабақтастығы негізінде білім беру бағдарламаларын жобалау; - мектептің және жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын бағалау және талдау. Пәнді оқытуда келесі аспектілер қарастырылады: -білім беру бағдарламаларын жобалаудың негіздері , мектептің және жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын жобалаудың жаңа технологиялары және спецификалық ерекшеліктері; - білім беру бағдарламаларын жобалау мәселесінің философиялық-психологиялық аспектілері; -білім беруді дамытудың және білім беру бағдарламаларын жобалаудың негізгі үдерістері; - пәндік білім беру бағдарламаларын жобалаудың педагогикалық аспектілері; - білім беру бағдарламаларын жобалаудың негізгі педагогикалық тұжырымдамалары; - білім беру бағдарламаларын жобалаудың ұстанымдары; - білім беру бағдарламаларын құрастырудың дидактикалық тұжырымдамалары; - қазіргі мектептегі пәндік білім беру бағдарламаларын жобалау мәселелері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Білім беру сапасын бағалаудың әлемдік жүйелері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – білім беру саласындағы сапалық бағалаудың әлемдік жүйелерін, рефлексиялық бастауларын, мәнін, болашақтағы бағыттарын талдай алу қабілеттіліктерін қалыптастыру. Пәндерді игеру нәтижесінде докторант: - білім берудің сапасын арттыру саласында білім беру жүйесін дамытудың үрдістерін санамалап көрсете алу және бағалау; - білім беру жүйесін бағалаудың жағдайы мен тиімділігі бойынша әртүрлі статистикалық мәліметтерді интерпретациялай алу және талдау; - білім беру сапасын бағалауда әлемдік сапаларды бағалаудың қажеттігін отандық және шетелдік бағалу жүйесін сипаттау арқылы талдау және бағалау; - білім беру сапасын бағалауды ұйымдастыру мен өткізудің әртүрлі елдердегі механизмдерін анықтау; - шетелдердегі білім берудің сапасын анықтаудың мониторингі мен бағалаудың әлемдік әдістемелерін бағалау ; - әртүрлі елдердегі білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістерді тауып, салыстыруға және білім беру саласындағы стратегиялық шешімдердің тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін мониторингтік бағдарламаларды талдау; - білім беру жүйелерінің қызметінің практикасында білім беруді басқару технологияларын қолдану ; - білім беру ұйымдарын басқару сапасына салыстырмалы талдау жасауға қабілетті болады. Пәнді оқытуда келесі аспектілер қарастырылады: - сапаны басқарудың қалыптасуы мен дамуының кезеңдері, ұстанымдары, функциялары және білім беру сапасын басқаруды ң мәселелері мен деңгейлері ; - білім беру сапасын басқаруды ң әлемдік модельдері; - әлемдік стандарттарға сәйкес білім беру жүйесін реформалау; - білім беру үдерісін халықаралық және шетелдік зерттеу тәжірибесін есепке ала отырып бағалаудың диагностикасы мен қазіргі технологиялары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Заманауи психологиялық теориялар және интервенция
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты –интервенцияның қазіргі психологиялық теорияларының негізінде жұмыс жасауда қарапайым және ерекше білім беруді қажет ететін балалармен педагогикалық үдеріске араласа алу қабілеттіліктерін қалыптастыру. Пәндерді игеру нәтижесінде докторант: - пәнаралық тәсіл негізінде тұлғаны психологиялық қолдау көрсету мәселелерін зерттеу тәжірибесін түсіну, мәдениет және ғылымның түрлі салалары негізінде жеке жағдайлардың заңдылықтарын, персонологиялық дәлеледерді интерпретациялау мәтіндерін меңгерген; - персоналды фактілердің, әртүрлі ғылым мен мәдениеттің тілдік синтезі негізінде және жеке жағдайлардағы мәтіндерді интерпретациялау заңдылықтарын талдау және қолдану; - кәсіби психологиялық-педагогикалық қызметте интервенция әдістерін, стратегияларын және модельдерін қолдану; - «заманауи психологиялық теориялар және интервенция» мазмұнын игеру тәжірибесіне сүйене отырып, жеке тұлғаның рухани, әлеуметтік және жеке өмірі тұрғысынан мәселелерін анықтау; - жеке тұлғаның өмірлік мәселелерін шешудегі интервенцияның және арнайы білім берудің мүмкіндіктерін бағалау; - оқыту үдерісіне араласу үшін білім беру ортасын ұйымдастыру және бағалауға ықпал ету; - ерекше сұранысы бар оқушылардың білім беру ортасына интервенциялануын жобалау және бағалау ; - білім беруге интервенцияланудың инновациялық зерттеу әдістемесін жасау және ұсыну. Пәнді оқытуда келесі аспектілер қарастырылады: - заманауи психологиялық теориялар мен интервенцияның негізгі мәселелері; - қазіргі психологиялық теориялардың дамуының негізгі бағыттары және олардың түрлері; - дағдарыстық интервенцияның ұстанымдары және олардың типологиясы; дағдарыстық интервенцияның теориялық аспектілері; - қазіргі психологиялық теориялардың ерекшеліктері. - заманауи психологиялық теориялар мен интервенцияның мазмұны мен әдістері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Салыстырмалы білім берудің теориясы және тұжырымдамасы: отандық және шетелдік тәжірибесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – қазіргі салыстырмалы педагогиканың әдіснамасы негізінде әлемдік және Қазақстандық білім беру жүйелерін салыстыруда аналитикалық және жүйелілік құзыреттіліктерін және білім беруді талдау мен салыстыру қабілеттіліктерін қалыптастыру. Пәндерді игеру нәтижесінде докторант: - шетелдегі жоғары білім берудің теориясы мен практикасының мәселелері мен үрдістерін талдау мен анықтау және отандық тәжірибемен салыстыру; -қазақстандық білім беру жүйесін реформалау үдерісін, стратегиялық басымдылықтарды және жаһандану жағдайындағы әртүрлі елдердегі білім берудің ұстанымдарын, үрдістерін түсіндіре алу; - салыстырмалы білім беру теориялары мен тұжырымдамалары негізінде білім беру жүйелерін салыстыруды сипаттау; - жаһандану жағдайында әртүрлі елдердің білім беру жүйесінің дамуындағы стратегиялық басымдылықтарды, ұстанымдарын, және үдерістерін түсіндіру; - елдегі, бірнеше елдердегі білім беруді дамыту стратегиясын, үрдістерін салыстыру; білім беруді дамыту көрсеткіштерін салыстыру және бағалау (оның ішінде мемлекеттік бағдарламаларды, статистиканы оқып үйрену, ұсыныстар жасау); стратегиялық және тактикалық құжаттарды интерпретациялау және талдау; –салыстырмалы білім берудің әдіснамалық негізінде білім беруді салыстыр механизмдерін жобалау; -- білім беруді дамытудың салыстырмалы аспектідегі моделін талдау және ұсыну; - білім беруді реформалаудың елдік зерттеулерін жүргізу, білім беру жүйесінің халықаралық жаһандануындағы жағдайларын бағалауға қабілетті болады. Пәнді оқытуда мынадай блоктар қарастырылады: - шетелдік жоғары мектепте салыстырмалы білім берудің теориялары мен тұжырымдамалары; -Қазақстан компаративистерінің салыстырмалы – педагогикалық зерттеулері; - халықаралық және шетелдік зерттеулердегі тәжірибелерге сәйкес білім беру үдерісінің сапасын диагностикалау мен бағалаудың қазіргі технологиялары; -шет елдердегі жоғары білім берудің теориясы мен практикасының даму мәселелері мен үдерістері; - білім беру саясатының теориялары негізінде білімдендіруді дамытудың стратегиялары мен ұстанымдары

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Академиялық жазу
    Несиелер: 2

    Мақсаты – зерттеу жұмысын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазу барысында жазу дағдыларын дамыту,ғылыми әдебиеттерді қолдану түсінігін арттыру және плагиатты болдырмау. Курсты оқу барысында докторанттардың келесі қабілеттерін қалыптастыру:Сompare/contrast, cause/effect, argument, synthesis, documented эссе түрлерін жазу және жоспарлау;зерттеу жұмысын жазу барысында жоспарды шетел тілінде жан-жақты жазу; Зерттеу жұмысындағы ғылыми әдебиеттерді шетел тілінде өңдей алу;Зерттеу жұмысындағы жазбаларды шетел тілінде конспектілеу және ұйымдастыру;Академиялық тіл мен тонды дұрыс қолдану;Пайдаланылған әдебиеттерге MLA,APA форматында дәйексөз келтіру және сілтеме жасау;Дәйексөз келтіру барысында плагиатты болдырмау

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Оқу-әдістемелік құжаттар мен оқулықтарды өңдеудің технологиясы мен әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - оқулықтарды, оқу- әдістемелік әдебиеттерді дайындау теориясы негізінде докторанттардың оқу- әдістемелік әдебиеттерді дайындау және жобалау қабілеттіліктерін дамыту. Пәндерді игеру нәтижесінде докторант: - оқулықтар, оқу құралдары,оқу-әдістемелік кешендердің мәні мен спецификасын анықтау; - оқулықтармен оқу-әдістемелік құжаттарды дайындаудың әдіснамалық,теориялық мәселелерін түсіндіру; -Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде оқу-әдістемелік құжаттарды дайындаудың қазіргі зерттелу жағдайына, сонымен қатар ОӘК қолданудың ерекшеліктеріне талдау жасау; - Блум, Андерсон таксономиясы бойынша күтілетін нәтижелерді, оқулықтар мен ОӘК жобалау диагностикасының өлшемдерін анықтау; - ЖОО оқулықтарды және оқу әдістемелік құжаттарды дайындау және пайдалануда қазіргі ақпараттық және коммуникативтік технологияларды қолдану; -оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттердің фрагменттерін жобалау; -оқу-әдістемелік құжаттарды құрастырудың әдістемесі мен технологияларын сипаттау; -әлемдік білім кеңістігіндегі жоғары білім беру жүйесінде болып жатқан үдерістер туралы үнемі өзгеріп отыратын ақпараттарды талдау және оларды өзінің оқытушылық қызметін ұйымдастыру және оның нәтижелілігін арттыру үшін кеңінен қолдану. Пәнді оқытуда келесі аспектілер қарастырылады: - жоғары кәсіби және орта білім беру жүйелеріне арналған оқу-әдістемелік кешендердің (ОӘК) сапасын жетілдірудің мониторингі; - оқулықтар, соның ішінде электронды оқулықтарды құрастырудың теориясы мен практикасы; - оқулықтарды (электронды оқулықтар) құрастырудың нормативтік-заңнамалық базасы; -қабылдау, ойлау, елестету,ес және т.б. танымдық психикалық үдерістерді есепке ала отырып,оқулықтар мен ОӘК дайындаудың спецификасы; - оқушылардың психофизиологиялық тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып,оқулықтар мен ОӘҚ дайындау спецификасы; - жоғары оқу орындарындағы оқулықтар мен оқу-әдістемелік құжаттарды дайындау мен пайдаланудың қазіргі ақпараттық технологиялары мен коммуникативтік технологиялары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеудің әдістері
    Несиелер: 3

    Мақсаты – білім зерттеу жүргізу қабілетін, дизайн зерттеулері, талдау, әдістерді қолдану жобалаудың дамыту. Педагогикалық зерттеулерге отандық және шетелдік көзқарастары. Білім берудегі зерттеулерді жоспарлау және жобалау. Зерттеу этикасы. Зерттеуді бағалау критерийлері: шыңайылық, нәтижелердің дұрыстығы; сенімділік, валидтік. Тарихи, деректі зерттеу әдістері, мәдениаралық, лонгитюдтік, эксперименталдық зерттеулер, кейс-стади (тақырыптық), сауалнама, сұхбат, интернет-сауалнама, деректерді талдау, статистикалық талдау әдістері

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Педагогикалық квалиметрия және білім беру сапасын басқару
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – заманауи басқару парадигмасы ретінде педагогикалық квалиметрия, білім беру сапасын басқарудың тереңдетілген білімдері негізінде білім беру жүйесінің сапасын бағалау, талдау қабілеттіліктерін қалыптастыру . Пәндерді игеру нәтижесінде докторант: - кәсіби қызметте және зерттеу жұмыстарында квалиметрия құралдарын таңдау; -білім беруді басқару сапасының негізгі ұғымдарын түсіндіре алуы және талдау; басқару саласындағы білім беру сапасының негізгі заңдарын білу; -туындаған мәселенің себептерін диагностикалау және талдай алу; - сапа саласындағы басқару шешімдері бойынша нұсқалар ұсыну және ұсыныстарды олардың өлшемдік тиімділігіне және тәуекелдік жағдайларына байланысты бағалауды негіздеуді дайындау және жетілдіру; - білім беру сапасының жағдайларын талдау және бағалау, білім беру жүйелерін сапалы дамытудың болжамдық картасын құрастыру; -білім беру сапасын жақсартудың әдістерін меңгеру және мониторинг жүргізу; - білім беру сапасын басқарудың құралдарын анық емес жағдайларда , білім беру үдерісін оңтайландыру үұстанымдарын айқындауда қолдану; - білім беру мекемелерінің тәрбиелік қызметін сараптамалық бағалау дағдыларын меңгеру; - білім беру саласын тестілеу технологиясын; білім беру саласын тестілеу картасын жобалау. Пәнді оқытуда келесі аспектілер қарастырылады: - педагогикалық квалиметрияның теоретикалық негіздері,сонымен қатар білім беру сапасын талдаудың заманауи және дәстүрлі әдістерінің теориялық негіздері; - білім беру сапасы туралы нормативтік құжаттар ; - білім беру сапасын бағалаудың халықаралық тәжірибесі ; - білім беру сапасын бағалауды басқаруға тиімді мүмкіндік беретін халықаралық стандарттарға сай тексерудің ұлттық жүйесін қалыптастырудағы білім беру саясатының теориялық негіздері; -квалиметриялық тұрғыларды жүзеге асыру ұстанымдары ; -кешенді квалиметриялық бағалауды қолданудың салалары және негізгі бағыттары; - педагогикалық нысандардың сапасын бағалау әдістері, құралдары және технологиялары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Код ON9

    кәсіби қызметтің кең аумағында шығармашылықпен өзін- өзі жүзеге асыру, өзінің мамандығының әлеуметтік маңыздылығын түсіну, кәсіби міндеттерді орындауда жоғары мотивацияларды иелену, өз ісіне және азаматтық кәсіби борышына деген жоғары сезімін, жауапкершілігін дамыту;

  • Код ON12

    ғылым мен білім берудің қоғамдық нормалар мен дәстүрлерге негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтарын түсіну және жариялау, өзінің кәсіби қызметінде оларды ұстануға негізделу; кәсіби этика нормаларын сақтау, құқықтық және этикалық мінез-құлық нормаларын меңгеру,басқа әлем халықтарының дәстүрлері мен мәдениетіне толеранттылық таныту; әртүрлі экономикалық,нәсілдік, этникалық және кәсіби топтар, жасы және өмірлік стилі әртүрлі тұлғалармен өзара байланыста адекватты әдістерді қолдану.

  • Код ON11

    жаңа психологиялық білімдердің, оқыту мен зерттеу әдістерінің жаңа технологияларын жасау, ұсыну және ғылыми білім беру қызметінің инновациялық технологияларын ендіру;

  • Код ON3

    білім беруге басып кіру үшін заманауи психологиялық теорияларды пайдалану, тұлғаның жеке өміріндегі мәселелерді оның рухани, әлеуметтік контексінде байқау, тұлғаның өмірлік мәселелерін және әлеуметтік білім беруді шешуде басып кірудің мүмкіндіктерін бағалау;

  • Код ON8

    квалиметриялық бағалауды қолдануды жоспарлау және квалиметриялық құзыреттіліктерді меңгеру; өзінің қызметтік жұмысы аясында басқару функцияларын кәсіби деңгейде жүзеге асыру және кәсіби мәселелерді білім беру ұйымдарының мүддесіне сәйкес шешу, басқарушылық - аналитикалық құзыреттіліктерді меңгеру;

  • Код ON1

    Тұжырымдамалық түрде ойлай алу, педагогика мен психологияның өзекті бағыттары бойынша жаңа ғылыми жобалардың мазмұны мен құрылымын дайындау; зерттеудің әдіснамалық аппаратын жобалау, зерттеу міндеттерін жүзеге асыру үшін талданатын ғылымның әдістерін таңдау және қолдану, әдіснамалық эксперименттің әдіснамасын меңгеру, терең және жүелі талдау негізінде әртүрлі құбылыстарды болжамдай алу мен сипаттаудың моделін жобалау, оларға сапалық және сандық талдау жасау.

  • Код ON4

    өзінің психологиялық-педагогикалық кәсіби қызметін бағдарламау және жобалау, білім берудегі психологиялық ұйымдардың қызметін сараптамалық бағалау; жоспар құру, оның нәтижелерін көре білу;орындалатын кәсіби педагогикалық әрекеттердің түсіну және негіздеу, ғылыми педагогикалық білімдерді жаңа жағдайларға көшіру;

  • Код ON2

    мектепке және жоо арналған білім беру бағдарламаларын, оқулықтар мен білім беру құжаттарын, білім беру мазмұнын тұтастықта жобалау және сараптамалық бағалау , Қазақстандағы орта және жоғары білім беруді реформалаудың кейбір мәселелерін бағалау , орта және жоғары білім беруді тереңдетіп реформалау бойынша өзінің ұсыныстарын беру;

  • Код ON7

    білім беру жүйесінің қызметін тиімді қамтамасыз етуге бағытталған шешімдерді жобалау, білім беру сапасын арттыру, білім беру аймағында тетілеу технологиясын және білім беру аймағында тестілеу картасын жобалау;

  • Код ON5

    қоғамның әлеуметтік маңызды мәселелерін білім беру үдерісімен өзара байланыста ғылыми тұрғыда талдау, маңызды тұжырымдар мен жинақтауларды жасау, академиялық жазу дағдыларын меңгеру, ғылыми зерттеу әдістерін талдау, салыстырмалы- педагогикалық құзыреттіліктерді меңгеру;

  • Код ON10

    психологиялық- педагогикалық ақпараттарды сыни талдау, жинақтау және жүйелеу, зерттеу мақсаттарын қоя білу және оларға жетудің оңтайлы жолдары мен әдістерін таңдау;

  • Код ON6

    әлем елдерінде білім беруді тарихи және салыстырмалы талдау негізінде салыстырмалы білім берудің, соның ішінде білім беру саясатының өзекті мәселелерін өзекті мәселелерін құрастыру мен талдау және олардың шешімін табуда ғылыми ұсыныстар беру;

8D01101 Педагогика және психология
Докторантура

Қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университеті

БББТ: D001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
8D01101 Педагогика және психология
Докторантура

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

БББТ: D001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
8D01101 Педагогика және психология
Докторантура

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

БББТ: D001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
8D01101 Педагогика және психология
Докторантура

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

БББТ: D001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
8D01101 Педагогика және психология
Докторантура

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: D001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
8D01101 Педагогика және психология (Білім берудегі менеджмент)
Докторантура

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: D001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
8D01101 Педагогика және психология
Докторантура

Торайгыров университеті

БББТ: D001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
8D01101 Педагогика және психология
Докторантура

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

БББТ: D001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
8D01101 Педагогика және психология
Докторантура

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

БББТ: D001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
8D01101 Педагогика және психология
Докторантура

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

БББТ: D001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
8D01101 Педагогика және психология
Докторантура

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

БББТ: D001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
Top