Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01510 География в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

  • Эмоционалды интеллект
    Несиелер: 5

    Эмоционалды интеллект және ұйымдастыру мәдениеті. Эмоционалды интеллекттің топтық көрсеткішітері. Эмоционалды менеджмент. Эмоционалды интеллект және тиімді команда құру. Жеке адамның эмоционалды интеллектін дамыту. Отандық және шет елдік ұйымдарда эмоционалды интеллект енгізудің жүйелі амалдары: жеке адамның мотивациясын орайластыру, топты қалыптастыру тәсілдері, даудамайларды шешу, кері байланыс орнату.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қоғамға қызмет көрсету
    Несиелер: 5

    Пән тұлғаның жеке әлеуметтік жауапкершілігін дамытуға және адамның жеке әлеуетін жандандыруға, ерікті және өтеусіз көмек көрсетуге және өзара көмек көрсетуге, азаматтық қоғамның игілігі үшін кең ауқымды қызмет көрсету, басқа да азаматтық шараларды орындауға үйретуге бағытталған. Пән еріктілер қызметінің маңыздылығын аша отырып, бұл қызметтің Қазақстандағы мәселелері мен даму перспективаларын айқындайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің заманауи экологиялық білімі мен мәдениетін қалыптастырады, өмір қауіпсіздігі үшін техникалық құралдар мен технологиялық процестердің қауіпсіздігін арттыру әдістерін қолдану дағдыларын дамытады Пән әртүрлі деңгейдегі ұйымның экожүйелері қызметінің, тұтастай биосфераның негізгі заңдылықтарын, адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасында туындайтын қайшылықтарды, сондай-ақ табиғат пен экологияға ұқыпты қарау қажеттігін айқындайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Көшбасшылық негіздері және инновацияларға бейімделу
    Несиелер: 5

    Пәнді игеру арқылы әрбір студент жеке тұлға ретінде көшбасшылық қасиеттерін ашу және дамыту, инновациялық үдерістерден туындаған жаңалықтарға бейімделу дағдыларын дамыту, сонымен бірге ғылыми-техникалық үдерістер нәтижелерін кәсіби қызметінде қолдана алу мүмкіндіктеріне үйренеді. Басқарудағы көшбасшылық қасиеттер мен адами фактордың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын оқып біледі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің кәсіпкерлік дағдылары мен іскерлік ойлауын қалыптастыруға бағытталған. Студенттер экономиканың, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру шарттарын, оның ішкі және сыртқы ортасының заңдылықтарымен жан-жақты танысу арқылы бизнес-жоспар, жеке бизнесті құру және өз бизнесін сәтті жүргізу дағдыларына ие болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жалпы жертану
    Несиелер: 6

    Пән географиялық идеяларды қалыптастыру және дамыту үрдістерінің теориялық-методологиялық негіздерін, жердің эволюциясы мен қабығының өзара байланысын, планеталық жүйенің қызметін, «мұхит-атмосфреа-материк» және «мантия –литосфера-атмосфера» планетарлық кіші жүйелерінің қызметін оқытуға бағытталған. Географиялық қабықтың құрылысын, құрамдас бөліктерін, шекарасын, өзіне тән сапалық ерекшеліктерін, қалыптасу кезеңдерін, құрылымы мен кеңістіктік жіктелуін, негізгің заңдылықтарын қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Құқықтық сауаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Курс өз құқықтары мен міндеттерін білетін, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбейтін заңды сауатты, заңға бағынатын адамды қалыптастыруға бағытталған.Құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін заңдық жауапкершілік мәселелерін зерделеу арқылы дараланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Компьютерлік дизайн:карталарды ресімдеу
    Несиелер: 5

    Пән картографиялық туындыларды ресімдеудің ғылыми негіздері, түрлі карталар мен атластарды жобалауда қолданылатын бейнелеу құралдары, олардың қасиеттері, түпнұсқаларды графикалық дайындаудың компьютерлік әдістері жайлы мәліметтер беріледі. Пән техникалық және көркем графиканы қолданудың нақты практикалық әдістерін, географиялық карталарды жаңартудың технологиялық процесі барысында графикалық жұмыстардың автоматтандырылған құралдарын іс жүзінде пайдалана алу дағдыларын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жаратылыстану
    Несиелер: 5

    Ғылыми жаратылыстану мазмұнындағы заманауи ғылыми түсініктерді, Жер туралы негізгі ғылымдарды және олардың жалпы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, танымның ғылыми жаратылыстану әдістері мен оның құрамдас бөліктерін, ғаламдағы табиғаттың заңдардарының бірлігін, ғылыми ашылулар мен техника мен технологиялардың өзара байланыстарын, әлемнің ғылыми бейнесін қалыптастырудағы ұлы ғалымдардың рөлін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Өлкетану
    Несиелер: 6

    Пән шағын аумақтың табиғатын, жеке табиғи кешендердің өзгеру деңгейі мен сипатын, табиғатта жүретін үрдістерді, халқын, халықтың этнографиялық немесе ұлттық ерекшеліктерін, тарихын және мәдениетін, демографиясын, шаруашылығын, топонимикасын зерттеуге бағытталған. Сонымен қатар, табиғи және әлеуметтік құбылыстардың өзара байланысын, аумақ туралы ақпараттар мен деректерді жинау мен жүйелеуді қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Аэроғарыштық географиялық зерттеу әдістері
    Несиелер: 5

    Пән Жерді қашықтықтан зерделеу деректерін алудың негізгі көздерін, өңдеу принциптері мен әдістерін зерттеуге бағытталған. Курста жердің табиғи ресурстарын зерттеу үшін Жерді қашықтықтан зерделеудің қазіргі заманғы әдістерінің сипаттамасы, қоршаған орта мониторингін жүзеге асыру, төтенше жағдайлар аймақтарының мониторингі қарастырылады. Сонымен қатар, қашықтықтан зерделеу деректерін алуда, өңдеуде және түсіндіруде кәсіби дағдыларды қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Гидрология
    Несиелер: 5

    Пән су нысандарының жалпы жағдайын, су ресурстары қорларының таралуы мен бөлінуін, адамның шаруашылық әрекетінің олардың режимі мен сапасына тигізетін антропогендік әсерін оқытады. Сондай-ақ, суағарлар мен су қоймаларының негізгі гидрологиялық сипаттамаларын, өлшеу және анықтау тәсілдері мен техникалық құралдары, су шаруашылығы жүйелерін жобалау мен пайдалану кезінде гидрологиялық әдістерді қолдануды қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Оқушылардың жас ерекшелік физиологиясы
    Несиелер: 5

    «Оқушылардың жас ерекшелік физиологиясы» курсы әр түрлі жас кезеңдеріндегі адам ағзасының мүшелері мен мүшелер жүйесінің қызметін, организмнің даму динамикасы мен механизмдерін, ерекшеліктерін зерттейді. Курсты меңгеру барысында студенттің алған білімдері болашақ мамандардың ғылыми ой-өрісін кеңейтуге, педагогикалық іс-әрекетке дайындығының теориялық және тәжірбиелік білімдерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Жалпы геология және геоморфология
    Несиелер: 6

    Пән Жер қыртысының құрамын, оның ішкі қабықтарын, тау жыныстарын және оларды түзетін минералдарды, геологиялық қималар мен геологиялық карталарды оқу тәсілдерін меңгертеді. Сонымен қатар, геоморфология негіздері, жер қабатының құрылысы, морфоқұрылымдар мен морфоскульптуралардың жіктелуі, жер беті рельефінің сыртқы келбеті және құрылымдық формаларының өлшемі қазіргі заманғы рельефтің қалыптасуы мен даму мәселелері қарастырылған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Топырақ географиясы
    Несиелер: 6

    Пән топырақтың құрылысы, құрамы мен қасиеттері, топырақ түзілуі мен қалыптасу факторлары және даму үрдістерін, географиялық таралу заңдылықтарын, топырақ құнарлылығын бағалау әдістерін, топырақты картографиялауды, топырақты тозудан қорғауды, топырақ құнарлылығын реттеудің негізгі тәсілдерін зерделеуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Тұрғындар географиясы
    Несиелер: 6

    Пән халықтың қалыптасу үрдісін, динамикасы мен санын, құрылымын, ұдайы өсудің типтерін, миграциясын, қоғамның аумақтық ұйымдасуын қоршаған ортамен қарым-қатынасын, еңбек ресурстары географиясын, әлеуметтік құрамы мен білім деңгейлерін, қоныстану формаларын, қазіргі демографиялық мәселелер және оларды шешу жолдарын қарастырады. Сонымен қатар, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және жаңа өндірістік - аумақтық кешендерді қалыптастыру теориялары қарастырылған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің болашақ педагог мамандығына қызығушылықтарын дамытуға және кейін өзін-өзі жетілдіру мақсатында кәсіби өз бетінше білім алуға ынталандыруға бағытталған. Курс студенттердің педагогикалық үдерісті жоспарлау, болжау, ұйымдастыру, басқару және талдау дағдыларын дамытуға; орта білімнің жаңартылған мазмұны аясында тәрбиелеу мен оқытудың технологиялары мен әртүрлі әдістемелерін меңгеруге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Топонимика
    Несиелер: 6

    Курста топонимдер мен топонимика туралы ұғымдар мен түсініктер, топонимиканың теориялық негіздері, географиялық атаулардың негізгі топтары, Қазақстан және Орталық Азияның топонимикалық жүйелері, топономикалық жүйелердің қалыптасуына әсер етуші факторлар қарастырылады. Дүние бөліктерінің, Еуропа, Азия, Америка және Аустралия елдерінің топонимиясы, сирек кездесетін топонимдер, географиялық атауларды стандарттау, тарихи атауларды қалпына келтіру мәселелері көрсетіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Дүниежүзінің физикалық географиясы
    Несиелер: 6

    Пән физикалық - географиялық аудандастыруды, табиғи жағдайлар мен табиғи ресурстарды, климаттық аудандастыруды, материктер мен мұхиттардың табиғи-рекреациялық ресурстарын оқытуға бағытталған. Жеке материктер мен мұхиттардың жер бедерінің, климатының, ішкі суларының, топырағының, өсімдіктер жамылғысы мен жануарлар дүниесінің қалыптасуы мен таралу заңдылықтарын, адамның шаруашылық әрекетінен қоршаған ортаның өзгеруіне байланысты қазіргі экологиялық мәселелер мен оларды шешу жолдарын қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Шоқан Уәлихановтың географиялық зерттеулері
    Несиелер: 6

    Курс мазмұнында Шоқан Уәлихановтың Қазақстан мен Орта Азия, оның ішінде Жетісу, Ыстықкөл, Тянь-Шань және Шығыс Түркістан бойынша географиялық зерттеулері, жүріп өткен жерлерін карта-сызбаға түсіруі, ландшафттық бақылаулары, флора мен фаунаны суреттеуі, өзен жүйелері мен көлдердің сипататамасын беру ерекшеліктері оқытады. Шоқанның халықтарды, елдерді және табиғатты географиялық сипаттауы барысында қолданған әдістері, тәсілдері мен стилистикасы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Геоэкономика және елтану негіздері
    Несиелер: 6

    Пән теориялық және қолданбалы геоэкономиканың зерттеу әдістері мен негізгі белгілерін, геоэкономикалық аймақтар мен орталықтарды, дүниежүзінің ғаламдық моделін, елдердің шаруашылық салаларын, Қазақстанның геоэкономикалық мәселелері мен оның сыртқы экономикалық даму бағыттарын оқытады. Сонымен қатар, әлемнің геосаяси кеңістігінің қалыптасу факторларын, демография, сыртқы саясат мәселелерін, экономикалық, саяси және мәдени даму ерекшеліктерін, әлемнің саяси картасындағы өзгерістерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 5

    Инклюзивті білім беру тұжырымдамасы. Шетелде және Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту. Ерекше білім беруді қажет ететін жандар үшін оқу іс-әрекетін ұйымдастыру және жоспарлау. Ерекше білім беруді қажет ететін жандарды психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша жағдай жасау үшін әртүрлі профильдегі мамандар тобында жұмыс істеу дағдылары. Оқу жоспарларын бейімдеу және инклюзивті оқыту жағдайында репетиторлық практиканы ұйымдастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Білім берудегі цифрлық технологиялар
    Несиелер: 5

    Оқу үдерісін ұйымдастыру және әдістемелік материалдарды әзірлеуге арналған цифрлық технологияларды қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған практикалық курс. Курс білім беруді цифрландырудың барлық бағыттарында: білім беру басқармасы мен мекемелерінде компьютерлік бағдарламалар, оқытудың цифрлық технологиясы; АКТ дидактикалық мүмкіндіктері; виртуальды орта және қашықтықтан оқыту технологияларында цифрлық бағдарламалар мен техникалық құралдарды меңгеру дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Ғылыми зерттеулер негіздері
    Несиелер: 5

    Курс болашақ маманның кәсіби қызығушылықтары саласында ғылыми-зерттеу компоненттерін дамытуға бағытталған. Пән студенттердің ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу (таңдалған облысқа сәйкес), ғылыми эксперименттер жасау, зерттеу нәтижелерін академиялық сипатта сауатты рәсімдеу және оларды көпшілік алдында таныстыра білу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Географияны оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Пән қазіргі кезеңдегі әдістемелік ғылымның даму бағыттарын, географияның тәрбие теориясы мен дидактикасымен байланысын, орта және арнайы оқу орындарында географияны оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын пайдалану мәселелерін оқытады. Сонымен қатар, географиялық білімнің мазмұнын, оқытудың мақсатын, әдістері мен, оқытуды ұйымдастыру формаларын, оқыту әдістері мен технологияларын, құралдарын қолдануды үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Сандық картография және ГАЖ
    Несиелер: 7

    Пән картаны педагогикалық, ғылыми және тәжірибелік жұмыстарда дұрыс пайдалану, әр түрлі деректердің негізінде графиктік редакторлардың, геоақпараттық технологиялардың көмегімен тақырыптық картографиялық өнімдерді құру әдістері туралы білімдерді береді. Сонымен қатар, сандық картаға түсіру технологиясы, картографияның теориялық негіздері, ГАЖ міндеттері, атқаратын қызметі, ГАЖ құралдары арқылы картографиялық және шартты белгілі деректер базасын құруын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Критериалды бағалаудың технологиясы
    Несиелер: 5

    Пән технологияны оқу үдерісінде практикалық қолдануды оқытады. Курс білім беру мақсатындағы таксономияның негізінде және білім алушының білім деңгейіне сәйкес оқыту нәтижелерін бағалаудың критерийлері мен формативтік және жиынтық тапсырмаларды әзірлеу дағдыларын қалыптастыра отырып, оқыту нәтижелері мен әдістерінің өзара талаптары мен мақсаттарын үйретеді және бақылаудың рейтингтік жүйесінің тұжырымдамасын ашады

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Инфрақұрылым географиясы
    Несиелер: 7

    Пән қазіргі заманғы көліктік-логистикалық инфрақұрылым, Қазақстан Республикасындағы әртүрлі көлік түрлерінің нысандары туралы түсініктерді, инфрақұрылымдардың географиялық маңызы мен оның аумақтармен өзара іс-қимыл механизмдерін зерттеуге бағытталған. Сондай-ақ көліктің әр түрлі түрлерінің өндірістік-техникалық базасының негізі ретінде көлік инфрақұрылымын дамыту және жетілдіру мәселелері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Академиялық мақсаттағы ағылшын тілі
    Несиелер: 5

    Пән ғылыми стильдің жанрлық түрлері туралы білімді, кәсіби қызмет саласындағы ақпарат пен материалдарды жинау, сақтау және өңдеудің заманауи әдістерін меңгеруді, сондай-ақ сөйлеу қызметінің төрт түрін (оқу, сөйлеу, жазу, тыңдау) академиялық қарым-қатынас жасау мақсатында білігі мен дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Биогеография
    Несиелер: 6

    Пән ғаламшардағы тірі ағзалардың бұрынғы және қазіргі таралу ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған. Курста биогеографияның ғылым ретінде қалыптасуы, биогеографиядағы эволюциялық идеялардың дамуы (дарвин кезеңі), биоценоз, биогеоценоз және экожүйе ұғымдары, құрлықтың тірі жамылғысының құрылымы, аймақтық биомалар, тау биомалары және мұхит мекендеушілерінің әлемі қарастырылады. Сонымен қатар, биогеографиялық аймақтау мәселелері және биологиялық әртүрлілікті сақтау мәселелері қамтылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Ландшафттану
    Несиелер: 5

    Пән ландшафттардың құрылымы мен компоненттерін, кеңістіктік табиғи факторларын, табиғи және антропогендік ландшафттарды, аймақтық табиғат кешендерінің қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, өңірлік және шағын деңгейдегі ландшафтарды қарастырады. Сонымен қатар, жер ландшафтының жекелеген түрлерінің құрылысы мен қызмет етуін және әр түрлі жіктемелігін, жүйелердегі ландшафттар орнын түсінуге, ландшафтты картографиялауды зерделеуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Қолданбалы география
    Несиелер: 5

    Пән қоғам мен табиғаттың өзара іс-қимыл мәселелерін шешуде қолданбалы географияның мүмкіндіктерін, аймақтық қолданбалы географиялық мәселелерді шешу жолдарын, өндіріс пен халықтың аумақтық ұйымдастырылуы, география ғылымының қолданбалы мәселелері, география ғылымының теорияларын практикада пайдалану жолдарын, шаруашылықта географиялық білімді пайдаланудың негіздерін қарастырады. Сонымен қатар, қолданбалы географияның шаруашылық объектілерді орналастырумен, оларды ұтымды пайдаланумен және тұрақты дамуымен байланыстылығы көрсетіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Қазақстанның физикалық географиясы
    Несиелер: 5

    Пән елдің физикалық-географиялық жағдайын және табиғи компоненттерді, табиғи-аумақтық кешендердің ерекшеліктерін, қоршаған орта экологиясының мәселелерін, республиканың жер қойнауын тиімді пайдалануды, табиғат ескерткіштерін қорғауды оқытуға бағытталған. Курс Қазақстанның табиғаты, табиғат жағдайлары мен ресурстары, оның ішкі өзара байланысы мен аумақтық айырмашылықтары туралы терең әрі жүйелі білім негіздерін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Топография геодезия негіздерімен
    Несиелер: 5

    Пән топографиялық картаның элементтерін, бейнелеу әдістерін, жіктелуін, мазмұнын, электронды тахометр мен GPS/Глобус ғарыштық қабылдауыштарының негізінде аумақты картаға түсірудің заманауи технологияларын қарастырады. Сонымен қатар, аумақты жоспарлаудағы геодезия мен картографияның маңызын қарастырады; геодезиялық приборларды пайдаланудың заманауи технологияларын, жер бетіндегі нүктелердің орынын, географиялық және тік бұрышты координаттар жүйелерін, нүктенің биіктігігн анықтау әдістерімен таныстырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Географияны басқару негіздері және тұрақты даму
    Несиелер: 5

    Пән аймақтық шаруашылықты ұйымдастыру және оның маңызды салаларын басқару саласындағы ұйымдастыру-басқару және аналитикалық қызметті, аймақтық басқару аспектілерін, басқаруды ұйымдастырудың мәні мен практикалық маңыздылығын зерттеуге бағытталған. Пәннің мазмұнында аймақтық нарықтар мен саясаттар, өңірлік дамуды реттеу әдістері, Қазақстан аймақтарының негізгі типтері және олардың дамуының негізгі мәселелері, Қазақстан мен өзге елдердегі аймақтық басқарудың қазіргі тенденциялары қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Геосаясат және геоурбанистика
    Несиелер: 5

    Пән геосаясаттың мәнін, мүмкіндіктерін, шекарасын, негізгі түрлерін, ерекшеліктерін, дүниежүзінің геоэкономикалық орны мен жеке елдердің әлеуеттерін, дүниежүзілік шаруашылықтың кеңістіктік құрылымын, геосаясаттың дүние жүзінің жеке елдер мен аймақтарда даму үдерістерін оқытады. Сонымен қатар, қала құрылысы, қалалардың тарихи - географиялық, әлеуметтік, экономикалық - географиялық қалыптасуын, қалаланудың ғаламдық үрдістерін, қоныстану жүйелері мен қала дамуының бағыттары қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Қазақстанның киелі жерлер географиясы
    Несиелер: 6

    Пән Қазақстанның өңірлік және жергілікті маңызы бар бірегей палеомәдени, тарихи және табиғи киелі орындардың шығу тарихын, кеңістіктік таралуын, ерекшеліктерін оқытады. Сонымен қатар, Қазақстанның киелі нысандары, киелі жерлерінің табиғаты, органикалық дүниесі, халқы, шаруашылығы, қазіргі экологиялық мәселелері, тарихының негізгі кезеңдері, мәдениет, әдебиет, өнер, сәулет ескерткіштері, өлкетанулық білімнің теориялық, тәжірибелік, қолданбалы, бөліктерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік географиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мазмұнында экономикалық аудандастыру негізінде қоғамның өндірістік күштерін тиімді аумақтық ұйымдастыру мәселелерін кешенді зерттеу қарастырылады. Пән: біртұтас, әр түрлі және динамикалық өзгеретін әлем туралы географиялық білім жүйесін, табиғаттың, халықтың және шаруашылықтың барлық аумақтық деңгейлердегі өзара байланысын, адамзаттың жаһандық мәселелерін және оларды шешу жолдарын меңгеруге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы
    Несиелер: 5

    Пән адам мен табиғи-ресурстық әлеуетті бағалауды, Қазақстанның экономикалық - географиялық дамуының аймақтық ерекшеліктерін, дүниежүзі елдерімен сыртқы экономикалық байланыстарын оқытуға бағытталған. Сонымен қатар, Қазақстанның табиғи ресурстық әлеуетін, халқын, шаруашылығының құрылымын, өндіргіш күштерді орналастыру қағидаларын, экономикалық-географиялық аудандастыру және оның дамуын болжау, өндіргіш күштерді орналастыру ерекшеліктерін салыстыру және талдау мәселелерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Рекреациялық география
    Несиелер: 5

    Пән терминологиялық аппаратты, негізгі теориялық концепцияларды, әлемнің әр түрлі аймақтарындағы туризмді дамыту бағыттарын, табиғи рекреациялық ресурстарды зерттеуге бағытталған. Ғылымның негізгі теориялық концепцияларын салыстыру және талдау, рекреация және туризм сияқты құбылыстарға байланысты негізгі ұғымдар мен терминдерге шолу, халықаралық туристік байланыстардың мәнін талдау және әлемнің жекелеген елдерінде туризмнің тартылуының негізгі аймақтарын анықтау қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Геоглобалистика және табиғатты пайдалану негіздері
    Несиелер: 5

    Курс ғылым ретіндегі геоглоболистиканың ерекшеліктерін, жалпы ғаламшарлық үрдістер мен құбылыстардың кеңістіктік көрністерін, ғаламдық экологиялық, энергетикалық, шикізаттық, азық-түліктіктік, демографиялық міселелерді, адамзаттың басқада келелі мәселелерінің туу себептерін мен шешу жолдарын, қоғам мен табиғаттың дамуының басқада астарларын, адамзаттың ғаламдық келелі мәселелерін шешудегі халықаралық конвенциялардың маңызын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Геоэкология және табиғатты қорғау
    Несиелер: 5

    Пән Жер жүйесіндегі геосфералардың геоэкологиялық мәселелерін, техногенез нәтижесінде қалыптасатын табиғи-антропогендік және геотехникалық жүйелердің қызметтерін, антропогендік әсердің геоэкологиялық салдары мен оның алдын алу, қоршаған ортаны оңтайландыру шараларын, табиғатты тиімді пайдаланудың географиялық негіздерін, табиғатты пайдаланудың түрлерін, табиғатты пайдалануды басқару тетіктерін, табиғатты пайдалану мәселелерінің туу себептері мен шешу жолдарын қарастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Мұғалімнің кәсіби бағдарлары
    Несиелер: 5

    Пән сабақтың 7 модульге сәйкестігін кешенді бағалауға бағытталған. Ол келесі дағдыларды қалыптастырады: - оқытудың жаңа тәсілдерін қолдану; - сыни ойлау; - оқытуды бағалау; - дарынды және талантты балаларды оқыту; - білім беру ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдану; - оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу қызметін модельдеу; - білім берудегі басқару және көшбасшылық.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Аналитикалық география
    Несиелер: 5

    Пән географиялық сараптама мен болжауды қалыптастыру мен қолданудың теориялық аспектілерін, олардың мазмұнын, құрылымы мен әдістемелік базасын; табиғи және әлеуметтік-экономикалық жүйелердің даму заңдылықтарын, табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен оларды қайта құру, ортаның жай-күйін диагностикалау, оның перспективалық дамуын бағалау және анықтау, сараптама және болжау әдістерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON1

    Инновациялық және волонтерлік қызметке дайын, жаһандық проблемаларға бей-жай қарамайтын және икемді дағдылары бар (Soft skills), ұлттық рухта тәрбиеленген іскерлік және құқықтық мәдениетті түсінеді.

  • Код ON4

    География ғылымының негіздерін меңгерген, табиғат пен қоғам арасындағы себеп - салдарлық байланыстарды орнатуға (анықтауға) қабілеттіліктерді игерген.

  • Код ON2

    Білім алушылардың жас кезеңдері мен психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, жаңартылған бағдарламаға сәйкес педагогикалық процессті жүзеге асыра алатын, негізгі білім мен құзыреттіліктерді сандық білім беру технологияларымен үйлестіріп қолдану дағдыларын меңгерген.

  • Код ON5

    Кәсіби салада географиялық ғылыми білімнің бірегей ерекшеліктерін /аумақтық және кеністік-уақыттық/ физикалық-географиялық, әлеуметтік-экономикалық және саяси проблемаларды шеше алатын; картографиялық, өлкетанушылық және пәнаралық ұғымдар мен заңдылықтарды қолданудын жолдарын меңгерген .

  • Код ON9

    Жаңартылған бағдарлама мазмұны жағдайында географияның теориялық және қолданбалы негіздерін ескере отырып, білім беру үрдісін жобаларын құрастыра білетін.

  • Код ON3

    Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын, география ғылым саласында зерттеу нәтижелері мен академиялық жазбаны ендіре алатын, шетел тілінде ғылыми нәтижелерді көрсететін әдістерді меңгерген.

  • Код ON6

    Геоэкологиялық және геоэкономикалық құбылыстарды мониторингілеу және болжау үшін қашықтан зерделеудің инновациялық әдістерін және геоақпаратттық жүйе технологияларын меңгерген.

  • Код ON10

    Жаратылыстану ғылымдары жүйесіндегі географияның рөлін анықтай отырып, география ғылымының қазіргі жағдайы мен оның негізгі бағыттарына баға бере алатын.

  • Код ON8

    Педагогикалық іс-әрекет нәтижелерін бағалау және талдау қабілеттіліктерге ие, географияны оқытудын тәсілдері мен әдістерін меңгерген.

  • Код ON7

    Аймақтық және жергілікті физикалық - географиялық, әлеуметтік - экономикалық және саяси үрдістердін даму тенденцияларын жаһандық деңгейде талдай алатын.

  • Код ON11

    Кәсіби идеяларды іске асыру үшін географиялық әзірлемелер мен жобаларды жоспарлап, өңдеп, басқару іс-әрекеттерін оңтайлы қолдана алатын.

6B01510 География-тарих
Бакалавриат

Қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университеті

БББТ: B014 География мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01510 6B01510-География
Бакалавриат

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ Е.А.Бөкетов)

БББТ: B014 География мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01510 География
Бакалавриат

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

БББТ: B014 География мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01510 География-Тарих
Бакалавриат

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: B014 География мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский
6B01510 География
Бакалавриат

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: B014 География мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01510 География және тарих пәнінің мұғалімі
Бакалавриат

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

БББТ: B014 География мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01510 География-Тарих
Бакалавриат

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

БББТ: B014 География мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
Top