Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

  • Шетел тілі (кәсіби)
    Несиелер: 4

    Курс шет тілін практикалық меңгеруді қамтамасыз етуге, шетелдік білім беру процесінде тілдік емес мамандықтар магистранттарының мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілігін Базалық Стандарт (С1) деңгейінде қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазіргі пунктуацияның прагматикалық әлеуеті
    Несиелер: 5

    Тыныс белгiлерiнiң түрлерi мен қызметтерiн, жазба тіл мен ауызша тіл жүйесіндегі пунктуациялық ерекшеліктер, пунктуациялық норма мәселесі, сөйленімді коммуникативтік-мазмұндық ұйымдастырудағы пунктуацияның қызметі қарастырылады. Білім алушы тыныс белгілерінің функционалдық- прагматикалық сипатын, сөйлемнің соңғы позициясындағы ажыратушы белгілерін, көп тараған функционалдық белгілер мен метаграфикалық белгілерді меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 4

    Курс ғылымның пайда болуы мен қалыптасуын, көзқарастық негіздерін, ғылымның қызметтерін қарастырады. Ғылым дамуының бейклассикалық, постбейклассикалық кезеңдерінің және постпозитивистік, постклассикалық емес кезеңдерінің негізгі концепциялары мен бағыттарының ерекшелеліктерін меңгеру барысында дүниенің ғылыми бейнесі жайлы тұжырым қалыптасады және ғылыми білімнің құрылымы мен деңгейлері, ғылымның идеалдары мен нормалары негізінде ғылымның философиялық негіздемелеріне жете мән беріліп, ғылыми дәстүрлер, ғылымның мамандық ретінде қалыптасуы мәселесіне толық талдау жасалады. Мақсат - ғылымның аксиологиялық аспектілері негізінде қазіргі заманғы жаһандық өркениет мәселелерді шешудегі ғылымның атқаратын рөлін анықтау. Міндет - жаратылыстану және техникалық ғылымдардың тарихы мен философиясын; әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың тарихы мен философиясын жан-жақты қарастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әдебиеттанудағы пәнаралық зерттеулер
    Несиелер: 5

    Пәнаралық зерттеулер аясында көркем шығармашылықты саралап, әдебиеттанудың басқа ғылымдармен интеграциясы мәселесін қарастырады. Магистранттар көркем шығармашылықты зерттеуде жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар тәсілдерін қолдану принциптері мен ерекшеліктерін кешенді және пәнаралық тәсілдер арқылы пайымдай алады. Зерттеу әдістемесіне қатысты жаңа идеяларды синтездеуде сандық технологияларды байланыстыра өз көзқарастарын дәлелді түрде ұсына алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Интермәтінділік теориясы
    Несиелер: 5

    Интермәтінділік теориясы бір мәтіннің екінші мәтінде сөзбе-сөз қолданылуын, дәйексөзді, метамәтінділікті, өзі түсінік беретін мәтін мен сол мәтінге берілетін түсініктемені біріктіретін трансмәтіндік байланысты, мәтін мен шындық арасындағы мәтіндік инстанцияларды қарастырады. Сондай-ақ магистранттар мәтіннің өзінің архимәтінімен қатынасын, гипермәтінділікті түсініп, интермәтінділіктің түрлерін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Фольклор және әдеби конвергенциялар
    Несиелер: 5

    Әдебиет пен фольклордың онтологиялық өзара қарым-қатынас заңдылықтары, қазіргі кезеңдегі әдебиет пен фольклордың даму тенденциялары жүйелі сипатталады. Магистранттар фольклор мен әдебиеттің конвергенциясы процестерін түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін саралап, қазіргі әдебиеттегі фольклорлық сарынның бейнелену ерекшеліктеріне, поэтикасына теориялық талдау жасай алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеулердің методологиясы мен технологиясы
    Несиелер: 5

    Ғылыми мақаланы жазу процесінде филологиялық және пәнаралық білімді синтездеу және трансформациялауды, әлем әдебиетінің өзекті сұрақтары бойынша ғылыми мақаланы құру үрдісін жоспарлау және іске асыруды меңгертеді. Ғылыми зерттеулердің мақсаттары мен міндеттерін қалыптастырып, олардың шешімін табуға және ғылыми жарияланымда көрсетуге, фактілерді жинау, өңдеу, талдау, филологиялық және ғылыми-техникалық ақпаратты жинақтауды үйретеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Академиялық қазақ (латын) жазуы
    Несиелер: 5

    Пән тілді академиялық деңгейде ауызша және жазбаша түрде байланыстыру саласында зерттеудің және практикалық жұмыстың негізгі әдістерін қолдануға бағытталған. Тілімізді кәсіптік деңгейде тереңдетіп зерттеу, филологиялық және күнделікті пәндер бойынша әдеби тілде және ауызша сөйлеу дағдысын еркін меңгертіп, сондай-ақ, шет елдік зерттеушінің, аудармашы мен референттің жұмысын белсенді сөздік қорын қолдану арқылы қалыптастыра алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Теориялық және қолданбалы лексикография
    Несиелер: 5

    Теориялық және қолданбалы лексикография пәні қазіргі қазақ лексикографиясының теориясы мен практикасы дамуының негізгі бағыттары туралы қарастырады. Лексикография теориясын, сөздіктің макро және микро құрылымын, стильдік белгілер, компьютерлік лексикография және корпустық лексикографияны, терминология және терминологиялық сөздік, этнографизмдер және көне сөздерді жүйелі түрде меңгере алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әдебиеттану және мәдениетаралық қарым-қатынас
    Несиелер: 5

    Бұл пән әдеби шығармашылықтың даму кезеңдерінен және әлем әдебиеті мысалында көркем шығармашылықтың даму тарихын жүйелей келе, идеялық-көркемдік ұстанымдардың кезеңдік ерекшеліктерінен түсінік береді. Салыстырмалы-тарихи әдістің қолданылу ерекшелігін, компаративистиканың негізгі терминдерін, ұғымдарын, мәселелерін игереді. Әдеби байланыстың формаларын оқуда компаративтік зерттеу әдісін қолдана отырып талдау жасай алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Көркем әдебиеттегі ұлттық таным
    Несиелер: 5

    Бұл пәнде бүгінгі уақыт талаптарына сай ұлттық танымдық негізде сараланған қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері оқытылады. Магистранттар ұлт руханиятына үлес қосқан ақын-жазушылардың шығармаларындағы ғылыми-танымдық, көркемдік ерекшеліктермен қоса, рухани мәдени құндылықтар, ұлттық идея, ұлттық болмысты қазіргі көзқараспен толыққанды меңгере алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жоғары мектептің педагогикасы
    Несиелер: 4

    Жоғары мектептің педагогикасының теориялық-әдіснамалық негіздері. Педагогикалық қызметтің мазмұны мен құрылымы. Жоғары мектептің педагогының кәсіби құзыреттілігі және коммуникативтік білімі. Жоғары мектептегі оқыту теориясы. Жоғары мектептегі оқытудың дидактикалық негіздері. ЖОО-да оқу үдерісін ұйымдастыру. Кәсіптік білім берудегі инновациялық үрдістер. ЖОО жүйесіндегі білім беру үрдісін басқару менеджменті. ЖОО-дағы тәрбие жұмысы. ЖОО-дағы заманауи педагогикалық технологиялар.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 4

    Курста басқарудың ғылыми-әдістемелік негіздері және басқару психологиясы, басқарудың психологиялық теориялары қарастырылады. Басқару психологиясының жалпы теориялық мәселелері, менеджердің тұлғалық ерекшеліктері, кәсіби іс-әрекеті, қызметтері жалпы басқарушылық қарым-қатынас психологиясы. жан-жақты талданады. Мақсат – басқару үдерісіндегі басқару субъектісінің, объектісінің мінез-құлық стратегиясы арқылы тұлғаның кәсіби деформациясының алдын алу технологияларын игеру. Міндет - ұйымның кадрлық саясатын психологиялық қолдау; басқару міндеттерінің психологиялық ерекшеліктерін анықтау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Тіл және мәдениетаралық коммуникация
    Несиелер: 5

    Тіл және мәдениетаралық коммуникация лингвистика, мәдениеттану, коммуникативистика және лингводидактика тоғысында орналасқан қарқынды дамып отырған және қоғаммен талап етілген теоретикалық және қолданбалы ғылыми бағыт болып табылады. Этникалық мәдениеттің жергілікті мәдени бөлігінде және жаһандық халықаралық кроссмәдени коммуникациядағы кеңістік пен уақыт аспектілердегі түсініктердің қалыптасуына ықпал ету мәселелері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Желілік әдебиеттің теориялық аспектісі
    Несиелер: 5

    Бұл пән көркем шығармаларды оқырманға жылдам таратудың бір тәсіліне айналып кеткен желілік әдебиеттің теориялық аспектісін, қазіргі қазақ желілік әдебиетінің өзіндік ерекшелігімен қоса, оны кеңейту мәселесін қарастырады. Магистранттар ғаламтор арқылы насихатталған қазақ әдебиетінің электронды мәтіндердің қолжетімділігін, желілік әдеби процесc тарихын жүйелі түсінеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Коммуникативтік кеңістіктегі лингвоэкология
    Несиелер: 5

    Эколингвистика немесе тіл экологиясы лингвистиканың философиялық, психологиялық, әлеуметтік бағыттарында қалыптасқан тіл білімінің жаңа әрі болашағы зор ғылыми бағыттарының бірі. Этнолингвистика экология мен лингвистиканы біріктірген ғылыми бағыт ретінде тілдер арасындағы қарым қатынасты, адам мен қоршаған ортаның ықпалын оқытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Әлеуметтік лингвистика
    Несиелер: 5

    Бұл пән тілдің құрылымдық, функционалдық жүйесінің кешенді үлгілерін, оның әлеуметтік табиғатын, әлеуметтану, әлеуметтік психология және этнографиямен қатар дамитын жалпы тіл білімін қарастырады. Магистранттар әлеуметтану мен лингвистика ғылымдарының сабақтастығына негізделген тіл білімінің жаңа ағымдарын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Әдебиетті оқытудың инновациялық технологиялары
    Несиелер: 5

    ЖОО-да әдебиетті оқытуға қажетті әдістемелік, теориялық, тәжірибелік ұғым-түсініктерді тереңнен меңгерте отырып, заманауи технологияларды, оқыту әдіс-тәсілдерін қолдана алады. Оқу үдерісінде бағдарлама мазмұнын жасауға қажетті материалдарды білу, әдебиетті оқытудың озық педагогикалық тәжірибелері мен жаңаша әдістерді тәжірибе жүзінде қолдануды қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Тілдік тұлға акмеологиясы
    Несиелер: 6

    Бұл пән қазіргі заманғы қоғамның тұлғалық кемелденген жəне жедел өзгеретін əлеуметтік əлемнің жағымсыз жағдайларына төтеп беруге қабілетті, құзыретті мамандарға, жоғары білікті кəсіпқойларға деген қажеттілік негізінде туындады. Пәнді оқу барысында магистрант тұлғасының үдемелі, ілгері дамуына ықпал ететін, жоғары тұлғалық-кəсіби жетістіктерге əсер ететін заңдылықтар, механизмдер, жағдайлар мен факторлар қамтылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Әдеби процесс:ағым-бағыттар теориясы
    Несиелер: 6

    Әлемдік әдеби үдерісте романтизмді теориялық тұрғыда тану оның бағыт ретінде бастау алған кезеңінен бастап, қазіргі күндерге дейін жалғасып келеді. Романтикалық өнер – көркемдік мәдениет тарихындағы ерекше, маңызы айрықша құбылыс. Пән романтизмнің әлемдік мәдениет тарихындағы орны мен маңызын, көркемдік-эстетикалық мәнін, жалпы көркемдік дамудың заңдылықтарын оқытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиетінің поэтикасы
    Несиелер: 6

    Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиетінің артық-кем тұстарын ескере отырып, жаңаша қарастырады. Қазақ әдебиетіндегі жаңа көркемдік айшықтар мен өрнектер мәнін ашу, көркем антропологиялық аспекті мен виртуальдық, мистикалық сарындар сыры сараланады. Қазіргі қазақ әдебиетінің жаңаша поэтикалық бітімін танытатын шығармаларға мифологема тұрғысынан поэтикалық талдау жасауды меңгереді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қазақ тілінің функционалды грамматикасы
    Несиелер: 6

    Пән қазақ тіл білімінің соңғы жылдары дамуындағы тілдік бірліктерді: таңбаны, дыбысты, сөзді, морфемаларды, тіркестерді, сөйлемдерді функционалдық бағытта зерттеу мәселесін қарастырады. Магистранттар структуралық бағытта қарастырылған тіліміздің семантикалық жағымен қоса, қызметін де толық саралай алатын болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қазақ тілін оқытудың инновациялық технологиялары
    Несиелер: 5

    ЖОО-да білім берудің әлемдік жаңа парадигмалық даму жүйесін, тілдерді оқытудың өзекті мәселелерін және тілдерді меңгертудің жаңа танымдық-когнитивтік технологиясын жүзеге асырудың тетіктерін меңгертеді. Тілдерді антрпоөзектік бағытта меңгертудің тіл табиғатын тануда, оның қоғамдық қызметін анықтауда және тілді ұлттың рухани-мәдени байлығы ретінде сана мен тіл тұтастығында меңгерудің жолдарын игертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Нейро және психолингвистика негіздері
    Несиелер: 6

    Əр түрлі сөздердің психологиялық мəндерінің сəйкестік дəрежесін анықтау, кез-келген бірліктердегі қауымдастықтардың қарым-қатынастарының негізгі құрылымын анықтау үшін кез-келген тіл бірлігінің позициясын зерттеу, басқа элементпен топтастыруу психологиялық эксперимент жүргізу, сөз-ынталандырудың абстрактілік дəрежесін жəне оның коннотативті мағынасын жəне психологиялық реакциялар иерархиясының мөлшеріне əсерін анықтау мен психологиялық топтардың санасын білу мәселелерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Әдеби сынның даму тенденциялары
    Несиелер: 6

    Қаламгерлердің болмысын жан-жақты әрі толық ашатын көптеген монографияларды оқу, сыни бағалау, қазақ әдебиетінің даму жолдары мен бағыттарын түсіндіру, қазақ әдебиетінің негізгі тақырыптары мен проблемаларын жан-жақты талдау мәселесі қарастырылады. Сыни түсіндірмелер мен бағалаулардың даму тарихын бағдарлауды, сын мақалалардың стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ажыратуды игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Код ON3

    Қазақ әдебиеттануы мен лингвистикасындағы жаңа бағыттарын, фольклор мен қазіргі әдебиеттегі конвергенцияны игереді.

  • Код ON1

    Қазіргі заманғы ғылым философиясының өзекті мәселелерін меңгереді.

  • Код ON9

    Жоғары мектепте тіл мен әдебиетті оқытудың ұстанымдарын, оқытудың жаңа технологияларын қолдана біледі.

  • Код ON2

    Педагогика және психология ғылымын дамытудың теориялық-әдіснамалық негіздерін, оқыту әдістерін іске қосады.

  • Код ON7

    Мәдениетаралық коммуникация контексіндегі қазақ әдебиеті және лингвистиканың тенденциясы мен желілік әдебиеттің теориялық аспектісін зерделейді.

  • Код ON4

    Ғылыми зерттеудің әдіснамасы мен технологиясын кәсіби деңгейде пайдаланады.

  • Код ON5

    Әлемдік филология үдерісін зерттеудің эмпирикалық әдістерін теориялық тұрғыдан танып, мәтіннің әдеби және лингвистикалық аспектілеріне талдауды жүзеге асырады.

  • Код ON6

    Қазіргі тіл білімі мен әдебиеттанудағы пәнаралық зерттеулер аясында көркем шығармашылықты зерттеу қабілеті қалыптасады.

  • Код ON8

    Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиетінің жаңа көркемдік айшықтары мен қазіргі тіл біліміндегі нейро және психолингвистика негіздерінің мәнін жаңаша қарастырады.

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (Бейінді)
Магистратура

«Bolashaq» академиясы (Болашақ)

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701701 7M01701701-Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ Е.А.Бөкетов)

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (н/п)
Магистратура

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Орталық- Қазақстан Академиясы

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті педагогін даярлау
Магистратура

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Торайгыров университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Қайнар академиясы

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (1 жыл)
Магистратура

«Тұран-Астана» университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Шымкент университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтерін даярлау
Магистратура

"Сырдария" университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Магистратура

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті бейіндік
Магистратура

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Магистратура

Сулейман Демирел атындағы университет

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Магистратура

Қызылорда "Болашақ" университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (Ғылыми-педагогикалық бағыт)
Магистратура

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
Top