Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M02301 Филология в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

  • Латын негізді қазақ жазуы және орфографиясы
    Несиелер: 7

    Жаңа графикамен жазылған жазба тіліміздің жүйесін, емле нормаларының ғылыми негізін түсінеді және оны өзгеге түсіндіре алады; жаңа жазуды меңгеру барысында жылдам әрі сауатты жазу және қарқынды оқу дағдысын қалыптастыру қажеттілігі туындайтыны себепті жаңа емлеге сәйкес жазылым және оқылым дағдыларын меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шетел тілі (кәсіби)
    Несиелер: 4

    Пән шетел тіліндегі ғылыми стильдің жанрлық түрлері туралы білімді, кәсіби қызмет саласындағы ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеудің заманауи әдістерін меңгеруді, сондай-ақ сөйлеу әрекетінің төрт түрін (оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым) кәсіби деңгейде қарым-қатынас жасау мақсатында білігі мен дағдыларын қалыптастырады.Пән шетел тіліндегі ғылыми стильдің жанрлық түрлері туралы білімді, кәсіби қызмет саласындағы ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеудің заманауи әдістерін меңгеруді, сондай-ақ сөйлеу әрекетінің төрт түрін (оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым) кәсіби деңгейде қарым-қатынас жасау мақсатында білігі мен дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазіргі әдебиеттегі көркемдік ізденістер
    Несиелер: 7

    Әлемдік тарихи-мәдени процестің контекстінде Қазақстан әдебиетін дамытудың ұлттық ерекшеліктері мен заңдарының толық жүйелі түсінігін қалыптастырады. Әлемдік әдебиет және Шығыс әдебиеті мәнмәтінінде Қазақстан әдебиетінің даму заңдылықтарын айқындап, Қазақстанның әдеби даму ерекшеліктерін жүйелі түрде оның тарихи-мәдени даму үдерісімен бірлікте қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 4

    Пән ғылым дамуының негізгі заңдылықтарын, тарихын, құрылымын, деңгейлерін, ғылыми зерттеудің методологиясын меңгеруге бағытталады. Ғылымның философиялық негіздері мен дүниенің ғылыми бейнесі, жаратылыстану және техникалық, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың тарихы мен философиясы, ғылыми жаңалықтары мен тұжырымдары, ғылымның жаһандық өркениет мәселелерін шешудегі рөлі мен қазіргі ғылымның аксиологиялық аспектілері, зерттеу әдістері туралы білім алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мәтін талдаудың теориясы мен практикасы
    Несиелер: 5

    Қазіргі мәтін концепциясы мен көркем мәтіннің жанрлық ерекшеліктерін теориялық тұрғыдан талдау технологиясын меңгереді. Көркем шығарма мазмұнын тілдік-стильдік, көркемдік, идеялық, сюжеттік-композициялық талдау тәсілдерін және рецептивті эстетиканың өзекті мәселелері мен генезисін, контекстуалды-мәтінаралық талдау технологиясын үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Функционалды стилистиканың теориялық мәселелері
    Несиелер: 5

    Қазақ әдеби тілінің функционалды стильдерін теориялық және практикалық жағынан меңгереді. Тілдік бірліктердің функционалды-стилистикалық табиғатына талдау жасайды. Функционалды стилистиканың теориялық мәселелерін ғылыми танымның қазiргi үрдістері негізінде қарастырады. Пән бойынша жинақтаған білім мазмұнын зерттеу міндеттерін шешуде ғылыми тұжырымдар, креативті шешiмдер ұсынуда қолдануға дағдыланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мәтін талдаудың лингвистикалық аспектілері
    Несиелер: 5

    Тіл мен мәтінтану ғылымдарының байланысы қарастырылады. Мәтінтану ғылымын тілді игерудің жаңа бағыты ретінде меңгереді. Мәтіннің құрылымы мен категорияларын (экспрессивтілік, семиотикалық біртектілік, байланыс, тұтастық, модальділік, темпоральдылық, ақпараттық мазмұн, т.б.) лингвистикалық тұрғыдан талдайды. Мәтіннің түрлері мен стильдік ерекшелігін саралай отырып, мәтіннің когнитивтік, коммуникативтік, прагматикалық, аксиологиялық қызметтерін зерделейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Фольклордың прозалық жанрларының текстологиясы
    Несиелер: 5

    Фольклортану ғылымының теориялық-әдіснамалық мәселелерін, халық ауыз әдебиеті үлгілерінің жанрлық, көркемдік ерекшелігін, текстологиялық зерттеулердің әдіс-тәсілдерін меңгереді. Ежелгі әдеби мұралардың көркемдік табиғаты мен текстологиясын талдай алады. Халық ауыз әдебиетіндегі прозалық жанрлардың даму тарихы туралы білім қорын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақ филологиясы және инновациялық технологиялар
    Несиелер: 6

    Қазақ филологиясын оқыту әдістемесінің әдіснамалық-теориялық негіздерін, даму жолдарын, инновациялық технологияларды, жаңартылған оқу бағдарламасын, оқу-әдістемелік кешен, заманауи сабақ үлгілерін қарастырады. Жоспар түрлерін (ҮОЖ, ҰМЖ, ҚМЖ), жазба жұмыстарды жүргізудің әдістемесін, оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануды, БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын жасау әдістемесін меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жоғары мектептің педагогикасы
    Несиелер: 4

    Жоғары мектеп педагогикасының теориялық-әдіснамалық негіздерін және педагогикалық қызметтің мазмұны мен құрылымын, жоғары мектеп педагогының кәсіби құзыреттілігі және коммуникативтік білімін, жоғары мектептегі оқыту теориясы мен дидактикалық негіздерін, жоғары оқу орны жүйесіндегі білім беру үрдісін басқару менеджментін, заманауи педагогикалық технологияларын меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Алаш әдебиетіндегі ұлттық идея
    Несиелер: 7

    Алаш әдебиетіндегі ұлттық идеяны жан-жақты талдап, кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізу қабілеттерін қалыптастырады. Алаш әдебиеті өкілдерінің шығармашылық мұрасын талдауға және сын тұрғысынан бағалауға дағдыланады. Алаш әдебиетінің теориялық алғышарттарын мен ұлттық идеяның әр кезең әдебиетіндегі көрінісін, алаш әдебиетінің халықтық сипатын меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 4

    Басқарудың ғылыми-әдістемелік негіздері мен психологиялық теорияларының даму сатыларын, менеджердің тұлғалық қасиеттері мен басқару міндеттерінің психологиялық ерекшеліктерін, меншік психологиясын, басқарушының кәсіби іс-әрекеті мен қызметтерін талдауды үйренеді. Ұйымның адам ресурстарын басқару технологиясы мен кадрлық саясатын психологиялық қолдау, ұйымдағы дау-дамайлар психологиясы мен тұлғаның кәсіби деформациясының алдын-алу технологияларын меңгертеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Медиалингвистика
    Несиелер: 7

    Медиа мен лингвистиканың өзара байланысын, медиа ортадағы тілдің қызметін, баспа, аудиовизуалды және желілік медиамен ұсынылған қазіргі заманғы бұқаралық коммуникацияны, публицистикалық стиль түрлерін, медиадискурс теориясын және медиамәтіннің функционалды-прагматикалық әлеуетін, бұқаралық ақпарат құралдарындағы тілдік бірліктердің стильдік табиғатын, қолданылу заңдылықтарын меңгертуді мақсат етеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Әдебиетті жоғары мектепте оқытудың жаңа технологиялары
    Несиелер: 6

    Жоғары оқу орнында әдебиетті оқыту әдістемесінің әдіснамалық-теориялық мәселелерін, даму жолдарын, қазақ әдебиетін оқытудың негізгі ұғымдары мен ұстанымдарын, заманауи әдістерін, оқу мақсаттары мен оқу бағдарламасының бөлімдерін қарастырады. Қазақ әдебиетін жоғары мектепте оқытудың жаңа технологиялары туралы білім қорын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Функционалды грамматика
    Несиелер: 5

    Тіл құрылымы бірліктерінің қазіргі заманғы функцияларын, әртүрлі тілдік деңгейлерге жататын құралдардың бірыңғай жүйесінде осы типтегі грамматиканы зерттеуді, грамматикалық бірліктердің өзара байланысу заңдылықтарын, лексика мен контексті жіктеуді, сөздің мағынасын жеткізуге қызмет ететін тілдік құралдарды талдай алады. Тіл функциясы проблемасының құрылымдық-жүйелік және коммуникативті аспектілерін қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Академиялық жазу тәжірибесі және ғылыми зерттеулер әдіснамасы
    Несиелер: 5

    Академиялық жанрлардың (аннотация, реферат, баяндама, мақала, эссе, аналитикалық шолу, ғылыми оқиға туралы хабарлама, диссертация, тезис, т.б.) әдіснамалық-теориялық негіздері мен жазу тәжірибесі қарастырылады. Пән ғылыми мәтінді аналитикалық өңдеудің негізгі мақсаттарын түсінуге және ғылыми тақырыптағы мәтіндердің стильдік талдау әдістемесін меңгертуге, ғылыми ақпаратты іздеудің әдістерін үйретуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Әдебиеттану және қазіргі АРТ– индустрия
    Несиелер: 7

    ХХ ғасырдың аяғы – XXI ғасыр басындағы тарихи-мәдени үдерістегі қазіргі Арт-индустрияның орнын түсіндіру, терминологиялық және методологиялық аппаратын ұғыну және сипаттау қабілетін қалыптастыру, кітап көрмелерін, авторлық кездесулер мен әдеби тұсаукесерлер ұйымдастыру дағдыларын меңгеруді мақсат етеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Әдеби интеграция типологиясы
    Несиелер: 6

    ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың басына дейінгі аралықтағы әлемдік әрі ұлттық әдебиеттегі негізгі көркемдік әдіс-тәсілдерді, олардың шығу тетігі мен көркемдік, мазмұндық, стильдік ерекшеліктерін талдау арқылы олардың қазіргі кезеңдегі әдебиеттегі өзектілігін сараптауды, жаһандану кезеңіндегі интеграциялық үрдісті ғылыми негіздеуді мақсат етеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Ахметтану
    Несиелер: 6

    Мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ғалым, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, әдебиет зерттеушісі, түркітанушы, ақын, публицист, падагог, аудармашы ретіндегі А.Байтұрсынұлы еңбектерінің маңызы, ғалымның ХХ ғасырдың басында жазған еңбектерінің қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттармен, инновациялық парадигмалармен сабақтастығы, жаңа бағыттардың қазақ тіл білімінде А.Байтұрсынұлы еңбектерінен бастау алатындығы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Дискурс теориясы
    Несиелер: 5

    Дискурсты мәтінмен байланысты құбылыс, адресат пен адресант факторы арасында лингвокогнитивтік-ментальдық құрылым, коммуникативтік әрекет ретінде үйретеді. Ұлттық дискурсқа қатысты тілдік-мәдени феномендер жүйесі қарастырылады. Қазақ халқының өзіне тән мәдениетіне сәйкес тілдік бірліктер ғаламның тілдік бейнесіне берген бағасы ретінде оқытылады. Мәтіндегі фондық лексика, мәдени лакуналарды талдау арқылы дискурс түрлерін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қазақ әдебиетіндегі дискурстың теориялық аспектілері
    Несиелер: 5

    Қазіргі филологиялық ғылымда дискурс пен оның табиғатын ашуға байланысты пікірлер, қазақ әдебиетіндегі дискурстің көркемдік ерекшеліктері және бұл ұғымның қазақ әдебиетінде қолдану ерекшелігі қарастырылады. Көркемдік жүйедегі дискурс поэтикасының амал-тәсілдері қазақ қаламгерлерінің шығармалары арқылы түсіндіріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қазіргі қазақ әдебиетіндегі постмодернизм
    Несиелер: 5

    Қазіргі қазақ прозасында постмодернизмнің көрініс беру ерекшелігін зерттеп, оның отандық әдебиетке ықпалын анықтай алады. Постмодернизмге тән көркемдік категориялар арқылы еліміздің ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысындағы мәдениетінде елеулі орны бар авторлардың прозасына ғылыми-теориялық зерттеулер жасайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Тіл білімінің жаңа бағыттары
    Несиелер: 7

    Филолог мамандарға тіл ғылымы дамуының әр кезеңіндегі теориялар мен зерттеу әдістерінің даму логикасын меңгерту, зерттеу бағыттары мен олардың теориялық ілімдерін, ғылым әлеміне еніп жатқан жаңа бағыт жетістіктерін үйренуге бағыттау болып табылады. Тіл білімінің өзекті мәселелері туралы өз беттерінше ой қорытып, ізденуге жол ашады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Код ON3

    Қазақ тіл білімі мен әдебиеттануда қалыптасқан жаңа салалардың теориялық негіздерін саралайды, қазіргі білім беру парадигмасындағы жаңа бағыттарда алған білімін кәсіби деңгейде дискурстық зерттеулер жүргізу барысында қолданады.

  • Код ON1

    Қазіргі заманғы ғылым философиясының өзекті мәселелерінде бағдарлау және сөйлеу коммуникациясының кәсіби негіздерін іскерлік хат алмасумен жұмыс істеу дағдысын анықтайды.

  • Код ON2

    Педагогика және психология ғылымдарын дамытуың теориялық- әдіснамалық негіздерін, оқыту әдістерін басқару және меңгеру үрдістерін, психологиялық-педагогикалық зерттеулердің мәні мен мазмұнын ұсынады;

  • Код ON5

    Филологиялық ғылымдардың әдіснамалық және философиялық өзекті проблемалары туралы қалыптасқан ғылыми көзқарастар негізінде Тіл – Адам – Мәдениет - Этнос төрттігінің тұтастығын, функционалдық грамматиканың коммуникативтік аспектісін анықтайды.

  • Код ON6

    Кәсіби коммуникацияның түрлі саласындағы тіл тазалығын сақтауға, тіл мәдениетін игеруге, іскери міндеттерді шешуде, ғылыми полемикада сандық технологияларды тиімді пайдаланады.

  • Код ON4

    Тіл заңдылықтары мен әдебиеттанудың өзекті мәселелерін интерпретациялайды, интербелсенді әдіс-тәсілдерді педагогикалық тәжірибеде пайдаланады.

  • Код ON7

    Ғылыми әдебиеттер мен дереккөздерді талдайды және зерттеу нәтижелерін ғылыми басылымдарға жариялайды.

7M02301 Филология (орыс тілі және әдебиеті)
Магистратура

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті

БББТ: M060 Филология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский
7M02301 Филология
Магистратура

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

БББТ: M060 Филология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M02301 Филология: қазақ тілі
Магистратура

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

БББТ: M060 Филология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M02301 Қазақ филологиясы
Магистратура

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

БББТ: M060 Филология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M02301 Филология
Магистратура

Инновациялық Еуразия университеті

БББТ: M060 Филология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M02301 Филология (1)
Магистратура

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: M060 Филология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M02301 Филология
Магистратура

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: M060 Филология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M02301 Филология (1.5)
Магистратура

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: M060 Филология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M02301 Қазақ филологиясы
Магистратура

Торайгыров университеті

БББТ: M060 Филология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M02301 Филология о/б
Магистратура

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: M060 Филология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M02301 Филология
Магистратура

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: M060 Филология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M02301 Филология
Магистратура

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: M060 Филология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M02301 Филология
Магистратура

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

БББТ: M060 Филология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M02301 Филология (қазақ)
Магистратура

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

БББТ: M060 Филология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
Top