Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу в Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты

  • Педагогикалық кәсіпке кіріспе
    Несиелер: 3

    Бұл курс білім алушыға адамзат тарихында педагогикалық кәсіптің пайда болуы мен қалыптасуы жайлы мағлұмат алуына, педагог мамандығының гуманистік сипатын ұғынуға, қоғамдағы маңызы мен кәсіби қасиеттері жайлы білімді игеруіне мүмкіндік береді. Аталған курстан білім алушылар тәрбиешінің қарым-қатынас жасау мәдениетін, өз білімін жетілдіру, шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыра білу дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Балалар психологиясы
    Несиелер: 6

    Бұл курстан білім алушы балалардың дамуы мен өсуінің жалпы заңдылықтарын сипаттай білуді; балалар психикасының онтогенездік даму ерекшеліктерін анықтай алуды; туғаннан 6 жасқа дейінгі баланың даму заңдылықтарын меңгеріп, мемлекеттік стандарт талаптарына сай жұмыс жасау формаларын жүзеге асыруды меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың мәдени дағдыларын қалыптастыру әдістемесі
    Несиелер: 5

    Бұл курста білім алушы курстың теориялық және практикалық маңыздылығын, мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру әдістері мен тәсілдерін меңгереді, мектеп жасына дейінгі балалардың мінез-құлқы мен қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу қабілетін меңгереді. Білім алушы: мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы мен өсуінің жалпы заңдылықтарын талдай білу; салауатты өмір салтына тәрбиелеу; мәдени-гигиеналық дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың физиологиясы
    Несиелер: 3

    Бұл курста студенттер балалардың дамуы мен өсуінің жалпы заңдылықтарын сипаттай алуды; жүйке жүйесінің физиологиялық ерекшеліктерін ғылыми-теориялық тұрғыда ажырата алуды; мектепке дейінгі балалардың даму деңгейлерінің көрсеткіштерін бағалай білуді; балалардың қабілеттерін дамытудың тиімді тәсілдерін шығармашылықпен қолдана білуді меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Педагогикалық психология
    Несиелер: 3

    «Педагогикалық психологиясы» курсы педагогикалық процесс және оқыту тұжырымдамаларына, білім беру психологиясының негізгі бағыттарына, түсініктері мен категорияларына шолу ұсынады. Студенттер оқу іс-әрекетінің құрылымын сыни тұрғыдан бағалауға және талдауға, педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық заңдылықтары мен оқу-тәрбие процесінің әр түрлі кезеңдеріндегі педагогикалық әсерге шағылыстыруды үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мектепке дейінгі педагогика тарихы
    Несиелер: 5

    Аталған курс мектепке дейінгі педагогика ғылымының қалыптасу тарихы мен алғашқы қоғамдағы тәрбиенің ерекшеліктерін сараптауға; өткен ғасырлардағы мектепке дейінгі тәрбие теориясының қалыптасуы мен дамуына сыни көзқарас таныта алуды меңгереді. Шет елдердегі балабақша тәжірибелерінің ерекшеліктерін талдауға және тәрбиеші мамандығының тарихы мен Қазақстандағы балабақшалардың даму тарихын ұғынуға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру әдістемесі
    Несиелер: 5

    Білім алушы ғылыми - зерттеу жұмыстарының, академиялық жазудың негізгі қағидаларын сипаттай алуды; баяндама мен ғылыми мақаланың ерекшелігін анықтай алуды; нақты тұжырымдарды қолдана білуді; ғылыми -зерттеу жұмыстарында қолданылатын әдіс-тәсілдерді сыни талдай алуды; ғылыми мақаланың басқа ғылыми жұмыстардан өзгешелігін салыстыра білуді меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мектепке дейінгі педагогика
    Несиелер: 5

    Білім алушылар мектепке дейінгі педагогика пәнінің мақсаты-міндеттері, әдістері, басқа ғылымдармен байланысын ажырата білуді; мектепке дейінгі оқыту білім беру бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз ететін құжаттарды талдауды; балаларды жасерекшеліктеріне қарай тәрбие түрлерін ажырата алуды, отбасы тәрбиесі және мектепке дейінгі ұйым мен мектеп арасындағы сабақтастық бағыттарын жүзеге асыру тәсілдерін сараптауға дағдыланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Бұл курс педагогикаға ғылым ретінде шолу, оның диалектикалық, қарама-қайшылықты және әдіснамалық ерекшелігін ұсынады. Студенттер дүниетанымды, әлеуметтік және жеке маңызды педагогикалық мәселелерді талдайды, тұтас педагогикалық процестің заңдылықтары мен принциптері туралы сыни тұрғыдан ойластырады. Білім беруді цифрландыру жағдайында педагогика, киберпедагогика, киберкеңістік және кибер әлеуметтендірудегі киберонтологиялық тәсілге ерекше назар аударылатын болады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    "Кәсіпкерлік негіздері" курсы студенттерге кәсіпкерлік қызметті басқару саласындағы теориялық дайындықтың негіздеріне кең шолуды ұсынады. Студенттер кәсіпкерлік тетіктерін талдайды, кәсіби қызметте ұтымды шешімдер қабылдау механизмін сыни бағалайды. Кәсіпкерлік саласындағы жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау әдістерін талдайды. Студенттер осы проблемалық мәселеде жаңа әдіснамалық тәсілдерді қайта қарастырады, кәсіпкерлік объектілері мен субъектілерін жіктейді. Кәсіпкерлікті жоспарлау, қаржыландыру, талдау және бағалау саласында дағдыларды меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Білім берудегі менеджмент
    Несиелер: 4

    Білім жүйесіндегі менеджменттің ғылыми негізін студенттерде қалыптастыру, басқару жүйесі түрлерін игерген теориялық білімін нақты тәжірибелік дағдылармен іске асыра білуі; игерген теориялық және тәжірибелік білімдерінің негізінде білім беруді басқаруды дамытады,басқару жайлы білімді өздігінен жаңартады, басқарудың тәжірибелік ғылыми негізі шығармашылық тұрғыда болуы керектігін түсінеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық іс-әрекетін дамыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    "Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық іс-әрекетін дамыту әдістемесі" пәні бойынша білім алушылар, тәрбиеленушілердің шығармашылық дағдылардын, зерттеу қызметін дамыту бойынша ұйымдастырылған жұмыс әдістерін меңгереді. Балалардың мүдделерін ескере отырып, шағын топтарда жүргізілетін жұмыс түрлерімен танысады. Балаларды шығармашылық қабілеттерін дамытуға, қиялын қалыптастыруға, қоршаған әлемді бейнелі қабылдауға, өз идеяларын, ойларын, сезімдерін көркем жеткізе білуге үйретудің әдістері мен тәсілдерін игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Балаларды бейнелеу шығармашылығына үйретудің әдістемесі
    Несиелер: 5

    Бейнелеу қызметі бойынша оқыту міндеттері және бағдарламаны құру принциптері. Балаларды бейнелеу өнеріне баулудың әдіс-тәсілдерін үйретудің мақсаты, міндеттері. Сурет салуда, кескіндемеде, композицияда, бейнелеу әсерлі құралдарын пайдалану дағдыларымен біліктерін қалыптастыру. Көрнекі құралдар, дидактикалық материалдар жасау, олар сабақ өткізуге үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экологиялық мәдениет
    Несиелер: 5

    Экологиялық мәдениет курсы экологиялық сауаттылық және тіршілік қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес салауатты, қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету үшін экологиялық мәдениеттілікті дамыту жолдарын және тіршілік қауіпсіздігі негіздерін үйренуге бағытталған. Студенттер қоршаған ортаның өзара әрекеттесуін сыни тұрғыдан бағалайды, төтенше жағдайларда қорғанудың әдіс тәсілдерін меңгереді, экологиялық мәдениет дамыту үдерісін белсенді ұйымдастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ойын технологиясы
    Несиелер: 5

    Курста мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті – ойынның мәні ұғындырылады. Балалар ойынының түрлерін, психо-педагогикалық ерекшелігін, педагогикалық мәніне сай жіктеуді пайымдайды. Ойын теориясы негізінде мектепке дейінгі балалардың іс-әрекетін ұйымдастыра алуды, жас ерекшеліктеріне сәйкес ойын түрлерін қолдануды меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ұлы даланың педагогикалық мұралары
    Несиелер: 4

    Курста Ұлы даланың ұлы ағартушылары мен ғалымдарының педагогикалық мұраларына шолу жасалады. Оқу барысында студенттер Ұлы Дала ғалымдарының өмірі мен шығармашылығына талдау жасайды: әл-Фараби, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов. М.Жұмабаев, Ы.Алтынсарин және басқалар Курс студенттерге Қазақстандағы педагогика ғылымының пайда болуы мен дамуы мәселесінде ұлы ғалымдардың еңбектерінің маңыздылығын қайта қарастыруға мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Жаратылыстану негіздері
    Несиелер: 6

    Бұл курстан мектепке дейінгі балалардың ғылыми дүниетанымының алғышарттарын қалыптастыруда тиімді тәсілдерді пайдалануды; үй және жабайы жануарлар, жәндіктер, бауырмен жорғалаушылар санатының өкілдерімен олардың сыртқы түрімен және қозғалу әдістерімен таныстырып, балалардың қарапайым экологиялық білімдерін қалыптастырып және табиғат бұрышындағы жануарлар мен өсімдіктерге күтім жасауға баулудың тиімді әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Адал азамат құндылықтары
    Несиелер: 5

    Студенттердің бойында жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында адал азаматтың құндылықтарын қалыптастырады. Адалдықтың құндылығы мен азаматтық ұстанымды жүйелі білім арқылы меңгереді. Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде адал азаматты қоғам ортасында қалыптастыру мәселелері жүйеленеді. Білім алушылардың ішкі тұлғалық мәдениетін нығайту негіздерінің әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, адамгершілік-этикалық аспектілері талданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қызықты математика
    Несиелер: 6

    Бұл курс білім алушыға балалардың логико-математикалық дамуын жетілдірудің теориялық және әдістемелік негіздерін меңгерту мақсатын көздейді. Балалардың бейнелі және логикалық ойлауын дамытуда қолданылатын әдістерді ажырата алуды; математикаға қызығушылықтарын дамытуға арналған тапсырмаларды саралай білуді; оқытуда қолданылатын тәсілдер мен құралдарды сараптап пайдалануды меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мектепке дейінгі инклюзивті білім беру
    Несиелер: 5

    Мектеп жасына дейінгі балалардың дене және ақыл ой дамуының бұзылуына сипаттама беруді; инклюзивтік білім беру жөніндегі құзіретті кадрларды дайындау мәселерін талдауды; дамуында ақаулары бар балаларды оқыту әдістерін меңгереді. Ерекше қажеттіліктері бар балалардың отбасыларымен жасалатын өзара жұмыс түрлерін жүзеге асырудың жолдарын меңгеріп, балалардың даму динамикасын талдауға машықтанады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Экологиялық тәрбие беру әдістемесі
    Несиелер: 5

    Курста мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің теориялық және практикалық негіздерін меңгеріп, қоршаған ортаның экологиялық мәселелерін сыни тұрғыда талдай білуді меңгереді. Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің мазмұнын, мақсатын, принциптерін негізінде экологиялық сана, мәдениет ұғымдарын сипаттау дағдыларына ие болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру әдістемесі
    Несиелер: 6

    Бұл курстан балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру әдістемесі пәнінің теориялық негіздері жайлы мағлұмат алады.Сан, жиын,шама ұғымдарына талдау жасай алуға мүмкіндік береді. Балаларға геометриялық пішіндерді танып, ататуға үйретудің әдістемесін меңгереді.Уақытты бағдарлау, кеңістікте бағдарлау және өзінің дене бөліктерінің орналасу бағдарын білуге үйрету жолдарын жүзеге асырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мектеп жасына дейінгі балаларды дене жаттығуларына үйрету әдістемесі
    Несиелер: 5

    Мектеп жасына дейінгі балаларды дене жаттығуларына үйрету әдістемесі пәні, мақсаты, міндеттері. Дене тәрбиесі процесінде оқыту және даму негіздері. Туғаннан жеті жасқа дейінгі балалардың жас ерекшеліктері. Дене тәрбиесі құралдары. Гимнастика, ережелермен қозғалмалы ойындар және спорт, ойындар, жалпы дамыту жаттығулары. Мектепке дейін оқытуда дене тәрбиесін ұйымдастыру түрлері. Дене жаттығуларының жіктелуі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 5

    Аталған курс бойынша мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда денсаулық сақтау технологияларын пайдалануға; мектепке дейінгі балаларға дене тәрбиесін берудің теориялық және әдістемелік жолдарын анықтауды; тәрбиеленушілерінің тұлғалық дамуын жүзеге асыру дағдыларын меңгереді. Мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесін жоспарлау мен есепке алуды жобалап, дене тәрбиесі жұмыстарына әдістемелік басшылық жасауға дағдыланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Бұл курста балалардың сөздерді және сөйлемдерді грамматикалық формада дұрыс байланыстыра алуын сипаттай алуды; олардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда қолданылатын жаңашыл әдістерді саралай білуді; бала тілін дамытуда, ауызекі сөйлеуге үйрету әдістемесіне талдау жасауды; сондай-ақ, мәтіндермен жұмыс жасауда тиімді әдістерді қолдана білуді; сөйлемнің құрылымына сыни талдау жүргізуді меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 4

    Білім алушы тәрбиенің мәнін, оның тұтас педагогикалық үрдістегі орнын жоспарлай алуды; отандық және шетелдік педагогиканың тәрбие теорияларын талдай білуді; тұтастай педагогикалық үрдістегі тәрбиенің заңдылықтарын, ұстанымдары мен әдістерін, тәрбие құралдарын ұтымды қолдана алуды; мектеп жасына дейінгі балалармен, олардың ата-аналарымен қарым-қатынас жасау формалары мен әдістемесін жүзеге асыруды меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қоршаған ортамен таныстыру әдістемесі
    Несиелер: 5

    Қоршаған ортамен таныстыру әдістемесі пәнінің мақсаты, міндеттерімен танысады. Пәнді оқытудың әдістері мен тәсілдерін тиімді қолдану жолдарын меңгереді. Қоршаған ортамен таныстыру әдістемесі пәнінің педагогикалық ғылымдар жүйесіндегі маңызын айқындайды. Табиғаттың адам өміріндегі орны мен мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудың тәрбиелік және білімділік міндеттерін маңызын меңгертуге бағытталған пән болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ (орыс) тілін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Бұл пән студенттерге Қазақстан халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы балалардың белсенді сөздік қорын байытуды, тілдік нормаларды игертуді, мемлекеттік және орыс тілдеріне үйретудің тиімді тәсілдерін меңгертуге бағытталған."Қатынас" білім беру саласы бойынша коммуникативтік біліктер мен дағдыларды дамытуға, балалардың түрлі іс-әрекетінде ауызекі сөйлеуін жетілдіруге, сөздік қорын байытуды табысты меңгертудің әдістемесін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Сауат ашу әдістемесі
    Несиелер: 5

    Бұл курс студенттерге сауат ашу пәнінің теориялық және әдістемелік негіздерін меңгерту мақсатын көздейді. Балалардың "сөз" және "дыбыс" терминдері туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыруда тиімді тәсілдерді пайдалануды; дыбыстардың айтылу және дыбысталу ерекшеліктерін талдап,жазу үдерістерін табысты меңгертудің ережелерімен танысады. Сызбаларды, жиектерді салуға үйретудің әдістемесін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Балалар әдебиеті
    Несиелер: 5

    Бұл курста балалар әдебиетінің дамуы мен қалыптасу тарихынан мәлімет алады. Көрнекті авторлардың поэзиялық, прозалық сипаттағы туындыларына талдау жасауды меңгереді. Осы курс бойынша: ауыз әдебиеті үлгілері, ұлы ағартушы ақын-жазушылар шығармашылығы, демократ ақын-жазушылар, қазіргі кезеңдегі балалар шығармалары тақырыптары қарастырылады. Білім алушылар балалар әдебиеті пәнінің мазмұнына кәсіби рефлексия жасауға дағдыланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Мектепке дейінгі білім берудегі цифрлық технологиялар
    Несиелер: 5

    Заманауи цифрлық технологиялар және оларды мектепке дейінгі білім беруде қолданудың жолдарын меңгереді. Мультимедиялық технологиялар, білім берудегі 3D-технологиялар мен сандық білім беру ресурстарының жіктелуіне сипаттай алады; сапалы цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеуді, мектепке дейінгі білім беру процесінде цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану мен оқыту нәтижелерін және ғылыми-зерттеу жұмыстарын цифрландыруға дағдыланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Педагогикалық шеберлік
    Несиелер: 5

    Бұл курс студенттердің ішкі өзгерістерін сезіну және бекіту тетіктерін, шығармашылық, педагогикалық іс-әрекетке ұмтылуды ұсынады. Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер педагогикалық шеберліктің құрамдас бөліктерін сипаттай алады, педагогикалық техниканы көңіл-күйін, эмоциясын, сөйлеу техникасын, дауыс ырғағын студенттерді тәрбиелеу мен тәрбиелеу саласындағы өзіндік мінез-құлқын талдауды, кәсіби сапасын бағалау меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Заманауи білім беру технологиялары
    Несиелер: 5

    Білім алушы оқыту мен оқудағы жаңа технологияларды сипаттай алуды; тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқуды сыни талдай білуді; оқыту мен оқудағы сандық ресурстарды қолдана білуді; бағалаудың негізгі мақсаттары мен өлшемдерін анықтай алуды; жоспарлау жүйесінің мазмұнын саралай білуді; өзара іс-әрекеттегі жұмыс түрлерін бағалай алуды меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Көркем әдебиетті оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Бұл курстан студенттер балаларды түрлі тақырыптағы көркем шығармалармен таныстырудың әдістемесін меңгереді. Көркем шығармаларды мазмұндауда мазмұнның жүйелілігін сақтай білуге, кейіпкерлердің мінезін сипаттауға үйретудің жолдары мен әдістерін тиімді қолдануға дағдыланады. Көркем әдебиет шығармалары бойынша сахналау дағдыларын қалыптастыруды және шығарма мазмұнын адамгершілік нормалары мен түсініктері тұрғысынан бағалауға үйретудің мүмкіндіктерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Мектепке дейінгі тәрбие жұмысын ұйымдастыру және басқару
    Несиелер: 5

    Білім беру жүйесін басқарудың теориялық негіздері. Мектепке идейінгі ұйымды басқарудың ғылыми негіздері. Басқару іс әрекетінің мазмұны. Мектепке дейінгі ұйымның нормативтік құқықтық іс құжаттары. Жобалау ұғымына ғылыми тұрғыда сипаттама беру. Жобалау іс-әрекетінің мақсаты, міндеттерімен таныстыру. Жобалау іс-әрекетіне даярлығын ұйымдастыру ерекшеліктері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Мектепке дейінгі ұйымдағы заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру әдістемесі
    Несиелер: 5

    Бұл курстан балалардың психо-физиологиялық даму мүмкіндіктерін, заттық-дамытушы ортаны қалыптастырудың әдістемелік мәнін және ерекшелігін түсініп, теориялық білімдерін іске асыра алу тетіктерін меңгереді. Әр жас кезеңінің ерекшеліктеріне сай балалардың дамуы мен тәрбиесіне қажетті заманауи дидактикалық материалдарды, жабдықтар мен мүліктерді қолдана алу машығын меңгереді. Инклюзивтік білім беруге жағдайлар жасауды қамтамасыз етіп, атқарылған жұмысына талдау жасай білуге дағдыланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Мектеп жасына дейінгі балаларды балабақшаға бейімдеу әдістемесі
    Несиелер: 5

    Бұл курс бойынша балалардың мектепке дейінгі ұйым жағдайына бейімделуінің педагогикалық-психологиялық шарттарын анықтайды. Мектеп жасына дейінгі балалар психикасының даму қағидаттарын талдап, жинақтай алуды; білім беру мен тәрбиелеудің инновациялық стратегияларын қолданып, балалардың жетістіктерін бағалай білуді; баланы балабақшаға үйретуде ата-аналармен ізгілік қарым-қатынас орната алу дағдыларын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін қалыптастыру
    Несиелер: 5

    Бұл курстан студент педагогикалық мәдениет ұғымының маңызын, зерттелуі және отбасындағы қарым-қатынастың баланың жеке тұлғасына әсері жайлы мәлімет алады. Ата - аналарға педагогикалық, психологиялық білім берудің маңыздылығын ұғынады; ата-аналармен жүргізілетін жұмыстағы тәрбиешінің негізгі міндеттерімен танысады. Ата-ананың педагогикалық білім дәрежесінің жай-күйін анықтап,кеңес беріп, оларды бала тәрбиесіне ортақтастырудың тиімді тәсілдерін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-таным әрекетін ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Оқу-таным әрекеті және мектепке дейінгі ұйымда ұйымдастыру мәселелері. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту. Балаларды оқыту ұстанымдары. Балабақшадағы дидактика. Балабақшадағы оқытудың психологиялық негіздері. Балабақшада оқытудың педагогикалық мәні. Ересек топ балаларының танымдық белсенділігін дамыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Ерте жас педагогикасы
    Несиелер: 5

    Білім алушы ерте жастағы балалар дамуының психофизиологиялық ерекшеліктерін сипаттай алуды; мектепке дейінгі ұйым және отбасы жағдайында ерте жастағы балаларды дамыту мен тәрбиелеудің заманауи бағыттарының маңызын анықтай алуды; психологиялық-педагогикалық диагностикалаудың түрлерін саралай білуді меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Мектепке дейінгі ерте жаста пәндік-дамытушы орта құру әдістемесі
    Несиелер: 5

    Студенттер балалар денсаулығын қорғау мен нығайтудың мүмкіндіктерін, балалар дамуындағы жетіспеушіліктерді түзету жолдарын, білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды, әртүрлі топтарда заттық ортаны жобалаудың үлгісін, заттық ортаны жобалауды әдістемелік тұрғыда бағдарлау жолдарын меңгереді.Әлеуметтік маңызы бар мәселелерді тереңірек ұғынып, өз беттерінше пайымдаулар жасай алу құзыреттіліктерінің қалыптасуына ықпалын тигізетін тиімді әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдану дағдысын игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Мектеп жасына дейінгі балаларды эксперименттік жұмысқа баулу әдістемесі
    Несиелер: 6

    Білім алушы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық және өнертапқыштыққа қабілеттерін дамытуға бағытталған заманауи технологиялардың түрлерімен танысып, роботты техника құрастыра білуге эксперименттік және шығармашылық қызмет түрлерін іске асыруға машықтанады. Мәселеге сыни көзқарас таныта алуды; нақты шешімдер ұсынуды, өзара қарым-қатынас орната білуді, амал-тәсілдерді шығармашылықпен қолдануға дағдыланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Балабақша мен отбасы арасындағы өзара әрекеттестіктің инновациялық формалары
    Несиелер: 5

    Пән бойынша балабақша мен отбасы арасындағы ынтымақтастықтың инновациялық формаларын меңгереді; педагогикалық ұжымның отбасымен жұмыс істеу әдістерін, ата-аналар жиналысы, ата-аналар дәрісханасының ұйымдастырылуына қойылатын талаптармен танысады. Оқыту семинарлары, балалармен бірлескен жиналыстар, жеке кеңес беру негіздерін үйренеді. Ата-аналарға арналған "Ашық есік" күндері мен балаларды түрлі конкурстарға, жобаларға қатысуға тартуды ұйымдастыра алу қабілеттерін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Баланы мектепке бейімдеу әдістемесі
    Несиелер: 5

    Білім алушылар баланың мектепке психологиялық-педагогикалық тұрғыда бейімделуінің ғылыми-теориялық негіздерін игеріп, балалардың биологиялық, әлеуметтік бейімделуін жүзеге асыруда заманауи әдіс-тәсілдерді қолдана білуге дағдыланады. Балаларды мектеп өмірі мен тәрбие жағдайына бейімдеуде олардың қызығушылықтарын, талаптары мен білім алудағы қиыншылықтарын ескере отырып жүзеге асырып, білім алушылар пәннің мазмұнына кәсіби рефлексия жасау дағдысын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Мектепке дейінгі білім беру менеджменті
    Несиелер: 5

    Бұл курста мектепке дейінгі ұйымды басқарудың ғылыми Бұл курста мектепке дейінгі ұйымды басқарудың ғылыми негіздерін меңгеріп, білім беру жүйесінің даму тенденцияларын, білім саласындағы нормативтік құқықтық актілердің мазмұнын талдай жасауға; мектепке дейінгі ұйымында іс-қағаздар жүргізудің тәсілдерін саралай алуға; кәсіби даму міндеттерін жоспарлап, мектепке дейінгі мекеме жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асыру жолдарын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Пренатальды педагогика
    Несиелер: 5

    Бұл курстан пренатальды кезеңдегі баланы тәрбиелеу мен дамытудың ғылыми-теориялық негіздерін талдай білуді;пренатальды даму кезеңіндегі өзгерістерді сипаттауды; психикалық дамудың шарттары, бастаулары және қозғаушы күштері ұғымдарын саралай алуды; нәрестелік және бөбектік кезендегі баланың анатомиялық және физиологиялық даму ерекшеліктерін талдап, бағалай білуді меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Балабақшадағы STEAM технологиясы
    Несиелер: 6

    Бұл курс болашақ педагог-тәрбиешілер робототехника, модельдеу және дизайн элементтері арқылы мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру практикасына STEM білім беруді енгізудің жолдарын меңгереді. Курстан қашықтағы технологияларды қолдана отырып, шағын жобаларды әзірлеуге дағдыланады. Пән студенттердің мектеп жасына дейінгі балалардың конструктивті қызметі мен техникалық шығармашылық дағдыларын дамытуға қажетті кәсіби дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Код ON4

    мақсатты тілдерде сөйлеуге бейімделген және ұлы ағартушылардың педагогикалық еңбектерінің теориялық негіздерін оқу үдерісінде қолданады;

  • Код ON6

    ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, сандық білім беру ресурстарын белсенді қолданады;

  • Код ON1

    мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу жүйесінің ғылыми-теориялық негіздерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін кәсіби салада қолданады;

  • Код ON2

    "Физикалық", "Коммуникативтік", "Танымдық және зияткерлік", "Шығармашылық және зерттеу іс-әрекетін дамыту", "Әлеуметтік эмоционалды" дағдыларын дамыту бойынша ұйымдастырылған іс-әрекетті жоспарлайды, теориялық және әдістемелік пәндерден игерген білімі мен кәсіби дағдыларын тәжірибеде пайдаланады;

  • Код ON7

    тәрбиеленушілердің физиологиялық жас ерекшеліктерін ескеріп, қарым-қатынаста психология мен педагогиканың теориялық негіздерін қолданып, оқу-тәрбие жұмысын жоспарлайды;

  • Код ON3

    инновациялық оқыту әдістерін меңгерген, инклюзивті білім беруде және диагностикалауда кәсіби шеберлік көрсетеді;

  • Код ON9

    педагогикалық өзара қарым-қатынасты ұйымдастырудың ұстанымдары мен әдістемелері негізінде балалар мен педагогикалық ұжымда ата-аналармен ізгілік қарым-қатынас құрады.

  • Код ON5

    білім беру жүйесінің даму тенденцияларын біледі, Қазақстан Республикасының білім саласындағы нормативтік құжаттармен жұмыс жасайды, кәсіпкерлік тұрғыда теориялық білімді игерген және өз кәсібіне тиімді пайдаланады;

  • Код ON8

    қазіргі әлемдегі экологияның маңызын айқындайды, қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптерін сақтайды және жас ерекшеліктеріне сәйкес әртүрлі ойындарды қолданып, мектепке дейінгі балалардың мәдени дағдыларын қалыптастыру тәсілдерін зерделейді;

6B01201 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту
Бакалавриат

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

БББТ: B002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Бакалавриат

Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты (А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті)

БББТ: B002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Бакалавриат

«Bolashaq» академиясы (Болашақ)

БББТ: B002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Бакалавриат

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті

БББТ: B002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Бакалавриат

"Алматы" Университеті

БББТ: B002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01201 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
Бакалавриат

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

БББТ: B002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Бакалавриат

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

БББТ: B002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Бакалавриат

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: B002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Бакалавриат

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

БББТ: B002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Бакалавриат

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты

БББТ: B002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Бакалавриат

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: B002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01201 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
Бакалавриат

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01201 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту
Бакалавриат

"Сырдария" университеті

БББТ: B002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу: Мектепалды даярлық
Бакалавриат

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: B002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Бакалавриат

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: B002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Бакалавриат

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

БББТ: B002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Бакалавриат

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

БББТ: B002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Бакалавриат

Астана халықаралық университеті

БББТ: B002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01201 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ
Бакалавриат

Silkway Халықаралық университеті

БББТ: B002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Бакалавриат

Қазақстан-Американдық еркін университеті

БББТ: B002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Бакалавриат

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті

БББТ: B002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Бакалавриат

Шымкент университеті

БББТ: B002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01201 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту
Бакалавриат

Сулейман Демирел атындағы университет

БББТ: B002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Бакалавриат

Қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университеті

БББТ: B002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Бакалавриат

Мирас Университеті

БББТ: B002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
Top