8D01701 Қазақ тілі мен әдебиеті в Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Ғылыми-педагогикалық және зерттеу қызметін жүзеге асыру, қазіргі филологиялық процестер мен құбылыстарды талдау үшін тіл білімі мен әдебиеттану саласында іргелі білімі бар бәсекеге қабілетті педагог-ғалымдарды даярлау.
-
Академиялық дәреже Докторантура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 3 года
-
Кредиттер көлемі 180
-
Білім беру бағдарламаларының тобы D017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
-
Білім беру саласы 8D01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 8D017 Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
Қазіргі қазақ тіл білімі (әдебиеттану) ғылымының даму үрдісі мен жаңа бағыттары
Пәннің мақсаты мамандарды дайындау талаптарына сай лингвистика теориясын меңгеру, лингвистика, жалпы лингвистика мен әдебиеттану ғылымы жаңа бағыттарының даму жолдарының қыр-сырын анықтау, әлемдік әдебиеттанудың қазіргі жағдайын, даму үрдістерін, басым бағыттарын талдау болып табылады. Тіл білімі (әдебиеттану) ғылымдарының басты даму бағыттары ұлттық ғылыми ойдың даму тарихымен, әдеби процеспен, антропоөзекті қарым-қатынаспен байланысында бағамдалады.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеулер әдістері
Пәннің мақсаты-докторанттарды ғылыми зерттеулерде қолданылатын әдіснамалық тәсілдер мен әдістерді жүйелі және терең зерттеуге үйрету. Оқу барысында докторанттар әдістемелік негіздерді меңгереді, деректерді жинау мен талдаудың әртүрлі әдістерімен, статистикалық әдістермен, сапалық және сандық зерттеулермен танысады, аналитикалық дағдыларды дамытады, ғылыми жұмысты орындауға дайындалады.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Әдебиетті зерттеудегі пәнаралық тәсілдер
Пәннің мақсаты әдебиетті пәнаралық зерттеу жайлы түсінік пен дағдыларды қалыптастыруға, әдебиеттанумен байланысты мәдениеттану, әлеуметтану, тарих, философия, психология т.б. ғылымдардың теориялық-әдіснамалық негіздерімен таныстыруға, көркем мәтіннің әлеуметтік-мәдени контексін зерттеуге үйретуге және пәнаралық зерттеулерге сыни талдау және баға беру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Бұл пән докторанттарды әлемдік ғылыми трендтер контекстінде қазіргі әдебиеттану саласында бірегей де, өзекті зерттеулер жүргізуге дайындайды.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Лингвистикалық семантика және прагматика
Пәннің мақсаты тілдің семантикасы мәселелерінің ғылыми-теориялық талдауларын меңгеруге, суггестивті үрдістерді, сонымен қатар мәтін мен дискурстың прагматикалық мүмкіндіктеріне байланысты сөйлеу қызметінде ақпаратты беру тәсілдерін терең меңгеруге бағытталған. Курс барысында докторанттар тіл біліміндегі прагматикалық зерттеулер, прагматиканың негізгі категориялары, прагматиканың көркем мәтіндердегі көрінісі, лингвистикалық семантика табиғи тіл бірліктерінің мағыналары туралы теориялық білім қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Филология ғылымдарындағы жасанды интеллект технологиясы
Пәннің мақсаты білім алушының тіл білімі мен әдебиеттануда жасанды интеллект технологиясын қолдану саласындағы білімдерін дамытуға, артықшылықтарын меңгеруге мүмкіндік беру болып табылады. Пән цифрлық және пәндік құзыреттіліктерді дамытуға бағытталған және жоғары білім мазмұнын жаңарту талаптарына жауап береді, оқу және ғылыми мәселелерді шешу үшін ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалану қабілетін арттыру мәселесін шешуге көмектеседі.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Мәтін поэтикасы және филологиялық герменевтика
Пәннің мақсаты білім алушыларға филологиялық герменевтика және мәтін поэтикасы туралы толық мағлұмат беру, әдеби шығармаларды толық түсіну және қабылдау үшін қазіргі ғылыми әдіснамалық принциптерді дұрыс қолдануды үйрету болып табылады. Пәннің мазмұны мәтінтану, тілтану мен әдебиеттанудың басты ұғымдарымен, категорияларымен, маңызды методологиялық жүйелермен таныстыру, қазіргі әдебиеттану дамуының жалпы көрінісінен хабардар ету.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Академиялық жазу
Курстың мақсаты-қолданыстағы талаптарға сәйкес жазбаша жұмыстың барлық түрлерін жазу, ресімдеу дағдыларын қалыптастыру. Болашақ мұғалімдер қарым-қатынас және топтық жұмыс технологиясын, коммуникация стратегияларын меңгереді. Болашақ мұғалімдер академиялық жазудың ерекшеліктерін, жазбаша жұмыс түрлерін академиялық адалдық қағидаттарына сәйкес дұрыс жазуды және құрастыруды зерттейді. Құзыреттілікті меңгерген болашақ мұғалімдер: • қолданыстағы талаптарға сәйкес жазбаша жұмыстарды: ғылыми эссе, тәжірибелік зерттеу есебі, жоба қызметінің сипаттамасы мен нәтижелері және т.б. құрастырады және рәсімдейді • зияткерлік меншік құқықтарын сақтау үшін сілтеме жүйелерінің біріне ақпарат көздерін құжаттайды • ғылыми басылымдардың деректер қорымен, библиографиялық дереккөздермен жұмыс істейді, пайдаланылған дереккөздерге сілтеме жасайды.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Жалпы және типологиялық лингвистика
Пәннің мақсаты әлем тілдеріне ортақ заңдылықтарды, тіл тарихында өзіндік із қалдырған тілдік мектептерді, әлем тілдеріне ортақ типологиялық ерекшеліктерді жан-жақты қарастыруға бағытталған. Курс барысында докторанттар жалпы және типологиялық лингвистиканың теориялық мәселелеріне қатысты әлемдік ғылымдағы бүгінгі тенденциялар мен көзқарастармен ой бөлісе отырып, ғылыми-теориялық білімі мен тәжірибелік дағдысын тереңдетіп, ізденімпаздық, іскерлік қасиеттерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Мәтін құраушы тілдік категорияларға жататын тілдік универсалилерді прагматикалық тұрғыдан бағамдай білу.
- Жалпы лингвистика теориясын, типологиялық лингвистиканың даму ерекшеліктерін, әлемдік лингвистиканың даму тенденциялары мен басым бағыттарын сыни тұрғыдан талдау.
- Қазіргі қазақ тіл білімінің (әдебиеттанудың) жаңа бағыттары мен үрдістерінің дамуына антропоцентристік мәселелердің әсерін бағалау мақсатында талдау, филология саласында жасанды интеллект әдістерін қолдану.
- Академиялық жазу стилі мен әдіснамасының ерекшеліктері мен ғылыми зерттеу әдістерін ескере отырып зерттеу қызметін дербес ұйымдастыру арқылы ғылыми мәтіндер мен докторлық диссертация жазу үшін ақпаратты талдау мен синтездеуді жүзеге асыру.
- Ғылыми зерттеулердің әдіснамасы мен заманауи әдістерін пайдалана отырып, ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаттарын, міндеттерін, құрылымы мен кезеңдерін дербес жоспарлауға қабілетті.
- Тілдің семантикасының ғылыми теориясын, суггестивті үрдістерді, мәтін мен дискурстың прагматикалық мүмкіндіктеріне байланысты сөйлеу қызметінде ақпаратты беру тәсілдерін интерпретациялау.
- Әлемдік әдебиеттану ғылымының қазіргі даму бағыттарын терең меңгеріп, оның басты ғылыми-теориялық ұстанымдарын сыни тұрғыдан саралап, қазақ әдебиеті тарихындағы басым бағыттарды, көркемдік-эстетикалық дәстүрлерді, поэтикалық мектептерді әлемдік әдеби үдерістермен салыстыра отырып талдау.
- Зерттеуші әдебиеттанушылардың мәтіндік материалдары мен ғылыми еңбектерін зерттеу және талдау негізінде әдебиеттанудың эволюциялық дамуын сыни тұрғыдан бағалау.
Ұқсас БББ
8D01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Сулейман Демирель атындағы университеті
8D01701 Қазақ тілі мен әдебиеті педагогін даярлау
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)
8D01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
8D01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
8D01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
8D01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
8D01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
8D01701 Қазақ тілі мен әдебиеті педагогін даярлау
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)
8D01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)