6B01502 Физика мұғалімін даярлау в ОҚМПУ
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Ұлттық біліктілік жүйесі мен еңбек нарығы талаптарына сай жалпымәдени және кәсіби құзыретіліктерді меңгерген бәсекеге қабылетті физика пәнінің мұғалімін даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B010 Физика мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және Физика
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
Пәндер
-
Программалау тілі: Python
Пән мәліметтердің базалық типтерімен, құрылымдық және объектілі – бағытталған программалау (ОБП), GUI программалау модельдерімен, ұғымдарымен таныстыратын сабақтар сериясын қамтиды. Tkinter пакетінің құралдарымен пайдаланушының графикалық интерфейсін құру ерекшеліктері, ойындарды бағдарламалаудың базалық, Pygame кітапхананың негізгі мүмкіндіктері қарастырылады; негізгі функцияларға, кластарға басты назар аударылады; Жобалық жұмыста программалау технологияларын салыстыру арқылы қосымшалар жасау жолдары сипатталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Механика
Кинематика, динамика, статиканың негізгі заңдары, Галилейдің салыстырмалылық принципі, АСТ, қатты дене механикасы, бүкіләлемдік тартылыс заңы, гидродинамика, тербелмелі қозғалыс, толқындар, механикалық негізгі заңдарды қолдану арқылы есептерді шығарудың әдіс-тәсілдері, практикалық қолданылуы, лабораторялық зерттеулердің әдістері қарастырылады. Лабораториялық жұмыста жіберілген салыстырмалылық қателікті талдау, пәннің ғылымдағы рөлін дәйектеу, пәндік білімді интеграциялау жолдары сипатталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Математика
Пән жоғарғы алгебра, аналитикалық геометрия, математикалық талдау және қатарлар теориясын, шешімдер жиынын табу түрлері, маңызы, ұйымдастырып өткізудің негізгі формалары мен әдістері қарастырады. Математикалық тілдің әртүрлі берілуі, теорияның қайшылықсыздығын, тәуелсіздігі мен толықтығын дәлелдеу әдістері, мәселенің шешімін талдау, ақпараттық ресурстарды, жүйелі ойлау негізінде білімін практикада қолдану, пәнаралық білімдерді интеграциялау жолдары сипатталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Молекулалық физика
Агрегаттық күйдегі денелердің құрылысы, олардың сыртқы әсерлердің нәтижесінде өзгеруі, Максвелл, Больцман таралулары, газдардың молекулалық-кинетикалық теориясы, изопроцестер, термодинамика заңдары, фазалық тепе-теңдік, ауысу процестері, заттардың кризистік күйі, әр түрлі фазалардың бөліну шекараларындағы беттік құбылыстар қарастырылады. Есептерді шығарудың, лабораториялық жұмыс жасаудың әдістері, нәтижелерін жинақтау, практикалық қолданылуы, пәннің ғылымда алатын рөлін дәйектеу, пәндік білімді интеграциялау жолдары сипатталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Механикадан лабораториялық практикум
Бұл курста студенттер Атвуд машинасы, Обербек және Максвелл маятниктерінің көмегімен қозғалыс заңдарын, Ньютон заңдарын, сақталу заңдарын оқып үйренеді; Гюйгенс-Штейнер теоремасы эксперимент жүзінде тексеріледі; инерция моменті және гравитациялық тұрақтылар, сұйықтардың тұтқырлық коэффициенті сияқты механикадағы негізгі шамалар эксперимент жүзінде анықталып, тұжырымдар жасайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Оқушылардың физиологиялық тұрғыдан даму заңдылықтарының негізінде балалар мен жасөспірімдердің анатомия-физиологиялық ерекшеліктеріне, жеке басының қалыптасуына, денсаулығын сақтауға, нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады. Оқушылардың қабілеттерін айқындау мен дамыту, оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты бекіту біліктілігін қалыптастырудың және балалардың денсаулығын қорғау, дене шынықтыру, еңбекке баулу жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері сипатталады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Жасерекшелік психологиясы
Пәнді оқыту барысында әр түрлі мектеп жасындағы балалардың өз жас ерекшелігіне сай психикалық даму өзгешеліктері психологияның сан алуан әдістерін қолдану арқылы айқындалып қарастырылады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі жас бастауыш сынып оқушылары, жеткіншектік кезең мен жасөспірімдік шақтағы балалардың психикалық қасиеттерінің қалыптасу жолдары айқындалады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Электр және магнетизм
Электростатика заңдары, электрлік өріс, Кулон заңы, суперпозиция принципі, тұрақты, айнымалы ток заңдары, Ом заңы, Кирхгоф ережелері, Ампер, Джоуль, Ленц заңының физикалық негізін, газдағы, электролиттегі электр тогы, заттың магниттік қасиеттері, магнит өрісі қарастырылады, есептер шығарудың тәсілдері, лабораториялық жұмыстарда негізгі параметрлерді өлшеу әдістері, нақты өмірдегі орны, ғылыми дәлелдемелерді жинақтау, білімді интеграциялау жолдары сипатталады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Молекулалық физикадан лабораториялық практикум
Температура ұғымымен, изотермиялық, изобаралық, изохоралық процесстерді сипаттайтын газ заңдарын қарастыру, универсальды газ тұрақтысын анықтау, ықтималдық үлесуінің биномдық заңын оқып үйрену, Максвеллдің жылдамдықтар бойынша таралуы, энтропия өзгерісін, беттік керілу коэффициентін сақинаның сұйық бетінен ажырату әдісі бойынша, қатты денелердің жылулық ұлғаюы, ауаның тұтқырлығын анықтау тақырыптарына зертханалық жұмыстар жасалады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Электр және магнетизмнен лабораториялық практикум
Бұл практикумда студенттер электростатикалық өрісті сипаттайтын негізгі шамалар мен электр бөлімінің негізгі заңдарын оқып үйренеді; толық тізбек үшін Ом заңы, тармақталған тізбектер Кирхгоф ережелері эксперименттік тұрғыдан зерттеледі. Мультиметр блогымен танысып ондағы зертханалық жұмыстар жасалады; магнетрон әдісімен электронның меншікті заряды анықталып, жартылай өткізгіштегі Холл эффектісін эксперимент жүзінде зерттеледі; ферромагнетик қасиеттерін зерттеп үйренеді; жердің электр өрісін анықтау зертханалық жұмыстар жүргізіледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Теориялық физика 1
Классикалық механика ғарыштағы ғаламшарлардың, жұлдыздар мен галактикалардың, т.б. астрономиялық нысандарының, сондай-ақ снарядтардың, машиналар бөлшектерінің қозғалысын сипаттайды. Электродинамика пәні электрлы және магниттік құбылыстардың, электромагнитті жарқыраудың, электр тогы мен оның электромагниттік өріспен әрекеттесуі арасындағы байланыстарды сипаттайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі
Педагогика ғылымының метапәндік идеяларына негізделген оқу-тәрбие процесінің білімі мен түсініктерін, оқу-тәрбие жұмыстарының формалары, әдістері, құралдарын практикада қолданылуы қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бағалаудың заманауи технологиялары
Бағалаудың заманауи технологияларының ғылыми негізін; пəндік жəне метапəндік нəтижелерді бағалау өлшемдерін жоспарлауды; білім беру жүйесінің талаптарына жауап беретін критериалды бағалау жүйесін; тұлғаның функциональдық сауатылығын қамтамасыз ететін, түйінді құзыреттілікті қалыптастыратындай бағалау жəне өзін-өзі бағалау механизмін; тұлғалардың оқу жетістіктерін мониторингілеудің талаптарын қарастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Оптика
Жарықтың табиғаты жайлы, оның затпен әсерлесуі, таралуынан байқалатын негізгі құбылыстар, заңдылықтарды, жарықтың сынуы, шағылу заңдарын, линзаның қасиеттерін қарастырады, геометриялық, толқындық оптикадан алған білімдерін қоғамда, техникада, тұрмыста, медицинада қолдану, есептер шығарудың тәсілдері, лабораториялық жұмыстарда негізгі параметрлерді өлшеу әдістері, пәннің нақты өмірдегі орнын анықтап, пәндік білімді интеграциялау жолдары сипатталады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Инклюзивті білім берудегі арнайы педагогикалық технологиялар
Инклюзивті білім беру бағдарламаларын іске асыруда ЕБҚБ балаларды сүймелдеу қызметі, әдістері мен формалары, принциптері мен факторлары, оқыту-дамытудың психологиялық-педагогикалық мәселелері туралы білімдерін дамытуға бағытталған. Жеке кәсіби өсуі мен білім беру траекториясын жобалау; ББ әзірлеу технологиялары; инклюзивті білім беру кеңістігінде педагогтің практикалық қызметінің ерекшеліктерін зерделей алу дағдысын дамытуды көздейді
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Физиканы оқытуда инновациялық технологияларды қолдану
Физика мұғалімін дайындау жүйесі, орта мектепте физика пәнін оқытуда жаңа технологияларды қолдану, физиканы мектепте оқыту мақсаты, міндеттері, ұстанымдары, әдістері, мазмұны, ұғымдарды қалыптастыру, бейіндік оқыту, білімін практикада қолдану мәселелері қарастырылады. Cабақ жоспарын жасау, пәнаралық білімді интеграциялау, инклюзивті білім берудегі креативтілікті бағалау жолдары, физикалық құбылыстар мен процестерді зерттеуге арналған математикалық модельдерді құру, қолдану және физиканы оқытуда цифрлық білім ресурстарын пайдаланып білім сапасын арттыру жолдары сипатталады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Оптикадан лабораториялық практикум
Бұл курста болашақ мамандар жарықтың қасиеттерін зерттеуге арналған құрылғылармен танысып, оларда жұмыстар жасап үйренеді. Жинағыш, шашыратқыш линзаның фокус қашықтығын, шынылар мен сұйықтардың сыну көрсеткішін, толқын ұзындығын практика жүзінде анықтайды; жарықтың толқындық және кванттық қасиеттерін оқып үйренуге арналған эксперименттік жұмыстарды орындайды, ғылыми тұжырымдар жасайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Физиканы оқыту әдістемесі
Физика пәнінің мұғалімін дайындау жүйесін, орта мектепте физиканы жоғары дәрежеде оқытуды қамтамасыз ету мәселелерін және минимакс, бірізділік, вариативтілік, шығармашылық принциптерінің негізінде әрбір сабақта оқушылардың дүниетану ынта-ықыласы мен қызығушылығын арттыру тәсілдерін қарастырады. Cабақ жоспарын жасау, пәндік білімді интеграциялау, инклюзивті білім берудегі креативтілікті бағалау жолдары сипатталады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Атом және атом ядросы физикасы
Атом құрылысы, оның планетарлық моделі, Бор теориясы және оның қиыншылықтары, атом ядросының модельдері, радиоактивтілік және оның қасиеттері, элементар бөлшектер физикасы, пән бойынша есептер шығарудың тәсілдері, лабораториялық жұмыстарда негізгі параметрлерді өлшеу әдістері қарастырылады. Атом ядросы мен элементар бөлшектер физикасы құбылыстарын талдау, пәннің ғылымдар жүйесіндегі орнын дәйектеу, пәндік білімді интеграциялау жолдары сипатталады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
ҚР құқықтық жүйесі және заңнамасы, мемлекеттік-құқықтық және конституциялық дамуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, академиялық адалдық қағидаттарына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Атом және атом ядросының физикасынан лабораториялық практикум
Курста Франк-Герц, Резерфорд тәжірибесімен атом моделін оқып үйренеді. Сутек атомының, сутек тәріздес атомның спектрын, Зееман эффектісін, радоактивтілік ыдырау заңын зерттейді. Космостық сәулелерді фотоэмульсиялық әдіспен тіркеуді үйренеді және талдайды. Гейгер-Мюллер санауышысымен және Дэввисон-Джерммер тәжірибесімен танысады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Теориялық физика 2
Кванттық механика – микробөлшектердің (элементар бөлшектердің, атомдардың, молекулалардың, атом ядроларының) және кванттық жүйелердің (мысалы, кристаллдардың) қозғалу заңдылықтарын анықтап, бөлшектер мен кванттық жүйелерді сипаттайтын физикалық шамалардың макроскопиялық тәжірибеде тікелей өлшенетін шамалармен байланысын сипаттайды. Статистикалық және термодинамикалық - макроскопиялық жүйелердегі өтетін физикалық процестерді бірін-бірі толықтыратын екі әдісті - статистикалық (молекулалық кинетикалық) және термодинамикалық әдістерді нақты есептерді шешуде қолдануды үйретеді, макроскопиялық жүйелердегі өтетін процестердің физикалық мағынасы сипатталады
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экология және өмір қауіпсіздігі
Пән қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау, бағалау және болжау туралы білім береді. Табиғи тұрақтылықтың өзгеру себептерін, табиғи жүйенің біртұтастығы мен құрылымын және қоршаған ортаны қорғау шараларын қарастырады. Азаматтық қорғаныс ұйымының атқаратын жұмыстарымен, зақымдану ошағы және улы заттардың ерекшеліктерімен танысады. Пәннің нақты өмірдегі орнын мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Астрофизика негіздері
Астрофизикадағы физикалық заңдар, жұлдызаралық орта, жұлдыздардың ішкі құрылымы, жұлдыздардағы заттар жағдайы, жұлдыз энергиясы көздері, жұлдыздардың эволюциясы, галактика, космология элементтері, екі дененің, үш дененің шектеулі тапсырмасы, шектелген тапсырманы өзгерту, аспан механикасының теңдеулерін интегралдау мәселесі, аспан механикасының аналитикалық әдістері, релятивистік аспан механикасын қарастырылады. АКТ қолданып, пәннің нақты өмірдегі орнын, рөлін дәйектеу сипатталады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Қаржылық сауаттылық
«Қаржылық сауаттылық»– курсы кірісті және отбасылық бюджетті, несие алу, инвестициялау, сақтандыру, зейнетке шығу және салық төлемдерін жоспарлау арқылы қаржылық қауіпсіздікке қолжеткізу және риск-менеджментті үйрету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экономика және кәсіпкерлік негіздері
Экономика мен бизнес салаларына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады. Кәсіпкерлік, көшбасшылық және инновациялық дағдыларды меңгеруде заңнамалық және тұжырымдамалық құжаттарды талдау мен қолданудың әдіс-тәсілдері сипатталады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеулердің әдістері
Зерттеу барысында отандық және шетелдік ғалымдардың заманауи жетістіктері негізінде ғылыми зерттеулерді жүргізудің негізгі теориялық ережелері, технологиялары, операциялары, практикалық әдістері мен әдістері бойынша білім алуға және ғылыми зерттеулерді меңгеруге мүмкіндік береді ғылыми зерттеу тақырыбын таңдау, ғылыми ізденіс, талдау, эксперимент, деректерді өңдеу, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, негізделген тиімді шешімдерді алады
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Математикалық физика әдістері
Математикалық физиканың негізгі теңдеулері және оларды шешудің әдістері, механика, гидродинамика, электродинамика және кванттық механикадағы толқын, жылу алмасу теңдеуі, Пуассон, Лаплас, Шредингер теңдеуі бойынша модельдік физикалық жүйелері қарастырылады. Осы теңдеулерді тиісті шекара мен бастапқы шарттармен тікбұрышты, цилиндрлік, сфералық координаталарда шешудің әдістерін зерттейді, физикадағы пәннің рөлінің негіздемесі сипатталады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Радиоэлектроника
Радиоэлектрондық құралдардың элементтік базасы және микроэлектрониканың бүгінгі жетістігі, радиотехникалық тізбектер мен сигналдар, шала өткізгіш приборлардың физикалық негіздері, аналогты, цифрлы микроэлектроника, импульстық құрылымдар қарастырылады. Есептің шешімдерін табу жолдары мен электроника негіздерін практикада қолдану, танымдық-ғылыми зерттеулерде модельдеу, мәселенің шешімін талдау, пәннің нақты өмірдегі орны мен рөлін дәйектеу сипатталады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Космология
Заманауи космологияның негізгі жетістіктері, шешілмеген мәселелері, теориялық үлестердің көрсетілуі, қазіргі замандағы астрофизикада қолданылатын эксперименталды әдістері, жалпы салыстырмалы теорияны, жұлдыздарды, олардың эволюциясы, галактикаларды, қалдықты сәулеленуді, Әлемнің кеңеюінің инфляциялық кезеңін сынауға арналған эксперименттерді қарастырады. Жоба жұмыстарын орындауда коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету, мәселенің шешімін талдау, пәннің нақты өмірдегі орны мен рөлін дәйектеу сипатталады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Физикалық есептерді шығару практикумы
Физикалық есептерді шығару әдістері, физика есептерінің әр түрлі типтерінің құрылымдық ерекшеліктері, бақылау жұмыстары, олимпиадалық есептер түрлері, есеп құрастыру жолдары мен бағалау критерийлері және оларды практикада дидактикалық материалдар ретінде қолдану жолдары қарастырылады. Есептерді шешуде ЦБР-ды пайдалану, жоба жұмыстарын орындауда коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету және пәнаралық білімді интеграциялау жолдары сипатталады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Заманауи ғарыштық зерттеулер
Заманауи ғарыш аппараттары мен заманауи технологиялардың көмегімен ғарышты зерттеу. Негізгі бағыт-ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талқылау, ғарышта болып жатқан процестерді зерттеу, ғарыштық денелердің эволюциясы және Ғаламның физикалық бейнесінің құрылысы қарастырылып, бүкіл Әлемнің физикалық құрылысын зерттеу әдістері, заманауи ғарыштық физика, ғарыштық жүйелер мен макродүниенің санқырлы құбылыстары, теориялық негіздері мен ғарыштық зерттеулердің физикалық негіздері сипатталады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Конденсирленген күй физикасы
Кристалдар, аморф заттардың құрылысытарының жалпы сипаттамасы, кондесацияланған қатты денелердің құрылымы, физикалық қасиеттері, қатты денелердің атомдық құрылымы, тордың тербелістері, фонондар, электрондық аумақтық құрылым, фазалық ауысулар, асқынөткізгіштік қарастырылады, білім алушының техногенді өркениетін дамыта отырып, есептің шешімдерін табу, мәселенің шешімін талдау, пәннің нақты өмірдегі орны мен рөлін дәйектеу, пәндік интеграциялау жолдары сипатталады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Мектептегі физикалық эксперимент техникасы
Мектеп физика курсының басты мәселелерін эксперименттік негізде: физикалық құбылысты бақылау; өлшеуіш приборлармен физикалық шамаларды өлшеу, физикалық шамалардың арасындағы сандық тәуелділіктерді тағайындау, физикалық тұрақтыларды анықтау, техникалық құрылғылар, демонстрациялық тәжірибелерді әдістемелік, техникалық тұрғыдан өз бетінше қою қарастырылады. ЦБР-ды пайдалану, АКТ негізінде оқу үдерісін ұйымдастыру, жоба жұмыстарын орындауда коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету сипатталады
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Астрономия
Аспан денелерінің құрылымы, қозғалысы, дамуы жөнінде жалпы ұғымдарды қарастырады. Ғаламның дамымалы моделінің ғылым дамуындағы орнын дәйектеп, аспан денелерінің, олардың жүйелерінің қозғалысын, құрылысын, пайда болуын, аспан моделін қарастырғанда, тәжірибе нәтижесін өңдеуде цифрлық білім ресурстарыны қолданады, топпен бірлікте жұмыс жасап, пәндік интеграциялау жолдары сипатталады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Физикалық білімін өз бетінше жалғастыратын оқыту дағдыларын игере отырып, критериалды бағалаудың, диагностикалаудың, қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасаудың технологияларын пайдаланады
- Технологияларды қолдану мен инклюзивті білім беру тәжірибесінде, даулы жағдайларда туындаған проблемалар шешімдерінің креативтілігін бағалай алады, оқу практикалық және кәсіби міндеттерді шешуде білімін қолданады
- Нақты өмірдегі болжамдар, айғақтар және түсiндiрмелер ұсыну үшiн ғылыми жаңалықтарды ескере отырып, ғылыми модельдер мен дәлелдемелерді, эксперимент пен зерттеу нәтижелерін жинақтайды
- Физиканың, астрономияның әлеуметтік және экономикалық қоғамның дамуындағы, ғылымдағы рөлін дәйектей алады; физикалық құбылыстар мен олардың арасындағы тәуелділікті түсінеді
- Физикалық процестерді модельдеуде, эксперимент нәтижелерін өңдеуде, талдауда, пәнді оқытуда АКТ-ны, цифрлық білім ресурстарын қолдана алады
- Математикалық тұжырымдарды дәлелдеуде, негізгі математикалық құрылым мен аксиоматикалық әдістер жүйесін берілген жағдаяттарды шешу үшін таңдай біледі
- Инновациялық технологияларды оқытудың мақсат-міндеттеріне және оқушылардың дара ерекшеліктеріне сәйкес қолданады
- Физика саласындағы білімдерін, түсініктерін табиғат пен техникадағы құбылыстарды, процестерді түсіндіруде, есептер шығаруда, эксперимент жүргізуде көрсетеді
- Педагогикалық, психологиялық, физиологиялық және гуманитарлық, экономикалық, экологиялық білімі негізінде түрлі тұлғааралық, әлеуметтік, кәсіби қарым-қатынас салаларында туындаған проблемаларды шешеді
- Академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңызын ұғына отырып, тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілігін, командада жұмыс істеу дағдыларын және ақпараттық мәдениетін көрсетеді
- Пән бойынша жоспарланған оқу нәтижесіне қол жеткізу үшін әлемнің бір тұтас бейнесін сипаттауда пәнаралық интеграцияны қолданады және ғылыми зерттеу әдістері мен академиялық хатты меңгереді
Ұқсас БББ
6B01502 Физика
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
6B01502 Физика
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)
6B01502 Физика
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
6B01502 Физика
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
6B01502 Физика мұғалімдерін даярлау
Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті
6B01502 Физика пәнінің мұғалімі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
6B01502 Физика мұғалімдерін даярлау
М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
6B01502 Физика
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (Ы.Алтынсарин атындағы АПИ)