Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01601 Тарих в Қызылорда "Болашақ" университеті

Пәндер

  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Курста жалпыадамзаттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде ғылыми ойлау тарихы мен философиясын терең ұғынуға негізделген пәнаралық дүниетанымның қалыптасуы, ғылым тарихындағы философиялық мәселелер қарастырылады. Мақсаты Білім алушыларды ғылымның эволюциялық дамуында қалыптасқан философиялық ойларға, дүниетанымдарға, қоғамдық құндылықтарға және ғылыми зерттеулерге үйрету.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Тарих теориясы мен методологиясы

    Курста тарихи процестің әртүрлі теориялары, ежелгі кезеңнен бастап қазіргі кезеңге дейінгі ең танымал теориялар, тарихи процестің негізгі факторлары, ең ықпалды теориялық парадигмалар жан-жақты қарастырылады. Мақсаты тарих ғылымында жинақталған әртүрлі бағыттағы методологиялық теорияларды меңгеру арқылы тарихты оқыту мен зерттеуде өзіндік бағдарын анықтауға негіз болатын білім беру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектептің педагогикасы

    Курста Қазақстандағы жоғары кәсіптік білім беру жүйесі, педагогикалық ғылым әдіснамасы, жоғары мектеп оқытушысының кәсіби, коммуникативтік құзыреттілігі, оқыту теориясы, жаңа білім беру технологиялары қарастырылады. Мақсаты жоғары мектепте оқытудың кредиттік жүйесі негізінде оқыту үдерісін ұйымдастыру, болашақ мамандарды дайындауда оқытудың белсенді әдістерімен, формаларымен таныстыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Шетелдік тарихнамадағы жаңа бағыттар

    Курста қазіргі пәнаралық зерттеулер аясында тарихи таным ерекшеліктері, тарихнамадағы қазіргі заманғы бағыттар, тарихи зерттеу деңгейлері, әсіресе, макротарих, микротарих, тарихнаманың әдістемелік мәселелері, жалпы негізгі шетел мектептері және тарихнамадағы бағыттар қарастырылады. Мақсаты XX ғасырдағы батыстық тарих ғылымының тарихы бойынша білім беру, шетелдік тарихнамадағы қазіргі бағыттардың даму барысын көрсету.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектепте тарихты оқыту әдістемесі

    Пән жоғары оқу орындарының білім беру үдерісіне қатысты нормативтік-құқықтық құжаттарды оқуға, жоғары мектепте оқытуды ұйымдастырудың негізгі принциптері мен жүйелерімен, оқыту әдістемесінің теориялық негіздерімен, оқыту процесінің классикалық, дәстүрлі форматындағы ұйымдастыру тәсілдерімен, түрлерімен, сондай - ақ қазіргі инновациялық ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып танысуға бағытталған. Мақсаты жоғары мектепте тарихты оқыту әдістемесін меңгерту

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шетел тілі (кәсіби)

    "Шетел тілі (кәсіби)" курсы тілдік емес мамандықтар магистранттарының мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Курс академиялық жазу нормаларын меңгеруді, сыни талдау дағдыларын дамытуды, ғылыми шолуларды, аннотацияларды дайындауды, жүргізілетін зерттеулер тақырыбы бойынша рефераттар мен библиографияларды құрастыруды қарастырады. Мақсаты шетел тілін меңгерудің жалпыеуропалық шкаласын меңгерту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Басқару психологиясы

    Курста басқару жүйесін зерттеу тәсілдері, басқару қызметінің мәні, еуропалық, американдық, жапон басқару жүйесінің теориялық, практикалық психологиялық аспектілері, басқару қарым-қатынас психологиясы, іскерлік келіссөздер психологиясы, экстремалды, стресстік жағдайлардағы басқару қызметі қарастырылады. Мақсаты болашақ педагог мамандардың барлық педагогикалық процесті басқарудағы кәсіби-психологиялық құзыреттілігін дамыту.Жастардың әрекеттері мен мінез-құлықтарына саналы түрде талдау жасай біледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Оқу нәтижелерін критериалды бағалау

    Курс тарих ғылымының пәнаралық тәсілдерге қажеттілігі, қазіргі ғылымдағы пәнаралық зерттеу үлгілерін құрастыру тәсілдерін, негізгі теориялар мен әдістерді, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымның мәселелерін зерттеуде әдіснамалық тәсілдерді, тарихи үрдісті талдауда пәнаралық синтездің инновациялық әдістерін қолдануды қарастырады. Мақсаты пәнаралық интеграциялық үрдістерді қазіргі әдіснамалық мәселелер және тарих ғылымының қажеттілігі ретінде түсіндіру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Археологияның іргелі мәселелері

    Курста археологияның нақты мәселелері бойынша жеке материалдардың ғылыми құндылығы, зерттеушілердің ғылыми жұмыстары, тұжырымдамалық көзқарастары, тас, палеометалл дәуірінің, темір ғасырының өзекті мәселелері, орта ғасырлар археологиясының іргелі мәселелері қарастырылады. Мақсаты археологиялық ғылымның дамуының негізгі кезеңдері, теориялық, әдіснамалық мәселелерімен таныстыру.Археологияның іргелі мәселелерін сипаттайды, мәнін ашады, жаңа іргелі археологиялық зерттеулерді түсіндіреді, жіктейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Дүние жүзі тарихының іргелі мәселелері

    Курста тарихи зерттеулердегі феноменологияны таңдаудың құндылық алғышарттарының мәселелері, сондай-ақ дүниежүзілік тарихтағы динамикалық стратегиялар мен факторлар, тарихи жүйелер қарастырылады. Мақсаты адамның шығу тегі туралы қазіргі заманғы көзқарастар мен теориялар, ежелгі Шығыс пен антикалық әлем өркениеттерінің саяси белгілерінің салыстырмалы сипаттамаларын, батыс еуропалық феодализмнің іргелі мәселелерін түсіндіру. Дүние жүзі тарихының іргелі мәселелерін талдайды, бағалайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Орталық Азиядағы мұсылмандық модернизация (ХХ ғ. басы)

    Курста магистранттар империяның түрік-мұсылман халықтарының саяси және құқықтық дәрежесінің ерекшелігі, жадидизм, түрікшілдік тарихы, оның тарихи кезеңдердегі эволюциясы және оның қазақ ұлт-азаттық қозғалысындағы орны мен маңызы қарастырылады. Пәннің мақсаты: жадидизмнің мәдени-ағартушылық және реформаторлық рөлін, Орталық Азия халықтарының мәдени және саяси модернизациясы мен түрікшілдік доктринасының ХХ ғ. дамуын зерттеу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Тарихнама мен деректанудың теориялық-методологиялық мәселелері

    Курста тарихнама мен деректанудың теориялық, әдіснамалық мәселелері, методологияның теориялық негізі, тарих методологиясы, тарихилық принципі, өзектілік принципі. нақтылық принципі, тарихнаманың функциялары, тарихнама жұмысын жүргізу түрлері, тарих ғылымының методологиясындағы жалпы және ерекше, заңдылықтар туралы жалпы ереже, фактіге жалпы көзқарас, дереккөзге заманауи көзқарастар қарастырылады. Мақсаты тарихнама мен деректанудың теориялық-методологиялық мәселелерімен таныстыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Тарихи зерттеулер мен білім берудегі ақпараттық технологиялар

    Курста ғылыми және білім беру қызметінде ақпараттық технологияны қолдану әдістері мен тәсілдері, білім сапасын арттыру және оқыту нәтижелеріне қол жеткізу үшін ақпараттық технологияны қолданудың маңыздылығы қарастырылады. Мақсаты магистранттарға өзінің ғылыми-зерттеу жəне білім беру қызметінде жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың негізгі əдістері мен жолдарын меңгерту. Ақпараттық-компьютерлік оқу технологиясын қолдануға қабілетті.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • КСРО халықтарының ұлтаралық қатынастар тарихы

    Курста КСРО-дағы көпұлттылықты қалыптастыру тарихы, революцияға дейінгі ұлтаралық қатынастардың қалыптасуының тарихи алғышарттары, ұлттық саясат, ұлтаралық қатынастарды шешудегі адами ресурстардың рөлі мен маңызы, КСРО халықтарына қатысты партия мен мемлекеттің ұлттық-мәдени саясаты, этникалық қақтығыстардың ерекшеліктері қарастырылады. Мақсаты кеңестік мемлекеттің жүргізген ұлттық саясатын жан-жақты ашып, оның салдарын түсіндіру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Тәуелсіз Қазақстан тарихының іргелі мәселелері

    Курста объективті тарих, жалпыұлттық бірлікті қалыптастыру, мемлекеттік бірегейліктің қалыптасуы, егемендікті нығайту, азаматтылық пен патриотизмді ұғыну факторларының бірі болып табылатын Тәуелсіз Қазақстан тарихының қазіргі заманғы мәселелерін зерттеудегі жаңа әдіснамалық тәсілдер қарастырылады. Мақсаты тәуелсіз Қазақстан тарихының іргелі мәселелерін тереңінен зерттеу

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Отандық тарихтың іргелі мәселелері

    Курста Қазақстан тарихының теориялық, әдістемелік мәселелері, қазіргі таңдағы Қазақстан тарихын тұжырымды түрде қайта қарау, қазақтардың өмір тіршілігінің негіздері, әлеуметтік құрылымның өзгерісі және оның салдары, Қазақстанның ұлттық мемлекеттілігінің құрылуы, қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілістерінің негізгі кезеңдері туралы қарастырылады. Мақсаты Отандық тарихтың іргелі мәселелерін тереңінен зерттеу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Архив құжаттарымен жұмыс жасау әдістемесі

    Курста тарихи деректермен, оның ішінде архив құжаттарымен жұмыс жасау әдістемесі, архив құжаттарын іздеу, табу, катологпен, жолкөрсеткішпен, қормен, тізбемен, іспен жұмыс жасау жолдары, архив құжаттарын талдау және маңыздылығын анықтау қарастырылады. Мақсаты архив құжаттарын пайдалану әдістемесін үйрету.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Күнделікті өмір тарихы

    Курста «Күнделікті тарих» түсінігі, теориялық және методологиялық аспектілері, күнделікті тарих деректері және оның ерекшеліктері, тарихнамасы, қазақ қоғамының жалпы сипаты, Қазақстан қалаларындағы, ауылдарындағы күнделікті өмірдің әлеуметтік-экономикалық сипаты, әлеуметтік мәдени өзгерістер қарастырылады. Мақсаты қайталану динамикасының өзгеруіне əсер етуші факторлар, қоғамның интенсивті дамуын қадағалап отыруға мүмкіндік беретін жағдайларды талдау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Алаш қозғалысының тарихнамасы және деректану

    Курста ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихының іргелі мәселелері және Алаш қозғалысын зерттеу әдіснамасы, тарихы мен тарихнамасы, мазмұны мен әдістері, тарихи оқиғалардың заңдылықтары, дереккөздері қарастырылады. Мақсаты Алаш қозғалысының тарихнамалық және деректанулық базасын талдау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Этнологияның іргелі мәселелері

    Курста этнологияның іргелі мәселелері, этнология тарихы және қазіргі жағдайы, оның гуманитарлық жүйеде алатын орны, қазіргі адамның дүниетанымындағы тарихи және этнографиялық білімдердің реакциялық нәсілшілдік концепциялары және шовинистік наным-сенімдермен күрестегі маңызы қаралады. Мақсаты этнологияның заманауи концепцияларын, әдістерін оқып үйрену, этнология саласындағы міндеттерді іс жүзінде шешу, тұжырымдай білуді дамыту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазақ халқының мәдени мұрасының зерттелу тарихы

    Курста қазақ халқының мәдени мұрасын зерттеудің әдіснамалық мәселелері, жаһандану жағдайында мәдени мұраны сақтау мәселелері, зерттеудің маңыздылығы, мәдени мұра құндылықтарының өркениетті елдердің қатарына қосылу барысында ұлттық сана-сезімді, менталитетті қалыптастыруы қарастырылады. Мақсаты қазақ мәдениетінің тарихи маңызын, бай мұрасының мазмұнын, өркениеттік теория аясында халықтың мәдени дамуының заңдылықтары мен үрдістерін ашып көрсету.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазақстандағы тоталитаризм және саяси репрессиялар тарихы

    Курста тоталитаризм ұғымы, оның мазмұндық сипаттамалары және типологиясы, XX ғасырдың зерттеушілерінің еңбектеріндегі тоталитаризм тұжырымдамасы, тоталитаризмнің негізгі белгілері, институттары, саяси режим ерекшеліктері және оның негізгі тарихи формалары, тоталитаризмдегі идеологияның рөлі, Қазақстан аумағында лагерь жүйесін қалыптастыру қарастырылады. Мақсаты тоталитарлық мемлекет жүзеге асырған зұлматтың себеп-салдарын талдау .

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Отан тарихын кезеңдеу мәселелері

    Курста Қазақстан тарихын ғылыми кезеңдеу мәселелері, тарихтың маңызды кезеңдерін анықтау, жүйелеу, сол сияқты сол шартты түрде бөлінген тарихи процестің белгілі бір хронологиялық кезеңдерін анықтаудың ғылыми әдістемесі, қазіргі кездегі кезеңге бөлудің жалпы типологиясы, кезеңге бөлу критерийінің мəселелері қарастырылады. Мақсаты тарихи үдерістердің өзіне тəн белгілері арқылы сатыларға бөлудің түрлі принциптерін үйрету.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Тарихи педагогикалық ізденістің аспектілері

    Курста тарихи өркениеттегі педагогикалық тарихи мектептер дәстүрінің озық үлгілері, теориялық және тарихи педагогикалық зерттеудің әдістері, олардың түрлері, деңгейлері жайлы жалпы мағлұмат, тарихи-педагогикалық зерттеулердегі базалық әдіснамалық тұғырлардың ролі, теориялық зерттеу әдістерінің мәні қаралады. Мақсаты отандық және шетелдік тарихи-педагогикалық жетістіктердің білім беру үрдісін білу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Қоғамдық сананы модернизациялаудың негізгі бағыттарын іске асыруға ықпал ететін ғылымның тарихы мен философиясы, жоғары білім беру педагогикасы мен басқару психологиясы туралы тиісті білімін көрсетеді. Тарихи ақпараттарды еркін игеру деңгейінде шет тілін еркін қолданады.
  • Әлемдік, Отандық тарихтың, археология, этнологияның іргелі мәселелері, тарихнама мен деректанудың маңызды теориялық және әдіснамалық мәселелерінің өзектілігін негіздейді. Шетелдік және отандық тарихнамадағы жаңа бағыттарды, қазіргі заманғы көзқарастар мен тұжырымдамаларды салыстыра отырып талдайды. Тарих методологиясы мен тарих ғылымының әлеуметтік функцияларын бағалайды. Ақпараттық технологияларды, архив құжаттарын тарихи зерттеулер мен білім беруде, практикада қолданады. Өркениеттік теория аясында халықтың мәдени дамуының заңдылықтары мен үрдістерін ашып көрсетеді.
  • Тарихты оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздерін, оқытудың жаңашыл әдіс-тәсілдерін, педагогикалық технологияның қыр-сырын түсіндіреді, оны күнделікті сабақта өз тәжірибесінде қолданады. Критериалды бағалау әдістері бойынша білім алушылардың дайындық деңгейін ескеру арқылы бағалау критерийлерін анықтайды. Практикалық қызмет барысында өзінің кәсіби дайындық деңгейін бағалайды. Тарихи-педагогикалық зерттеудің аспектілерін, тарих ғылымының негізгі кезеңдерін сипаттайды. Тарих ғылымының теориялық және іргелі білімін ғылыми-зерттеу жұмыстарында, диссертацияларды орындауда қорытындылайды.

Ұқсас БББ

7M01601 Тарих педагогтерін даярлау

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

7M01601 Тарих

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

7M01601 Тарих

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

7M01601 Тарих

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

7M01601 Тарих

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

7M01601 Тарих

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

7M01601 Тарих

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

7M01601 Тарих

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)

7M01601 Тарих

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

7M01601 Тарих

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

7M01601 Тарих педагогтарын даярлау

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

7M01601 Тарих педагогін даярлау

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)

7M01601 Тарихшы педагог

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

Top