7M01601 Тарих в Қызылорда "Болашақ" университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Тарихи үдерістерді сыни тұрғыдан бағалай алатын, заманауи ғылыми тәсілдермен зерттеу жүргізуге қабілетті, академиялық және педагогикалық ортада еркін әрекет ете алатын, ғылыми-зерттеу, педагогикалық және басқару қызметін табысты жүзеге асыратын жоғары білікті мамандар даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы Қызылорда "Болашақ" университеті
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M016 Тарих педагогтерін даярлау
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M016 Гуманитарлық пәндер бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
Шетелдік тарихнамадағы жаңа бағыттар
Курс қазіргі шетелдік тарихнамада қалыптасқан теориялық-методологиялық жаңа бағыттарды (микротарих, күнделікті өмір тарихы, жаһандық тарих және т.б.) зерделеуге арналған. Пәнде Батыс және Шығыс елдеріндегі тарихнамалық мектептердің эволюциясы, тарихи танымның парадигмалық өзгерістері, тарихи зерттеулерде қолданылатын заманауи әдістер, тәсілдер қарастырылады. Курстың мақсаты — шетелдік тарихнаманың жаңа бағыттарын меңгеріп, тарихи зерттеуді сыни тұрғыдан талдауға үйрету.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Курста жалпыадамзаттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде ғылыми ойлау тарихы мен философиясын терең ұғынуға негізделген пәнаралық дүниетанымның қалыптасуы, ғылым тарихындағы философиялық мәселелер қарастырылады. Мақсаты Білім алушыларды ғылымның эволюциялық дамуында қалыптасқан философиялық ойларға, дүниетанымдарға, қоғамдық құндылықтарға және ғылыми зерттеулерге үйрету.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Тарих теориясы мен методологиясы
Пән тарих ғылымының теориялық негіздері мен методологиялық тәсілдерін жүйелі түрде талдауға бағытталған. Курста тарихи танымның құрылымы, тарихтың объектісі, субъектісі, тарихи заңдылықтары, себеп-салдарлық байланыстары қарастырылады. Сонымен қатар, заманауи ғылыми бағыттарды қолданудың ерекшеліктері зерделенеді. Пәннің мақсаты тарихи танымның теориялық және әдіснамалық негіздерін меңгерту арқылы магистранттардың ғылыми-зерттеу жүргізу қабілетін дамыту.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сыр өңірі тарихының зерттелуі
Курста аймақты зерттеуге үлес қосқан отандық, шетелдік ғалымдардың еңбектері сараланады және өлкенің саяси, әлеуметтік- экономикалық, мәдени дамуындағы маңызды тарихи кезеңдерге баса назар аударылады. Курс магистранттардың тарихи деректермен жұмыс жасау дағдысын жетілдіруге, аймақтық зерттеулердің теориялық-әдістемелік негіздерін меңгеруіне ықпал етеді. Курстың мақсаты –аймақтық тарихи үдерістерді ғылыми тұрғыда талдауға бағыттау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Педагогикалық-психологиялық пәндерді оқыту әдістемесі
Педагогикалық және психологиялық пәндерді оқытудың ғылыми негіздерін, әдіс-тәсілдерін, принциптерін және ұйымдастыру формаларын, педагогика мен психологияның теориялық және практикалық аспектілерін бірлікте қарастырып, оқу процесінің тиімділігін арттыруға бағытталған әдістемелік құралдарды ұсынады. Мақсаты — педагогикалық және психологиялық пәндерді оқыту үдерісінің ғылыми негіздерін, әдіс-тәсілдерін, құралдарын және ұйымдастыру формаларын зерттеу арқылы болашақ педагогтардың кәсіби дайындық деңгейін көтеру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ежелгі және орта ғасырлар тарихының өзекті мәселелері
Пән ежелгі дүниеден бастап орта ғасырлар кезеңіне дейінгі тарихи үдерістердің негізгі бағыттары мен өзекті мәселелерін зерттеуге арналған. Курста Ежелгі Шығыс, Антикалық Грекия мен Рим, феодалдық қоғам, ортағасырлық қалалар, шіркеу институты мен қоғамдық-саяси ойдың даму ерекшеліктері қарастырылады. Курстың мақсаты – ежелгі дүние мен орта ғасырлар тарихының өзекті мәселелерін зерттеуге ғылыми негізде баулу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Білім берудегі оқыту технологиялары
Бұл пән болашақ педагогтарды білім беру технологияларын тиімді қолдануға, білім беру үдерісін тиімді ұйымдастыру және оның сапасын арттыру мақсатында қолданылатын түрлі педагогикалық технологияларды тиімді жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асыруды қарастырады. Магистранттардың ойлау қабілеттерін, шығармашылық және аналитикалық дағдыларын дамытуға ықпал етеді, білім беру процесін инновациялық тұрғыдан қайта құруға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шетел тілі (кәсіби)
"Шетел тілі (кәсіби)" курсы тілдік емес мамандықтар магистранттарының мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Курс академиялық жазу нормаларын меңгеруді, сыни талдау дағдыларын дамытуды, ғылыми шолуларды, аннотацияларды дайындауды, жүргізілетін зерттеулер тақырыбы бойынша рефераттар мен библиографияларды құрастыруды қарастырады. Мақсаты шетел тілін меңгерудің жалпыеуропалық шкаласын меңгерту.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Қазақстан Кеңестік империя құрамында: саясат, экономика, әлеуметтік қатынастар, мәдениет
Курс Қазақстанның Кеңестік империя құрамындағы тарихи дамуын саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени аспекттерде кешенді түрде қарастырады. Пән аясында кеңестік биліктің басқару жүйесі, жоспарлы экономика, ұжымдастыру, индустрияландыру, демографиялық өзгерістер, ұлттық мәдениетті трансформациялау үдерістері зерттеледі. Мақсаты кеңестік кезеңдегі Қазақстанның саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамуын кешенді талдау арқылы магистранттардың тарихи ойлау, зерттеу дағдыларын қалыптастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Орталық Азиядағы мұсылмандық модернизация (ХХ ғ. басы)
Курста магистранттар империяның түрік-мұсылман халықтарының саяси және құқықтық дәрежесінің ерекшелігі, жадидизм, түрікшілдік тарихы, оның тарихи кезеңдердегі эволюциясы және оның қазақ ұлт-азаттық қозғалысындағы орны мен маңызы қарастырылады. Пәннің мақсаты: жадидизмнің мәдени-ағартушылық және реформаторлық рөлін, Орталық Азия халықтарының мәдени және саяси модернизациясы мен түрікшілдік доктринасының ХХ ғ. дамуын зерттеу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Археологияның іргелі мәселелері
Курста Қазақстандағы археология ғылымының теориялық-методологиялық негіздері, негізгі ұғымдары мен зерттеу бағыттары, іргелі мәселелері қарастырылады. Сонымен бірге археологиялық мәдениеттерді кезеңдеу, материалдық мәдениет ескерткіштері, далалық зерттеу әдістері талданады. Пәннің мақсаты – археологияның іргелі мәселелерін зерттеу арқылы магистранттардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру, археологиялық материалдарды талдау және мәдени-тарихи құбылыстарды кешенді түрде түсіндіру қабілетін дамыту.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жаңа және қазіргі заман тарихының іргелі мәселелері
Курста жаңа және қазіргі заман тарихындағы іргелі мәселелер, маңызды тарихи үдерістер мен құбылыстар қарастырылады. Сондай-ақ тарихи дамудың заңдылықтары мен кезеңдері ғылыми тұрғыда зерделенеді. Пәннің мақсаты – жаңа және қазіргі заман тарихындағы маңызды тарихи үдерістер мен құбылыстарды ғылыми тұрғыдан зерттеу дағдыларын қалыптастыру және тарихи процестерді кешенді талдай білу қабілетін дамыту.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тарихи зерттеулер мен білім берудегі ақпараттық технологиялар
Курста тарихи зерттеулер мен оқыту үдерісінде ақпараттық технологияларды тиімді пайдаланудың теориялық және практикалық негіздері қарастырылады. Сандық деректермен жұмыс істеу, мультимедиялық құралдар, білім беру платформаларын қолдану жолдары зерделенеді. Пәннің мақсаты – тарихи зерттеулер мен білім беру үдерісінде ақпараттық технологияларды тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыру, деректерді цифрлық өңдеу, сақтау және ұсынудың заманауи әдістерін меңгерту.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тарихнама мен деректанудың теориялық-методологиялық мәселелері
Курста тарихнама мен деректанудың теориялық, әдіснамалық мәселелері, методологияның теориялық негізі, тарих методологиясы, тарихилық принципі, өзектілік принципі. нақтылық принципі, тарихнаманың функциялары, тарихнама жұмысын жүргізу түрлері, тарих ғылымының методологиясындағы жалпы және ерекше, заңдылықтар туралы жалпы ереже, фактіге жалпы көзқарас, дереккөзге заманауи көзқарастар қарастырылады. Мақсаты тарихнама мен деректанудың теориялық-методологиялық мәселелерімен таныстыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Отандық тарихтың іргелі мәселелері
Курс шеңберінде Қазақстан тарихының теориялық және әдістемелік мәселелері, қазіргі кезеңдегі отандық тарихты тұжырымдамалық тұрғыдан қайта қарастыру мәселелері қарастырылады. Сондай-ақ қазақ халқының дәстүрлі өмір салты мен әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер және олардың тарихи салдарларына терең талдау жүргізіледі. Пәннің мақсаты – отандық тарихтың өзекті мәселелерін ғылыми-теориялық тұрғыда зерделеп, магистранттардың зерттеу дағдыларын жетілдіру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тәуелсіз Қазақстан тарихының іргелі мәселелері
Бұл курс тәуелсіз Қазақстанның тарихи дамуындағы іргелі мәселелерді кешенді және жан-жақты зерттеуге бағытталған. Пән аясында елдің тәуелсіздік алу кезеңінен бастап қазіргі заманға дейінгі саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени трансформациялар қарастырылады. Пәннің мақсаты – тәуелсіз Қазақстан тарихының іргелі мәселелерін ғылыми тұрғыдан терең зерттеу арқылы магистранттардың мемлекеттің қалыптасуындағы күрделі процестерді жан-жақты түсіну қабілетін қалыптастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақ халқының мәдени мұрасының зерттелу тарихы
Курста қазақ халқының мәдени мұрасын зерттеудің әдіснамалық негіздері, мәдени мұра құндылықтарының ұлттық сана-сезімді қалыптастырудағы рөлі мен өркениеттік даму аясындағы маңызы қарастырылады. Сондай-ақ мәдени мұраны зерттеудің өзектілігі мен қазіргі заманғы ғылыми бағыттардағы орны сипатталады. Пәннің мақсаты – қазақ мәдени мұрасының тарихи маңызын ашу және оны өркениеттік тұрғыдан түсіндіру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Отан тарихын кезеңдеу мәселелері
Курста отандық, шетелдік тарихнамалардағы кезеңдеу ұстанымдары, түрлі ғылыми мектептердің көзқарастары, тарихи үдерістердің мазмұны мен құрылымын түсіндірудегі кезеңдеудің рөлі қарастырылады. Сонымен қатар Қазақстан тарихын дәуірлеудің өзекті мәселелеріне, балама үлгілеріне талдау жасалады. Пәннің мақсаты – Қазақстан тарихын кезеңдеудің ғылыми негіздерін меңгерту, түрлі кезеңдеу үлгілерін талдау арқылы тарихи үдерістерді жүйелі түрде бағалай білу қабілетін қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Күнделікті өмір тарихы
Курста «күнделікті тарих» ұғымының мәні, оның теориялық, методологиялық негіздері, дерек көздерінің ерекшеліктері мен тарихнамалық дамуы қарастырылады. Сонымен қатар қазақ қоғамының тарихи-әлеуметтік құрылымы, Қазақстан қалалары мен ауылдарындағы күнделікті өмірдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени ерекшеліктері талданады. Пәннің мақсаты – күнделікті өмір тарихының теориялық негіздерін меңгерту және қоғамдағы әлеуметтік-мәдени өзгерістерді талдау дағдыларын қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Этнологияның іргелі мәселелері
Курс мазмұны этнология ғылымындағы өзекті зерттеулерге, жаңа теориялық тәсілдер мен әдіснамалық бағыттарға негізделген. Сонымен қатар этностық шекара, этникалық сәйкестілік, этномәдени трансформация және қазіргі кезеңдегі этносаралық қатынастар мәселелері қарастырылады. Пәннің мақсаты – этнологияның теориялық-әдіснамалық негіздерін меңгерту, қазақ халқының этникалық тарихын, дәстүрлі мәдениетін, әлеуметтік құрылымын ғылыми тұрғыдан талдай білу дағдыларын қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Алаш қозғалысының тарихнамасы және деректану
Курста Алаш қозғалысына қатысты отандық және шетелдік зерттеулерге талдау жасалып, Алаш қайраткерлерінің идеялары мен қызметі, ХХ ғасырдың басындағы ұлттық саяси элитаның қалыптасу үдерісі тарихи деректер мен ғылыми еңбектер негізінде қарастырылады. Пәннің мақсаты – Алаш қозғалысының тарихнамасы мен деректік негіздерін ғылыми тұрғыдан меңгерту, деректерді талдау арқылы қозғалыстың тарихи маңызын бағалай білу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тарихи зерттеулер құрылымы
Бұл пән тарихи зерттеудің теориялық-методологиялық негіздері мен құрылымдық элементтерін зерделеуге арналған. Курста ғылыми тақырыпты таңдау, мақсат пен міндет қою, дереккөздерді талдау, әдістерді негіздеу, зерттеу нәтижелерін жүйелеу, қорытынды жасау сияқты тарихи зерттеу жүргізудің негізгі кезеңдері қарастырылады. Пәннің мақсаты – магистранттарды тарихи зерттеудің құрылымымен, оның негізгі кезеңдерімен және ғылыми-әдістемелік талаптарымен таныстыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстандағы тоталитаризм және саяси репрессиялар тарихы
Курста тоталитаризм ұғымы, оның мазмұндық сипаттамалары және типологиясы, XX ғасырдың зерттеушілерінің еңбектеріндегі тоталитаризм тұжырымдамасы, тоталитаризмнің негізгі белгілері, институттары, саяси режим ерекшеліктері және оның негізгі тарихи формалары, тоталитаризмдегі идеологияның рөлі, Қазақстан аумағында лагерь жүйесін қалыптастыру қарастырылады. Мақсаты тоталитарлық мемлекет жүзеге асырған зұлматтың себеп-салдарын талдау .
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Архив құжаттарымен жұмыс жасау әдістемесі
Курста архив құжаттарының түрлері мен құрылымы, олармен ғылыми жұмыс жүргізудің әдістемелік негіздері қарастырылады. Сонымен бірге архивтік деректерді іздеу, жүйелеу, деректанулық талдау және оларды тарихи зерттеулерде қолдану тәсілдері меңгеріледі. Пәннің мақсаты – архив құжаттарымен жұмыс істеудің әдістемелік негіздерін меңгерту және оларды ғылыми зерттеулерде тиімді пайдалануға дағдыландыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Қоғамдық сананы модернизациялаудың негізгі бағыттарын іске асыруға ықпал ететін ғылымның тарихы мен философиясы туралы тиісті білімін көрсетеді. Ғылымды игеруде қажетті шет тілдерінің ауызша және жазбаша формаларын коммуникативті аспектіде және әлеуметтік орта контекстінің кең спектрінде меңгеріп, тарих ғылымының өзекті мәселелеріне талдау жасауға қабілетті.
- Психологиялық-педагогикалық ғылым саласындағы мәселелерді шешуге және дәлелдемелерді қалыптастыруға бағытталған, инновациялар мен ғылыми әзірлемелерге негізделген дамудың интенсивті әдіс-тәсілдерін тұжырымдайды. Жоғары мектеп оқытушыларының білімін және ғылыми түсініктерін кәсіби деңгейде қолдана отырып, білім берудегі жаңа парадигмаларды тануға бағытталған ғылыми әдістерді жіктейді. Оқу үдерісінде заманауи оқыту технологиялары мен білім беру ресурстарын тиімді қолданады.
- Әлемдік, Отандық тарихтың, археология, этнологияның іргелі мәселелері, тарихнама мен деректанудың маңызды теориялық және әдіснамалық мәселелерінің өзектілігін негіздейді. Шетелдік және отандық тарихнамадағы жаңа бағыттарды, қазіргі заманғы көзқарастар мен тұжырымдамаларды салыстыра отырып талдайды. Тарих методологиясы мен тарих ғылымының әлеуметтік функцияларын бағалайды.
- Архив құжаттарын тарихи зерттеулерде, өлке тарихын зерттеуде және білім беруде, практикада қолданады. Өркениеттік теория аясында халықтың мәдени дамуының заңдылықтары мен үрдістерін ғылыми тұрғыда түсіндіреді.Тарихи құндылықтарды бағалап, зерттеу нәтижелерін ұсына біледі.
- Практикалық қызмет барысында өзінің кәсіби дайындық деңгейін бағалайды. Тарихи-зерттеулер құрылымын, тарих ғылымының негізгі кезеңдерін сипаттайды, зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді. Тарих ғылымының теориялық және іргелі білімін ғылыми-зерттеу жұмыстарында, диссертацияларды орындауда қорытындылайды.
Ұқсас БББ
7M01601 Тарих педагогтерін даярлау
Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті
7M01601 Тарих
Қызылорда "Болашақ" университеті
7M01601 Тарих
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
7M01601 Тарих
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
7M01601 Тарих
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
7M01601 Тарих
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
7M01601 Тарих
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
7M01601 Тарих
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
7M01601 Тарих
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)
7M01601 Тарих
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
7M01601 Тарих
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
7M01601 Тарих педагогтарын даярлау
М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
7M01601 Тарих педагогін даярлау
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)
7M01601 Тарихшы педагог
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
7M01601 Тарих
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
7M01601 Тарих
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті