6B01510 География в QYZPU
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Географияны оқыту саласында педагогикалық қызметті жүзеге асыру үшін іргелі білімі мен инновациялық әдістеріне ие кәсіби кадрларды даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B014 География мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Дүниежүзі тарихы және География
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
Пәндер
-
Жертану және жаратылыстану
Пән - Жердің атмосфера, гидросфера, биосфера, литосфера қабықтары, Жердің пайда болуы және оның дамуы, Жерде тіршіліктің пайда болуы және оның эволюциясы, табиғат пен қоғамның өзара жүйелі байланысы туралы білімдер қалыптастырады. Студенттер Жердің қабаттары және олардың өзіне тән ерекшеліктерін көрсетеді. Жерде адамның пайда болуы және оның эволюциясы туралы ғалымдардың ғылыми пікірлерін талқылайды. Табиғи құбылыстар мен үрдістердің пайда болу себептерін анықтайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Математикалық статистика негіздері
Пәннің мақсаты - студенттерді жүйелі ойлаудың формалары мен заңдылықтарымен таныстыру, студенттерді жүйелі ойлауға үйрету, оларда негізделген дәлелдеу дағдыларын дамытуға көмектесу болып табылады. Студенттер деректерді жинау, өңдеу және идеялар ұсыну процесін түсінеді, қарастырылатын объектінің немесе құбылыстың жағдайын бағалауда деректерді сандық және сапалық талдауды қолдану дағдылары қалыптасады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экономика және кәсіпкерлік негіздері
Пән студенттердің кәсіпкерлік дағдылары мен іскерлік ойлауын қалыптастыруға бағытталған. Студенттер экономиканың, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру шарттарын, оның ішкі және сыртқы ортасының заңдылықтарымен жан-жақты танысу арқылы бизнес-жоспар, жеке бизнесті құру және өз бизнесін сәтті жүргізу дағдыларына ие болады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Эмоционалды интеллект
Пән педагогтарға Қазақстанның мемлекеттік білім беру саясатының стратегиялық бағыттары мен басым бағыттары контекстінде тьютордың рөлін меңгертуге бағытталған. Студенттер эмоционалды интеллект пен икемді құзыреттіліктердің заманауи мектептің оқу-тәрбие процесіндегі орнын анықтайды. Олар икемді дағдыларды, оның ішінде цифрлық ортада дамытуды ескере отырып, оқу қызметін ұйымдастырудың заманауи әдістері мен технологияларын қолданады. Әртүрлі жасерекшелік топтарындағы білім алушылардың эмоционалды интеллектін бағалау және дамыту технологияларын меңгерген.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экология және тұрақты даму
Экология және тұрақты даму курсы студенттердің экологиялық дағдыларын дамытуға, заманауи экологиялық мәселелерді шешуге, қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты дамыту жолдарын қалыптастыруға, студенттердің экологиялық санасын және қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілігін арттыруға бағытталған.Нәтижесінде студенттер экологиялық тенденцияларды талдау және басым бағыттарды қалыптастыру, табиғатты қорғау бойынша нақты міндеттерді қою арқылы өмірлік маңызды тұрақтылықты сақтауды үйренеді. Сондай-ақ студенттер қазіргі заманғы экологиялық саясаттың негізгі бағыттарын, жаһандық, аймақтық және жергілікті деңгейде экологиялық проблемаларды шешудің практикалық тәсілдерін анықтай алады, сонымен қатар тұрақты даму мақсаттарына жету үшін табиғи ортаның сапасын басқарудың әртүрлі құралдарын қолдана алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қаржылық сауаттылық
Пән білім алушылардың қаржы жүйесі, қаржылық тәуекелдер, қаржы институттары және олардың өнімдері туралы білімдерін игеруге бағытталған. Нәтижесінде студенттер әртүрлі дерек көздерден қаржылық ақпаратты іздеуді, талдауды, түсінуді, бағалауды үйренеді және алған ақпаратты қаржылық мәселелерді шешу үшін пайдалана алады.Жалпы бұл курс қаржылық алаяқтықтың жоғары тәуекелі жағдайында білім алушыларда сауатты, ұтымды қаржылық мінез-құлықты қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Құқықтық сауаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Курс құқықтық сауатты, заңға бағынатын тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Студенттер өздерінің құқықтары мен міндеттерін біледі және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік танытады. Студенттер өз қызметінде қазақстандық қоғамның әлеуметтік, құқықтық және этикалық нормаларын қолдана алады . Курс қоғамдағы заңның үстемдігі, этикалық принциптері мен сыбайлас жемқорлықпен күресу принциптері туралы түсінік қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Картография
Пән - географиялық карталар, картографиялық бейнелеу түрлері, карта бойынша өлшеу жұмыстарын жүргізу туралы білім қалыптастырады. Студенттер картографияның теориялық негіздерін, карталардың мазмұнын, математикалық және геодезиялық негіздерін, элементтерін біледі. Карталардың түрлері мен типтерін жіктейді. Карта бойынша масштабын, координаталар жүйесін, шартты белгісін анықтайды. Карталардағы бұрмалану мен картографиялық проекциялардың түрлерімен, географиялық карталарды жасаудың технологияларымен танысады. Карталарды құрастыруды, картаны құру принциптерін, картографиялық кескін жасауды және оны түрлендіруді түсінеді. Географиялық карталарды дұрыс пайдалануды біледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Қазақстанның туризм географиясы
Пән - Қазақстан Республикасының туристік-рекреациялық ресурстарының аймақтық ерекшеліктерін ескере отырып, сыртқы және ішкі туризм туралы білім береді. Қазақстанның қызмет көрсету түрлерін, туризм индустриясының дамуын, туристік потенциалын қалыптастыру жолдары туралы түсінік қалыптастырады. Студенттер Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтары (қорықтары, ұлттық саябақтары, табиғат ескерткіштері) және олардың ерекшелігі, табиғатты қорғаудағы, туризмді дамытудағы маңызын біледі. Студенттер Қазақстан Республикасында жергілікті саяхаттарды, турларды өткізуді жоспарлайды. Туризмнің әр түрлі саласында белсенді жорықты ұйымдастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Көшбасшылық негіздері және инновацияларға бейімделу
Пәнді игеру арқылы әрбір студент жеке тұлға ретінде көшбасшылық қасиеттерін ашу және дамыту, инновациялық үдерістерден туындаған жаңалықтарға бейімделу дағдыларын дамыту, сонымен бірге ғылыми-техникалық үдерістер нәтижелерін кәсіби қызметінде қолдана алу мүмкіндіктеріне үйренеді.Басқарудағы көшбасшылық қасиеттер мен адами фактордың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын оқып біледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Академиялық мақсаттағы ағылшын тілі
Пән студенттерде ғылыми стильдің жанрлық түрлері туралы білімн қалыптастырады, кәсіби қызмет саласында ақпарат пен деректерді жинаудың, сақтаудың және өңдеудің заманауи әдістерін меңгертеді, сонымен қатар сөйлеу әрекетінің оқу, сөйлеу, сөйлеу. жазу, тыңдау сияқты төрт түрі бойынша академиялық байланыс дағдыларын дамытады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Педагогикалық психология
Пәннің мақсаты әр түрлі жас кезеңдерінде оқыту және тәрбиелеу психологиясы саласындағы білімді қалыптастыру болып табылады. Оқушыларды мектепте жетістікке жетуге ынталандырудың психологиялық жолдары туралы нақты түсінік қалыптасады және танымдық процестердің сапасын бағалайды. Студенттер мұғалім-оқушы-ата-ана жүйесінде сындарлы қарым-қатынас үлгілерін ассимиляциялау арқылы коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытады. Курстың соңында олар білім берудегі психологиялық-педагогикалық тәсілдерді сыни тұрғыдан бағалау дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Академиялық жазылым
Академиялық жазылым пәні білім алушыларды функционалды стиль түрлері мен ғылыми мақала жазу, салалық пәндік терминология, іс-қағаздарын жүргізу, академиялық сауаттылық дағдысын қалыптастырады. Сондай-ақ ғылыми баяндамалар жасауға, мәтіндерді кәсіби тұрғыдан талдай білуге, сыни ойлауға, плагиаттан сақтану жолдарын меңгертеді және ғылыми деректер қорынан ақпаратты табуға, жазба жұмысын жүйеліндіруге машықтанады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Геоморфология
Пән - Жер бедері, оның түрлері мен пішіндері, жасы, жаратылысы, таралу заңдылықтары туралы білім қалыптастырады. Студенттер Жердің ішкі құрылысын, даму тарихын, жердің дамуының негізгі кезеңдерін біледі. Рельефтің генетикалық типтерін жіктейді, рельеф түзуші процестерді анықтайды. Жер бедерінің түрлері мен пішіндерін сипаттайды. Жердің қазіргі динамикалық өзгерістерін, геоморфологиялық картаны талдайды. Жерді шаруашылықта тиімді пайдалануды, жер бетінің қалыптасуындағы антропогендік факторларды талқылайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Геология
Пән- Жердің пайда болуы мен дамуы, Жердің ішкі құрылысы, Жер қыртысының құрамы, геологиялық процестер туралы білім қалыптастырады. Студенттер Жердің ішкі құрылысын, даму заңдылықтарын, құрылымдық элементтерін біледі. Жер қойнауында және жер бетінде болып жатқан сыртқы және ішкі геологиялық процестерді сипаттайды. Пайдалы қазбалардың пайда болуы және оларды тиімді пайдалану жолдарын біледі. Тау жыныстарының абсолюттік және салыстырмалы жасын анықтайды. Тау жыныстары мен минералдарды салыстырады. Геологиялық картаны талдайды. Геологиялық қима дайындайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Топырақ географиясы
Пән топырақтың түзілу факторлары мен процестерін, топырақтың қалыптасу үрдісін, топырақтардың жер шарында немесе белгілі бір аймақта кезектесіп орналасуын, орын ауыстыруын, даму үрдістерін, географиялық таралу заңдылықтарын, сыртқы ортамен өзара байланысын түсіндіреді. Студенттер топырақтың құрылысын, құрамын, қасиеттерін, анықтайды. Топырақ түрлерін есте сақтайды. Топырақты тозудан қорғайды. Топырақ құнарлылығын арттырудың негізгі жолдарын ұсынады. Топырақ карталарын жасайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Гидрология
Пән - Гидросфера қабаты және оның элементтері, гидросферада болып жатқан гидрологиялық құбылыстар мен процесстер, су объектілерінің ерекшеліктері, олардың қоршаған ортамен өзара байланысы туралы білім береді. Студенттер табиғи суларда өтіп жатқан процестерді, су қорларын сипаттайды. Су нысандарының гидрологиялық режимін, су ресурстары және оларды тиімді пайдалану жолдарын біледі. Табиғаттағы су айналымын, адамның шаруашылық әрекетінде судың маңызын түсінеді. Гидрологиялық проблемалар және оларды шешу жолдарын талқылайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Географиялық орта және тұрақты даму
Пән - географиялық орта және қоғамның тұрақты дамуының негізгі заңдылықтарын, географиялық ортаның экологиялық факторларын, ғаламдық экологиялық мәселелерді, тұрақты даму саласындағы концепцияларды, Қазақстанның тұрақты даму бағыттары туралы білім қалыптастырады. Студенттер географиялық ортадағы экологиялық проблемаларды талдайды. Адам, қоғам, табиғат арасындағы қарым-қатынастарды саралайды. Географиялық ортаның экологиялық жағдайы мен тұрақтылығын болжайды. Табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды негіздейді, географиялық ортаны оңтайландырудың жолдарын ұсынады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Инклюзивті білім беру
Пән студенттердің әрбір мүшесі өзінің құндылығы мен маңыздылығын сезінетін инклюзивті қоғам қағидалары туралы түсінігін қалыптастыруға және дамытуға бағытталған. Оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты физиологияны, анатомияны жақсы біледі, жасерекшелік физиологиясы туралы терең білімге сүйене отырып, танымдық дағдылардың қағидаларын түсінеді, ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс жасай алады, инклюзивті білім беру ортасын құрудың стратегияларын біледі және оны жүзеге асыра алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Өлкетану
Пән белгілі бір аумақты кешенді ғылыми зерттейді. Пән өлкетану жұмыстарының түрлері мен формаларын, маңыздылығын, өлкетану мен экологияның өзара байланысын баяндайды. Табиғи, тарихи, мәдени, әлеуметтік орындарды жіктейді. Өлкенің тарихы мен өткені, мәдениеті, топонимикасы, шаруашылығы, халықтың ұлттық ерекшеліктері, табиғи және мәдени-тарихи объектілері, ескерткіштері туралы ақпараттар мен деректерді жинайды, жүйелейді. Түрлі мақсаттағы экскурсияларды ұйымдастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Топография геодезия негіздерімен
Пән картографиялық бейнелеу мен топографиялық түсірілімдердің түрлерін, карта бойынша өлшеу жұмыстарын қарастырады. Студенттер топографиялық картаның мазмұнын біледі, географиялық карталарды жасаудың заманауи технологияларымен танысады. Студенттер жер бетіндегі нүктелердің орнын, географиялық және тік бұрышты координаталарды, дирекциондық бұрыштарды, азимуттарды, нүктенің биіктігін, жергілікті жерде бағдарлауды анықтайды. Геодезиялық құралдарды (теодолит, нивелирлер, электрондық тахометрлер) біледі, қолданады. Топографиялық карталар мен пландарды жасайды. Жергілікті геодезиялық өлшеу жұмыстарын жүргізеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Климатология
Пән-климат оның типтері, қалыптасуы, жер бетінде таралуы және уақыт бойынша өзгеруі туралы білім қалыптастырады. Студенттер Жер планетасының климаттық ерекшеліктерін, олардың себептері мен жағдайларын, климаттың қалыптасуын түсінеді. Атмосфераның құрылымы мен құрамын, температураның, ылғалдылықтың, қысымның кеңістіктік таралуын, ауа массаларының қасиеттерін біледі. Жаһандық және жергілікті климаттың өзгеруін, жылыну процестерін талдайды. Атмосфералық құбылыстарды бақылайды. Метеорологиялық бақылау аспаптарымен танысады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Педагогика және дидактика
Пәннің мақсаты ғылым ретінде педагогика туралы жалпы түсінік пен зерттеуге бағытталған оқыту концепцияларын қалыптастыру. Студенттер педагогика ғылымының дамуының тарихи алғы шарттарын меңгереді, дидактиканың негізгі заңдылықтары мен қағиаларын түсінеді. Студенттер цифрлық құралдарды пайдалана отырып, өзекті ғылыми ақпараттарды іздеуді және талдауды жүзеге асырады, педагогика мен дидактиканың іргелі негіздеріне сүйене отырып, өз көзқарасын білдіруге қабілетті.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Дүниежүзінің физикалық географиясы
Пән-материктер мен мұхиттар туралы білім қалыптастырады. Материктердің физикалық - географиялық ерекшеліктері, мұхиттардың экологиясы және олардың табиғи ресурстарын тиімді пайдалану жолдары көрсетіледі. Студенттер құрлықтардың пайда болуын, ашылу тарихын, зерттелу кезеңдерін, мұхит суларының ерекшеліктерін біледі. Студенттер материктердің жер бедерін, климатын, ішкі суларын, топырағын, өсімдіктер жамылғысы мен жануарлар дүниесін салыстырады. Материктердің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Кәсіби этика және сәйкестік
Пәннің мақсаты студенттерді кәсіби педагогикалық ортада қабылданған көзқарастармен, құндылықтармен, білімдермен, сенімдермен және дағдылармен таныстыру. Студенттер педагогикалық немесе басқа да қызмет аясында көшбасшылық және белсенділік дағдыларын, Қазақстанның ұлттық және мәдени құндылықтарына деген сүйіспеншілігін дамытады, кәсіби этикамен танысады, оны құндылық ретінде қабылдай отырып, қатаң сақтауды үйренеді. Студенттер мансап жолын жоспарлай отырып, өзін-өзі талдау және өзін-өзі басқару дағдыларын дамытады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Географияны оқыту әдістемесі
Пән - географияны оқытуда оқу жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыру формаларын, инновациялық технологиялар, педагогикалық әдістер туралы білім қалыптастырады. Студенттер География бойынша мектеп бағдарламалары мен оқулықтарының мазмұнын біледі, сабақ жоспарларын әзірлейді, критериалды бағалау жүйесін меңгерген, инновациялық әдістер мен технологияларды, географиялық оқыту құралдарын пайдаланады. Студенттер оқыту әдістері мен оқушы білімін байланыстыра отырып, педагогикалық шеберлігін жетілдіреді, оқушының таным қабілетін дамыту мүмкіндіктерін ашады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 10
-
Жасанды интеллект негіздері
Бұл пәнді оқудың мақсаты жасанды интеллект (ЖИ) саласындағы теориялық білім мен дағдыларды және жасанды интеллекттің заманауи құралдары мен әдістерін қолданудың практикалық дағдыларын қалыптастыру.Студенттер AI туралы негізгі түсініктермен танысады; негізгі AI тұжырымдамалары мен әдістерін үйренеді; негізгі интеллектуалды бағдарламалық жүйелерде ЖИ ұсынылған теорияларын, әдістері мен принциптерін қолдану қабілетін алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Критериалды бағалау технологиясы
Пән технологияны оқу үдерісінде практикалық қолдануды оқытады. Курс білім беру мақсатындағы таксономияның негізінде және білім алушының білім деңгейіне сәйкес оқыту нәтижелерін бағалаудың критерийлері мен формативтік және жиынтық тапсырмаларды әзірлеу дағдыларын қалыптастыра отырып, оқыту нәтижелері мен әдістерінің өзара талаптары мен мақсаттарын үйретеді және бақылаудың рейтингтік жүйесінің тұжырымдамасын ашады
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстанның физикалық географиясы
Пән- Қазақстан аумағының қалыптасуы мен дамуы, геологиялық кезеңдері туралы білім қалыптастырады. Студенттер Қазақстан аумағы табиғатының зерттелу тарихын біледі. Қазақстанның географиялық орнын, табиғат жағдайын, пайдалы қазбалардың түрлерін сипаттайды, табиғи-аумақтық кешендердің ерекшеліктерін біледі. Қазақстанның климатын, ішкі суларын, топырағын, жануарларын, өсімдіктерін, пайдалы қазбаларын зерттейді. Физикалық аймақтары мен ерекше қорғалатын аумақтарына шолу жасайды. Жер қойнауын тиімді пайдалануды, қоршаған орта экологиясының мәселелерін талқылайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Биогеография
Пән тірі ағзалар мен олардың қауымдастықтарының географиялық таралуы, өсімдік жамылғысының құрылымы мен бүкіл планетаның жануарлар популяциясы құрылымы туралы білімді қалыптастырады. Пән биотаны саралаудағы экологиялық және тарихи факторлардың арақатынасын зерттеп, жер мен мұхиттардың биологиялық әртүрлілігін сақтау мәселелерін шешеді. Студенттер тірі ағзалардың бұрынғы және қазіргі таралу ерекшеліктерін салыстырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Топонимика
Пәнде топонимика туралы ұғымдар мен түсініктер, топонимиканың теориялық негіздері, топонимдер, географиялық атаулардың негізгі топтары, топономикалық жүйелердің қалыптасуына әсер етуші факторлар қарастырылады. Пән географиялық атауларды, олардың шығу тегін, семантикалық мағынасын, мәнін, топонимика бөлімшелерін, топонимдердің мен этимологиясын, топонимикадағы сөзжасам принциптерін, картографиялық топонимикадағы қатарлар заңын, жергілікті дамуын, қазіргі жағдайын, негізгі топтарын, жазылуын және айтылуын оқытады. Студенттер топонимдерді топтар бойынша біріктіреді, географиялық атаулардың мағынасын анықтайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Географиялық ақпараттық жүйелер
Пән географиялық ақпараттық жүйелердің құрылымы, классификациясы, функционалдық мүмкіндіктері, географиялық ақпарат пен жүйелердің дерекқорын әзірлеу туралы түсінік қалыптастырады. Студенттер географиялық ақпараттарды енгізу, сақтау, өңдеу, талдау, визуализациялау үшін қолданылатын толық функционалды бағдарламалармен танысады. Бағдарламалық құралдарды пайдалануды, компьютерлік желілерде жұмыс жасауды үйренеді. Студенттер геоақпараттық технологияларды пайдалана отырып, географиялық деректердің топтарын құрады, картографиялық жұмыстардың түрлерін құрастырып, өңдейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы
Пән - Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісін, халқы мен еңбек ресурстарын, экономикасын, шаруашылығын сипаттайды. Қазастанның табиғи ресурстарын, шаруашылық салаларын жіктейді. Студенттер Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және геосаяси жағдайын, әлем елдері арасындағы рөлі мен орнын талқылайды. Қазақстанның экономикалық дамуын басқа елдермен салыстырады. Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстары туралы пікір білдіреді. Қазақстанның қазіргі экономикалық жағдайын бағалайды. Қазақстанның экономикалық аудандары мен аймақтарын бөледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік географиясы
Пән - дүние жүзіндегі мемлекеттердің экономикалық-әлеуметтік жағдайын сипаттайды. Елдердің экономикалық, әлеуметтік, саяси, экологиялық мәселелерін, мемлекеттер арасындағы геоэкономикалық байланыстарды қарастырады. Студенттер дүние жүзінің саяси картасының қалыптасу кезеңдерін, сандық және сапалық өзгерістерін талқылайды, дүние жүзі елдерін топтастырады, дүние жүзілік шаруашылықтың салаларын (өндіруші және өңдеуші) бөледі, дүниежүзінің табиғат байлықтарын, халқын, еңбек ресурстарын жіктейді, дүние жүзі елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуын салыстырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Геоэкономика және елтану негіздері
Пән - геоэкономика түсінігінің мәні, зерттейтін нысандары, геоэкономиканың теориялық негіздері, геоэкономиялық стратегия және геоэкономикалық кеңістік, геоэкономикалық зерттеулер туралы білім қалыптастырады. Студенттер геоэкономиканың категорияларын біледі, геоэкономика мен экономикалық география арасындағы айырмашылықты ажыратады, елдер мен аумақтардың әлеуметтік-экономикасы туралы мәліметтерді жинайды, сипаттайды, елдер мен аймақтардың экономикалық дамуын салыстырады, сыртқы және ішкі экономикалық саясатын талқылайды, талдайды, елдер мен аймақтардың географиялық кеңістіктегі рөлін анықтайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Физикалық және экономикалық зерттеу әдістері
Пән географиялық білім беру мен географиялық зерттеулер жүргізуде географиялық зерттеу әдістерін қолданудың теориясы мен практикасын меңгертеді. Пән географиялық зерттеу әдістерінің мәні мен зерттеу нысандарын, негізгі және заманауи әдістерін оқытады. Студенттер географиялық зерттеу әдістерінің мәнін түсініп, географиялық әдістерді жіктейді. Тәжірибелік, эксперименттік, аналитикалық жұмыстарды жүргізуде географиялық әдістерді қолданады. Географиялық нысандарды, құбылыстарды, процесстерді зерттеу барысында географиялық жазбаларды құру, графикалық материалдарды алу үшін географиялық әдістер мен тәсілдерді пайдаланады. Жобаларды дайындап, талқылайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Геосаясат және геоурбанистика
Пән - геосаяси теорияның қағидалары, негіздері, әдістері, геосаясаттың ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы, ғаламдану жағдайындағы геосаясаттың ерекшеліктері туралы білім қалыптастырады. Студенттер саяси географияның теориясын, мәнін, негізгі түрлерін біледі. Отандық және шетел ғалымдардың саяси идеяларын талқылайды. Қала жүйелерінің қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін, қала құрылысының ерекшеліктерін еске түсіреді. Қала тұрғындарының, ірі қалалар мен қалалық агломерациялардың қарқынды өсуін салыстырады. Қалаларда халықтың қоныстануын, жерлердің пайдалануын, тұрақты қалалық дамудың стратегиялық бағыттарын талқылайды, талдайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Педагогикалық зерттеулер негіздері
Пән педагогикалық зерттеу саласында зерттеушілік дағдыларды дамытуға бағытталған. Студенттер зерттеудің негізгі сапалық және сандық әдістерін біледі, ғылыми әдебиеттерді талдай алады, Action research, lesson study әдістемелерін, бақылау мен рефлексияны меңгерген. Студенттер деректерді өңдей алады және көпшілікке ұсыну үшін зерттеу нәтижелерін ауызша және жазбаша түрде құрастыра алады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 10
-
Геоглобалистика
Пән - ғаламдану процестері, жаһандық проблемалардың (климаттың жылынуы, шөлдену үдерісі, демографиялық дағдарыс, кедейшілікпен күрес, соғыс және бейбітшілік) табиғаты мен себептері, өзара қарым қатынасы және оларды шешудің ықтимал жолдары туралы білім береді. Антропогендік әрекеттердің биосфераға әсерін, қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы туралы түсінік қалыптастырады. Студенттер ғаламдық проблемалардың оң және теріс әсерлерін, жағымсыз әсерлердің алдын алу жолдарын және жаһандық проблемаларды шешудегі Қазақстандық сектордың роліне талдау жасайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Рекреациялық география
Пән - аймақтардың рекреациялық ресурстары және олардың географиялық таралу заңдылықтары туралы білім қалыптастырады. Студенттер рекреациялық ұғымдар мен түсініктерді, рекреациялық ресурстарды тиімді пайдалану жолдарын біледі. Әлемнің әр түрлі аймақтары бойынша табиғи рекреациялық ресурстарды оларға әсер ететін географиялық факторларды сипаттайды. Әлемнің жекелеген елдері мен аймақтарындағы рекреациялық орындарды анықтайды. Рекреациялық ресурстардың ахуалын бағалайды. Рекреациялық қызметтің сапасын өзара салыстырады. Рекреациялық қызмет пен денсаулық сақтау жүйесін байланыстырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Әлеуметтік-мәдени әртүрлілікті ескере отырып, қарым-қатынастың әртүрлі форматтарын пайдаланады, әл-ауқатты және инклюзивті ортаны қалыптастыруда білім берудегі теңдік пен қолжетімділік қағидаларын құрметтейді, көшбасшылық қасиеттерге ие және оларды ұжымдық әлеуетті дамыту үшін қолдана алады.
- Кәсіби тапсырмаларды орындау үшін өзін-өзі реттеу мен рефлексияға қабілетті, жоғары деңгейдегі сыни және шығармашылық ойлау дағдыларын меңгерген.
- Сандық технологияларды зерттеулер мен қолдануда әдеп және құқықтық нормаларды сақтайды және біледі. Сандық ақпаратпен және деректерді қорғаумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын қолданады, сандық ресурстарды белсенді, қауіпсіз және әдепті пайдалануға ықпал етеді.
- География ғылымының теориялық негіздерін, жер шарына тән заңдылықтарды және олардың себептерін біледі, географиялық карталар мен пландарды жасайды, талдайды, картографиялық-геодезиялық өлшеу және далалық зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
- География ғылымының тарихын, негізгі мәселелерін, болашағын талқылайды, физикалық-географиялық жағдайды сипаттайды, табиғи аумақтық кешендерді және олардың орналасу ерекшеліктерін ажыратады, географиялық нысандар мен рекреациялық орындарды анықтайды.
- Табиғи құбылыстар мен үрдістердің пайда болу себептерін болжайды, анықтайды, салыстырады, табиғат компоненттерінің өзара байланыстарын түсінеді, сипаттайды.
- Экономикалық-географиялық жағдайды сипаттайды, әлеуметтік-экономикалық дамуы мен рекреациялық қызметтің сапасын салыстырады, бағалайды, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жолдарын біледі, жіктейді, талқылайды, бағалайды.
- Геоэкономиканың категорияларын біледі, елдер мен аймақтардың географиялық кеңістіктегі рөлін анықтайды, геоэкономикалық дамуын салыстырады, геоэкономикалық жағдайды бағалайды.
- Саяси географияның мәнін, негізгі түрлерін біледі, сыртқы және ішкі геосаясатты, әкімшілік-аумақтық бөлінуі мен аймақтық саясатын, саяси идеяларды талқылайды. Қалалық агломерацияларды салыстырады, қалалық дамудың стратегиялық бағыттарын талқылайды, талдайды.
- Қоршаған ортаны қорғаудың жолдарын біледі, қоршаған орта экологиясының мәселелерін талқылайды, қоршаған ортаның экологиялық жағдайы мен тұрақтылығын болжайды, қоршаған орта мен адамның өзара байланыстарын жүйелейді.
- Географиялық ұғымдар мен терминдерді, географиялық атаулардың мағынасын анықтайды, географияның оқыту құралдарын, топографиялық құралдарды, геодезиялық аспаптарды, геоақпараттық технологияларды, географиялық зерттеу әдістерін біледі, жіктейді, қолданады.
- Географияны оқытудың инновациялық әдістерін және практикалық іс-әрекет тәсілдерін, критериалды бағалау жүйесін қолдана білуге қабілетті. Педагогикалық және географиялық тәжірибелерді меңгереді, зерттеулер нәтижесін кәсіби қызметінде қолданады.
Ұқсас БББ
6B01510 География
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
6B01510 География-тарих
Alikhan Bokeikhan University (ABU)
6B01510 География және тарих пәндерінің мұғалімі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
6B01510 География-Тарих
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
6B01510 География-Тарих
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
6B01510 География
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)