Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01504 Негізгі мектептегі химия және биология (көп тілде білім беру) в Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Экспериментті қауіпсіз жүргізу дағдысы негізінде зерттеудің физика-химиялық әдістері жабдықтары мен құрал-жабдықтарында химиялық реактивтерді қолдана отырып ғылыми және жобалық жұмыстарды жоспарлау, ұйымдастыру, сонымен қатар академиялық хат ерекшеліктерін білу (аннотация, эссе, рецензия, реферат, ғылыми мақала), зерттеу стратегиялары тұрғысынан ғылыми мәтіндерді талдай білу, химия саласындағы ғылыми жұмыстарды көпшілік алдында ұсыну және талқылау дағдыларын меңгеру
  • Зерттеліп жатқан салада ғылыми зерттеу әдістерін, жасанды интеллектті және академиялық жазу дағдыларын қолдану, кәсіби қызметте академиялық адалдық қағидаттарын сақтау, дене шынықтырудың практикалық негіздерін меңгергенін көрсету.
  • Қазақстан тарихының негізгі заңдылықтарын, философиялық, әлеуметтік-саяси, экономикалық, жаратылыстану және құқықтық білімдердің негіздерін, сондай-ақ қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас жасауды білу және түсіну.
  • Педагогикалық процестің заңдылықтары, мектеп оқушыларының жасына байла нысты физиологиялық ерекшеліктері және қазіргі заманғы бағалау мен оқыту әдістері туралы білімдерін көрсету. Білім алушылардың жеке ерекшеліктері мен білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, критериалды бағалау технологияла рын, заманауи әдістерді, құралдарды, оқыту формаларын қолдану.
  • Көптілді оқыту жағдайында базалық тілдік, коммуникативтік білім мен дағдыларды көрсету; орта мектептің жаңартылған мазмұны шеңберінде оқытудың заманауи белсенді әдістерін, сыни ойлауды дамыту әдістерін, оқыту құралдары мен нысандарын пайдалана білу, білім беру, ғылыми және тәрбие қызметінде тапсырмаларды орындау кезінде шығармашылық тәсілді қолдану
  • Жазбаша жұмыстарды (бақылау, межелік, эссе, курстық және дипломдық жұмыстар) орындау кезінде, емтихандағы жауаптарда, зерттеулерде, өз ұстанымын білдіруде, академиялық қызметкерлермен, оқытушылармен және басқа да білім алушылармен қарым-қатынаста, сондай-ақ бағалауда академиялық адалдықты білдіретін құндылықтар мен қағидаттар жиынтығын түсіну
  • Бейорганикалық, аналитикалық, органикалық, физикалық, коллоидтық химия, биохимияны; ботаниканы, цитология мен гистологияны, зоологияны, өсіімдіктер мен жануарлар физиологиясын, жасушалық микробиологияны қоса алғанда білім берудің жаңартылған мазмұны аясында химиялық және биологиялық ғылымдар саласында білімді, дағдыларды, біліктілікті кәсіби деңгейде пайдалануды көрсету, дамыту, қолдану.
  • Орта білім берудің жаңартылған мазмұнының тұжырымдамасы мен нормативтік - құқықтық базасын, жаңа форматтағы құжаттарды (ҰМЖ, ОМЖ,ҚМЖ) пайдалана отырып оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды білу
Top