7M01601 Тарих педагогтерін даярлау в Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Ұлттық біліктілік жүйесіне және еңбек нарығының талаптарына сәйкес әдістемелік тәсілдерді, Тарихты оқыту әдістемесін және инновациялық білім беру технологияларын қолдану негізінде тарихи және гуманитарлық пәндерді кәсіби оқытуға, сондай-ақ тарих ғылымы саласында дербес ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыруға қабілетті жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M016 Тарих педагогтерін даярлау
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M016 Гуманитарлық пәндер бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
Ғылымметрия және ғылыми мәліметтер базасы
Курстың мақсаты ғылыми қызметті бағалау әдістері, ғылыми мәліметтер базасын пайдалану және ғылыми жарияланымдарды талдау құралдары туралы білім беру. Магистранттар ғылымометрия принциптерін, дәйексөз көрсеткіштерін, ғылыми журналдардың индекстері мен рейтингтерін, сондай-ақ зерттеулер мен ғылыми жетістіктердің тиімділігін бағалау үшін ғылыми ақпаратты іздеу, жинақтау және талдау әдістерін зерттейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Инклюзивті білім беру процесін жобалау
Пәннің мақсаты – инклюзивті және интеграциялық білім беру теориясы мен тәжірибесінде білімді, білік пен дағдыларды жетілдіру; инклюзивті оқытудың аспектілері мен озық әдістерін зерделеу және талдау. Бұл тәсіл жаңартылған білім мазмұнына сәйкестіктің, заманауи гуманистік білім берудің басымдықтарының және социомәдени құбылыстың маңызды элементтерінің бірі ретінде қарастырылады. Магистрант компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, инклюзивті оқытуды ұйымдастырудың тәсілдері, тетіктері мен әдістерін жетілдіреді, инклюзивті білім беруді кешенді жүйе ретінде жоспарлауға және оны педагогикалық қызметтің маңызды құрамдас бөлігі ретінде қабылдауға үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Пән ғылымның даму тарихы, оның әдістері, негізгі тұғырнамалары мен философиялық негіздері туралы жүйелі білім беруді мақсат етеді. Пән магистранттың ғылымның негіздерін тереңірек түсінуге, ғылыми ойлауды дамытуға және ғылымның қоғамдағы рөлін бағалауға көмектеседі. Пәнді игеру арқылы магистрант зерттеушілік мақсаттары мен іс-әрекеттерін жүзеге асыруды және қазіргі таңдағы ғылыми жетістіктерге сыни баға беру, сонымен қатар тарих және философия тарихы саласындағы білімдерді пайдаланудың негізінде білім алушыда ғылыми ойлау және кешенді зерттеулерді жүргізу қабілеті қалыптастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ғылыми зерттеу әдістері
Курс психологиялық-педагогикалық мәселелерді зерттеу жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыру базасын қалыптастырып, ғылыми зерттеу іс-әрекеттерінде тиімділікті қамтамасыз ететін дайындықты тереңдетуге бағытталған. Курсты оқу барысында магистранттар педагогикалық зерттеу әдістерін зерделейді, педагогикалық фактілер мен құбылыстарды зерттеудің мүмкіндіктерін меңгереді. Пәнде меңгерілетін басты тақырыптар: ғылым туралы басты түсініктер, ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру барысында мағлұматтар жинақтау және сұрыптау, талдау жүргізудің әдістері, қазіргі ғылымның әдістемелік негіздері, философиялық және арнайы әдістер.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Жоғары мектеп педагогикасы
Пән жоғарғы мектептегі білім беру әдіс-тәсілдерін, оқыту процесінің ұйымдастырылуын және басқару аспектілерін зерттейді. Пән жоғары мектепте оқытудың әдістерін жүйелеу, оқыту-тәрбиелеу іс-әрекеттерін жүзеге асырудың механизмдері, дидактикасы мен менеджментіне қатысты білім негізінде магистранттардың педагогикалық іс-әрекет қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған. Пәнді оқу арқылы магистранттар оқу процесінің сапасын арттыру, педагогикалық шеберлікті дамыту және білім беру саласындағы инновацияларды енгізу бағытында қажетті білім мен дағдыларды алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Шет тілі (кәсіби)
Пән магистранттардың шет тілдерін меңгеру деңгейін көтеру, коммуникациялық дағдыларын дамыту және халықаралық ғылым, бизнес, мәдениет салаларындағы байланыстарды нығайту мақсатында оқытылады. Пәннің негізгі мақсаттары: Тілдік дағдыларды дамыту. Кәсіби терминологиямен танысу. Зерттеу және талдау дағдыларын қалыптастыру. Мәдениетаралық коммуникация. Пәнді игеру арқылы магистранттар шет тілін кәсіби деңгейде пайдалана алатын, халықаралық тәжірибелермен таныс, заманауи талаптарға сай мамандар болып шығады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Басқару психологиясы
Пәннің мақсаты - адамдардың мінез-құлқы мен қарым-қатынасын зерттеу, басқару процесінде психологиялық принциптерді қолданудың негіздері мен стратегияларын үйрету. Басты қарастырылатын мәселелер: басқару психологиясы, ұжымды басқару стильдерін педагогикалық ұжымда қолданудың ерекшеліктері, көшбасшылық, қақтығыстарды реттеу, этикалық нормалар, ұжымды басқарудың ерекшеліктері. Пән магистранттарға басқару саласында тиімді шешімдер қабылдауға, ұжым мүшелерімен және білім алушылармен тиімді өзара әрекеттесуге және ұйымдастыру мәдениетін қалыптастыруда қажетті дағдыларды дамытуға көмектеседі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Холокост және ХХ ғасырдағы геноцидтер тарихы
«Холокост және ХХ ғасырдағы геноцидтер тарихы» пәні ХХ ғасырда орын алған этникалық, нәсілдік, діни және саяси себептерге негізделген жаппай қырғындардың тарихи табиғатын, пайда болу алғышарттарын, жүзеге асу механизмдерін және олардың салдарын жан-жақты талдауға бағытталған. Пән Холокостты басқа геноцид түрлерімен салыстырмалы қарастырып, адамзатқа қарсы қылмыстардың алдын алу, тарихи жадыны сақтау және адам құқықтарын құрметтеу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Пәнді меңгеру барысында магистранттар «антисемитизм», «нәсілшілдік», «ариизация», «геноцид» секілді негізгі ұғымдарды ғылыми тұрғыдан түсініп, ХХ ғасырдағы геноцидтерді зерттеудің теориялары мен әдістемелерін меңгереді. Сонымен бірге олар қасіретті тарихи оқиғаларды бағамдау арқылы заманауи қоғамдағы толеранттылық пен гуманизм құндылықтарын ұғынуға мүмкіндік алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Тарихты оқытудың әдістері мен технологиялары
Тарихты оқытудың әдістері мен технологиялары пәні тарихи білімді меңгертудің заманауи парадигмасына сай оқыту әдістерін, инновациялық технологияларды және интерактивті формаларды ғылыми негізде талдайды. Пән студенттердің тарихи материалды жүйелеу, тиімді дидактикалық шешім қабылдау, сабақтың мақсатын дәл қою, оқу үдерісін жобалау және талдау құзыреттерін дамытады. Оқыту барысында білім алушылар саралап оқыту, критериалды бағалау, цифрлық ресурстарды пайдалану, зерттеу және жобалық тәсілдер сияқты қазіргі педагогиканың озық құралдарын меңгереді. Пән болашақ тарих мұғалімінің кәсіби-педагогикалық шеберлігін қалыптастыруға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Шетелдік тарихнамадағы жаңа бағыттар
«Шетелдік тарихнамадағы жаңа бағыттар» пәні қазіргі заманғы шетелдік тарих ғылымының теориялық және әдіснамалық эволюциясын талдауға бағытталған. Курста постмодернистік, мәдени, гендерлік, микротарихи, ауызша тарих, тарихи жады және дижитал тарих тәсілдері қарастырылады. Магистранттар әлемдік тарихнамадағы заманауи үрдістерді сыни тұрғыдан бағалап, дереккөздерді интерпретациялау, тарихнамалық пікірталастарды талдау және алынған тәсілдерді өз ғылыми зерттеулерінде қолдану дағдыларын меңгереді, зерттеу тақырыбын нақтылауға, әдістемелік негізін нығайтуға және академиялық жазу мәдениетін жетілдіруге мүмкіндік алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Отандық тарихтың іргелі мәселелері
Пәннің мақсаты – Отандық тарихтың іргелі мәселелерін жан-жақты талдап, Қазақстанның тарихи даму кезеңдерін, этногенезі мен мемлекеттілігінің қалыптасу ерекшеліктерін, отарлық және тәуелсіздік дәуірінің мәнін түсіндіру арқылы тарихи сананы қалыптастыру және ұлттық бірегейлікті нығайту. Отандық тарихтың іргелі мәселелері – мемлекет пен халықтың қалыптасу кезеңдерін, тарихи оқиғалардың себеп–салдарлық байланыстарын, ұлт мәдениетінің, руханиятының, саяси жүйесінің эволюциясын зерттеуді қамтиды. Іргелі мәселелер қатарында көне кезеңдерден басталатын этногенез бен мемлекеттіліктің дамуы, түркілік өркениет, Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы, отарлық кезеңнің тарихи салдары, тәуелсіздікке қол жеткізу жолы, сондай-ақ қазіргі Қазақстанның әлеуметтік-саяси трансформациясы бар. Бұл бағыттар ел тарихын объективті пайымдауға, ұлттық бірегейлікті нығайтуға және жастарды тарихи мұраға құрметпен қарауға тәрбиелеуге негіз болады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Орталық Азия халықтарының тарихы мен мәдени байланыстары
Курстың мақсаты Орталық Азия халықтарының өткенін, олардың өзара байланыстарын, мәдени және әлеуметтік дамуын зерттеу. Курс барысында магистранттар Орталық Азия халықтарының тарихи, географиялық, этнографиялық және мәдени аспектілерін зерттейді. Магистранттар тәжірибелік сабақтар, ғылыми мақалаларды талдау және ғылыми жоба әзірлеу арқылы тәуелсіз зерттеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, аймақтағы мәдениет пен тарихты тереңірек түсіну үшін, білім алушылармен бірлескен кешенді зерттеулер жүзеге асырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Этнологияның іргелі мәселелері
Курстың мақсаты этностар мен мәдениеттердің құрылымы, олардың даму заңдылықтары, қоғамдық өмірдің түрлі аспектілеріндегі этникалық ерекшеліктерді зерттеу. Курсты меңгерген магистрант этнологиялық зерттеулерді, қазақстандық және әлемдік этнология ғылымының даму кезеңдері туралы білімдерді өзінің зерттеушілік және педагогикалық іс-әрекеттерінде пайдалану жолдарын меңгереді, өзінің кәсіби іс-қызметінде этнологияның талас тудырып отырған мәселелерін алға тарта отырып, этнология негіздеріне сүйенуге үйренеді, этнологиялық құбылыстарды түсіндіруге және этнологиялық зерттеулерге талдау жасауға дағдыланады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Қазақтардың көшпелі өркениеті
Курс қазақтардың тарихи-мәдени мұрасын, көшпелі өмір салтын, әлеуметтік құрылымын және мәдениетін зерттеуге бағытталған. Курсты оқу барысында қазақтардың көшпелі өмірінің қалыптасу себептері, оның ерекшеліктері, салт-санасы және қазіргі замандағы маңызы қарастырылады. Курстың мақсаты – магистранттарға қазақтардың көшпелі өркениетінің бай екендігін түсіндіру, оның бүгінгі таңдағы маңызын көрсету және ұлттық өзіндік ерекшелікті сақтауға ықпал ету. Магистранттар курс барысында зерттеу, талдау және ғылыми жазбаларды дайындау дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Қазақстандағы түркі халықтары: этнодемографиялық талдау
Пәннің мақсаты – еліміздегі түркі халықтарының миграциясы, санының динамикасы, ұлттық және этникалық сәйкестілігі туралы түсінік беру. Магистранттар этнодемографиялық зерттеулерді жүргізу, статистикалық мәліметтерді талдау және әлеуметтік жобаларды құрастыру дағдыларын меңгереді. Курс соңында магистранттар Қазақстандағы түркі халықтарының этнодемографиялық мәселелерін терең түсіну, оларды талдай алу қабілетіне ие болады. Олар түрлі зерттеу әдістерін қолдана отырып, этносаралық өзара әрекеттестікті нығайту және мәдени әралуандылықты сақтау бойынша ұсыныстар жасай алатын болады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас
Курс барысында Қазақстан тарихының негізгі кезеңдері, тарихи тұлғалар, оқиғалардың маңыздылығы, тарихнамалық дәстүрлер қарастырылады және тарихи зерттеулер ұлттық контекст тұрғысынан талданады. Оқыту процесінде магистранттарда тарихи дереккөздермен жұмыс істеу, әртүрлі көзқарастарды бағалау, сыни көзқарас тұрғысынан талдау жүргізу қабілеттері қалыптасады. Курс барысында Қазақстан тарихындағы идеологиялық бағыттар, тарихтың саяси, әлеуметтік және мәдени аспектілері, сонымен қатар қазіргі заманғы тарих ғылымындағы ұлттық концепциялардың рөлі қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Қазақ зиялыларының қалыптасу тарихы (ХІХғ.соңы - ХХғ. басы)
Пәннің мақсаты – ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басындағы қазақ зиялыларының қалыптасуы мен олардың ел болашағы, ұлт мүддесі жолындағы күресін зерделеу. Пән қазақ қоғамының рухани, мәдени және саяси дамуындағы маңызды кезеңді зерттейді. Пән қазақ зиялыларының қалыптасу себептері, олардың қоғамдағы рөлі, ұлттық сана-сезімді оятып, білім мен мәдениеттің дамуына үлес қосуы және ұлттық бірлік пен тәуелсіздікке ұмтылуы сияқты тақырыптарды қамтиды. Сонымен қатар, бұл кезеңдегі тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғалардың қазақ ұлттық зиялыларының қалыптасуына ықпалы қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақстан тарихының ХХ ғасырдағы өзекті мәселелері
«Қазақстан тарихының ХХ ғасырдағы өзекті мәселелері» пәні Қазақстанда орын алған күрделі тарихи үдерістердің әлеуметтік, саяси, экономикалық және мәдени ерекшеліктерін жан-жақты талдауға бағытталған. Курста ХХ ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси жағдай, ұлт-азаттық қозғалыстар, кеңестік кезеңдегі ұжымдастыру, индустрияландыру, ашаршылық, саяси қуғын-сүргін, Екінші дүниежүзілік соғыс пен соғыстан кейінгі кезеңнің даму үрдістері қарастырылады. Сонымен бірге тәуелсіздік қарсаңындағы өзгерістердің алғышарттары талданып, магистранттардың деректерді сыни бағалау және тарихи интерпретациялау дағдылары қалыптастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
ХХ ғасырдағы дүниежүзілік соғыстар тарихы
«ХХ ғасырдағы дүниежүзілік соғыстар тарихы» пәні ХХ ғасырда орын алған жаһандық қақтығыстардың себептерін, барысын және салдарын, сондай-ақ олардың дүниежүзілік тәртіптің қалыптасуына әсерін жан-жақты ғылыми талдауға бағытталған. Пән Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстардың геосаяси алғышарттарын, жетекші державалардың стратегиялық мүдделерін, әскери-саяси блоктардың құрылуын және халықаралық жүйенің трансформациясын қарастырады. Курс аясында соғыстардың әлеуметтік-экономикалық, мәдени және социомәдени салдарлары, ұжымдық тарихи жадыға ықпалы және қақтығыстардың кейінгі тарихи кезеңдердегі интерпретациясы зерделенеді. Пән соғыс тарихын зерттеудің теориялық тәсілдерін, дереккөздерді талдау әдістемесін және ақпараттың шынайылығын бағалау құралдарын меңгертеді. Пәнді оқу барысында білім алушыларда сыни ойлау, тарихи деректерді талдау, күрделі халықаралық үдерістерді ғылыми тұрғыда интерпретациялау қабілеті қалыптасады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Археологияның іргелі мәселелері
Курстың мақсаты археология ғылымының іргелі мәселелерімен және оған қатысты күрделі дискуссиялық сұрақтарымен таныстырып, талқылау арқылы магистранттардың білімін одан әрі жетілдіру. Қазақстандағы археологияның дамуындағы басты мәселелер, тас дәуірі мен орта ғасырлар аралығындағы археологияның өзекті мәселелері қарастырылады. Пәнді меңгерген магистрант Археология ғылымының жетістіктеріне салыстырмалы талдау жасай алады және Алғашқы қауымдық құрылыс, Ежелгі дүние тарихы, Орта ғасырлар тарихын зерттеуде археологиялық әдістер кешенін пайдалануға үйренеді. Курс магистранттарға археология саласындағы білімдерді жетілдіруге, ғылыми-зерттеу қабілеттерін дамытуға көмектеседі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әлем тарихының іргелі мәселелері
Пәннің мақсаты – жаңа көзқарастар негізінде дүниежүзілік тарихтың кезеңдері мен маңызды оқиғалары талдау, Курста түйінді проблемалар бойынша әртүрлі дереккөздердің рөлі мен маңызы ашылады. Еуропа мен Азиядағы феодалдық және капиталистік қатынастардың генезисі талқыланады. Әлемдегі саяси-әлеуметтік, мәдени процестердің даму кезеңдері және олардың біркелкі дамымауы қарастырылады. Қазіргі заманғы өркениеттердің қарама-қайшылығы және олардың болашақ дамуы туралы болжамдар сипатталады, пән бойынша пәнаралық білімді біріктіреді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Дүниежүзі елдерінде ұлттық тарихты оқыту әдістемесі
Пәннің мақсаты – магистранттарға әлем елдеріндегі ұлттық тарихты оқытудың әдіснамасы мен әдістемесін меңгерту, осы бағыттағы білімін тереңдету. Пәнде әлем елдеріндегі «Отандық тарих» курсын оқытудың мазмұны, өзекті мәселелері, ұлттық тарихты оқытудың ерекшеліктері мен әдістемелері, шет елдегі мектептер үшін тарих пәні бойынша білім беру стандарттары мен тарихи білімді оқытудың әдістемелік негіздері талданады. Курста қарастырылатын мәселелер: шетелдік тарихи білім берудің айырмашылықтары, тарихи білімді бағалаудың еуропалық үлгілері, АҚШ-ғы тарихи білім берудің басты сипаттары, Ресейдегі және ТМД елдеріндегі ұлттық тарихты оқытудың әдістемелері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жасанды интеллекттің заманауи тәсілдері мен технологиялары
«Жасанды интеллекттің заманауи тәсілдері мен технологиялары» пәні жасанды интеллекттің негізгі бағыттарын, машиналық оқыту, терең оқыту және нейрондық желілердің жұмыс принциптерін меңгертуге бағытталған. Пән магистранттарға ЖИ алгоритмдерін деректерді талдау, болжау, мәтіндерді өңдеу және күрделі үлгілерді автоматты анықтау үдерістерінде қолдану дағдыларын қалыптастырады. Сонымен қатар ЖИ-дің тарихи зерттеулердегі мүмкіндіктері, оның ішінде дереккөздердің жасырын мағыналарын талдау, сондай-ақ нейрондық модельдердің шектеулері мен ғылыми қолданудағы талаптары қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Деректану мен тарихнаманың ілімдік, әдіснамалық мәселелері
Пәннің мақсаты - деректану мен тарихнаманың ғылыми және әдіснамалық мәселелерін талдау. Курсты меңгерген магистрант қазіргі ғылыми-зерттеу тәсілдері мен тәжірибесіне сүйене отырып, отандық және шетелдік тарихты сипаттауда тарихнама мен деректанудың жаңа жетістіктерін пайдалана біледі. Курсты игерген магистрант тарихи деректер мен зерттеулердің түрлі тарихи құбылыстардың мазмұнын ашудағы рөлін анықтай алады, тарихи үдерістерді терең түсіну мақсатында тарихнамалық және деректанулық талдау жүргізе біледі. Сондай-ақ тарихи ғылым мен оның әдіснамасындағы өзгерістерге, тарихнама мен деректанудың қазіргі өзекті мәселелеріне баға бере алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тарихи-педагогикалық зерттеудің әдістері мен әдіснамасы
Пәннің мақсаты – тарихи-әдіснамалық зерттеудің негізгі бағыттарының даму ерекшеліктерін зерделеу және талдау, ғылыми және критерийлік аппаратты бағалау арқылы магистранттардың тарихи-педагогикалық зерттеу әдіснамасын жетілдіру. Тарихи-педагогикалық дереккөздермен жұмыс істеу әдістеріне, оларды іріктеу және интерпретациялау қағидаттарына назар аударылады. Магистранттар тарихи таным мен тиімді тарихи зерттеу әдістерін қалыптастыру тәсілдерін, тарихи тәжірибенің заманауи жетістіктерін талдау және әрі қарай зерттеуді қажет ететін өзекті тақырыптарды таңдау дағдыларын жетілдіреді. Пән зерттеу мәдениетін, педагогикалық идеяларды олардың тарихи контексінде сыни тұрғыда түсіну қабілетін жетілдіреді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Архив құжаттары контекстіндегі тарихи-текстология
Пәннің мақсаты - архивтік құжаттармен жұмыс істеуді жетілдіру, тарихты зерттеудің әдіснамалық аспектілерімен оның тарихи-текстологиялық контексіне баса назар аудара отырып талдау. Курс архив құжаттарының текстологиясының маңыздылығы, олардың тарихты зерттеп-зерделеудегі орны мен мәні туралы тереңірек түсінік алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, архив құжаттарын пайдалану дағдыларын дамыту арқылы тарихшылардың және зерттеушілердің ғылыми жұмысын жетілдіруге ықпал етеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тарихи психология: тарихи және психологиялық зерттеулердің негіздері
Курс тарихи процестер мен психологиялық аспектілердің өзара байланысын зерттеп-зерделеуге бағытталған. Пән магистранттарға тарих пен психологияның тоғысындағы негізгі тұжырымдамаларды, әдістер мен теорияларды меңгеруге көмектеседі. Курс нәтижесінде магистранттар тарихи психологияның негізгі тұжырымдамаларын түсініп, тарихи және психологиялық деректерді біріктіре отырып терең талдау жасауға дайын болады. Бұл білімдерді түрлі гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласында, сонымен қатар практикада, психологиялық-консультативтік жұмыстарда қолдануға болады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Ғылым тарихы мен философиясы жөніндегі терең білімдерді түсіндіреді, қоғамдық сана жаңғыруына әсер ететін тарихи-ғылыми идеяларды талдайды және олардың әлеуметтік маңызын бағалайды. Тарихи ақпарат пен кәсіби терминологияны шет тілінде еркін қолданады.
- Жоғары білім беруді басқару педагогикасы, психологиясы және инклюзивті білім беру қағидаттарын түсініп, оларды білім мазмұнын жаңарту мен гуманизацияны іске асыруда қолданады.
- Ұлттық, әлемдік және этнодемографиялық тарих бойынша зерттеулерді жоспарлап жүргізеді; қазіргі тарихи әдістерді талдайды және жаңа ғылыми үрдістерді бұрынғы тәсілдермен салыстырады.
- Түркі халықтарының тарихи, демографиялық және көші-қондық үдерістерін талдайды; зерттеу тәжірибесі мен теориялық білімді интеграциялап, олардың өркениетке қосқан үлесін бағалайды.
- Тарихи үдерістерді зерттеу әдістерін талдайды және деректермен жұмыс барысында кәсіби зерттеу дағдыларын қолданады.
- Тарихи деректерді талдауда ЖИ және цифрлық технологияларды пайдаланады: зерттеу тақырыбы бойынша жаңа теориялық модельдерді салыстырады; қазіргі заманғы тарих ғылымының өзекті мәселелерін анықтайды
- Заманауи педагогикалық технологиялар негізінде тарих бойынша білім беру және зерттеу жобаларын енгізеді; STEM мен креативті тәсілдер арқылы авторлық оқыту модельдерін жасайды.
- Педагогикалық процесті басқаруға арналған инновациялық әдістерді талдайды және оларды оқу-әдістемелік, ғылыми қызметке креативті бейімдейді.
- Ұлттық білім беру ортасын ескеріп, білім алушылардың жетістіктерін объективті бағалайды және кәсіби рефлексияны қолданады.
- Әлемдік білім беру жүйесіндегі герменевтикалық, интуитивті-тұлғалық және аксиологиялық тәсілдердің өзара байланысын түсіндіреді және олардың ғылыми-педагогикалық әлеуетін талдайды.
Ұқсас БББ
7M01601 Тарих
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
7M01601 Тарих
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
7M01601 Тарих
Қызылорда "Болашақ" университеті
7M01601 Тарих
Шәкәрім университеті
7M01601 Тарих
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
7M01601 Тарих
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)
7M01601 Тарих
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
7M01601 Тарих
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті (Бөкетов ат. Қарұзу)
7M01601 Тарих педагогтарын даярлау
М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
7M01601 Тарих педагогін даярлау
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)
7M01601 Тарихшы педагог
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті (Досмұхамедов а. АтУ)
7M01601 Тарих
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
7M01601 Тарих
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті