Топырақ мелиорациясы

  • Курстың мақсаты – Қазақстан үшін өзекті топырақ мелиорациясының қазіргі жағдайы мен болашақтағы дамуын түсіну, ауыл шаруашылығын қарқындату және агроценоздардың экологиялық тұрақтылығының тәсілі ретінде суармалы мелиорациялар мен тұздалған топырақты мелиорациялауды түсіну қабілетін қалыптастыру. Курс жоғары өнімді алу үшін мелиорацияны жүргізу үшін теориялық негіздерді қалыптастыруға, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісінің үрдістерін оңтайландыруға бағытталған. Студент келесі құзыреттерді меңгереді: топырақтың қасиеттері мен режимдерін талдап, оларға мелиоративтік іс-шаралардың қажеттілігін анықтау; топырақ түзілуінің экологиялық жағыдайларына байланысты мелиоративтік іс-шараларды жобалау; топырақтың түздану және сортаңдануымен күресуге арналған тәсілдер мен шараларды дайындау, экологиялық жағыдайларына байланысты агроценоздардың өнімділігін және құнарлығын көтеруге арналған іс-шараларды әзірлеу; суаруға игерілген және рекультивацияланған (қалпына келтірілген) жерлердің мелиоративтік болжауын жасау.
  • Образовательная программа 6B05201 Геоэкология
  • Несиелер 5
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 3
  • Семестр 6
Top