Білім беру бағдарламасы өзекті емес

6B06102 Ақпараттық жүйелер в ОАИУ

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасы университетттің миссиясына, академиялық саясатына, стратегиялық даму бағытына негізделіп жасалды. Білім беру бағдарламасының мақсаты - ақпаратты өңдеудің тиімділігі жоғары әдістерге және жоғары білімді мамандардың сапасына деген заманауи талаптарға жауап беретін, IT - инновациялық технологияларды меңгерген, практикалық дағдылар мен көшбасшылық қасиеттерге ие, алған білімдерін ақпараттық жүйе саласында жобалай алатын және кəсіптік саласында жобалар мен зерттеулер жүргізуге дағдыланған, aқпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыра алатын бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандарды дайындау. Жұмыс берушілердің сұранысы бойынша жоғары білікті мамандарды дайындауда математикалық, бағдарламалық, лингвистикалық, техникалық және ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелер, әкімшілендіру және тестілеу саласында білім игерген, бәсекеге қабілетті маман тәрбиелеу.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B057 Ақпараттық технологиялар

Пәндер

  • ДК ішкі құрылысы және оның модернизциясы

    Электронды есептеуіш машиналарын, жүйелерін, есептеу тораптарын құру және ұйымдастыру принциптерін, қазіргі ЭЕМ жүйелерін, кешендерін құру принциптерін сипаттайды. ЭЕМ сұлбатехникалық негіздері, ЭЕМ логикалық, жады элементтері, ЭЕМ түйіндері мәселелерін тексеруге баулиды. ЭЕМ желілерін құруды ұйымдастыруды қарастырады.

  • Web дизайн негіздері

    Web-дизайн түсінігі, тарихы және даму бағытымен, құрылымымен танысу, құру тәсілдерін түсіндіреді. HTML гипермәтіндік тілін жұмыс істеу барысында пайдалануды меңгертеді. Динамикалық HTML-құжаттарын құрастырудың заман талаптарына сай әдістері мен құралдарын тексереді. MS FrontPage, Adobe Dreamweaver бағдарламалары көмегімен Web-сайттар құруға бағыттайды.

  • Графикалық компьютерлік модельдеу

    Қазіргі заманғы графикалық жүйелерді, инженерлік графика және анимация негіздерін сипаттайды. Графиканы дұрыс пайдаланудың мақсатты көрсеткіштерін тұжырымдайды. Алынған бағдарламалық қамтамасыз етуді іске асыру радиалды модельдеріннің құралдарын таңдауды қарастырады. Интерактивті компьютерлік графика қосымшаларын шешу үшін компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін бағалайды.

  • Жасанды интеллект

    Жасанды интеллект ұғымдары, міндеті, түрлері мен қажетттілігі, қызметтері, құрылымын анықтайды. Жасанды интеллект принциптерінің сатылары мен функцияларын жіктейді. Жасанды интеллект жүйесінің тәсілдерін және бағдарламалаудың негізін талдайды. Жасанды интеллект жүйесінің құрал-жабдықтарын пайдалануды, инженерлік білімін тәжірибеде қолдануды тұжырымдайды.

  • Компьютер архитектурасы

    Есептеуіш техниканың негіздерін, есептеуіш техника құралдарының құрылу принциптері және әртүрлі ЭЕМ кластарының негізгі ерекшеліктерін түсіндіреді. Микропроцессорлық жүйе, архитектура және дербес компьютердің жұмыс істеу принциптерін тексереді. Дербес компьютерді қолдану және есептерді шешу үшін микропроцессор жүйесі мүмкіндіктері пайдалануға дағдыландырады.

  • ЭЕМ-де машықтану

    ЭЕМ-ң арифметикалық, логикалық және схемотехникалық негіздерін түсіндіреді. ЭЕМ логикалық жобалаудың теория негіздерін айқындайды. Программалаудың негіздерін, жады кластарын, адрестеу мен жадыны ұйымдастыруды тәжірибеде қолдануға бағыттайды. Бульдық алгебра негіздерін бағалайды. Есептеуіш кешендер мен желілер жобалауды игертеді.

  • Delphi ортасында деректер базасын бағдарламалау

    DELPHI бағдарламалау ортасын сипаттайды. Delphi бағдарламалау тілін, программа құру тәсілдерін түсіндіреді. Объектіге бағдарланған тілдерде программаларды жазуды, өңдеуді, тестілеуді, толықтыруды, талдауды, қауіпсіздікті және программалардың сенімділігін қамтамасыз етуді жобалатады. Delphi ортасында деректер базасын бағдарламалауды бағалайды. Delphi ортасында терезелік қосымшаларды құруды жоспарлайды.

  • Есептеуіш желілер, жүйелер және телекоммуникация

    Есептеуіш желілер, жүйелер және телекоммуникация ұғымдарын сипаттайды. Электрондық есептеу машиналарының қалыптасуы мен эвалюциясын түсіндіреді. Желілік жабдықтарды бағалайды. Жергілікті есептеуіш желілер топологиясы және қатынау әдістерін тексереді. Теллекоммуникациялар жүйесін қолданып жобалауды ұйымдастырады.

  • Есептеуіш математикасына кіріспе

    Сандық әдсітер мен негізгі түсініктерді сипаттайды. Негізгі есептеу әдістерінің идеялық және теориялық аспектілерін баяндайды. Есептеуіш математика және компьютерлік ресурстар тұрғысынан қолданбалы тапсырмаларды зерттеуге конструктивтік қадам қалыптастырады. Қателіктер теориясын тәжерибе жасауды талқылайды. Итерация әдісін талқылайды.

  • Визуалды программалау

    Есептердің алгоритмдеу негізін, программалаудың автоматтық негіздерін, программалау тілінің классификациясын анықтайды. Мәліметтер типтерін және объектіге бағытталған ортада программалау негізін, Delphi ортасында программалаудың негізгі құрал-жабдықтарын түсіндіреді. Визуальды ортада программалау негізінің базалық түсініктерін, Delphi ортасында программалау құралдарын пайдалану, ЭЕМ мен ДК-лердің программалық қамсыздандыруын құрады. Delphi-ге кірістірлген программаларды пайдаланып, визуальды ортада қосымшалар құруды тұжырымдайды.

  • Алгоритмдер және деректер құрылымы

    Есептердің алгоритмдеу негізін, мәліметтер типтерін және Турбо—Паскаль тілі операторларынының түрлерін, Турбо Паскаль 7.0. тілінде программалаудың тәсілдерін сипаттайды. Алгоритмдердің сызықтық құрылымдарын, тармақталған құрылымдарын, циклдық құрылымдарын программалауды пайдалануды меңгертеді. Бір өлшемді массивтерді, екі өлшемді массивтерді қолданып программалар құрып, сынауға баулиды. Процедуралар, функциялар және стандартты модульдерді қолданып программалар құруды негіздейді. Сыртқы тасымалдағыштарда сақталынатын мәліметтер құрылымдарын өңдеуге арналған есептерді программалауды үйретеді.

  • Криптографиялық модельдер

    Криптографиялық модельдеудің негізгі ұғымдарын сипаттайды. Жабық кілті бар шифрлаудың қарапайым әдістерін талқылайды. Деректерді криптографиялық түрлендіруді жүзеге асырады. Криптографиялық хеш-функциялармен жұмыс жасайды. Ашық кілті бар криптографиялық алгоритмдер және оларды пайдалану жолдарын тексереді. Шифрлау, бөгеуілге тұрақты кодтау және ақпаратты сығуды тұжырымдайды.

  • Деректер қорын құру және басқару

    Деректер қорын қолданбаларының архитектурасын, деректердің жиынтығы және индекстерін, өрістер мен деректер типтерін сипаттайды. Деректерді басқару механизмдерін, сұраныстар мен сақтаулы процедуралар параметрлерін баяндайды. Деректерді іздеу мен бейнелеу компоненттерін пайдалануға бағыттайды. Деректер қорын басқару жүйесі, деректер базасын құру және өңдеу құралын тексереді.

  • Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер

    Мәліметтер қорын жобалау мен ақпараттық жүйелерді сипаттайды. Delphi ортасында мәліметтер қорына рұқсат ету механизмдерін талқылайды. Серверлік мәліметтер қоры және interbase серверімен жұмыс жасауды талқылайды. Реляциялық деректер қорын басқару Ms SQL Server-де деректер қорын құрудың негізгі тəсілдерін пайдалануды ұсынады.

  • Интернет технологиясы

    Web-объектілерді құру үшін негізгі бағдарламалық жабдықтарының қызметін үйретеді. Интернет - кеңестіктің бағдарламалық қамтамасыз етілуін ұсынады. HTML -де CSS қолдану технологиясы, Flash технологиясын сипаттайды. HTML тілінде алгоритмдерді жазу ережелерін түсіндіреді. Интернет желісінде сайтты орналастыру тәсілін тексереді.

  • UNIX желілік бағдарламалау

    UNIX желілік бағдарламалау негіздерін сипаттайды. Кілт басқару сокеті, UDP сокеті, SCTP сокеті туралы қысқаша мағұлматтар баяндайды. Сигнал арқылы басқарылатын енгізу және шығару әдістерін қолданады. Клиент/сервер дизайн баламасымен жұмыс жасауды тексереді. Ағындармен жұмысты жобалайды.

  • Компьютерлік және математикалық модельдеу (Minor)

    Оңтайландыру әдістері мен басқару алгоритмдерін анықтайды. Экономикалық процестердің математикалық-экономикалық модельдерін құруды түсіндіреді. Математика және жүйелі бағдарламалау әдістерін, ғылым, техника, экономика мен басқарудағы міндеттерді шешу үшін заманауи математикалық әдістер мен бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдануға бағыттайды. Жобалау-құрылымдық, басқарушылық пен қаржы қызметтерінде ақпараттық технологияларды талдайды.

  • Қолданбалы бағдарламамен қамтамасыздандыру

    Бағдарламалық құралдарды өңдеудің технологиясын сипаттайды. Компьютерлік графика, растрлік графика, Adobe Photoshop программасы туралы түсініктерді сипаттайды. Құрал-саймандар панелін, ерекшелеу құралдарын, сурет салу, түзету және өшіру құралдарын пайдаланып мәтінді өңдеуге бағыттайды. Adobe Photoshop бағдарламасында жұмысты ұйымдастыруды жобалайды.

  • Математика I

    Математиканың негізгі ұғымдарын, заңдарын түсіндіреді. Сандар мен оларға қолданылатын амалдарды, шамаларды, есептерді, ықтималдықтарды, математикалық статистика элементтерін біріктіруді, олардың өзара байланысымен, өзара әсерлесуін жүзеге асыруын көрсетеді. Алған кәсіби бағытындағы есептерді шешудге қолдануға бағыттайды. Теоремалардың дәлелдемелерін, теңдеулердің шешімдерін талдайды. Әртүрлі әдістер бойынша тапқан шешімдерді салыстырып, оларды сыни тұжырымдап шешім қабылдауды анықтайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Физика

    1. Әлемнің заманауи физикалық бейнесінің негізінде жатқан заңдылықтар мен принциптер туралы іргелі білімді, табиғатты танудың ғылыми әдістерін меңгеруіне ықпал етеді. Эксперименталдық, теориялық зерттеу тәсілдерін пайдалану көзқарастарын айқындайды. Физикалық құбылыстардың моделін компьютер арқылы талдайды. Инновациялық, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы қазіргі заманауи зертханалық жұмыстарды жасап дағдыландырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіпкерлік, құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Экономикалық және құқықтық заңдарды, категорияларды және оның қызметтерін түсіндіреді. Құқықтың, кәсіпкерліктің негізін сипаттап, топтау арқылы айқындайды.Экономикалық-құқықтық актілерді тәжірибеде қолдануға машықтандырады. Қоғамдағы орын алатын қылмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттердің алдын алу сипатталады. Сыбайлас жемқорлықпен күресудің құқықтық және кәсіпкерлік тұжырымдамаларын жобалауды қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Алгоритмдер, деректер құрылымы және программалау

    Компьютерде есептерді шешудің негізгі деңгейлерін, алгоритм туралы түсінік, оларды көрсету әдістерін анықтайды. Алгоритм түрлерін, оларды өңдеу және анализдеу принтиптерін сипаттайды. Алгоритмнің программалық жүзеге асырылуын тәжірибеде қолдануды машықтандырады. Әртүрлі класты және әртүрлі міндет атқаратын ақпараттық жүйелерді құру бағытында модельдер мен әдістерді құрастыруды талдайды. Программаны сынау мен қалыптастыру тәсілдерін тексереді. Ақпараттық жүйелердің үлгілік процесстерінің имитациялық модельдерін құрады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ақпараттық жүйелердің негіздері

    Ақпараттық жүйелердің құрамы мен жалпы құрылымын сипаттайды. Ақпараттық жүйелерде ақпаратты жіберудің теориялық негіздерін түсіндіреді. Ақпаратты жіберу-өңдеу жүйелерінде тиімді, кедергіге төзімді кодтаудың әдістерін бағалайды. Сақтау құрылымы, құралдары, қол жетімді әдістерін тексеруді қарастырады. Ақпараттық процестің моделін құрастыруды бағалайды. Ақпараттық жүйелердің негізгі компоненттерімен жұмысты дұрыс жобалауға гипотезалар әзірлейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Математика I, II

    Математиканың негізгі ұғымдарын, заңдарын түсіндіреді. Сандар мен оларға қолданылатын амалдарды, шамаларды, есептерді, ықтималдықтарды, математикалық статистика элементтерін біріктіруді, олардың өзара байланысымен, өзара әсерлесуін жүзеге асыруын көрсетеді. Алған кәсіби бағытындағы есептерді шешудге қолдануға бағыттайды. Теоремалардың дәлелдемелерін, теңдеулердің шешімдерін талдайды. Әртүрлі әдістер бойынша тапқан шешімдерді салыстырып, оларды сыни тұжырымдап шешім қабылдауды анықтайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Программалау технологиялары

    Дербес компьютерлердің программалық жабдықтамаларын, есептердің алгоритмдеу негізін, программалаудың автоматтық негіздерін, программалау тілінің класификациясын сипаттайды. Мәліметтерді өңдеу процесін алгоритмдеуді тәжірибеде қолдануға бағыттайды. С/с++ тілдерінде операцияларды орындауға эксперимент жүргізуге эксперимент жүргізеді. Қазіргі кездегі программалау тілдеріндегі негізгі құраушылары С, С++ тілінде программа жасауды жобалайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Дінтану

    Әлемдік және дәстүрлі діндердің құрылымын, тәжірибесі мен ерекшеліктерін анықтайды; Экстремизм, терроризм және діни радикализм идеологияларын жіктейді. Дін философиясы мен теологиясының басты бағыттарын сипаттайды. Әлемдік діндердегі идеялардың мазмұнына, дәстүрлі емес діни ағымдардың жұмыстарына талдау жасайды. Діни толеранттылық қасиеттерін үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері

    Табиғат пен қоғам арасындағы негізгі заңдылықтар жөнінде түсініктерді қалыптастырады. Экология бағытында алған білімдері мен түсініктерін кәсіби деңгейде қолдануға машықтандырады. Төтенше жағдайлар кезінде дұрыс іс-әрекет етуге, оларды алдын-алу іс-шараларын жасауға дайындайды. Жаңа техника мен технологиялық процесстердің қауіпсіз жағдайларын анықтайды. Табиғи ортаның экологиялық жағдайы, қоршаған ортаға өндірістің техногенді әсерлерін бағалай білуге үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ақпараттық жүйелердегі мәліметтер базасы

    Мәліметтер базасы теориясының негізгі ережелерін, ақпараттық жүйелерде мәліметтер базасының принциптері мен жобалау әдістерін түсіндіреді. Әртүрлі модельдер көмегімен мәліметтерді ұсынуды тәжірибеде қолдануды ұсынады. Мәліметтерді ұсыну модельдері, мәліметтер базасын ұйымдастыру әдістерін талдайды. Ақпараттық платформаларда заманауи АЖМБ қолданылған ақпараттық қосымшаларды құруға бағыттайды. Ақпараттық жүйелерде мәліметтер базасын құруды үйренуге бағыт береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Математикалық қолданбалы бағдарламалар пакеттері

    Математикалық талдау, ықтималдықтар теориясын, математикалық статистика негіздерін, сандық әдістерді, сондай-ақ Mathcad және Matlab қолданбалық бағдарламалар пакетімен таныстырады. ЭЕМ-де үлестірудің тағайындалған заңымен кездейсоқ шамалар мен тізбектерді моделдейді. Бақылау нәтижесі бойынша регрессиялық моделдерді тұрғызуды түсіндіреді. Жүйелік және қолданбалы бағдарламалауды салыстырады. Қолданбалы зерттеулер мен есептеулерде математикалық әдістерді пайдалануға бағыттайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Академиялық хат

    Ғылыми - зерттеу жұмыстарды, рефератты, дипломдық жұмыстарды еркін жазуға бейімдейді. Дипломдық жұмыстары қандайда бір проблемалық сұрақты шешуге бағыттайды, маман ретінде оны шешудің жолдарын үйренеді. Ойларын дәйекті түрде талдап, саралап, жүйелеуге машықтандырады. Зерттеу әдісі, зерттеу сұрағы, өзге авторлар пікірін қолдану, талдау жасау, сыни пікір білдіру, құрылымын сақтаудың күрделі мәселелерін шешуге бағыттайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ақпараттық жүйелерді жобалау

    Ақпараттық жүйелерді жобалаудың негізгі түсініктері мен технологиялары және әдістерін анықтайды. Ақпараттық жүйелердің өмірлік айналымы үдерістері, стадияларын талқылайды. UML диаграммаларды қолданып эксперимент жүргізу ережелерін талқылайды. Ақпараттық жүйелердің өмірлік айналымы модельдерінің классификациясын қарастырады. Ақпараттық жүйелерді талдау және жобалаудың негіздерін бағалайды. IDEF1X әдістемесін қолданып, ақпараттық жүйелерді логикалық және физикалық жобалауды жүзеге асыруға бағыттайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Ақпараттық жүйелердегі графикалық құралдар

    Компьютерлік графика негіздерін, техникалық құралдарының жүйесін анықтайды. Мультимедиялық қосымшаларды жасауда қазіргі технологияларды қолдануды тексереді. Жазықтықтағы кеңістік фигуралардың бейнелену құрылысының әдістерін дайындау, сызба көмегімен кеңістікті міндеттерді қарастырады. Сызба жасаудың геометриялық негіздері және олардың кешенді, аксонометриялық және перспективалы сызбаларда құрылу тәсілдерін тәжірибеде қолдануға бағыт береді. Компьютерлік графика есептерінің математикалық және алгоритмдік негіздерімен жұмыс жасауға баулиды. Adobe PhotoShop программасында бейнелерді өңдеуге гипотеза әзірлейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Сұлбатехника

    ЭЕМ-нің сандық құрылғылары элементтерінің интегралды сұлбаларын жобалау, жасау әдістерін сипаттайды. ЭЕМ-нің жұмыс принципімен және әр түрлі сандық, аналогтық электронды құрылғыларын жіктейді. Комбинациялық және тізбекті типті сандық құрылғылардың құрылысы мен жұмыстарының принциптерін талдайды. ЭЕМ-нің құрылысы мен әртүрлі сандық, аналогтық электронды құрылғыларды талдайды. Сандық құрылғының базалы-логикалық элементтерінің сұлбатехникасын құруды жобалауға машықтандырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Программалау есептерін шығару практикумы

    Бағдарламалау тілі мен технологиясы, Турбо Паскаль, С++ және Дельфи тілдерін сипаттайды. Бағдарламалық тілдердін, өндірістік іс-тәжірибеде қолдануды үйретеді. Түрлі бағдарлама аудандарда автоматтандыру жүйелері мен күрделілігі әртүрлі деңгейдегі программалау тілдері тілдік процессорлар дамытуға пайдаланылатын қарапайым программалау тілдерін жасауға бағыттайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • "Мәңгілік Ел" құндылықтары және рухани жаңғыру

    Қазақстанның рухани жаңғыруының негізгі бағыттарын анықтайды. Жастардың рухани мәдениетінің даму бағыттарын түсіндіреді. қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулықтарындағы жаңа гуманитарлық білімнің даму идеяларын қолданады. Қоғамдық сананың 5 ТЖҚ1, ТЖҚ 2, ТЖҚ3, ТКҚ 12

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіби қазақ (орыс) тілі

    Кәсіби сөйлеу қызметін жүзеге асыру үшін студенттің коммуникативтік құзыреттілігін дамытуды сипаттайды. Оқу материалы когнитивті-тілдік (білім), операциялық-тілдік (практикалық дағдылар), болашақ дизайнердің кәсіби құзыреттілігі мен өзін-өзі дамыту құзыретін кешенді дамытуға мүмкіндік береді. Қарым-қатынастың ғылыми-кәсіби саласы тақырыптарының шеңберін қамтиды, студенттердің алдағы кәсіби қызметінің коммуникативтік-әрекеттік қажеттіліктеріне жауап береді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Интернетте программалау

    Интернет технологияларын, ұйымдастыру және қызмет ету принциптерін түсіндіреді. Интернет ортасындағы қосымшаларды жобалау,әдістерін иллюстрациялау. Ақпаратты жіберу және өнеудің интернет туралы түсінігін анықтайды. НТML тілінінде Web сайттар құрады. Ғылыми және техникалық сферада кеңінен енгізілетін, ақпараттық технологияның аспектілерін зерттейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіби бағытталған шетел тілі

    Бағдарламада көзделген тақырып шегінде шет тілінде сөйлеуге үйретеді. Кәсіби қызметте қазіргі шет тілінің әртүрлі регистрлері мен функционалдық стилдерін көрсетеді; кәсіби қызмет үшін қажетті коммуникативтік құзыреттілікті (лингвистикалық, әлеуметтік-лингвистикалық, әлеуметтік-мәдени, стратегиялық, дискурсивтік және прагматикалық) қалыптастырады және дамытады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Алгоритмдер теориясы

    Алгоритмдер теориясын қолдана отырып алгоритмдерді құруды, құрастыру негізінде теориялық ұғымдарды меңгертеді. Алгоритмнің негізгі кластарын, оларда қолданылатын деректер структурасын, сол негізде шығарылатын есептердің схемасы туралы ұғымдарды сипаттайды. Алгоритмнің, программаның күрделілігін анализдеу әдістерін, әдістемелерін тәжірибеде қолдануды жобалайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Жастар саясаты

    Мемлекеттiк жастар саясаты туралы жалпы түсінік қалыптастырады. Мемлекеттік жастар саясаты туралы заңнамаларын пайдалануды үйретеді. Мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуын талдатады. Мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдау мен дамытуды машықтандырады. Жастар саясатында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Компьютер жүйелерінің сәулеті

    Компьютерлік жүйелер сәулетін, түрлері мен мүмкіндіктерін түсіндіреді. Қазіргі ЭЕМ мен компьютерлік жүйелердің сәулеттік ерекшеліктерін іріктейді. ЭЕМ функционалды тораптары мен құрылғыларын жобалаудың негіздерін талқылайды. Компьютер сәулетінің барлық деңгейінде қазіргі заманғы компьютерлік жүйелерді, ақпаратты өңдеу процестерін ұйымдастыруды әзірледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Обьектілі-ориентирлі программалау

    Объектіге бағытталған программалаудың негізгі ұғымдарын сипаттайды. Delphi программалау тілін түсіндіреді. Объектіге негізделген программалаудың негізгі тәсілдерін сипаттайды. Обьектіге бағытталған программалаудың ортасында бағдарлама құрып, бағдарламаға эксперимент жүргізуге бағыт береді. Объектіге бағдарланған тілдерде программаларды жазуды, өңдеуді, тестілеуді, толықтыруды, талдауды, қауіпсіздікті және программалардың сенімділігін қамтамасыз етуді жобалайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • 1C:Кәсіпорын (Minor)

    Курстың мақсаты: негізгі механизмдердің, ақпараттық жүйелерді басқару әдістерін әзірлеу және студенттермен игеру, 1С:8кәсіпорын платформасының базасында меңгеру; есептік – аналитикалық тапсырмаларды объектігі бағытталған бағдарламалау дағдыларын үйрету. Пәннің міндеттері: − 1С кәсіпорын платформасында студенттер қажетті теориялық білімі мен практикалық дағдыларын конфигурациясы мен әкімшілік ету жүйелерінде қалыптастыру; − Алгоритмі теориялық, әдістемелік, ақпараттық жүйелерді әзірлеу саласындағы экономикалық және бағдарламалық құралдармен шешімдермен танысу; − талдамалық және практикалық дағдыларды эксперименталдық зерттеу саласында пайдаланылатын негізгі әдістер мен құралдарды зерттеу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Сараптаушы жүйелер

    Сараптаушы жүйелер туралы түсінік, сараптаушы жүйелер есептерін шешу әдістерін сипаттайды. Сараптаушы жүйелерді құру технологиясы жайлы түсінік береді, әртүрлі әдістерді қолдана отырып эксперт білімдерін түрлендіруді жобалайды. Әртүрлі әдістерді қолдана отырып сараптау білімдерін түрлендіруге бағыттайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Big Data (Minor)

    "Big Data" курсының мақсаты: - студенттердің үлкен деректер массивтерін өңдеу және талдау жүйелерін әзірлеу және пайдалану саласындағы кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру. Бұл мақсат білім беру бағдарламасының мақсаты үлкен деректерді өңдеуге жауап беретін арнайы бағдарламалық жүйелерді әзірлеу технологиясына қатысты.Берілген пәнді оқу бітірушіні келесі кәсіби міндеттерді орындауға дайындайды: деректерді талдау есебін қою, деректерді алдын ала өңдеу, деректерді визуализациялау, деректерді үлкен деректер массивіне зияткерлік талдау әдістерін әзірлеу, іске асыру және қолдану, жұмыс нәтижелерін ұсыну.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
  • ІТ-инфрақұрылымы

    ІТ – инфрақұрылымы дамуы мен басқаруда теорияны, әдістерді, технологияларды анықтайды. ІТ – инфрақұрылымын басқаруды құрады, әдістемесін таңдауды үйретеді. Түрлі профильдегі және масштабтағы ІТ – инфрақұрылымды талқылайды. Ұйымның ІТ – инфрақұрылымын басқарудың құрал-жабдықтары мен жүйелерін бағалайды. ІТ – инфрақұрылымын сүйемелдеуді және тиімді жобалауға машықтандырады. ІТ – инфрақұрылымын тиімді құру мен модернизациялауды тәжірибеде қолдануды жобалайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Веб бағдарламалау

    Веб-қосымшаларды құру технологияларымен және құралдарын сипаттайды. Тегтердің қызметін, Web-беттерді жазуды, JavaScript тілінің негізін және мүмкіндіктерін баяндайды. Әртүрлі деңгейдегі Веб-технологияларды талқылайды. Веб-парақтарын жасайды үшін програмалаудың тиімді әдістер мен технологияларын пайдалануға мүмкіндік береді. Есептеу технологиясы арқылы HTML, PERL тілдерін қолану көмегімен интернетте программалауды ұйымдастыруға бағыттайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Сандық әдістер

    Сандық әдістер, сандық сызықтық алгебра, сызықтық емес теңдеулер мен жүйелерді шешу жолдарымен таныстырады. Интегралдық теңдеулер шешу әдістерінде, сызықтық алгебрада бағдарламалық пакеттер пайдаланылатын сандық әдістерге шолу жасайды және талдайды. Сандық әдістерді енгізу бағдарламаларын іс тәжірибе барысында өңдеуге бағыттайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Операциялық жүйелер

    Операциялық жүйелердің даму тарихы, мақсаты мен міндеттерін анықтайды. Операциялық жүйелердің функциялары мен сипаттамалары, жіктелуін, құрылымы мен бағытын талқылайды. Процесстерде қарым-қатынас құру және синхронизациялау әдістерін тәжірибеде қолдануға машықтандырады. Процесстің виртуалды адресті кеңістігін сегментациялайды. UNIX, OS\\2, Windows NT операциялық жүйелерімен жұмыс жасауды тұжырымдайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Компьютерлік желілер

    Қазіргі заманғы желілік технологиялардың ерекшеліктерін, комьютерлік желілердің классификациясын, желілердің аппараттық және программалық қамтамаларын талқылайды. Локальды желілерді жобалау, ақпаратты жеткізу, сақтау, іздеу, өңдеу және ұсыну үрдістерімен байланысты қазіргі кездегі желілік технологиялардың перспективі мен даму тенденцияларын қарастырады. Қазіргі кездегі операциялық жүйелерде желілік– аппаратық жабдықтарды орнатуды және олардың күйлерін өзгерту әдістерін қолдануды жоспарлайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау

    Компьютерлік жүйе мен желілерде ақпаратты қорғаудың қазіргі кездегі құралдары мен принциптерін түсіндіреді. Ақпараттық жүйелердегі ақпаратты қорғау жүйелерін қолданудың теориялық негіздерін қалыптастырады. Деректерді қорғауды жүзеге асыру үрдістерін, әдістерін және құралдарын жүйелі көрсетілуін, ақпараттық жүйелерді жобалау мен эксплуатациялау үшін ақпаратты қорғауды жүзеге асыруды жоспарлайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Басқару модельдері мен әдістері

    Басқару мәселелері бойынша есептерді қоюды, әртүрлі есептердің математикалық модельдерін құрастыруды, оларды шешудің әдістерін және оларға қажетті программалық жабдықты сипаттайды. Автоматтандырылған басқару жүйелерінің жұмыс барысында зерттеудің модельдерін баяндайды. Жүйенің немесе зерттелетін операцияның моделін құруды, зерттеу есебін қоюды және математикалық әдістерді қолдануды өңдейді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Желілік деректер қорын басқару жүйелері

    Желілік деректер қорын, деректер моделін анықтайды. Деректер қорын жобалау, сақтау қоймасы, тарихи деректер қалыптастыру, сақтау және қайта өңдеу ерекшеліктерін талқылайды. Деректер сапасын жақсарту үшін қатер - қайталанатын трансформация, стандарттау, интеграция және үйлестіруді бағалайды. Қазіргі заманғы ЖДҚБЖ-де деректер қорын жоспарлауға бағыт береді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Компьютермен модельдеу негіздері (Minor)

    Күрделі жүйелерді модельдеу эдютері мен модельдердің, күрделі жүйелердің функционалдау процесстерінің модельдерін анықтайды. Құру принциптерін, формализациялау және алгоритмдеуді түсіндіреді. Ақпаратты өңдеу және басқарудың компьютерлік жүйелерін (АӨжБКЖ) қолданады. Компьютерлік модельдеу бойынша білім беру саласындағы міндеттерді тұжырымдайды және ұқыпты шеше білуге жоспарлайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Қоғамдық пікірге, салтқа, дінге, дәстүрге, қоғамдық нормаларға негізделген әлеуметтік-мәдени құндылықтарды біледі және өз қызметінде қолдануға бағытталады.
  • Кәсіби халықаралық сұхбатта қалыптасқан мамандандырылған терминология аясында коммуникация құралы ретінде шет тілін пайдаланады.
  • Заманауи бағдарламалау тілдерін, есептеу техникасы мен бағдарламалау құралдарын, ақпаратты қорғау құралдары мен әдістерін түсінеді. Ақпаратты өңдеудің компьютерлік жүйелерінің математикалық, лингвистикалық, ақпараттық және бағдарламалық қамтамасын бағалайды.
  • Қазақстан Республикасының қазіргі заман тарихын түсінеді, нормативтік актілері мен мемлекеттік жобаланған құжаттарды есте сақтайды.
  • Жалпы түсінік теорияларының жиынтығы мен жиынтық операциясының негізгі ұғымдарын біледі. Дискретті құрылымдардың қасиеттерін, математикалық логика элементтерін, кодтау теориясының элементтерін; бағдарламалау үшін модельдік принциптерін, программалау тілдерін ажыратады.
  • Программалау тілдерін модельдеу және қолданбалы бағдарламалар пакеттерін пайдалана отырып модельдеу алгоритмдерін және олардың жүзеге асырылуын дамытады, ақпараттық жүйелерді зерттейді, жобалайды және пайдаланады кезінде жүйелі тәсілді қолданады. Заманауи техниканы қолдана отырып кәсіптік қызметте ақпараттық ІТ-инновациялық, технологиялық бағдарламаларды пайдалануды ұйымдастырады.
  • Информатика, ақпараттық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау саласындағы кәсіби білімді дағдыларды тәжірибеде тексереді.
  • Ақпараттық жүйелер пәндік саласындағы пәндерінің модельдері мен әдістерін анықтайды.
  • Жаңаша жаратылыстану-ғылыми жетістіктер саласындағы ақпараттық технологиялар аймағындағы, бағдарламалық технологияларды ұсынады, деректер базасын және сараптамалық жүйелерді жобалайды. Заманауи əдістерге, кұралдарға жəне жобалау технологиясына, оның ішінде автоматтандырылган жобалау жүйелерін қолдануға негізделе отырып ақпаратты жүйелердің математикалық, акпараттық, бағдарламалык, лингвистикалык жəне техникалық камтамаларын жобалайды, оны ұсынады.
  • Ойлау қабілеті жоғары, салауатты өмір салтын ұстанатын және дүниетанымы кең жоғары білімді тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық, экологиялық, жаратылыстану ғылымдары пәндері саласында базалық білімдерді игереді.
  • Бағдарламалық кешендердің ерекшеліктерін құрастырудың базалық негіздерін, алгоритмдерді рәсімдеудің типтік әдістемелері мен оларды жобалаудың негізгі тәсілдерін түсінеді. Ақпараттық жүйелерді жобалау технологиялары, әдістері мен қазіргі заманғы модельдерін таңдайды.
  • Орталық құрылғылармен өзара әрекеттесуді ұйымдастыру үшін ақпаратты енгізу және шығару құрылғыларының принциптерін қолданады. Есептеу жүйелері мен желілерін жобалайды.

Ұқсас БББ

6B06102 Ақпараттық жүйелер

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)

6B06102 Ақпараттық жүйелер

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

6B06102 Ақпараттық жүйелер

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

6B06102 Ақпараттық жүйелер

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

6B06102 Ақпараттық жүйелер

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

6B06102 Ақпараттық жүйелер

Торайгыров университеті

6B06102 Ақпараттық жүйелер

Шымкент университеті

6B06102 Ақпараттық жүйелер

Қызылорда "Болашақ" университеті

6B06102 Ақпараттық жүйелер

Халықаралық көлік және гуманитарлық университеті

6B06102 Ақпараттық жүйелер

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті (ҚМТУ)

6B06102 Ақпараттық жүйелер

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

6B06102 Ақпараттық жүйелер

Alikhan Bokeikhan University (ABU)

6B06102 Ақпараттық жүйелер

Инновациялық Еуразия университеті

6B06102 Ақпараттық жүйелер

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

6B06102 Ақпараттық жүйелер

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

6B06102 Ақпараттық жүйелер

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

6B06102 Ақпараттық жүйелер

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

6B06102 Ақпараттық жүйелер

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)

6B06102 Ақпараттық жүйелер

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті (АЭжБУ)

6B06102 Ақпараттық жүйелер және технологиялар

Астана халықаралық университеті

Top